Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім
1 Мемлекеттік басқару ісіне саяси режим түсінігі және оның түрлері
1.1 Саяси режим түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Саяси режим түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қазақстандағы саяси.құқықтық режимнің қалыптасуы және саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ...7
2 Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
2.1 Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу прициптері ... ... ..12
2.2 Тоталиторизм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Антидемократиялық режимдердің демократиялыққа трансформациялануы жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3 Саяси жүйе және саяси режимді жетілдіру жолдары
3.1 . Саяси жүйелер және демократиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Қазіргі таңдағы саяси режим түрлерінің қолданылуы ... ... ... ... ... ... ...22
3.3 Қазақстан Республикасындағы демократия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
Менеджмент кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекеттік басқару теориясы
Тақырыбы: Мемлекеттік басқарудағы ісінде саяси режим түсінігі және оның түрлері
Орындаған: ГМУ-10-1 тобының студенті
Орынбасар Н.Қ
Тексерген: аға оқытушы: Ботбаева А.С
Ақтау-2012 ж
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II Негізгі бөлім
1 Мемлекеттік басқару ісіне саяси режим түсінігі және оның түрлері
0.1 Саяси режим түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Саяси режим түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.3 Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы және саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... .. .7
2 Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
0.1 Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу прициптері ... ... ..12
0.2 Тоталиторизм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..13
0.3 Антидемократиялық режимдердің демократиялыққа трансформациялануы жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3 Саяси жүйе және саяси режимді жетілдіру жолдары
3.1 . Саяси жүйелер және демократиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Қазіргі таңдағы саяси режим түрлерінің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ..22
3.3 Қазақстан Республикасындағы демократия ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 24
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы көптеген дүние жүзіндегі республикалар өз бастарынан түрлі режимдерді кешіру арқасында билеудің жеке формасына жетіп отыр. Нақты мысал ретінде біздің қазіргі Қазақстан республикасын айту өте орынды. 70 жылдан астам КСРО құрамында, сталиндік тоталитаризм аясында өмір сүріп, бүгінгі таңда демократиялық, егеменді, тәуелсіз мемлекетке қол жеткізіді. Конституциямыздың I - бабы міне осымен бекітілген.
Сондай-ақ 1990 жылы ғана азаматтық билеу құқына жеткен авторитарлық режимде өмір сүрген Чилиді атаған жөн. Авторитарлық саяси режим демократияға өтудің бір түрі. Оны Голландиялық журналист Ф.Верстич былайша сипаттайды: Англиядан басқа Европа елдерінің барлығы авторитаризмді басынан кешірді. Авторитарлық бисмарктық Германиямен Мейдзи кезеңіндегі Жапония халқының бөлігі жалпы дауыс беру құқығына ерлер 1917 жылы, ал әйелдер 1922 жылы қол жеткізген.
Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейд. Саясаттануда саяси режимнен бөлек мемлекеттік режим ұғымы бар.Саяси режим саяси билікті жүргізудің әдіс-тәсілдер жиынтығы болса, ал мемлекеттік режим қоғамның яғи өмір сүріп отырған ортаның саяси оспектісі болып табылады. Саяси режим ұғымы мемлекеттік режим ұғымына қарағанда кең ұғым болса керек. Саяси режим тек қана мемлекет жағынан жүргізілетін саяси биліктің әдіс-тәсілдерін ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдардың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Сондықтан да, сая-си режим -- абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие.
Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады. Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.
Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Президент Н.Ә. Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстанда саяси-құқықтық жүйенің модернизациялық даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр. Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократияны одан әрі дамытуды талап етеді.

3.1 Саяси режим түсінігі
Саяси режим -- саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары
Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктерінде негізделеді. Саяси тәртіп деп, саяси билік, қоғамды басқару әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Саяси билікті жүзеге асырудың қоғамды басқарудың тәсілдер жиынтығы ретінде демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.
Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік. Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы бай- ланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны -- өте маңызды мәсе- ле. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың ара- сындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді. Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы. Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін калай біріктіруге болады де- ген әлеуметтік проблемалар "мәңгілік" сұрақтар болып кала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерде- ленген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің автори- тарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Бұл жағдай да, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы ба- сым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде және жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен олар- ды түйістіру үшін биліктік іс-әрекеттің қандай ұйымдасты- ру құрылымдары мен әдістері қолданылады деген мөселе- лер әрқашан күн тәртібінде тұрды. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая-си режим -- абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді
3.2 Саяси режим түрлері
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.
2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады
3.3 Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы және Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы
Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы;
-жеке адамның бостандығының кепілі;
-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;
-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;
-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,
-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекетімізде қалыптасқан саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге
Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.
Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген биліктің бірден-бір қайнар көзі -- халық туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына, оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз - жалпы алғанда белгілі бір әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.
С.Хантингтонның саяси құқықтық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны жоғарыдан әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық -- экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.
Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын
Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға - еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды.
Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы саяси-құқықтық процесті модернизациялауға ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық - саяси қозғалыстың бастауында тұрды.
Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.
Мемлекет Конституциясы күн тәртібіне жауап бере алатын жетілдірілген Қазақстан Орталық Азия аймағына саяси-құқықтық модернизация үлгісі бола алады. Экономикалық жағдайдың тұрақталуы және біржолата нарықтық экономикаға көшу биліктің президенттік басқару түрінен президенттік парламенттік биліке көшуге жағдай жасады.
Қоғамды модернизациялау әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;
- ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған;
- 2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;
- Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;
- Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті;
- Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.
Нарықтық экономика барысында саяси ойды билікті модернизациялауда өз пайдасына бұрмалайтын қаржы алпауыттарын ауыздықтайын құқықтық құжат пен күшті саясат та қажет.
Өкілді иниституттарды ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық, ақпаратттық көмек көрсету бойынша рөлін белсендіре түсу; мәслихаттардың өз құзыреті шегінде заңдарды орындау үшін жауапкершілігін арттыру. Жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру мәселелері және мәслихаттардың басқа органдармен өзара қарым-қатынастарын дамыту оның модернизациялауда көпжақты сипаты бар екені анықталды.
Сондықтан да саяси жүйенің мәнді элементерінің бірі саяси режим, тәртіп, нормалар мен принциптер. Қоғамның саяси ұтымы, билікті жүзеге асыру жүйесі және құқық пен еріктілік жүйесі саяси режим деп аталатын құбылысты туғызады. Саяси режим негізінен үш жағдайда негізделеді. Экономикалық меншіктің иесі болған топ үшін ыңғайлы саяси жағдай туады. Саяси үстем таптың мүддесін қорғайтын мемлекет, олар үшін тиімді тәртіп орнатады. Идеологияда үстем таптың идеологиясы бүкіл халыққа таратылады. Осыған байланысты үстем тап мемлекет арқылы өздеріне ыңғайлы режим орнатады. Ол либералдық немесе күштеу болуы мүмкін. Ол тәртіп азаматтардың құқығы мен еркін, демократияның түрлерін шектеуге апарып соғады. Олар сөз, баспасөз, жиналыс, митингілер, көшедегі шерулер сияқты саяси еріктілікке теңдік, мемлекеттік және қоғамдық істерге, заң қабылдауға қатысуға байланысты болады.
Саяси режим саяси билікті жүзеге асырушы әдістер жиынтығы. Саяси режим қоғамның саяси өмірінің ортасын анықтайды, басқа сөзбен әр елдің тарихи дамуы кезеңіндегі нақты саяси климатын айтады. Бұл ұғым көптеген елдердегі саяси биліктің шындық образын көрсететін нақты дәлел. Бұл ұғым латынның regimen деген сөзінен шықан. Белгілі бір мемлекеттің саяси билігіндегі басқару әдіс-тәсілдері.
Саяси режим ұғымы саяси жүйе ұғымымен қатар қолданылады. Бұл екі ұғымның бір-бірінен айырмашылығына келген кезде, әр зерттеуші әр түрлі пікір айтады. Мысалы: Американдық саясаттанушы М.Хогопян полития, саяси жүйе және саяси режим ұғымдарын синоним ретінде қолданады. Оның ойынша бұл терминдер кең мағынада саяси тәртіптің жалпы құрылымдық мінездемесінде қолданылады. М.Дювержьеде осы мәселені көп зертеген. Бұл ұғымдарды ол да синоним ретінде қолданады.
Саяси режимді либералдық-демократиялық жүйеде жіктеу билікті бөлуге қатысты. Ең алдымен режимдер биліктерді рөлі бойынша анықтайды яғни биліктегі мемлекеттің және үкіметтің рөлін. Диктаторлық саяси жүйеде билікті бөлу мүлдем жоқ. Сондықтан негізгі критерий ретінде унитарлық иерархиялық биліктің қызмет ету формасын алуға болады.
Саяси режимнің өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар: олар: 1. Саяси лидерлік үшін күрес, мұндай күрес ашық (сайлауда еркін конкуренцияның болуы); жабық (оппозицияға жол берілмеу); аралық сипат алатын күрес; саяси қатысу деңгейі;(аз таптың билігі), кең деңгейде (саяси шешімдерді қабылдауға халықтың ат саысуы); саяси басшылықтың құндылықтары мен басымдылықтары. Осы критерийлер негізінде саяси режимнің мынандай типтері бөлінеді: дәстүрлі (жабық түрде саяси лидерлікке күрес, саяси қатысу деңгейінің төмендігі, консерватизм); жарыстық түрдегі олигархия (саяси лидерлікке ашық күресу, саяси қатысудың шексіздігі, революцияға бейімделу т.б.), әскери (консервативтік және реформистік құндылықтар); популистік немесе мобильдік типі (ең төменгі дәрежедегі саяси қатысу, революцилық құндылықтар); коммунистік тип (саяси лидерлікке күрес жабық түрде, саяси қатысу мүмкіндігі кең, революциялық құндылықтар); либералдық-демократиялық тип (саяси лидерлікке күрес ашық түрде, саяси қатысу деңгей жоғары, реформистік құндылықтармен) сипатталады.
Саясаттануда саяси режимнен бөлек мемлекеттік режим ұғымы бар.Саяси режим саяси билікті жүргізудің әдіс-тәсілдер жиынтығы болса, ал мемлекеттік режим қоғамның яғи өмір сүріп отырған ортаның саяси оспектісі болып табылады. Саяси режим ұғымы мемлекеттік режим ұғымына қарағанда кең ұғым болса керек. Саяси режим тек қана мемлекет жағынан жүргізілетін саяси биліктің әдіс-тәсілдерін ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдардың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Саяси режим саяси биліктің тұрақтылығын, азаматтарды басқару, саяси қатынастағы билік үшін бағыттар мен динамиканы, қоғамдағы билеуші элитаның өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.
1 Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
3.1 Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Тоталитаризмнің келесі типі - фашизм. Фашизмнің ең бірінші тараған жері - Германия мен Италия. Италияда фашизм 192 ж. орнады. Оның негізгі мақсаты Ұлы Рим империясын қайта құру еді.
Фашистік тоталитарлық режим расизм, шовинизммен ерекшеленеді. Тоталитарлық ұлттық - социализм 1933 ж. Германияда пайда болды. Ол фашизм мен коммунистік тоталитаризм негізінде пайда болды. Айырмашылығы әлеуметтік басымдылығымен ерекшеленеді. Германиядағы арийліктердің билігін орнату еді.
Тоталитаризм режимде өмір сүрген елдерде бұл режим экономикалық прогресті тоқтатты.
Көбінесе тоталитарлық режим әр елдердегі экономикалық кризиске де байланысты болады. Мысалы: Германия мен КСРО-дағы режимдердің орнауы осыған байланысты болды.
Авторитарлық режим латынның autoritas - билік, жеке адамның билеуімен сипаталады, биліктің диктаторлық әдісі.
Бүгінгі күнге дейін ғалымдар авторитаризм мен тоталитаризмнің бір-бірімен байланысты деген мәселе ауқымында бәсекелесуде. Кейбіреулері тоталитаризмді реакциялық негізгі және авторитаризмнің түрі деп қарастырады, ал басқалары осы режимдерді өзбастақ деп қарастырады.
Әрине, бұл жерде екеуінің арасында едәуір ұқсастық болғанымен елеулі айырмашылықтары бар екенін айта кету керек. Бұл екеуін біріктіру себебі екеуі де диктатура, бірақ тоталитаризм - мемлекеттің диктатурасы болса, ал авторитаризм жеке адам диктатурасы болып табылады.
Авторитаризм демократияға және құқыққа қарсы биліктің тұжырымдамасы мен тәжірибесі. Ондай саяси режимде тиран, деспот, форер т.б. құқықтарды аяққабасатын топ басқарады. Ол кезде билікті бөлісу болмайды. Осы күнгі авторитаризмге жататын режимдер әскери-полициялық, фашистік. Авторитаризм жағдайында азаматтық қоғамның құқығы мен бостандығы, мемлекетке қатынасы жөнінде адамның дербестігі есепке алынбайды.
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 - 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай "тап жаулары", "жат пікірдегілер" және "әлеуметтік қауіпті элементтер" ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың "Жас тұлпар" ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады. Авторитаризм өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитарлық және днмократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипат алады. Авторитаризм дегеніміз - халықтың аз мөлшерде араласуымен, саяси билікті жеке тұлға (топ, элиталық топ, партия) жүзеге асыратын мемлекеттік саяси құрылысты айтады.
2.1.Тоталитаризм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам
Тоталитаризм (лат. totalіs - тұтастай, түгелдей) - деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық -- бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы тұрі -- фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, ол кеңесші органға айналады. Тоталитаризммен салыстырғанда авторитаризмде бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері азырақ қолданылады. Әдетте бұл режим саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді.
Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Авторитаризмге Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, Иорданияны, Кувейтті жатқызуға болады.
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.[2]
Авторитаризмнің негізгі белгілері. Олар: халықты мемлекеттік биліктен шеттететін, билікті бір орталыққа бағындырған белгілі бір топтың қолында болуы, билікті бөлу принципінің болмауы, мемлекеттік органдардың сайлау арқылы сайлану принципі бойынша шектелуі, мемлекеттік басқаруда әкімшіл-әміршіл әдістердің қолданылуы, репрессиялық күштеу әдістерінің қолданылмауы, жасырын цензураның болуы, оппозицияға жол бермеу, лидер ролінің жоғары болуымен сипатталады.
Авторитаризмнің монархиялық, хунталық, деспоттық түрі бар. А.Пиночет Чилиде хунталық билікті орнатқан болатын. Августо Пиночет Чилидің 1973-1990 ж аралығындағы әскери диктаторы.
1973 жылы 11 қыркүйекте Латын Америкасында қанды төңкеріс болды. Мемлекетке қарсы солшыл саяси көзқарастағылар репрессияға ұшырады. 13 қыркүйекте хунте А.Пиночеттің ең бірінші қатынасын жою еді. Пиночеттің негізгі мақсаты Чилидің саяси тұрақтылығын сақтау еді. Пиночеттің авторитарлық саяси тәртібі 20 мы адамның өліміне себеп болды. Бірақ Пиночет кезінде Чилиде экоомикалық прогресс байқалды, жұмыссыздың 8% қысқарып,инфляция 10,9% - 7,1% төмендеген.
Жалпы, авторитарлық жүйеде үстем орын алатын мемлекет, үстем партия мемлекеттің саясатын қолдайды, мемлекет партияны қалыптастырады, басқа партиялар қосылып, ұлттық майдан ұйымдастырады.
Авторитарлық режим негізінен демократия мен тоталитаризм арасында аралық сипат алатын режим. Мұнда экономика, мәдениет, діни, білім саласында еркіндіктер болады.
Зерттеушілер авторитаризмнің мынадай типтерін бөліп көрсетеді:
а) Теократиялық авторитарлық режим, яғни билікте діни басшының үстемдігі және мемлекет шариғат заңдарына бағыну ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz