Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану негізінде суару



Далалы және орманды далалы аудандардың ауыл шаруашылық өндірісіндегі маңызы. Далалы және орман далалы аудандарда барлық егіс көлемінің 60% -не жуығы шоғырланған. Бұл аймақта дәнді дақылдардың негізгі бөлігі және бидайдың барлығы дерлік, көп мөлшерде көкөніс, техникалық және мал азығы дақылдары, жеміс-жидек, сондай-ақ мал шаруашылық өнімдері де өндіріледі. Сондықтан бұл аудандар ауыл шаруашылык, өнімдерін өндіруде үлкен орын алады.
Дегенмен, бұл аудандарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайталау мүмкіншілігі 32-таблицада келтірілген, құрғақшылықтың салдарынан тұрақты болмай келеді.
Құрғақшылық ауыл шаруашылығына өте көп зиян келтіреді. Бұндай жылдары егіншілік және мал шаруашылығының көптеген өнімдері өндірілмей қалады.
32. Әр түрлі ылғалданған жылдардың қайталану мүмкіндігі (В. С, Дмитриев бойынша)
Далалы және орманды далалы аймақтарда ауыл шаруашылығын мардымдатудың жолдары. Егіншілік шаруашылығын мардымдатудың негізгі факторлары болып жерді мелиорациялау, дақылдарды дұрыс орналастыру және өнімі жоғары сорттарын өсіру, озат технологня мен ауыл шаруашылығын комплексті механикаландыру және электрлендіруді пайдалану; өндірісті мамандандыру және экономикалық жағдай жасау.
Барлық су жинау, сақтау және оны тиімді пайдалаңуға арналған агромелиоративтік шаралардың алатын орны өте зор; қар тоқтату, жазғытұрым пайда болатын суды орнында ұстап қалу, баурайды көлденең жырту, үзік үзік бороздалар, саңылаулар, кіші көлтабандар жасау арқылы суды орнында ұстап қалу және орман алқаптарын отырғызу және т.б.
Құрғақшылықтын зияның агроорманмелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларын жүргізу арқылы кемітуге болады, бірақ та оны толығынан жою суару және сулаңдыру жұмыстары кеңінен жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Ауыл шаруашылығын механикаландыру, химияландыру және егін шаруашылығының мәдениетін арттырумен бірге жер суару жұмыстары топырақтың су режимін реттеп, барлық ауыл

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану
негізінде суару

Далалы және орманды далалы аймақтарда жер суарудың маңызы

Далалы және орманды далалы аудандардың ауыл шаруашылық
өндірісіндегі маңызы. Далалы және орман далалы аудандарда барлық
егіс көлемінің 60% -не жуығы шоғырланған. Бұл аймақта дәнді
дақылдардың негізгі бөлігі және бидайдың барлығы дерлік, көп
мөлшерде көкөніс, техникалық және мал азығы дақылдары, жеміс-жидек,
сондай-ақ мал шаруашылық өнімдері де өндіріледі. Сондықтан бұл аудандар
ауыл шаруашылык, өнімдерін өндіруде үлкен орын алады.
Дегенмен, бұл аудандарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайталау
мүмкіншілігі 32-таблицада келтірілген, құрғақшылықтың салдарынан тұрақты
болмай келеді.
Құрғақшылық ауыл шаруашылығына өте көп зиян келтіреді. Бұндай жылдары
егіншілік және мал шаруашылығының көптеген өнімдері өндірілмей қалады.
32. Әр түрлі ылғалданған жылдардың қайталану мүмкіндігі (В. С,
Дмитриев бойынша)

Жылдар бойы қайталану мүмкіндігі. %
Табиғат — ландшафты аймақтар
құрғақ орташа ылғалды
және қуаң қуаң
Орманды 5 33 62
Орманды дала 13 55 32
Әдеттегі кара топырақты дала 33 31 8
Оңтүстік қара топырақты дала 68 59 1
Қызыл қоңыр тонырақты қуаң дала 88 13 0
Бозғылт-қоныр және сұр-қоныр
топырақты шөл және шөлейтті 100 0 0
аймақ

Далалы және орманды далалы аймақтарда ауыл шаруашылығын мардымдатудың
жолдары. Егіншілік шаруашылығын мардымдатудың негізгі факторлары болып
жерді мелиорациялау, дақылдарды дұрыс орналастыру және өнімі жоғары
сорттарын өсіру, озат технологня мен ауыл шаруашылығын комплексті
механикаландыру және электрлендіруді пайдалану; өндірісті мамандандыру және
экономикалық жағдай жасау.
Барлық су жинау, сақтау және оны тиімді пайдалаңуға арналған
агромелиоративтік шаралардың алатын орны өте зор; қар тоқтату, жазғытұрым
пайда болатын суды орнында ұстап қалу, баурайды көлденең жырту, үзік үзік
бороздалар, саңылаулар, кіші көлтабандар жасау арқылы суды орнында ұстап
қалу және орман алқаптарын отырғызу және т.б.
Құрғақшылықтын зияның агроорманмелиоративтік және ұйымдастырушылық
шараларын жүргізу арқылы кемітуге болады, бірақ та оны толығынан жою суару
және сулаңдыру жұмыстары кеңінен жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Ауыл
шаруашылығын механикаландыру, химияландыру және егін шаруашылығының
мәдениетін арттырумен бірге жер суару жұмыстары топырақтың су режимін
реттеп, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.
Далалы және орманды далалы аудандарда суарудың алатын орны өте зор. Ол
құрғақшылықтың зиянды әсерін болдырмай, егіншілік және мал шаруашылығының
өнімділігін арттырады, механикаландыру мен химияландырудың мүмкіндігін
жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнын кемітеді.
8.2. Далалы аймақтарда өзен суымен жүйелі суару
Далалы аудандарда өзен суымен суарудың келешегі. Далалы өзендерден
(Еділ, Дон, Днестр, Дунай және т. б.) қазіргі уақытта суарылатын жер көп.
Суару жұмыстарын дамытудың бағдарламасына сәйкес 1974—1985 жылдар далалы
аудандардағы өзен суларын көбірек пайдалану жоспарланған. Мысалы, Еділдегі
гидростанциялардың және Еділ өзенінің суын пайдалану негізінде Куйбышев,
Спасск, Приволжья, Энгельс, өзен аралығы, Полесье, Николаев, Городищинск
және басқа да өте үлкен, көлемі 2 мли га жерді суару жобаланған. Осы
жүйелерден Куйбышев, Саратов, Волгоград Астрахань, Орал облыстарының және
Калмақстанның көптеген жерлері суарылатын болды. Сондай-ақ, Днепр, Днестр,
Дунай өзендерінің суы да кеңінен пайдаланылады. Еліміздегі ең ірі суару
жүйелерінің бірі — Кахов суару жүйесін (600—650 мың га) салу, Солтүстік
Қырым каналын кеңіту және одан суарылатын жерді көбейту (400—450 мың га)
жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Кавказда суарылатын жердің көлемі 1 — 1,1
млн гектарға дейін көбейтіледі. Обь өзенінің суын пайдалану негізінде
жергілікті су қорын және жер асты суларын пайдалану арқасында Құланды
даласында 2 млн. гектар жерді суаруға мүмкіншілік бар. Келешекте өзен
суларымен суарылатын жердің көлемі одан да әрі көбейе береді.
Суармалы жерлерді ұйымдастырудың түрлері. Суарумен көптеген алқаптар
мен шаруашылықтарды қамтуға болады, канал бойына бытыраңқырап орналасқан
көлемі 1-5 мың гектарға тең жекеленген алқаптарды; шаруашылықтағы көлемі
шамалы учаскелерді қала маңындағы жерлерді қамтуға болады.
Суармалы егіншіліктің жекеленгеи аймақтарынық табиғи-экономикалық
ерекшеліктеріне сәйкес астық, көкөніс, жеміс-жидек, сондай-ақ астық — мал
шаруашылығы өншін комплексті түрде және басқа да өнімді өндіруге
мамандандырылады.
Үлкен алқаптар мен шаруашылықтарды түгелінен суаруды қамтамасыз ететін
суару жүйелерінің ерекшелігі — шаруашылықтардың амандандырылу жағдайына
сәйкес анықталады. Бұндай жағдайда суармалы жерлерде негізгі өнімді өндіру
шаруашылықтың басты міндеті болып саналады. Сондықтан ауыспалы егіс, суару
режимі және суару техникасы, барлық егіншілік жүйесі негізгі дақылдан мол
өнім алуға бағытталады, осыған орай суару жүйесі тұтас болып жобаланады
және салынады. Сондықтан бас каналдар мен шаруашылық аралық каналдардың
салыстырмалы шамасы өте аз болғандықтан, суару жүйесін салу үшін жұмсалатын
күрделі қаржы да, ыдыратыңқылай суарумен салыстырғанда көбірек болады.
Ыдыратыңқы суарғандағы суарудың және суару жүйесінің ерекшеліктері.
Бұл жағдайда суару алқаптары ұзындығы он және жүз шақырымға жететін бас
және шаруашылық аралық каналдардың бойына ыдыратылып орналастырылады. Суды
қотару үшіп насос станциялары қолданылады. Мысалы, секундына 50 м3
шамасында су жібере алатын Саратов каналынан шаруашылықтарда 1000 гектарға
бөлшектелген алқаптарды суарады. Бұндай жағданларда суару жүйелері
суландыру жүйесінің міндетің де атқара береді. Бас және шаруашылық аралық
каналдардың салыстырмалы шамасы, тұтас суарумен салыстырғанда көбірек
болады.
Шаруашылықтағы барлық егіс көлемін салыстырғанда суарылатын жер көлемі
азырақ болады, сондықтан оларда мал азығын немесе дәнді дақыл мал азығы
ауыспалы егісін, сондай-ақ мәдени жайылымдарды орналастырады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі мен техникасы және суару
жүйелері осыған сәйкес жобаланады.
Шаруашылықтарда суарылатын жерлердің көлемі аздау болғанда олар
өзендер мен каналдарға, бөгеулерге жақын жерлерге орналастырылады. Осындай
шаруашылық әдіспен салынатын суармалы жерлерге көкөніс және мал азығы
дақылдары себіледі.
Суару учаскелерін салу бас саға құрылыстарын жасаудан, жылжымалы насос
станциясын орналастыратын жерді дайындаудан, қысым трубаларын тасудан және
оларды құрудан, гидраиттарды орналастырудан және жаң-бырлатқыш
қондырғыларды құрудан тұрады. Бұндай жағдайда суару комплекстерін кеңінен
пайдаланады.
Қала айналасындағы жерлерді суару үшін суару жүйесі құрылысын салғанда
совхоздар мен колхоздар әдетте көкөніс, жеміс-жидек, картоп және сүт
өндіруге мамандандырылады. Осы-ған сәйкес көкөніс — мал азығы және дәнді
дақыл — мал азығы ауыспалы егісі, бақшалар, мәдени жайылымдар жобаланады.
Суару жүйесінід ерекшелігі — учаскенің табиғи және шаруашылық жағдайлардың
комплексіне сәйкес анықталуы (су көздерінің түрі, оның жерге орналасуы, жер
бетінің бедері, топырағы, гидрогеологиясы, шаруашылық жағдайлар) болып
табылады.
Қаланың сарқынды суларын пайдаланғанда арнаулы егіншілік танаптары
құрылыстары салынады.
8.3. Жергілікті су қорларын жүйелі оайдалану
Жергілікті жерде пайда болатын су суару, суландыру, өндірістік
мекемелер мен ел орналасқан жерлерді сумен жабдықтау, суда жүзетін құстар
және балық өсіріп-өндіру, су транспорты және гидриэнергетика, мәдени
және санитарлық қажеттер үшін пайдаланылады.
Әрбір өзен бассейнінің су қоры өлшеулі болады, сондықтан оны бассейн
бойынша комплексті пайдаланып, яғни барлық су пайдаланушылардың кажетін
ескеру керек. Ол үшін жергілікті суды комплексті пайдаланудың бассейндік
схемалары жасалады. Бұл схемаларды жасағанда бассейндегі су қорының есепті
жыл үшін балансы анықталып, яғни барлық жұмсалатын және кіріске алынатын
сулардың мөлшерлері анықталады. Жұмсалатын судың мөлшері есепті жыл үшін су
пайдаланушылардың санына және су пайдалану нормасына сәйкес анықталады. Ал
кіріске алынатын судың мөлшері гидрологиялық есептер арқылы анықталады. Су
пайдаланушылар пайдалана алатын суының аумағы бассейннің нақтылы жағдайы
үшін, су шаруашылығы есептері арқылы жоба лау нормаларына сәйкес
анықталады.
Бассейннің әрбір бөліктеріндегі су тапшылығы анықталып, одан кейін
жергілікті суды реттеу шаралары жобаланады, ал керек болған жағдайда, суды
басқа бассейндерден де жіберу жобаланады. Бұл шаралар экономикалық тұрғыда
дәлелденгеннен кейін ғана қабылданады.
Бөгендер мен оның қасындағы құрылыстарды салатын жерді және суару
учаскелерін таңдап алу. Бететтер плотиналардан, су ағызғыш құлақтардан
құралады. Су қашырту құрылыстарын салу өте қиын және пайдалану жағынан өте
күрделі және қымбат болады. Жергілікті жердегі суды суаруға пайдаланғанда
суару көлемі тек қана топографиялық және топырақтың жағдайына ғана
байланысты болмай, сондай-ақ басқа да су көздерінің барлығына байланысты
болады. Сондықтан, cyару учаскелері және бөгеттердің орындарын осыларды
еске ала отырып таңдау керек. Бөгет-терді салу орындары оған су жиналатын
көлем және су қоймасының шатқалы неғұрлым мол болатындай етіліп геологиялық
топографиялық және санитарлық жағдайларға және суару учаскелеріне су
өздігінен ағып баратындай болып жасалады. Осын-дай өте күрделі мәселе
зерттеу, іздену және алдын ала бірнеше нұсқаларды есептеу арқылы шешіледі.
Әдетте 1 гектар жерді суару үшін жұмсалатын күрделі қаржының және оны
пайдалану үшін жыл бойы жұмсалатын қаржының немесе 1м3 судың құнының арзан
болған және техникалық жағынан ең сенімді варианты қабылданады.
Су шаруашылық және гидрологиялық есептеулер. Су шаруашылық және
гидрологиялық есептеулер арқылы шаруашылыққа қажет болатын судың мөлшері,
су қоймасының тоиографиялық сипаттамасы, оның аумағы, сумен қамтамасыз
етілуі, су қашырту құрылысы арқылы ағызылып жіберілетін судың мөлшері
анықталады.
Су қоймасындағы суды суару және сумен жабдықтау үшін пайдаланады.
Суару үшін пайдаланатын судың аумағы мына формула арқылы анықталады:

бұнда: Мср- брутто суармалау нормасының орташа мөлшері, м3га;
— нетто суару көлемі, га;
— суару жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті.
Сумен жабдықтауға керек болатын судың аумағы:
бұнда: m1, m2 ...mn — су пайдаланушылардың саны (адамдар, мал басы,
машиналар, өндірістік кәсіпорындары), олардың келешекте өсуін ескергенде;
N1, N2, ...Nn - есептеу кезеңінде әрбір су пайдаланушылардың су пайдалану
нормасы, м3.
Шаруашылыққа қажет болатын судың жалпы мөлшері:

Су қоймасының топографиялық сипаттамасы болып оның аумағы мен суға
толу тереңдігінің V=f(h) және су беті көлемінің суға толу тереңдігімен
w=)f(h) байланыстылығын көрсететін қисық сызықты график саналады.
Су қоймасының аумағын анықтау. Қысты күні су пайдаланылмағанда су
қоймасының аумағы шаруашылыққа жалпы қажет болатып су мөлшерінен (Vnam),
нәтижесіз -аумақтан (VM) және есептелген кезеңде булануға шығындалатын (VH)
және фильтрацияға (Үф ) шығындалатын судың аумағынан құралады.
Су қоймасының нәтижесіз аумағы су ағуын реттеуге қатынаспайды және
оның тереңдігі мен аумағын санитарлық жағдайларға байланысты (үй маңындағы
бөгеттер үшін 3 метрден кем болмай және даладағы бөгеттер үшін 1,7 м),
тосаптану мерзіміне (тосаптану мерзімі 40—50 жыл), суарылатын учаскеде
басым жағдайына қарай белгілейді және балық шаруашылығының талаптарына
үйлестіріледі. Өте терең су қоймаларында нәтижесіз аумақ деңгейін 1-2
метрге көтеру плотинаның биіктігінің жоғарылауына әсерін тигізбейді.
Нәтижесіз аумақ мөлшерін оның плотина жағындағы судың белгіленген
тереңдігінің қисық сызығы арқылы анықтайды — V=f(h).
Су қоймаларын тосаптанудан сақтау үшін топырақ эрозиясын болдырмайтын және
тосаптарды су қоймаларына жібермейтін шаралар жүйесін қолдану керек (орман
алқаптарын жасау, ауыспалы егісті енгізу, су қоймалары жағаларына ағаш
отырғызу, сай-салаларды бекіту және т. б.)
Булану қабатының мөлшерін (һ) әдетте кіші су қоймалары су бетінен жыл
бойы буланатын судың орташа мөлшерінің изолиния картасы арқылы.белгілейді.
Орманды алқаптарда булану мөлшері 35-65 см, далалы аймақтарда-65-100 см,
шөл және шөлейт аймақтарда-100-170 см шамасында болады.
Бөгеттел булануға шығындалатын судың мөлшері,

бұнда: hп— булану қалыңдығы, м;
w-аумағы VM+0,5now -ға тең су қоймасы көлемі.
Ал енді фильтрацияға шығындалатын судың аумағы гидрогеологиялық жағдайларға
байланысты, су қоймасының Лм + 0,5Vnot-ға тең аумағынан процент есебінде
белгіленеді. Жақсы жағдайларда (су сіңірмейтін өте қалың сазды және саздақ
топырақтар, ыза сулар жақын жатқан жәнс олардың келешекте су қоймасынан
қайтуы болмағанда) шығын жылына 5—10%, ал жағдай орташа болғанда
(топырақтың су сіңіруі тәулігіне 1—3 мм) -10-20% шамасында болады, жағдай
нашар болғанда (топырақтың су сікіруі тәулігіне 3-4 мм) жылына 20-40
процент.
V пот. Vм, Vи, Vф , шамаларын біріне-бірін қосу арқылы су қоймасының
қажет аумағын табамыз, оны аумақтық қисық сызығына түсіру арқылч V=f(h)
оған сәйкес қалыпты прелу деңгейін (н.п.д.) және w = f”(һ) қисық сызығында
— су айнасы көлемін анықтаймыз.
Қысты күні сумен жабдықтағанда су қоймасының аумағын төмендегі
тәртіппен анықтайды: абсцисс білігінің бойымен нәтижесіз аумаққа қысқы
сумен жабдықтау аумағын қосады; аумақтар қосындысы арқылы оның деңгейін
табады; анықталған деңгейді ординат білігінің бойымен қысты күні
фильтрацияға шығындалатын судың қалыңдығы мен мұздың қалыңдығын қосу арқылы
судың деңгейі және күзді күнгі мұз қату кезеңіндегі аумағын анықтайды;
анықталған аумаққа жазды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану
Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі
«Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
Су жүйелері және оның ластану көздері
Көлдер мен бөгендер
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Арал экологиясының ахуалы
Тұщы судың қоры, өзендер
Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары
Карық арқылы суғару
Пәндер