Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ»
«Экономика» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Макроэкономика
Тақырыбы: «Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат»
Орындаған: ГМУ-10-1 тобының студенті
Орынбасар Нұрлан
Тексерген: э. ғ. к. Көшімова. М. Ә
Ақтау-2011 жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-Бөлім. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
- Мемлекеттік сауда саясаты . . . 5
- Сыртқы сауда тауары . . . 8
- Қазақстансаясаты . . . 10
2-Бөлім. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
2. 1Сыртқы сауда саясаты . . . 12
- Сыртқы және халықаралық сауда саясаты . . . 17
- Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері . . . 21
3-Бөлім. Сауда саясатының қаржы әдістері
- Қаржысаясаты . . . 26
- Экспорттық субсидиялар, демпинг және халықаралық сауда . . . 28
- Мемлекеттің ұлттық саясаты . . . 33
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
КІРІСПЕ
Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады. Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты». 2006жылы 1 наурыздағы Қ. Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары экспортты азйтып, импортты жоғарлату жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды. . Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ла теориалар жасауға божам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алйда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа жоққа шығарылуы мүмкін. Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды, бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным, яғни «позитивті» білім қалайды.
Казіргі халыкаралык байланыстардьң саяси, экономикалык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді баскарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қатая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен тусіндіріледі. Сауда саясатының сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты
кажстті неізі санаттар, түсініктер мен жіктеулер кслтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылык астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымыньң сипаттамасы бо-лып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары бім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті. Сондай-ақ, рефератта халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдал-дарыньң кызмет үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т. б. қарастырылды.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауында:Біз 2030 жылы Азия Барысы. на айналуымыз керек. Бірнеше жылдан кейін Қазақстан Дүниежүзлік Сауда Ұйымына ДСҰ мүшелікке өтпек. Сөзсіз бұдан біздің ұтарымыз аз емес . Шекара ашылған соң кәсіпкерлеріміз өз тауарларын ешбір шектеусіз шетелге шығаруға мүмкіндік алады. Сондықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлеріміздің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі - сапалы өнім шығаруға қол жеткізу, өйткені шетелдік өнімдерге бәсекелес бола алмаса, отандық бизнес өкілдері бонкротқа ұшырайды.
I. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
1. 1 Мемлекеттік сауда саясаты - бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Сыртқы сауда саясаты - сыртқы сауда мен халықаралық төлемдерді мемлекеттік реттеумен байланысты экономикалық саясат бағытын, яғни белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; экспорт пен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда саясатының бір ұшқары жағдайы еркін сауда саясаты, екінші жағдайы автаркия саясаты болуы мүмкін. Осы ұшқары жағдайлардың арасыіща түрлі Дәрежедегі қолдампаздық орын алады, ол валюталық бақылаудың, тарифтік және бейтарифтік реттеудің көмегімен іске асырылады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі - бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы. Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады. Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады) .
Еркін сауда - еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм - тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.
Сыртқы сауда саясаты мәселесіне келетін болсақ онда, сыртқы саудада дұрыс саясатты ұстанған жөн, әйтпесе мемлекеттің экономикасы өте баяу дамып, экономикалық дағдарыс пен құлдырау мүмкін. Сол үшін әр мемлекет өзінің экономикалық дәрежесіне байланысты әр түрлі саясат ұстанады. Мысалы: дамыған елдер өз нарығын Либерализацияса ( Либерализация - нарықка толык еркіндік беру), дамушы елдер, Протекционистік ( Протекционизм - өзінің отандық өндірушілерін шет ел бәсекелестерінен қорғау) саясатын ұстанады. Кейбір дамыған елдер өзінің нарығына толық еркіндік береді яғни либерализациялайды өйткені ол мемлекеттің экономикасына еш қауіп төну мүмкіншілігі аз, олар экспортты да күшейтіп, импортқа да еркіндік береді. Себебі олардың ішкі экономикасы толық дамыған және отандық өндірушілеріне қауіп төнбейді, өйткені импорт тауарларынан гөрі, олардың отандық тауарлары өте арзан, сапасы жоғары. Ал дамушы мен дамып келе жатқан мемлекеттер сыртқы сауда операцияларын тиімді реттемесе, бұлардың экономикасына өте қиын жағдай туу мүмкін. Өйткені отандық өндірушілері өз елін дамыған елдер сияқты толық тауарлармен қамтамасыз ете алмайды, себебі олардың техникасы дамымаған, білімді, сапалы, жұмысшылар аз, бірақ бұларда шикізат көзі көп, шикізат көзі көп болғанымен, адам оны шикідей ішіп немесе шикідей қолдана алмайды, оны міндетті түрде өңдеуі керек, осы біздің елімізге тән жағдай. Осы мәселелерге байланысты біздің мемлекетімізге қай саясатты ұстанған жөн болар еді? Бұл өте күрделі сұрақтардың бірі, мәселен егер мемлекетіміз еркін сауда саясатын ұстанса онда: мемлекетіміздің барлық нарығы ашылып, отандық тауарлардың орнын импорт тауарлары басады импорт тауарлары отандық тауарлардың өтуіне кедергі бола отырып осының арқасында көптеген отандық өндіріс орындары жабылуы мүмкін, себебі олар шетел тауарларымен бәсекеге түсе алмайды, еркін сауда кезінде импорттық тауарларға сұраныс көбейіп, отандық тауарларға сұраныс азая бастап, отандық тауарлар қысқарып, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып, экономикаға қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін мемлекет протекционистік саясатты ұсынады: отандық өндірушілерді қорғау үшін, жоғарғы кедендік тарифтерді импорт тауарларына көтеріп, содан кейін оны қандай дәрежеге түсіруін немесе көтеруін ұсынады. Ол рыноктағы еркін іс-әрекеттеріне жол бермейді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойы пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік тауарлармен бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалык деңгейі, өндірісті жоғарлату ынтасы төмендейді. Импорт тауарларына тарифтердің көтерілуі инфляцияны тудыртады, тұтынушының көп қаржы жұмсауына итермелейді және өмір сүру деңгейін күрделендіреді, өйткені тұтынушылар өздеріне керекті импорттық тауарлармен қамтамасыз ету үшін, егер ондай отандық тауарлар елімізде шығарылмаса, импорттық тауарларды алуына тура келеді.
1. 2 Сыртқы сауда тауары
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды. Мемлекет өз экономикасына қолайлы жағдай туғызу үшін осы екі саясатты алмастырып ұстанған жөн. Айта кететін жай Қазақстанның өндірушілері импорт тауарларымен қатты бәсекеде болса және біздің тауарлардың өтуіне мүмкіндік бермесе, мемлекет әкімшілдік реттеу шараларын соның ішінде квотаны, стандартизация, сертификацияны, адам денсаулығына зиянды, төмен сапалы, тауарларды азайту шараларын қолдануы керек. Бірақ Қазақстанда өндірілмейтін және бәсекелесуге көмектесетін тауарларды жіберуі тиіс, мысал: бізде киім - кешек өндірілмейді, сол үшін мемлекет өз халқын қамтамасыз ету үшін импортқа, соның ішінде Қытайдың зиян, сапасыз тауарларының сатылуына мүмкіндік беруі міндетті. Осыған байланысты мемлекетімізге өте қу саясатты ұстанған жөн, ол деген мемлекетіміз өз халқын киім - кешекпен қамтамасыз ету үшін Қытайдың киімін сатылуына рұқсат беруі қажет. Ал егер бізде киім - кешек өнеркәсібі дамыған жағдайда және отандық киім өнеркәсібі Қытайдың тауарларымен бәсекеде болып жатса, мемлекет тарапынан протекционистік саясатты қолдануымыз керек, соның ішінде мемлекет стандартизация, сертификация арқылы іс - әректтерін жүзеге асырады, бұл жерде мемлекет Қытайдың тауарлары денсаулыққа зиян, сапасы төмен деген шектеулер қойып тауарлардың әкелуіне тыйым салынады. Қазіргі кедендік тарифтер мөлшері кейбір отандық өнеркәсіпті дұрыс қорғай алмай жүр, не сонда осы өндіріс орындарын жауып тек шетел тауарларын пайдалануға көшеміз бе? әлде басқаша кедендік саясатқа көшуіміз керек пе? Бұл тұрғыда бізге тиімді кедендік тариф саясатын жан-жақты зерттеп, талдап анықтауымыз керек. Осы айтылған мәселелерді үлгіге ала отырып, өзіміздің елде шығарылған тауарлар, импорт тауарларымен бәсекелесіп жатса онда ол импорттық тауарларына жоғарғы кедендік тарифтерді енгізуіміз керек, ал елімізде өндірілмейтін импорт тауарларына кедендік тарифтерді түсірген оңды және дұрыс саясат болар еді.
Ең біріншіден біздің сыртқы саудада дайын өнімді сатып шетел тауарларынмен бәсекелеке болғысы келсе, онда Қазақстан мемлекетіне біріккен шетел кәсіпорынын құрып дайын тауарларын шығару. Мысалы: Қазақстан, Қытаймен біріккен кәсіпорындарын құрсақ онда Қазақстан жағынан жұмысшы күші, шикізат материалдары болса Қытай жағынан құрал-жабдықтар, технологиялар мен мамандар бөлінуі керек, капитал теңбе-тең. Содан соң біріккен шетел кәсіпорының келісім-шарты келесігідей болуы керек, Қазақстан жағы шығарған дайын өнімнің 50-60 % пайдасына ие болуы керек және ол кәсіпорындардың жұмыс істеу келісім - шарты 5 жылдан аспауы керек, 5 жылдан кейін біз оны толықтай өзімізге сатып алып ары қарай жұмысты жалғастырған жөн болар еді.
Сыртқы сауданы дамытуда инвестицияның құйылуының да үлкен үлесі бар. Бірақ біздің елдегі инвестициялық пайдасы біздің елге емес, сол құюшы компанияның пайдасына түсуде. Біз бұл жердегі инвестиция құю шарттарын өзгерткеніміз тура. Мәселен: сыртқа шығып жатқан инвестициялық компаниялардың өнімдері біздің қазынаға кем дегенде жартысынан көп пайдасы түсуі керек және жұмысшылардың көбі қазақстандықтар болғаны жөн. Ал қазіргі жағдай мүлдем керісінше. Сыртқы саудада әлі де болса шикізатты дамытып сатудың басқа дакөздері бар, ол міндетті түрде инвестиция құйып, бірлескен шетел кәсіпорындарын ашу емес. Сатуға қажетті шикізатты дамыту үшін арнайы бағдарлама құрып бюджеттен арнайы құрал-жабдықтар сатып алу үшін, мамандарды дайындау үшін қаржы бөлінуі тиіс, ол бөлінген қаржының шығындарын есептеулер бойынша 2 - 3 жылда ақтап шығып екі есе пайда түсірер еді.
Одан басқа сыртқы саудаға шығаратын өнімдердің қатарын болашақтағы мемлекеттің 30 корпоративті ел бағдарламасы толтырады. Бірақ та бұл бағдарламаны тоқсаныншы жылдардан бастауы керек еді. Ал қазір оны жүзеге асыруға мен күмәнданып отырмын, өйткені еліміздің қабылдаған саяси-экономикалық бағыттарымызды түздеуіміз керек, сол тоқсаныншы жылдары сатылған кен орындарын, кәсіпорындарды, зауыттарды қайта өзімізге қайтарып, жаңа бағыттағы сыртқы саудамызды дамытуымыз керек.
1. 3 Қазақстан саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын нығайту. Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделеді. Халықаралық интеграция саясаты еліміздің тәуелсіздігіне еш нұқсан келтірмейтіндей ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін жасалған мемлекетаралық келісім-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет. Осы Тұжырымдамада көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік доктриналары қайта қаралып, оларға қажетті толықтырулар енгізілуі керек. Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегі басымдықтарды: АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен еліміздің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, кепілдік беретін арнайы екіжақты келісім-шарттар жасауға ұмтылу; Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың орналасуына заң жүзінде тыйым салу; Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі біткенде Ресейдің әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесінен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндіру мәселесін қою; Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу; Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу; Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін, білімін, жасын, кәсібилігін, қаржылық мүмкіндіктерін, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негізге алу; шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсенді түрде жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңілдетілген азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек көрсету; қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиімді қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесін мемлекетаралық деңгейде көтеріп, белсенді түрде іске асыру қажет.
II. Такырыбы Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
2. 1 Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды. "Солтүстік-Оңтүстік" жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін "Солтүстпік--оңтүстік" жүйесіндегі экономикалардың өзара қатнастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде кономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған, кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Халықаралық сауда саясаты - ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz