Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Шағын кәсіпкерлікті қолдау

2 Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

4 Қорытынды
5Қолданылған әдебиет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және құқық институты

Менеджмент кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пәні:Шағын және орта кәсіпорындар менеджменті
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Орындаған: ГМУ-10-1 тобының студенті
Орынбасар Нұрлан
Тексерген: аға оқытушы.Темирова С.Ж.

Ақтау-2012 жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Шағын кәсіпкерлікті қолдау

2 Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

4 Қорытынды
5Қолданылған әдебиет

КІРІСПЕ
Қазақстанда жүргізіліп жақтан экономикалық реформаларды объективтік қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде де қарастырған ләзім. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны мәлім.Өйткені осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресурстарына, халқының менталитетіне және тағы сол сияқты көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні еліміздегі экономиалық реформалардың басталғанына оншақты жылдан астам уақыт өтсе де белгілі бір жүйелі жол табу оңайға соқпай, іздену процестері әліде болса жалғасын табуда. Ендігі басты мақсат-экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіре отырып, оларды кешенді түрде түбегейлі жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал бұл міндетті жүзеге асыруда, ең алдымен өндіріс пен инфрақұрылымдық салаларда жекеменшікке негізделген шаруашылық қатынастарды дәріптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болды. Қазақстанда осындай қолдаудың заңнамалық негізі қысқа мерзім ішінде жасалып, оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік шаралар белгіленді. Олардың ішінде ең негізгісі ретінде кәсіпкерлік пен шағын бизнесті үдете дамыту мәселесі бірінші кезекте күн тәртібіне қойылды. Өйткені, бұл мәселені жүйелі түрде шешіп отыру-қоғамдағы қозғаушы әрі жетекші күш- орта топты қалыптастырып қана қоймай, оның өндірістік-интеллектуальдық әлеуетін де молайта беруге бірден-бір негіз болар еді. Өркениетті мемлекеттердің де, дамушы елдердің де тәжірибесі кәсіпкерліктің мұндай маңызын дәлелдеп берді. Әсіресе кәсіпкерлік пен бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюктураның жылдам өзгерулеріне дер кезінде бейімделе білу де шағын бизнестің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделу және жаңа технологияларды өндіруге жылдам ықшамдала білу қасиеттері шағын кәсіпкерліктің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі болатындығын дәлелдеді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды. Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде. Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды. 2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді. БАҚ-да бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып, теледидарда хабарламалар беріледі. „Южный Казахстан" газетінде арнайы кәсіпкерге арналған айдар ашылған. Ақпан айында жергілікті 31 телеарнада несие алу мәселелері және Шымкент-Қазақстан телеранасына желтоқсан айында микрокредиттік ұйымдардың қызметтері және жағдайы туралы сұхбат берілді. Сонымен қатар, „Южный Казахстан" газетінде кәсіпкерлерге арналған айдар ашылып қазіргі таңда, кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты түрде басылуда. Аталған телехабарлар мен мақалалар табысты кәсіпкерлердің қызметін көрсету және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Семинарда Жеке кәсіпкерлік туралы заңының негізгі функциясы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері бойынша түсініктеме жұмысы жүргізілді. Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның өңірлік филиалы 2007 жылы бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық қызметтері бойынша облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігіне байланысты 1,5 мың кәсіпкерге кеңес берілді, соның ішінде 1017-ы Қордың қаржылық өнімі туралы, 24-бухгалтерлік есеп, 45-салық төлемдері, 37-құқық мәселелері, 112-ақпараттық және экономиканың және тағы да басқа мәселелер бойынша Департамент қала және аудан әкімдері, Атамекен жалпыұлттық одағының ОҚФ, СодБи бизнес-инкубаторы, Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы ҚҰ, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту ассоциациясының ОҚФ, Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған "Шағын және орта бизнесті дамыту Федерациясымен" бірлесе жұмыс жүргізуде. Бизнес инкубатор „СодБИ" корпоративтік қордың Shimkent.com порталындағы виртуалдық консалтинтік жүйенің қызметімен кәсіпкерлердің қолдануына мүмкіндік бар. Сыртқы және ішкі туризммен және қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бизнес инкубатор "СодБИ корпоративтік қорының интернет сайтында "Оңтүстік Қазақстанда жасалынған" атты модулі жарияланған. Интернет сайтта "Туризм" порталдары бар. Мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады. Ағымдағы жылдың 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық көрме компаниясы „Iteca" мен халықаралық әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания ) бірлесе ұйымдастырған „Туризм және саяхат" атты 7-ші Халықаралық көрмесіне облыстың түристік инфрақұрылымының 14 фирмасы және Түркістан қаласының, Сайрам ауданының қолөнершілері қатысты. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның өңірлік филиалы бағдарламаға (әлеуметтік мәртебесіне) сәйкес 57 қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерге кеңес берді. Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories" компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлік субъектілерді көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде. Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар етілді. Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар, "дөңгелек үстелдер", өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді: Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы "Ренхессен" (Германия) шеберлер палатасымен "Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту" жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық "Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры"- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117,4 млн. теңгенің 33 пайызы, "KazMicroFinans" ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) - 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді. Сонымен қатар, Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы қоғамдық ұйымымен бірлесе Жастардың әлеуметтік жобалары жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жастарын бизнестің тәжірибесіне үйрету мақсатында 2007 жылдың маусым-шілде айларында аудан, қалаларда тренинг-семинарлар өткізілді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ жоспарланған шараларына сәйкес өңірлерде қордың жүйесін жетілдіру мақсатында жергілікті бюджетпен бірлесе 2008-2009 жылдары қаржыландыру жоспарланған болатын. Осыған байланысты қормен бірлесе Арыс қаласында және Бәйдібек, Шардара, Созақ, Түлкібас, Отырар аудандарында өкілеттіктерді ашудың шығыс сметасы және талдау жасалынып, ұсыныс берілді. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы бойынша талдау жұмыстың негізінде, өкілеттік ашудың тиімділігі көрсетіліп, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ұсыныс жасалынды.
Шағын және орта бизнеске тартымды, инновация деңгейінде жеткізілген ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдануға кәсіпкерлерді тарту мақсатында ОҚО мемлекеттік инновациялық қоры 2006-2008 жылдарға арналған жоспар бойынша облыс экономикасының өндірістерінде инновациялық технологияларды қолдануға арналған ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізуде. 2007 жылы жол құрылысында битумды ауыстыратын ферменттер әзірлеу бойынша лабораториялық сынақтар жүргізілді, фосфорлық тыңайтқыштарды фосфориттен алу технологиясы және облыстағы пайдалы қазбаларды қолданып жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе 2008-2010 жылға арналған орта мерзімдік жоспарды әзірлеуде экономикалық тартымды жобаларға талдау жасалынып, іріктеу жұмысы жүргізілді. „Ғылым қоры" АҚ-ның ұсынысы бойынша инновациялық тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар, ынталылық және тәуекелді зерттеу жобалары бойынша, қордың өз қаражатынан қаржыландыруы туралы ақпарат облыс

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан қоғамдық негiзде құрылатын мамандандырылған консультациялық-кеңесшi органдар.".
2. 5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру.".
3. 6-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мемлекеттiк, салалық және аймақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсіпкерлік
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы
Пәндер