Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қаржы түсінігі және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржы функциясы және ұдайы өндірістегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ Тарау ҚАРЖЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ ... ..15
2.1. Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстанның қаржы экономикалық дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Қазақстан Республикасындағы Алматы «Халықаралық қаржы орталығы» қаржы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. Қаржының Қазақстан Республикасындағы ерекше ролі ... ... ... ... ... ... ... 25

ІІІ Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қаржы түсінігі және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2. Қаржы функциясы және ұдайы өндірістегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ Тарау ҚАРЖЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ ... ..15
2.1. Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстанның қаржы
экономикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .15
2.2. Қазақстан Республикасындағы Алматы Халықаралық қаржы орталығы қаржы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Қаржының Қазақстан Республикасындағы ерекше
ролі ... ... ... ... ... ... ... 25

ІІІ Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын
бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше 6 жыл бойына дамуын үдетіп
келеді. Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт
өсу қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны
дер кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.
Жыл көрсеткіштеріне үңілсек, мынаны аңғарамыз: қаржы секторының
дамуының сандық нәтижелері өткен жылдардағыдай жоғары болатындығы күмәнді.
Нарықтың қазіргі жағдайы қаржы секторының өсімі әлі күнге дейін
экономиканың дамуы өрісінен әлде қайда төмен күйінде. Айналымдағы
мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы азайып кетті. Мұны қаржы
саласының мамандары оңай түсіндіреді. Ұлттық банк бюджеттің берекесін
кетірмеу үшін амалсыздан шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр.
Негізі – Қазақстан елінің қаржы жүйесіне халықаралық рыноктың сенімі
артуға тиіс. Бұл үшін корпоративтік басқарудың кешенді жүйесін құру, басқа
да маңызды компоненттерге көңіл бөлу талап етеледі. Қысқасы, Қазақстанның
қаржы секторының түйінді мәселелеріне осы бастан назар аударған жөн.
Әйтпесе, уақыттан ұтылу өз алдына, өзекті мәселелер бой бермей кетеді.
Капиталды артырудың қажеттілігі, неғұрлым мөлдірлікті қамтамасыз ету
мәселесі, корпоративтік басқаруға қатысты өзекті жайттар, банктердің
сырттан қаржы алуына, сыртқы рыноктағы бизнестің дамуына орай туындап
отырған тәуекелдіктің мән-жайы, өзара сақтандыруды дамытуға күш салыну
керектігі мінбелерден аз айтылмайды. Мәселе – осылардың нақты сипат
алуында. Жалпы Қазақстан экономкасының дамуына қаржының алар орны ерекше.
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет
тарапынынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы
нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың құралы. Сондықтанда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне
білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор
және өзекті.
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын
бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше жыл сайын дамуын үдетіп келеді.
Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт өсу
қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны дер
кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: саяси тұрақты және экономикалық қуатты
мемлекетіміздегі қаржы құқығының қызметін, құрлымын мәні мен ролін,
нарықтық түрлендірулер жағдайында дамып келе жатқан Қазақстан
Республикасының бюджеттік жүйесі мен қаржылық құқығының қазіргі заманға
өркениетті қалыптасуы жөнінде ашып көрсету

І Тарау ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ
ӨНДІРІСТЕГІ РӨЛІ

1.1. Қаржы түсінігі және құрылымы.

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипатымен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және
мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз
байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
-өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. апиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мелекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
-егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан –кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай
айырмашылығы бар.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы -ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.

1.2. Қаржы функциясы және ұдайы өндірістегі рөлі.

Мемлекеттік қаржыны бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда
бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функциясының мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қаржы
ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бірде бір
қққққұндылық бөлу категориялар мен ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні
қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке
енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар
арқылы әртүрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық
және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта
бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту
және бюджеттік реттеудің әртүрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор
қалыптастыруын қамсыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында
қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір
бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала
мекемлерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік
қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптас-тыруда
рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында
ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі
уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік
сектордан түседі,бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке
кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да
субъектілердің қаражаттары тартылады.
Әміршілдік-әкімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және
нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды
және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен
алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап,
тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла
бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең
және оның мақсаттылығының көпжақты, әртүрлі бағытта екенін байқауға болады.
Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік-қаржылық құжаттардың сенімділігін,
шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әртүрлі шаруашылық деңгейіндегі
экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып
табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында
пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу
білікті органдарға уақытында бағыттаушы шара қабылдау, кінәлілерді
жауапкерші-лікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын
жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор
маңызға ие.
Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы
қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын
тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың
қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына
бақылау функциясы қашаннан тән.
Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы және оның
міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.
Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі
нормативтік – құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің
кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің
мақсатқа сәйкес және заңдылығын, мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен
бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері мен заңды және жеке тұлғаларды
тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау – заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік,
заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті
бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды
нысандарының бірі.
Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді жергілікті өзін-өзі
басқаруды, мемлекеттік пен муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен әртүрлі
ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық
нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тіртіп деп түсінуге болады.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол-
қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатын-
дығы.
Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсаттарының бірі- кәсіпорындар-дың,
мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық
ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға
ықпал ету болып табылады.
Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне , айырбасқа
және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік
жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің
жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды
пайдалану жағдайларын ескертеді.
Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар
болғанда ғана жүзеге асады, яғни:
а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;
б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;
в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының
қызметін реттемелеу.
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы
ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның
экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы эконмикалық негіздердің
қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни ,
қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар)
басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.
Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады.
Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану,
ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі
шаруашылық өміріндегі қаржылық-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің
тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-
әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі
басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбекақысын төлеуге, өнімнің
өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға
байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық
құрылымдардың, мекемелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс
пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген
желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде
жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.
Қаржылық ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және
экономикалық субъектінің қаржылық саясатын көрсетілген тәжірибеге сәйкесті
дірежесін анықтау үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен жүргізіледі.
Қаржылық бақылау институты мемлекеттің бақылау органдарының жалпы
құрылымының құрамдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең маңызды
элементі ретінде көрінеді.
Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның
негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:
1) мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің
орындалуын тексеру;
2) заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі
заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп
беруін бақылау;
4) бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын
бақылау;
5) кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық
ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
6) қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының
айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығын
арттыруды анықтау;
7) ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы
және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені
сақтауды тексеру;
8) қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын
алу шаралары және оны жоюды анықтау.
Қаржы бақылауы әртүрлі әдістермен әртүрлі жағдайларда жүргізіледі.
Арнаулы әдістерді пайдалану әртүрлі факторларға байланысты, олар тексеру
жүргізуші органның қызмет түріне, объекті және бақылаудың түріне, бақылау
жұмысының объектісі мен бақылаудың мақсатына, бақылау жүргізу шарасына,
себебіне байланысты.
Қазіргі нарықтық қатынас кезінде қаржылық бақылаудың мына түрлері кең
қолданылады: ревизия, тексеру, шолулы талдау, инспекция, мониторинг, қаржы
жоспарларының жобасын қарастыру, қаржы- шаруашылық қызметінің есебін қарау,
баяндама тыңдау, лауазым иесі адамдардың мәліметтері және басқалар.
Бұл бақылау түрлері жеке түрлерге өтпелі мақсаттарды шешуде
қолданылады. Мысалы, құжатты ревизия кезінде құжаттарды қаржылық тексеру,
ақшалай материалдық заттарды инвентаризациялау. Сандық есепті қалпына
келтіру, бақылау түрінде салыстыру және басқалары.
Қаржы бақылауының түрлері мен әдістері ылғи да дамуда, компьютерлік
техника базасының жаңалық жүйелерінің пайда болуы оларға өзгеріс алып
келеді. Көрсетілген жалпы әдістері методикада және қаржы бақылауы мен
әртүрлі объектілерде аудит жүргізу нәтижелерінде нақтыланады. Мысалы,
құжаттық әдістер өз мезгілінде информациялық модельдеу, нормативтік құқықты
реттеу және қаржылық есепті тексеру болып бөлінеді.
Қаржы бақылауының негізгі бір түрі- ревизия , ол өндірістің,
мекемнің, шаруашылықтың өткен бір кезеңдеріндегі қаржы – шаруашылық
қызметін толық тексеру болады. Ревизияны жеке, мемлекеттік, қоғамдық және
басқа органдар жүргізеді. Олар осы органның жоспарлары арқылы не басқа
құқығы бар органның тапсыруымен жүргізіледі.
Объектісіне байланысты ревизиялар құжатты, нақтылы, толық және
таңдамалы болып бөлінеді. Құрылымына байланысты жоспарлы және жоспарсыз,
жалпылама және тақырыптық болады.
Құжатты ревизия жүргізгенде құжаттар тексеріледі, негізінен бірінші
ақша құжаттары, тек қана есеп еме, смета мен бухгалтерлік регистрлер, сол
сияқты ақша тауарлар және бағалы заттардың барлығы, істелген жұмыстардың
көлемі және көрсетілген қызмет тексеріледі.
Бақылау- аудиторлық мекемелер тексеру мен зерттеуді шаруашылық мекеме
және өндірістің қаржы- шаруашылық қызметінің жағдайына байланысты немесе
сол жерде олардың қызметтерінің кейбір жақтарымен танысу кезінде жүргізеді.
Сондықтан тексерулер тақырыптық болады. Кейбір тексерулер кенеттен
инспекция жасау арқылы жүреді. Тексеру мен зерттеудің негізгі мақсаты
өндіріс пен шаруашылық органының қаржы және шаруашылық қызметінің
жағдайының кейбір жақтарын тексеруге болады. Ал камералық тексеру негізінен
сол жерге бармай-ақ шаруашылық субъектісінің құжаттарын тексеру арқылы
жүреді.
Қаржылық бақылауды қалыптасқан теориялық-әдіснамалық тұрғыдан жан-
жақтыв дайындау оның негзгі тетіктерін реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Арнаулы әбебиеттерде қаржылық бақылаудың әкімшілік (ұйымдас-тыру),
нарықтық, этикалық және басымшылдық тәрізді түрлері қаралған.
Бақылауды әкәмшілік реттеуге сатылас өзара сәйкестік, төменгінің
жоғарыдағыға бағынуы, әкімшілдік күштеу және сөгіс беру, жұмыстан шығару,
лицензиядан айыру тәрізді заңдандырылған ықпал- шаралар тән.
Нарықтық реттеу тексерушімен тексерілуші арасындағы өзара деңгей-лес,
серіктес қарым-қатынас негізінде қалыптасып,бақыланушы объектінің
қызметіндегі кемшіліктерді ашып,оңайландыруды жүзеге асыруға ұсыныс береді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлгіштік қатынастардың
ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі
арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы-
шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша
қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге
асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оны ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты айналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде
субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында-материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді.
Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлерін-ішкішаруашылық, салааралық, аумақаралық бөліністі
тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі- ұлттық табысты сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
(мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын
шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде
көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада
емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады
деп түсіну керек. былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық заттай құрамын
ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық
арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған
натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстармен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып
ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар
шығарып тасталады. Және жаңадан жасалған құн-ұлттық табысты бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы
табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, бұл процестерде маңызды рольді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға
сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

ІІ Тарау ҚАРЖЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

2.1. Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстанның қаржы
экономикалық дамуы.
Бірінші кезекте қаржылық тұрақсыздық дегенді қалай түсінеміз?
Қаржылық тұрақтылық дегеніміз қаржы жүйесінің өзінің тікелей міндеттерін,
атап айтқанда, инвестициялық жобаларды табысты қаржыландыруды жəне
ресурстарды пайдаланудың күрт өзгерістерін тиімді реттеп отыруды толық
орындау екендігі белгілі. Қаржылық тұрақтылықтың құрамдас бөліктері ақша
тұрақтылығы, нарық агенттерінің қаржы мекемелеріне жəне нарыққа сенімінің
болуы, нақты немесе қаржы активтері бағасының күрт ауытқуының жоқтығы болып
табылады. Осы тұрғыдан қарағанда теңгені енгізген уақыттан бері қаржылық
тұрақсыздық кезеңдері болып 1993 жылғы қараша - 1999 жыл жəне 2007 жылғы
тамыздан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтар саналады.
Осы кезеңдердің əрқайсысындағы ақша-кредит саясатын сипаттайық.
1993 жылғықараша – 1995 жыл аралығындағы кезең– гиперинфляцияны ауыздықтау
кезеңі. Теңгені енгізу сəтінде Қазақстанның экономикасы өте ауыр жағдайда
болды. 1993 жылы инфляция 2265% құрады, ал 1991-1995 жылдары тұтастай
алғанда өндіріс 50% жуық құлдырады. Кеңес Одағының ыдырауынан жəне
шаруашылықаралық байланыстардың үзілуінен туындаған өндірістің құлдырауын
тоқтату мақсатында Ұлттық Банк іс жүзінде
коммерциялық банктердің функциясын орындады: кəсіпорындарға тікелей
кредиттер берді, мемлекеттік бюджет тапшылығын тікелей қаржыландыруды
жүзеге асырды. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан
əрі Үкімет) жəнеҰлттық Банк үшін бірінші кезектегі міндеттер инфляцияның
төмендеуі жəне өндірістің құлдырауын тоқтату болып табылды. Осы міндеттерді
шешу үшін қатаң макроэкономикалық саясат жүргізу бағдарғаалынды, бұған
бюджет тапшылығының айтарлықтай қысқаруы жəне кредиттік экспансияны шектеу
кірді.
1994 жылы жеңілдікті кредиттер беру жəне кəсіпорындардың кредит
үшін

Ұлттық Банкке тікелей өтініштерін қарау практикасы тоқтатылды.
Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға арналған кредиттер ақылы негізде беріле
бастады. 1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға
кредиттер беруі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай
өзгерді: кредиттік ресурстарды Ұлттық Банк кредиттік аукциондар арқылы жəне
ломбардтық негізде орналастыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң
қабылданды, оған сəйкес Ұлттық Банктің
тəуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі жəне сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды. Ұлттық Банк экономиканы
кредиттеу функцияларын екінші деңгейдегі банктерге беріп жəне өз өкілеттігі
шегінде тəуелсіздік алғаннан кейін нарық қағидаттарына, тиімді банк
қадағалауына негізделген қазіргі заманғы банк жүйесін құру бойынша жұмысты
жалғастырды. Ұлттық Банктің басқа маңызды міндеті инфляцияны төмендетуге
бағытталған ақша-кредит саясатының өзін дамыту болды. Бұл кезеңде қайта
қаржыландыру ставкасыменжəне ең төменгі резервтік талаптар нормативімен
қатар ішкі валюта нарығында сатып алу
жəне сату операциялары, ломбардтық кредиттер, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді
ноталары сияқты жаңа құралдар енгізілді.
1993-1995 жылдары инфляция 2165%-дан 60%-ға дейін азайды, алайда
өндірістің құлдырауы жалғасты , кезең ішінде орташа алғанда 10% көтерілді .
Баға тұрақтылығына қол жеткізумен қатар елімізде жас ұлттық валютаның
қалыптасу міндеттері де шешілді. Теңге бастапқыда ағымдағы операциялар
бойынша айырбасталатын валюта ретінде енгізілді. Капитал операциялары
бойынша теңгенің айырбасталымдылығына келетін болсақ, теңге енгізілген
кезден бастап капиталдың резиденттерден резидент еместердің пайдасына
көшуін көздейтін валюта операциялары лицензиялауға жатқызылды, бұл ретте
капитал ағыны статистикалық есепке алу мақсатында ғана тіркелді. Бұған
шетел валютасы ұсынысының ішкі көздерінің айтарлықтай тапшылығы себепші
болды. Ішкі нарықта шетел валютасы ұсыныстарын ұлғайту мақсатында уақытша
шара ретінде валюта биржасында экспорттық түсімнің 50% міндетті түрде сату
енгізілді. 1996 жыл – 1999 жыл аралығындағы кезең (макроэкономикалық
тұрақтылыққақол жеткізу кезеңі). 1998 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің
республикалық бюджеттің тапшылығын тікелей кредиттеу практикасы тоқтатылды
(заң жүзінде тыйым салу 2004 жылдан бастап ресімделді). Республикалық
бюджеттің тапшылығы бағалы қағаздар шығару есебінен қаржыландырыла бастады,
мұның өзі бағалы қағаздар нарығын дамытуға алып келді.
Тұтастай алғанда бұл кезең экономика үшін оң өзгерістер кезеңі болды.
Инфляцияның қарқынды түрде төмендеуі жалғасты жəне 1995 жылы 60,3%-дан 1998
жылы 1,9%-ға дейін төмендеді. Тиісінше, өндірістің төмендеу қарқыны
айтарлықтай бəсеңдеді. Егер 1996-1999 жылдары өндірістің орташа жылдық өсуі
0,75% байқалса, тұтастай алғанда 1993-1995 жылдары өндіріс жыл сайын орта
есеппен 10% төмендеді.
Осы кезеңде қатаң ақша-кредит саясатын жүргізу жалғастырылды, ақша-
кредит саясаты құралдары дамыды жəне жетілдірілді, атап айтқанда
РЕПО операциялары, овернайт кредиттері сияқты құралдар енгізілді.
Осы кезеңнің аяғында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыс жəне
мұнайдың əлемдік бағасының құлдырауы жас ұлттық валютаның мықтылық
деңгейіне жасалған өзгеше сынақ болды. Əлемдік қаржы нарықтарындағы ауқымды
өзгерістердің нəтижесінде Қазақстанның бірқатар сауда əріптес елдерінің
ұлттық валюталарының айтарлықтай құнсыздануына байланысты ол 1998-1999
жылдары күшті құнсыздану қысымына ұшырады, ал инфляция 1999 жылы 17,8%
дейін өсті. Мұның өзі ақша-кредит саясаты үшін төтенше ахуал тудырды.
Теңгенің бəсеке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін 1999 жылғы сəуірде
теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі енгізілді (ЕӨАБ). Теңгені
еркін өзгеруге жіберу үшін уақыт таңдау кездейсоқ
болған жоқ – бұл Ресейдегі қаржылық ахуалдың тұрақтану жəне Қазақстандағы
құнсыздануды күтулердің төмендеу уақыты болды. Валюта нарығын қолдау
жөніндегі шараларды қабылдау (экспорттық түсімнің 50% міндетті сатуды
уақытша енгізу, резервтік талаптарды азайту) банк жүйесіне жəне банкаралық
нарыққа тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Екінші деңгейдегі
банктердегі жеке тұлғалардың салымдарынжəне заңды тұлғалардың депозиттерін
қорғау жəне əлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар
клиенттердің банк жүйесінен қашуын болдырмауға жəне банк жүйесінің жұмыс
істеу қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік берді. Теңгенің бағамы бірнеше
күннің ішінде тұрақтандырылды.
2000 жыл – 2006 жыл аралығындағы кезең– қаржылықтұрақтылықжəне
экономиканың жаппай даму кезеңі. 2000 жылдан бастап əлемдік қаржы
нарықтарының тұрақтануы, əлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға
конъюнктурасы, əлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы
макроэкономикалық ахуалға оң ықпал етті. Осы жетіжылдық кезеңде елде
қаржы жүйесі жаппай дамыды (халықтың депозиттеріне кепілдік беру қоры,
тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық кредиттеу жүйесі құрылды,
сақтандыру жəне қор нарығы даму үстінде, вексельдік бағдарлама іске
қосылды). Айтарлықтай капитал ағыны байқалуда, халықтың банктерге
салымдары мен банктердің экономикаға кредиттері қарқындап өсті.
Бүкіл кезең бойына инфляция бір қатарлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясат жайлы
Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс – әрекетін бағалау
ЖШС Қазақстан Ұны қазіргі кезіндегі қаржылық жағдайы
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат
Қаржының функциялары
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: реформалар және жағдайын талдау
Пәндер