Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу



Мазмұны
Кіріспе
1.Тауарлы .материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы . материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы . материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі
5. Тауарлы . материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі
6. Тауарлы . материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1.Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы - материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы - материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі
5. Тауарлы - материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі
6. Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. Тауарлы - материалдардық қорларды есепке алу атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы - материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты.

1.Тауарлы - материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы - материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы - материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Бухгалтерия материалдарының әрбір нменклатуралық нөмірлеріне карточканы құжаттарды тапсыру - өткізу реестрінде ашады да, олады қол қойғызып, қойма меңгерушісіне береді. Материалды - жауапты тұлға қойма есебінің карточкаларына жазуды күн сайын кіріс және шығыс құжаттары негізінде түсіреді де , әрбір жазудан соң жаңа қалдық шығарылып отырады. Материалды жауапты тұлғалар кезең сайын кіріс жән ешығыс құжаттарының реестірін жасап, оларды субъект бухгалтериясына береді. Материалдардың синтетикалық есебінің жинақ ведомосты негізінде бухгалтерияда Материалдардың ақшалай түрдегі қозғалыс ведомосты жасалады. Егер берілген субъектіде қалдық әдісі қолданбаса, жинақ ведомосының орнына мәліметтерді материалды - жауапты тұлға есеп беруінен алады. Материалдардың қозғалыс ведомосында есеп кезеңнің басы мен аяғына қалдықтарды көрсету, қойма немесе материалдарды - жауапты тұлғалар бойынша материалдардық қорлардың қозғалысын көрсету қарастырылған. Сондай - ақ онда көлікті - дайындау шығындарының КДШ орташа процентін есептейді.
ҚР заңына сәйкес Стандартизация және сертификация жайлы тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.

1. Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауарқорлары болуы қажет. 13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 Тауарлы - материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы - материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар. VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
VII. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
VIII. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар - бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
IX. Құрылыс материалдары - құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз:
- арнайы(идентификациялау)әдісі
- орташа өлшемді әдіс - қорларды бастпқы сатып алу бағалары
бойынша бағалау әдісі (Фифо)
- қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо)
Мысалға, тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырылып отырған Энергия quo; ЖШС 2003 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны:
- цемент - 200 тонна 60000 теңге шамасына;
- бензин - А-95 - 100 литр 45000 теңге шамасына.
Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады. Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:
Есептік кезең соңында есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар - шығыс болған материалдар.

2. Тауарлы - материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.
Тауарлы - материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы - материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтікқұжаттарпайдалынады. Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, Энергия плюс ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М - 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. Бір қоймаға жататын тауарлы - материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны Сенімхаттарды есепке алу журналына тіркейді және оның түбіршегіне пайдаланбаған деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы - материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады. Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы - материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы - материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы - көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы - материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды. Тауарлы - материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.
Тауарлы - материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы - материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы - материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы - материалдық қорлардың сомасы т.б.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі. Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт - ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі - бөлімшеді қалады.
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде - упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе. Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауыбекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген № 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген және Тауар құжаттама келтірілген апаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды, бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді. Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш - төрт тауарлы - көлік накладнойымен жеткізеді. Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан - тауарлар станцияға түсу күннен кейін - 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі: Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады. Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат саныназайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі. Тауарлы - материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:
Тауарлық, есептік жіне көліктік.
Тауарлық құжат - деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет - фактуралар, тауарлы - көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.
Есеп айырысу құжаттары - бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап - тапсырмасы. Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы - теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы - көліктік накладнойы - автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың - транспорттық;
- Коносамент - су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет - фактураны сепке алу Счет - фактураны тіркейтін журнал, бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

3. Тауарлы - материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай - ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы - матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы- өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай - ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды. Қоймашының лимиттік - жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік - жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік - жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай - ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі - қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай - ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады. Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
4. Тауарлы материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады. Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген. Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді. Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің негізінде қабылдайды. Тізім реестрдің нысаны төменде келтірілген. Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс. Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады. Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті. Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады. Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. (қосымша №7) Реестр - тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын бухгалтериясында ТМҚ-ды есепке алу
Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
Амортизацияның синтетикалық есебі
Тауарлы – материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Барлық материалдық шығындар
Материалдарды шығыстау құжаттары
Кәсіпорынның қызметі
Мәліметтер қорын басқару жүйелері
Пәндер