XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары



Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу орындарының өрістеуінде XІX ғасырдың екінші жартсынан қазан төңкерісіне дейінгі мерзім ерекше кезең ретінде қаралады.
Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен педагогикалық қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ зиялыларының педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, педагог- ұстаздар өз еңбектерін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық мәселелерді көтеріп отырды. Олай болса сол кезеңдегі белгілі зиялылардың еңбектеріне тоқталып өтейік.
Ы. Алтынсарин - қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білген ұлы ұстаз. Орталық бұғауға түскен қазақ халқын мәдени қиындықтан құтқаратын жол - ағартушылық деп білген Ыбырай, патша үкіметінің “Қайырымдылығына ” орай және бұқара көпшіліктің қаржысымен ашылатын мектептерді және ондағы білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі компонентерін өміршең мәнде дәлді белгілей білді. Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “… мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының
педагогикалық ойлары
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің
ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан
кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның
педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі
өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен
этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер
халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты.
Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу
орындарының өрістеуінде XІX ғасырдың екінші жартсынан қазан төңкерісіне
дейінгі мерзім ерекше кезең ретінде қаралады.
Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде
болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен педагогикалық
қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ зиялыларының
педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға
мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, педагог- ұстаздар
өз еңбектерін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық мәселелерді
көтеріп отырды. Олай болса сол кезеңдегі белгілі зиялылардың еңбектеріне
тоқталып өтейік.
Ы. Алтынсарин - қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық
негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде
құра білген ұлы ұстаз. Орталық бұғауға түскен қазақ халқын мәдени
қиындықтан құтқаратын жол - ағартушылық деп білген Ыбырай, патша үкіметінің
“Қайырымдылығына ” орай және бұқара көпшіліктің қаржысымен ашылатын
мектептерді және ондағы білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі
компонентерін өміршең мәнде дәлді белгілей білді. Қазақ балаларына тән
білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “... мені
өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде ғана орысша, татарша
оқуды, тіпті жазуды да үйренді,” – деп шәкірттердің зейінділігі мен
іждағаттылығына ризалықпен қарады.
Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық,
қасиеттеріне мән берген ол: “... мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш
айдың ішінде ғана орысша, татарша оқуды, тіпті жазуды да үйренді,” – деп
шәкірттердің зейінділігі мен іждағаттылығына ризалықпен қарады. Ал, ұстаз-
психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған
еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”,”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”,
“Жаңа ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау
еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана
емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлелоның
педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы
ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына
қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ
педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей,
ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі.
Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет
көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын
–мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан
басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи
оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге
асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз
мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жаты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп
төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-
тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша
өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті
халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп
жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең
бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. Аталмыш
кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек "Болыстарға
тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын
оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады"
деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Ал, ұстаз-
психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған
еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”, ”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”,
“Жаңа ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау
еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр. Аталмыш
кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын ғана емес,
сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлел оның педагогика
саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде
”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға
тырыстым деп
жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол
кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының
еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса
қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.”Алты алаштың
баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның
Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының
күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ
даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.
Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік
басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану
үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең
шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай
тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы
әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың
тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп
жібермеуүшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең
бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты.
"Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің
балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне
бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Патша
өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ"
мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында
көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. Орыс
мектептерінде оқып, орысқалаларында жоғарғы білім алғанымен олар өз елінің
мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел
арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани
парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер
төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола
білді. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел
Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев,
Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед
Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа
Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев... бұл тізімді осылай жалғастыра беруге
болады. Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы өздерінің
ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық ұлы ақын ғана емес,
сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. білім,талғам ауыл т.б.
психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала,
ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ауыл т.б. психология,
педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері
бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр.
Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек Оған дәлел
оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ.
Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына
қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ
педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей,
ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі.
Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет
көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын
–мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан
басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи
оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге
асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз
мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп
төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-
тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды.
Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала
жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты
бірденүркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша
өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты.
"Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің
балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. "Ислам дініне
бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде
қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады.
Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.Халықты
тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі
бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын
жасырып, - жабудың қажеті жоқ.
Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-
қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының
арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға
бастады. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғарғы білім алғанымен
олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға
және ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек
сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік
деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін
жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш
қарлығаштары бола білді.
Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел
Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев,
Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин,
Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев,
Ғабдулғазиз Мұсағалиев бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы өздерінің ойлау,
болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан-
жақты көзі ашық алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді.
Сондай –ақ Қазақстанда педагогика заңдылықтарының жүзеге асып,
жетілуіне сол кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі зор. Мысалы: Абай
Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлихановтармен қатар оқытып білім
ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа зейін аудара отырып, қазақ халқының
тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық, психологиялық еңбектер
жазған зиялылар қауымы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов,
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. педагог-ұстаздар
білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс
істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты.
XX ғасырдың басында ұстанған ұран үшін Шәкәрім қажының білім
жөніндегі мына еңбегіне тоқталайық:
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл
Талаптан да білім мен өнер үйрен
Білімсіз
Өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін
Өміріңді сарып қыл өлгенше
Жоба тап,
Жол көрсет
Келешек қамы үшін
Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді тірілте бермейсің
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң-
Шын бақыт
Осыны ұқ
Мәңгілік өлмейсің - деп ұлағатты сөз қалдырған. Шәкәрім қажының бұл еңбегі
арқылы қазақ жастарын еңбекке, адалдыққа, білімге т.б тұлға бойына адами
қасиеттерді қалыптастыру мақсатында халық арасында көптеп жарияланған.
XX ғасырдың алғашқы кезеңінде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының
қоғамдық, саяси, мәдени, ағарту істеріне белсене араласып, бар күш-жігерін,
білімін оқу-білім жолына арнаған. Ол қазақ халқының мәдениет тарихында
білгір педагог, қазақ тілі білімінің негізін салушы, ғылым-тюрколог,
әдебиет зерттеуші, журналист, қоғам қайраткері, елінің рухани жетекшісі
ретінде танылды.
Ел-жұртының мақтанышы болған Ахмет Байтұрсыновты ұлы жазушы Мұхтар
Әуезов былай бағалаған еді: “... Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына
түгелімен ой түсіріп елін ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,
күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған “Қазақ”
газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,
кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап
оятуға заман ерік бермеген соң “Маса” болып талай ызыңдап, “оятамын” деп
ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын ”.
Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны
белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол
астына өтуі жағдайды өзгерті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей
наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра
бастады. Ислам дінінің қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты
күдіктенген кісінің бірі –халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы,
ағартушысы Шоқан Уәлиханов.
Ол кісі жағдайға байланысты “Татар молдалары мен Орталық Азия
ишандарының әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға
түсіп барады. Қазір қазақтың кейбір сұлтандары, байлары әйелдерін оңаша
үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды, жырлар айту орнына
пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды. Тегі
еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені
секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар. Бұл-
оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз”- деп аса бір өкінішпен,
торығушылықпен жазған еді. “Әр тәрбиешінің қолданатын жолы- ұлт тәрбиесі”.
“Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жолы бар. Осыған
орай белгілі педагог Мағжан Жұмабаев жағы көп болғаны сияқты жамандық жағы
да көп”- деп жазған. Осы мақсатқа орай белгілі ағартушы Міржақып Дулатовтың
“Ақтөбе гимназиясы хақында” мақаласы да жарық көрген болатын. Бірақ көп
жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлықпен қырып-жоюға, тарихты
өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың
сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды
ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді [ ].
Соның тікелей кесірінен қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат
өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға "байшыл", "кертартпа",
"діншілдер" деген, жалған саяси айдарлар тағылды. Олардың бай мұраларын
зерттеуге тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология
қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тәуелсіздігі
үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін
большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке "қажетсіз"
санап, жетпіс жылдан астам жарыққа шығармады. Кейінгі кезде бұл мәселе
біршама толық зерттеле бастады. Бұрынғы қазақ арасындағы білім беру
тарихына қатысты "Торғайдағы мұсылманша оқу" мақаласынан көптеген дерек
табамыз. Миссионер Ильминскийдің шәкірті Алекторовтың медресе аштың деп
Байту молда мен Бейіс хазіретті қудалағанына қарамастан, мұсылманша оқудың
Торғай атырабында үзілмегендігін көреміз.
Бұл қатынастар адамдардың белгілі бір дәрежеде батыс үлгісіндегі
білімділігін талап еткендіктен қазақстанда орыс білім беру жүйесі
біртіндеп енгізіле бастады. Сонымен қатар елде мұсылман білім беру жүйесі
де сақталып қалды. Екі білім беру жүйесінің арасындағы талас біртіндеп жаңа
ағым –қазақ білім беру жүйесінің қалыптасуына әсер етті. қазақ білім беру
жүйесі екі тілде білім беру жүйесінің жақсы жақтарын бойына сіңіре отырып
ұлттық танымға, санаға оңай қабылданатын білім беру жүйесін жасағысы келді.
Міне осы кезден бастап қазақ халық педагогикасы зерттеле бастады және оның
нәтижелері ой елегінен өткізіліп, мектепке арналған оқу бағдарламаларына,
оқулықтарға, әдістемелік құралдарға айналып қазақтың этнопедагогика
ғылымының қалыптасуына әсер етті.
ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса
бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақстанның
барлық территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің
саяси-экономикалық дербестігінен айрылған, орыс мемлекетінің құрамдас
бөлігі ретінде танылды.
Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани,
мәдени, саяси-құқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ
қоғамында бұрын мүлдем беймәлім болып келген құбылыстардың орын тебе
бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. азақ елінің оқу-ағарту
саласындағы ізденістер Дүниені дүр сілкіндірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға
толы XX ғасырдың бас кезеңі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде де
үлкен өзгерістер туғызды. Бұл Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының
қоғамның дамуына, білім мен ілімнің көркеюіне педагогика ғылымының берері
көптігінен көз жеткізе бастаған мезгілі еді. Осы жағдайлар сол кездегі көзі
ашық, көкірегі ояу, өз халқының қамын ойлайтын қазақ зиялыларына да түрткі
болып, олардың сана-сезіміне, жан дүниесіне қозғау салды. Сол кезеңдегі
адамзаттың тарихи көшінен, өркениеттің дамуынан қазақ елінің қалып қоймауын
ойлап, уайым жеген көптеген ойшыл ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өнер
білімді дамытып, сол арқылы іргелі елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтті.
Сондықтан XX ғасырдағы қазақ зиялыларының рухани қалыптасуы мен олардың
ұлттық педагогикалық ой-пікірлері жайлы ғылыми тұрғыдан сөз еткен,
біріншіден, олардың сол кездегі кеңес заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік
ортасынан және өздері қатар ғұмыр кешкен ойшылдарды бөлек алып қарауға
болмайды. Екіншіден, қазақ зиялыларының шығармашылықтарындағы ұлттық
педагогикалық идеяларды талдап М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х.
Досмұхамедұлы еңбектерін сараптай отырып дүниетаным мен тәлімдік ойлардың
қалыптасуына дүние жүзінің белгілі педагог ғалымдарының еңбектерін
талдауымыз өте орынды. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармашылықтарының
мәйегі болған, ұлттық педагогикалық идеяның одан әрі дамуына мүмкіндік
берді. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармаларының мәйегі болған ұлттық
педагогиканың дамуына мән берген. Халық идеясының басты мақсаты- қоғамның
белсенді мүшесі болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу. Ал жан-жақты
жетілген тұлғаларды сипаттайтын болсақ ол

Қазақ даласында мұсылман дінінің нашар таралуы және аумақтардың Ресей
қоластына әр түрлі кезеңде өтуі білім беру жүйесіне де әсер етті. Ресейге
ертерек қосылған аумақтарда оқу ұяларын ашу мәселесі жергілікті жерлерде
орыстардың ықпалымен көтерілген сияқты. Оған Жәңгір Бөкеевтің 1841 жылы
Ордада мектеп ашуы, Құнанбай Өскенбайұлының 1845 жылдың 3 қаңтарында
Шекара басқармасынан мектеп ашуды сұрап,арыздануы Уәлихан Шыңғысұлының сол
жылы осы мәселемен өз болыстарын нұсқап жазған хаттары, Шорман Мұсасының
1853 жылы "Қазақ балаларын Ресейдің кез - келген қаласындағы оқу
орындарына түсуге рұқсат беру" жөніндегі өтініші дәлел. Қазақ жерінде өз
қаражатына алғаш рет мектеп ашқан әйгілі Жәңгір хан екенін жоғарыда
баяндадық. Мектеп өз шәкірттеріне есігін 1841 жылдың 6 желтоқсанында
ашқан екен. Ол қазақ жастарын Орынбор кадет корпусы мен Ресейдің басқа да
қалаларындағы оқу орындарына түсуге даярлап отырған. Әу баста мектеп ашуға
күш салғанда Жәңгірдің өзі де осындай мақсатты көздеген. Оқу орыс тілінде
жүргізілген. Бұған негізгі себеп – Жәңгір ханның орысшылдығы, жастайынан
Астрахан губернаторы Андреевскийдің қол астында тәрбиеленгендігі әсер етсе
керек.
Шындығында, мұсылман мектептері мазмұны мен оқыту тәсілдерінің
бірыңғай болуына қарамастан жергілікті түркі халықтарын діни-рухани
негізде біріктіретін күшті рухани ұя болғанына баса назар аудару қажет.
Осы бір күрделі тарихи жағдайда мұсылмандық фактордың отаршылық жүйеге
қарсы құдіретті күш екенін түсінген патша өкіметі мектеп-медреселерді
құрту мақсатында нақты шаралар қолданады. Мысалы, осы өлкені зерттеп,
барлау жұмыстарын жүргізген өлкетанушылар: "біз, әсіресе, жергілікті ру-
тайпалар мен ұлттардың ислам негізінде бірігіп, іс-әрекет жасауынан
сақтануымыз керек",- деген зымиян пікір білдірген. Сондықтан, мектеп-
медреселерге қарсы күрес түрлі айла - тәсіл арқылы жүргізіледі. Бұларды тек
фанатизм, қараңғылық ордасы етіп көрсетіп, осы тұрғыда насихат жүргізу
қолға алынады. Оларды үкімет тарапынан қаржыландырмау, қолдамау, қайта
олардың бастан кешіп отырған обьективтік дағдарысын одан әрі тереңдетіп,
ақыры мүлде жойылуын тездету көзделеді. Мектеп не медресе ашу үшін арнайы
кеңселерден міндетті түрде рұқсат қағазын алу сияқты басы артық шаралар
ойластырылады.Мәселен,1895 жылы 17 шілдеде қабылданған ережеде Түркістан
өлкесінде медресе ашу үшін өз қаражаттарымен міндетті түрде орыс тілі
оқытылса ғана рұқсат етіледі делінген".
Әрине, Ішкі Ордада мектеп ашуға патша әкімшілігі тек Жәңгір ханның
көңілін қимағандықтан ғана рұқсат етті десек, қателескен болар едік. Мұның
астарында қазақ жастары арасынан патшаға адал қызмет ететін сенімді
шенеуніктер даярлап, солар арқылы елді ішке тарту, халықты біртіндеп, айла-
шарғымен білтелеп отарлау сияқты зымиян саясат жатқаны айқын. Сонымен
бірге патша өкіметі Бөкей ордасында мектеп ашу арқылы татарлардың
қазақтарға тигізіп отырған ықпалын тежеп, бәсеңдету мақсатын да көздеген
болуы ықтимал. Олай дейтініміз, Жәңгір ханның әйелін сағалаған татарлар ол
тұста Ордаға көптеп келе бастаған. Осыдан келіп олар қазақтарды орысқа
қарсы азғыруы мүмкін-ау деген күдік туып, мұның өзі патша әкімшілігін
едәуір алаңдатқан сияқты. Содан болса керек, патша әкімшілігі Орда
мектебін көзден таса қылмай қадағалап отырған. Мектептің оқу базасының
нығаюына мұның пайдасы да тиген сияқты. Татар, башқұрт, қазақ
мектептерінің инспекторы В.В.Катаринский мектепте оқулықтар мен оқу
құралдары жеткілікті екенін, шәкірттер Ушинскийдің, Паульсеннің
оқулықтарын, Ресейдің географиялық картасын пайдаланып жүргенін айта келіп,
былай деп жазады:
1850 жылы Орынбордағы Шекара комиссиясы жанынан қазақ жастары
арасынан тілмаштар, іс жүргізушілер даярлайтын қазақ тіліндегі екінші
мектеп ашылғанға дейінгі тоғыз жыл ішінде Жәңгір мектебі қазақ даласына
білім сәулесін түнектегі жалғыз шамдай жеке-дара шашып келген.
Әрине, оның жарығы білімге сусап отырған қалың көпке түгел түсті дей
алмаймыз. Бірақ мектеп ұжымының осы жылдарда жастарды өнер-білімге
баулуда, олардың көкірек көзін ашуда тындырған игілікті істері, жинақтаған
тәжірибесі кейінірек ашылған оқу орындарының қай- қайсысына да мықты
таяныш, үлкен тірек болғаны анық. Мектептің алғашқы оқытушылары Әминов пен
К.Ольдекон болған. Мектепті үздік бітірген 8 бала 1845 жылы Орынбордағы
Неплюев, кадет корпусына оқуға түсіп білім алды. Патша 1844 жылдың 14
маусымында Орынбор шекара комитеті жанынан қазақ балаларына әртүрлі
бағытта білім беретін мектеп ашу жөнінде ереже жариялайды. Осы ереженің
негізінде алғашқы мектеп Орынборда 1850 жылы ашылыпты. Бұл мектептердің
мақсаты "аға сұлтандар хат-шотын жүргізетін және тек қазақтардан
ғанақойылатын болыстар тілмашын дайындау" болған. Тұңғыш мектепті 1857 жылы
Ыбырай Алтынсарин бастаған 23 оқушы бітіріп шығады.
1860 жылы Орынборда қалалық қазақ мектебі ашылуы тиісті болады да, соның
алғашқы меңгерушілік және мұғалімдік міндетін Ыбырайға жүктеу үшін оны
шекара басқармасына уақытша тілмаштық қызметке тағайындайды.
Бұл кезең орыстың білім беру жүйесін Қазақстанға таратудың бірінші
кезеңі, яғни-үгіт насихат кезеңі болатын.
Екінші кезеңнің басталуына 1861 ж. Ресейдегі басыбайлылық құқықтың
жойылуы, буржуазиялық қайта-құрулар және Қазақстанның Ресейге толық
қосылып, оның экономикасының бір бөлігіне айнала бастауы себеп болды.
1865 жылы 5 шілдеде қол қойылған Екінші Александр патшаның арнайы
рескрипті екінші кезеңнің басталуының заңдық негізі болды. Бұл құжатта екі
нәрсеге айрықша көңіл бөлінді: 1.қазақтардың бәрін бірыңғай билеп төстеудің
жаңа ережесі, яғни 1867-1868 ж. әкімшілік реформаны дайындап жүзеге асыру.
2. Орыстандыру және біртіндеп православие дініне енгізу шараларын жүргізу.
Жоғарыда айтылып өткен мәселені жүзеге асырудың бір саласы ретінде
Ресей империясының Ағарту министрлігі тарапынан шет аймақтардағы бұратана
халықтар арасында ашылған негізінен миссионерлік мүддені көздейтін аралас
мектептерге де ерекше мән берілді. Мұны тіпті революцияға дейінгі
отарланған өлкелерде ашылған аралас мектептер тарихына көз жүгіртсек те
анық байқауға болады . 1876 жылы патша ағзамның өзі қазақтар ғасырлар бойы
қолданып келе жатқан арабша жазуды орыс жазуына ауыстыру туралы жарлыққа
қол қойды. Дәл осы жылы граф Толстой Ыбырай Алтынсаринге орыс алфавитін
ешқандай өзгеріссіз сол қалпында қазақ жазуына қолдану жайында кеңесіп,
нұсқау берген . Осы мәселе жайында Ы. Алтынсарин " қазақтың облыстық
мектептері туралы записка " деген еңбегінде: "...1876 жылы граф Толстой
Орынбор қаласына келген кезде... ең алдымен талқыға салынған мәселе – қазақ
арасына орысша хат таныту жолдары және бұл үшін қазақ тіліне орыс
алфавитін қолдануға болатын—болмайтыны туралы мәселе қойылған еді. Бұл
мәслихаттарға Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал-губернаторы генерал
адъютант Крижановский, Орынбор оқу округінің попечителі Лавровский,
қазандағы оқытушылар семинариясының директоры Ильминский және Торғай, Орал
облыстарының губернаторлары қатынасты, бұлардың бәрі де орыс алфавитін
қазақ тіліне қолдануға әбден болады деген қорытындыға келген еді",- 1 деп
жазуы арқылы-ақ жергілікті отаршыл хакімдердің бәрі бас қосып, қазақтар
қолданып келген араб жазуының орнына орыс жазуын қолдану туралы көптен бері
алдын ала ойластырылып келе жатқан саяси мақсаттың ең буынды тұсын толық
түрде ашып беріп отыр. Ÿғни патшаның өзі қол қойып, жарлық берген жылы-ақ
оның қазақ даласындағы билеушілері мен миссионер ғалымдары сол жылы бұл
мәселені жүзеге асыруға нақтылы кірісіп, бір шешімге келуінен көп нәрсенің
сыры айқындалып тұр .
Ильминский бастаған миссионерлік саясатты іске асырушылардың бәрі,
алдымен қазақтарды татарлардың рухани ықпалынан бөліп алып , олармен қарым-
қатынас жасатпауға бар күшін салса, осы саясатты Түркістанды отарлаушы
патша әкімдері ислам дініне беріктеу болып келетін бұхаралықтардан
қазақтарды ажырату, рухани ықпалын таратпау мәселесіне ерекше көңіл
бөлді.Осы себепті де 1880 жылы 8 қарашада генерал адъютант фон Кауфман
Ағарту минстріне жазған жолдамасында көшпелі қазақ елін тезірек
ассимилияциялап Ресеймен кіріктіріп жіберу үшін, оларды Орта Азиялықтардан
бөлек ұстаудың қажеттігін атап өтеді. Бұл үшін қолданылатын саяси тәсіл
ретінде қазақтардың жазуын орыс жазуымен алмастыруды көздеді, олар діншіл
рухани ықпалдан аулақ ұстауға қызмет етеді деп білді.
Жалпы түркі тілді халықтардың жазуын орыс алфавитіне көшіру туралы
ереже 1906 жылы 31 наурызда өткен мәжілісте Екінші Николай патшаның өзі бас
болып қабылдатқан еді. Бірақ Ресей империясындағы сол тұстағы саяси -
әлеуметтік жағдайдың қиындауы себепті, орыс алфавитін бірден жүзеге асыруға
сескенді. Әзірше бұратаналардың бойын біртіндеп үйрете беру үшін, орыс
алфавитін ресми документтер мен мектеп оқулықтарында қолданумен шектелу
қажет деген қорытындыға келді.
Ильминский татарларға қойған талап тұрғысынан келіп, қазақтарға
арналған кітаптардың бәрін де орыс алфавитімен шығаруды талап етті. Ы.
Алтынсарин еңбектерінің, әсіресе оқу құралдарының бәрі орыс алфавиті
негізінде шығарылу себебі де, осы қатаң талаптың ырқына байланысты құбылыс
деп білмек керек.
1870 жылы Ағарту министрлігінің "О мерах к образованию населяющих Россию
инородцев" заңы жарияланды. Бұл заңда негізінен Ильминскийдің орыстандыруды
көздеген миссионерлік педагогикалық жүйесі ендірілді. Осы заңда орыс емес
халықтарға үш түрлі категория белгіленді. Бірінші категория бойынша, ұлт
тілдерінде сабақ өз тілінде, бірақ міндетті түрде орыс алфавитімен оқыту
талап етілді. Мысалы, Ыбырай ашқан мектептер осы категорияның ішіне кірді.
Екіншісіндегі сабақ таза орыс тілінде жүргізіліп, тек сабақ үстінде
түсінбеген жерін ана тілінде айтуға рұхсат етілді. Ал, үшінші категория
бойынша, сабақ тек орыс тілінде жүріп, ана тілінде сөйлеуге рұсат
етілмеді.
А. Байтұрсынов миссионер атаулының өткен тарихымен жете таныс әрі
олармен тікелей қызметтес болуы себепті де, олар көздеген саяси түпкі
мақсаттың шоқындыру мен орыстандыруға алып келерін біліп, революция алдында
- ақ: "...Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу – сызуы, тілі, діні
бір болу. Ресей қоластында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу—сызуды
тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу - сызуын
орысқа аударса, хүкіметке онан артық іс болмас " 1, - деген ой
қортындысына келуінде айтарлықтай терең таным , үлкен сыр жатыр .

Орыстандыру саясаты Кеңес өкіметінің уақытында да толастаған жоқ.
Халықтардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазуын өзгерту мәселесі В.И
Ленин қайтыс болған соң қызу қолға алына бастады. Алдымен түркі тілді
халықтардың қалыптасқан араб алфавитін кириллица жазуымен алмастыру
мәселесі жедел қолға алынды. Бұл бір кездегі қоғамдық пікірде латын
алфавитін : "...бүкіл әлемдік коммунистік қоғамның алфавиті" деген қате
ұғымның орын алуына байланысты көтерілген еді. Жиырмасыншы жылдар ішінде
латын жазуы түркі тілді халықтардың жазуына айналып та үлгерді. Тіпті ерте
кезден - ақ православия дініне шоқынып , орысша жазуды қабылдаған
якуттардың өзін қайтадан латын жазуына көшірген солақайлықты да бастан
кешірдік.
қазақ зиялыларының білікті тобы латын алфавитін қабылдауға наразылық
білдірді. Бұл пікір, әсіресе , көрнекті филолог Ахмет Байтұрсыновтың "
Әліппе - таңбалар жұмбағы " деген белгілі мақаласында толық көрініс беріп
, латын жазуын "Европа жұртымен бірдей болу мақсатымен аламыз десек , алу
қиын болған себепті орыстар аяқ баспай отырғанда, біз сол мақсатпен
істейміз деп айтудың қанша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та
болар", деп өз пікірін қысқа әрі тұжырымды түрде білдіреді.
Патша өкіметінің осындай шовинистік, отаршылдық саясатына қарамастан
қазақстандағы білім беру ісінде елеулі өзгерістер болды. ХІХ ғасырдың 60-
80 жылдарындағы буржуазиялық реформалардың салдарынан және 1905-1907
жылдардағы революциядан кейін де бұратана халықтар арасында мектеп ашу ісі
жаңа серпінмен жалғасын тапты. қазіргі кездегі зерттеулерде қазақстандағы
білім беру жүйесінің қалыптасуы барысында елеулі өзгерістер болғаны атап
өтілуде. Мысалы, 1911 ж. жүргізілген Бүкілресейлік халық санағының
көрсетуіне қарағанда қазақстанда 84 медреседе 28814 шәкірт оқып, 134
оқытушы жұмыс істеген. Ал сауат ашу мектептері 1446 жеткен.
Сонымен бірге мемлекеттік орыс-қазақ мектептері мен соған ұқсас орыс-
қазақ мектептерінің саны қазақстанда 350-дей болған. Орыс-қазақ
мектептерінің кең дамыған жері Орынбор округі болды.
1890 ж. осы жерде 250 орыс-қазақ мектептерінде 8236 қазақ жастары
оқыды.
Жалпы революцияға дейінгі қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуын
төрт кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең- арабша хат танытатын ауыл мектептерінің пайда болуы.
Осындай мектептердің қашан пайда болғанын және қаншама болғанын айту қиын.
Себебі бұндай мектептер уақытша ашылды және хат танытудан арыға бара
алмады.
Екінші кезең- ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Россияның
жергілікті халықты басқаруға тарту үшін ашылған қазақ-орыс мектептері, бұл
кезеңді үгіт-насихат кезеңі деп атауға болады.
үшінші кезең- ХІХ ғ. 60-шы жылдарындағы Россияда крепостниктік
құқықтың жойылуы және қазақстанның толық отарлануына байланысты 1867-1868
жылдардағы әкімшілік реформадан кейін жергілікті ұлт өкілдерін басқару
жұмысына тарту үшін және орыстандыру саясатын жүргізу үшін ашылған
мектептердің пайда болуы.
Халыққа білім беру ісінің қазақстанда қалыптасу барысында оқу ісінің
мазмұны мен түрі туралы да мәселелер де шешіліп отырды. Бұл процеске
әлеуметтік-саяси топтардың мүдделері де әсер етті. қазақстандағы білім беру
жүйесінде өз орнын табуға және оның дамуына ықпал етуге тырысқан төрт топты
атап өтуге болады.
Бірінші топқа фундаменталдық ислам білім беру жүйесін қалыптастыруға
ұмтылған мұсылман дін басыларын жатқызуға болады. Ресейге бағынғанға дейін
қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық
бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды
өзгертті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне
рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Ислам дінінің
қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі-
халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов.Ол
осы жағдайға байланысты :"Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының
...әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп
барады.қазір қазақтың кейбір сұлтандары ,байлары әйелдерін оңаша үйде
ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды,жырлар айту орнына,
пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды. Тегі
еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені
секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар. Бұл –
оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз"- деп, аса бір өкінішпен,
торығушылықпен жазған еді. Бұл топ көне білім беру жүйесі кадимиді дамытуға
ұмтылды, бірақ бұл жолдың басты кемшілігі адамның еркін дамуын шектейтін
жолдың бірі еді.
Екінші топқа қоғамдағы өзгерістерге байланысты ескі мұсылмандық білім
беру жүйесін жаңарту қажеттігін түсінген жаңашылдар- жәдидтерді жатқызуға
болады. 1905 жылдан соң қадим мектептері қазақ даласында азайып, жадит
мектептері көбейген еді. Ресей мұсылмандары қадими дін мектептерінің орта
ғасырларда қалыптасқан оқу жоспарлары,бағдарламалары,оқулықтар ы мен оқыту
әдістерін сынаған зиялылар өздерін – жадидтар (жаңашылдар) деп, ал,
өздерінің оқыту әдісін- усули (әдіс) жадид деп атады. Ресейдегі жадид
қозғалысын Бакчасарайда (қырым) шығатын "Тәржіман" (1883) газеті мен оның
бас редакторы Исмайлбей Гаспиринский басқарды. Ол 1884 ж. Бакчасарай
қаласында ең алғашқы жадид мектебін ашты. Мектеп үйі,оның ішіндегі
заттары: парталар, жазу тақтасы, тарихи және жағрафиялық карталар ,
глобустар, т.б. көрнекті құралдар, сол сияқты оқулықтар, класс журналы,
сабақ кестесі Еуропа елдері мектептерінің үлгісімен жабдықталды.
А.Коменскийдің кластық-сабақтық жүйесі: шәкірттерді жылдың тек бір
мезгілінде ғана мектепке қабылдау, сабақты жаңаша ұйымдастыру жадид
мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының негізіне алынды. Сол сияқты
шәкірттерді ұрып-соғып жазалауға да тиым салынды. қысқасы,
Гаспиринскийдің мектебі, Ресейді мекендейтін түрік тілдес халықтар үшін,
ескі қадими мектептерді қалай етіп замана талабына сәйкес қайта құруға
болатындығы жөнінде эксперимент мектебі, үлгі-өнеге оқу орны болды.
И.Гаспиринскийдің жолын ұстаған кісілердің мұсылмандар арасында саны
көбейе берді. Мәселен, Татарстанда А.Баязитов, Д.Кильдеев т.б. "Иттіфақ әл
муслимн" ("Мұсылмандар одағы") құрылды. Орталық Азиядағы жадидтердің
басшылары ақындар Абдур-Рауф Фитрати пен Махмуд Бехбудилер, Файзулла
Хожаев, Мунауар Абдурашидов өлеңдерінде Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің
қаһармандық күрестерін дәріптеп, зиялыларды Тұран елінің бұрынғы беделі мен
абырой-атағын қайтадан қалпына келтіру үшін, күреске шақырды. Бір кездерде
Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарының бәріне ортақ әдеби тіл
болған – ескі шағатай тілін қайтадан жандандыру жадид мектептері мен жас
ұстаздардың халық зиялыларының қасиетті міндеті деп түсіндірді. Олар
кезінде "чағатай гүріңі" ("Шағатайша әңгімелесу") деген әдеби үйірмелер
ұйымдастырды.
1906 ж.тамыз айында Нижний Новгород қаласында мұсылман халықтарының
Бүкілресейлік ІІІ-сьезі шақырылып, онда қабылданған талаптардың негізіне
жадидтердің ұсынысы алынды. Мәселен, сьезд мұсылман елдері мектептерінде
сабақты оқушылардың өз ана тілінде барлық мектептеріне ортақ тұрақты
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасауды және мұсылмандар үшін,
жалпыға бірдей міндетті бастауыш білімді жүзеге асыруды талап еткен қаулы
қабылдады.
Жадит (төте оқу) мектептеріне мамандар даярлауда Уфадағы ғалия,
Хусайния медреселері, Орынбордағы Мұхамедия және қазан медреселері елеулі
қызмет атқарды. қадимнің оқуы араб тілінде жүргізіліп, жалаң діни білім
берді. Жадит мектептерінде әдебиет, тіл, есеп, тарих, табиғаттану пәндері
де оқытылды. Жалпы алғанда, ірі медреселерде төмендегідей пәндерді оқыту
ісі жолға қойылған: фараиз – дүние-мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы
заң: усул-фиких—мұсылман заңдарын зерттеу, хикмет—тарих, философия және
жаратылыс ғылымдарының энциклопедиясы, наху—араб тілінің грамматикасы,
акаид -догматика, монтық - логика. Сонымен қатар, арифметиканың төрт
амалы, орыс тілі, сөйтіп медресе де (жоғарғы мұсылмандықоқу орны) жастардың
тәрбиесі мен білім дәрежесін, ой дамуының қалыптасуына әсер ететін барлық
дерлік негізгі пәндерден сабақ берілетін. құран көп пәннің бірі болып
қалды.
Ол кезде қазақ даласында орыс мәдениетіне негізделген ұлт
мектептері өте аз болғандықтан, Уфа, қазан медреселерін бітіргендер жадит
мектептері арқылы қазақтарға оқу-білім таратуда елеулі қызмет атқарды.
Алайда, патша ұлықтары, әсіресе, жандармерия қадим мектептерінің азайып,
жадит мектептерінің көбеюінен қауіптеніп, Уфада оқып жүрген шәкірттерді
де, дала елдерінде көшпелі төте оқу мектептерін ашқан татар мұғалімдерін
де қудалаған. қазақстанда жадид қозғалысы, Орталық Азия елдеріндегідей
қадими мектептер өкілдерінің күшті қарсылығына ұшырамаса да жөнді дамыған
жоқ. Жадид мектептері сан жағынан өте аз болды және оларды көбісі қазақ
арасында емес, қалаларда орналасты. Сондықтан, жай қарапайым халық жадид
мектептерінің ескі қадими мектептерден артықшылығын онша ажырата алмады.
Соның салдарынан қазақ арасында жадид мектептеріне деген қажеттілік,
құмарлық айтарлықтай күшті болмады. Оған қазақ буржуазиясы мен оқыған
зиялылардың сан жағынан аздығы, экономикасының мешеулігі және саясат
саласындағы үгіт-насихат тәжірибесінің рулық тартыстар дәрежесінен
жоғарылай алмағандығы басты себеп болды.
Қазақстандағы жадид мектептерінің саны, олардың оқу жоспарлары,
бағдарламалары мен оқулықтарының негізгі ерекшеліктері осы күнге дейін
жұртшылыққа белгісіз, өз зерттеушілерін күтіп отырған маңызды мәселелер.
К.Е.Бендриковтың мәліметі бойынша 1909 ж. Сырдария облысында 39, Жетісу
облысында 18 ғана жадид мектептері болған. Ал, қазақстанның басқа
облыстарында, қанша жадид мектептері болғанын айту қиын.
Қазақстан жағдайында, біздің ойымызша қадими мектептерді жадид
мектептеріне айналдыру жұмысына көбінесе қазақтың жаңашыл "ғалия" медресесі
мен оқушылар семинарияларында орысша білім алған зиялылары батыл кіріскен
сияқты. Жадид мектептерін ашып, онда сабақты Еуропа педагогикасы
жетістіктері негізінде ұйымдастыруға негізінен солар мұрындық болған.
Тіпті , кейбір қазақ оқытушылары жадид қозғалысы күшейсе қуанып, сәл
әлсіресе ренжіп отырған. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында ІІІ Александрдың
керітартпа саясатының кезінде " Тәржіман" газетіне жасалып отырған саяси
қысымның күшеюіне өзінің риза емес екендігін газет редакциясына хат жазып,
олардың бастамасын өзінің барынша қолдайтындығын айтып , ниеттестік,
қамқорлық көрсеткен кісінің бірі- Ақмешіт уезі, қазалы қаласының тұрғыны,
оқытушы Әубәкір Салықов болды. қатардағы оқытушының жадид қозғалысына үн
қосуы, оның әлеуметтік-педагогикалық маңызын жоғары дәрежеде, ол қамтыған
аймағының кең болғанын көрсетеді. Мұсылманша білім іздеген қазақ
жастарының көбі ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында "ғалия" және "Хусоиния"
медреселерінде оқыды, әсіресе " ғалия" медресесі өзінің ұстаған жаңашылдық
бағытымен, ол кезде, жастар арасында өте беделді болды.
Уфа қаласындағы " ғалия" (арабша : алла жоғары) медресесін 1872 ж.
Зия Камали деген жаңашыл ғалым ашып , оны көп жылдар бойы өзі басқарған .
Осы медресенің шәкірті ғайса Тоқтарбекұлы 1913 жылы " қазақ " газетінде
жарияланған мақаласында "ғалия" медресесінде қырыққа жуық қазақ жастарының
оқып жүргенін хабарлады. Оның ішінде, Семей облысынан –14 шәкірт, Ақмоладан-
7, Астраханнан-6, Жетісудан-6, Торғайдан-5 және Сырдариядан-2 жігіттің
білім алатынын жазады. Сол "қазақ" газеті 1915 ж. " ғалия "
медресесінде қазақ қызы – Мағфура Найманқожа қызының оқитынын да жазады.
Сонымен Уфа талай қазақ жастарының білім, тағлым алып, башқұрт, татар
жастарымен қоян қолтықтасып, достасқан қаласы. Татар, башқұрт жастарының
көбісі ол кезде қазақ даласына келіп бала оқытатын.
"Жымысқы" ойлардан ада, қазақ баласына тек жақсылық жасауды ойлап, өз
қаражатына мешіт салдырған, жәдидше оқытатын мектеп ашқан біздің ата-
бабаларымыз болған екен. Олардың бірі - Жетісу өлкесіндегі (қазіргі
Талдықорған облысы, Ақсу ауданында) "Мамания" мектебі. Бұл мектепті
ашқандар Маман әулеті. Кей деректерде Есенқұл және Сейітбаттал Мамановтар
деп нақтырақ айтылып жүр.
Кейбір зерттеушілер жазып жүргендей бұл ағайынды жігіттерді бір-
бірінен бөле жарып, бұл мектепті Есенқұл ашқан деп нүкте қоюдың біздің
ойымызша қажеті жоқ сияқты. Өйткені, кейбір деректерде мектеп бұлардың
әкесінің, ағасының атымен Маман, Тұрысбек мектебі деп қосарлана аталады (
мәселен,"қазақ" газетінде) . Әрине, бұл тұста жас та болса, бас болып
бастама көтерген Есенқұлдың еңбегін жоққа шығара алмаймыз, сондай- ақ шама-
шарқынша жыл сайын мың жарым сом беріп ("Айқап",1914,N1), жәрдем еткен,
оның алдында құрылыс жұмыстарына айтарлықтай қаржы бөлген Сейітбаттал
қажының да еңбегін жоққа шығаруға болмас. Болыс болған, би болған, тоғыз
болыс Матайды бір өзіне қаратқан Сейітбаттал қажының еңбегін тұстастары
"Айқап" журналында ( 1914,N 1) жақсы жазған. Маман ұрпақтары тек мешіт
салып, медресе ашумен шектелмей, қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуді
ойлап, қазақ топырағында тұңғыш роман жарысын жариялап, бәйге тікккен, өз
мектептерінен шыққан ынталы оқушылардың қаражатын көтеріп, ірі шаһарларға
оқуға жіберген. Бай атаулының бәрін шық бермес Шығайбайға, сараң қарабайға
теңеп, "идеологияның" ықпалында өскен бүгінгі ұрпақ үшін мал - жанын
халқы үшін садаға қылған байлардың да болғанын білу- тарихтың шынайы бір
парағын ашу болып табылады.
Қазақ арасында роман жарысын жариялап, бәйге тіккен Есенқұл
Мамановтың игі бастамасы туралы "Айқап" журналында Мұхамеджан Сералин,
"қазақ" газетінде Әлихан Бөкейхановтар пікір білдірген. Екі азаматта
Есенқұл Мамановты әйгілі швед байы Альфред Нобельге теңеген. Есенқұл бұл
жарысқа сыншылыққа қазақтың игі жақсылары - Әлихан Бөкейхановты, Ахмет
Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Мұхамеджан Сералинді, Райымжан
Мәрсековті, Шәкәрім құдайбердиевті, Жақып Ақбаевты, Нарманбет Орманбетовты,
Нұрғали Құлжановтарды ұсыныпты. Жалпы Маман әулетін қазақтан шыққан алғашқы
меценаттар десе болады. Осы қазақтың алғашқы меценаттары ашқан "Мамания"
мектебінің ірге тасының қаланғанына биыл 100 жыл толып отыр.
Қазақтың талай баласын қанаттандырған білім ордасы- "ғалия"
медресесін бетке ұстап, жалау еткен " Мамания" мектебінде дін
сабақтармен қатар, есеп, жағырафия, қазақ тілі , тарих, зоология, орыс тілі
пәндері жүргізілген.
Маман әулеті мектептің қажетіне жыл сайын көп қаржы бөліп
отырған. Мектеп иелерінің оқытушы –ұстаздарды талғаммен, талаппен іріктеп
алғанын аңғару қиын емес сияқты."қазақ" газетінде жарияланған материалдан
мектепте бес оқытушы қызмет істегенін байқаймыз. Олар – Мұсағалиев
ғабдолғазиз, Жиһандаров Файызрахман, Малдыбаев Мұстақым, Хасен, қожаахмет
молдалар. Бұлардың ішіндегі Мұсағалиев ғабдолғазиз, Малдыбаев Мұстақымдар
"Айқап" журналының, "қазақ" газетінің белді авторлары болған.Тіпті татар
ағайынымыз Жиһандаров Файызрахман да (кейіннен Маман әулетіне күйеу
болған) ішінара "Айқапқа" жазып тұрған көрінеді.
Каир университетінің заң факультетін бітірген, Индонезия, үндістан,
Жапония, Пакистанда болған, сегіз шет тілін меңгерген, шығыс елдерінің
тарихын, әдебиетін зерттеген ғалым Мұсағалиев ғабдолғазиздің, Уфадағы
"ғалия" медресесін бітірген,"қазақша ең жаңа әліппе" оқулығын жазған
Малдыбаев Мұстақымның осы мектепте ұстаздық етуінің өзі - оқытушылар
ұжымының осал болмағандығын дәлелдей түседі. XX ғасырдың 20-30 жылдарында
оқу-ағарту саласын жоғарыда айтылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Халық ағарту комиссариатының қорындағы қазақ зиялылардың көзқарасына қатысты құжаттар
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Пәндер