Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе . . . 3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1. 1. Жазаның түсінігі . . . 6-9
1. 2. Жазаның мақсаттары . . . 10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2. 1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы . . . 18-23
2. 2. Жазаның түрлері . . . 24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3. 1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . 31-36
3. 2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңіл- дететін және ауырлататын мән жайлары . . . 37-44
3. 3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 -желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері . . . 45-53
Қорытынды . . . 54-55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56-57
Кіріспе.
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Біздің елімізде жаңа ҚК-тің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның баптарына түсініктеме беру кажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үшін қажет. ҚК-те жазаның жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамауға алу. Бұл жазаларды қолдану бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру - өлім жазасын қолдануды азайтуға сеп болады. Бас бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт. Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жазалардың әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және қолдану ретін түсіну кажет.
Жаза тағайындау - мемлекеттік органның маңызды да жауапты міндеті, себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаған адамның әрекетіне қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса, ол ауыр зардапқа әкеп соғады. Мысалы, шектен тыс катаң жаза берілсе, сотталған адамда ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жазаланған адам жазаға онша мән бермейді. Бұл екі жағдайда да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі әділқазылық принципі сақталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді.
Жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принциптерін (заңдылықты, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау, т. б. ) басшылыққа алуға тиіс. Бұл жағдайда сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген жазалардың мақсатын негізге алады.
Жазаға байланысты осы және басқа да мәселелер ұсынылып отырған оқу құралында қарастырылған. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданылатын шаралары сан түрлі мемлекет қолданатыны осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де, ең ықпалдысы да -жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұлылмауы мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі басқа құқық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тизізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда ана ғұрылым мол.
Жаза -мемлекеттің мәжбүрлі шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасы атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан немесе басқа да билік басқару органдарының атынан қолданылады.
Жаза - бұл мемлекеттік жазалаудың заңдарда орнаған түрі. Қылмыстық Кодекстің 38 - бабында жазаның түрлері толық қамтылған. Қылмыс жасаған тұлғаға сот жазаның аталған бапта көрсетілген басқа түрлерін қолдана алмайды.
Заң тұрғысынан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыспен жаза - өзара тығыз байланысқан құқықтық ұғымдар. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде - қылмыс болып табылатын құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.
Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті - жазалау. Жазаны -жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтарымен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жағы деп түсіну керек. Жаза қылмыскерге қашанда белгілі бір айырылу, қайғы -қасірет шектіреді. Олар тән азабы, рухани сипатта, қаражаттқа қатысты немесе басқа да сипатта болуы мүмкін. Мысалы, бостандығынан айырылған, қамауға алынған кезде сотталушы тұлға жеке басының бір қатар құқығынан айырылады. Ең алдымен, ол бостандығынан айырылады оның өзінің отбасымен, достарымен, туған -туысқандарымен қарым -қатынасы үзіледі. Мүлкі тәркіленгенде немесе айыппұл салынғанда, сотталушының қаражатының жағдайы нашарлап кетеді. Ал жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты шарасы -лауазым, мамандық таңдау пайдалану құқығын шектеуге ұсынылады. Жазаның жазалаушы элементтері оның қорқыныш тудыру (үрейлендіру) сияқты қасиетін алға тартады.
Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен белгіленген, салыстырмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық Кодексінде жаза жүйесі 39 -баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған.
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1. 1. Жазаның түсінігі.
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі - жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат - адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық - заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлілі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір - бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз - қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. (38-бап) .
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган - сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Занды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол - олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос - туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппүл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, көсіп тандау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі) . Бұрынғы ҚК-терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» (1) . И. И Карпец (2) пен А. Н. Тарбагаевтың (3) еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК-тің 13-бабы) . Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді (ҚК-тің 48-бабы) .
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол - қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі) .
1. 2. Жазаның мақсаттары
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы) .
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға катысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу - заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру - жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі - арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікгі қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтаңдырудың мақсаты) ;
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтаңдырудың мақсаты) .
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге карастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру - жаза мақсатгарының бірі болып табылады. Кандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен занды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлеміңде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық төртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен кабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты - сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т. б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе - түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғаңда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлілі төсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына карай қолданылуға тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсіддері қарастырылған.
Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес.
Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жосықсыз катаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты - арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да - сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу төсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А. И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні - «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде» және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады.
Ал, И. И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау; зәресін алу.
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.
Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, кадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін заңда катаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің «а» тармағы) . Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.
Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz