Аралас шөп тұқымын сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер


Жоспар
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Сақтау тәртібінің жалпы сипаттамасы
- Аралас шөп тұқымын сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер
- Аралас шөп тұқымын сақтау қабілетіне энтомологиялық фактордың әсері
- Аралас шөп тұқымын сақтауға дайындау
- Аралас шөп тұқымдарын жайғастыру үшін қоймаларды дайындау және сақтау тәсілдері
- Сақтауға қойылған өнімнің сандық және сапалығын есепке алу
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
КІРСПЕ
Дәннің жекелеген қасиеттері мен оны сақтау кезінде жүретін үрдістердің өзара байланысы, олардың ортаның негізгі факторларына байланыстылығы, дәннің сапасы мен күйіне тигізетін әсер етуі - осының бәрі дәнді сақтау тәртібіне (режиміне) байланысты болады. Астық сақтау тәсілдері де негізінен олардың физикалық және физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты топтастырылған. Одан басқа қолданылатын тәсілдердің тиімділігі елдің техникалық және экономикалық деңгейімен, ауа райы ерекшеліктерімен және де басқа шарттармен анықталады. Астық өндіру маусымды үдеріс, ал оны тұтыну жыл бойына созылады. Астықтан жылына азықтық, жемдік және тұқымдық қор жиналады. Оларды тұтыну мұқтаждығына сай әртүрлі мерзімде сақтауға тура келеді. Сондықтан астық сақтау қысқа және ұзақ мерзімді болады.
Сақтау тәртібінің жалпы сипаттамасы
Дәннің жекелеген қасиеттері мен оны сақтау кезінде жүретін үрдістердің өзара байланысы, олардың ортаның негізгі факторларына байланыстылығы, дәннің сапасы мен күйіне тигізетін әсер етуі - осының бәрі дәнді сақтау тәртібіне (режиміне) байланысты болады. Астық сақтау тәсілдері де негізінен олардың физикалық және физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты топтастырылған. Одан басқа қолданылатын тәсілдердің тиімділігі елдің техникалық және экономикалық деңгейімен, ауа райы ерекшеліктерімен және де басқа шарттармен анықталады. Астық өндіру маусымды үдеріс, ал оны тұтыну жыл бойына созылады. Астықтан жылына азықтық, жемдік және тұқымдық қор жиналады. Оларды тұтыну мұқтаждығына сай әртүрлі мерзімде сақтауға тура келеді. Сондықтан астық сақтау қысқа және ұзақ мерзімді болады.
Өздігінен сұрыпталуы. Қозғалыста ұшырағанда (желпігенже) астық массасының жеңіл қарауыштары (жеңіл қоспалар, ұсақ және семген дәндер ж. б. ) жоғарғы, ал ауырлары төменгі қабаттарға жылжиды, басқаша айтқанда біркелкі құрамы бұзылады.
Силостарды толтырғанда өздігінен сұрыпталу барынша көп байқалады. Бұған қозғалыстағы бөліктерге көрсететін ауа кедергісі мүмкіндік береді. Ірі, ауыр дәндер және жоғары тығыздықтағы басқа бөліктер жеңілдеріне қарағанда силосқа тігінен, әрі үлкен жылдамдықпен түседі. Олар силостың орта бөлігін толтырады. Ұсақ, ұрылған, семген дәндер және жеңіл қоспалар құйындатқан ауа ағынымен силос қабырғаларына қарай әкетіледі, немесе астық массасын түзілетін конус бетімен сырғиды.
Өздігінен сорттаудың нәтижесінде силостың әр түрлі бөліктерінде астық сапасы біркелкі болмайды: силостың ортасында шөпшармен аз ластанған, натурасы (көлемдік массасы) жоғары, құнды астық шоғырланады; силостың қабырғаларына таяу маңда ылғалдылығы жоғары, жеңіл органикалық қоспалар, шаң, тозаң, арамшөптердің тұқымдары, семген, уаиылған дәндер жинақталады да, силостың бұл бөлігіндегі астықтың сапасы нашарлау болады. Силостан астық массасын қотару оны толтыру кезіндегі өздігінен сұрыпталудың зардаптарын жоя алмайды. Астықтың силостан ағып шығу сипаты астықтың араласуына мүмкіндік береді.
Сонымен, астық массасының өздігінен сұрыпталуы-қолайсыз құбылыс. Қоймалардағы астық топтарының біркелкілігінің бұзылуы силостағы және ондағы астықты жөнелткенде, астық сапасын дұрыс бағалауды қиындатады, сонымен бірге жоғары тіршілікті құрауыштар шоғырланған үйінді бөліктерінде әр түрлі физиологиялық және микробиологиялық процестердің дамуына мүмкіндік жасайды. Мұның өзі астық массасында өздігінен қызу, басылып қалу т. б. алғы шарты болып табылады.
Қуыстылығы. Қоймаларға немесе силостарға орналастырғанда астық массасы тығыз масса түзбейді: оның қатты құрауыштарының аралықтарында ауамен толтырылған бос аралықтар (қуыстар) болады. Дән және басқа қатты бөліктер мен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары т. б. толтырылған астық массасы көлемінің бір бөлігі астықтың орналасу тығыздығын сипаттайды. Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықтың орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді.
Ауаның қуыстарымен қозғалуы конвенция жолымен жылудың тарауына, астық массасында ылғалдың бу түрінде ауысуына мүмкіндік жасайды. Сақтау кезеңінде астық массасының ылғалдылығы мен температурасы өзгереді. Астық массасындағы физиологиялық және микробиологиялық процестердің сипаты дән аралық кеңістіктегі ауаның мөлшері мен құрамына тәуелді. Қуыстылықтың арқасында астықты кептіруге, белсенді желдетуге және газация жасауға мүмкіндік туады.
Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы астық массасының қатты құрауыштарының пішінінің серпімділігіне, мөлшеріне және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың шамасы мен түріне, астық тобының массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні мен сыйымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Сорбциялық қасиеттері
Дәнді бұршақ дақылдар өте жақсы сорбенттер болып табылады. Олар қоршаған ортадан әртүрлі заттардың булары мен газдарды жұтып алады. Белгілі жағдайларға байланысты осы кезде қайтымды процесс жүріп жатады, яғни осы заттар қоршаған ортаға кері бөлінеді. Дәнді бұршақ дақылдар массасында мынадай сорбциялық құбылыстар: абсорбция, адсорбция, қылтүтіктік конденсация және хемосорбция жүреді.
Дәннің тіршілік қызметі сорбенттік процестер мен ылғалдық дұрыс таралу заңдылығына әсер етеді. Дәннің сапасы сорбенттік қасиеттерімен тығыз байланысты (иісі, ылғалдылығы және т. б. ) . бұл қасиеттер дәнді сақтағанда, өңдегенде және тасымалдауда басты орын алады. Дәндерді кептіргенде және желдеткенде оларды сорбенттік қасиеттерін ескеру қажет. Сақталуда тұрған немесе тасымалданатын дәндер партиясының ылғалдылығы мен массасы су буының сорбциясы мен десорбция процесіне байланысты өзгеріп отырады. Ол тек қана технологиялық процесс емес, қойма, ұра меңгерушілерінің жауапкершілігіне байланысты да мәселе.
Астықтың сақтау кезіңде үлкен маңызға ие болатын булар мен газдардың сорбциясына мысал ретінде онда эфир майларының, жусан мен кориндр, мұнай өнімдерінің (керосин, бензин) иісінің пайда болуын жатқызуға болады. Астық массасын батырғанда оған жусан өсімдігінің бөліктері араласса, оның құрамында болатын эфир майлары астықпен жеңіл сіңіріледі де астықта жусан иісі пайда болады, кейде ащы дәмге айналады. Астыққа тән емес бөтен иісі бар астық тобы кемшілікті топтарға жатқызылады және оларды қалыпты астықтан бөлек сақтаған жөн. Ондай сіңген бөтен иісті жою керек, ал мұның өзі сақтау шығынын арттыра түседі. Әр түрлі зат буларының сорбциясы нәтижесінде астық массасы құралдырының бөтен иістен ада болуы қадағаланады.
Аралас шөп тұқымдарын с сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер
Астық массасының өміршеңдігі барлық тірі организмдерде жүретін үдерістерден құралады. Оны жалпы мағанада физиологиялық үдерістер деп атайды. Осы үдерістерді білу арқылы оны басқарып астық массасының шығынын азайтып және сапасын арттыруға болады. Астық массасында өтетін физиологиялық үдерістерге мыналар жатады: тыныс алуы, орудан кейін пісіп-жетілуі және ұрықтанып өсуі;
Дәннің аэробтық және анаэробтық тыныс алу барысында жылу түрінде энергия бөлініп шығады.
Өсімдіктен ажыраған дәндер мен тұқымдар тыныс алу кезінегі жаратылған заттарды бұрынғы қалпына, орнына келтіре алмайды. Ол дегеніміз, дәннің сақтау кезіндегі тыныс алу, оның органикалық заттарының шығындануы, яғни дәннің құрғақ заттарының санының азаюына әкеліп соғады. Егер осы кезде астық жиымы қозғаусыз сақталып, желдетілмесе, онда дән аралық кеңістіктегі ауаның да салыстырмалы ылғалдылығы арта түседі. Сонымен, үдемелі тынысалу кезінде дәннің едәуір ылғалданып қалуы әбден мүмкін. Бұл құбылысты дәннің «терлеуі» деп те атайды. Дәннің ылғалдануы оның тыныс алуының үдемелілігін одан әрі асырып, микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол ашады.
Дәннің өте төмен жылу өткізгіштігіне байланысты, бөлінген жылу астықтың өзінде көп уақыт қала беруі мүмкін, сондықтан тыныс алу кезінде өздігінен қызуының басты себептерінің бірі болып табылады.
Сонымен астықтың тыныс алу барысында оның құрғақ құнды заттары біршама шығындалады, ылғалдылығы жоғарылайды, дән аралық кеңістіктегі ауа қүрамы өзгереді, жылу пайда болады. Бұл құбылыстар дәннің сапасын төмендетеді, сондықтан оларды болдырмауға, яғни астық сақтау барысында дәннің тыныс алуын баяулататын шараларды қарастырып отыру керек.
Аралас шөп сақтау қабілетіне энтомологиялық фактордың әсері
Аралас шөп тұқымының зиянкестері, кенелер мен бізтұмсықтар қоймаға салынған өнімнің сақталуына әсер етеді.
Аралас шөп тұқымының зиянкестермен жұқтыру көздеріне: тұқымдық материал, топырақ, қойма, құрал-саймандар, жабдықтар, қойма айналасындағы жерлер, бурт пен траншеяға арналған жер учаскелері жатады. Ең көп зиян келтіретіні- қойма зиянкестері. Олар астықтың салмағын кемітіп, оны сақтауға, пайдалануға жарамсыз етіп, сапасын да түсіреді. Тұқымдық материалдардың өнгіштігін төмендетіп, егуге жарамсыз еетеді. Зиянкестер басқа қоймаға немесе астық ортасына тарап кететін қаупі болғандықтан мұндай астықты астық қабылдау орындары мүлдем қабылдамайды. Кенемен зақымдалған астықты кейбір кезде құнына кеміту жасау арқылы қабылдауға рұқсат етіледі. Бұл сапалық көрсеткіш міндетті түрде анықтауға тиісті сапалық
көрсеткіш болып табылады.
Аралас шөп тұқымдарның базистік кондициясы. көп жылдық шөптің тұқымына қойылатын талаптар:бұршақ тұқымдасының ең таңдаулы элита сорттарында негізгі дақыл кемі0, 5%аспауға, арамшөп 0, 2% болуы тиіс. Оның 1кг зианды арам шөп 100дана, өнгіштігі 80%, ылғалы 13%болады.
Бұршақ тұқымдас шөптердің базистік кондициясы .
Астық тұқымдас шөп тұқымының қабылдау кезіндегі шектеулік кондициясы
Аралас шөп тұқымының егістік сапасы, (ГоСт P52325-2005)
Өнімді жинау
. Тұқымдық егістікті өдетте тікелей немесе бөлектеп жинайды. тұқымды дайындау өсімдіктің екінші жылынан бастайды. ондай егіс тұқым алу үшін 3-4жыл пайдаланылады. көп жылдық тұқымдық астық тектес шөптер тез пісіп, ұрығы тез төгіледі. Брақ тұқымды ерте жинағанда, оның өегіштігі төмендейді, сондықтанда астық тұқымдас шөптер ұрығын қысқа мерзімде екі мерзімде жинайды. астық тұқымдастарды жинаудың көп қолданылатын мерзімі; гүл шөғырын сәл мыжыңқырап жібере салғанда ол жазылып кетіп, алақанды соғады. Егер сол кезде алақанға піскен ұрық тқгіліп немесе масақ ұштары сынып түсер болса, онда динауға кіріседі.
Астық тазарту технологиясы мен техникасы
Астық қабылдайтын кәсіпорындарға әкелінетін аралас шөп тұқымдарын құрамында арамшөптердің тұқымдары, басқа дақылдардың дәндері, органикалық және минералдық қоспалар, зақымдалған дәндер болады. ал астық тұқымдық және тауарлық сапасы неғұрлым жоғары болуы үшін ол барынша таза болуы тиіс. Дәннің тазалығы оның тазартатын техникаға байланысты. Тазарту жұмыстары негізінен күрделі желектерге көзді және триерлік машыиналармен (КОС-0, 5, петкус- спер, петкус- селектра, СУ-0, 1, ОС -4, 5А) тазартады. өнімділігі сағатына -8ц.
А) Б)
А) аралас шөп тұқымдарын тазартуға арналған - ОС -4, 5А .
Б) Очистители зерна фракционный - КОС-0, 5,
Фракциялы астық тазартқышы
Паспорттық өнімділігі: 80 т/сағ;
Бірінші тазартудағы өнімділігі: 40 т/сағ;
Екінші тазартудағы өнімділігі: 20 т/сағ;
В) машина Петкус К 547
Біріншілік тазартуға арналған, арамшөп тұқымдарынан, кептіру мен сақтауға дайындауға
арналған машина. Өнімділігі: 25 т/сағ;
Г) Пневмосортировальная машина ПСМ-10
Паспорттық өнімділігі: 10 т/сағ. дейін;
Блок триерный БТМ-800-8А .
Екінші тазартудағы өнімділігі: 8 т/сағ;
Воздушный сепаратор Петкус К-547 + ячеистый триер Петкус K-236
Ауа елеуіш сепараторлар Петкус К-547
Тазартылған астықтық кептіреміз. Кептіру үдерісінде қыздырк мен салқындату бірінен соң бірі циклмен жүреді. Кептіру үдерісі кезінде астық бірнеше рет қыздыру мен салқындату циклдарынан өтеді, ал қоймаға жіберер алдында түбегейлі салқындатылады.
Аралас шөп тұқымын жайғастыру үшін қоймаларды дайындау және сақтау тәсілдері
Астық сақтайтын қоймалардың түрлері.
Сақтау тәсілдеріне байланысты астық сақтайтын қоймаларды келесі типтерге жіктейді: Жазықтық еденді, мұнда астықты жеке сиымдылықтарда сақтайды; Көлбеу еденді , мұнда астықты көлденең немесе иілмелі еденде сақтайды. Комбинирленген , астықты үйме күйінде еденде немесе шанақта сақтайды. Шанақты , мұнда астық жеке шанақтарда сақталады. Астық сақтау қоймаларының типтік жобаларын әртүрлі сиымдылыққа жасайды.
Астық сақтау қоймаларының механикалық құрал-жабдықтары . Астықты тиеу, түсіру және тасымалдау үшін астық сақтау қоймаларында келесі стационарлы және қозғалмалы механикалық құрал-жабдықтар жатады:
- таспалы нориялар (элеватор деп аталады) астықты тік көтеруге арналған;
- астықты көлденен немесе бұрыштық тасымалдауға арналған таспалы стационарлы конвейерлер;
- Тасымалдағыш конвейерлер;
- Винттік конвейерлер немесе иірліктер;
- Астық тазалағыш машиналар мен сепараторлар, олар астықты органикалық және бейорганикалық заттардан тазалауға арналған.
Ең бастысы оларға қойылатын талап: оның құрылыс және қолдану негізіндегі экономикалық тиімділігі. Қойманың негізгі өлшемдері оның құрылыстық нормасын және жұмысқа қолдану жағдайын ескеріп, астықты сапалы сақталуын толық қамтамасыз етуі керек.
Қойманың сиымдылық көлемі мына формуламен есептеледі:
Мұндағы:
А-қойманың ішкі ұзындығы, м;
В-қойманың ішкі ені, м:
Һ-астықты қабырға бойына толтыру биіктігі, м;
а-жоғары бетіндегі толтыру ұзындығы, м;
в-жоғары бетіндегі толтыру ені, м;
Н-қоймадағы астықтың орта жағындағы толтыру биіктігі, м;
;
Қоймада жайылған астық бетінің а және b шамаларына формуламен есептеуге болады:
;
;
Мұндағы: -табиғи бұрышы; - 25 о ;
Жай қоймаға майбұршақ және оның өнімдерін жайғастырғанда натурасының шамасын мына төмендегі мөлшерде қабылдауға болады (т/м 3 ) :
Шөптердің . . . 0, 50
Қойманың сиымдылық көлемін есептеу:
*0, 50=14715, 6
Мұндағы:
А-қойманың ішкі ұзындығы, 30м;
В-қойманың ішкі ені, 10м:
Һ-астықты қабырға бойына толтыру биіктігі, 2м;
а-жоғары бетіндегі толтыру ұзындығы, 3м;
в-жоғары бетіндегі толтыру ені, 2, 5м;
Н-қоймадағы астықтың орта жағындағы толтыру биіктігі, 2, 5м;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz