Тасқа жазу, Орхон-Күлтегін ескерткіштері


Жоспар
I. Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1. Тасқа жазылған тарих жайында.
2. Алғашқы зерттеушіліер мен экспедициялар жайында
III. Қорытынды
Басылымның алғашқы баспалдағы
Дүние жүзіндегі халықтар сияқты, түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне YI ғасырдың орта кезінен -ақ белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді біз Батыс Еуропадағы Византия материялдарынан кездестіреміз. Бұлармен қатар, түркі халықтары жөніндегі қырыуар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өздері жасап, артына өшпес мұра етіп қалдырған жазба нұсқалар арқылы білеміз. Мүндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени мұра болып есептеледі. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды.
Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін қалың қазақ қауымына жеткізу - кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі.
Тарихи деректерге қарағанда, түркі тайпалары жу-жандардың \тибеттердің\ қол астында болған. 552 жылы түркі тайпаларының өкілі Бумын дейтін кісі бытыраңқы, көшпелі түркі басын қосып жу-жандарға қарсы шабуыл жасайды. Соғыста жу-жандар үлкен шығынға ұшырап, түріктерден жеңіледі.
Бумын қаған өлгеннен соң, 600 жылдар шамасында, түркі мемлекеті Шығыс және Батыс түркі қағанаттары болып екіге бөлінеді. Олардың ұлан-
байтақ жері батыста Сырдария өзеніне, шығыста Тибетке дейінгі аймақты алып жатты. Осындай кең және ұлан-ғайыр өңірдетүкі тайпаларын басқару оңайға түске жоқ. Оның үстіне ел арасында бірлік болмай, алауыздылықтарда күшейді. Мұның бәрі 630 жылдары түркі мемлекетіні құлауына әкеп соқты. Түркі тайпалары қайтадан Қытайға бағынды.
«Түркі халқы қайтадан табғашқа /қытайға/ бағынды . . .
Түркі халқы қырылды, әлсіреді. Түрік жерінде ешқандай мемлекеттік құрлыс қалмады. » /Тонықұқ ескерткіші, 2-3 жол/ . . . бүкіл түркі халқы былай деп қайғырды: «Енді халық едім, елім қайда? Қағанды халық едім, енді қағаным қайда? Қандай қағанға күш қуатымды жұмсайын» - деді. Сөйтіп, түркі халықтары 630 жылдан 680 жылдарға дейін, жарты ғасырдай қытайлардың боданына айгналды. Сол кездері қытай мемлекеті ішінде елеулі өзгерістер болды. Егін шықпай, халық аштыққа ұшырады. Енді бұл жайттар түркі халықтарының пайдасына шешілді. «Түркі халықтар жойылмасын, өз алдына ел болсын. » /Күлтегін ескерткішінен/ деген үмітпен Құтылығ қаған басқарған түркі ру тайпалары қытайға қарсы шығады. Түркі тайпаларының бұл сапардағы жорығы сәтті болды, қытайлар үлкен жеңіліске ұшырады». Сөйтіп, 682 жылдары түркі тайпалары қайтадан өздерінің екінші мемлекетін орнатты.
(күлтегін ескерткішінде жазылған жыр жолдары. )
Осыншама құндылықтарды өркениет тұғырына көтеруге әлем ғалымдары ғасырдан артық уақыт атсалысты, әлі де атсалысуда. Түрікология негізін салған В. Томсен, В. В. Радловтардан бастап жүздеген ғалымдар алтын уақыты мен арман-мүддесін осы игілікті іске арнады. А. Гейкель, В. В. Радлов атластарының басылып шыққанына да бір ғасырдан уақыт өтті.
Осы аралықта Моңғол жерінен байырғы түрік үлкен ескерткіштерімен қатар майда жазулар, мәдени-рухани мұралары молдап табыла бастады. Енді әлем ғалымдары Орхон ескеткішінің толық Атласын жасуға кірісті. Осындай мақсатпен 1970 жылы Кеңес Одағы Ғылым Академиясы мен Монғолия ҒА ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойып, нәтижесінде Кеңес - Монғол тарихи-мәдени экспедициясы құрылды. Экспедиция 1975-1990 жылдар аралығында бұрыннан белгілі байырғы түрік мұраларының орналасқан орнын анықтауда, жаңа жазба мұраларды іздестіріп табуда көп еңбек сіңірді.
Міне аузын айға білеген әйгілі көк түріктердің жасап кеткен ұшан - теңіз тарихи-мәдени мұраларының жұрнағы ғана біздің қолымызға жетті. Байырғы түрік мәдениетінің құндылықтарын танып, зерттеп зерделеу, ғылымға айналдыру, ұрпаққа жеткізу ендігі қасиетті борышымыз.
Ешбір ұлт, ұлыс, этнос бір-ақ күнде ғасырлық дүние жасай алмайды. Ерте орта ғасыр дәуірінде Қағанат орнатқан түріктер де әлем мойындаған соншама құнды мұраларды мыңдаған жылғы үзілмей келе жатқан дәстүр сабақтастығының нәтижесінде жасады, халық даналығының мол тәжірибесі негізінде жинақтады. Бұл ретте қауым мен жеке адамдардың ізденісі, халықтың шығармашылық белсенділігі, тарихи мәдени жады үлкен роль атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz