Delphi бағдарламалау ортасына сипаттама


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

I - БӨЛIМ. ПӘНДIК АЙМАҚТЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Информатика . . . 7

1. 2. Информация және есептеу машиналары . . . 9

1. 3. Жаңа информациялық технологиялары. 11

1. 4. Тарихи деректерден . . . 13

1. 5. Компьютерлік жүйелер . . . . 15

II - БӨЛIМ. DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА

2. 1. Delphi программалау ортасы 16

2. 2. Проект. Форма. Қасиет. Объект инспекторы терезесi 21

2. 3. Оқиғалар. Программалық код терезесi . . . 20

2. 4. Delphi тiлiндегi бағдарламаның элементтерi . . 25

III - БӨЛIМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3. 1. Есептің қойылуы 34

3. 2. ER - диаграммалар 35

3. 4. Негізгі мәзір . . . 36

3. 5. Қолданушы инструкциясы . . . 37

3. 6. Бағдарламалаушы инструкциясы . . . 38

IV - БӨЛIМ. ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

4. 1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi . . 46

4. 2. Есептеу техникасы бар кабиентте компьютермен жұмыс iстеу

ережесi . 47

4. 3. Электр тогының адам организмiне әсер етуi . 49

4. 4. Қоршаған ортаны қорғау . 50

ҚОРЫТЫНДЫ 51

Бағдарламаны келешекте қолдану түсінігі . 52

Қолданылған әдебиеттер . . 53

Қосымша . . . . . . 55

Кіріспе

Қазiргi XXI ғасырдың әрбiр адамы жаңа техналогия (компьютер) көмегiмен әртүрлi мәлiметтердi қабылдап алуға, қосуға, сақтауға, оларды өңдеуге қабiлеттi болу керек.

Қысқа мерзiмдегi дипломдық жоба Borland Delphi бағдарламалау тiлiнiң 6 версиясында әзiрлендi.

Бұл версияның басқасынан айырмашылығы негiзiнен Windows аймағында функционалдайды және информацияны өңдеу жүйелерiне қойылатын қазiргi негiзгi барлық талаптарға сәйкес келедi. Ең бастысы Borland Delphi мәлiметтердi қорғаудың жоғарғы дәрежелi деңгейi және мәлiметтердi дұрыс енгiзудi және өңдеудi бақылау мүмкiндiгi. Сонымен қатар, осы бағдарламамен жұмыс iстеу барысында объектiлер инспекторы көмегiмен мұндай оңай әртүрлi объектiлердi басқаруға, кез келген объектiлердi анимациялау мүмкiндiлiгi зор. Сонымен қатар, батырмаларды, формаларды бір объектiге, проектiге немесе қосымшаға топтастыруға, олардың көшiрмелерiн әзiрлеуге мүмкiндiк туылады.

Информациялық үрдiс адам өмiрiне уақыт ағынымен күннен -күнге ене түсуде.

XXI ғасырдындегі адамзаттық даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (08. 05. 2003 ж. ) шыққанын айту жеткілікті шығар.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке

кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.

Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітаптің мақсаты - оқушыларға көмпьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету. Сондықтан оқулықтың өңделіп шыққан жаңа басылымының аты да «Жаңа ақпараттық технологиялар» деп аталған. Оқулық Республикамыздың орта білім мемлекеттік стандартының 10 - 11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Кітап материалдарын игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Іс жүзінде әр сабақтың теориялық және практикалық жақтары қатарластырыла берілгенде, ол бір сағаттан төрт сағатқа дейінгі уақытты қамтиды.

Біздің ойымызша, теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар оқытушының іс әрекетін қайталауы өте тиімді. Осыған байланысты оқулыққы қосымша лабораториялық практикумдар бірге шығарылып отыр. Практикумдағы тапсырмаларды орындау материалды дұрыс ұғуға, машықтану (тренинг) уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине біздің оқулық программалауға арналған басшылық немесе белгілі бір программада жұмыс істеуге арналған нұсқау емес, себебі оқулықта программаларды орналастыру мен баптаудың техникалық мен жайлары қарастырылмаған. Біхдің мақсатымыз - оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін информациялық технологиялар негіздерін үйрету.

Оқулықтың әрбір тарауында бақылау сұрақтары мен тапсырмалар берілген. Мұңда оқушылар теориялық материалдарымен және компьютерлік сыныпта орындалатын тапсырмалармен танысып, оқыған материалдарын қалай түсінгендерін тексеруге мүмкіндік беретін әртүрлі сұрақтар таба алады.

I - БӨЛIМ. ПӘНДIК АЙМАҚТЫ СИПАТТАУ

  1. Информатика

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тындап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата - аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір - бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарларың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба - ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу - жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққы жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

XIX - XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып - ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакільдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерінің XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ - дер әуелде есеп - қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейінен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару

қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау шсшнде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастады. «Информация» термині латының түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымнан туындаған ағылшының information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол сүреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет - журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.

Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді.

  1. Информация және есептеу машиналары

Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін

зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатика оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ - дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ - дер күнбе - күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми - техникалық процеске айналып

отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі оъектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ - де жұмыс істеудің ең түбейгелі атауларының бірі болып есептеледі.

Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70 - жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеген шығаруға жол ашты. Олар қазіргіде мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т. б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін,

тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Ең алдымен ЭЕМ - дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ - дермен басқарылатын жаңа машина, құрал - сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары «адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау

мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты «болашақтың» фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

Бүгіннің өзінде - ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ - дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. ЭЕМ - дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйренуде үлкен көмек береді.

ЭЕМ - мен қарым - қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу, бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10 - 15 жфлда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.

Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

ЭЕМ - ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.

  1. Жаңа информациялық технологиялар

Кәдімгі информациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ - дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларға және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ - дер - жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Дербес ЭЕМ - дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады.

Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Сондай - ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтау, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне

негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.

Қоғамымызды дербес компьютерлерімен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату шстерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған

«қағаздағы» информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі.

Жаңа информациялық технологиялардың жан - жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет.

Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде «технология» деп белгілі бар бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.

Өндірістің күрделілуіне, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал - саймандар және т. б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.

Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі «технология» ұғымына, аз дегенінің өзінде үш компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ - да жобалау жабдықтары және т. б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен жабдықтары және т. с. с. мүмкіндіктері бар,

компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ - ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құр гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.

  1. Тарихи деректерден

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды.

Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ - қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абақ, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істеріне көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ - тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына

600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ - дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде - ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен - транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини - ЭЕМ - дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан) . Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан - БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ - дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен

жұмыс істеуге өте ыңғайлы құрал болып шықты.

Бастапқы кезенде ЭЕМ - дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70 жылдар басында «тұрыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейінен «дербес компьютерлер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан ьастап осы атау шағын компьтерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.

  1. Компьютерлік жүйелер

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1) Шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2) Аппараттық жасақтама (Hardware) ;

3) Мәліметтер файлы;

4) Компьютердің программалық жасақтамасы (Software) .

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны - машиналарды, мәліметтерді,

программаларды және адамды - біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

II - БӨЛIМ. DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА

2. 1. Delphi бағдарламалау ортасы

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және обьектілі - бағдарламалы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шықкан және объектілі-бағдарламалы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi, Borland C++ for Windows.

Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6 -нұсқалары жарык, көрді. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Екеуі де Windows 32 операциялык жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін косымшаларды данындау мүмкіндгі кеңейтілген және берілгендер қорымен жүмыс істеуде өзгешіліктер негізделген.

Delphi -дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объсктілік төсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақтады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні оңдеуге арналған үстеме программа қүрылады. Компоненттср визуальды компоненттер кітапханасында (VCL -Visual Component Library) жинақталған. Компоненттср панелінде түрлі кластарға тйісті стандартты компоненттср өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельгс қосуына да болады.

Delphi -де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE тсхнологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жүмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Көптегсн операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мүнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұгымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Delphi -ді Windows арқылы іске қосу командасы:

Іскс қосу - Программалар - Borland Delphi 6 - Delphi 6

Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1-сурет) .

1- Delpi -дің негізгі терезесі 2. Форма(Form 1) ; З. Объект инспекторы терезесі (Object Inspector) . 4 . Модуль терезесі ( Программалық код терзесі)

Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір (5), аспаптар панелі (6) және компоненттер палитрасы (7) енгізілген (1 -сурст) . Негізгі мәзір пунктеріне Dеlрһі-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пунктеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелср орналастырылған.

Ортада программа кұруға арналған төртінші модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Форма тсрезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

2. 1. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі

Delphi -де дайындалатын программа проект (жоба) дсп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сүхбаттык терезссі. Delphi алғашқы рет іске қосылған форма Forml атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект қүру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін Viev-Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілстін компонснттсрдің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекшс түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т. б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашкы сәйкес мөндер меншіктеліп қойылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де математикалық есептеуге арналған бағдарлама құру
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Delphi7 обьектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
Фильмдерді прокатқа беру салонының бағдарламалары
Мектеп ақпараттық жүйесін құру
«Мектеп» ақпараттық жүйесі
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Электронды оқулық түсінігі
Бизнес-процесстерді модельдейтін ақпараттық жүйе құру
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz