Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік технологияларды қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік

технологияларды қолдану .

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып педагогтің оқушылармен өзара қарым - қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және уәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.

Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», деп Дистервег айтқан болатын.

Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрыңғы педагог - информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.

Педагогикалық технология - бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналып, практикада тиімді түрде қолдану мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және дағдылар кешені.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етедіә, - деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар - қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім саьақта әрбір балаға дараланған схема бойынша мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін де және қала мектептерімен қатар ауыл мектептерінде де пайдалануға болады. Олар білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, балаларға біртіндеп дүние жүзілік бірінғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді. Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу денгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс денгейіне де сәйкес келеді. Компьютер мүмкіндіктері мен мұғалім білімін біріктіре алатын мультимедиялық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтар жасауға болатын болады, олар сабақты бұрынғыдан гөрі көрнекті, қызғылықты түрде өткізіп, оқушыларға жаңаша мәлімет беруге жағдай туғызады.

Мұндай оқулықтын мынадай бөлімдері болады: теориялық бөлім, бақылау тапсырмалары, лабораториялық жұмыстар, өзін өзі тексеру сұрақтары. Бұлар қалыпты оқулықтарда да болады, бірақ электрондық оқулық көлемі шағын (бір компакт- дикіге толық сияды), оның ішінде балаларды қызықтыратын бейнефильмдер, дыбыстық үлгідегі мәтіндер мен әндер болғандықтан, оның берері мәліметі де толырақ болады. Дискіні пайдалану да жеңіл, түсінбей қалған жағдайда бір оқыған материалға қайтып оралу да қиын емес. Кітапты парақтап отырғаннан гөрі пернелерді басып кез келген тақырыпқа да оңай көшуге болады. Мұндай оқу құралы балаларды қызықтырып, сол пәнді ары қарай терендетіп оқуға итермелейтіні сөзсіз, әрине білім денгейіне әсер етпей қоймайды.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әсер оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке денгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.

Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңіненқолдануға итермелейді.

Жана мультимедиялық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекті материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т. с. с. жасау мүмкін болып отыр.

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардын білім денгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.

Өкінішке орай, біз әзірше компьютерлердің аздығынан, әртүрлі пән мұғалімдерінің компьютерде жұмыс істеу білмей тіндігінен және оны үйренуге қызықпайтынынан артта қалып жатырмыз. Мұғалімдерді оқыту жүйесінің жаңа талаптарына сай қайта дайындықтан өткізу керек. Педагогтың тәжірибесі мен білімнің компьютер мүмкіндіктерімен біріктіру-білім берудің қазіргі кездегі денгейіне көтерілудің басты мақсаты болуы тиіс.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жек игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында жастар білім алып, оны іс жүзіндеқолданып қана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздері мен қажетті деген құралдарын да өздері ала алады.

Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.

Соңғы кезде балалардың компьютермен алғашқы танысу мерзімі бірсыпыра төмендеді және Интернетпен жұмыс істеумен танысқан оқушылар тобы да көбейді. Бүгінгі күні оқушылардың компьютерге және Интернетке деген қызығушылығын тек информатика сабағымен ғана шектемей, оған жан - жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Интернет - технологияларды екпінді түрде пайдалану жалпы оқу процесі сапасын арттыруға көмектеседі және барлық мұғалімдерді ақпараттандыру процесіне араластыруға да әсерін тигізіп отыр.

Оқу - трбиелеу ісін қазіргі кездегі ақпараттық қоғамның талаптарына сай тиімді түрде ұйымдастыру үшін мектепте ақпараттық білім беру ортасын құру керек. Бұл, өз кезегінде бірсыпыра әдістемелік, техникалық - технологиялық және ұйымдастыру - басқару мәселелерін шешуді керек етеді. Әдістемелік мәселелерге мыналар жатады: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу - тәрбие жұмысында кешенді түрде пайдалануға мұғалімдерді дайындау; оқушыларға білім беру қызмттерін ұйымдастыру түрлерін өзгерту; пәнаралық байланыстарды дамыту мақсатында мұғалімдерді мектеп ішінде және одан тысқары жағдайда бірлесе жұмыс істеуге шақыру т. б.

Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - бұл компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалануға бағытталған процесс.

Мұндағы басты жаңалық - компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді де шеше алады:

  • білім мазмұнының мектептік компонентін жасау,
  • мектептің оқу жоспарын тимді етіп жасау;
  • оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;
  • оқыту уақытын бөлуді тиімді түрде жүргізу;
  • сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;
  • педагогикалық болжам жасау;
  • сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет желісінің Мультимедиа ресурстары
ОРТА МЕКТЕПТЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Дәстүрлы окыту
Интеграцияланған оқыту тұжырымдамасы
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz