Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары


ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚТЫҢ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6

1. 1 Азаматтықтың жалпы мәселелері . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасы заң актілері бойынша азаматтық ұғымы . . . 16

1. 3 Азаматтықты алу және жою тәртібі . . . 18

2 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ

МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ . . . 24

2. 1 Адам құқықтары мен бостандықтары - ең басты мәселе . . . 24

2. 2 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары

және міндеттерінің жүйесі . . . 25

2. 3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың

құқықтық жағдайы . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасының ең жоғарғы құндылықтары деп адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Конституцияның 1-ші бабының бірінші тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең жоғарғы құндылықтары - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Әрине, қазақстан халқы және қазақстан қоғам үшін де адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең асыл құндылықтар болып табылады. Дегенмен, қазақстан халқының және қоғамның ресми әр жүйелі түрде ұйымдасқан, институциоланған өкілі ретінде Қазақстан мемлекетінің адамды және оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп қорғау мүмкіндігі мол екендігі өмір шындығы болғандықтан жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Конституция дегеніміз, ең алдымен, конституциялық мұраттар, принциптер мен құндылықтардың жүйесі, содан кейін ғана тек соларға сай келетін конституциялық нормалар мен ережелердің жиынтығы. Егер соңғылары алдыңғыларына қайшы келетін болса, араларында келіспеушілік туса, онда соңғылары не түзетілуі, не жаңаруы керек. Бұл - конституцияның және конституциялық құрылыстың мызғымас беріктігінің және өміршең тұрақтылығының бірден - бір жолы, кілті және кепілі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Азаматтық туралы мәселе - адам мен қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр түрлі көрініс беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да ұйытқысы болып келген, аса күрделі мәселелердің бірі. Азаматтыққа қатысты мәселелер үнемі қақтығысқан жақтардың негізгі талас объектісі болып отырады.

Ал жұмыстың міндеті, Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси - құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекеттің федерациялы немесе конфедерациялы құрылымдары үрдісінде азаматтыққа байланысты туындайтын шектеулер өте жиі ұшырасып отыратындығы.

Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы» Заңының 1 - бабында Азамат және мемлекет:

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет - ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш - құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Зерттеу объектісі. Диплом жұмысының объектісіне Азаматтықтың жалпы мәселелері, Қазақстан Республикасы заң актілері бойынша азаматтық ұғымы, азаматтықты алу және жою тәртібі, адам мен азаматтық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары зерттеледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық жағдайының зерттелу деңгейі диплом жұмысында анық әрі айқын көрсетіледі.

Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтырды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз. Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде «азаматтық» орнына «одандық» термині қолданылады.

Азаматтық және азамттық құқық мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 - бабында: «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай - ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге алыстауға болмайды» деп жазылған.

Адамды өз мемлекетінің азаматтығынан айыру, оны туған елінен алыстау - болмысқа да, қиынға да жат құбылыс. Өз елінде тұру - адамның табиғи құқығы. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды азаматтығынан айыруға, оны Отанынан қауіп жіберуге тыйым салады. Керісінше, мемлекет өз аумағынан тыс жерлерде тұратын азаматтарын қамқорлыққа алып, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап отырады. Мемлекеттен тыс органдардың Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекеттің талап етуі бойынша ұстап беруге қақысы жоқ.

«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне енген 1992 жылдың 1 - наурызынан бастап республика аумағында тұрақты тұртын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.

Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізінен онымен тұрақты саяси және құқықтық байланысы бар азаматтар құрайды. Белгілі бір жағдайларға Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайда қос азаматтық деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республика азаматының басқа бір мемлекетке азамат болғанын мойындамайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы жөніндегі өзге мемлекеттердің заңдарынан туындап жататын жағдайларға байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін.

Екінші азаматтық жұрттың бәріне бірдей беріле бермейді, оны алу үшін елеулі себептер болуы керек. Мемлекет, алдымен өзінің азаматтарынан қамқорлық жасауға тиіс. Егер мемлекетте қос азаматтығы бар адамдар көп болса, онда ол басқа мемлекетті Отаным деп есептейтін адамдардың ауыр жүгін арқалаған болар еді. Мемлекетті басқару ісіне тек оның өз азаматтары ғана қатысады. Бұл жағдайда халықаралық құқықтық құжаттар арқылы анықталады.

Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысты жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі елдің азаматы. Ал ел мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалуы мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды.

Қос азаматтыққа қатысты тағы бір күрделі мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды. Бипатрид (қос азаматтығы бар адам) өз Отаның қорғауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әр адам өзінің тұратын елін, соған байланысты азаматтығын өз қалауымен айқындау құқығы бар. Осы құқығын пайдалана отырып, әр адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы мүмкін. Азаматтықтан шығарылған адамның азаматтығы тоқтатылады. Белгілі бір себептерге байланысты азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі мүмкін.

Азаматтық алудың құқықтық жағдайына, оның тәртібі мен жүйелеріне және теориялық проблемаларына қатысты көптеген ғалымдардың арнайы еңбектеріне зерттеу жасалынды. Атап айтқанда, Ғ. С. Сапарғалиев, С. К Амандықова, Б. Е Айтжан, Т. Б Шіркінбаев, С. Баққұлов сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып Парламенттің құқықтық конституциялық мәртебесіне талдау жасалынды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ

МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Азаматтықтың жалпы мәселелері

Заң ұғымы ретінде жеке тұлғаның конституциялық мәртебе құрылымына мынадай компоненттер кіреді:

1) азаматтық; 2) негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер; 3) құқықтық мәртебенің кепілдіктері. Осы компоненттерді жеке-жеке қарастырайық.

Азаматтықты әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады [1, 73] .

Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн.

Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай - ақ, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтар мен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар мен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.

Негізгі құқықтармен еркіндіктерге тең заңдық ерекшеліктер мыналар:

1. Конституциялық құқық пен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.

2. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.

3. Негізгі құқықтар мен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.

4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы бола алады.

5. Қазақстан Республикасының азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтар азаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.

6. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.

7. Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңдық күші бар топтама ел Конституциясы болып көрініс табады.

Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:

Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады [1, 74] .

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялық, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-ші бабына сәйкес айтылады [2, 7] .

Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. Әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.

Конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан.

Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады.

Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы құқығы, мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы, жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы еңбек қатынастары, демалыс салалары, денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласы. Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарында бекітілген.

Қазақстан Республикасының азаматтары бұл адамның мемлекеттен тұрақты құқықтың байланыста болуы. Мұнда олардың өзара құндылықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. Міне осы айқындамада азаматтықты сипаттайтын негізгі белгілер алып көрсетілген.

Тұлғаның мелекетпен арадағы болатын құқықтың сипаты азаматтықты қалыптастыратын негіз ретінде оның заңды тіркеуінде көрсетілуі тиіс. Азаматтың бұл іс-жүзінде іске асырылған жағдай емес, ол құқықтық жағдай болып есептеледі.

Мемлекет азаматы бұл бірін-бірі толықтыратын, оның аумағында өмір сүретін адамдар ретінде ғана қарастырмау керек, өйткені соңғысы тек мемлекет тұрғындары болып - демографиялық категорияны ғана қалыптастырады. Ал осы ұғымға тек мемлекет азаматтары ғана емес, ел ішінде тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктер де кіреді.

Мемлекеттің азаматы болу үшін тек сол елдің аумағында тұрып, өмір сүруі ғана жеткіліксіз. Ол үшін тұлға мен мемлекет арасында ерекше байланыс болуы қажет. Бұл байлданыс көрінісі ретінде заңдылық негізде тіркелген азаматтығын дәлелдейтін құжаттарының болуы және олардың құқықтық реттеуінің болуы, және әрбір занды тұлғаның занды түрде тіркеуінің болуы шарт [3, 35] .

Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: Тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді. Әрбір адамға байланысты-азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:

1. Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты.

2. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал актілерін де тіркеп отырады.

Азаматтыққа байланыста болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді.

Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.

Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары және 1991 жылы 20-желтоқсанда шығып, 1995 жылы 3-ші қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы, және азаматтыққа қатысты құқықтық - нормативтік актлері есептеледі.

Азаматтықты алуға негіз болатын жағдаяттар мыналар:

1. Туылғанан бастап.

2. Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдауы нәтижесінде.

3. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық келісімдерінде қарастырылған жағдайлар негізінде.

4. Заңда көрсетілген негіз бойынша.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңның 11-ші бабында айтылғандай, бала туылған кезде оның ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған болса, қай жерде туылғанына қарамастан ол Қазақстан Республикасы азаматы болып Қазақстанан тысқары жерде тұрақты тұрған болса, баланың азаматығы жазбаша түрде жазылған ата-анасының келісімі негізінде белгіленеді [4, 5] .

Азаматтықты тән алу, мойындау бұл мемлекеттің еркін білдіретін Акт болып есептеледі. Әдетте бұл актіде жұмыс істеп тұрған жағдай бекітіледі. Көп жағдайда заң «нольдік вариантты» қолданады.

Бұл дегеніміз жаңа заң бойынша, аталған жаңа заң өз күшіне енген кезде мемлекеттің азаматтығын қабылдаған барлық тұлғалар мемлекет азаматы болып есептеледі. Аталмыш заң көп жағдайда бұрынғы кеңес азаматтарына қатысты қолданылады, өйткені бұл адамдар өз азаматтықтарын дәлелдеу үшін қандай да бір іс-шараларға бармаған еді.

«Натурализация» ұғымы - бұл Қазақстан Республикасының азаматтығына шет елдік тұлғаның қабылдауын білдіреді. Бұл ұғым сонымен бірге азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауын да білдіреді. Азаматтыққа қабылдау тұлғаның арызы негізінде іске асырылады, ол мұндай жағдайда заң шығарушылық талаптарына толық сай келген жағдайда ғана қанағаттандырылады, (қабілеттілік, кәмелет жасына толуы, отырықшылық теңсіз болуы) . Қабылдау ісі Президент атына өтініш білдірумен іске асырылады.

Азаматтықты тоқтататын негізгі жағдаяттар:

1. «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» заңында көрсетілген тәртіпке сәйкес, тұлғаның өзінің бастамасымен азаматтықтан шығуына тілек білдіруі негізінде.

2. Азаматтықты жоғалтуына байланысты.

А. Тұлғаның басқа бір мемлекеттің әскери қызметіне ауысуына байланысты.

Б. Егер азамамтықты өтірік құжаттарға негізделіп қабылдаған болса.

В. Халықаралық келісім-шарттарда көрсетілген негіз бойынша.

3. Мемлекет аумағында тысқары жерде тұратын тұлғаның себепсіз бес жыл бойы тіркеге тұрмағандығы нәтижесінде.

Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңының 5 - бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы:

Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.

Біз көрсетілген екі құбылысты (құқық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтық нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген [4, 4] .

Қазақстан Республикасының азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, және басқа да мән - жайларға қарамастан заң алдында тең.

Азаматтықты тұтас саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы мәнін де түсінуге болады.

Азаматтық қоғамның табиғи - тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси - құқықтық көрінісі болып табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның «меншігі» болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси-құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ықпал етеді.

Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың кеңестік кезендегі саяси - құқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады.

Азаматтық институты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік - лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлекеттерде танылған, жалпы әлеуметтік көзқарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?

Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді.

Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті, демократиялык және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институты жоғарыда аталған қасиеттердің бірде - біріне ие болған жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді.

Бұл бөлік толыққанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальны түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл туралы кейін егжей - тегжейлі айтылады [1, 89] .

Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтары шектелді. Олар - қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтан аласталған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері, адамның және азаматтың міндеттерін орындау
Мемлекет құқық негіздері
Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz