Акционерлік кәсіпорындардың дамуы және экономикалық тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . . 3

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 5

1. 1 Кәсіпкерлік құрылымдардың институционалды формаларының қалыптасуы . . . 5

1. 2 Акционерлік кәсіпорындардың корпоративтік құрылым ретінде интеграциялануы . . . 10

1. 3 Акционерлік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық құрылымы . . . 16

2 ҚР КОРПОРАТИВТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . . 25

2. 1 Акционерлік кәсіпорындардың ұдайы өндірістік тиімділігі . . . 25

2. 2 Кәсіпорынның рентабельділігі және АҚ төлем қабілеттілігі . . . 33

3 ҚР АКЦИОНЕРЛІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 39

3. 1 Қазақстан Республикасында акционерлік кәсіпорындардың қазіргі кезеңдегі даму басымдылығы . . . 39

3. 2 ҚР акционерлік бағыттағы кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару мазмұны және шетелдік тәжірибесі . . . 43

3. 3 Қазақстан Республикасында акционерлік кәсіпорындардың болашағы мен жетілдіру жолдары . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты - ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация - негізгі қозғаушы күш болмақ.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астамшетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі - 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді [1, 3б. ] .

Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің объектісі - кәсіпорындар болып табылады. Мұндай кәсіпорындар ішіндегі өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың орны өте маңызды және бірегей мәнді иеленді. Ал осы өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыруға қажет қаржыландыру көздерін іздестіру, өндірісті ұйымдастыру, қызмет барысын басқаруды және басқа да маңызды қызмет түрлерін көрсетуді талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті - Қазақстанның акционерлік кәсіпорындарының дамуын талдау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:

  • Кәсіпкерліктің корпоративтік құрылымын экономикалық категория ретінде зерделеу;
  • АК дамуының әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
  • АК дамуды жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
  • ҚР ұлттық экономикасында акционерлік кәсіпорындардың басымдылықтарын анықтау болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Корпоратитвтік құрылымдардың және оларды жетілдіру бағыттары жайлы отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінде соңғы кездері көптеп жарияланып жатыр, себебі бұл біздің экономикамызда жүргізіліп жатырған жаңа өндірістік іс-шара болып табылады. Осы мәселелерді жетілдіру, акционерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мен олардың қазіргі кезеңдегі маңыздылығы жайында келесі Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жарияланған: Әубәкіров Я. Ә., Кошанов А. К., Сабден О. С., Кенжегузин М. Б., Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, Көпешова С. Т. және т. б.

Зерттеу пәні - Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту үдерісіндегі акционерлік компаниялар жүйесі.

Зерттеу объектісі - Ұлттық экономикадағы акционерлік кәсіпорындар қызметінің тиімділігі мен жетілдіру жолдары, ғылыми әлеуеті, кәсіпорындар мен қоғамдар, өнеркәсіп салалары.

Зерттеу жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, тұжырымдардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, суреттер, кестелерден тұрады.

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. 1 Кәсіпкерлік құрылымдардың институционалды формаларының қалыптасуы

Экономикалық теорияда "кәсіпкерлік" түсінігі өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі "кәсіпкерлік теориясының" классигі Р. Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады: "Кәсіпкер - белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам" .

Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алушы ретінде қарастырылды. Рыноктық экономика теориясының негізін салушы Адам Смит “кәсіпкер” терминін кәсіпорын иесі түсінігі ретінде қолданған. Р. Кантильонның пікіріне қосыла отырып, А. Смит кәсіпкер капитал иесі бола отырып, қандайда бір коммерциялық мақсаттарды жүзеге асырып, пайда табу үшін тәуекелге барады деп көрсетеді.

Кәсіпкердің ролі туралы түсініктер әрі қарай Д. Рикардоның “Начала политэкономии и налогового обложения” еңбегінде дамытылды. Д. Рикардо еркін кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, оны тиімді шаруашылық жүргізудің міндетті элементі ретінде қарастырған. Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді .

Жан Батист Сэй кәсіпкерлік туралы өте кең түсінік берген. Ол кәсіпкерлік қызметті жоғары бағалауымен қатар, оның өнім жасаудағы белсенді ролін мойындайды. Жалпы, Сэй кәсіпкерді - менеджерге жақынырақ деген ой айтады [2, 19б. ] .

Ал, К. Маркс капиталист немесе өндіріс құрал-жабдықтардың меншік иесінің қызметін кәсіпкерлікпен теңестірді. К. Маркс өндірістік ресурстың ерекше түрі ретіндегі кәсіпкерлік қабілетке көңіл бөлмеді, бірақ қосымша пайда жинақтаудың маңызды факторы болып табылатын инновацияға алғашқылардың бірі болып көңіл аударды [3, 25б. ] .

Классикалық экономикалық теорияның өкілі Джон С. Милль “кәсіпкерлік” терминін қарастыруда кәсіпкердің негізгі қызметтеріне басқару, бақылау, өзіне тәуекелділікті қабылдауды жатқызады

Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі - кәсіпкердің ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік икемділігінің қосымша фактор ретінде саналуы. ХІХ-ХХ ғғ. Альфред Маршалл өндірістің классикалық үш факторы: еңбек, жер, капиталға төртінші фактор - ұйымдастыруды қосады. Осы уақыттан бастап кәсіпкерлік түсінігі де, қызметтері де кеңейді.

Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й. Шумпетердің "тиімді монополия" концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер - экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші.

Кәсіпкердің жеке қасиеттерін көптеген теоретиктер қарастырды, бірақ Й. Шумпетер ғана оларды жүйелеуге тырысты. Сонымен қатар, өзінің жаңашыл сипатына байланысты менеджердің қызметінен де ерекшелейді. Бірақ, кәсіпкер - бұл ойлап табушы да емес, тек сол ойлап тапқандарды экономикалық түрде жүзеге асырушы адам.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясында П. Друкер, Б. Карлоффтың тұжырымдары көңіл аударуға тұрарлық: олар кәсіпкерлікті инновациялық менеджментпен байланыстырады. П. Друкер экономикалық ғылымға және шаруашылық тәжірибеге "кәсіпкерлік кәсіпорын", "кәсіпкерлік қоғам", "кәсіпкерлік басқару" түсініктерін енгізе отырып, кәсіпкерліктің мәнін бизнесті жүргізу үшін мүмкіндікті анықтау және жүзеге асыру қабілетімен байланыстырады.

1-сурет. Кәсiпкерлiктiң жiктелуi

  1. сурет. Кәсіпкерліктің жіктелуі

Қайнар көзі: Картанбаева А. К. Предпринимательсво. Институционально-эволюционный подход. - Алматы, 2000г. -65с.

Сонымен кәсiпкерлiк - рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады. Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi - новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Қазіргі кезеңдегі кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз (1-сурет)

Жалпы, кәсіпкерлік теориясының дамуы кәсіпкерліктің тұлғалық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жаңашылдық, тәуекелге барушылық сипатын көрсететін қызмет түрі.

Кәсіпкерлік құрылымдардың дамуы кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде дамытуды жетілдіру және аймақтық кәсіпкерлік ошақтарының орталықпен байланысын күшейтуден тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы “жабық экономика” қағидасымен өмір сүре алмайтындығы белгілі. Сондықтан, кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде дамытуды жетілдіру қазіргі ғаламдану дәуірінің талаптарына сәйкес келетін бірден-бір іс. Бұл жерде кәсіпкерліктің аймақтық деңгейде дамытылуының қажеттігі Қазақстан Республикасының географиялық, территориялық ерекшеліктерімен байланысты туындап отыр. Өйткені, аймақтық деңгейдегі кәсіпорындардың орталықпен байланысының үзілуі олардың экономикалық тиімділігін төмендетеді.

Кәсіпкерлік теорияның дамуына талдау жасалғаннан кейін оның қазіргі кезеңдегі ерекшеліктеріне тоқталайық.

Индустриалды экономика шеңберінде ресурстарды басқаруға ерекше көңіл бөлінеді. Рынок экономикасы қалыптасып, ілгері дамыған кезеңінде еркін бәсеке кең тарады, рыноктық қызметтің өкілі ретінде жеке капитал болды. Мақсаты өз шығындары мен пайдасын есептеу және өндірісті рыноктық ұйымдастыру барысында өнеркәсіпті шоғырландыру болғанымен, оның үлес салмағы айтарлықтай көп болмады, өйткені өндірісті шоғырландыру тенденциясы күшейді. Оның басты мақсаты - өз шығындары мен табыстарын жүйелеу немесе реттеу. Бірақ өндірісті рыноктық ұйымдастыру өндірістің шоғырлану тенденциясын күшейтеді. Бірте-бірте өндірістік бизнестің ұйымдық құрылымының жіктелуі байқалып, жеке капитал формаларымен қатар, құрылым фирмалары - монополиялар пайда бола бастады. Монополия билігі бәсекені күшейтті, ол бәсекелестік күрестің өте қатаң және жаңа формаларының туындауына әкеліп соқты. Анықтаулар бойынша таза монополия жағдайларында бәсеке болмайды, яғни, монополия бәсекенің қарама-қарсылығы болып табылады.

Сонымен қатар, тарихи монополия еркін бәсекеден туындады, және қоғамның экономикалық өмірінің айқын көрінісі болып, бәсекені тек жойып ғана қоймай, керісінше, рыноктық құрылымның жетілмеген бәсекесін туындатты.

Кәсіпкерлік пайданы жоғарылату немесе ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік сектор, капиталды бөлу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да бағыттауын күшейтеді. Капиталды қызмет етуші - өндірістік және қаржылық деп бөлу нәтижесінде акционерлік қоғамдар құрылды [6, 26б. ] .

Акционерлік қоғам - бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталды бірлестік. Алғашқы акционерлік қоғамдар Англияда (1600ж. ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал капитализмнің экономикалық құрылымының маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады. Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі тұтынумен тікелей байланысты. Капиталды қоғамдастыру (ортақтастыру) процесі материалды негізінде кәсіпорындар пайда болды.

Акционерлік қоғамның негізгі ерекшелігінің мәні - жұмысшылар арасында акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі аз болғанына қарамастан, біріге иемденушілік сезімін тудыру.

Кәсіпорынды басқарудағы ең қиын жұмыс - бұл білінбейтін жұмыс, ал физикалық еңбекпен айналысатын қызметкерлер кәсіпорынды басқарудағы еңбектің жоғары формасымен айналысатындарға қарағанда жұмысы анағұрлым жеңіл келеді.

Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жылдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салаларды шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Кәсіпкерлік түрлерінің одан әрі дамуы шаруашылықтық қосу тенденциясын біріктіру ретімен қатар, бағалы қағаздар түріндегі жалған капиталды белсенді пайдалануды бірге жүргізетін кәсіпорындардың қызметінен көруге болады. Басқа фирмалардың бақылаушы акция пакеттеріне немесе пайларындағы үлеске иелік ету жолымен олардың қызметтерін бақылайтын және басқаратын және осы қызметтен пайда табатын холдингтік компаниялар немесе холдинг-фирмалар кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Бақыланатын кәсіпорындар холдингте өз дербестіктерін іс жүзінде сақтайды, алайда экономикалық жағынан ол тұтас бір кәсіпорын болып табылады. Холдинг өзіне бағынышты кәсіпорындарды, олардың өндірісін, өнім өткізуін, қаржыландырылуын қамти отырып, тұтас бір кәсіпорын ретінде басқарады. Бұл жағдайда толық бақылау жасау үшін тиісті ұйымдық құрылымдардың, соның ішінде еншілес кәсіпорындардың қаржысы есебінен, сондай-ақ артықшылығы бар акциялардың есебінен кейде капиталдың бірнеше пайызы жеткілікті болады. Биржада - қоғам өзінің кез келген кәсіпорнының акцияларын сатуға және басқаларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, холдинг өзі бақылайтын кәсіпорындардың табысы мен зиянын қайта бөле отырып, баланстарын басқару мүмкіндігін береді [7, 48б. ] .

Бизнесті ұйымдастыру жөнінде, экономикалық теорияда - холдингтермен қатар, траст компанияларын немесе траст-фирмаларды бөліп қарайды. Олар өз акцияларын беріп, орнына өзгенің меншігін басқаруға маманданған. Бизнестің бұл түрі трастілік (сенімді) қатынастар деген атауға ие болды. Өз меншігін трастының басқаруына сеніп берген мүлік иесі, трастқа салынған жалпы меншіктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін және ол таратылған жағдайда түсімнен үлес алуға мүмкіндік беретін траст акцияларының тең иесі болып саналады. Капиталды біріктірудің бұл түрін АҚШ-та синдикат құруға тыйым салған заң шықаннан кейін 1887 жылы мүнай синдикатының заңгері Дод жасаған. Бірақ 1890 жылы тиісті заң қабылданғаннан және 1893 жылы холдингтік компаниялар құруға рұқсат берілгеннен кейін ғана трасттілердің көпшілігі холдинг түріне көшті.

Капиталды біріктірудің неғұрлым кең тараған түрі өнеркәсіп, көлік, сауда, несие және басқа да салалардың жеке кәсіпорындарын заңдылық және шаруашылық жағынан біріктіретін қаржылық топтар болып табылады. Қаржылық топтың концерннен айырмашылығы, оның басында топқа кіретін компаниялардың ақша капиталына билік жүргізетін бір немесе бірнеше банк тұрады, сондай-ақ олардың қызметтерінің барлық салаларын үйлестіреді. Бірлестіктердің басқа түрлерімен салыстырғанда қаржылық топ ұйымдық рәсімделудің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Қаржылық топқа кіретін әрбір фирма өз бетімен халықаралық сауда мәмілелерін жасай алады. Алайда, холдингтерде сияқты, қаржылық топтың ядросы - бас компания, қалғандары шаруашылық дербестігіне қатысты неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдайтын орталыққа айналады [8, 52б. ] .

Қаржылық топқа кіретін өнеркәсіптік кәсіпорындар рынокты өзара бөліседі, баға туралы келісіп, рыноктарға шығуларды үйлестіреді және картельдік келісімге ұқсас қызметпен айналысады. Сонымен қатар, мынадай айырмашылығын атап өту қажет: бұл жұмыс картельде екі немесе бірнеше фирма арасындағы жалған немесе астыртын келісім негізінде жасалса, ал қаржылық топта күнделікті шаруашылық тәжірибе түрінде жүргізіледі.

Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасының ары қарай дамуы, меншіктің жаңа үлесіне негізделетін: шектеулі жауапкершілікті қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер, яғни компанияның жаңа ұйымдық - құқықтық формасының құрылуынан көрінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - тек мүліктік емес, өз салымдары бойынша ғана жауапкершілігі болатын қоғам қатысушыларының капиталын біріктіру формасы.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегідей:

- біріншіден, акционерлік капиталдың жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның (құрылтайшы инкорпорация) акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар, жазылым инкорпорациясы процесінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен де құрыла алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оның құрылтайшыларының пайлық салымдары есебінен де құрыла алады;

- екіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (минимумы) және бір акцияның ең аз мөлшері (минималды) анықталуы қажет. Жауапкершілігі шектеулі қоғам құру үшін жарғылық қор мөлшері аз болады;

- үшіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін - қатысушылардың белгілі бір мөлшері (минимумы) қажет, әдетте, акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды. Әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір адам да (мысалы, Жапония мен Германия Федеративті Республикасы мемлекеттерінде) құра алады;

- төртіншіден, егер антимонополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акциялар қор биржаларында рыноктық бағамен еркін сатылып және сатып алынады. Жауапкершілігі шектеулі қоғамда пайды беру серіктестердің көбісінің немесе барлығының қолдауы арқылы жүргізіледі;

- бесіншіден, жауапкершілігі шектеулі қоғамды құру тәртібі акционерлік қоғамға қарағанда жеңіл, ал оған кеткен уақыт пен құралдардың шығынында төмен.

Қазіргі экономикадағы өте ірі фирмалар көп қаржыны және өндірістік ресурстарды, ұзақ мерзімді инвестицияларды, старттық капиталды талап ететін бизнес, тап осы екі құқықтық формада қызмет етеді. Сондықтан, қазіргі кезеңгі корпорациялар осы құқықтық формаларда болады.

1. 2 Акционерлік қоғамдағы кәсіпорындардың корпоративтік құрылым ретінде интеграциялануы

Меншік құқығының дұрыс қалыптасуы шығындардың төмендетілуіне және ресурстарды рационалды қолдануға ықпал етеді. Осыған орай, экономикалық элементтердің өзара келісімдік формасы жеке шаруашылық субъектілері үшін ақпараттық белгісіздік мәселесін шешеді, экономикада тұтастай мән береді. Бірақ, келісімдік форманы жүргізу үшін арнаулы бір экономикалық институттар құру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, фирманың нақты тұлғасы- корпорация.

Корпорацияны тиімді функционалдау үшін үш міндетті шарттар қаралу керек:

Бірінші саты - жекелік деңгей (яғни Мен), әр азаматтың өзгеру процесі мен кәсіпкерлік практикасындағы (өзің басқар немесе бағын) ролінде экономикадағы өзгеру мәнін түсінуші, әлеуметтік-белсенділік бағытын ұстанушыболып табылады.

Екінші саты - заң бойынша жұмыс істейтін нақты ұйымдастыру-құқықтық формасындағы өндіріс деңгейі, онда әр азамат өз қабілеттілігін қызығушылығын акционер, инвестор, жалдамалы жұмысшы сонымен бірге менеджер ретінде жүзеге асыра алады;

Үшінші деңгей - экономикалық орта деңгейі, онда біз экономикалық, заңдылық, технологиялық, экологиялық және адамгершілік нормаларды сол қоғамның барлық қатысушылары әрекеттесуі ретінде қарастырамыз, сонымен бірге өзге елмен әрекет формасын да еске аламыз.

Кесте 1

Қоғамдық мүше қатынастарының корпорацияға ықпалы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассоциациялық кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың орны мен маңызы
Шағын кәсіпорындар - нарық қатынастарының негізі
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Қазақстан Республикасындағы ақ- ның экономикалық тиімділігі (ақ системотехника мысалында талдау)
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны
Кәсіпкерлік қызметінің теориясы
Банктердің нарықтық экономикадағы ролі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz