«БИОС» жшс-ң қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау



КІРІСПЕ 2
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ 4
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері 4
1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі 7
1.3. Қаржылық жағдайдың мәні 10
II Бөлім. «БИОС» ЖШС.ң ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. 16
2.1. Ұйымның негізгі экономикалық сипаттамасы. 16
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау 19
2.3. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау 36
2.4. Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін бағалау. 52
IІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 56
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 65

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау Биос ЖШС мысалында диплом жұмысы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ 4
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі,
принциптері, мақсаты мен міндеттері 4
1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі 7
1.3. Қаржылық жағдайдың мәні 10
II Бөлім. БИОС ЖШС-ң ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. 16
2.1. Ұйымның негізгі экономикалық сипаттамасы. 16
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау 19
2.3. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау 36
2.4. Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін бағалау. 52
IІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 56
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 65

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында кәсіпорынның
өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы
тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалау керек. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын
алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен
сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары
жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық
жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бұл экономиканың
нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.
Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін
қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару
және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге
асыру керек. Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру
жөніндегі іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің
алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты
сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді
(Президент Республики Казахстан. О дальнейших мерах по реализации стратегии
развития Казахстана до 2030 года. Указ от 17 февраля 2000 года №344:
официальный текст).
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Биос Жауапкершілігі Шектеулі
Серіктестік. Ол 1998 жылы құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі
-ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сату болып табылады. Биос ЖШС-ң өзінің
балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және
сауда белгісі бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Биос ЖШС-ң қаржылық жағдайын бағалау.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау;
2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау;
3. Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік
белсенділігін талдау және бағалау.
Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау,
актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың
жағдайы мен қозғаласын бағалау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс
өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және
кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Биос ЖШС-ң есеп беру формалары
пайдаланылады. Атап атқанда 2004-2005 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп, Түсініктеме хат және Биос Жауапкершілігі Шектеулі
Серіктестіктің Жарғысы.
Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жұмысына
экономикалық түрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бұл көбінесе оны талдай
білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму тенденциясы
зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең және жүйелі түрде
зерттеледі, бизнес-жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың
орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері
анықталады, кәсіпорынның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың
экономикалық стратегиясы жасалады.
Шаруашылық қызметке кешенді түрде талдау жүргізу - бұл бизнестегі
басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми негізі. Оларды негіздеу үшін қазіргі
және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылык тәуекелдерді анықтай
және болжай білу керек, қабылданған шешімдердің шаруашылық жүргізуші
субъектінің тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек.
Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді түрде экономикалық
талдау жасау әдісін игеруі олардың кәсіби дайындығының құрамды бөлігі болып
табылады.
Талдау техникасы мен технологиясын біле отырып, олар нарықтағы
жағдайдың өзгерістеріне оңай бейімделе алады және дұрыс жауап пен шешімдер
таба алатын болады. Осыған орай экономикалық талдаудың негіздерін игере
білу: шешім қабылдауға қатысатындарға да, оларды қабылдау бойыша ұсыныстар
беретіндерге де пайдалы болмақ.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіндік ашты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару
деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен
ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы,
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің
экономикалық өсуіне бағытталады.

I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ

1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі,
принциптері, мақсаты мен міндеттері

Шаруашылық қызмет және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың
зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро- және
микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен
жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың
және т.б. Экономика саласының немесе жеке бір кәсіпорынның нақты
жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы
заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп
жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағын
зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі
капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды,
процестерді және сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының қозғалысын және
оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.
Шаруашылық қызметін талдау пәні экономикалық құбылыстар мен
процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады. Кәсіпорынның
шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру экономикалық
құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға жэне соның негізінде жеткен
нәтижелерге дұрыс баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге
мүмкіндік береді. Себеп-салдар байланыстарды топтастыру, жүйелендіру,
моделдеу, шамалау ШҚТ басты әдістемелік мәселесі болып табылады.
Шаруашылық қызметін талдау объектісі шаруашылық қызметтің экономикалық
нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорында талдау
объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек
және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.
Шаруашылық қызметін талдау принциптері.
Шаруашылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым мен практикадан
алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа алу керек.
Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының
ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын
ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибенің
жетістіктерін, экономикалык зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы
тиіс;
Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық
тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және кәсіпорын экономикасындағы
себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді;
Талдау объективті, нақты, дәл болуы тиіс, нақты шындықты көрсететін
дұрыс, тексерілген ақпаратқа негізделуі керек, ал оның тұжырымдары нақты
талданған есептеулерге негізделуі тиіс. Осы талаптардан
есептеулерді ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы аудитті, сондай-ақ талдау
әдістемесін оның есептеулерінің дәлдігі мен дұрыстығын арттыру
мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;
Талдау жарамды болуы керек, кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы
жіберіп алған мүмкіндіктерді уақтылы анықтай отырып, олар туралы
кәсіпорын басшыларына хабарлау керек, өндіріс барысы мен оның
нәтижесіне белсенді түрде әсер етуі тиіс. Осы принциптен талдау
материалдарын кәсіпорынды басқару үшін, нақты шараларды әзірлеу үшін,
жоспардың деректерін негіздеу, түзету және анықтау үшін нақты түрде
пайдалану қажеттігі туындайды. Басқаша жағдайда талдаудың мақсатына
жетуі екіталай;
Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру
керек. Бұл талаптан кәсіпорындағы талдау жұмысын жоспарлау, оны
орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны жүргізуді
бақылау қажеттігі туындайды;
Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам
және нақты жүргізе білуді, басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге
асыруды білдіреді;
Талдау принциптерінің бірі - бұл талдау жүргізуге
кәсіпорын қызметкерлерінің көпшілігі катыса алатындығын пайымдайтын
оның демократиялығы, бұл алдыңғы қатарлы тәжірибені толығырақ анықтауға
және барлық ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді;
Талдау экономикалық құбылыстарды, процестерді, шаруашылық ету
нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс. Басқаша
айтканда, шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалай отырып олардың
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясат пен
заңдарға сәйкестігін ескеру керек;
Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп
есе әсерін тигізуі керек.
Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік,
жүйелілік, объективтілік, дәлдік, шындық, әрекеттілік, оперативтілік,
демократизм, тиімділік жэне т.б. болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г.В., 2003).
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып
табылады:
• қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне
баға беру;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын
зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы керсеткіштерін, сондай-
ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын
төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі жөне оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек жөне материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі көсіпорының өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегінде
қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді
(Дүйсенбаев К.Ш., және т.б., 2001 ).

1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі

Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып,
неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген,
экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.
Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі
экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін
макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді
зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы шаруашылық
қызметті талдау (ШҚТ) деген атау алған.
Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін
тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің
пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық
және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап
айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың
айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында
болды.
Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі
ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен
туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады:
шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару
шешімдерін қабылдау.
Жоспарлаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің
және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны
анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің
қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету
жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Ресурстар__________
Басқарылатын жүйе
(жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық,
маркетингтік және басқа да қызметтер)

Өнімдер мен қызметтер

Басқаратын жүйе

Жоспарлау Есеп және бақылау
Талдау Басқару шешімдерін қабылдау

1-сурет. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны.
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы
туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару
функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік
процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және
жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың
арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік
ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен
уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық
көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық
қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер,
пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т.б.
айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі.
Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді.
Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды
негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның
тиімділігін арттырады.
Демек, экономикалық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және
оңтайлаңдыру үшін қажетті деректерді дайындау бойынша қызмет ретінде
қарастыруға болады.
Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті
жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең
талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны
бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды
дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық
қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын
мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз
ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың
орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі,
өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық
қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар
олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын
жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл
жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік
береді.
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды
негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше
нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі
және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп
отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің
үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың
өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде
түзетулер енгізіп отыруы керек.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды
талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға,
алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен
өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен
жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының
нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.
Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі
маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми
негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.
Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде
артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:
• шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына, өндірістің
ғылымды және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс
тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;
• басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға
біртіндеп көшуден;
• меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру
мен экономикалық реформаның басқа да шараларына байланысты шаруашылық
жүргізудің жаңа формаларын құрудан.
Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және
ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-
әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық талдауларға
негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық
шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы
тиіс. ШҚТ рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және басқару шешіміндегі
қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар етеді. Және керісінше,
ШҚТ байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы нәтижеге, жоғары экономикалық
тиімділікке жетеді ( Савицкая Г.В.,2003 ).

1.3. Қаржылық жағдайдың мәні

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет
"Кәсіпорынынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны
қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын керсетеді".
В.М.Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т.Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни
төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану;
валюталық өзін-өзі өтеу" — деп жазады (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001).
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы
бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу
қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем
қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М.Родионова мен М.А.Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б., 2001).
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
"Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді
қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" — деп жазады
В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың ойынша бұл
ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек жөне анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі — деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста.
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы жөне толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесіндей түрлерге жіктейді:
1. пайда болу орнына байланысты — ішкі және сыртқы;
2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты — негізгі және негізгі
емес;
3. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4. әрекет ету уақыты бойынша — тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына
байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның түрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім жөне өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі —
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері — кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл
қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар
оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар
нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін
тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның
қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты, жоғары болады, алайда, сонымен бірге
қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? — деген қауіп туады.
Және де б9л жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның
жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер жөне тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу —
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс
(Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б., 2001).
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір
пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта — облигация құнын
толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген
коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып
несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан
оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің
қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша
айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру
орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен
және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, көсіпорынның өзінің
жөне оның серіктестерінің қаржылық жөне басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл — талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен көсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын
қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы -
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

II Бөлім. БИОС ЖШС-ң ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.

2.1. Ұйымның негізгі экономикалық сипаттамасы.

I. Жалпы жағдайы.
Биос Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік 1998 жылы құрылған.
Ол өндіріс, шаруашылық, делдалдық, коммерциялық, қаржылық, ақпараттық және
өзге де қызмет түрлерін көрсету мақсатында құрылған. Басты мақсаты - заңды
және жеке тұлғалардың тауарларға, қызметтерге қажеттіліктерін
қанағаттандыру және максималды табыс табу. Меншік түрі - жеке.
Серіктестік құрылтайшылары - жеке тұлғалар. Ол заңды тұлға болып табылады
және өзін-өзі қаржыландыруға, өзін-өзі өтеуге негізделген. Меншігінде өз
мүлкі, балансы бар. Негізгі қызмет түpi - ветеринарлық дәрі-дәрмектерді
caтy. Биос ЖШС өз қызметін келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады:
-Биос ЖШС Жарғысы;
-Биос ЖШС Құрылтай келісім-шарты;
-Қазақстан Республикасының Азаматық Кодексі 1.07.99жыл №409-
1(өзгертулер мен толықтыруларды қоса);
-Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілікті серіктестіктер туралы Заңы 22.04.1998жыл №220-1(өзгертулер
мен толықтыруларды қоса);
-өзге де заңдар, нормативтік актілер, инструкциялар және методикалық
ұсыныстар.
Биос ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады (яғни
активтердің орташа жылдық кұны 60000 АЕК-ке дейін, қызметкерлер саны 50
адамнан аспауы қажет). Серіктестіктің өзінің балансы, банкте есеп айырысу
және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және сауда белгісі бар. Серіктестік
шектеусіз мерзімге құрылған. Кәсіпорынды қайта құруды жоюды кәсіпорын
басшылығы шешеді және заңмен қаралған басқа жағдайларда. Жарғылық капиталы
62000 тенге. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасында және өзге де
алыс немесе жақын шетел мемлекеттерінде, олардың заңдарына, жарғыға,
келісім-шартқа сәйкес жүзеге асырады.
П.Басқару, ұйымдық құрылымы.
Серіктестікті басқару органдары: Ең жоғарғы басқару органы -
Құрылтайшылардың жалпы жиналысы. Атқарушы - Директор болып табылады.
Қатысушылар жалпы жиналысының және директордың құзыреті Қазақстан
Республикасының заңдарымен және серіктестіктің Жарғысымен анықталады.
Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды ревизиялық комиссия
(ревизор) жүзеге асырады. Ревизорлық комиссияны (ревизор) жалпы жиналыста
таңдайды. Ревизорлық комиссия директордың қызметін тексереді. Бухгалтерия
бөлімінің қызметі: шаруашылық қызмет туралы толық әрі сенімді ақпараттарды
белгіленген уақытта ұсыну; қаржылық есеп беруді (бухгалтерлік баланс,
табыстар және шығыстар туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру) құру және уақытылы өткізу; бухгалтерлік есепті
компьютеризациялау.
Кесте-1.
Биос ЖШС қаржы - шаруашылық қызметін талдау*
Көрсеткіштер 2004 жыл, мың тенге 2005 жыл, мың тенге Ауыт-
ку(+,-) өткен
жылға
(%)
1.Өткізуден (сатудан) түскен түсім 6896,606 10262,222 3365,616
32,8
2.Өнімнің өзіндік құны 5648,498 7584,883 1936,385 25,5
З.Жалпы табыс 1248,108 2677,339 1429,231 53,3
4.Кезең шығындары 1252,966 2484,054 1231,088 49,5
5.Салық салынғанға дейінгі табыс — 87,345 — —
6.Табыс салығы — 47,618 — —

1-ші кестенің жалғасы
7.Таза табыс — 47,618 — —
8.Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 23,017 32,452
9,435 29
9Қор қайтарымдылығы 300 316 16 5
10.Қор сиымдылығы 0,00333 0,00316 0 0
11.Қор жарақтануы 3,836 4,057 0,221 5,4
12.Материалдық емес активтер 12,936 12,936 — —
13.Ақша қаражаттары 3306,732 13,775 -3292,9 23905
14.Тауарлар 5504,288 13358,133 7853,845 58,8
15.Дебиторлық берешек 531,856 415,962 -115,894 -27,9
16.Кредиторлық берешек 9364,909 13746,681 4381,772 31,9
17.Қызметкерлер саны (адам) 6 8 2 25
18.Еңбек өнімділігі 1149,434 1282,777 133,343 10,4
19.Активтердің айналымдылылығы (рет) 1,19 0,88 -0,31 -35,2
20.Сату табыстылығы
(рентабельділігі), (%) 0,18 0,26 0,08 30,8
21.Активтердің пайдалылығы (рентабельділігі), (%) — 0,004 —


Биос ЖШС-ң бухгалтерлік балансы және қаржы - шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
Біз 1-ші кестеде көріп отырғанымыздай, өнімді өткізуден түскен
табыс есепті жылы 10262,222 мың тенгені құраған, өткен жылмен салыстырғанда
32,8%-ға өсті. Сонымен қатар есепті жылы өнімнің өзіндік құны 25,5%-ға,
жалпы табыс 53,3%-ға, кезең шығындары 49,5%-ға өсті. Кәсіпорын 2003 жылды
зиянмен жапты. Бірақ 2004 жылы өнімді өткізуден түскен түсім көбейіп, жылды
табыспен жабуға әсер еткен бірден-бір фактор. Бұдан біз кәсіпорынның
қаржылық жағдайы жақсарды деп айтуымызға болады. Есепті жылы негізгі
құралдардың орташа құны 29%-ға, қор қайтарымдылығы 5%-ға, қор жарақтануы
5,4%-ға, тауарлар 58,8%-ға, дебиторлық берешек 27,9%-ға кеміді,
қызметкерлер саны 25%-ға, еңбек өнімділігі 10,4%-ға, сату табыстылығы 30,8%-
ға өсті. Бұның барлығы оң деп бағаланады. Негізгі құралдардың орташа жылдық
құнының өсуі және түскен түсімнің өсуі, қор қайтарымдылықтың өсуіне әсер
етті. Бірақ қор сиымдылығы өте аз және өзгермеді деуге болады. Еңбек
өнімділігінің өсуіне түскен түсім өсуі мен қызметкерлер санының өсуі әсер
етті. Сату табыстылығының өсуіне түскен түсімнің өскені әсерін тигізді.
Ақша қаражаттары өте үлкен сомада азайған. Кредиторлық берешек те есепті
жылы үлкейген. Активтердің айналымдылығы 35,2%-ға баяулады, айналым саны 1
ретке де жетпеді. Есепті жылы кезең шығындары да 49,5%-ға жоғарылады. Бұл
кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер етеді.
Осыған орай мынадай ұсыныстар жасауға болады: түскен түсімді
көбейту үшін, ең алдымен алып-сататын тауарлар санын көбейту; тауарлар
сапасына мұқият болу керек; сатылатын тауарлар ассортиментін молайту;
өткізілетін өнімнің өзіндік құнын мейлінше азайту; серіктестіктерді дұрыс
таңдау; тауарлы-материалдық қорлардың қалдығын азайту; еңбек өнімділігін
көтеру; ақша жұмсалуына, дебиторлық жэне кредиторлық берешек сомаларына
бақылау жасау, әсіресе бұрын пайда болғандарға және ірі сомаларына мұқият
болу; кезең шығындарын азайту; жұмыстың ұйымдастырылуын жақсарту; есептеу
жүйесін жетілдіру; тауарды өткізуді дұрыс ұйымдастыру; қосымша қаражат
тарту.

Директор

Ветврач
(провизор)
Ветврач
(провизор) Бас бухгалтер Вед. специалист Вед.
специалист

Помощник
Бухгалтер Қойма меңгерушісі

Кассир

2-сурет. Биос ЖШС- ң ұйымдық құрылымы.

2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау

Іс жүзінде қолданылып жүрген шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметінің қаржылық көрсеткіштері әдетте екі үлкен топтарға бөлінеді.
Бірінші топқа нормативтік мәндері бекітілген көрсеткіштер жатады. Бұл:
қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілік пен өтімділік көрсеткіштері. Екінші
топтағы көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндер бекітілмейді. Бұл топқа
табыстылық (рентабельділік), тиімді басқару мен іскерлік белсенділік
көрсеткіштері жатады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем
қабілеттілікпен тығыз байланысты. Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың
сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның қаржылық
мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту,
кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни
меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары
есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен қаржылық тәуелсіз
болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті
мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-
қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1,
K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:
K³1 = Заемдық қаражаттар
Жалпы капитал
Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін
білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да
пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің
қорытындысы).
Қаржылық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем
қабілеттілік, нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің
әрекеттеріне тәуелді болмау. Сондықтан бағалаудың осы түрі, жақыннан
қараған кезде, төлем қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті
өтімділікке ұқсатады және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы деп, менің ойымша, қаржылық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге
қамтамасыз ететін қаржылық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік
нүктесі - бұл нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды
қарызға алуға тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес,
керісінше тек теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен
айтқанда мүмкін болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайынының маңызды сипаттамаларының бірі -
ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық
жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы
жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің
жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын
қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі
осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен
кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан
тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2003).
Кез-келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың
мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі
мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды
қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі
ерекшеліктерімен анықталады.
Біріншіден, ресурстар (материалды, қаржылық, интеллектуалды,
ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.
Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және
қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше,
уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын
білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.
Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар:
нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі,
мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және
көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату
жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және
т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде
ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).
Қаржылық ресурс қосымшасында нарықтың қалыптасқан ерекшеліктері
капиталды оның иелері қарыз алушыларға ұсынуында көрінеді. Бұл процедура
екі жаққа да пайдалы екен; кейде қарыз алушы позициясынан капиталды
негіздеген түрде қатыстыру меншікті қаражаттар көздерін қосымша
мобилизациялаумен салыстырғанда эконмикалық жағынан тиімдірек болуы мүмкін.
Сонымен бірге қандай да бір пайда алу тілегі әрқашанда
міндеттемелерді орындау қажеттілігімен үйлесіп жатады, соның ішінде өзіне
белгілі бір тәуекелді алумен байланысты. Уақытша алынған ұзақ мерзімді
болса да, акша қаражаттарын пайдалану үшін міндетті түрде төлем жасап түру
қажет; одан басқа, қатыстырылған қаражаттарды қайтару керек.
Сондықтан кәсіпорын өзінің ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелері
бойынша жауап беру қабілеттігін бағалау мәселесі туады – кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні осыда.
Мен ең алдымен баланс активтерінің және олардың құрастырылу
көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаймын. Ол үшін 2003, 2004
жылдардағы баланс мәліметтерін мұқият зерттеу қажет.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау —
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтерінің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын
көрсетеді. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың
тартылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Кесте-2.
Биос ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер 2005 жыл басы 2005 жыл соңы Жыл бойындағы
өзгеріс (+, -) Құрылымы-ның өзгеруі

сомасы мың тг үлес і % сомасы мың тг үлесі
% мың тг (Згр-ігр) 5:1*100 (4гр-2гр)

1 2 3 4 5 6 7
Активтер құны, барлығы соның 5527,305 100 13390,58 5 100
7863,28 142,26 -
Ішінде:
1.1.Ұзақ мерзімді
активтер: -Негізгі құралдар 23,017 0,42 32,452 0,24 9,435 41
-0,18
1.2.Ағымдағы
активтер:
-Дайын өнім,
тауар 5504,288 99,5 8 13358,33
3 99,76 7853,845 142,7 +0,18
Биос ЖШС-ң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Аймақтың экономикалық дамуы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Пәндер