Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеттің магистратурасы
«Малдәрігерлік медицина» кафедрасы
Магистрлік диссертация
Ірі қараның кератоконъюнктивитін П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаинмен тежеу әдісін қолдану арқылы кешенді түрде емдеу.
Орындаушы: Муратбаев Даулетбек Манарбекович
Ғылыми жетекшілері: м. ғ. д. , профессор К. Н. Кожанов
м. ғ. д. , профессор Б. К. Ильясов
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
- Әдебиетке шолу. Жануарлардың
себебі мен таралуы . . . 5
- емдеу және алдын-алу . . . 19
- Өзіндік зерттеулер.
2. 1 Зерттеу материалдары мен әдістері . . . 34
2. 2 Зерттеу нәтижелері
2. 2. 1 Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу . . . 38
2. 2. 2 Ауру ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын микробиологиялық зерттеу . . . 38
2. 2. 3. Жануарларды клиникалық және зертханалық
зерттеулердің нәтижелері . . . 40
2. 2. 4. Ірі қара малының қасаң қабығы мен конъюнктивасының қабыну процессін 1%-ды тетрациклин жақпа майымен емдеу (1 топ, бақылау тобы) . . . 41
2. 2. 5. П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісімен және Ветом 1. 1 пробиотигін ауыз қуысы арқылы беру.
( Екінші топ) . . . 44
2. 2. 6. Ірі қара малының қасаң қабығы мен конъюнктивасының қабыну процесін П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісімен емдеу ( 3- топ бақылау тобы) . . . 46
- Зерттеу нәтижелерін талқылау . . . 48
- Қорытынды . . . 53
- Өндіріске ұсыныс . . . 54
- Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 55
- Қосымшалар . . . 63
Тақырыптың маңыздылығы. Ауылшаруашылық малдарының барлық көз ауруларының ішінде кең таралған ауруы конъюнктива мен қасаң қабықтың қабынуы. Бұл тіндердің, қабақтардың анатомиялық тығыз байланысты болу себебі мен олардың ашық орналасуында болып тұр. Олар сыртқы ортаның жағымсыз факторларына бірінші болып ұшырайды. Осының салдарынан кератит және конъюнктивит түріндегі қабыну процестері дамып, бірақ жиі кератоконъюнктивит ретінде кездеседі. Бұл ауру жануарлардың көпшілігін зақымдауы мүмкін, көбінесе ірі қара малда кездесіп, жаппай кератоконъюнктивиттер деп аталынады. Осы патология үлкен экономикалық шығын әкеледі . Шығын - өнімділігінің азаюынан, төлдердің өсуінің баяулауынан, тірі салмақты жоғалтудан құралады. Орташа есеппен ауырған малдың 25-30% соқырлыққа ұшырап, ал соншасының көру қабілетінің 50%-ға нашарлауына алып келеді (С. А. Фомин 1968 ) .
Малдәрігерлік офтальмологияда емдеу жайында көптеген жұмыстар арналған және қазіргі уақытта әртүрлі сипаттағы емдеу әдістері ( этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ) ұсынылған. Жануарларды емдеуге ұснылған әдістер мен заттардың тиімділігі шартты-патогенді және патогенді микрофлораның қазіргі антибиотиктерге деген сезімталдығына байланысты жеткілікті мөлшерде тиімді емес, сондықтанда өндірістін талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа препараттар мен емдеу әдістерін енгізу маңызды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Зерттеудің мақсаты - малдәрігерлік тәжірибеге емдеудің тиімді әдісін енгізу. Осыған байланысты келесідей мақсаттар қойылды:
- П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигінің ірі қара малдың дамуы мен барысына әсерін зерттеу.
- Ірі қара малдың П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигі емдегенде клиникалық, қанның морфологиялық және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу.
- Пробиотиктердің патогенетикалық терапиямен қолдану кезіндегі емдік тиімділігін жалпы қабылданған әдістермен салыстыра отырып анықтау.
- Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып шаруашылыққа ұсыныс жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Малдәрігерлік офтальмологияда алғашқы рет новокаин тежеумен бірге пробиотиктер қолданылды. Жануарлардың катаралды және іріңді-катаральды кератоконъюнктивитіне клинико-морфологиялық және иммунологиялық сипаттама берілген. П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигімен емдеу схемасы тәжірибеден өткізілді.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы мен қолданысқа енгізілуі. Малдәрігерлік тәжірибеде ірі қара малдың емдеуінің жетілдірілген және тиімді әдісі ұсынылған. Алынған мәліметтер Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Унивеситетінің Аграрлық факультетінің малдәрігерлік медицина кафедрасының малдәрігерлік хирургия пәні бойынша қолданылуда.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
- П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигінің қабынуға қарсы әсерін тексеруі.
- П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигінің терапевтік тиімділігін анықтау
- П. П. Гатин-Б. К. Ильясовтың новокаин тежеу әдісі және Ветом 1. 1 пробиотигімен емделген ірі қараның қанының морфологиялық және иимунобиологиялық көрсеткіштерін зерттеу .
Жұмыстың сыннан өтуі және жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша 2 мақала ашық басылымға шықты. Омсктің мемлекеттік аграрлық университетінің халықаралық форумында баяндалған.
Диссертацияның көлемі мен құрылысы .
Диссертация 73 бет көлемінде басылып, әдеби шолудан, өзіндік зерттеуден, зерттеу нәтижелерін талқылаудан, қорытындыдан, өндіріске ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертация мәтіні 6 кестеден, 3 суреттен, 6 диаграммадан, 95 әдебиет көзінен тұрады.
1. Әдебиетке шолу.
Жануарлардың себебі мен таралуы.
Кератоконъюнктивит-көздің конъюнктивасы мен қасаң қабығының қабынуымен сипатталатын көздің ауруы. Анатомиялық тығыз байланысты болғандықтан, бұл тіндер бір уақытта зақымдалынып, ауру әртүрлі түрде және қабыну ауыртпалығында кездеседі. Кератоконъюнктивит жануарларда жиі кездеседі және жаппай қасиетте болып, ірі қара мал басынының 50-70% дейін зақымдайды (M. Богданов, 1927; (1) M. B. Плахотин (2, 3, 4, 5 ) және басқалар„ 1966; В. А, Черванев (6), 1995, 1998; Е. П. Копенкин, (7) 2000; А. А. Габбасов(8) 2000; С. М. Воробьев (9), 2001; И. А. Золочевский (10), 2002; И. З. Зарипов, 2002) (11) .
Жаппай кератоконъюнктивиттер індетті ( риккетциялық, диплобацилярлық, хладимиозды, герпесвирустық және т. б. ) , инвазиялық ( телязиоз ) , аллергиялық және авитаминоздық деп бөлінеді.
Ірі қара малдың індеттік кератоконъюнктивитін А. Березов (12) (1890) , В. Бенкевич (13) (1900) , А. Башкирцев (14) (1901) , Богданович К. М. (15) (1902) , Малыгин (16) (1938 ) , К. Выржиковский (17) 1893 жылы бұл ауруды «жылқы мен ірі қараның жаппай көз ауруы», ал А. Нифонтов (18) 1933 жылы « ірі қараның індетті кератиті» деп атаған.
Шетелдік әдебиетте індетті кератоконъюнктивитті бірінші болып T. S. Billing (19) сипаттаған (1889) . Бұл патология көптеген елдерде байқалынған және зерттелінген (J. X. Coles (20), 1936; Е. М. Baldwin (21), 1945; J. B. Henson (22) және B. S. Cooper, I960 (23) ; J. Dimic (24), I960; LA. Sykes (26), 1962; X Kita (26), 1975; F. L Janawski, M. Banbura (27), 1976)
Көптеген жылдар бойы зерттеулер аурудың себебін анықтауға бағытталды. Аурудың аталуына этиологиялық фактормен байланысты деп осы аурумен айналысқан авторлар тұжырымдаған. Көптеген зерттеушілер кератоконъюнктивитті кен таралған және инфекциялық офтольмопатия деп анықтаған. Көптеген уақыт бойы кератоконъюнктивиттің өзіндік қоздырғышы сонғы уақытқа дейін анықталмаған болатын ( Е. П. Копенкин (7), 2000) . Ауру малдың конъюнктивиалды қапшығының ақпасынан F, Jones (28), ; Н. Минчев (29) (1958) ; В. Г. Андриасяч (30) (1989) ; Е. П. Копенкин (1970, 2000) ; Захаров (31) (1962) ; М. А. Salisbury, R. L. Kaswan, J. Brawn (32) (1995) және басқалар әртүрлі микробтарды анықтаған: стафилококктар, стрептококктар, протей, ішек таяқшасы, диплококтар, аэробты споратүзуші бактериялар және т. б.
J. Allen (33) (1918) ауру малдың жасымен батырылған тампон арқылы сау малдың конъюнктивиалды қапшығына енгізу арқылы аурудың таралуын дәлелдеген. А. В. Макашев (34) есептеуі бойынша аурудың себебіне бір ғана қоздырушы ғана емес, бірнеше қоздырушы себеп болады, Н. И. Красаин (35) (1948) байқауы бойынша, « . . . бактериялы этиологиялы жаппай кератиттер, ірі қараның жеке ауру ретінде кездеспейді» . Ол жаппай кератоконъюнктивиттің себебі: гельминт-телязий деп есептеп, ал көз ақпасын зерттеу кезінде табылған микроорганизмдерді оның ойынша секундарлы рольде болып, қабыну процесін асқындыратын фактор деп есептеген.
Шетелдік көптеген авторлар ( N. Brawn және т. б. ; (36) 1998; Н. Bullan, А. Mann, 1972; A, Furowtcz, (37) 1976; М. Oka (38), 1976; R. M. Dodt (39), 1977; D. H. Slatter (40) және т. б. . 1982; G. W. Pugh және т. б. (41) 1986; N, Vamiergaas (42) және т. б. 1989; ) және Ресейдегі авторлар жаппай кератоконъюнктивиттің індеттік этиологиясын жақтап, басты рольді Моракса-Аксенфельд ( Г. Аксанфельд (43) , 1939 ) берген, F. S. Jones және R. B. Little (44) 1924 жылы кератоконъюнктивитпен ауырған ірі қараның конъюнктивиалды ақпасынан диплобацила Moraxella bovis-ты анықтады. Бұл қоздырғышты сау бұзаудың конъюнктивиальды қапшығына енгізгенде конъюнктивитті тудырды. Бұл микроорганизмдер ауру малдың мұрын ақпасынанда табылған. Е. М Baldwin (45) (1945) сау малдың көздерін бактериологиялық зерттеу барысында Moraxella bovis-ты анықтамаған. Морфологиялық құрылысы - ұзындығы 2 және ені 0. 4-0. 5 мк болатын, қысқа және шеттері дөнгеленген грамтеріс таяқша. Зақымдалған көздің боялған жұғындысында жеке немесе қысқаша тізбекпен орналасады. Таяқша қанды агарда культивацияланып, жартылай мөлдір колиниялар болып өседі (B. S Cooper, (45) 1960; J. B. Henson (46) және т. б. 1960 ) . Өсірілетін ортада микроорганизмдердің өсуі кезінде екі формасы: гемолитикалық және гемолитикалық емес түрі анықталған (G. W. Pugh, D, E Hughes. 1968) . Зерттеушілер мезгіл сайын эксперементті түрде тузызып отырды, Moraxella bovis-тің таза өсіндісін сау ірі қараның конъюнктивиалды қапшығына енгізу арқылы (Е. М. Baldwin, 1945; B. S. Cooper, 1960; J, B. Henson, L. C. Grumbles, I960) . Жануарларды осы әдіспен зақымдау барысында індетті кератоконъюнктивитке сәйкес келетін зақымдау пайда болған (J. B. Henson 1960) . Бірақта басқа тәжирибеде Moraxella bovis-тің таза өсіндісінің бірнеше түрінің инокулятымен ірі қараны зақымдағанда инфекция дамымаған. (H. Farley. 1950) . Тәжірибелік негізде диплобациллярлы кератоконъюнктивиттің дамуы ультракүлгін сәуленің әсері анықталған(D. E. Hughes және т. б., 1965, 1968; G. W, Pugh, D, E, Hughes, 1968) . Бес жыл бойы далалық тәжірибе барысында табындағы ауру мал санының анықталуы мен табиғи ультракүлгін сәуленің қарқындығы арасында жағымды корреляция анықталған(D. Е. Hughes және G. W- Pugh, 1970) .
Бұл мәліметтерді ескере отырып, ірі қара малдың бактериологиялық этиологиялы індеттік себебі Moraxella bovis пен күннің ультракүлгін сәулесі патологиялық әсері деп табылды.
Бірақта ірі қараның диплобациллярлы кератоконъюнктивиттің сезімтал жануарларға экссудат немесе зақымдалған көзден ақпа арқылы, табиғи таралуы жолдары көп уақытқа дейін шешілмеген болатын. G. W. Pugh және т. б. (1986) бұл аурудың негізгі тасымалдаушысы Musca autumnalis шыбыны анықталды. Басқа авторлар (К. Е. Кореску және т. б. 1986) жанасу арқылы таралатындығын көрсетті. Кейбір ірі қара мал даралары қыс айлары кезінде қоздырғыштың тасымалдаушысы болуы ықтимал . Көктем және күз айларында далалық және бөлмелік шыбындар зақымдалған көзден жастық сұйықтықты жеп, одан кейін сау малға қонып микроорганизмдердің механикалық тасымалдаушысы болады. Сонымен қатар тасымалдаушы фактор болып мұрын ақпасы болуы мүмкін.
Конъюнктивиалды қапшықтан шайылыған экссудат, экскреттер және бактериялар мұрын-жастық канал арқылы мұрын қуысына түседі. Зақымдалған тамшылар қатты тыныс алғанда және жөтелгенде ауаға таралып басқа жануарлардың көзіне түседі. Қасыну және басқа малдарды сүзу инфекцияның таралу жолы бола алады. А. Ф. Русинов (1987) індетті кератоконъюнктивит, тек сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен ( ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, құрғақ және ыстық ауа райы, жел, щан және т. б. ) конъюнктива мен қасаң қабықтың резистентілігінің төмендегенде Moraxella bovis-тың дамуына жағдай туындайтындығын анықтаған. Ол сонымен қоса Moraxella bovis басты рольге ие болып, секундарлы инфекцияны тудырады. Конъюнктивиалды қапшықтағы шартты-патогенді микрофлора індеттік процессті асқындырып, іріңді қабынуды тудырады.
Г. Б. Дегтяров (47) , К. Ф. Петров және Ф. Л. Гаджибалиев (1965) індетті кератоконъюнктивит лептоспирозбен ауырған ірі қара мен жылқыда дамитындығын анықтаған. Бірақта М. В, Плахотин, В. И. Захаров және Р. С. Алахвердиев (48) (1966) жүргізген зертеулеріне сәйкес кератоконъюнктивиттің лептоспироздық этиологиясы расталмады. Зерттеу барысында ауру малдардың конъюнктивасы мен қасаң қабығынан алынған сөл, жағындыларда және сонымен қатар микроаглютинация реакциясымен тексергенде лептоспироз табылмаған. Бірақта авторлар лептоспироздық зақымдау мен қатар басқа себепті жаппай кератоконъюнктивитті жоққа шығармайды. Әйтседе ірі қара мен жылқының лептоспирозының ауыр түрі конъюнктивитпен қатар жүруі теріске шығарылмайды(Ю. А. Малахов, 1992) . Жылқыларда лептоспироздың асқыну ретінде кезен сайын жүретін офтальмияны келтіреді (көздің кезен сайын қабынуы ) (Ю. А. Малахов (49), 1992) .
Кератоконъюнктивиттің қоздырғышының бактериялық емес қоздырғышын табу мақсатында конъюнктива мен қасаң қабықтың эпителийлері зерттелді. 1931 жылы онтүстік ірі қараның қабынған конъюнктивасы мен қасаң қабығынан J. D. Coles (50) риккетсияны тапты. Бұл микроорганизмдер көздің кілегей қабаты мен қасаң қабақтың эпителий торшалында әртүрлі енулер түрінде немесе торшалардын ыдырауынан кейін кездескен. Осылай келе бұл микроорганизмдер кератоконъюнктивиттің қоздырғышы бола алатындығы анықталды.
M. B. Рево (51) , Г. Ф. Панин (52) (К. А. Фомин (53), 1968), К. А, Дорофеева (54) (1969) және басқалар, Ricolesia bovis (Ricketsiae conjunctivae) ұсақ, полиморфты 0, 5 тен 1 мкм өлшемдегі, кокко-, диск- және таяқша түріндегі (коккатәрізді 0, 3-0, 6 мк өлшемдегі, ұсақ таяқша тәрізді (0, 7-0, 8 мк) және ірі таяқша тәрізді (0, 8-1, 2) ) микроорганизм. Аурудың бастапқы кезенінде ірі риккетсиялар, кешірек ұсақтары анықталады. Г. Ф. Паниннің (1953) жұмыстарына сәйкес риккетсиялар 0, 6-0, 8 мк фильтрлерден өтіп кетеді.
Ауру малдың конъюнктивиалды қапшығынан алынған, сонымен қатар өсірілген (6-7 күндік тауық эмбрионында өсіріледі) риккетсиялармен кейбір авторлар мүйізді ірі қараның төлдерінде қолдан кератоконъюнктивитті тудыра алды ( И. А. Фарзалиев, 1964; (55) М. В, Плахотин (2) және басқалар, 1968) . Риккетсияның кез-келген түрін көздің алдынғы камерасына керекті суспензиямен енгізгенде П. Ф, Здродовский (56) және Е. М Голиневич (1972) қояндар мен теңіз шошкаларында риккетсиозды инфекцияның көздік түрін тудыра алды .
Табиғи жағдайда риккетсиозды кератаконъюнктивитке барлық жанурлардың түрі сезімтал (Г. Ф. Панин, (52) 1953; К. А. Дорофеев, 1954; Р. С. Алахвердиев және Г. С. Ахаев (57) , 1973; А. В. Ляушкин. M. И. Рыков, И. М. Крючков (58), 1973) . К. А. Фомин (1968) риккетсиозды кератоконъюнктивит әртүрлі жануарлардың түрін ұстайтын шаруашылықтарда таралады, бірақ көбінесе жануарды бір түрі ғана ауырады деп тұжырымдады. Мысалы: қойлар зақымдалса, олармен бірге жайылып жүретін ешкілер зақымданбаған. Немесе шошкалардың жаппай , ірі қарада ауру анықталмаған және керісінше. Бұл ерекшелік автордың тұжырымы бойынша қоздырғыштың түрлік ерекшелігімен түсіндіріледі.
С. H. Gallaher (1954) , G. Cantin (1956) , A. Voigt, O. Dictz (1962) Rickettsia conjunctivae және Moraxella bovis ірі қараның індетті кератоконъюнктивиті дамуында бірін-бірі ассоциалайтындығын жоққа шығармайды. Осы уақытта M. Miller, H. Liebermenn (1961) Германияда барлық жағдайда тек қана R. conjuntivae bovis тапқан. Риккетсияның басты ролін Р. Faye, A. Chorton (1962) В. П. Громов (59) , И. И. Вершинин Н. А. Подшивалов (60) (1963) және басқалар көрсеткен.
Көптеген зеттеушілер риккетсиозды кератоконъюнктивитпен ірі қараның 3 айлық және одан жоғары жастағы төлдері зақымдалатындығы анықталған. Ересек жануарлар сирек ауырады (М. В, Плахотин, Р. С. Алахвердиев, Е. П. Копенкин, 1971) . А. Ф. Русиновтың (61) (1965) мәліметтеріне сәйкес инфекцияның басты көзі болып ауру мал есептеледі. Риккетсиозды кератоконъюнктивиттің қоздырғышы Moraxella bovis сияқты конъюнктивиалды сұйықпен және мұрын шырынымен сыртқы ортаға шығады. Жанарлар тікелей жанасу кезінде, сонымен қатар ауа-сілекей арқылы таралады. Көптеген авторлар (В. С, Федосеев, Ж. М, Исимбеков, Р. Д. Даутбаев (62) , 1973) шыбындар санының маусымдық тербелуі мен малдың риккетсиозды кератоконъюнктивитпен зақымдалуында байланысты тауып, сонымен қатар шыбындар суспензиясымен сау малды зақымдау сәтті өткеннен соң, синонтропты шыбындар, оның ішінде Musca domestica керекті жағдай туғызғанда риккетсияның механикалық тасымалдаушысы болуы мүмкін екендігін анықтады.
М. В. Плахотин, Р. С. Алахвсрдиев, Е, П. Копенкин (1971) ірі қара малда риккетсиозды кератоконъюнктивиттің пайда болуына көздің кілегей қабығына механикалық және химиялық тітіркендіргіштер ( шаң, құрғақ шаңды азықтар, ауада қалыптан тыс аммиак пен басқа газдардың болуы, жоғары күн сәулеленуі ) және басқа факторлар организмнің тұрақтылығын төмендетеді . Қалыптағы көздің сыртындағы микрофлора риккетсиоз кезінде секундарлы инфекцияның ролін атқарып, бұл ауруды барысын асқындырады.
Біздің елде риккетсиозды кератоконъюнктивиттің себебін, патогенезін және емдеуін П. П. Гатин, Б. К. Ильясов (64) (1970 ж) Б. К. Ильясов (2003-2004 жылдар) (63) . Олардың зерттеуі бойынша көзге ұнтақты себу немесе 0. 5% новокаин ерітіндісінде ретробульбарлы кеңістікке енгізу үлкен емдік нәтиже берген.
Кейбір жағдайларда инфекциялық ринотрахеит жіті конъюнктивит пен кератитті тудырады ( Е. П. Копенкин, 1988 ) . Бұл ауруды қоздырғышы герпес-вирус тобына жатады. Ауру ірі қараны зақымдап, әсіресе мал басының тығыз болғанда кездеседі. . Бұл фактор мал санының қайтара зақымдалуында маңызды. Вирус тыныс алу жолдарының, жыныс мүшелерінің мен көздің кілегей қабығында мекендейді. Осының салдарынан ринотрахеит вирусымен зақымдалуының респираторлық синдромы мен жыныстық мүшелерден қатар конъюнктивит болып саналады. Кейбір жағдайларда конъюнктивит аурумен зақымдалудың жалғыз белгісі болуы мүмкін (D. E. Hughes и др., 1964; В. Анспай (65), 1970) . Бір жасқа дейінгі төлдердің бір табынында конъюнктивит 60-70% тіркелуі мүмкін. Респиратолық инфекцияның белгілері жоқ, бірақта вирус мұрын және жыныстық сөлдерден анықталады (F. R, Abinati, G. J. Plumer, 1961)
В. Анспай індеттік ринотрахеит кезінде екінші реттік бактериалды инфекция кілегейлі-іріңді экссудатты тудырып және патологиялық процесстің қасаң қабына өтуіне ықпал етеуін көрсеткен. Асқынып кеткен жағдайда көздің Moraxella bovis тудыратын індеттік айыру өте қиындығын көрсетті. . Бірақта басқа зерттеушілер вирусты конъюнктивитке қасаң қабықта тұнба пайда болуымен ерекшеленетіндігін байқаған (T. D. St. George, 1965 (66) ) . Бұл Herpes bovis вирусының қасаң қабықтың эпителийлеріне цитопатогенді әсерін көрсетеді.
Жануарларда хламидиялар тудыратын кератоконъюнктивит жиі тіркеліп отырады. Аурудың қоздырғышы Chlamidia psittaci. Көбінесе ірі қара мен ұсақ мүйізді мал аурады. Хламидия ауру және жазылған малдың көз қабының, мұрынның бөлінетін эпителийлерінде, жастың құрамыда кездеседі. Бұл облигатты торша ішілік тоғышар, торшалардың ішіне енулер түзеді. Хламидии риккетсиялармен ұқсас : екеуінде де қабықша ; ДНК мен РНК бар; қарапайым бөлінумен көбейеді; бір түрлі антибиотиктерге, сульманиламидтерге сезімтал; грамтеріс. Олардың арасында айырмашылықта бар. Көбею кезінде хламидийлер аралық түр ретінде инициальды денешік, одан кейін - элементарлы және ретикулярлы денешіктер пайда болады. Сонғылары ең ірісі, бірақ індеттік элементарлы денешіктер болып келеді. Ал риккетсияларда барлық түрлері індетті.
Хламидиозға барлық жастағы жануарлар сезімтал . Ауру жанасу, бірін-бірі жалағанда, күту құралдары, түшкіру, жөтел, шыбындар арқылы таралады. Негізінен хламидийлік індет жергілікті сипатқа ие болады. Хламидиоз бірінші кезекте тыныс алу, асқорыту мүшелерін және көз қабығын зақымдайды. Хламидиялік инфекция таза түрде аурудың басталуы кезінде ғана кездеседі. Көз қабығының кілегейлі қабығына әсер ету арқылы басқалай микрофлораның дамуы жағымды ықпал етеді (И. Л. Обухов, 2000) . Осының салдарынан аралас немесе екінші реттік инфекция пайда болып, «таза» хламидииліден ауыр өтетін түрге ауысады. Кейбір зерттеушілердің хабарларына сәйкес кератоконъюнктивитпен ауырған малдың көзінен бактериологиялық зерттеу кезінде бір уақытта Chlamidia psittaci және Moraxella bovis тапқан (М. Travnicek, Т. Dravccky, L Balascak, 1982)
Ласкина О. М. Көздің зақымдалуымен өтетін аурулардың жинақ кестесі қызығушылық тудырады (67) .
Кесте 1
... жалғасыКөздің зақымдалуымен ірі қараның көзінің зақымдалуымен сипатталатын аурулар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz