Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

ТАҚЫРЫБЫ: «МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ»

ОРЫНДАҒАН : Көксегенова Э. М.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Сайлаубаева Б. С.

Семей қаласы - 2007 жыл

ЖОСПАР

Кіріспе.

  1. ΧΧ ғасырдың 20 - 30 жылдарындығы тарихи әлеуметтік жағдай.
  2. 20 - 30 жылдардағы қазақ әдебиеті және оның бағыттары мен өкілдері.

Негізгі бөлім.

1 . М. Жұмабаевтың өмірі.

1. 1. Мағжанның өскен ортасы және олрадың тағдыры (әке - шеше, ата- баба, туыс т. б. )

1. 2. Мағжанның білім алған мектептері мен тағлым алған ұстаздары.

1. 3. Мағжан Жұмабаев отбасы тарихы және Зылиха ана тағдыры.

1. 4. Мағжан басынан кешкен айыптаулар мен айдаулар, ақталулар.

2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.

2. 1. Мағжанның алғашқы өлеңдері және олардың тақырыптық - идеялық, көркемдік еркешеліктері.

2. 2. Мағжанның 20 жылдардағы қазақ лиркасының қазақ поэзиясындағы әдеби - эстетикалық орны.

2. 3. Мағжан поэмаларының ерекшеліктері

  1. «Батыр Баян»

ә) «Оқжетпестің қиясында»

б) «Ертегі»

2. 4. Мағжанның әдебиет сыншылдығы «Ақан сері» туралы зерттеуі.

Қорытынды.

Мағжан поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ΧΧ ғасырдың 20 - 30 жылдарындағы тарихи әлеуметтік жағдай.

ΧΧ ғасырдың басы - қазақ халқының тарихындағы бүкіл қоғамдық ой - пікірін өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшеланған ой - сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы - заңды нәрсе. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті. Шәкәрім шығармашылығы - өзінің кемел шағына жетіп, шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Мақыш, Ғұмар, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т. б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биік көркемдік сипаттағы дүниелерін сипаттай бастады.

ΧΙΧ ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын - жазушылары аңсаған ілім - білімді үйренуге үндеу ΧΧ ғасырдың басы кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азатықты аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар арасында ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын - жазушылары болғаны талассыз шындық.

Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы ΧΧ ғасырдың басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси - әкімшілік қысымды күшейте түсті. Қазақ өмірінің барлық қоғамдық - әлеуметтік саласында тізе батыру мен басқа ұруды қалыптастырды. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық - зомбылық, езіп, қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды, қазақ жұртына батысты ілімінің жарығы шашырап, оқу - ағарту, баспасөз ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде бұған негіз де ба болатын. Себебі замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азаматтарел арасында көптеп кездесетін.

Бұл тұстағы, яғни ΧΧ ғасырдың бас кезіндегі мәдени - әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен таралуы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде ΧΧ ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан да күрт өсуі дәлелді айтылған. Мәселен, зерттеуші Ә. Жиреншин кітап атауымен, 400 кіта атауымен, 180 басылым атаса, С. Есова, У. Суханбердина, Д. Сейфуллиналар 480 атауымен 720 басылымды көрсетеді. Ал татар ғалымы А. Каримуллин 1917 жылды қоса есептегенде қазақ тілінде 509 басылым 2 млн. 201 мың 105 дана болып таратылды деген пікір айтады.

Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, атылмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет рухын септі. Отаршыл әкімшіліутің «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» секілді қазақ тілінде шығарған ресми газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» ( 1907), “Қазақстан” (1911-1913), “Ешім даласы ” (1913) газеттері, “Айқап” (1911-1915) журналы және жалпы ұлттық қоғамдық - саяси һәм көп тиражбен тараған “ Қазақ” (1913 - 1918) газеті қазақ ұлтының саяси - әлеуметтік ой - санасына түрткі салып, заманының көкейкесті мәселесін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, елі - жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатында көруді қалады.

Қазақ зиялыларының ағартушы - демократиялық бағыттағы күрескерлік идеяларын өрістете түсуіне 1905 - 1907 жылғы орыс революциясының да әсері болмай қойған жоқ. Патша әкімшілігінің революциялық дүмпуден кейін шарасыздықтан кейбір еркіндіктерге жол беруі себепті қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары үшін де үгіт - насихаттық, әдеби - шығармашылық қызметтеріне кеңінен мүмкіндік туды. Бұл ең алдымен, қазақ даласындағы европалық дәрежедегі білдімі бар зиялылардың сан жағынан алғанда Орта Азияны мекендеген халықтар ішінде біршама жоғары тұрғандығынан еді. Бұл туралы М. Қойкелдиев “Қазақтың жоғары және аяқтамаған жоғары білімдері 100 - ден астам ( А. Бөкейханов, Ж. Досмұхамбетов, Б. Қаратаев т. б. ) ал мектептерді, училищелерді, мұғалымдер семинариясын бітіргендер (А. Байтұрсынов, Ә. Жангелдин, А. Асылбеков, М. Жұмабаев, К. Тоғысов, т. б. ) 100-ға таяу болды дегенді айтады. Тарихи шындыққа жүгінер болсақ, бұданда көп екенін аңғарғанымызбен, қолда толық дерек жоқтықтан әзірше осы шамада білімді жандардың болуы отаршылдық бұғауындағы бұратана халық үшін аздық етпесі анық. Және олардың әрқайсысы 10 адамның атқарар іргеді істарін атқарып кетсе, саннан сапасының жоғары екенін байқаймыз.

Қоғам дамуындағы алдыңғы қатарды ой сана әдеби - шығармашылық еңбектерде көрініс табады десек, жоғарыда аты аталхған зиялылардың көпшілігі өздерінің шұрайлы ойларына қаламгерлікті серік етті. Олар әртүрлі аударма шығармалар, төл туныдылар, публицистикалық еңбектер арқылы халыққа ой салып, көп сұрақтарға жауапты әдеби шығармалар арқылы берді. Олар замана рухына сай дүниелері арқылы өз ұлтына бағыт - бағдар сілтеді, дамудың даңғыл жолын көрсетуге тырысты. ΧΧ ғасырдың басындағы жазба әдебиет - ΧIΧ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытумен бірге өзіндік өрнегінде тапқан әдебиет. Мұнда, әсіресе, өмір шындығын, замана өзгерісін, әлеуметтік тұрмысты нақты да шынайы бейнелеуге ұмтылу көзгк айқын шалынады. Дегенмен де бұл тұстағы әдебиетте қоғамдық - әлеуметтік құбылыстарды суреттеуде, өмір шындығын тануда, өз мақсат - мүдделерін түсіндіруде іркмнің дарын - талантына, білік - танымына орай әркелкілік болды. Мұндай әр - алуандылықтың болуы да заңды еді.

  1. 20 - 30 жылдардағы қазақ әдебиеті және оның бағыттары мен өкілдері.

Ақын - жазушылардың өскен ортасы, шығармашылық мектебі, білім дәрежесіне орай әртүрлі бағыт - бағдарлар, ағымдар қалыптасып, олар өз көзқарастарын шығармашылығы арқылы дәлелдеуге, халыққа жеткізуге тырысты.

Осы тұрғыдан алғанда діни - ағартушы, ағатрушы - демократтық, ұлт - азатшыл әдебиет өкілдері ΧΧ ғасырдың, яғни ояну дәуірінің негізгі идеясына айналған халықты «оятуға» әр қырынан барып, өздер ідұрыс деп таныған мақсат тұрғысынан келгені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық - саяси өзгерістер алға тартқан көп мәселелерді шешуде өзіндік бағдар ұстанғанымен, олар халықтың өзіне ғана тән ішікі мәселелерде оқу - ағарту, әйел теңдігі, кертартпа мінез - құлықтарды сынауға, түзеуге ұмтылуда бірлік таныта білді. Ал азаттық, бостандық тәрізді күрделі проблемаларға байланысты ізденістер оларды көркемдік дәрежесі биік деңгейдегі туындылар жасауға ұмтылдырды. Соны соқпақтарға жетеледі.

Сондықтан да бұл кезеңде әртүрлі пікір қайшылықтары, артық - кем түсіп жатқан тұстардың болдғанын жасыра алмаймыз. ΧΧ ғасырдың басындағы әдебиет тарихына байланысты бұрынырақта жазылған еңбектерде көбіне бір сарандылық байқалуы да осыған байланысты. Олардың көпшіліг ағартушы - демократтық бағыт өкілдерінің шығармашылығына тоқталып, қалған екі бағыт діни- кертартпа, ұлтшыл - буржуазияшыл бағыттар ретінде бағаланып, кейде тіптен назардан тыс қалып жатты. Бұл туралы қазіргі баспасөз бетінде көп айтылып, көп жазылды да. Оладың өмірі мен шығармашылығы туралы жекелеген мақалалар, еңбектер жазылып, ақталған ақын жазушылардың жинақтары жарық көрді. Бұл ретте Қ. Мұхамедхановтың, Р. Нұрғалиевтың, Т. Кәкішовтің, З. Ахметовтың, Ж. Ысмайловтың, М. Елеукеновтің, Х. Сүйіншәлиевтің т. б. соңғы кездегі еңбектерін атауға болады.

Бұл еңбектердің барлығы да негізінен бұрын зерттелмей келген тұлғалардың әдебиетімізщ бен мәдениетіміздің алар орнын айқындауға басты назар аударып, көбіне архивтік, өмірбаяндық материалдарға сүйене жазылды. Жалпы сол тұстағы, әсіресе, төңкеріске дейінгі шығармалыр арқылы әдебиеттің бүкіл бағыт - бағдарын, көркемдік ізденістерін айқындайтын зерттеулер әлі де болса жоқтың қасы. Дегенмен кейбір еңбектерде біршама ізденіс белгісі байқалады. Мәселен, ΧΧ ғасырдың бас кезіндегі сын жанрының орнын бағалаған (Т. Кәкішев «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», 1994), сол кезеңде өмір сүріп, әдебиетке үлес қосқан ақын - жазушылар шығармашылығын жинақтап алып қарастырған («ΧΧ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», 1994), әдебиетіміздің тарихындағы «ақтаңдақ» беттерге назар аударған (С. Қирабаев «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», 1995), азатшыл әдебиеттің ерекшелігін айқындаған (Р. Нұрғалиев «Әуезов және алаш», 1997), еңбектердің жарық көруі осының айғағы.

Жалпы осы кезге дейін ΧΧ ғасырдың басындағы әдебиет жеке шығарма немесе жеке жазушы шығармашылығына өзіндік бағасын бару тұрғысынан көбірек зерттеліп келгені шындық. Әрине, әдебиеттегі зарттеу жалпыдан жалқыға немесе керісінше жүретін процесс екені де анық. Бірақ әдебиет зерттеу ғылымында осы екінші бөлік кенгже қалып жатқан сияқты. Қандай да бір ізденіске жол ашар жұмыста осыны әсте естен шығаруға болмайды.

Әдебиеттің жалпы даму үрдісін қарастыру ең алдымен сол әдебиет оятқан ұлттық сананың бүкіл болмысын бағдарлауды шарт тұтады. Ол үшін сол тұстағы тарихи әлеуметтік жағдайларға назар сала кеткен орынды.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастағын қазақ зиялылары орыс буржуазияшыл - демократтық партияларын үлгі етіп алып, қазақ халқының тұтастығын, дербестігін ұлттық автономия арқылы сақтап қалуға тырысса, М. Сералин, Ж, Сейдалиндер бүкіл түркі халықтарының бірігуін жақтап, татар буржуазиясымен блок құруға ұмтылды, татар буржуазиялық партияларынан үлгі алды. Олар отырықшыландыру, оқу - ағарту жұмысының сипаты, дінге көзқарас тұрғысынан да қайшылықтарға келіп отырды.

Алғашында қазақ зиялылары өз көзқарастарын танытатын ұлттық басылымдары жоқ болғандықтан ой - пікірлерін алдымен «Үлфәт», «Пікір», «Уақыт», «Шора», т. б. татар журналдарында, «Смена», «Омич», «Голос степи», тәрізді орыс газеттерінде білдіре бастады. Одан кейін «Айқап» беттерінде кең өріс алды. Олар 1911 жылы 11 қаңтарды талай қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып «Айқап» журналының жарықө көруіне қол жеткізгенді. Ал «Айқаптың» шығуы ΧΧ ғасырдың бас кезінде болған үлкен тарихи оқиға еді.

« . . . Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық - саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» - өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой - пікірінің, әдебиетін, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрын жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды».

«Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ - жазушы Мұхаметжан Сералин өз төңірегіне түрікшілдікті жақтаған қазақ зиялыларының үлкен тобын - Бақытжан Қаратаев, Әкірам Ғалымов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жанша Сейдаллиндерді топтастырды.

Ұлттық интелегенцияның бұл тобы (түрікшілдер) бүкіл түркі халқының бір тудың астына жиналуын, қазақты отырықшылдандыруды жақтап, мұсылмандықты дәріптеді. Татар үлгісіндегі мектептерді көбейтды ұсынды. И. Гаспринскийді ұстаз тұтты.

М. Сералин, С. Торайғыров, Ғ. Қарашаев творчестволарына, ой - пікірлеріне XIX ғасырдың соңы мен ΧΧ ғасырдың басында қызық жеріне тарай бастаған пантюркизм, панисламизм ағымдарының зор ықпалы тиді.

Осы күнге дейін біржақты бұрмаланып, дұрыс байыптау берілмей келген ΧΧ ғасырдың басындағы бұл ағымдар отарлық езгіде қалып, діні, тілі, рухани қазынасы іске алғысыз етілген түркі тілдес халықтарды азаттық жалындағы күресте бір тудың астына жинау идеясын уағыздаған еді.

Жер мәселесі А. Байтұрсынов, Ә. Бөекйханов бастаған топты да (батысшылар) қатты ойландырды. Алғашында өз пікірлерін «Айқап» бетінде білдіріп отырған бұл топ өкілдері енді өз басылымдарын ашуға ұмтылды.

Бұл зиялылар тобының мақсаттары «Қазақ» газетінің 4- санындағы бас мақалада айқын жазылған: «Іcтің мәні жалғыз - ақ тамақ асырап күн көруде қалмас, өз бетімен күн көре алмаса, өзге жұрттың есігенде жүріп, малайлықта тамақ асырап, қазақ тіршілігін өтер ғлой . . . өз алдына дербес ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға шейін тұтас тұрған халық едік. Арамызға әр жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшіп ұйқымызды бөлетін нәрсе».

Ендеше, ΧΧ ғасырдың басындығы зиялылырымыздың қоғамдық саяси пікірлері әдебиетімізді пайда болған әр түрлі бағыттарда көрініс табу негізінді көрнекті шығармалардың тақырып, иденясына белгілі дәрежеде әсер еткені айқын. Ал жеке шығармаларды көрініс тапқан идеялық - көркемдік ізденістер белгілі бір әдеби бағыттарды қалыптастырды.

Қазақтың Абай негізін қалаған жазба әдебиетінің ең өркен жайған тұсы 1905 жылдан бастау алады. Бұл кезеңде Шығыс пен Батыстың классткалық әдебиетте нәр алған, Абай дәстүрін абыроймен жалғастырған Шәкәрім, Мәшһүр, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Спандияр, Сұлтанмахмұт сынды талай таланттар мен дарындар өз ұлтының өзге өркениетті елдердің қатарынан көрінуін аңсап, ұтымды ойлырымен ел тілегінен шығып, әдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке көтерді. Қазақ халқының алдында тұрған асқарлы мақсаттарды әрқайсысы әл - қадырынша, ой -өрісінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде қоя білді.

Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің

Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,

Қазағым, қайран жұртым, халқым елім.

Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,

Жеріңді қылмады ма тілім - тілім,

- деп, қазақ жағдайына жүрегі қарс айырылса, Сұтанмахмұт Торайғыров:

Сұмдар салған жүректе

Аз ба біздің жарамыз?

Тепкісінде басқаның,

Қор боп жүдеп барамыз

  • деп Абай, бастаған «қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген ой - идеяны өзіндік өрнегімен ілгір дамытады. Бұл құбылысты нақ Абайша жырлаған Ахмет Байтұрсынов:

Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың,

Қамауда жының,

Аш көзіңді, оянып

  • деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың түп - тамырын даналықпен көре біліп, «ояту» идеясын алға тартады.

Міне, осы тұрғыдан алғагда ΧΧ ғасырдың басындығы әдебиеттің басты белгісі ең алдымен азаттыққа ұмтылу, соған «ояту» әдебиеті боглғандығында деп тануымыз керек.

  1. М. Жұмабаевтың өмірі.

1. 1. Мағжанның өскен ортасы және олардың тағдыры (әке - шеше, ата - баба, туыс т. б. )

Қазақтың Абайдан кейінгі өлеңінің сыршылдығы мен сыры мол, суреткерлігі мен ойшылдығы қат - қабат келіп жататын, поэзия өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақыны - Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар уезінің Сарыайғыр болысында дүниеге келген, Үлкен атасы қажы атанған Жұсмабай болса, өз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел сөзін ұстанған жан. Бекен жас шағынад ақындыққа әуестеніп, серілік құрған, айтыстарға түскен өжет те пысық, өнерпаз болған. Кейінгі Мағжан ақындығының ұшқыны әкеден ауысқан болуы керек. Ақынның анасы Гүлсім Әшірбек деген саудагердің қызы. Жаны таза, адамға мейірімді қарапайым қазақ әйелі болса керек.

1917 жылдан бастап «Алаш» қозғалысына белсене араласқан ақын, 1918 жылдың қаңтар - мамыр айларының аралығында Көлбай Тоғысовтың «Үш жүз» партиясының түрмесінде де жатып шығады. Ақ пен қызыл арпалысы саябырлаған тұста, 1921 жылы Қызылжарды «Бостандық туы» газетіне редакторда болады. 1922 жылы Ташкент қаласына барып «Ақжол» газетінде, «Шолпан» журналында қызметтер атқарады. 1923 - 26 жылдары Москвада болып, күншығыс баспасында қызмет істеп, әдебиет институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда педагогикалық педтехникумда, совет - партия мектебінде әдебиет пәніне сабақ береді. Сол жылдары әйгілі «Тоқсанның тобы» толғауы жазылады. Сапырылысып жатқан саяси науқаннан шаршаған ақынның, өзінің шығармашылық еркіндігіне жол таппақ боп, таза ақындықпен айналысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл.

1928 жылдың желтоқсанында Қызылжар қаласында Міржақып Дулатов ұсталып, содан бастап қазақтың зиялы қауымының басына шығырмақ бұлт үйірілді. Келесі жылы, Жүсіпбек, Ахмет, Мағжандар ұсталды. 1929 жылы ұсталған Мағжан Бутырқа түрмесіне қамалып, 10жылға сотталып, Карелияда айдауда болды. Сонда жүріп Горькийге хат жазып, оның қызыл кресте істейтін әйелі Екатерина Пешкованың өтініш хатымен 1936 жылы босанды. Мағжанның бұл жолғы ұсталуына оның 1925 жылдан бастап «Алқа» атты әдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын жасап, өзімен пікрілес ақын - жазушылармен ақылдасуы басты себеп болса керек. Әдеби үйірме жарғысы мен бағдарламасы сол кездегі НКВД қызметкерлері үшін саяси күрестің бұлтартпас дәлелі ретінда бағалы еді.

1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1937 жылдың 18 наурызында Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың шақыруымен Алматыға оралды. Бірақ Мажанның әдеби өмірге араласуынан мүмкіндігі де, уақыты да тым қысқа болады. Өйткені 1937 жылдың 30 желтоқсанын күні қайтадан тұтқынға алынды. Осы тұтылғаннан қайтып құтылмай, Сталиндік қатыгездіктің тырнағына ілінген Арда ақын жаықсыздан жазықсыз 1938 жылы 18 наурзда құрбан болды.

1. 2. Мағжанның білім алған мектептері мен тағылым алған ұстаздары.

Мағжан алғаш сауатын Кәрім деген молдадан сауат ашып, өзінің білімге, оқуға деген құштарлығымен, атасы мен әкесінің үміт еткен құптауымен білім бастауынан нәр алуға талпынған. Оның алғашқы ұстазы ретінде әкесі Бекен салдырған мектепке мұғалым болып келіп, Мағжанды төрт жылдай оқытқан Ахиетжин Аханов деген азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың үлгісіндегі ұстаз, шығыс тілдеріне жүйрік, өз ісіне шын берілген жыан болса керек. Осылайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дәмін татқан Мағжан Қызылжардығы медресеге түсіп, онда Қасен, Мұхаметжан секілді жадидше оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дәріс алып, оқуға біржола ден қойды. Сөйтіп, 1911 - 12 жылдары Уфадағы атақты «Ғалия» медресесіне барып түсіп, енді тек оқуға деген ынтасы ғана емес, әдебиетке деген құштарлығына да жол ашады. Ақындық өнерге көзқарасы қалыптаса бастайды. Медресе «Ғалияда» ол татар жазушысы Ғалимжан Ибрагимовпен танысып, көкейіндегі көп сұраққа жауап тауып, біржола ақындық өнер жолына бет бұрды. Мағжан шынайы ақынға алған білімнің аздық етерін сезіп, орысша үйренуге талаптанады, өз бетінше орысшаға даярлық жасап, Омбыдығы Семинарияға түседі.

Осы жылдары (1910) оның өміріне үлкен өзгеріс әкелген оқиғаның бірі қазақтың ардақты азаматы, бұл тұста күрескер ретінде де, ақын ретінде де танылыпа қалған Міржақып Дулатовпен кездесуі. Міржақып - Мағжанның орысша сауатын ашып ғана қоймай, Мағжан ақынның кейінгі саналы ғұмырында алаш азаматы болып қалыптасуына, ұлты үшін жан аянбай, азаттық жолындағы күреске шығуына жол сілтеп, негіз салған бірден - бір тұлға.

Мағжан орсы семинариясын 1917 жылы алтын медаьға бітіреді. Мұнда қазақтың тағы бір ақиық ақыны Сәкен Сейфуллинмен бірге оқиды. Семинарияда екі ақын бірге жүріп «Бірлік» атты ұйым құрып, «Балапан» атты қолжазба журналда шығарады. Кейінгі аласапыран заманда екі айрық жолға түскенмен, ол кезде екі жас ақынның тілегі бір, халқының азаттығын аңсаған арманы бір еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Мағжан Жұмабаев еңбектері
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz