Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Агро-экологиялық факультет
Мал шаруашылығы және агрономия кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны
(Дипломдық жобаның тақырыбы)
Орындаған: Е - 531 топ студенті Б. Ж. Омарбеков
(аты - жөні)
(бағасы) (қолы) (уақыты)
Тексерген: жетекші Б. Ж. Кожебаев
(аты - жөні)
(қолы) (уақыты)
Семей 2008
ЖОСПАР
1 Кіріспе . . . . . . 3
- Әдебиетке шолу . . . . . . 7
- Шаруашылыққа қысқаша сипаттама . . . . . 11Табиғи климттық жағдайы . . . . …. . 11Шаруашылыққа эканомикалық сипаттама . . . . . . … . . . 16Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздігі …. . . 20Орманды қорғау. . . . . 25
- Өзіндік зерттеулер . . . . . . 35Зерттеудің мақсаты мен тапсырмасы…. . 35Зерттеудің жабдығы мен әдісі . . . . . . 36Зерттеудің нәтижесі және оны талдау . . . . . . 38Халық шаруашылығындағы орманның маңызы . . . . 60
5 Тұжырымдама . . . 67
6 Қортындылар мен ұсыныстар . . . . . . . . … . . . …. 69
7 Қолданылған әдебиеттер . . . . . . …70
Қосымша
- Кіріспе
Ормандағы ағаштар оқыс өртеніп кетпесе, немесе біреулер шауып тастамаса, бізге олар мәңгі бақи өсіп тұра беретіндей болып көрінеді. Ал орман өміріне үңіліп, зерттей бақыласаңыз, нелер бір қызықты құбылыстарға кездесесіз. Ағаштардың түріне қарай бірінің жасы ұзақ, бірінікі қысқа болады. Алайда, әдейілеп айналыспаған адамның қандай да болмасын, қанша жыл жасайтынын білуі қиын. Кейбір ағаштар 200 жыл, 500 жыл, тіпті одан да үзақ жасайтындары кездеседі. Сондықтан да олар бізге мәңгі өсіп түрған сияқты көрінеді. Шындығында ағаштар да қартаяды, солады, оларда кәдімгідей ауырады. Ағаштарды ауыртатын, оларды мезгілінен бұрын өлтіретін, зиянды жәндіктер мен індетті саңырауқұлақтар.
Егер өрттен келетін зиян мен ауру таратқыш жәндіктерден орманға келетін залалды салыстырар болсақ - зиянкестердің кесірінен болатын шығын салмағы әлде қайда басым түсер еді. Жәндік атаулының көбі ағаштар мен өсімдіктерді қорек етеді. Әлемде ағашпен қоректенетін жәндіктердің миллионға жуық түрі бар. Ал біздің ормандарда олардың 50 мыңнан астам түрі кездеседі. Бұл тізімге ағашты құртатын саңырауқұлақ пен күйелердің сан мыңдаған түрін қосыңыз. Мұның сыртында ағашты төңіректейтін вирустық және бактериялық індеттер түрі қаншама десеңізші! Орман індеті түрлі жолдармен тарайды. Егер орман іші лас, ыбырсыған қоқысы көп, сасыған шалшық сулар, әр түрлі шірінділерге толы болса ағаштарға үлкен қауіп төнуі мүмкін. Расында да, орман жүздеген жылдар бойы өседі. Оның игілігін біз ғана емес, келешек ұрпақта көруге тиіс. Орман ұрпақтан - ұрпаққа ұласып, сыйлана беретін асыл мұра. Осы асыл мұраны әлгіндей індет бір жылдың ішінде жоқ етуі мүмкі. Бір жыл ішінде орманның үлкен алқабы құрып кетеді дегенге сенбессіз де. Бірақ, бұл - ашық шындық, тарих ондай оқиғалардың талайын бастан кешірген. Өйткені, орман іші ластанып, зиянкестер тіршілігіне қолайлы жағдай жасалса болғаны-ақ, орман індеті, әлгіндей зиянды жәндіктер, вирустар мен бактериялар күн санап емес, сағат санап милиондап көбейіп кетеді. Ол орман үшін нағыз стихиялық қасіретке айналады. Жәндіктердің көбейу шапшаңдығы адамды қайран қалдырады. Мысалы: Аталық және аналық қос жәндіктің бір жылда дүниеге әкелер ұрпағы жер шарын түгелдей жауып кетеді екен. Өмірге енді келген личинканың өсіп - жетілу қарқыны да кереметтей шапшаң. Айтарлық, жұлдыз құрты 56 күннің ішінде өзінің санын 56 мың есе көбейтіп үлгереді екен. Жәндіктер сырт қарғанда аса кішкентай. Алайда, олардың планетамыздағы үлес салмағын жер бетін мекен ететін өзге тіршілік иелерінің бір де біреуі бәсекелесе алмайды. Бұл да жәндіктердің көптігін дәлелдейді. Орта жастағы бір қайыңның бойын 700 мың жәндік мекендей алады.
Зиянкестермен күресу бүгінгі орманшыларға да оңайға соғып отырған жоқ. Көлемдері титімдей болғандарымен олар орманның әр түрлі жағдайына соншалықты бейімделіп алған. Бір қызығы - жыбырлаған тіршілік атаулының ішінде, жер бетінде өмір жаралғаннан бері өзгеріске түспей келе жатқандар да осы жәндіктер. Қазіргі кезде жердің терең қыртысынан, тас көмірлердің ішінен ерте жәндіктердің жиі қалдықтары табылып жүр. Солармен салыстыра қарасаңыз, арада жүздеген миллион жылдар өтсе де бүгінгі солардан аумай қалғанына көзіңіз жетеді. Расында, оларда эвалюциялық даму байқалады. Ол түр мен түстің өзгеруінен емес, әншейін ортаға оп - оңай бейімделіп кету қабілетінің жетілуінен көрінеді. Ғалымдар зиянды жәндіктерді азайтудың көптеген жолдарын іздестіруде. Ең қауіптісі сол, табылған химикаттар жәндіктердің бір толқынын жойып жібергенімен, келесі ұрпақ ол уға бейімделіп, алаңсыз өмір сүре береді.
Әрине, жәндіктердің жағдайлары келсе жер бетін бірер айдың ішінде жаулап кетер еді. Алайда, олардың көптеп өсуіне табиғаттың өзі кедергі келтіріп отырады. Солай бола тұра еліміздегі, планетамыздың ормандары жәндіктерден орасан зиян шегіп жатады. Жәндіктердің күрт көбейіп кетуі салдарынан құрып кеткен орман алқаптары Сібір тайгасының кейбір жерінде қазір де кездеседі. Кезінде қарағайы жайқалған, самырсыны саңсыған, қарағайы бой түзеп күн көзіне ұмтылған әдемі ормандар ақсөке болып саудырап қалған. Ондай орманды келмеске өлтіріп, жер бетінен жоқ еткендер осы зиянкес жәндіктер.
Зиянды жәндіктерде түріне қарай әр алуан ағаштарға өш келеді. Мысалы: жұлдыз құрт, тамыр қандаласы, қарағай жібек көбелегі, қарағай құмырсқа шыбыны, зауза құрты, самырсын ұрық жегіші, самырсын қан көбелегі, жапырақ шырмауығы секілді жәндіктер қылқан жапырақты орман ағаштарының жауы.
Ал сықар жібек көбелегі, сары көбелек, талдың жібек көбелегі, түкті жібек көбелегі, долана көбелегі, тал түйесі, жеміс жегіш құрт тәрізді зиянкестер - жапырақты орман ағаштарының қауіп-қатері.
Жәндіктердің аяқ астынан керемет шапшаң көбейіп кететіндігінің сыры неде? Ғалымдар белгілі бір аймақтарда зиянды жәндіктердің көп тараған ошақтары болатынын айтады. Былайғы жылдар олар ағашқа тиісіп, күн-көріс еткенімен, орманға елеулі зиян келтірмейді. Ал енді бір жылдары жер астынан шыққандай миллиардтап қаптап, орманның орасан алқабын құртып жібереді. Сосын тағы да бәсеңдейді. Бұл шынында да әлі ғылыми түрде шешімі табылмаған жұмбақ құбылыс болып отыр. Дегенмен осы құбылыстарға жорамалдар да жоқ емес. Ғалымдар жәндіктердің оқыс көбеюі - күн активтілігіне байланысты деген болжам айтады. Күннің активтілігі ағаштардың, өсімдіктердің биохимиялық құрамына әсер етеді де, ондағы өзгеріс ағашпен, өсімдікпен, қоректенетін жәндіктерге өтіп, олардың жүмыртқалау қабілетін күрт арттырады. Бүдан да басқа болжамдар толып жатыр. Алайда, жәндіктердің көбіне осындай табиғи құбылыстардан өзге жоғарыда айтылғандай, шіріген қоқыстар, сасық сулар да көп әсер ететінін тағы да ескерткім келеді. Зиянды жәндіктердің не себепті тез көбейетінін білгенімен, бүгінгі ғылым олардың қай жерде, қашан көбейетіндігін алдын ала болжап айтып бере алады. Орман мамандары қазіргі кезде белгілі бір жәндіктердің көбейетін ауданын анықтап, оларды құртудың шараларын жасауда. Ондай тәсілдің ең қарапайым бір түрі - жәндіктер топтасқан аудандарда және орман ішінде бақылау жүргізіп олардың көбею активтілігін анықтау. Шыбын шіркейдің әдеттен тыс көбейген аңғарған бойда оны орман шаруашылығына хабарлау керек. Зиянды жәндіктер жайлаған орманнаң ауданы онша үлкен болмаса, ағаштардың діңіне бір - біржарым метр биіктікте жалпақтығы 10 см белдемше байланады.
Орман өсірудің негізгі проблеммасы - біздің орман байлығымызды көбейту және оның өнімділігін арттыру - ғылыми негізде дайындалған арнайы шаралар арқылы шешіліп жатыр. Бұл проблеманы шешудегі жетістіктер орман шаруашылығын жүргізу ережелерін терең және мықты түсінуге де байланысты. Иә, орман тек қана ағаш және басқа өнімдердің көзі емес, адам өмір сүретін ортаның компоненті. Ата - бабаның аманат етіп қалдырған байлығын, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыра аламыз ба? Осы сұраққа жауап іздей отырып, ертеңімізді ойлайық. Табиғаттың берген сыйын ардақтап, орманымызды аялайық.
Дипломдық жұмыста ағаш зиянкестерінің түрлері, ауру таратқыш зиянкестер және олармен күрес жолдарының түрлері жайлы сұрақтар қарастырылған.
- Әдебиетке шолу
Орман ағаштарымен халақ шаруашылығын қамтамасыз ету үшін, топырақ қабатының, желдің, судың әсерінен эрозияға ұшырауынан қорғау үшін және өзен мен су қоймаларының су режимін реттеу үшін өсіреді.
Орманды өсіру туралы ережелер әр түрлі энциклопедияларда (ІХ-Х ғ. ғ) келтірілген. Мемлекет тарапынан орман ісіне деген қызығушылық ПетрІ кезінде басталады. Ресми бұйрықтарында Петр орманның мемлекет үшін маңыздылығын көрсетіп кеткен.
Ағаш өсіру ғылымының негізін өздерінің еңбектерінде ұлы орыс ғалымдары М. В. Ломоносов, А. Л. Нартов, А. Т. Болотов және т. б салды.
Орман өсірушілер баспадан шыққан А. В. Теплухов, А. Варгал, П. Перелыгин, Д. И. Менделеев, В. В. Докучаевтың еңбектерімен танысты.
Ормандар кеме флотын дамыту үшін керек болған. Бірақ ғылымдағы адамдардың ойлары тек орманды адамдар қажеттілігі үшін қолданумен шектеледі деген оймен тұрып қалған жоқ. Орманның суқорғауда, суреттеуде, топырақты қорғауда, климатты жақсартуда маңызы зор екені туралы ойлар пайда болды және олар дәлелденді .
Ғалымдар мен философтардың айтуы бойынша б. д. д V ғ жер өңдеушілер орманды өздерінің ағаш материалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсірген. Өркениеттің дамуына байланысты орманды пайдалану бағытталған түрде болды. Біздің дәуірімізге дейінгі ІVғ. Кітаптарында орманды пайдалану және орман босаған жерді қалпына келтіру туралы шаралар сипатталған.
ХІХ ғ. ортасында және екінші жартысында орман ғылымында В. Шелгунов, М. К. Турский, Ф. К. Арнольд, Д. М. Кравчинский, А. Ф. Рудзкий және т. б. еңбектері белгілі болды. ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. басында оларға Н. С. Нестеров, Г. Н. Высоцкий, Л. И. Яшнов, М. Е. Ткаченко, В. Н. Сукачевтың және т. б еңбектері қосылды.
Ч. Дарвинның көзқарастарына негізделе отырып Г. Ф. Морозов орман өмірін тіршілік үшін күреспен байланыстырды, бұл табиғи сұрыпталуға әкеледі деп ойлады. Ағаш өсімдіктерінде индивидуальды өзгергіштік түрі қатты дамыған. Табиғи сұрыптау процесі ағаш тұқымдарына тән. Ортаның жағдайына бейімделе алған организмдер тірі қалады, бейімделе алмағандар өледі. Ағаш тұқымдарында аналық және аталық белгілер тұқым қуалайды, ал ағаштардың қасиеттерінің өзгергіштігіне шек жоқ.
Профессор Г. Ф. Морозов ағаш тұқымдарының ауысуы туралы ілімнің негізін қалаушы. Оның айтуы бойынша, табиғатта бәрі өзгереді, ауысады. Орман да, кейбір формаларда тұрақты болуына қарамастан, осы заңға бағынады. Орманның өмірге деген қабілеті ағаш бітімінің орта жағдайларына сәйкес болу дәрежесіне байланысты.
Орманды өсіру ғылымы тез қарқынмен дамыды. 1804 жылы бірінші орман өсірудің негіздері жазылған кітап шықты, авторы Е. Ф. Забловский.
Орыстың орман туралы ғылымының пайда болуына және дамуына үлкен үлес қосқан профессор Г. Ф. Морозов, оның жүзжылдық мерей тойы 1967 ж тойланылып кетті. Оның «Орман туралы ілімі» 1912 ж және 1949ж аралығында жеті рет басылып шығарылды. Г. Морозовтың «Орман туралы ілімі» атты кітабының бағалығы мынада жатыр, әлемде бірінші рет орман өмірінің теориясы берілді. Өзі бақылаған нақты материалдар және орыс, шетел зерттеушілерінің материалдары негізінде Г. Ф. Морозов орманның даму және оның пайдалану барысында қалпына келтіру заңдылықтарын анықтап, зерттеді . Ол орманды географиялық құбылыс ретінде қарастырды.
Орман өсіруде жиналған тәжірибе негізінде мынаны көруге болады, қарағайды қайта жаңарту кезінде негізгі орынды орман дақылдары алу керек. Бірақ оны өсіруге байланысты кейбір сұрақтар, мысалы құмды топырақтарды дайындау, басқа тұқымдармен араластыру, орманның қалыңдығы және егу орындарын орналастыру секілді, әлі күнге дейін орман өсірушілер арасында қызу талқылануда.
Орман сыртқы ортамен үздіксіз байланыстағы тірі организмдердің күрделі тұрғылықты жері ретінде қарастырылды. Орман туралы түсінікке бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін және үздіксіз өзгерісте болатын жануарлар мен өсімдіктер қоғамдастығы ретінде берілді. Г. Ф. Морозов бойынша орман географиялық құбылыс.
Қазіргі орман өсіру үшін Г. Ф. Морозов тұжырымдаған ереженің маңызы зор, ағаш тұқымдарының орта жағдайларына сәйкестігі туралы ереже. Тек ағаш тұқымдарының өсетін орын жағдайларына сәйкес болғанда ғана оң нәтиже алуға болады, яғни жоғары өнімді орман.
Орманды қозғалмалы тепе-тең жүйе деп көрсете отырып, Г. Ф. Морозов орман өміріне белсенді қатысып, табиғи сұрыпталуды жасанды жолмен реттеу керек деп санаған. Ол орман өсіруде жаңа бір бөлім - әдейі сұрыптаудың пайда болуына септігін тигізді, бұл сұрыптау табиғи сұрыпталудағы шарттарға сай және шаруашылыққа керек етіп реттеу туралы пән. Осыған орай орман табиғатын терең зерттеу және оған орман дақылдарының селекциясы, күту мақсатында кесу және басқа шаралар арқылы белсенді әсер ету, оның орман туралы ілімнің негізі болды.
Г. Ф. Морозовтың дарындылығы әсіресе ол жасап шығарған орман типтері туралы ілімде анық көрінді. Бұл ілімді жалпы біздің елде де және шетелде де мойындады. Ол В. Н. Сукачев, П. С. Погребняк, В. Г. Нестеров, И. С. Мелеховтар айналасқан типологиялық бағыттардың дамуына негіз болды.
Орыс орман өсірушілері ІV әлемдік орман конгрессінде орыстардың типологиялық мектебінің жоғары бағаланғаны үшін Г. Ф. Морозовқа қарыздар.
Отандық орман өсіруде ең таңымал, А. Ф. Правдинің (1964) жай қарағайдың түр ішілік классификациясы, ол қарағайдың 5 түр тармағын (географиялық түр) бөліп көрсетті: жай ормандық, ілгекше түрдегі, солтүстік лапландық, сібірлік және құлынды (немесе оңтүстік далалық) . Әр түр тармақтар өз ішінде климаттық экотиптерге және топырақтық немесе эдафиялық экотиптерге бөлінеді. Мысалға, борлық қарағай (меловая) және батпақ қарағайы(болотный) .
Өміршеңді және жоғары өнімді егінділерді салу кезінде маңызды рөлді әр түрлі жағдайларда өсетін орман тұқымдарының дәнінің шығу тегі алады. (Вересин, 1946. Носков, 1959, Поджаров, 1971) . Дәндерді таңдау кезіндегі қателік дәл сол кезде емес, тек біраздан соң анықталады, сондықтан ағаш өсірушілер кез келген дәнді қолдануынан болатын эффекті білу және болжау керек. Орманды зонаның Орталық бөлігінде, Усман борында «оңтүстік бөлігі», жай қарағай дақылдарын салу технологиясы бойынша туындайтын сұрақтарға жауап беруге арналған бірегей объектілер орналасқан. Олар жоғарыда айтылған бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Орман өсіру тарихында бірінші рет организмдер мен ортаның бір тұтастығы туралы қағида айтылды.
Орман өсіруде популяция пайдаланудың, қорғаудың және түрлі жаңғыртудың негізгі бірлігі ретінде қарастырылады. Ағаш өсімдіктерінің популяциялық құрылымының ерекшеліктері, олардың биоэкологиялық өзгешеліктерімен, өміршеңділігімен, ареал кеңдігімен анықталады. Ағаш өсімдіктерінің популяциясы, әсіресе жай қарағайдың, дарақтардың саны бойынша көп, ашық шекара жоқ, аралас зоналар бар. Ареал деңгейінде тұқымқуалаушылық қасиеттер мен белгілері физ-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Жай қарағайдың географиялық өзгергіштігін ескере отырып, бұрынғы Кеңес Одақ территориясында 85 орман аудандары құрылған еді.
Климаттық тип (немесе географиялық бір түр) бұл ең үлкен популяция, оның ішінде географиялық ендік пен теңіз деңгейінің биіктігі арасында айырмашылықты анықтау мүмкін емес деп қарастыралады. (Дж. Райт, 1978) .
Қазіргі түрлер концепциясы оны популяциялар жүйесі ретінде көрсетеді (Н. В. Тимофеев-Ресовский және т. б., 1973; Э. Майр, 1974) . Негізгі орман-түзушілерді зерттеу кезіндегі популяциялық көзқарас орман ғылымында жаңа кезең.
3. 1 3. Шаруашылықтың қысқа сипатамасы
Табиғи-климаттық жағдайы
Шығыс Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық аймақтардың бірі, жалпы ауданы 28051, 2 мың га. Территориясы 40 0 -тан 51 0 -ке дейінгі ендікте және 76 0 -тан -86 0 -ке дейінгі шығыс бойлықта орналасқан.
Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда континенталдық климат біршама әлсірейді. Ең суық ай қаңтар, орташа айлық температура-15-20 0 С солтүстігінде, -14 0 С оңтүстікте.
Рельефі жоғарғы, орта және төменгі таулармен, тау бөктеріндегі және тау араларындағы кең алаңдармен сипатталады. Абсолюттік биіктік батыста 250 м-ден, оңтүстік-шығыста 2962 м дейін және шығыста 4506 м дейін өзгереді. Облыстың климаты шұғыл континенталды, суық қыспен және ыстық құрғақ жазбен сипатталады.
Қар жабындысы облыстың солтүстік және орталық аудандарында қазан айының аяғында, қараша айының басында, ал қараша айының аяғында оңтүстік бөлігінде түседі. Облыс бойынша қар жабындысының биіктігі біркелкі емес, 15 см-ден аспайды, бірақ 80 см-ге дейін жетуі мүмкін.
Тұрақты қар жабындысының болу аралығы (қарашадан наурыз аралығы) 105-180 күн арасында ауытқиды. Кейбір қыстарда төмен ауа температурасы және әлсіз қар жабындысымен қатар келгенде, топырақ қабаттарының терең қатып қалуы байқалады. Облыс территориясында суық уақыт аралығы (ауа температурасы 0 0 С төмен) 160-170 күн, ал оңтүстік бөлікте 135-155 күн.
Ең жылы айдың -шілденің орташа ауа айлық ауа температурасы-облыстың таулы бөктерлерінде және таулы аудандарында 18-19 0 С, ал жазықтарда- 20-22 0 С және ең оңтүстік бөлігінде-23 0 С. Кейбір жеке жаз күндерінде ауа температурасы 40-43 0 С дейін көтеріле алады. Орташа жылдық ауа температурасы 3 0 С тан 2, 8 0 С аралығында. Жылу уақыт аралығы аймақтың көп бөлігінде 195 -205 күнге дейін және 210-230 күн оңтүстікте.
Облыстың оңтүстігінде теріс температурадан оң температураға ауысу наурыздың соңы-сәуірдің басына, ал басқа территориясында-сәуірдің басына келеді. Ауа температурасының тұрақты ауысуы әр 10 0 С-қа сәуірдің соңы-мамырдың басында облыстың жазықтық бөлігінде және мамырдың бірінші бөлігінде - тау бөктерінде және тау бөліктерінде орын алады. Аязсыз уақыт аралығы облыс бойынша 90-105 күн ауада және 80-135 күн топырақта.
Жазықтықта, әсіресе оңтүстікте бұл периодқа, температурасы 10 0 С-тан жоғары күндер, ал ұсақ шоқыда температурасы 15 0 С жоғары күндер сәйкес келеді. Тәулік арасында температураның шұғыл ауытқулуларына байланысты жылдың жылу уақытында аязсыз период орта тәуліктік температура 10 0 С көтерілген уақыттан, біршама кеш басталады және орташа жылдық температура 10 0 С төмендеген уақыттан ерте бітеді.
Орташа жауын - шашын мөлшері территорияның көп бөлігінде шамамен 250мм, бұл жаздың жоғары температурасын ескеретін болсақ, климаттың құрғақтылығы туралы айтуға болады.
Бұл аймақ үшін жыл бойы қатты желдер тән. Орташа жылдық жел жылдамдығы территорияның көп бөлігінде 4-тен 5м/с-ке дейін және шығыста 2-3 м/с дейін төмендейді.
Шығыс Қазақстан облысының территориясының көп бөлігі далалармен және Алтай, Саур-Тарбағатай секілді таулы жүйелерімен сипатталады. Ертістің толығымен оң жақ бөлігі және сол жақтың бір бөлігін Алтай таулы жүйесі алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысында Семейдің Ертіс маңы (172, 7 мың км 2 ) созылып жатыр, ол ұсақ тау-ұсақ тау-шоқылар-төбешікті жазықтармен сипатталады.
Жазықтардың көбінде жусан-биюргин, тырсово - жусан, жусан-бетеге-көкпек өседі. Ертіс алаңы әр түрлі шөптік-астық шалдықтар және орманды тоғайлармен, Ертіс жайылымдары бетеге және көде-бетеге шөптерімен сипатталады.
Қазақстанның орман өсіруді аудандастыру сызбасына сай (Чупахин, 1970) және ҚР Ғылым Академиясының географиялық бөлімінің мәліметтері бойынша филиал территориясы далалық зонада орналасқан, бұл зона қара-қоңыр топырақтағы жусан-бетегелі даламен сипатталады.
Филиал территориясы Ертіс-Обь қарағай-қайың далалық ормандар жеріне кіреді және Ертіс маңының ленталық орманына жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz