Публицистика – сөз өнерінің бір саласы
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Публицистика . сөз өнерінің бір саласы
2.2. Публицистика жайындағы пікірлер
2.3. Публицистика мен журналистиканың өзара айырмашылықтары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

2.1. Публицистика – сөз өнерінің бір саласы

Кіріспе
Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселелері жағынан аз
зерттеліп, толық бағасына ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика.
Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Әлі-әзір
ортақ бір шешімге тоқтала алмай келеді.
Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып
тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Ол көркем әдебиетпен
бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше
бір тармағы. Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған
жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен
ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонымен бірге шешендік өнердің пайда болуы
да публицистикаға негіз болған екінші бір құбылыс болып саналады. Қоғамдық
ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой,
парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды.
Еуропада шешендік өнердің негізін салған Грециядағы Демосфен, Римдегі
Цицерон сияқты даңқты шешендердің саяси қызметтері – жоғарыдағы
пікіріміздің жарқын дәлелі. Қазақ халқының тарихында да шешендік өнердің
алатын орны орасан зор. Халқымыздың қилы замандардағы даму кезеңдерінде ел
арасынан шыққан көрнекті тұлғалардың тапқыр да ұшқыр, нандырып, сендіріп
айтқан өміршен сөздері бүгінгі күнге дейін ұрпақ жадында сақталып келеді.
Сонымен, қазіргі заманғы журналистика, қоғамдық маңызды мәселелерді
қозғайтын публицистика, бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі –
бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.
Әр түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен,
әдебиет теориясында – образ, ботаникада – өсімдік, астрономияда –
жұлдыз, т.б. негізгі ұғымдардың алатын орны орасан зор. Журналистика
теориясындағы сондай негізгі ұғым бұқаралық ақпарат ұғымы. Informatio -
латын сөзі, қазақша мағынасы – мағлұмат беру, мазмұндау, хабарлау болып
келеді.
Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы ретіндегі
мәні бұқаралық ақпарат жинақтаумен, өңдеумен, дайындаумен және таратумен
айқындалады. Журналистиканың негізгі күші – оның ақпаратты
иемденетіндігінде. Ақпарат – журналистика мен аудитория арасындағы
дәнекерлік рөлді де атқарады. Сондай-ақ журналистика жүйесінің алдындағы
сан-салалы міндеттерді шешуге қолданылатын қуатты құрал да – осы ақпарат.
Ал оның қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы өз алдына бөлек әңгіме.
Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат,
мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың
Бұқаралық ақпарат құралдары деп аталуының себебі де содан шығады.
Бұқаралық ақпарат журналистер мен оқырманды, көрерменді, тыңдаушыны
байланыстыратын алтын көпір болып табылады. Ақпаратқа деген қажеттілік
адамзатпен бірге туып, бірге жасасып келеді. Қоғамдық дамудың әр түрлі
сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болды.
Алаңға немесе биік мінберге шығып халықтың алдында патшаның әмірін оқыған
жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы,
қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар,
жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен
белгілер, қазақ ішіндегі ұзынқұлақ, т.б. бәрі-бәрі ақпаратты жаһанға
жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді. Көне
түркілерден қалған Қашық жердің хабарын керуен келтірер деген мәтелдің
өзегінде де ақпарат таратудың қарабайыр түрі көрініс береді.
Негізгі бөлім
Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат
таратудың жаңа түрлері дүние есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі
техникалық жетістіктер жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық
тәсілдеріне қол жеткізді. Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибесіне енген
жаңалықтар ХІХ аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ сахарасына да жетті.
Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен
де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ газетінің 1913 жылы
шыққан алғашқы нөмірінде: Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі.
Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай керек. Газетасы
жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында, көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ
мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту
жоқ деп ашып жазыпты. Сондағы Ахаң айтқан ой – ақпаратты иемденген
жұртшылық қана білімді, парассатты, көзі ашық, білікті бола алмақ.
Кезінде теріс бағаланған, елі үшін еркіндікті аңсаған, ұлтжанды ойшыл
қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың бұқараға қажеттігін былайша
түсіндіреді: Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз
сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің басынан-аяғына оқылып, тыңдалып
қалады. Пайдалы істі ынтымақпен істей қойысады... Залалды істің зардабын
күнілгері біліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүліншілік
болып жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен
болады. Қайғыны, шаттықты бірге көрмеген соң бізде ынтымақ та жоқ, ынтымақ
болмаған соң күш-қуат та жоқ. Мұның өзі қазақ зиялыларының халық ішіне
ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына мән бергендігінің
айғағы. Сондай-ақ, Ғ. Қараштың осы сөздерінің өзінде публицистикаға деген
зор қажеттілік көрініс тапқан.
Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге
бөліп қарастыруға болады. Олар: а) оқиғалы ақпарат; ә) көркем ақпарат; б)
публицистикалық ақпарат; в) анықтамалық ақпарат; г) жарнамалық ақпарат; ғ)
көңіл көтеретін ақпарат; д) түсініктемелі ақпарат; е) түсініктемесіз
ақпарат.
Журналистиканың ақпараттық қызметі Журналист – Текст – Аудитория
тізбегімен айқындалады. Журналист өміріндегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды
ой елегінен өткізе отырып материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп
немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория – тыңдаушы, көрермен,
оқырман. Бұл қарапайып формула ақпарат теориясындағы тіке байланыс және
кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез-келген газет, радио,
теледидар тәжрибесінен мысалға келтіріп, көрсетуге болады. Кейбір
теоритиктердің айтуынша: Ақпарат дегеніміз хабардың ғана сипаты емес,
хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені
тұтынушыға жеткен соң ғана ақпаратты бөліп шығарады. Шындығында да текстің
өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде
ғана оның ақпараттық сипаты айқындалады. Шын мәнінде публицистика деген
сөздің шығу төркіні жайлы айтсақ, бұл латыннын publicus – қоғамдық деген
сөзінен шыққан. Бұдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы
қоғамық деген сөзге тікелей қатысты.
Осы ойымызды нақтылап, шегелей түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен
зерттеушілер тұжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің түсіндірме
сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: Публицист,
писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по
народному праву.
Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш анықтаманы Ахмет
Байтұрсынов өзінің Әдебиет танытқыш атты еңбегінде берді. А.Байтұрсынов
публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен төркіндестіреді.
Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен
шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырмашылығы – шешен сөз ауызша
айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсемсөз әлеумет ісіне басшылық пікір
жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі
әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады. Шын
мәнінде публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің
көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдегі басты
міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді.
Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің,
сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып
жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірибемен
ұштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз – заман тарихы, дәуір
тынысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани
бейнесі, жанды көрінісі. Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде
публицистикаға біршама жинақы айқындама берілген: Көсем сөз - әдебиет пен
журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.
Көсем сөздің мақсаты – нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтік,
философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдық ойға ықпал
ету. Көсемсөздің осы мақсатқа орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған
айтыс рухы, сендіру, иландыру, ұйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем
сөздің озық үлгілерінен шешендік сөздердің ізі аңдалатыны да содан.
Көсем сөз – мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларға бірдей
қатысты ұғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпақ ойы, оны жеткізу
ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон
жазып, жариялайды.
Нағыз публицистикада әлеуметтік-тәжірибелік ықпал жасаудың орасан зор
күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға дұрыс бағыт
сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне әсер етудегі маңызды рөлді де
атқарады. Публицистикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыда баға беру,
дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән.
Белгілі зерттеушілердің публицистика туралы, оның мазмұны, пішіні,
әдісі хақында айтқан тұжырымдары сан алуан. Олардың негізгі айтар ойы –
қаламгердің қолынан шыққан кез-келген туынды немесе радио, теледидардан
берілген кез-келген хабар публицистикалық шығарма емес.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас
қызу өрбіді. Вопросы литературы журналының 1970 жылғы жетінші санында
Публицистика - әдебиеттің алғы шебі деген тақырыпта пікірталасқа
қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынған. Бұл мәселеге аталған
басылым 1973 жылғы 10-санында Публицистика және қазіргі заман деген
тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым
жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры
дегенге келіп саяды. Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы
керек, 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томдық ұлттық
журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Э.Жұмабаев көсем сөзге
мынадай анықтама береді: Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық,
өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерін
өзіне арқау ететін әдеби жанр .
Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым
Т.Қожакеевтың де көзқарасы да сәйкес келеді: Публицистика нақтылы өмірден
орын алып отырған мәнді мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап,
сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазады профессор.
– Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры. Ал кейбір
зерттеушілер публицистиканы саясатпен байланыстырғанды жөн көреді. Сондай
көзқарасты белгілі публицистикатанушы ғалым В.Ученова да білдіреді. Ол
көсемсөздің саяси мәніне ерекше ден қояды: Публицистика дегеніміз не?
деген сауалға жауап беру үшін айқын көрініп тұрған мәселеге зер салу қажет,
оның ар жағында не тұрғанын, ең бастысын айқындау керек, -деп жазады
Публицистика және саясат атты еңбегінде зерттеуші. – Сонда біз
публицистикалық туындының ең басты ерекшелігі өзекті саяси мазмұнының
өткірлігі екенін көреміз. Публицистикалық шығармашылықтың зертханасына
үңілу үшін саяси қарым-қатынастардың мәніне, саяси күрестің заңдылықтарына
терең бойлау қажет. Зерттеуші Т.Ыдырысовтың тұжырымы осы көзқараспен
тонның ішкі бауындай байланып жатыр. Ол көсемсөз жайлы мынадай пікірлер
білдіреді: Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы,
күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты
белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен
айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси көркем проза, қаламгердің
әлеуметтік мәселелерді толғауы. Публицистиканы әдебиетпен қоса
журналистиканың сласы ретінде қарастырушылар да бар. Әдебиеттану терминдер
сөздігінде орын тапқан мақаласында Ғ. Доскенов сондай пікір білдіреді:
Көсемсөз - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір
мәселелерді қозғайтын саласы, -деп жазады ол.
Ал Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары деген тақырыпта
зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика
мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келсе, нақты мынадай
тұжырымға тоқталады: Журналистика – белгілібір қызмет саласы. Және әсер
ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің
басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика –
белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар,
белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар
тұтас шығармашылық түрі. Аталған еңбегінде Б.Жақып публицистиканың көркем
әдебиеттен де өзіндік ерекшеліктері бар екеніне бес түрлі айырмасын айта
отырып көз жеткізеді. Сөйтеді де публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі
де сөз өнерінің бір салалары деген тұжырым жасайды. Біз зерттеушінің осы
ойымен толық келісеміз және оны терең талдап, байыта қорыту керек еді деген
пікірдеміз.
Публицистика сипаттамасы туралы айтылған пікірлер де әр түрлі.
Баспасөз теориясын зерттеушілер еңбектеріне көз жүгіртсек, бірсыпыра
ғалымдар публицистика-бұл ең алдымен кәсіпқой еместердің, бұқараның
творчествосы деген пікір айтады. Сөз жоқ, публицистика творчествоның басқа
түрлерімен (көркем, ғылыми) салыстырғанда, көпшілік игеретін творчествоның
бір түрі. Е.Прохоров, В.Ученова сияқты орыс ғалымдары осы пікірге жақын ой
айтқан. Олар тіпті қарапайым хабардың өзі публицистикалық үнмен естіледі,
оқиғалық информация да қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық
заметкада публицистика басқаша көрініспен танылады -деген пікірді
білдіреді. Ал енді бір зерттеушілер керсінше, публицистика мен әдеби-
көркем жанрлардың арасында айырмашылық жоқ,- деп санайды.
Қоғамдық пікірге ықпал жасағанның бәрін де публицистика деп қарастыру
тағы дұрыс емес. Өйткені, қоғамдық пікір көптеген факторлардың ықпалымен
қалыптасады. Ізденістер барысында зерттеушілер негізінен публицистиканы
қарастыра отырып, оның міндетін, функциясын, бейнелеу объектісін, мазмұнын,
өмір шындығын бейнелеу әдістерін ескеру қажеттілігімен келіседі. Бұл
проблемаларға айрықша көңіл бөлген ғалым – Е.П.Прохоров.
Публицистік творчествоның мәні туралы кейбір публицистердің ойлары да
көңілге қонады. Орыстың белгілі журналисті Анатолий Аграновскийдің айтуы
бойынша, қай жерде ой болса, сол жерде публицистика белең алады.
Публицистика ойға құрылуға тиіс. Әдебиетші жазуға отырып, тақырыптың
тамаша бұрылысын, жаңа сюжетті, жаңа сөздерді іздеген кезде, бұл ең
алдымен, оқырманды ойдың жетегімен алып кету үшін жасалады... Жақсы жазатын
адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын адам жақсы жазады. Біздің пікірімізше
ол ой – қоғамдық маңызы бар ой болуы керек. Өткендегі және бүгінгі
публицистердің қайсыбірін алсақ та, ең алдымен, толғана білу қабілетін,
оқырманмен ойын бөлісе білудің үлгілерін көреміз.
Публицист өз шығармасын қоғамдағы адамдардың қалың тобына арнап
жазады. Ал мұның өзі шыгарманың өзіне тән мазмұнын, пішінін, әдіс-тәсілін
талап етеді. Бұл ерекшеліктер публицистиканың функциясымен, оның қоғам
өміріндегі жалпы атқаратын рөлімен тығыз байланысты. Публицистиканың
мазмұны, пішіні мен әдіс-тәсілдері творчествоның аталмыш түрінің қоғамға
ықпал етуінен әлеуметтік тәжірибеде бірте-бірте қалыптасты.
Дәл осы ретте қазақ оқығандарының публицистика туралы ой-толғамдарына
жүгінуге тура келеді. Көсемсөздің алғаш анықтамасын берген А. Байтұрсынов:
Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағзын тағы
сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде
халықты соған көсе м сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне
сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң,
кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке
басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады.
Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті
адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын
адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек ...- деп публицистің
қандай болу қажеттігін айқындап берген. Бұл сөзге илансақ, газет-журналған
басылғанның бәрі публицистика, ал оны жазғандардың бәрі публицист емес
екендігіне тағы да көз жеткізгендей боламыз.
Қазақ зерттеушілерінің ой-тұжырымдары да публицистика туралы білім
көкжиегін кеңейте түседі. Профессор Т.Амандосов: Публицистика - өмірдің
сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық ... Публицистика – адамдар
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің
әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа
құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап – түсіндіріп береді - деген ой
түйеді.
Публицистика белгілі бір болмыс – құбылысты тек әлеуметтік, саяси
жағынан ғана алып бағаламайды, оны практикалық, рухани, моральдік,
парасаттық жағынан да талдайды. Демек, ол өмірді адам әрекетін бір-бірімен
байланыста, өзара бірлікте алып қарайды.
Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер
төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал
жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры, - дейді
белгілі ғалым Т.Қожакеев.
Ал зерттеуші Т.Ыдырысов публицистика жайлы мынадай пікірлер білдіреді:
Публицистика – жазушы мен журналисттің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті
өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір
оқиғаға құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда,
публицистика дегеніміз – саяси-көркем проза, қаламгердің әлеуметтік
мәселелерді толғауы.
Осы айтылған теориялық ұстанымдарды дамыту үшін, ең алдымен,
публицистиканың пән ретіндегі сипатына аз-кем тоқталайық. Пән ретінде
публицистиканың ерекшелігі, көп жағдайда, публицистің көтерген мәселесіне,
тақырыбына, оқырман, тыңдаушы, көрермен қауымның назар аударуына
байланысты. Публицист көтеріп отырған мәселесі төңірегінде ойын түйіндей
келе негіздеп алып, содан әлеуметтік ой тудырады-ау деген пікірді
байсалдылықпен түсіндіруге тырысады. Орынсыз нұсқаушылық пен артық
дидактикалық сарын шығарманы құлпырта алмайды. Қайта оның ықпал етушілік
күшін төмендетіп алады. Публицистиканың пән ретіндегі басты ерекшелігін
түсіне білген публицист қана замана талабына жауап беретін шығарма ұсына
алады. Сөйтіп, публицистке саяси, өндірістік, техникалық немесе
экономикалық, рухани, әлеуметтік проблемаларды байқау аз, оның түп-
тамырына, себеп-салдарына үңілу керек.
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына
назар аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек. Сонымен
публицистика бір жағынан көркем әдебиетпен, поэзиямен, екінші жағынан
жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты. Сондай-ақ қоғамдық ғылымдардың
экономика, философия, саясаттану сияқты тармақтарымен де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz