Алаш көсемдерінің құнды публицистикалық мұралары
Жоспар
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Алаш публицистикасы: тарихи таным тағылымы
2.2 Алаш публицистикасындағы білім тақырыбы
2.3. Райымжан Марсеков . публицист
2.4. Көрнекті Алаш публицисі
Қорытынды

2.3. Райымжан Марсеков – публицист
2.4. Көрнекті Алаш публицисі
Қорытынды
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - Алаш көсемдерінің құнды
публицистикалық мұраларына тоқталу.
Курстық жұмысымның мақсаты - Алаш публицистикасының тағылым алар
танымдық тұстары жетіп артылады. Оны бір курстық жұмыс көлеміне сыйғызып,
тауыса айту мүмкін емес. Курстық жұмысымның мақсаты - ХХ ғасырдың
басындағы қазақтың классикалық үлгідегі көсемсөзінің қадір-қасиетінен сыр
ұққызып,ой түйгізу.
Курстық жұмысымның міндеті - Бүкіл ғұмырын қазақ елінің азаттығына
бағыштаған Алаш ардақтыларының алып тұлғасын, өзіндік ерекшелігі бар
публицистикасының құндылығын таныту.
Курстық жұмысымның өзектілігі - Алаш публицистикасының тақырып ауқымы
өте кең. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ зиялыларының көтермеген мәселелері
кемде-кем.Қай тақырыпта қалам тартса да, алаш азаматтарының елдік, ұлттық
мүддені бірінші орынға қойып, шырайын келтіріп жазатындығы - бүгінгі егемен
ел қаламгерлеріне үлгі-өнеге болмақ. Оның өзектілігі де осында жатыр.

Қазақ көсем сөзінің арғы-бергі тарихынан алаш публицистикасының алар
орны айрықша. Ол жайында аз айтылып,аз жазылып жүрген жоқ.Соған қарап алаш
публицистикасы сарқа зерттелінді десек,қателікке ұрынған болар едік. Өз
алдына үлкен мектеп болып қалыптасқан, ұлы шәкірттер тәрбиелеп шығарған
алаш көсемсөзінің қадір-қасиетін әлі толық танып, терең түйсініп, зерделей
алмай келеміз. Әлемге әйгілі Әуезовтің өзі мойындаған рухани мектептің үлгі
алар өнегелі тұстары ұшан-теңіз. Мұхтар Омарханұлының: “Қазақ” газетінің
сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс
майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп,Ахаң
ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп
жатыр”1,-деп жазуы,тегінде,бекер емес.
Алаш публицистикасының басты идеясы-ұлттың рухын тірілту, ұрпақ
санасын ояту арқылы отарлыққа қарсы ұлы күреске шақыру, ұлт азаттығын
баянды ету. “Оян,қазақ!” деп жар салған жас Міржақыптың жан дауысы жүз
жылдан кейін де мән-маңызын жоғалтар емес.Құдды бүгінгі күннің де
көкейкесті мәселесін қозғап тұрғандай әсерге бөлейді.Қазір “Ойлан,қазақ!”
дейтін уақыт туды.Әлемді шарлаған жаһандасу кезінде жұтылып кетпей ұлт
болып сақталып қалу үшін қандай қам-қарекет жеуіміз керек деген мәселе
әрбірімізді ойландыруға тиіс.
Танымымызды арттырып, тағылым алу үшін тарихымызды білу ауадай
қажет. “Тарихты бірін өзіміз ұнатып,құптайтын ал келесісін
“жағымсыз”санап,бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп
пайымдамау керек. Яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай
боямасыз,қоспасыз,қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім.Ал өткен жылдар
шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі
өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін,ескі қателіктерді қаулата
бермес үшін,жаманнан жирену үшін қажет”2,-дейді бұл турасында ел
президенті Н.Ә.Назарбаев. Таратып талдауды тілемейтін бұл тұжырымнан
түйетініміз, тарихты өткенімізді танып қана қоймай, одан сабақ алу үшін де
білуіміз тиісті екендігі ерекше пайым-парасатпен алдымызға тартылады.
Алаш публицистикасының тағылым алар танымдық тұстары жетіп
артылады. Оны бір мақала көлеміне сыйғызып, тауыса айту мүмкін емес. Біз
оны мұрат тұтып отырғанымыз жоқ. Мақсатымыз- бір ғана мысалмен ХХ ғасырдың

Тіл тағдыры-ел тағдыры. Он жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап
өткен Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің келелі мәселесінің бірі-осы тіл тағдыры.
Мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілінің қазіргі мешел қалі жүрегі “жұртым”
деп соққан әрбір ұлтжанды азаматтың қабырғасын қайыстырып жүргені жасырын
емес. Осы жай бұдан жүз жыл бұрынғы алаш зиялыларының да жанына ауыр
батқанын біреу білер,біреу білмес.
Ғасырлап денемізге дендеп енген кеселдіңсебеп-салдар, залал-зардабын
терең түсініп сезіну үшін тарих жылнамасына жүгінудің артықтығы жоқ.
Қазақ газетінің екінші нөмірінде жарық көрген бас мақалада көтерілген
мәселе бүгінгі күні де өзек өртейтін күйінде қалуда.
Авторы көрсетілмесе де, бас мақаланы басылымның “бас жазушы”
жазатынын ескеріп, А. Байтұрсыновтың қолтаңбасына теліген туындыда қазақ
ұлтының келелі мәселелері қозғалады: “От басының уайымын қойып, жұрт
басының қайғысын ойласақ, ой түсіретін нәрселер әр тараптан көрінеді.
Қалыпты шаруамыз өзгеріліп, қалпымыз да өзгерілейін деп тұр.
Қалпымыз өзгеленсе, қалай болатынымыз белгісіз,”-деген жолдарды
оқығанда ұлтымыздың құдды бүгінгі қалі көрініс тапқандай күйді бастан
кешеріңіз анық. Қазіргі жаһандастыру үрдісі ұлттық қалпымызды өзгеріске
ұшыратпай қалмайтыны белгілі болып қалды . Ал “қалпымыз өзгеленсе,қалай
болатынымыз белгісіз”.
Осы жай бір ғасыр бұрын ардақты алаш азаматтарын да ойландырып,
толғандырмай қалмаған. “Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден
Ертіске, Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әр түрлі
жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай қазақ ұлты болып тұра
аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшіп ұйқымызды бөлетін нәрсе ”,- деген
жолдар соған айқын дәлел. Бүгінгі күні де дәл сондай жағдайды бастан кешіп
жатқанымыз әмбеге аян. Жиырма бірінші жүз жылдық-ақпарат ғасыры дейміз.
Қазіргі ақпарат тасқыны ұлттық мүддемен ұштаспай тұрғанын ойламасқа
болмайды.
“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең
қуаттысы-тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады”,-деген өсиет қалдырған
рухани көсем ана тіліміздің қазіргі бейшара қалының түпкі себебін былай
ашып көрсетеді: “Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың
тілін аздыруға тырысады”.
Бұл тарих жүзінде дәлелденген шындық. Әуелі Ресей патшалығы ,
кейінен жүзін перделеп ұстаған Кеңес империясы осындай зымиян саясатының
“нәтижесінде” қазақ тілінің қолдану аясын барынша тарылтып,қазіргі мүшкіл
қаліне душар еткені-ащы ақиқат. Тарихтан сабақ алу керек десек, осыны
жадымыздан шығармағанымыз абзал. Қазір өз ьұлтымыздың қалың бір бөлігі ана
тілін игерудің орнына ағылшынша үйренуге лап қойса, оны жақсылықтың нышаны
дей алмаймыз.
Мұның соңы да алдымыздан қазылған орға өзіміз жапырлай құлап,
мертіккенмен бірдей болып жүрмесін.
Осы оайда алаш ардақтысының “Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды
тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар
ойлау керек,”-деген уәжді сөзін қайыра еске салып отырған артық көрінбейді.
Ұлы ұстаздың көрегендігі сонда, осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын қазақ
тілінің қазіргі мүшкіл қалін болжап біле алған. Оны мынадай себептермен
байланыстыра қарастырып, соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіріп береді:
“Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда һәм мұнан былай ісіміздің беті
осы болса, қазақ тілі азып жоғалуға ықтимал, Біз келімсек жұрттан кем
болмасүшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ, басқалармен қатар тіршілік ете
алмайтынымыз сүттей ақ,күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы қалпында
болса,тіліміздің азып жоғалуы да анық.Қазақтың балалары қалай оқып жүр?
Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды більейтін ескі жолмен оқиды. Шаһарда
оқыса, я сарт, я ноғай медреселерінде оқиды. Рус школында оқитын русша
кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да,жаза да білмейді,-деп бір
қайырады да, осындай олқылықтың нәтижесі мынаған соқтыратынынан алдын-ала
сақтандырады.-Мұсылманша оқығандарымыз әдеби тілмен сөйлейміз, әдеби тілмен
жазамыз, қазақша жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілімен жазуға ұялады,
қорынады. Русша оқығандарымыз қазақ тілімен пікірімізді толық айта
алмаймыз,жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді”.
Ұлы ұстаздың айтқаны айнытпай келген жоқ па? Қазір орысша оқыған
қандастарымыздың аузынан дәл жоғарыдағыдай жауапты жиі естиміз.Ал,
мұсылманша оқудың орнын бүгінде ағылшынша білім алу алмастырып жатқанын
ескерсек,ана тіліміздің онсыз да жадау халі одан сайын жүдеулене түсе ме
деген көңілімізде алаңдаушылық та жоқ емес.
Көрнекті көсемсөз шебері оқырманның жан тебіренісін туғызған ой-
толғауын былай қорытады: “Мұнан былай да осы бетімізбен жүре берсек,
ақтығында қазақ тілі азып-тозып, бірте-бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша
жазу ұят көрінер, сонан соң қазақша сөйлеу ұят көрінер, онан әрі не болары
белгілі. Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға
болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы
бастан істің бетін тура жіберу үшін анықтап алатын нәрсе мынау:қазақ тілін
сақтау керек пе, болмаса русша болсын,басқаша болсын сөйлеуге жараған соң
бәрі тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала берсін дейміз бе? Біздің
газетіміздің таңбасы Қазақ, яғни қазақтығымызды сақтау. Қазақтың әрине
аты мен тілі жоғалмаса,сақталады. Бұл айтқанымыз русша,я басқаша оқымасын
деген емес,рус тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек деген
сөз. Тұтынбаған нәрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып рус
яки әдеби тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп ешкім
айта алмас”.
Қосып-алары жоқ әділ сөз. Әрі бүгінгі күні де мәні жойылмаған, дәл
осы уақытқт арналған аса құнды сөз. Сөз түзелді,мін,енді сен де
түзел.Тарихи таным тағылымы осылай дейді.
Әлемде бірде-бір ел жоқ,білім-ғылымын сырт елдердің бақылауына
беріп, солардың айтқанымен жүріп-тұрып отырған. Ал біз солай еткіміз
келеді, ұлттық зиялы қауымға сенім артпай, жарылқаушыны сырттан іздеп
әлекпіз. “Баланы ұлша тәрбиелесең-ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең-құл
болмақшы”,-деп жазады жоғарыда аталған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы.
Ойландыратын, ойда ұстайтын мәселе.
Ғасырлап денемізге дендеп енген кеселдіңсебеп-салдар, залал-
зардабын терең түсініп сезіну үшін тарих жылнамасына жүгінудің артықтығы
жоқ. Қазақ газетінің екінші нөмірінде жарық көрген бас мақалада
көтерілген мәселе бүгінгі күні де өзек өртейтін күйінде қалуда.

Алаш публицистикасының тақырып ауқымы өте кең. Қазан төңкерісіне
дейінгі қазақ зиялыларының көтермеген мәселелері кемде-кем.Қай тақырыпта
қалам тартса да, алаш азаматтарының елдік,ұлттық мүддені бірінші орынға
қойып, шырайын келтіріп жазатындығы-бүгінгі егемен ел қаламгерлеріне үлгі-
өнеге. Сондай оқырман санасына ой сала,ел болашағының жарқын болуын көксей
жазылған тақырыптың бірі-білім мәселесі.
Білім адам баласы даму эвалюциясының қай кезеңінде де маңызды
мәнге ие. Білім-ғылымсыз қоғамның ілгері басуы мүмкін еместігі екі бастан
белгілі. Ел тәуелсіздігінің алғашқы мүшел жасымен орайлас ҚР-ның 2015жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасының кең көлемдеталқыланып
жатуы да бекер емес. Қазақ мемлекетінің болашағы қандай болмақ деген
сауалға осы тұжырымдама жауап беруге тиіс. Өйткені білім-қондырма. Қоғам
дамуының ертеңі-бүгінгі білім беру жүйесіне байлаулы. Дұрыс таңдау
жасасақ,тәуелсіз еліміздің көсегесін көгертуге негіз жасаймыз,қателессек
үлкен өкінішке ұрынамыз. Сондықтан да бұл мәселеде өте абай
болғанымыз,асығыс шешім жасамай, жүз өлшеп, бір пішкеніміз жөн болар еді.
Осы орайда, қазақ елі мен жері отарлық езгісінен жапа шеккен,
құрып кету қаупін бастан кешкен ХХ ғасырдың басында ұлт қамын ойлап ,
бастарын тауға да, тасқа да соққан ардақты алаш азаматтарының ұрпаққа білім
беру турасындағы ой-толғам – көсемсөз үлгілерін қайыра жадымызға салғаннан
ұтарымыз көп. Реті келгенде айта кеткеніміз жөн, біз осы алтынның қолда
барда қадірін білмей, жақсы мен жаһүтты сырттан іздейтін жаман әдеттен
арылмай-ақ келеміз. Әйтпесе,әлем танып,мойындаған Әбу-
Насыр әл-Фараби сынды дала даналары- бабаларымыздың ілім-ғылымы тақиямызға
еш тар келмес еді-ау!..
Алаш баспасөзінің киесі- Қазақ газетінде ХХ ғасырдың басында
“Оян,қазақ!” деп атой салған Міржақып Дулатовтың “Қазақ жайы” деген
көсемсөз мақаласы жарық көрген. Сонда оқырман талқысына салынған мына ой
көңілге қонады: “Бұрын бізге ғылым да, өнер де қажет емес еді. Кең далада
еркін жүріп, еркін тұрып, мал бағып, бар керегіміз малдан табылып, басқа
нәрселерді керек қыла қоймаушы едік. Заманында сол қалпымыз жайлы да, жақсы
да еді. Заман қазір де сол қалыпта болса, қазаққа ғылым мен өнер керек
болмас еді. Адам ғылым мен өнер үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер адам
үшін шыққан, адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан
нәрселер. Не нәрсені де адам керегі болса, іздеп жоқтайды, керегі жоқ
нәрсені кісі жоқтамайды”1
Мұнда мән берген кісіге маңызды екі мәселе бар. Біріншіден, қазақ
даласында ғылым мен білімнің кенже дамуы жергілікті халықтың оларға бейімі
жоқтықтан емес екендігін аңдатады. Тек оған деген қажеттілік болмаған.Ал
қажеттілік тус, қазақтың қай салада да бейімдік жағынан көп ұлттан көш
ілгері екенін өмір дәлелдеп келе жатқан жоқ па? Екіншіден, адам ғылым мен
өнер үшін емес, ғылым мен өнер адам үшін қызмет етуі керек деген ой- терең
түсініп, түйсінуді қажет ететін қисынды тұжырым. Ендеше бұл екі жай да
қазір қызу талқыланып жатқан ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасын бекіту кезінде ескерілгенін қалар едік.
Ойымызды таратып айтсақ, ол мынаған келіп саяды. Қазір елімізде
ғылым мен өнер салалары дағдарыс кезеңін бастан кешуде. Оның себебі сан
түрлі.Соның біріне тоқталсақ, мынадай пікір туады. Тәуелсіз Қазақстанда
Ғылым өз жолымен, қоғам өз соқпағымен даму үстінде, араларында еш байланыс
байқалмайды. Бүгінде отандық ғалымдардың құнды пікірлері қоғамдық күрделі
мәселелерді шешу кезінде ескеріле бермейді.Бұл-парадокс. Өркені өскен
елдерде керісінше. Оларда білікті маман ғалымдардың келісімінсіз бірде-бір
іс жүзеге аспайды. Өйткені, сонда ғана қателікке ұрынбай, шын мәнінде
дамуға қол жеткізетіндіктерін жақсы біледі. Бұл- өмірде сан мәрте
дәлелденген аксиома. Олардағы ғалымдардың бедел-абыройы өте жоғары
болатындығы сондықтан. Сол арқылы ғылымның дамуына қоғамдық қажеттілік
туғызылған. Ал бізде бәрі керісінше. Ғалымдар ашқан жаңалықтар ескерусіз
қалады,алысты көздеп айтқан сөздері желге ұшып кетеді. Есептескен ешкім
болмағандықтан ғалымның бедел-абыройы қайдан болсын?! Ал ол өз кезегінде
отандық ғылымның жандануына қырсығын тигізетіндігі айтпаса да түсінікті.
Бұдан түйетін түйін-біреу. Еліміздегі білім мен ғылымды дамытуды ойласақ,
ең алдымен, оған деген қоғамдық қажеттілікті арттыруды мақсат тұтқанымыз
оң.
“Балам”дейтін жұрт болмаса, “Жұртым”дейтін бала қайдан шықсын.
“Балам” деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін “Жұртым” деп танымаса, сонда
өкпелеу жөн ғой ”,-деп жазыпты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ
газетінде жарияланған Орысша оқушылар деген мақаласында2.
Тауып айтылған ұрымтал сөз. Дәл қазіргі қазақ оқыған-тоқығандарының
басындағы жай. Бізде сыртқа табынушылық басымдау боп көрінеді. Өзіміздегі
барды бағалай білу жағы кемшін тартып жатады. Онсыз да арып-ашып, тек елге
деген сүйіспеншілігін сезіммен, перзенттік ақ-адал көңілмен маңдай терін
моншақтата төгіп еңбек етіп жүрген ұстаз, ғалымдардың қыруар қызметін көзге
ілмей, бір сыдырғы сынап-міней бергеннен ұтарымыз қайсы? Өз өзекке
теппейді.Сырттың жарылқасы тағы біледі.
Әлемде бірде-бір ел жоқ,білім-ғылымын сырт елдердің бақылауына беріп,
солардың айтқанымен жүріп-тұрып отырған. Ал біз солай еткіміз келеді,
ұлттық зиялы қауымға сенім артпай, жарылқаушыны сырттан іздеп әлекпіз.
“Баланы ұлша тәрбиелесең-ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең-құл болмақшы”,-деп
жазады жоғарыда аталған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы. Ойландыратын, ойда
ұстайтын мәселе.
“Заман талас-тартысқа айналды. Жағаласпай ешкім қатардан орын
қағыспайды. Басқалармен тізелесуге,тартысуға, жарысуға оқу-білім керек.
Надан жұрт оқымысты,білімді жұртпен қатар тіршілік ете алмайды,есігінде
жүріп азып-тозып кетеді. Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек
те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір
ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан
жұрттың күні қараң, келешегі тұман”3. Осыдан тоқсан жыл бұрын баспасөзде
жарияланған көсемсөз осылай толғайды. Авторы-көрнекті көсемсөз шебері
Міржақып Дулатұлы: Көтерілген мәселе- күні бүгінге дейін көкейкесті.
Таратып баяндауды қажет етпейтін өзекжарды мәселе. Бір ғана бөле айтуды
қажет ететіні –бүгінгі БАҚ-та білім-ғылымға осындай үгіт-насихат
жетіспейтіндігі. Бізде қазақ білім-ғылымының бүгінгі жеткен жетістігін
Кеңес дәуірінің табысы ретінде қарастыру басым, ал оның ар жағындағы Алаш
азаматтарының ерен еңбегі ескеріле бермейді. ХХғасырдың басында қазақ
қоғамын дүр сілкіндіріп, үлкен серпіліс туғызған ұлттық ой-сана жарылысы
Тәуелсіздік таңы боп атқан ХХІ ғасырда да жалғасын табуы жұтар ауадай аса
қажет.
Оқу, білім-ғылымның қоғамдық мән-маңызын едәуір ұққандай болдық.
Ал оның мазмұны қандай болмақ керек деген сауалға жауап іздегенде, оның да
Алаш көсемдерінің назарынан тыс қалмағанына әбден қандық.
“Көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау:бастауыш
мектеп оқуы қазақ үшін бес жылдық боларға тиіс. Әуелі үш жылда балалар
кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер:оқу,жазу,дін,ұлт тілі,ұлт
тарихы,есеп, жағрафия,шаруа-кәсіп,жаратылыс жайлы”4 - деп ой толғайды
қазақ мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі де бірегейі Ахмет
Байтұрсынұлы. Көтеріліп отырған мәселе-бүгін де өте өзекті. Ұлы ұстаз
“әуелі үш жылда балалар кілең қазақша оқуы керек”,-деген ұлағатты сөзді
босқа айтып отырған жоқ. Мұнда үлкен гәп бар.Бастауыш мектепте баланың тілі
ұшталады, сана-сезімі қалыптаса бастайды. Баланың бұл кездегі халын жас
шыбыққа теңеп айтсақ, түсініктірек болады. Жас шыбықты қалай майыстырсаңыз,
солай қарап өседі. Үлкейіп өскеннен кейін тал-теректі түзете алмайсыз,
адамның табиғаты да соған ұқсас. Ендеше тәуелсіз еліміздің тұлғалы азаматын
қалыптастыруды бастауыш мектептен бастап қолға алмасақ, кейін кеш
болады.Осы орайда ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы жобасының 4-бап,3.1 тармақшасындағы мынадай байламмен келісу
қиын:“І саты-бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқудың ұзақтығы -4 жыл. Оқу
6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік
даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел
тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады.5.
Бұл деген сөз дүбәрә ұрпақ тәрбиелеп, іштен шыққан жау жаман демекші,онсыз
да туған анасын танымай, іштен ірітіп жүрген мәңгүрттер қатарын көбейтуге
қолайлы жағдай туғызғанмен бірдей ғой.
Біздіңше, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кеде оған тіпті де жол
беруге болмайды. Тұжырымдама қабылданар кезде бұл да ескерілуге тиіс.
Оқудың мән-маңызы мен ішкі мазмұнын айқындап берумен бірге Алаш
публицистері мектеп керектерін де тәптіштеп жазуды ұмыт қалдырмаған. Бұл
жөнінде “Мектеп керектері” атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы мынадай ой-
түйін жасайды: Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм
сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек
білімді болып шықрақсы. Солай болған соң, ел әуелі мектепке керегі –
білімді, педагогика, медодикадан хабардар, оқыта білетін мұғалым,Екінші –
оқыту ісіне керек құралдар қолайлы кәм сайлы болу шарт.Үшінші мектепке
керегі – белгіленген программа. Керексіз нәрселерді үйретіп, балалардың
өмірін босқа өткізбес үшін үйретілген тиісті білімді кем үйретпес үшін,
балалардың күші жетпейтін өте алысқа сүйреп кетпес үшін мектепке үйрететін
нәрселердің кесімі – пішімі болуға тиіс.Сол пішім праграмма болып
аталады6
Кесек – кесек үш мәселе. Бүткіл білім беру жүйесі оның ілгері даму
тетігі осылырға байланысты.Елімізде білім - ғылымды жетілдіреміз десек, осы
үш мәселеге назар аударып, оңтайлы жағдай туғызу үшін тиісті шараларды
қолға алатын күн жеткен секілді. Соған үміт артамыз.
2.3. Райымжан Марсеков ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz