Құқықты қолдану сатылары


ҚҰҚЫҚТЫ ҚОЛДАНУ САТЫЛАРЫ
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: 1) істің нақтылы мән-жайларын анықтау; 2) істің заңи негізін анықтау; 3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау; 4) шешімді жүзеге асыру.
Бірінші сатыда заңи айғақтар және заңи құрам анықталуы керек. Олар -басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заңи істі тиісті түрде, заңи жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталатын мән-жайлардың көлемі заңда белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанда мына жағдайлар дәлелденуі қажет: а) қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, жасалу әдістсрі), ә) айыпкердің кінәсі; қылмыстың себебі; б) айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар; и) қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипатымен мөлшері; г) қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар.
Екінші сатыда істің заңи негізі анықталуы керек: қолдануға қажетті құқықтык норманы табу; оның мәтінінің дұрыстығын тексеру; норманың түпнұсқасы екендігін анықтау; оның кеңістіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді.
Кейде заңи мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық норма болмауы мүмкін. Мұны заңдағы олқылық (кемшілік) деп атайды. Заңда қарастырылмаған жағдайда заң шығарушы екі тәсіл қолданады. Қылмыстық заңда ерекше принцип (қағидат) баянды етілген. Егер заңда оған жаза, шара белгіленбесе, қылмыс немесе теріс қылық жоқ деп есептеледі. Ал азаматтық заңдар бойынша іс-әрекет заңда қарастырылмаса да, тараптар үшін оның маңызы бар болса, азаматтық заңдардың жалпы мағынасына байланысты тараптардын, құқықтары мен бостандықтарын туындатады. Осыған байланысты заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы (аналогия) түсініктері бар, бұларды қолдаңу заңда қарастырылған.
Заң ұқсастығы - істі ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолдану арқылы шешу.
Құқық ұсастығы - істі заңдардың жалпы бағытына және мағынасына сүйене отырып шешу.
Құқықты қолданудың үшінші сатысы - қадалған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау керек. Осы актілер заңға негізделіп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын акт - мемлекет атынан жасалатын, нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі.
І-саты
Істің нақтылы мән-жайларын анықтау және объективті таддау
2-саты
Құқықтық нормалы таңдау және талдау
4-саты
Құқықты қолдану актісін орындау
Құқық қолдану актісі - құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінін құжаттарында хатталған немесе ауыз екі түріндегі ұйғарымдары мен шешімдері. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие болады және кұқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Құқық қолдану актісінде:
- құқық нормасы болмайды;
- нақты адресатқа (белгілі тұлғаға, ұйымға, ұжымға) бағытталуға арналған;
- бір реттік сипатта болады (орындалысымен оның әрекеті аяқталады) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz