Аралас экономика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
"Экономика, басқару және құқық" факультеті
"Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар"

БӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің - капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз



Орындаған: Мырзахметов Убайдулла
Топ: ЖХМ 111
Қабылдаған: Байбахов Н

Түркістан 2022 ж
Жоспар
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
Саяси экономия
Капитализм
Социализм
Қаралас экономиканың белгілері
3 Қорытынды

Кіріспе
Қазіргі замандағы экономикалық теория бірнеше ірі бағыттарды (нсоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды. Бұл бағыттар экономикадағы динамикалық процестерге (циклдерге, инфляцияға, жүмыспен қамтуға, экономикалық құрылымдардың өзгерістеріне, ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау, зерттеу жүргізеді. Ресейге келсек бұнда экономикалық ой-пікірлердің дамуы белгілі экономист және мемлекеттік қайраткер Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж.) атымен және XVII ғ. Жалпыресейлік нарықтың құрылуымен байланысты. Бұның көзқарасын орталықтанған мемлекеттегі ресейлік меркантилизмнің көрінісі деп бағалауға болады. Соцынан экономикалық ілімге үлес қосқандар -- И.Т. Посошков(1652-1726жж.), М.В. Ломоносов(1711-І765жж.), М.М. Сперанский (1772-1839жж.) және А.Н.Радищевтің, А.И. Герценнің, С.Ю.Виттенің, П.А. Стольпиннің, Г.В. Плехановтың т.б. еңбектері. Осылар қаржылық, аграрлық және өнеркәсіптік реформалар жүргізудің негізінде Ресейдің сфералары мен региондары арасында нарықтық қатынастардың қажеттігін дәлелдеген.
Экономикалық ой-пікірлер қатарында марксистік бағыттың орны ерекше деуге болады (XX ғ. 20-90-шы жж.). Марксистік көзқарастардың үстемдігі, бағалы өсімдіктер арасындагы арамшөп тәрізді, прогрессивтік экочомикалық қағидаларды, олардың дамуға ұмтылуына қарамастан тежеп, жоққа шығарып, жойып отырды. Н.Д. Кондратьевтің (1891-1938 жж.), экономикалық циклдер ("ұзын толқындар") теориясын дүниеге әкелген, А.В. Чаяновтың (1888-1938 жж.) экономиканың ұйымдастыру - өндірістік және отбасы шаруалық бағыттарын дәлелдеген идеяларын атап өткен жөн. Бірақ өкінішке орай, Сталиннің диктатының әсерімен экономикалық трактовкалардың көбі "социализм үшін саяси жағынан зиянды" деп жарияланды.
Қазақстан экономикасын қайта құрудың, демократияның, жариялылықтың бүгінгі кезеңінде ғалымдар, жекелеген экономикалық мектептердің көзқарастары мен жетістіктердің өтпелі дәуір экономикасына бейімдеп және ерекше Қазақстандық экономика шеңберінде кәсіпкерліктің қалыптасуына бейімдеп, интеграциялауға бет бұрып отыр. Осы бағыттың өкілдері монетаризмді және мемлекеттік реттеуді пайдалану арқылы, экономикадағы микро- және макропроцестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра дамыту қажеттігін дәлелдейді.

Саяси экономия
Саяси экономия - бұл адамдар, үкіметтер мен мемлекеттік саясаттың өзара байланысына бағытталған әлеуметтік ғылымдардың пәнаралық бөлімі.
Саяси экономистер нақты әлемде капитализм, социализм және коммунизм сияқты экономикалық теориялардың қалай жұмыс істейтінін зерттейді. Оның негізінде кез-келген экономикалық теория ресурстардың шектеулі мөлшерін бөлуді көптеген адамдар үшін тиімді етіп бағыттау құралы ретінде қабылданған әдістеме болып табылады.
Кең мағынада саяси экономика бір кездері біз қазір экономика деп атайтын салада қолданылатын жалпы термин болды. Адам Смит, Джон Стюарт Милл және Жан-Жак Руссо осы терминді өздерінің теорияларын сипаттау үшін қолданды. Брифер термині 20 ғасырдың басында экономикалық факторларды талдаудың қатаң статистикалық әдістерін дамытумен алмастырылды.
Саяси экономика термині экономикалық әсер ететін кез-келген мемлекеттік саясатты сипаттау үшін әлі де кеңінен қолданылады.
Негізгі өнімдер
* Саяси экономика саласы - бұл капитализм немесе коммунизм сияқты экономикалық теориялардың шынайы өмірде қалай жүзеге асатынын зерттейтін ғылым.
* Саяси экономияны зерттейтіндер тарих, мәдениет және әдет-ғұрыптардың экономикалық жүйеге қалай әсер ететінін білуге ​​тырысады.
* Жаһандық саяси экономика саяси күштердің әлемдік экономикалық өзара әрекеттесуді қалай қалыптастыратынын зерттейді.
Саяси экономика туралы түсінік
Саяси экономия - бұл қоғамдық саясат қабылданған кезде ұлт пен оның үкіметі арасындағы қатынасты зерттейтін әлеуметтік ғылымның бір саласы.Демек, бұл саясат пен экономиканың өзара әрекеттесуінің нәтижесі және әлеуметтік ғылымның негізі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, саяси экономиканың бірнеше белгілі түрлері бар:
* Социализм:
* Капитализм:
* Коммунизм:
Саяси экономиканы зерттейтіндерді саяси экономистер деп атайды. Оларды зерттеу, әдетте, мемлекеттік саясаттың, саяси ахуалдың және саяси институттардың елдің экономикалық жағдайы мен болашағына социологиялық, саяси және экономикалық линзалар арқылы қалай әсер ететіндігін тексеруді қамтиды
Саяси экономика әлеуметтану, экономика және саясаттану ғылымдарына сүйене отырып, үкіметтің, экономикалық жүйенің және саясаттың бір-біріне қалай әсер ететіндігін анықтай алады..

КАПИТАЛИЗМ
Капитализм - жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. К. бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, К. өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
Капиталистік құрылыс Бат. Еуропа елдерінде 15 - 16 ғ-ларда пайда болды. Капиталистік қатынастар тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісінің жіктелуіне байланысты қалыптаса бастады. Өнеркәсіп өндірісі оқшауланып экономика саласына айналды, тауар айырбасы кеңейіп, күрделілене түсті, соның нәтижесінде ақша мен сауда пайда болды. Бұл екеуі ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырланды, сөйтіп ақша капиталға, пайда табу құралына айналды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады.
18 - 19 ғ-ларда өндірістік К. қалыптасып, классик. экон. теория негіздері қаланды. Оның белгілері мен ұстанымдары: 1) негізгі құрал-жабдық жеке меншік түрінде буржуазияның қолында болады; 2) жұмыскерлер құрал-жабдықтан айырылған, олардың тек құқықтық бостандықтары ғана бар, сол себептен олар капитал иелеріне жұмыс күшін сатып, еңбек ақы алады; 3) өндірістің мақсаты - пайда алу, ол өндірістің негізгі қозғаушы күші болып саналады; 4) кәсіпорындар капиталистердің жеке меншігінде болады; 5) кәсіпорынды капиталистің өзі басқарады; 6) өндірушілер бытыраңқы, рыноктың қажеттілігі белгісіз, өндірістің негізгі демеушісі - еркін бәсеке; 7) өндірісті құн заңы реттейді; 8) өндіріс капиталистері - орташа пайдаға ие болады, сауда капиталистері - сауда пайдасын, несие капиталистері - несие пайызын алады. Классик. К. еркін бәсекелі экон. құрылымға жатады. Онда өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі, бір жағынан, мыңдаған ұсақ және орташа өндірушілер, екінші жағынан, көптеген жеке тұтынушылар арасындағы еркін бәсеке арқылы қалыптасты. Ал мемлекет тек "ойын тәртібін" белгілеп, оны бақылап отырды. Өндіріске қажет қаржы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде капиталистік бірлестіктер пайда болды, бәсеке күшейіп, өндіріс пен капитал шоғырланды, қоғамда монополиялық үстемдік орнады.
20 ғ-дан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемл. сектор, яғни "мемлекеттік капитализм" пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің "тігісін жатқызуға" тырысты. Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік ш. жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді.
Теорияшылар К. жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас жүйенің пайда болуымен, яғни экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді. Коммунистер бұл өзгерістердің мәні жүйенің жаңа жағдайға бейімделуінде деген тұжырым жасады; капиталистердің пайдасын өсіру үшін мемлекет тарапынан жан-жақты көмек қажет деп есептеді. Олар ұстанған мемл.-монополиялық К. тезисінің мәні осында. Қазақстанда К-нің дамуына қажетті алғышарттар 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Алайда Қазақстанда сауданың ең артта қалған, кіріптарлыққа негізделген түрі көп тарады, бұл несиеге сатумен, өсімқорлықпен ұштастырылды. Ақшаға зәрулік көшпелі халықты жоғары пайызбен қарыз алуға мәжбүр етті. Оның үстіне есеп айырысу заттай - қоймен және малдың басқа да түрлерімен жүргізілді. Өсімқорлық қазақ даласының еңбекші халқына зор ауыртпалық әкелді. Тауар-ақша қатынастарының қанат жаюы, сауда капиталы рөлінің артуы несие алу қажеттігін туғызды. 19 ғ-дың 80-жылдары қалаларда мемл. банктердің бөлімшелері ашылып, олардың айналымы шапшаң өсе бастады. Мыс., Семей бөлімшесінің айналымы 1887 ж. 15 млн. сомға жетті. Алайда жалпы ауылда капиталистік қатынастар баяу дамыды.
Тауар өндірісінің дамуымен бірге бұрын көшпелі ш-тың мұқтажына қызмет еткен қолөнердің де сипаты өзгерді. 19 ғ-дың аяғына қарай майдагерлік өнеркәсіп дами бастады. Мұнда тауар өндірушілер тек тұтынушылардың тапсырмасымен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен бірге тауарларды (киіз үй, ер-тоқым, текемет, кілем, сырмақ, ағаш ыдыс-аяқ, т.б.) рынокқа арнап өндіре бастады.
19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Ресейде капиталистік қатынастың дамуына байланысты Қазақстанның шикізат көзі, өткізу рыногі, капитал жұмсау аясы ретіндегі рөлі арта түсті. Қазақстанның біраз аумағы арқылы Сібір және Орынбор - Ташкент т. ж-дары салынды. Мұның өзі орыс және шет ел капиталын әкелуге жағдай жасады, осының негізінде кен өнеркәсібі дами бастады. Қазан төңкерісі қарсаңында олардың акцион. капиталы 71 млн. сомға жетті. Капиталистер Қазақстанның бай табиғи ресурстарын пайдаланды. А. ш. өнімін ұқсататын өнеркәсіп біршама жандана бастады. Өңдеу өнеркәсіп орындары қарапайым техникамен жарақтанған, небәрі 4 - 5 жұмысшы істейтін шағын, жартылай майдагерлік кәсіпорындардан тұратын еді. Қазақстанда т. ж. желілерінің тартылуы оның түрлі аудандары арасында экон. байланыстардың күшеюіне, олардың белгілі бір өнім өндіруге мамандануына мүмкіндік туғызды. Әсіресе, солт. аймақтарда сауда, егіншілік қалыптасты, ал басқа аудандарда тауарлы мал ш. дамыды. Сөйтіп, Қазақстанда а. ш-ның тауар қатынастарына тартылуы күшейе түсті.
Сонымен 20 ғ-дың бас кезінде капиталистік құрылыстың рөлі елеулі түрде артты. Дегенмен олар үстем сипатқа ие бола қойған жоқ.
Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстанда 20 ғ-дың 90-жылдары басталған саяси, әлеум.-экон. реформалар экономикада нарықтық қатынастардың кең ауқымда дамуына жол ашты. Бұл қатынастардың негізінде К. жатыр. Бірақ К., жоғарыда айтылғандай, өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтеді. Қазақстан бұл сатылардың алғашқы кезеңінде тұр. Бұл - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика жүйесі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономиканың моделдері
Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Пәндер