Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ
Билисбеков Нурбол Нурмухаммедович
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму географиясы
6В05209 - «География» білім беру бағдарламасы
Астана, 2024.
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ
Қорғауға жіберілді
« » . . 2024 жыл
Физикалық және экономикалық география кафедрасының меңгерушісі:
PhD докторы, профессор м. а. Н. Е. Рамазанова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСгеографиясы»Тақырыбы: «Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму
6B05209 - «География» білім беру бағдарламасы
Орындаған: Билисбеков Н. Н. Ғылыми жетекші:
Г. ғ. д Профессор. Саипов А. А.
Астана, 2024.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ
Жаратылыстану ғылымдары факультеті,
Физикалық және экономикалық география кафедрасы «География» - 6В05209
Бекітемін Кафедра меңгерушісі Н. Е. Рамазанова
« ». . 20 ж .
Дипломдық жұмысты орындауға арналған ТАПСЫРМАСтудент: Билисбеков Нурбол Нурмухаммедович
4 курс, Гг-41 тобы, 6В05209 - «География» білім беру бағдарламасы
- Дипломдық жұмыс тақырыбы:
Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму географиясы
« » 20. ж. № ректордың бұйрығымен келісілді
- Дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі «_»20 ж
- Жұмыста алынған мәліметтер (заңдар, кітаптар, зертханалық-өндірістік мәліметтер) :Ғылыми оқулықтар, кітаптар, анықтамалықтар, мерзімдікбасылымдар, ғылыми мақалалар, интернет-ресурстар.
- Дипломдық жұмысты жасауда туындайтын сұрақтар: Дипломдық жұмыстыңқұрылымы, негізгі мәлімет көздеріне жарамды кітаптар бойынша, жұмысмазмұнын құруда туындайтын сұрақтар, зерттеу барысында қолданылатынәдістер.
- Графикалық материалдар тізімі:ArcGIS 10. 8 бағдарламасымен жасалғанкарталар, кестелер, диаграммалар.
- Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы
- Жұмыс бойынша кеңестер (оларға қатысты жұмыстың бөлімдерін көрсету)
№, бөлім, тарау
Ғылыми жетекші, консультант
Тапсырманы алу мерзімі
Тапсырма берілді (қолы)
Тапсырма алынды
(қолы)
Кіріспе
Саипов А. А
1 бөлім
Саипов А. А
2 бөлім
Саипов А. А
3 бөлім
Саипов А. А
- Дипломдық жұмысты орындау кестесі
№
Жұмыс кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау
мерзімдері
Ескерту
1
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын бекіту
2
Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау үшін материалдар жинау
3
Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлігін дайындау (1-бөлім)
4
Дипломдық жұмыстың (жобаның) талдамалық бөлігін (2-3-бөлімдер) дайындау
5
Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінінің жоба нұсқасын аяқтау
6
Алдын ала қорғауға дипломдық жұмысты (жобаны) ұсыну
7
Дипломдық жұмысты (жобаны) ұсыну рецензияға
8
Ғылыми жетекшінің пікірімен және рецензиясымен дипломдық жұмыстың (жобаның) түпкілікті нұсқасын ұсыну
9
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
Тапсырманы беру күні «_» 20 . Ж.
Ғылыми жетекші. Г. ғ. д профессор Саипов А. А.
Тапсырманы орындаушы: студент: Билисбеков Н. Н.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
- Түркістан облысының Қазығұрт ауданына географиялық сараптама . . . 8Түркістан облысына географиялық шолу . . . 8Қазығұрт ауданының физикалық географиялық жағдайы16
- Қазығұрт ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы және болашағы 22Қазығұрт ауданының әкімшілік территориялық бөлінуі 22Ауданның шаруашылық салалары 30Қазығұрт ауданының туристік-рекреациялық мүмкіндіктері 38Елді мекендерінің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту жолдары 55
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер 65
Қосымша 67
Кіріспе
Жалпы географиялық тұрғыда ауммақтағы елді мекендерінің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту және тұрақтандыру жолдары өз ғылымында урбогеография, сонымен қатар ауыл географиясы ретінде қарастырылады. Аумақтағы елді-мекендер географиясы қазіргі таңда әлемнің басқа да мемлекеттері үшін маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Бұл жасалынуы тиіс жұмыс ел экономикасының өркендеуі мен алға жылжуы елді мекендермен ондағы тұрғылықты халықтардың еңбек бөлінісіне байланысты іс әрекеттерімен тығыз байланыста. Елді мекендердің пайда болуы және оның қалыптасуы ол аймақтың географиялық орнына, сонымен қатар сол жердегі қоршаған ортаның табиғатына және оның ресурстық әлеуетіне қатысты сондай-ақ әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасатынын білеміз. Ауданымыздағы елді мекендердің аумақтық әрі кеңістіктік тұрғындауы халықтық шаруашылық іс-әрекеттерге тұрғындарының саны, сонымен қатар әкімшілік дәрежесіне байланысты әр түрлі болып келеді. Бұл жағдайлардың көпшілігі оларға ұлттың мәдениет мен бірге өмірлік салт дәстүрі де әсер беретіні анық. Қазақстанда елді мекендер сонымен бірге облыстар мен аудандар көлемінде және сипаттары бойынша ауыл, сондай-ақ кент және қала болып басты үш елді мекендерге жіктеледі. Дипломдық жұмыста біз Қазығұрт ауданы бойынша материалдарға сүйеніп елді мекен географиясын талдап сонымен бірге танысып қорытынды шығарамыз.
Жұмыстың мақсаты Қазығұрт ауданы елді мекендерінің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын табу, анықтау.
Міндеттері:
- ауданы өңірлік жаратылысына кешенді географиялық талдау беру;
-Қазығұрт ауданының шаруашылық салаларын талдау әрі бағалау;
- аудан аумағындағы шаруашылық салаларын жіктеу барысында туристік әлеуеттілікті анықтау;
- аудан аумағындағы елді мекендерінің әлеуметтік экономикалық жағдайын тұрақтандыру, сонымен бірге жақсарту жолдарын қарастыру және ұсыныстар беру.
Бүгін таңда дамушы елдер қатарында тұрған Қазақстан Республикасінің аумақтық бөлінуі қалыптасқан бір аудан, сонымен қоса оның даму мүмкіндіктеріне талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әрбір ауданның тек өз аумағына арналған ерекшелігі, сонымен қоса өнеркәсібін және ауыл шаруашылығын құрылымы ұқсас болғандықтан оның дамуыда әр алуан болмақ. Бұл аудандардың жетілу жағдайлары өз аумағының табиғатресурстары, сонымен қатар жағдайларымен тікелей байланысты болып оны талдау жұмыстың көкейтестілігі болып есептейміз.
Киелі өңір, Қазығұрт ауданы-жер аумағы үлкен қазақ жерінің көне тарихымен байланысқан әрі құнарлы және әсем өзгеше өңірлердің бірі. Киелі Қазығұрт баурайынан мыңдаған жылдар бұрынғы барша
адамзаттың тұрақтаған орны болған, сонымен қоса ол көзқарастар ғылыми негізде дәлелденуде. қазірге дейін ашылмаған сырлар бар, небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын жасырып жатқан орындар жеткілікті. Ең басты айтылатын жайт, аудан аумағындағы барша танымдық орындар халық арасында белгілі аңыздарға бастау алады. Ауданның табиғаты мен жер жағдайы да ерекше. Биік-биік таулар мен жосылып жатқан жоталар, жазық далалар мен шөлейтті құмдар араласып өзінше әсем өрнектеледі. Туристік әлеуеті де өте жеткілікті тұрғыда баршылық. Ерекше табиғаты мен аңыздарға негізделген киелі орындар туристерді қызықтырары анық. Аудан шаруашылығы мен туризмнің дамуы бір-біріне демеу беретін екі үлкен сала болып тұр. Біз бұл салалардың басын біріктіре алатын болсақ Ауданның табиғи ресурстарын сонымен қатар туристік ресурстарында тиімді игеретін болар едік. Мақсат қойған жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, шаруалардың өнімдерін тұтыну сонымен қоса елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамыта алатын боламыз. Сондай-ақ Жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру біздің жасап жатқан жұмысымыздың негізгі мақсаттарының бірі.
Ұйымдастырылған бағдарламаға сәйкес зерттеп отырған нысанымыз туристік ресурстарды пайдалануда, ауданның барлық артықшылығын қолдануды ұсынамыз.
Еліміздің қазіргі жағдайында елді-мекендердің тұрақты дамуы үшін жасау керекті іс-әрекеттер қазіргі уақытта ең маңызды мәселелердің бірі. Тұрақты дамудың ғаламдық идеологиясынан анықтайтын «орнықты даму» түсінігінің мәні қазіргі елді- мекендердің дамуы өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың алдағы қажеттіліктерін қамтамасыз мүмкіндігіне алаңдамау үшін іске асырылуы тиіс. Аудандақ жоспарлауда елді-мекендердің тұрақты даму түсінігін аймақтардың құрылымын зерттеу сонымен бірге аумақты саралау бірдей уақыт ішінде пайда болды.
Аудан аумағында орналасқан таптырмас танымдық орындар туризмді дамытуда ең керекті ресурс болып табылады. Бүгінгі таңда бұл орындар келетін туристер саны артқан. Сонымен қоса біз бұл жағдайды дұрыс жолға қойып, қызмет көрсету сапасын арттырып, туристік шаруашылық қалыптасуына септімізді тигіземіз.
Ауданның ауыл шаруашылық саласында жұмыс жасаап жатқан шаруалармен сұхбат кезіндегі бірнеше проблемалар барын анықтадық. Сонымен бірге біз бұл проблемалардың шешу жолын ұсынамыз.
- Түркістан облысының Қазығұрт ауданына географиялық сараптамаТүркістан облысына географиялық шолу
Түркістан облысы жиырмасынша ғасырдың екіші жартысында әкімшілік- аумақтық бірлік есебінде негізі қаланған, сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде бөлігінде орналасқан. Жер аумағының көлемі 117, 3 мың км 2 , сондай-ақ ел аумағының 4, 3% бөлігін құрайды. Қазіргі таңда облыста тұрғындардың саны 2 млн-нан астам. Аудан аумағының солтүстігінде Қарағанды облысы, сонымен қатар батысында Қызылорда облысы және шығыс бөлігінде Жамбыл облыстарымен, сондай-ақ оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектесіп отыр. Облыс аумағында орналасқан аудандар саны-11, сонымен қатар 8 қала және 13 кент сондай-ақ 1000-ға жуық ауылдық елді мекен бар. Аумағында 171 ауылдық округтермен бірге 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы - Түркістан қаласы [1] .
Ал республикалық маңызы бар қала статусын алған Шымкент қаласы- еліміздің көлік жолдары дамыған, өнеркәсібі мен әлеуметтік өмір сүру сапасы жағынан алғанда да дамыған өңірлердің бірі. Киелі де қасиетті Қазығұрт тауының етегінен басталатын жазықта жайқала орналасқан Шымкент қаласыны тұрғылықты тұрғын саны жағынан республикамызда алғашқы үштікті түйінділеуде. Сонымен қоса
«Қаратау тәжі» депаталып кеткен Кентау қаласы, көптеген жол торабы қиылысатын жер болып есептелінетін Арыс, сондай-ақ Ленгермен Сарағаш және Жетісай, сондай ақ Шардара қалаларының да алуан түрлі ерекшеліктерге баршылық. Мысалы, Мақтаарал секілді ірі аудандардың әрбірінде 300-ға жуық адам тұрады.
Облыстың айтуға тұрарлық өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда мүмкіншілгі орасан зор. Олардың негізі мол мөлшердегі табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстарынан тұрады. Түркістан облысы - республика бойынша барша жүзеге асып жатқан сонымен бірге асатын шаруашылық салаларыбірқалыпты дамып келе жатқан, еңбек ресурстарына бай жеткілікті өңір. Облыс кәсіпорындары еліміздегі барша өнеркәсіп өнімдерінің 10%-ына жуығын игереді. Мемлекетіміздегі трансформаторлардың барлығы дерлік осы өңірде жасалынады, фармацевтикалық өнімдердің 70%-ынан астамы, жерасты минералды сулардың 52%-ы жасалынып шығарылады, мотор майының, сонымен қоса бензиннің 40%-ға жуығы және рафинатты қорғасынның 30%-ға жуығы сонымен бірге сыраның 23, 6%-ы және цементтің 20%-дан астамы сонымен қатар экскаватор және мақта майы толығымен Түркістан облысында игеріледі. Облыс аудандары өзіне тән шаруашылық салаларымен дамып отыр. Түркістан облысы аудандары: Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төле би, Түлкібас, Шардара [2] .
![]()
Ескерту -ақпарат көздерінен алынған [3] .
Сурет 1 . Облыстың әкімшілік - аумақтық картасы
Түркістан облысындағы өнеркәсіптік мүмкіндіктері мен әлеуетінің басты құраушылары-мұнай өңдеуші сондай-ақ кен-өндірісі кәсіпорындары. Машина жасау саласмен түсті метал өндірісі, сонымен қатар химия өндірісідамуда, сонымен бірге жеңіл өнеркәсптері Шымкентпен бірге аймақтар, шаһарларында қарқынды түрде игерілуде. Облыс аумағында 200- ге жуық ірі және орта кәсіпорын жұмыс жасауда. Облыс аумағында мұнай саласындағы жалпы өндірісінде жұмыс жасап жатқан ірі кәсіпорындар орындары: «ПетроКазахстанОйл Проадакс» (мұнай өңдейтін) сонымен бірге «ИнтеркомШинансис» ААҚ (шина шығаратын) . Аймақтағы кен өндірісі саласындағы негізгі кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын мен мырыш өнімдері) ; сонымен қатар машина жасау өндірісінің облыстағы жетекші әрі ірі кәсіпорындары: «Кориданавал» (автомобильдер мен тракторларға арналған кардан біліктерін шығаратын), сонымен қоса «Южмаш» ААҚ (арнайы-престеу машиналары сонымен бірге қосалқы, жанама бөлшектерін шығару), сондай-ақ «Экскаватор» шығара алатын әлеуеті бар, сонымен бірге «Кентау трансформатор зауыты», сондай- ақ «Түркістан-насос» және де құрылысқа қажетті өнеркәсіптерден «Шымкент цемент» цемент шығаратын; әр-түрлі химия саласының өндірісінен - «Химфарм» (дәрі-дәрмек шығарумен айналысады) ; аймақ аралық жақсы дамыған жеңіл өнеркәсіп өндірісінен «Шығыс» және «Елестик» ААҚ, біршама дамыған «Адал» ААҚ тағы сол сияқты басқа да орындар жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші алдыңғы орындардағы кәсіпорындарды «Шымкент-май» зауыты (май шығаратын), сондай-ақ «Алған» және «Шымкент сыра», сонымен бірге «Бахус- Дероносак» орындары сонымен бірге «Арай» зауыты (май шығаратын), «Аман келді» ААҚ- тары, тағы сол секілді жұмыс жасауда. Сарыағаш қаласының минералды суын «Әсем-ай» су шығаратын, «Алекс» су шағаратын ЖШС-тері шығарады. Сондай-ақ темекі өнімдерін игерумен «Central Asіa» ЖАҚ-ы жұмыс жасауда.
Облыстың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы 12 млн га, сонымен қатар оның ішінде жыртуға жарамды жер аумағы 0, 8 млн га. Облыс аумағы бойынша ауыл шаруашылығында 7-ға жуық шаруа қожалығы сонымен қатар 1500 ӨК, 25 АҚ және 1100 ЖШС жұмыс жасауда. Олар республика ауыл шаруашылығы өнімінің 25%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығының стратегиялық маңызы бар, салаларының бірі мақта өсіру мен оны өндіру жатады. Мақта өндіру көлемі 200 мың га-дан (жалпы егін егетін аумағының 40%-ы) асты. Шитті мақтаны өңдірумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Бұл зауыттар облыстың Мақтаарал сонымен қатар Сарыағаш және Шардара ауданында сондай-ақ Түркістан қалалық әкімдігі аумағында орналасқан. Егілетін егін өнімінің жылдық көрсеткіші: шитті мақта - 360т, бидай - 4 т, күріш - 1 т, көкөніс - 4 т, картоп - 115 мың т, бақша өнімдері - 291000 т, Мал саны: ірі қара - 6-нан астам, қой-ешкі - 3000мың-нан астам, жылқы - 12-ға жуық, түйе - 14000-нан астам, шошқа - 22000, құс - 2000 мың-нан астам басқа жетті[4] .
Облыстан жеміс-жидек, жүзім, көкөніс өнімдері сондай-ақ бау-бақша өнімдері, макарон мен өсімдік майы, тері шикізаттары және мақта, басқа да ауыл шаруашылық өнімдері еліміздің басқа өңірлеріне жіберіліп отырады [4] .
Ескерту-Автор өзі құрастырған
Сурет 1.Түркістан облысы аумағында екі бағытта жүретін және ұзындығы 445 км темір жол сонымен қатар ұзындығы 5300 км автомобиль жолы және соның ішінде жоғарғы сапалысы жол ұзындағы 5500 км жол бар. Облыстағы ірі қаламен-халықаралық Орынбор - Ташкент әрі Түркістан - Сібір ірі жол тораптарының қиылысқан жерінде орналасқан. Сонымен қоса, облыс территориясы арқылы Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы мен Ташкент - Шымкент - Түркістан - Самара сонымен қоса, Батыс Еуропа -Батыс Қытай ірі жол тораптары өтіп жатыр. Әуе көлігі жүйксінде «Шымкент әуежайы» ААҚ халықаралық тікелей әрі транзиттік авиарейстерді ұйымдастыруға аса қолайлы. Облыс аумағынан Алматы - Шымкент - Бұхарагаз құбыры, сонымен бірге Шымкент - Павлодар - Омбы мұнай құбыры қиып өтуде [5] .
Облыстың жер бедері жазықты әрі егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына аса қолайлы. Аумағының солтүстік және қиыр оңтүстік аймақтарынан басқасы шөл зонасында орналасқан. Облыс территориясынан Сырдария, Келес, Арыс, Бадам, Ақсу секілді ірі өзендер ағады. Өзен айналасы егін шаруашылығына аса қолайлы.
Аумағының оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс етегіндегі
- Өгем жотасында облыстың ең биік шыңы - Сайрам шыңы (4238 м) орналасқан. Өгем және Келес өзендерінің ортасында жатқан Қаржантау
жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) батысындағы көрікті жотасы болып табылады. Қаржантаудың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі-Мыңбұлақ шыңы (биіктігі 2834 м) .
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай ежелгі, аңызбен жұмбаққа бай Қазығұрт тауы(ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы етегін бойлай Келес өзені ағады. [6]
.
Ескерту -ақпарат көздерінен алынған[3]
Сурет 3. Облыстың физикалық картасы
Геологиялық тұрғысы бойынша облыс жері Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы - сонау ежелгі тақтатастары мен құмтастардан тұрса, оның оңтүстігі бөлігі карбонның әктас және кұмтасты қатқан қосындыларынан
сонымен бірге девонның жанартауға ұқсас тау жыныстарынан тұрады. Сондай- ақ палеозой қатпарлы негізі, ежелгі дәуірінде пайда болған жер астынан атқылаған және жанартаулық сонымен бірге құрылымдық негізі мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі. Облыс территориясы әр түрлі пайдалы қазбаларға аса бай: түрлі металдарға және қоңыр көмір мен темір рудаларынажәне пайдалы шөгінді жыныстарға, әктас сонымен бірге отқа төзімді саз, түрлі құм қабаттарымен бірге мәр- мәр секілді әртүрлі құрылыс шикізаттары бар.
Еліміздегі уран көлемінің жартысына астамы осында орналаскан, олар әлемдегі аса ірі уран кеніштері болып табылады. Сондай-ақ Иірсу және Сусіңген секілді кеніштерінен түрлі металдар өнімдер шикізаттар: марганец пен хром, сонымен бірге титан, қатты темір рудалары өндіріледі. Облыс территориясында Шу-Сарысу газ- гелиймен бірге Сырдария ауданы аумағындағы мүнай-газ кен орындары орналасқан. Боралдайдан және Тас- көмірсайдан, Келтемашаттан, Ленгердегі кеніштерден мезозойлық коңыр кемір өндіріледі. Облыс аумағындагы ірі Қаратау фосфориттің үлкен алабына кіретін шикізаты мол Үшбас фосфор кен ошақтары барлаудан өтіп жатыр. Және облыстың оңтүстігінде орналасқан Қаржантаудың маңайынан өнеркәсіптің көптеген салаларына аса қажетті шикізат бары анықталған [7] .
Түркістан қаласына таяу маңда орналасқан Ақсай мен батыс аймақ доломитті кен орындарында резина және қағаз бояулар өндіріледі, осы маңнан газ-мұнай бұрғылау жұмысындағы кеңінен пайдалануға қажет минералдық шикізат-бариттің қомақты көлемде шикізаты бар. Түлкібас шаһарындағы Құлантау мен Иірсу кен орындарындағы цементті соңғы үлгіде жасауға, өрттен сонымен бірге дыбыстан өткіспестей, жылу сақтауға сонымен бірге ғарыштық техникаға өте қажетті материал қорлары бар. Облыста габброперидотиттерге қажет құрамында өртке шыдайтын заттар мен қағаз өнімдері мен хош иісті әтірге қажетті шикізат - тальктің аса ірі қоры анықталып, зерттелген. Төле би ауданы аумағында орналасқан Жоғарғы Бадамда өте сапалықыш ыдыстарға қажетті шикізат, түрлі боялағаныдыстары, фарфор өндірісі, түрлі сия, қағаз сонымен бірге резина өндірістеріне аса керекті техникалық шикізат - волдастониттің өте үлкен қоры табылғанын айтамыз. Облыс батыс бөлігінде орналасқан Қызылкөл сонымен бірге Дарбаза кеніштерінде кварц құмының аса ірі қоры бар. Облыс орталығында орналасқан Корнштов кеніштеріндегі әктастар бұрыннан қантөндірісінде керекті карбонаттық шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Облыс аумағындағы құрылыс материалдары ретінде минералды шикізат базасы түрлі цемент сонымен бірге керамзит пен қыш, шыны және құрылыстық ірі тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас шикізаттары өңделіп түрлі сия ретінде қолданылады. Олар Қазығұрт етегіндегі, Бадам мен Сазтөбе әктастары сонымен бірге Қарасай маңы, Ақсайдағы минералдық бояулары және Ленгер отқа төзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы сондай-ақ Дарбаза және Қыңырақ бентониттері әрі Сарытопырақты саздақтардың ірілі- ұсақты шикізаттары мен құмтастардың табиғи қосындылары көптеп кездеседі. Отырар ауданында орасан зор көлемде уран кендері игеріледі. Ескі
тау Қаратаудың маңында ірі бассейндерінде жалпы қоры 26 млрд, т құрайтын фосфориттердің 50-ге жуық кен орны анықталған, сонымен бірге Кербас және Көксу кен орындары Түркістан облысы аумағында орналасқан [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz