Варикоз ауруы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе3

Негізгі бөлім. . 4

Көктамырдың варикоздық кеңею себептері4

Варикоз ауруын заманауи емдеу әдістері6

Варикоз ауруының түрлері9

Варикоз ауруларын емдеу жолдары. . 11

Қорытынды. 14

Пайдаланылған әдебиеттер15

Кіріспе

Варикоз (лат. 'varіcosіs' - кеңею) - аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуі. Ауру кезінде вена тамыры кеңейіп, ұзарып, түйінделіп, білеуленіп, серпімділік қасиетін жояды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Жершарындағы халықтың 10 - 15%-і осы кеселге шалдыққан, ерлерге қарағанда әйелдерде (әсіресе, жүкті әйелдерде) бұл ауру 4 есе жиі кездеседі. Варикозбен ауырғанда көбіне вена қан тамыр қабырғаларының әлсіздігіне байланысты қан айналысының жылдамдығы төмендеп, қан вена ішінде ұйиды немесе тамыр қабырғасында ісік болса, соның салдарынан тамыр қысылып, кей жерлері түйінделеді (қара: Тромбофлебит) . Ауру баяу басталады да, бірте-бірте тамыр созылып, үстіндегі терісі көгереді, кейде сол жер жұқарып тесіледі. Науқас адам аяғына ауыр салмақ түскендей сезініп, балтыр еті тартылып, тез шаршағыш келеді. Аяқ ісініп, ауру күшейе түседі. Варикоз көбіне ұзақ уақыт аяғынан тұрып ауыр жұмыс істейтін адамдарда (шаштараз, аспаз, мұғалім, т. б. ) кездеседі. Варикоздың тұқым қуалайтын жағдайлары да анықтаған. Аурудан алдын ала сақтану үшін (егер бұл ауруға ағза іштен туа бейім келсе) ондай адамға жалпы ағзаны шынықтыратын, әлдендіретін ем қолданылады (емдік физкультура, түрлі витамин қабылдау, ванна алу) . Жүкті әйелдер Варикоздың алғашқы белгілері білінісімен (2 - 3 айлығынан бастап) созылмалы бандаж кию керек. Оны босанғаннан кейін де 1 - 2 ай киген жөн. Аурудың асқынған түрінде хирургиялық операция жасалып, түйінделген веналар алынып тасталады.

Көктамырдың варикоздық көбею себептері

Аяқтың сау веналарында қанды ұстап тұратын және оның жүрекке қарай жоғары жылжуына ықпал ететін қақпақшалары болады. Қақпақшалар дұрыс жұмыс істемесе, қан венада іркіледі. Олар жиналған қаннан ісініп, венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі пайда болады. Тері үстінде көруге болатын венаның (көктамырдың ) аздаған варикоздық кеңеюі «тамырлық жұлдызшалар» аталады. Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі кең таралған ауру және ерлерге қарағанда, әйелдерде жиі пайда болады. Әдетте, ауру көпшілік адамдарда көп мәселе туындатпайды. Дегенмен, кейбір адамдарда аяқтағы ісіну және ауырсыну, тромбы түзілуі және терінің өзгеру секілді күрделі симптомдардың дамуына апаруы мүмкін.

Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі - беткі веналардың қақпақшаларының дұрыс қызмет етпеуіне байланысты ұлғаюы, ауырсынуы, кедір-бұдырлануы. Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі әдетте, аяқта болады, бірақ, басқа жерде де болуы ықтимал. Бұл кең таралған ауру, көбінесе, әйелдерде кездеседі.

Аурудың даму қаупінің факторлары:

  • Егде жас
  • Әйел жынысы (жыныстық жетілуде, жүктілікте, етеккір тоқтау шағында пайда болатын гормондық өзгерістер венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюіне апаруы мүмкін) . Ұрықтануға қарсы дәрілерді немесе гормондарды қабылдау да қауіпті арттырады.
  • Вена қақпақшаларының туа біткен ақауы
  • семіздік
  • жүктілік
  • бұрын аяқ венасында тромб түзілуінің болуы
  • ұзақ уақыт бойы тұру немесе отыру
  • Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюінің отбасылық тарихының болуы.

Симптомдары:

  • Аяқта ауырлық, жарылатындай сезімнің, кейде ауырсынудың болуы.
  • Көрінетін, ісінген веналар
  • Аяқтың немесе тобықтың жеңіл ісінуі
  • Қышу

Аурудың ауыр түрінің симптомдары:

  • Аяқтың ісінуі
  • Аяқтың немесе сирақтың ауырсынуы - ұзақ тұрғанда немесе ұзақ отырғанда
  • Аяқ немесе тобық терісінің түсін өзгертуі
  • Құрғақ, тітіркенген, қабыршақтанған тері, жеңіл сызаттанып, жарылады
  • Ұзаққа созылатын, жазылмайтын терінің ойық жаралары
  • Аяқ пен тобықтағы терінің қалыңдауы және нығыздауы (бұл ұзақ уақыт бойы орын алуы мүмкін) .

Варикоз ауруын заманауи емдеу әдістері

Аяқтың созылмалы көктамыр жетіспеушілігі - көк тамырдагы қанның макрогемодинамикалық қайтуының бұзылуымен сипатталатын, өңірлік микроайналым жүйесі жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын синдром. Аяқтың варикоздық сырқаты өндірісі дамыған елдер тұрғындарының арасында жиі. Соңғы онжылдықта аталған сырқатпен ауыратындар арасында жастар көбейді.

Аяқтың варикоздық ауруын нақтамалау және емдеу стандарттарын реттеу төмендегіше жіктеледі:

1) патологиясыз көк тамырлы тастаусыз теріішілік және теріастылық сегменттік варикоз;

2) рефлюксті үстірт немесе перфорантты көк тамырлардағы сегменттік варикоз;

3) рефлюксті үстірт немесе перфорантты көк тамырлардағы кең таралған варикоз;

4) терең көк тамырларда рефлюкс болған жағдайдағы варикоздық кеңею.

Созылмалы веноздық жетіспеушілік кезеңдері:

0 - жоқ;

1 - «ауыр аяқ» синдромы, басылатын ісік;

2 - созылмалы ісік, гипер- немесе гипопигментация, липодерматосклероз, экзема;

3 - веноздық трофикалық ойық жара.

Варикоздың бастапқы кезеңінде клиникалық белгілер онша байқала қоймайды, шағым да көп айтылмайды. Жіліншіктің алдыңғы және артқы беткейінің және жіліншік пен жамбас қапталының шектеулі бөлігінде бірдей мөлшерде кеңейген жекелеген көктамыр тармақшалары түріндегі веноздық суреттің айқындала түскені байқалады. Сырқаттар тез шаршайтындықтарын, ұзақ уақыт дене еңбегімен айналысқаннан кейін балтыр бұлшық еттерінің ауырлағанын, кейде тырысып қалатындығын айтады. Көп ретте мұндай сырқаттардың варикоз ауруының дамуына тектік бейімдігі, негізінен анасы жағынан (92%) бейімдігі тіркелген.

Айқын байқалатын түйіндердің типті оқшаулану қатары бар: бұл көбіне веноздық аневризма секілді үлкен түйіндер болатын жамбас жақ, жамбастың ортаңғы және төменгі бөлігінің қиылысы, жіліншіктің жоғарғы бөлігі, белдеменің үстіңгі жағы. Сырқаттың осылайша кеңінен таралуы, дерттің барлық жастағы адамдарда кездесуі бұл науқастарға көрсетілетін мамандандырылған көмек әдістерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін көрсетеді. Патогенезге қатысты тетіктер көп, олардың бірқатарына қолда бар құралдармен тиісінше әсер ету қиын, сондықтан бұл аурудың емі де күрделі. Дәрігер мен емделушіден айрықша назар, төзім мен табандылық талап етіледі, өйткені көп ретте ауру жазылмайтын сипатта болады, бір рет жүргізілген еммен шектелуге болмайды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап флебологияға хирургиялық және хирургиялық емес емнің заманауи технологиялары белсенді енгізіле бастады. Әрбір сырқаттың өзіндік қайталанбас белгілері болады. Сондықтан тиімді кешенді таңдап, емдеу шараларының қаншалықты нәтижелі болатындығын физиологияны және аурудың патофизиологиясын жетік білетін дәрігер ғана айта алады.

Көптеген сырқаттар аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінде ем қабылдайды. Өкінішке қарай, бұл ретте жекелеген қателіктерге жол беріледі. Емхана оташылары сырқаттарға көбіне «ауырғанша жүре тұруға» кеңес береді. Әдетте дәрігер науқасқа дәке таңуға (оны қалай орауды үйретпестен) немесе әсері төмен ескірген препараттарды қолдануға кеңес береді. Мұның өзі созылмалы көктамыр жетіспеушілігінің асқынуына және дерті асқынған сырқаттар санының айтарлықтай көбеюіне әкеліп соғады.

Варикоздық ауруды емдеудің негізгі бағыттары:

· компрессиондық ем;

· флебосклездік ем;

· хирургиялық ем мен фармокологиялық құралдарды пайдалану.

Компрессиондық емнің емдік әсері мынадай тетіктермен айқындалады:

- веноздық қайтымды тездету мен патологиялық веноздық сыйымдылықты төмендету үстіңгі көктамырлар диаметрін кішірейту және бұлшық еттің веноздық өрімін компрессиялау есебінен іске асады;

- веноздық рефлексті жою немесе азайту;

- қылтамырлар желісінің веноздық бөлігіндегі интерстациалъдық сұйықтың реабсорбциялануының ұлгаюы мен артериядағы сүзгілеудің төмендеуі ісіктің кішіреюіне әкеледі;

- қанның фибринолитикалық белсенділігін плазменогеннің ұлпалық белсендіргішін қарқынды шығару есебінен ұлгайту.

Соңғы кезге дейін фармакотерапияға жеткілікті назар аударылмай келді.

Оның негізгі мақсаттары мынадай:

1) ауру белгілерін (қатты ауыру, балтырда ауырлық сезіну, ісіну, тез шаршағыштық) тоқтату;

2) асқынудың (трофикалық бұзылыстар, үстірт тромбооргебат) алдын алу;

3) отаға дейінгі дайындық және отадан кейінгі оңалту;

4) сырқаттың өмір сүру сапасын жақсарту;

5) варикоздық аурудың алдын алу.

Қазіргі кезде варикоздық ауруды емдеудің хирургиялық әдістеріне басымдық беріледі. Сонымен бірге аяқ көктамырлары анатомиялық құрылысының әртүрлілігі мен клиникалық түрлерінің көптігі, варикоздық ауру дамуының кезеңділігі емдеу бағдарламасын баламасыз стандарттауға мүмкіндік бермейді.

Склероздаушы терапия хирургиялық ем болып табылады. Сондықтан варикоздық көктамырды алып тастаумен бірдей әсер ететін бұл емге сөзсіз басымдық беріледі. Бұл емді қолдануға көрсетімдерді сауатты анықтау, емдеу техникасын мұқият сақтау, үйлесімді компрессия - жақсы функционалдық және косметикалық нәтиже алу кепілі.

Варикоз ауруының түрлері

Варикоз ауруы

Варикоз ауруы - ерлер мен әйелдерде де жиі кездесетін көктамыр және қан тамырдың кең таралған ауруы. Варикоз кезінде көктамыр қабырғасы жұқарып, қан айналымының бұзылуы салдарынан көктамыр кеңейеді. Көктамырлы қабықшалардың тонусы жоғалып, соның салдарынан көктамыр жолы кеңейіп, көктамыр қақпақшасы деформацияланады.

"Варикоз - көктамырдағы қақпақшаның жұмыс істеу дәрменсіздігі және қан айналымының бұзылуынан аяқтағы көктамырдың кеңеюі. Тіндерден жүрекке қарай қан жүретін қан тамыр қабырғалары кеңейеді, деформацияланады және өз жұмысын дұрыс орындай алмайды. Көп жағдайда варикозды кеңею аяқтағы сыртқы жұқа көктамырға зиян келтіреді. Қалыпты жағдайда қан көктамыр арқылы жоғары қарай, яғни жүрек пен өкпеге қарай жылыстайды. Алайда ауырлық күшіне сәйкес сұйықтықтың барлығы төмен қарай ағатыны белгілі.

Адам ағзасындағы қанның төмен емес, жоғары қарай қозғалуы үшін осы тәртіпті реттеп тұратын көктамырдағы қақпақшалар бар. Олар қан жылыстауына қарай ашылып, оның кері кетпеуі үшін қайта жабылып отырады. Қақпақшалар дұрыс жабылмаса, қан бәрібір көктамыр арқылы төмен қарай ағады да, қан жолына бұл қан сыймай кетеді. Сондықтан қан тамырлары кеңейіп, тері астына дөңкиіп шыға бастайды. Мұнда проблема оның сырт көзге сұрықсыздығында ғана емес, бұл адам өміріне қауіпті", - дейді қан тамыр хирургы, флеболог дәрігер Денис Ибрагимов.

Варикоз көбіне ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істейтін немесе екі аяғы тыным таппай үнемі жүгірісте жүретін, гипертониктер, қант диабетіне шалдыққан, жалпақтабан ауруы бар, омыртқасына зақым келген, гормоналды препарат қабылдайтын әйелдер, жүкті әйелдерде пайда болады.

Флебит

Флебит - көп жағдайда аяқтағы үстіңгі көктамыр қабырғаларының қабынуы. Қабыну салдарынан қан айналымы бұзылып, қанның ұюы туындауы мүмкін. Егер бұл ауруды дер кезінде емдемесе, онда ол созылмалы формаға айналуы, кейін тереңде жатқан көктамырға зиян келетін тромбофлебит ауруына алып келуі мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, көктамырдың варикоз ауруының асқынуы, абсцесстің асқынуы, инфекция, көктамырдың күюі флебиттің туындауына себеп бола алады. Флебит кезінде адам ауырсыну сезінеді, зақымдалған көктамыр айналасы қызарады және ісінеді, адамның дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болуы мүмкін.

Тромбофлебит

Терең тамырлардағы тромбофлебит - бұл көктамыр қабығының қабынуы салдарынан қанның ұйып қалуы. Тромбофлебит себептері: көктамырдың ішкі қабығының зақымдалуы, көктамыр жанындағы тіндердегі қабыну процесі, қан ұюының бұзылуы, сондай-ақ көктамыр варикозы ауруының асқынуы.

Тромбофлебит егде жастағы әйел адамдарда жиі кездеседі. Ол ауырсынуға, ісікке, дене қызуының көтерілуіне, ауру туындаған жердің көгеруіне алып келеді.

Көктамыр жетіспеушілігі

Көктамыр жетіспеушілігі - бұл генетикалық тұқым қуалаушылық немесе аз қимылдайтын өмір сүру режимінің салдарынан туындаған көктамырдағы қан айналымның бұзылуы. Бұл дерт көбіне орта жастан асқан әйелдерде кездеседі. Аяқтағы ауырсыну осы аурудың бастапқы кезеңіндегі негізгі белгі. Бұл көктамыр қақпақтарының жармасы дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты қан жоғары емес, төмен қарай жылжи бастайды.

Ауру асқынған сайын көктамыр қабырғалары жұқарып, варикозды кеңею басталады. Аяқ ісініп, көктамырлар анық көріне бастайды. Кейіннен аяқтың тырысуы да болуы мүмкін. Егер бұл дертті уақытында емдемесе, кейіннен көктамырлар бітеліп қалуы және трофикалық мерез туындауы ықтимал.

Варикоз ауруларын емдеу жолдары

Варикозды емдеу

"Варикоз ауруын емдеу тиімді болуы үшін бес қадам жасау керек. Біріншіден, мамандандырылған ауруханаға барыңыз. Себебі көктамыр ауруларын қан тамыр хирург-флеболог емдейді. Ем мен профилактиканы тек дәрігер тағайындайды. Екіншіден, аяқтағы көктамырды ультрадыбысты дуплексті сканерлеуден өткізіңіз. Бұл міндетті тексеру көктамырдың жай-күйін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ұсынылған емді толық көлемде алыңыз. Бұл дәрі-дәрмекпен емдеу, компрессия, хирургиялық емдеу болуы мүмкін. Қандай да бір ем түрін жіберіп алмаңыз. Себебі олар кешенді түрде тиімді бола алады. Төртіншіден, дәрігердің кеңестерін мұқият орындаңыз. Емдеу кезінде және одан кейін де сізге компрессорлы трикотаж кию ұсынылады. Компрессия көктамырдағы қан жүруін жақсартып, ем шаралардың тиімділігін арттырады. Бесіншіден, профилктикаға мән беріңіз. Жарты жылда бір флеболог дәрігердің тексеруінен өту варикоздың қайта туындауына жол бермейді", - деп санайды флеболог дәрігер Денис Ибрагимов.

Варикозды заманауи үлгіде және қауіпсіз емдеуде варикоз көктамырларының лазерлі коагуляциясы таптырмас әдіс болып отыр. Бұл әдіс кезінде қан тамыр қабырғалары жылу энергиясының әсерінен жабысып, одан кейін қан тамыр өздігінен сіңіп кетеді. ВКЛК арқылы емдеу кезінде ауырсынудың болмауы, жарақат туындау қаупінің жоқтығы, ауруханада жату қажеттілігінің болмауы, науқастың тез қалпына келуі осы әдістің артықшылақтары бола алады. ВКЛК жасағаннан кейін ертесіне-ақ науқас қалыпты өмір сүруді жалғастырып, жұмысқа да кірісе алады.

Флебитті емдеу

Көп жағдайда флебит амбулаториялық жағдайда емделеді: физиотерапия, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, құрамында гепарин немесе троксевазин бар жақпамайлар, қажет болса антикоагулянттар және антибиотиктер тағайындалады. Дәрігер компрессорлы трикотажды киюді, емдеу кезінде демалуды, зақымдалған дене бөлігін үнемі жоғары көтеріп жатуды ұсынуы мүмкін.

Тромбофлебитті емдеу

Тромбофлебитті емдеу тактикасы да аурудың қандай деңгейде екеніне байланысты. Медикаментпен емдеу кезінде антикоагулянттар, тромболитиктер, қабынуға қарсы жақпамайлар, өсімдіктерден дайындалған флеботониктер қолданылады. Егер ірің пайда болса, онда антибиотиктер беріледі. Қан ұйып қалу қаупі туындаған болса, хирургиялық әдіспен зақымдалған қантамыр бөлігін алып тастайды.

Көктамыр жетіспеушілігін емдеу

Әдетте көктамыр жетіспеушілігін емдеу кешенді сипатта жүреді. Оған медикаментті трапия, физиотерапия, компрессорлы киім кию, емдік дене шынықтырумен айналысу, аса қажеттілік туындаса ғана хирургиялық емдеу жатады. Аурудың дендеуіне әсер ететін барлық факторды жою қажет. Егер науқас семіздікке шалдықса, онда артық салмақтан арылу керек, гормоналды препарат қабылдайтын болса, басқа дәрі-дәрмекке алмастырған абзал, аз қимылдайтын болса, физикалық белсенділікке көңіл бөлу керек.

Үй жағдайында көктамыр ауруының алдын алу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Остеоартроз буындардың дегенерациялық - дистрофиялвқ ауруы
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Ойық жара ауруларының патогенезі
Жалпақ табан
Қан кету және оны тоқтату
Төменгі қуыс вена жүйесі
Қан айналымның бұзылуы
Есірткінің адам ағзасына әсері
Порталды гипертензия
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz