«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы



Кіріспе
Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи. қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни.саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі.түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін.бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән.жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол . ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары мен қағидаларын бұрмалап, іс.әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал нақтылай атап өтетін болсақ «Аль.Каида», «ХАМАС», «Мұсылман.ағайындар », «ЭТА», «Аль.Джамаа аль.Исламийя», « Ансар аль.Ислам», « Хизб.ут.тахрир аль.Ислами» және т.б.
Экстремизм мен терроризм сонау заманнан.ақ қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасыуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей өте күрделі мәселе болмағаны, сонымен қатар оның жан.жақты қарастырылмағаны тарих беттерінен көрінеді. Ал қазіргі ғаламдану кезінде, осындай экстремистік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл қиын және өзекті мәселе ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінде тұрғаны және соған қатысты күн сайын конференциялар, шақырулар өткізіліп, көптеген декларациялар, конвенциялар қабылданып жатқаны бәрімізге де

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени
және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып
табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті
жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын
басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа
бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті
мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері
және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм
және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат
бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан,
соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат
құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы
мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені
мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық
тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың
астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру
керек сияқты. Сонымен қатар ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары мен
қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және
лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал нақтылай атап өтетін болсақ
Аль-Каида, ХАМАС, Мұсылман-ағайындар , ЭТА, Аль-Джамаа аль-
Исламийя, Ансар аль-Ислам, Хизб-ут-тахрир аль-Ислами және т.б.
Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ қолданбалы әрі тиімді қару
ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында
Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің
қалыптасыуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей
өте күрделі мәселе болмағаны, сонымен қатар оның жан-жақты қарастырылмағаны
тарих беттерінен көрінеді. Ал қазіргі ғаламдану кезінде, осындай
экстремистік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл қиын және өзекті мәселе
ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінде тұрғаны және соған қатысты күн
сайын конференциялар, шақырулар өткізіліп, көптеген декларациялар,
конвенциялар қабылданып жатқаны бәрімізге де мәлім.
Бітіру жұмыстың өзектілігінде осы жоғарыда айтылып өткен мәселенің
қазіргі кезде әлем қауымдастығының алдында тұрғанын зерттеп өту.
Зерттеу нысаны – Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами партиясының экстремистік
ұйым болып қалыптасыуы және діни экстремизм мәселесі.
Зерттеудің мақсаты – діни экстремизм мәселесін және оған байланысты
формаларды, соның ішінде, терроризм, фундаментализм және т.б. жан-жақты,
ғылыми тұрғыда зерттеп қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың міндеттері:
- Экстремизм түсінігін және алғашқы қалыптасуын және оның басқа да
формаларын зерттеп қарастыру.
- Діни экстремизм мен саяси экстремизмді салыстырып, олардың арасындағы
ұқсастықтар мен қайшылықтарын талдау.
- Діни экстремистік ұйымдардың, соның ішінде Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами
партиясының қалыптасу және күшею себептерін зерттеу.
- Хизб-ут-Тахрир партиясының Орталық Азия мен Қазақстанға кең таралуын
көрсету және мемлекеттердің ұстанымдарын талдау.
- Діни экстремизмнің факторларын және экстремизмнің мемлекеттік
мүдделерге қауіпінің геосаяси негіздерін көрсету.
- Лаңкестік пен экстремизмді бір-біріне ұқсастығын көрсету және
халықаралық немесе мемлекеттік ұйымдардың күресу бағыттарын зерттеу.
- Саяси қақтығыстағы діни экстремизмге баса назар аудару.
Жұмыстың деректі негізі - құжаттар, құран, үнпарақтар, Ата заң,
конвенциялар, бағдарламалар.
Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу жөніндегі Шанхай
конвенциясы (Шанхай, 15 маусым, 2001жыл)
Лаңкестікпен күресу туралы халықаралық конвенция (15 желтоқсан,
1997жыл)
Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенция (9
желтоқсан, 1999жыл)
Резолюция БҰҰ 57145 қазіргі глобалды қауіптер мен шақыруларға жауап
бере отырып (16 желтоқсан, 2002 жыл ARES57145)
Халықаралық терроризм мен экстремизмді жою жөніндегі шаралар туралы
декларация (15 қазан, 1994 жыл)
БҰҰ шеңберіндегі әлемдік қауымдастық халықаралық лаңкестік пен
экстремистік көріністерінің күшеюі, сонымен бірге ядролық компоненттердің
таралуы және есірткі бизнесінің күшеюінің мүмкіндігіне алаңдайтынын
білдірді.
ХХІ ғасырдың қауіптері мен жаңа шақыруларға жауап беру қабілеттігін
жоғарылату мақсаты мен және халықаралық лаңкестікпен күресу, сонымен бірге
басқа халықаралық және аймақтық ұйымдармен әрекеттестікті нығайту
мақсаттары атап өтілген. 90жж БҰҰ шеңберінде қабылданған құжаттарда
лаңкестіктің жаңа формаларының пайда болуын шектеуге ұмтылыс жасалады.
Мұсылман қауымының қасиетті кітабы Құранда Дінде зорлық жоқ, Саған
әмір етілгендерді ашық жариялап, көп құдайға табынатындарға теріс қара
(15:94)деп оң бағытын сілтейді.
Хизб-ут-Тахрир партиясының ұнпарақтарында көбіне бүкіл әлемнің
мұсылмандарын біртұтас исламдық халифат құруға шақырады, үгіт-насихат
айтады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жұмысты жазу барысында отандық, ресейлік
зерттеушілердің еңбектері қолданыс тапты.
ХХ ғасырдың 60 жж басынан бастап діни экстремизм мәселесіне байланысты
кеңестік зерттеушілер бірқатар кітаптар, мақалалар жазған. Мәселенің жеке
аспектілері Э.Г.Филимонов, В.Н.Арестов, А.С.Онищенко жұмыстарында
қарастырылған. Э.Г.Филимонов діни экстремизмді діни бірлестіктердегі
фанатикалық элементтердің идеологиясы ретінде анықтайды. В.Н.Арестов,
А.С.Онищенко діни экстремизмді қоғамға қарсы бағытталан саяси феномен
ретінде қарастырады.
Е.И. Степанова Қазіргі замандағы лаңкестік атты монографиясында
лаңкестікті және оның әр түрлі формаларын жан-жақты талдап зерттеген.
Отандық зерттеушілер А.Д. Дарменов, Б.С.Жүсіпов экстремизм түсінігіне
және онымен күресудің криминологиялық аспектілеріне, Қазақстан мен Орталық
Азия елдеріне таралу себептеріне басты назар аударады.
Жұмыстың әдістемелік негізіне тарихи, саластырмалы талдау, контент-
анализ әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, сілтемелер және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, экстремизм түсінігін анықтау және сонымен
байланыстырылатын, фундаментализм, радикализм, ваххабизм және терроризм
түсініктері талдап қарастырылды. Діни экстремизм және саяси экстремизмнің
байланыстары және қайшылықтары, экстремистік ұйымдардың кейбір көріністері
мен мақсаттары, себептері мен салдары жөнінде айтылды.
Екінші тарауда, Хизб-ут-Тахрир аль-ислами партиясының экстремистік
партия болып қалыптасуы, оның күшеюінің себептері және алғашқы негізін
салушылары жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Таяу шығыста пайда болған осы
экстремистік партияның Орталық Азия мен Қазақстанға таралуы және аймақтағы
мемлекеттердің осы мәселеге қатысты ұстанымдары қарастырылды.
Үшінші тарауда, халықаралық терроризм және экстремизм мемлекеттік
мүдделерге қауіп төндіретіні және ұлы державалардың геосаяси мақсаттарға
жету үшін діни факторды маңызды құрал ретінде қолдануы және әлеуметтік
қозғалыстардың қоғамдық-саяси, құқықтық, экономикалық және идеологиялық
әдістері арқылы лаңкестік пен экстремизм құбылыстарымен күресу
механизмдерін құруы туралы айтылды. Сонымен бірге, саяси қақтығыстағы
лаңкестік пен экстремизм елдер мен аймақтардың тұрақты дамуына,
тұрақтылығына және қауіпсіздігіне ең маңызды күрделі қауіп ретінде
қалыптасуы жөнінде қарастырылды.

І Тарау Экстремизм түсінігін анықтау мәселелері
1.1 Экстремизмнің пайда болуы және түсініктемесі
Қандай да бір құбылысты зерттеу үшін, оның өте маңызды белгілерін
анықтап ұқсас және шектес құбылыстармен салыстыру керек, және соның
негізінде берілген түсініктің құрылымын құруға тырысу қажет. Ең алдымен
бізге Экстремизм түсінігін анықтау маңызды мәселе болып табылады.
Әдебиетте (бұл жағдайда ғылым ілімінің кең салалары туралы айтылады -
әдебиеттану, саясаттану, құқық және т.б.) берілген түсініктің анықтамалары
әр түрлі және көп жағдайларда қарама- қайшы келеді.
Бұндай жағдай көбінесе обьективті сипатта болатынын ескеру керек. Бұл
күрделі және көпжақты құбылысқа әр түрлі зерттеушілер өздерінің көбірек
қызықтыратын жақтарын зерттейді. [1]
Алғашқы сәтте бұл түсініктің мән- жайын анықтауға тырысу керек. Содан
кейін әдебиетте айтылған пікірлерді талдау негізінде сырттан ұқсас, бірақ
экстремизмнен маңызды ерекшелігі бар түсініктерден бөліп қарау керек.
Қазіргі шетелдік сөздер сөздігінде экстремизм латын тілінен шыққан-
төтенше көзқарастар мен шаралар жолын ұстаушылық деп түсіндіріледі.
Сондықтан да, радикализм және терроризм сияқты түсініктерді синоним
ретінде қолданатындықтан экстремизм түсінігінің ерекшелігін көрсету қажет.
Қазіргі әдебиеттерде көзқарастар, тәсілдер өзгерген. Мысалы:
радикализм... бұл саяси жүйені немесе негізгі түпкі қоғамдық
институттарды өзгертуге бағытталған әлеуметтік- саяси идеялар мен іс-
қимылдар... қазіргі кезде радикализм қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтін.

Теориялық және практикалық әлеуметтік мәселелерді шешу үшін төтенше
зорлық әдістер мен құралдарды қолданумен өзгешеленеді. Ал осы жағдайда
экстремизм мен радикализм түсініктерінің араласуы анық көрінеді. Олардың
түпкі ерекшелігі сонда, егер бірінші заң шеңберінде болса, соңғысы заңсыз
тәсілдермен де жүзеге асырыла береді. [2]
Экстремизм және терроризм түсініктері әдебиеттерде көп жағдайларда
араласуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде экстремизм және терроризм
түсініктеріне біртұтас түсініктеме жоқтығынан осы жағдай тереңдетіледі. Бұл
екі түсінік бір- бірімен байланысты, қауіпті әлеуметтік құбылыстарға қарсы
тұру мәселелерін шешуге қандай да бір жалпы тәсіл шығару қиындай түседі.
Сонымен бірге, тәжірибеде экстремистердің күштеу іс- әрекеттерін өте
жиі Терроризм деп атайды. Ол көп жағдайларда саяси экстремизмнің жолаушысы
болып табылады. Терроризм түсінігіне қысқаша тоқтау қажет, себебі
экстремизм түсінігіне қарағанда бұл термин құқықтық құжаттарда көп
көрініс табады. Соның ішінде халықаралық құжаттарда, бірақ оның мәні әр
түрлі зерттеулерде әр түрлі түсіндіріледі. Сонымен, Американдық мамандардың
берген түсініктемесі кең қолданылады: ... саяси жүйеге қарсы немесе
үкіметке қарсы іс- қимылдар жасайтын жеке тұлғалардың немесе топтардың
саяси мақсаттарда күш қолдануы немесе қолдану қауіпі. [3]
Экстремизм және терроризм түсініктері қалай дара байланысқанын
қарастыру керек. Әдебиеттерде, сондай-ақ ғылыми әдебиетте, олар синонимдер
ретінде қарастырылады, бірақ олардың ерекшеліктері анық. Экстремизм
өзінің мазмұны бойынша терроризм түсінігінен өте кеңірек, себебі дәл сол
террор арқылы экстремистік ұйымдар алға қойған мақсатына жетеді.
Көрсетілгендегідей, экстремизм қандай да бір идеологияның бар екендігін
білдіреді. Ал, терроризм болса, көп жағдайда экстремистік идеологияға
сүйенетін іс-қимылдар жүйесі ретінде шығады. Бірақ, экстремизм тек қана
теоретикалық концепцияларды шығарумен ғана шектелмейді. Ол алға қойған
мақсаттарға жетуге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді де жобалайды. [4]
Лаңкестікті экстремизмнің негізгі бөлігі ретінде және қоғамның
әлеуметтік-саяси өміріндегі өте анық және батымды көрініс ретінде көрсетуге
болады. Сондықтан, терроризм және экстремизм түсініктерін өзара тығыз
байланысқан деп айтуға болады, бірақ зерттеулердің өзіндік обьектісі болып
шығуы мүмкін. [5]
Әдебиеттерде экстремизм сөзі төтенше көзқарастар мен шаралар жолын
ұстаушылық ретінде түсіндіріледі. Оның мағынасына қарама-қарсы келетін
түсініктер ұстамдылық және центризм . Сондықтан, солшыл және оңшыл
күштер экстремистік болып есептеледі. Француз революциясы кезінен бастап,
оңшыл термині фундаментализм және традиционализм ұстанатын
консерваторларға қатысты қолданылады. Мұраға қалған салт-дәстүрлер мен
діндерге қарсыларды солшыл деп атайды. Бұл атаулар құрылтай жиналысының
отырыстарынан бастау алады, онда мемлекетті діннен бөлу мәселелері
талқыланған, және залдың оң жағында консерваторлар және діни
фундаменталистер, ал сол жағында олардың қарсыластары-секуляристер болған.
Сонғы кезде экстремизм түсінігі діни экстремизм ретінде түсіндіру
пікірлері тараған. Бірақ та, бұл өте шектеулі түсініктеме тек қана дінді
емес, сонымен бірге саясатты және қоғамдық қатынастардың басқа салаларын
қамтитын өте кең түсінік. Экстремизм әр түрлі діндердің жолын ұстаушыларға
да қарсыластарына да қатысты болуы мүмкін, және де саясатқа да, партияларға
және бүкіл мемлекетке де қатысты.
Ислам діні, ұстамдылық дін ретінде экстремизмге және шектен шығушылыққа
тиым салады.
Мұқтаждық және экстремизм ешбір құқықтық негізсіз бір жақтың екінші
жаққа қарсы агрессия қолданған кезде лаңкестікке айналады.[6] Экстремизм
билік алдындағы саяси күштерге емес, жалпы демократиялық мемлекеттерге
қауіпті. Экстремистік идеяларының тарауы бүкіл қоғамдық саяси өмірдің
бұзылуына әкеледі, демек, адамдар құқықтырын қамтамасыз етуге міндетті
мемлекеттік институттардың бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде;
- саясаттағы рұқсат етілген дәрежесі төмендейді, олай балса,
конфронтациялық әдістер дами бастайды;
- қоғамдағы шыдамсыздылық атмосферасы қиындай түседі, демек, саяси
жүйе тұрақсызданады;
- зорлық-зомбылық мақсаттарға жету үшін өте қолайлы әдіс болып
қабылданады. Бұл нәрсе жастарға өте ерекше әсер етеді. Ал, экстремистік
қозғалыстардың ұйымдастырушылары мен идеологтары бұны өте жақсы
пайдаланады.
- ақырында, азаттық өмірдің үстемдік себебі қорқыныш болады, ал, бұл
экстремистер билікті жаулап алу үшін жақсы себеп. Бірақ, қандай бір
экстремизм қарсыластардың бар болуын мойындамайтын саяси жүйені орнатуға
бағытталған экстремизм болып табылады.
Экстремистік көріністер адамдардың құқықтарына тікелей қысым жасайды.
Саяси экстремизмнің анық белгілері неде көрінеді? Қоғамдық дамудың жолында
кездесетін барлық проблемалардың себебін бөлек әлеуметтік, этикалық және
діни топтарды кінәлауда, қандай да бір топты мемлекеттің немесе жалпы
адамзаттың дұшпаны деп көрсетуде, қандай да бір топтың өкілдерін қудалау не
жою мақсаттарын жариялауда көрінеді. Әрине, әлемдік қауымдастықтың
қабылдаған адам құқықтары доктринасының жалпы принципі бұзылады. Адамның
тартып алынбайтын табиғи құқықтарының бірі, ой- пікірі мен сөз
бостандығына, өз пікірлерін еркін айту құқығы болып табылады. Осының
барлығын жалпы рухани және саяси еркіндікке құқық деп айтуға болады.[7]
Жалпылай айтқанда, энциклопедиялық түсініктемеде экстремизмді төтенше
көзқарастар мен әдістер жолын ұстаушылық деп көрсетеді. Осындай анықтамаға
қанағат болуға болады, бірақ, біріншіден сұрақтар туындайды: төтенше
көзқарастар деп нені айтамыз? Яғни, олар кімдер үшін төтенше болып
табылады?
Екіншіден, егерде көзқарастар және әдістер түсініктерін теңдестірсе
және осыны экстремизмге қарсы әрекет бойынша мемлекеттік қызметтің негізіне
салынса, онда бүкіл осындай қызмет зомбылық қылмыстар бойынша қылмыс-
құқықтық қудалауға әкеліп соғады, себебі, әлеуметтік өмірде экстремистік
әдістер ретінде ,ең алдымен, күш жұмсау болып табылады. қойылған сұрақтарға
жауап беру үшін, саяси экстремизм ретінде бағаланатын әлеуметтік
салыстырмалықты көрсету қажет. Тоталитарлы мемлекет экстремизм деп
есептейтін нәрсе (мысалы : адам құқықтарын сақтау үшін күрес) демократия да
қошталады және керісінше. Бірақ тоталитарлық тәртіп тұсында экстремизм
түсінігі қолданылмайды. Жағдайдың барысында басқа түсініктер- зиянкестік
қызмет, халық дұшпандары, ұлт дұшпандары т.с.с. басқа сөзбен айтқанда,
саяси экстремизмнің мазмұны бір саяси тәртіптің немесе құрылымның бар
болуымен шартталған.
Ашық қоғамда саяси экстремизмге, ең алдымен бір идеяларды, бағыттарды,
доктриналарды тарату бойынша қызмет жатады. Олар бағытталған:
- біртұтас идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;
- ұлттық, таптық, мүлік, нәсілдік немесе діни белгілер бойынша
адамдарды бөлу;
- адам құқықтарын мойындамау; [8]
экстремистік бағыттардың саяси мақсаты- билікті жаулап алу. Әлеуметтік
жағынан бейбітшілік немесе зорлық әдістермен бұған жетушілік маңызды емес.
Маңыздысы, экстремистік күштер саяси бақталастық жүйесін жою үшін билікті
жаулап алады, сондықтан экстремизм анықтамасы бойынша оппозицияны
мойындамайды. Плюрализмге, идеологиялық монополияны болдырмауға негізделген
саяси тәртіп негізінде мемлекеттік билік барлық заңды әдістермен ой- пікір
және сөз бостандығын конституциялық кепілдікпен қорғауға міндетті. Соның
ішінде, саяси және идеологиялық бостандықтың нәтижесінде, жою үшін
қолданатын ұйымдасқан күштермен де күресу керек.
Бұл айтылған анықтама- экстремизмге қарсы әрекет бойынша қызмет үшін
түпкі негіз. Оны анықтама ретінде белгілемей мемлекет толығымен адам
құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете алмайды, конституциялық
құрылымды қорғай алмайды.
Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге шақырулар, билікті заңсыз
күштеп алуға шақырулар сияқты экстремистік көріністер зомбылыққа қарсы
көтеріліс құқығы деп ақталады.Шынында да, бұл адамның табиғи құқықтарының
бірі. Бірақ, әрине, демократиялық жүйеде оны іске асыру мүмкін емес, себебі
демократия, дамымаған демократия болсада, анықтамасы бойынша зомбылықты
болдырмайды.[9]

1.2 Діни экстремизм және терроризм: себептері мен салдары
Радикалды және реакцияшыл мұсылмандық қозғалыстар мен ағымдардың
қатарына діни экстремизм жатады. Дәл осы қозғалыс, қазіргі кезде Усама бен
Ладен, Хаттаба (Хабиб Абдүл Рахман), Джамаат ислами, Джамаат ат Тафкир
және т.с.с ұйымдардың идеялық негізін құрайды. 90 жж әр түрлі лаңкестік іс-
әрекеттер осы ұйымдардың жауынгерлерінің белсенді қатысуымен жасалғаны
қазіргі кезде құпия емес, және де олардың өз мақсаттарына жету үшін кең
түрде Ваххабизм идеологиясын қолданатыны да құпия еместігі рас.
Бұл идеяның негізін салушы Мұхаммед ибн Абу аль- Даххаб болған. Оның
өмірі мен қызметін зерттеген зерттеуші ғалымдар, оның ілімін ханбализмнің
төтенше формасы деп есептейді. Ибн Абу аль- Даххаб өзінің бір уағыздарында
адамдар нағыз исламды ұмытқан, сонымен бірге өнегеліліктің жалпы құлауы
осыдан шығады деп пікір айтқан. Мұсылмандық дінді сақтап қалу үшін,
исламның алғашқы үш ғасырда болған қалпын қайтару керек деп есептеді. Ол
бір Аллаға сенуге шақырған және бір Аллах- бүкіл әлемді жаратушы деген
ұстанымда болды.[10]
Кейбір ғалымдардың пікірінше, Ваххабистік тақуалардың тәжірибесі Ибн
Абу аль- Даххаб доктринасынан ерекшеленеді. Олардың ортасында олар төтенше
формалар қабылдап отырады. Белгілі тарихшы А.М.Васильевтің айтуынша, көп
құдайға табынушылар мен құдайсыздар, олардың қарсыластары болып
табылатындықтан, сендіру бұл олардың соларға қайырымсыздығын ақтап
отырады. Нәтижесінде, барлық ваххабистер еместерге соғыс жариялау үшін
алғы шарттар жасалып отырады.
Ваххабизм, бұл- өте күрделі және қарама- қайшы идеология. Әр түрлі
бағыттағы террористер мен экстремистерге ваххабистік ілім қандай
артықшылықтар қамтамасыз ететініне таң қалуға болмайды. Себебі олар,
дағдылы қарақшылардан, қылмыскерлерден, есірткі тасымалдаушылардан
исламның тазалығы үшін күресушілерге айналған. Біздің күндеріміздегі
фундаменталистік қозғалыстар мен бағыттарда исламның Алтын Ғасырын
қайтару мүмкіншілігіне сенім анық көрінеді, және де мұсылман халықтарын
орта ғасырлық дәуірге қайтару және кең аймақта біртұтас ислам мемлекетін
құру мақсатымен саяси тәжірибеге бағытталған белгілі күштердің саясаты.
Осындай саясатты рухани ақтау ретінде олар қасиетті соғыс- джихадты Құран
қолдайды деп арқа сүйенеді. Олар лаңкестік пен зорлық- зомбылықты Аллахтың
қалауы деп қарастырады. Бірақ, өз табиғатында ислам діни бейбітсүйгіш дін
болып табылады. зорлық- зомбылық және терроризм нағыз ислам үшін күрестің
қасиетті және құқықты көрінісі болып табылатындығы пікірлер Усама бен Ладен
айтқан сөздерден де ашық көрініс табуға болады. Оның мынадай сөздер айтқаны
бар: Америкаға қарсы соғыс қажет және бізге Америкалықтарды жою керек -
әскерлерді, азаматтық тұлғаларды, әйелдерді және балаларды қай жерде
болсада. Діни экстремизмді жақтаушылардың бірі осы келтірілген пікірде
қоғамдық моральға толығымен елемеуі көрінеді. Бен Ладен моральдық құқықты
зорлық- зомбылық пен терроризм мұсылман доктринасымен толық сәйкестіліктен
шығады, яғни ислам құдайсыздар мен діннен безгендерге қарсы соғыс жүргізуге
рұқсат береді деп сендіреді. Тіпті Бен Леден саясатының сыншылары да өздері
құдайсыздарға қарсы шыға тұра, діннің негізгі принциптерін бұрмалауын
ескеріп отыр. Қасиетті Құранды негізге ала отырып, сонымен бірге лаңкестік
әрекеттерден мыңдаған адамдарды қайғы- қасіретке тартады. Сауда Арабиядағы
патшылық жанұядан шыққан Бен Ладен, мұсылман мемлекетінің басшысы да емес,
ислам төрешісі де емес. Демек, ислам заңдары бойынша, соғыс жариялауға және
жүргізуге оның ешқандай құқығы жоқ.[11]
ХХ жүз жылдықтың тәжірибесі жаһандану үрдістерінің маңызды күштерінің
бірі идеология болып табылатынын куәландырады. Сондықтан , ислам
экстремизмі мен жаһандануды екі біртұтас жүйе шеңберінде қарастырғанда
біріншісін ең алдымен, идеологиялық мүмкіншіліктер жағынан қарастыру дұрыс.
Қазіргі кезде кең таралған ислам экстремизмі және лаңкестіктің тараулары ХХ
ғасырдың 50-60 жылдары бұрынғы капиталистік мемлекеттердің отарлары орнында
ислам әлемінде пайда болған жаңа мемлекеттердің ұлт-азаттық қозғалыстар
нәтижесінен бастау алған. Ислам экстремизмі және лаңкестіктің алғашқы
өкілдері осы мемлекеттерде тек қана ішкі идеологиялық және әлеуметтік-
мәдени ресурстармен ғана емес, сонымен қатар геосаяси ықпалдың әлемдік
орталықтары жағынан да қолдау тауып отырды. Басқа сөзбен айтқанда, әлемдік
орталықтар өздерінің геосаяси мүдделерін жақтау үшін, ислам идеологиясын
ыңғайлы құралға айналдырды.[12]
Экстремизм сонау заманнан-ақ үлкен геосаясатта қолданбалы әрі тиімді
қару ретінде рөл атқарған болатын. Діни факторды қолдану ХХ ғасырдағы АҚШ
және КСРО арасындағы әлемді толығымен бақылау, яғни гегемондық мүмкіндерін
барынша нығайту үшін бақталастықтығы барысында кеңінен етек алды. АҚШ-тың
да КСРО-ның да ең басты стратегиялық мүдделері- өздерінің ықпал аймағына
тосқауыл орнату. АҚШ барынша кеңестік үрдіспен бағыттас басқару режимдердің
енуін болдырмауға тырысса, КСРО бағыты ықпал етуші елдеріне капитализмнің
енуіне кедергі жасауға негізделген еді. Бір-біріне қарсы тұру механизмі
ретінде радикалды бағыттағы ислам таңдалды.
Аса маңызды стратегиялық жағынан аумақ үшін екі державаның күресі 1960-
1970жж дәстүрлі мұсылман қоғамында антидемократиялық, антибатыстық
ағымдардың пайда болған кезеңінде өтті. Таяу және орта шығыстағы исламизмге
бет бұру капиталистік және коммунистік құндылықтардың қоғамға енуіне
наразылық нәтижесінде басталған құбылыс еді. Исламизмнің қоғамда белең
алуының тағы бір себептерінің бірі- жаңа элитаның материалдық құндылықтарға
негізделінген арнайы мүддесі капитализм деп танылды да, марксизм рухани
құндылықтарды материалдық құндылықтармен алмастыратын имансыз идея ретінде
көрініс алды.
Сол кездегі стратегиялық маңызды аймақтар нақтыласақ Таяу, Орта Шығыс,
Сирия, Ирак, Египет сияқты елдерде саяси тұрғыдан тәуелді етіп жаңғырту
кеңестік үрдіспен жүргізу- КСРО- ның көздегені осы еді. Бұл әрекеттерге
дәстүрлі мұсылман қоғамында, аймақтағы капитализм бағыттарының тоқырауына
байланысты, геосаяси мақсат болып табылатын КСРО-ны әлсірету ойын жүзеге
асыру үшін жаңа бір стратегиялық күш қажет болды. Осы орайда таза ислам
бағытының радикалды бөлігі геосаяси ойындарға ойыншы ретінде енді. Осыдан-
ақ АҚШ-тың КСРО-ға саяси геологиялық қарсы фактор ретінде исламизмді таңдау
таңсық емес. ХХ ғасырдың 1960-1970жж Таяу және Орта шығыста мұсылман
қоғамында батыстық типтегі әлеуметтік реформалардың табысты болмауы,
либералдық-демократиялық күштердің әлсіреуі және Израильмен әскери-саяси
майдандалуы салафиттердің қоғамда белсенді қозғалыс болуына белгілі бір
түрде септігін тигізді. Қазіргі таңдағы Исламияны, Өзбекстанды дүр
сілкіндіріп кеткен экстремистерге қарсы күресті әлемдегі ең басты
бағыттаушы АҚШ бұл ұйымдардың қозғалысына кезінде өзі жағдай жасап беріп
отырды және оған екі стандартты саясатты ұстанған КСРО да ықпалдасты.
Демек, экстремистік негіздегі Шығыс түркістанның ислам қозғалысы,
Ауғанстандағы Талибан , тіпті Испаниядағы терактіні ұйымдастырғанын
мойындаған Аль-Каида қозғалыстарының бүгінгі таңда орын алуы негізінде
бақталастық барлығында екі держава жағдай жасап бергенінің бірден-бір
себебі:
Аймақтық кикілжіңдер ішінде 1948 жылдан ашық түрде басталған Араб-
Израиль қақтығыстары Джамағат – муслими, Хизб-ут-Тахрир аль
ислами(ислам бас бостандығы), Аль джихад аль мухаддас(қасиетті джихад)
Палестинада, Хезболлахтың Ливанда пайда болуына әкеп соқтырды. 1978
жылдың сәуірінде кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енуі Орта Азия аумағындағы
геосаяси тепе-теңдіктің шайқалуын одан сайын ушықтырды. Бұл жағдай АҚШ үшін
аймақтағы ықпалдық мүмкіндіктерін қайта жаңғыртуға жол ашты. Осы орайда
Ауғанстандағы маргиналдық негіздегі көп уақыт ішінде болған қоғамда
исламизм қозғалыстарының белсенділігі артты. Он үш жылға созылған соғыс
экстремизм өрістеуінің басты әлемдік орталығына айналдырды. Демек, кеңес
өкіметінің күйреуіне дейін 1940 жылдан бастап, 1990 жылдарға дейін АҚШ және
КСРО арасындағы егестің басты обьектісі ислам әлемі болды. АҚШ пен КСРО бір-
біріне қарсы тұру барысында діни-саяси экстремизм кеңінен таралды. ХХ
ғасырдағы ислам экстремизмінің өрістеуі белгілі бір мақсаттарға негізделген
реттемелі механизм ретінде болды. Биполярлық жүйенің күйреуі исламның
радикалды топтарының қозғалыстарына балта шапқан жоқ. Сонымен бірге оның
сарқыншақтары әлі күнге дейін әлемде орын алуда. АҚШ экстремизм өрістеуінің
катализаторы болғанына дәләл жеткілікті. Бұл стратегияның мақсаты КСРО-ның
әсер етуші күшін әлсіретіп, оны жою еді.[13]

1.3 Діни және саяси экстремизм: бір- бірімен байланыстары және
қайшылықтары
Лаңкестік әр қашан да геосаяси мүдделерді іске асырушы құрал болған.
Солай, қырғи- қабақтық соғыс кезінде КСРО-ның құлауына дейін, геосаяси
бақталас жағдайда, бүкіл әлемде, негізінен, идеялық, таптық күрес болып
жатты. Ал, экстремистік ұйымдар, ішкі қақтығыстарды пайдалану арқылы
геосаяси мүдделерді алға жылжыту құралы ретінде болды.
Елдер арасындағы шиеленіскен мемлекетаралық қатынастар мұндай саясатта
маңызды фактор болып табылады. мысалы: шиеленіскен мемлекетаралық
қатынастар Пәкістан мен Қытайдың солтүстік- шығыс Үндістандағы сепаратизмді
қолдаудың себебі болды. Сол сияқты Иран мен Ирак Күрд көтерілісшілерін
қолдап, олардың ұлт- азаттық қозғалыстарын мемлекетаралық қатынастарда ұсақ
тиынға айналдырылды.[14]
Діни экстремизм, қазіргі кезеңде жалпы экстремизмнің кезекті
эволюциясы болып табылады. Сонымен бірге ол ішкі қайшылықтарды да, исламның
тарихи өнегелерін де қолданады. Ислам факторына назар аудара отырып, ислам
басқа әлемдік діндер сияқты бейбітсүйгіш дін болып табылатындығын
ұмытпауымыз қажет. Саяси экстремизм болса бұл жерде халықтың көзінше
өкіметтің бұзатын немесе елемейтін діни құндылықтар мен нормаларға сүйенуі
мүмкін. Бұл жағдайда, тұрақсыз күш ретінде дінді қолдану саяси
экстремизмнің мүдделеріне сәйкес болады. Көп жағдайларда ислам діні белгілі
бір саяси мақсаттарға жету әдісі ретінде қолданылады: жеке этникалық
топтардың сепаратистік тенденцияларын қолданудан бастап антижүйелік
бағыттарды тұтандыруға дейін, соңғы мақсат- жаңа саяси күштің билікке
келуі.[15]
Жоғарыда айтылғандай, жүйенің дағдарысы кезінде дәстүрлі әдістерге
оралу тенденциясы болып жатады.
Қазіргі кезде жаһандану үрдісінің дамуы әлеуметтік қатынастар
жүйесінің терең бұзылуына әкеледі.
Лаңкесті бұл жағдайда жаһандану үрдісінің негізгі бөлігі болды.
Талдаудың көрсетуі бойынша, көптеген қақтығыстардың негізінде, ең алдымен,
экономикалық алғы шарттар жатыр.
Ислам факторына қатысты әлсіз топ болып исламдағы рухани және зайырлы
бастаулардың байланысы болып табылады.бұл тенденцияның маңызды сәттерінің
бірі болып табылатын саяси үрдістердегі дін басшыларының ролі, яғни
мемлекеттің саяси құрылымындағы интеграциялануы немесе интеграцияланбауы,
және де қандай да бір саяси- құқықтық мектептің басымдылығы.[16]
Ислам дінінің көп жақтылығымен бірге, әсер етуші екі тенденция заңды
болып қалады: ішкі және сыртқы, осы тенденциялар кезінде исламның
радикализациясы басталады және бұл факторды саяси мақсаттарда ішкі және
сыртқы күштер арқылы қолданылуы болады.
Мұсылман қауымдарындағы исламның күшті позицияларына байланысты ішкі
факторы ретінде дін басыларының саяси тобының ұстанымы болып табылады.
Демек, ішкі конфессионалды дағдарыстың негізінде интеграцияның формалары
мен принциптерінің қақтығысуы және және оның негізінде өзінің саяси билігін
жүзеге асыру негіздері жатыр.
Әртүрлі дәрежеде тұрған мемлекеттердің, ең алдымен экономикалық
дәрежеде қарсы тұрушылығы сыртқы фактор болып табылады. бұл кезде ислам
сыртқы агрессияға қарсы тұруға тұрғандарды біріктіретін тетігі бар механизм
ретінде ыңғайлы.[17]
Көп жағдайда дін- қоғамды нығайтатын қуатты құрал. Сонымен бірге, дін,
құруға антагонизм ретінде шығуы мүмкін.
Бүгінгі таңда, көпшілік исламдық теологтардың пікірі бойынша бұл
діннің негізгі принциптері ең алдымен, мынадай мақсаттардан тұрады: жер
жүзіндегі барлық адамдардың және құдайдың тұтастығы, бүкіл халықтарға және
діндерге қатысты шыдамдылық. Бүкіл әлемдік ислам лигасы, діни
шыдамсыздықтың қандай да формасының көріністерін, белгілі саяси
мақсаттарға жету үшін діни ағымдарды қолдану ұмтылыстарын айыптағаны бәріне
мәлім себебі ол ислам дініне де қарама-қайшы болып келеді.белгілі діни
топтардың экстремистік іс-қимылдары билік жүргізіп отырған өкіметпен саяси
бақталасқа түсіп күнделікті діни қызметтен тыс болды. Негізінде діни
фанатизм ұғыну және ұғынусыз көзқарастардан діни экстремизмнің терең
себептерінің функциясын жүзеге асыра бастайды. Дәл сондықтан ислам
фундантализмі көптеген деректерде осы феноменге арналған құбылыс заңсыз
қылмыстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік- психологиялық тиянақ ретінде
қарастырады.
Экстремизм тек қана қоғамдық-саяси өмірде ғана кездеспейді, бірақ осы
феноменді өте жиі осы саламен байланысты тұрғысында, төтенше көзқарастармен
іс-әрекеттерге бейімділік адамзаттың өмір сүруіндегі қандай да бір
саласында көрініс табады, онда әлеуметтік мәселелерді шешуде әр түрлі
көзқарастар және пікірлер түйісіп қалуы мүмкін. Қарама-қайшы діни ағымдар
мен қатынастар саласындағы экстремизм деп аталатын құбылыс туралы
әңгімеленеді.
әдетте саяси саладағы діни экстремизмдердің төтенше іс-қимылдары діни
экстремизм деп айтылады. Діни-экстремистік тенденциялар ислам
шәкірттерінің арасында да байқалады. Оларға діншілдік пен ұлтшылдықтың
айқасуы тән. Діни экстремизммен идеологияның және ұлтшылдық психологиясының
араласуы кездейсоқ емес, олар себепті байланыста болуда бірақ бұл
құбылыстар өздерінің мазмұны бойынша сәйкес келеді.
Діни экстремизм, біріншіден, діншілдердің негізгібасты көлемін
қамтымайды, тек қана діни белсенділер арасынан шыққан жеке тұлғаларға
немесе топтарға тән.
Екіншіден, ол қандай да бір белгілі діни бағытпен байланыспайды және
айтысып кетпейді, әр түрлі конфессияларда көрініс табады.[18]
2001 жылы Шанхай қаласынла мемлекеттер басшыларының саммитінде,
ланкестік пен сепаратизм және экстремизммен күрес туралы конвенция
қабылданды. Аталмыш конвенцияның 1 бабының 1 тармағында экстремизмге
түсінік береді. экстремизм күштеп билікті жаулап алу немесе билікті ұстап
тұру, мемлекеттің конституциялық құрылымын күштеп өзгерту соған тең
қоғамдық қауіпсіздікке озбырлықпен қол сұғу, дәлірек айтқанда жоғарыда
аталған мақсаттар үшін заңсыз қарулы жасақтар құру немесе оның құрамына
қатысу қылмыстық түрде жақтардың ұлттық заңына сәйкес қылмыстық түрде
қудаланатын белгілі бір іс-әрекет.[19]

II тарау Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами -діни экстремистік ұйым болып
қалыптасуы
2.1. Хизб-ут-Тахрир Ал-Ислами партиясы: құрылуының және күшеюінің
себептері.
Хизб-ут-Тахрир- Исламның қағидаларына негізделген саяси партия. Оның
қызметі саясат, ал негізі ислам болып табылады. хизб-ут-Тахрир бұл рухани,
білім беретін немесе қайырымдылық бірігу емес оның жаны, өмірі, ядросы
ислам идеологиясы болып табылады. бұл ұйымның негізгі мақсаты барлық
мұсылман елдерін біріктіретін бүкіл әлемдік халифат құру және құдайсыздар
мен күресу болып табылады. ұйымның жұмысы өмір сүрудің исламдық келбетін
көтеру үшін бұзылған қоғамдағы жағдайды өзгертуге бағытталған мұсылмандарды
ислам өміріне қайтару, барлық істер шариғат негізінде шешілетін ислам
мемлекетін және қоғамын құру, исламдық шақыруды бүкіл әлемге тарату
партияның негізгі қызметі болып табылады. ислам нормалары мен заңдары
негізіндегі адамдардың қарым-қатынасы мұсылмандардың қарым-қатынасы болу
керек. Бұл саяси қызметкерлігі. Сол арқылы хизб шариғат заңдары мен
ережелері негізінде адамдардың қиыншылықтарын шешуге тырысады. Ал ислам
заңдары негізінде адамзаттың проблемаларын шешу- бұл саяси қызметкерлік.
Бұл қызметтің айқын жағы ислам негізінде ұлт жанының ағартушылығы, бұрыс
ойларды, шиелініскен идеялардан, бұзылған көзқарастан құтқару болып
табылады. бұл қызметте саяси және идеологиялық күрестің бар болуы айқын.
Идеологиялық күрес куфра заңдарына және пікірлеріне қарсы тұрушылықтан
тұрады, және де бұрыс ойларға, бұзылған көзқарасқа, бұрмаланған
түсініктерге қарсы күрестен тұрады. Ислам дінінің пікірлеріне сүйене
отырып, бұл ойлар мен заңдардың қателігін және бұрыстығын көрсету қажет.
Саяси күрес болса, батыстық отаршылдыққа қарсы тұру, олардың билігінен,
беделділігінен құтқарылу үшін күресті жобалайды. Олардың идеологиялық,
саяси, экономикалық және әскери салалардағы ықпалын жою қажет. Сонымен
бірге, саяси күрес-бұл басқарушылармен күрес, және олардың сатқыншылық
ниеттерін анықтауға бағытталған. Және де олардың іс-әрекеттері үстінен
тұрақты бақылау жүргізілуі қажет. Сондықтан, хизбтың қызметі, мемлекетті
басқаруға қатысты болса да немесе басқада салаларға қатысты болса да саяси
қызмет болып табылады.
Хизбтың жұмысы-бұл Саясат. Хизб исламның идеялары мен ережелерін
таратып, оларды нағыз шындыққа айландыру үшін барлық мүмкіншіліктерді
жасайды.[20]
Хизб ислам қағидаларын мемлекеттік құрылымның негізіне ислам
доктринасын салу үшін тарады. Ислам доктринасы- бұл ақылға негізделген
дүниетаным. Саяси бола отырып, бұл дүниетаным адамның әлеуметтік, саяси,
идеологиялық, экономикалық проблемаларын жақсы шеше алатын ғажайып саяси
құрылымға билік етуге рұқсат береді.
Бұл партияның алғашқы негізін салушы, Палестинада туып- өскен шейх
Такьию- Ддин Ан- Набхани. 1952ж осы партияны құрып, өзін толығымен соны
басқаруға сарп етті. Ан- Набхани қаза болғаннан кейін партияны Абдул-Кадим
Заллум басқарды. Ол осылай халифат талқандалған болатын кітаптың авторы
болып табылады. оның басшылығы кезінде Ливанда, Иорданияда партияның
бөлімшелері ашылған.
Партияның алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін күрес үш кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңде партиялық ядро қалыптасады. Бұл кезде партияның
әдістеріне, мақсаттарына сенетін адамдар дайындалады. Екінші кезеңде
Уммамен әрекеттестік белсенді жүріп жатады. Үшінші кезең ислам мемлекеті
орнатылғаннан кейін басталады.
Бірінші кезеңде хизб жеке адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсіп,
оларға өзінің идеясын(фикрат) және әдісін(тарикат) түсіндіреді. Бұл
шақыруға үн қосқандар халақатқа(мамандандырылған үйірмелер) қатысуға
тартылады. Онда Сакьафатты(исламдық ағартушылық) оқумен айналысады. Бұл
дәрежеге жеткен адам өзін хизбпен тығыз байланыстырады және хизб оны өзінің
қатарына қабылдайды.
Ол партияның топты құрып, өзі туралы қоғамға жариялап, партия
қызметінің бағыттары мен идеяларын таныстырып хизб екінші кезеңге аяқ
басады.
Бұл кезеңде хизб халықпен байланысқа шығады, сол кезде келесі іс-
әрекеттерді орындайды:
1.Мүшелердің санын көбейтуге және ықпалын кеңейту мақсатымен
мамандандырылған үйірмелер құрылады. Ол жерде идеологиялық және саяси
күрестің басталуына және шақырудың таралуына батымды мұсылмандар қажетті
білім алады.
2.Дұрыс қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатымен кітаптар, газеттер және
үнпарақтар тарату арқылы және жиналыстарда, қоғамдық орындарда, мешіттерде
сабақ беру арқылы хизбтың қабылдаған исламдық пікірлері мен заңдары кең
ауқымды тұрғындарға таратылады.
3.Куфраның дүниетанымынан, оның идеяларынан құтқарылу үшін идеологиялық
күрес жүргізіледі, және де теріс нанымдардан және айқын емес көзқарастардан
құтқарылу үшін күрес.
4. Саяси жұмыс жүргізіледі.
а) Ықпалы мен билігі ислам елдеріне таралатын отарлық державаларға қарсы
күрес. Бұл күрес олардың ықпалына қарсы идеологиялық, әскери, саяси және
экономикалық салаларда жүргізілуі керек.
б) Мұсылман және Араб елдерінің басшыларын әшкерелеу, ислам қағидаларына
сәйкес келмейтін саясат жүргізіп отырған олардың міндеттерін дұрыс жолға
бағыттау. Куфра қағидалары мен жүйесіне негізделген олардың билігі ислам
билігінің орнында болу керек.
в) Шариғаттың заңдарына сәйкес Умманың іс- әрекеттеріне қамқорлық
ету.[21]
Осының барлығын Мұхаммед пайғамбардың ұлы Аллаһтың атынан кейінгі іс-
әрекеттеріне сүйене отырып хизб оларды жүзеге асырады:
Саған әмір етілгендерді ашық жариялап, көп құдайға табынатындарға теріс
қара (15;94).
Хизб өзінің мақсаттары мен идеяларын жасырмай, Куфраға ашық қарсы
шығады. Бірақ өзінің мақсаттарына жету үшін саяси жолды ұстанады.[22]

2. Хизб- ут- Тахир партиясының Орталық Азия мен Қазақстанға
Таралуы
Экстремизм, лаңкестік, есірткі айналымы- бұның барлығы жаһандану
кезінде бүкіл әлем үшін қауіпсіздік шақырулар Орталық Азия мемлекеттерін де
айналып өткен жоқ. Орталық Азиядағы лаңкестік пен экстремизм экономикалық,
саяси, әлеуметтік, әскери бөлшектерден тұратын күрделі және көп аспектті
көріністер болып табылады.
Кеңестік одақтың құлауымен Орталық Азияда діни белсенділіктің туындауы
басталды. Ваххабизм халықаралық радикалды исламизмнің жаңа түрі Хизб- ут-
Тахир сияқты экстремистік ұйымның туындауына мүмкіндік туғызды.
Хизб- ут- Тахир ислам діні атынан шығады, бірақ бұл партияны ислам
дінінің дұшпандары құрған. Бұл ұйымның мақсатын түсіну үшін құранды жақсы
білу қажет. Алғашында Хизб- ут- Тахир ислам дінін оқытатын партия болып
көрінеді, бірақ олардың іс-әрекеттеріне жақсылап талдау жасайтын болсақ,
олардың ислам дінінен алыс екенін көруге болады. Бүгінгі таңда бірнеше
мемлекеттер бұл партияны лаңкестік партия деп мойындайды.[23]
Тәжікстанда КСРО-ның құлауымен бірге мешіттердің саны кенет көбейді.
Бірақ тұрғындарының көпшілігінің ислам турлы білімі төмен дәрежеде,
Сондықтан Хизб-ут- Тахир партиясының қатысушылары осыны пайдаланады.
Тәжікстанда Хизб-ут- Тахир партиясына 2001 жылдан бастап тиым салынған.
Бірақ оған қарамастан, Хизб- ут- Тахир өзінің қатарын көбейтіп жатыр.
Сонымен қатар бұл партияның мүшелері тек қана кедей, сауатсыз адамдар емес
мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері де мүше болып жатыр.[24]
1953ж шейх Набхани негізін қалаған Хизб- ут- Тахир діни экстремистік
партиясы арадан елу жылдай уақыт өткенде Орта Азия елдеріне жетіп, халықтар
арасына іріткі салады деп кім ойлаған. Тәжікстанда, Өзбекстанда
экстремистік әрекеттерімен жергілікті халықтың зықысын алған аталмыш партия
белсенділері ақырындап жылжып Қазақстанға да жетті. Түркістан шаһарының
1500 жылдық торқалы тойы қарсаңында көпшіліктің арасында Ата заңымызға
қайшы келетін мазмұндағы үнпарақ таратқандар ұсталып, заң алдында тұңғыш
рет жазасын алса, содан бері бұл партияның белсенділері еліміздің әр
өңірінен бой көрсетіп жүр. 2004 жылдың көктемінде Көкшетау қаласының
тұрғындары пошта жәшіктеріне салынған, пәтерлерінің есіктеріне қыстырылған
қазақ және орыс тілдерінде жазылған қағаздарды көргенде оның не екендігін
онша түсіне қоймаған. Хизб- ут- Тахирден Франция президенті Ширакқа ашық
хат, Тәшкент әуежайында болған апаттың ақиқи айыпкерлері кім?, Қара
ниетті Америка мұрағатынан бір парақ деген тақырыппен жазылған
үнпарақтардың астарында еліміздің Ата заңына қайшы келетін арам пиғылдың
жатқанын ол кезде біреу түсінсе, біреу түсінбеген еді.[25]
Көкшетауда, кейінірек Щучьеде үнпарақ таратқан Хизб- ут- Тахир
экстремистік партиясы белсенділерінің Ақмола өңіріндегі әрекеттерін
өрістетуге жасаған қадамдарының жолын көп ұзамай құқық органдары кесіп
тастады. Үнпарақ таратушы Хизб- ут- Тахирдің бірқатар белсенділері
конституциямызға қайшы келетін ұлтаралық, дінаралық дүлдараздықты қоздыру
бағытында әрекет жасап жүрген кездерінде қолға түсті. Олардың үйлерінен
үнпарақтар мен діни басылымдар, көптеген діни әдебиеттер табылған. 2005ж
ақпанда Көкшетау қалалық соттың шешімімен ұлтаралық, дінаралық алауыздықты
өршітетін әрекет жасаған Хизб- ут- Тахир діни- экстремистік партиясының
бірнеше мүшесі заң алдында тиісті жазаларын алды. Сот барысында
сотталғандардың бәрі Хизб- ут- Тахирдің мүшелері екендігін, бұл партияның
негізгі мақсаты әлемдік халифат орнату болып табылатындығын жасырмады.
Өзге дінді ұстанушылардың бәріне кәпір ретінде жаулық көзқараспен
қарайтын аталмыш ұйымның тамыры Қазақстанға да тарең таралып үлгергені
куәлардың сөзінен анық байқалады. әр түрлі діни атағы, шені бар, соған орай
қатаң тәртіп бойныша басқарылатын, өрмекшінің торындай бір-бірімен
байланысып жатқан ұйым Қазақстанның бар аймақтарын қамтып ғана қоймай,
іргелес Өзбекстан, Ресей елдерімен де тамырласып, астасып кеткен сыңайлы.
Жоғарғы соттың шешімімен Хизб- ут- Тахирдің партиясының жұмысы
елімізде заңсыз деп жарияланғаны белгілі. Кештеу болса да мұндай шешімнің
қабылданғанын дұрыс деп санаймыз. өйткені, қазірдің өзінде бұл ұйым өзінің
экстремистік бет- бейнесін жұртқа толық танытып үлгерді.[26]
Соңғы кезде елімізде кеңінен таралып жатқан әрбір діни ағым-сектаның
артында алпауыт елдер, алып ұйымдар, зобалаң саясат жатыр. Ал, ол саясаттың
астарында бір Қазақстанға қатысты мүдделер тоғысады. Бір мысал, Хизб-ут-
Тахрир партиясының орталығы Лондонда орналысқан батыс елінде орын теуіп,
батыс елімен қаржыландыратын партия ислам дінінің маңдайына тікендей
қадалғаны қашан? Екі ұдай пікіріне душар болған уаһһабизм, ахмадия сынды
ағымдарда кезінде Батыстың қолдауымен дүниеге келген болатын. Бүгінде
исламның атына кір келтіріп отырған террористік ұйымдардың авторы да
алпауыт елдер көрінеді.
Ресейде Хизб-ут-Тахрир партиясы, террористік ұйым деп табылып, оған
тиым салынған болатын. Қазірше Қазақстанда экстремизмге қарсы тұратын заңды
құжаттар қабылданбаған. Десек те әлемде әлі күнге дейін діни
экстремимзнің не екені, экстремимзге қай ұйымдарды жатқызуға болатынын
ашып көрсететін ортақ түсінік жоқ. Қазіргі таңда Хизб-ут-Тахрир партиясы
Орта Азияда Ислам халифатын құру үшін күресіп жүргені белгілі. Осындай
қауіпті ойы үшін де бұл партия қудалатып келеді. Егер мәселе мемлекеттік
жүйені бұзып, жаңа жүйе орнықтыруда болса, неге онда Қазақстанда
стратегиялық жоспарлары бар Евангелистік, Иеговалық т.б. ағымдарға да тыйым
салмайды? Евангелистер 2010 жылғы дейін күллі Қазақстанды шоқындырып, мұнда
евангелие аймағын орнатпақшы. Бұл жоспар да ислам халифатын құру
жоспарынан кем емес керісінше, күллі әлем, соның ішінде Қазақстан бар күш
қайратын ислам дінінің атын жамылған ұйымдармен күреске жұмсап отырғанда,
христиан дінінен таралған ағым-секталар астыртын өз мақсаттарына біртіндеп
қол жеткізіп жатыр.
Қатарлары көбейіп, таратып жүрген идеологиясы тамыр жайып барады.
Біздіңше экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы заңға исламды
құбыжық етіп көрсетіп жүрген ағымдарға тойтарыс беру мәселесі ғана қамтылуы
мүмкін. Ал, болашақта ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттік тұтастыққа нұқсан
келтіретін евангелистік, иеговалық, кришиналық т.б. ағым-секталардың
қызметін жою мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Сондықтан діни
экстремизм дегенде бір исламды қаралайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер
Діни экстремизммен күрес
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Қазақстандағы ислам діні ағымдары нені көздейді?
Кереғар ағымдардан сақтаныңыз!
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
«Хизб-ут-Тахрир», «Аль-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Моджахеттер жамағаты», «Лашкар и-Тайба»… немесе дініміз берік елміз бе?
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Хизбутшылар дінге де, елге де қарсы
Пәндер