Кен орнының геологиялық-өнеркәсіптік сипаттамасы



Кіріспе

1.Республикамызда шығарылатын барлық уран жер асты ерітінділеу тісілімен өндіріледі.

1997 жылы Елбасының Жарлығымен республикамыздың бүкіл атом комплексін жандандыратын, Батыс елдерімен экономикалық, технологиялық және ғылыми байланыстарды нығайтатын Ұлттық атом компаниясы «Казатомпром» құрылды.
Жер асты ерітінділеу өндірісін жетілдіру және жаңадан құру негізінде табиғи уран өндіру көлемінің ұлғаюы компанияның стратегиялық жоспарымен алдын ала қарастырылған.
Ерекше айта кету керек, республикамыздағы бүкіл тау.кен өндірісінің ұңғымалық жер астылық ерітінділеу тәсіліне қайта бағдар алуының себебі өндірістің қоршаған ортаға теріс әсері. Осы әдіспен игерілген кенорын алаңының жер бетінде бұзылым белдемі мен опырылған жер, бос жыныстардың үйінділері мен қойма қалдықтары болмайды.
Өндірістен түгелімен шаң.тозаң бөлу көздері алынып тасталған, атмосфераға шығатын радиоактивті заттардың көлемі азайтылған.
Осымен уран өндірісінің тиімділігі бірнеше есеге артты. Әрбір кезек тиісті кенорын учаскелерін өңдеу үшін қажетті ғимараттардың толық кешенін қосқанда, сонымен қатар өнімділіктің өсуі бірнеше блок.модульдердің параллель жұмысымен қамтамасыз етілгенде, модульдық принципті пайдалана отырып, геотехнологиялық өндіруші кәсіпорындар құрылуы және ұлғаюы мүмкін.
Осыған лайық елеулі айырмашылық тек ұңғымалық ерітінділеудің дәстүрлі тау.кен тәсіліне қарсы кәсіпорын өнімінің өзіндік құны шығыны көлемінде ғана емес, сонымен қатар құрылымында да. Егер пайдалану шығыны өзіндік құнының үлесі соңында 65.70 пайыз құрса, ал капиталдық жұмсалымның амортизациясы . 30.35 пайыз, онда ұңғымалық ерітінділеу кәсіпорындарында өнімнің өзіндік құны пайдалану шығының үлесі әрдайым жоғары және 77.90 %, амортизациялық аударымдардың бір мезгілдік азаю барысында 23.18 % жетеді. Бұл кезде капиталдық жұмсалымның бастапқы мөлшері кәсіпорындардың тау.кен шығару тәсіліне қарағанда соңғы жағдайда 2.4 есеге төмендеді.
1977 жылдан бастап Солтүстік Қарамұрын кенорнында уранды жер астылық ұңғымалық ерітінділеу әдісімен өндіріп жатыр.

Кіріспе

1.Республикамызда шығарылатын барлық уран жер асты ерітінділеу тісілімен
өндіріледі.

1997 жылы Елбасының Жарлығымен республикамыздың бүкіл атом комплексін
жандандыратын, Батыс елдерімен экономикалық, технологиялық және ғылыми
байланыстарды нығайтатын Ұлттық атом компаниясы Казатомпром құрылды.
Жер асты ерітінділеу өндірісін жетілдіру және жаңадан құру негізінде
табиғи уран өндіру көлемінің ұлғаюы компанияның стратегиялық жоспарымен
алдын ала қарастырылған.
Ерекше айта кету керек, республикамыздағы бүкіл тау-кен өндірісінің
ұңғымалық жер астылық ерітінділеу тәсіліне қайта бағдар алуының себебі
өндірістің қоршаған ортаға теріс әсері. Осы әдіспен игерілген кенорын
алаңының жер бетінде бұзылым белдемі мен опырылған жер, бос жыныстардың
үйінділері мен қойма қалдықтары болмайды.
Өндірістен түгелімен шаң-тозаң бөлу көздері алынып тасталған,
атмосфераға шығатын радиоактивті заттардың көлемі азайтылған.
Осымен уран өндірісінің тиімділігі бірнеше есеге артты. Әрбір кезек
тиісті кенорын учаскелерін өңдеу үшін қажетті ғимараттардың толық кешенін
қосқанда, сонымен қатар өнімділіктің өсуі бірнеше блок-модульдердің
параллель жұмысымен қамтамасыз етілгенде, модульдық принципті пайдалана
отырып, геотехнологиялық өндіруші кәсіпорындар құрылуы және ұлғаюы мүмкін.
Осыған лайық елеулі айырмашылық тек ұңғымалық ерітінділеудің дәстүрлі
тау-кен тәсіліне қарсы кәсіпорын өнімінің өзіндік құны шығыны көлемінде
ғана емес, сонымен қатар құрылымында да. Егер пайдалану шығыны өзіндік
құнының үлесі соңында 65-70 пайыз құрса, ал капиталдық жұмсалымның
амортизациясы – 30-35 пайыз, онда ұңғымалық ерітінділеу кәсіпорындарында
өнімнің өзіндік құны пайдалану шығының үлесі әрдайым жоғары және 77-90 %,
амортизациялық аударымдардың бір мезгілдік азаю барысында 23-18 % жетеді.
Бұл кезде капиталдық жұмсалымның бастапқы мөлшері кәсіпорындардың тау-кен
шығару тәсіліне қарағанда соңғы жағдайда 2-4 есеге төмендеді.
1977 жылдан бастап Солтүстік Қарамұрын кенорнында уранды жер астылық
ұңғымалық ерітінділеу әдісімен өндіріп жатыр.

3 КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК СИПАТТАМАСЫ
3.1 Кен орны ауданының геологиялық құрылысы
Ауданның домезозойлық субстраты орта дезонның терригенді қабатымен
және де әк тастармен, төменгі карбон және фамен доломиттарымен,
жоғарыполезойлық граниттердің жыртымды интрузияларымен күрделі. Негізгі
домезозойлық құрылымы – оңтүстік-батыс қанатында кен аумағы орналасқан
Қаратау антиклинорийі. Бұл қанат солтүстік-батысқа созылған тектоникалық
аймақтар жүйесімен күрделенеді.
Шөгінді қап платформалы бор қыртыстарымен, палеоген және суборогенді
позднеолигоценді-төрттік шөгінділерінен түзілген.
Шөгінді қап қимасының төменгі жағы қиыршық тас қабаттарынан түзілген.
Жоғарғы турон қыртыстары әртүрлі түйіршіктері сұр түсті көл саз
қабатты жасыл-сұр түсті аллювиальды құм байламдарынан және алевролиттерден,
құмдақтардан түзілген. Кен аумағының оңтүстік-шығыс аумағында жоғарғы турон
аллювиальды түзілімдері қызыл түсті негізінен сазды делювиальды-
провилюальды қыртыстармен аумастырылады. Жоғарғы турон қыртысының қалыңдығы
40-50 м.
Коньяк қыртысының көлемінің көпшілік бөлігі ашық сұр түсті қиыршық
тас жыныс қабаттары мен ұсақ құмдардың алмасуы түрінде орындалған.
Қиындының жоғарғы қабаттарында бұл жыныстар ұсақ түйіршіктері слюдалы
құмдарға айналады, одан да жоғары қабаттарда - әртүрлі түйіршікті қоңыр-
сары түсті және қызыл түсті құмдарға, құмдақтарға, саз және алевролиттерге
айналады. Коньяк қыртысының жалпы қалыңдығы 60 м жобасында.
Сантон шөгінділері қызыл түсті жалпы қалыңдығы 80 м болатын арналық,
жайылымдық және шалғындық жиынтықтар кешенінің алаңдық дамуы арқылы
түзілген. Бұл кешен кен аумағында сазды жыныстардың басымдылығы орын алған
жағдайда фациалды өзгерістерге бейім болады.
Кампан шөгінділерінен қалыңдығы 20 м келетін құм-сазды жыныстардың
аллювиальды шөгінділерінен түзіледі. Оларға Солтүстік Қарамұрын кен орнының
есепке алынған кен түзілімдері де жатады.
Маастрихт қабатының батыс бөлігінде қабыршық қуысты детриттермен
байытылған қабатты теңіз-жағалуы ұсақ түйіршіктері сұр түсті құмдар жинала
берді. Дегенмен де, жыныс алабының көптеген бөлігінің маастрихт қабатының
кесіндісі аллювиальды-делювиальды шөгінділерден тұрады. Маастрихт қабатының
жалпы қалыңдығы 40 м. Олардың аллювиальды деңгейжиегінде Солтүстік
Қарамұрын кен орнының негізгі кен сілемдері орналасқан.
Палеоген қабаты доломитті құмтардардан, доломиттардан,
алевролиттерден, ангидриттерден және де дата-палиоцен әк тастарынан (20-45
м дейін), төменгі эоценнің құмдарынан және сұр түсті саздарынан (35 м),
орталық эоценнің саздары мен мергелінен (50м), жоғары эоценнің жасыл-сұр
түсті алевролиттарынан және саздарынан түзілген (220 м)
Жоғарғы-олигоценді-төрттік құрылымды-формациялық кешенінің табаны
қызғылт-құмдардан, қызыл-қоңыр әк тасты алевропропелиттерден және кеш
олигоцен – ерте плиоцен саздарынан (220 м), және аллювиальды-эоло
тегістіктерінің төрттік түзілімдерінен жиналған.
Солтүстік Қарамұрын кен орны маастрихт және кампан жасындағы сулы
деңгейжиекке шоғырланған және қыртысты тотығу аймағының сынамалау облысымен
бақыланатын рудалы аймағына жатады және Қарамұрын кен ауданына кіреді.
Кен орнында кенді жыныс болып әртүрлі фациалды кешенді ұсақ-орта
түйіршікті құм түрінде түзілген кампан маастрихт қабатындағы шөгінділер
болып табылады. Кен деңгейжиектеріндегі қыртысты тотығу аймағының
сынамалануының негізгі ерекшелігі болып олардың кеңістікте фациалды-
геохимиялық жағдайлармен бақыланатын қабатты дамуы болып табылады.
Кен сілемдерінің сұлбасы ирелеңдеген лента түрінде келеді. Көлденең
кесінділерінде кен денесі төменгі және жоғарғы қанаттары мен қапшық
бөлігінің әртүрлі сызықтық үйлесімде болатын 25 м-ден 500 м –ге дейінгі
ролл пішінді болып келеді.
Кен орындарында ролл пішінінің негізгі үш түрі ерекшеленеді:
қарапайым, сарқырама және линзалар жүйесі немесе кенқанықтырылған қабат.
Радиоактивті кен орындарына топтастыруларды пайдалану нұсқауына
сәйкес Солтүстік Қарамұрын кен орнының кен сілемдері а түріне, ал кен
орнының өзі 2-ші топқа жатады.
Кен орнының гидрогелогиялық сипаты және кен ашу әдісін таңдау.
Солтүстік Қарамұрын кен орнының гидрогеологиялық сипаты оның сырдария
артезиандық бассейнінің солтүстік шығыс қанатында, Қарамұрын білігінде және
Жаңақорған синклиналінде біршама жеңілденетін қыртыс суларының транзитті
облсында орналасуымен анықталады. Кенді борлы сулы деңгейжиек қатпарлы сулы
жыныс қабаты түрінде берілген. Ол сутіректермен жоғарытурон-коньяк, сантон
және кампан-маастрихт деңгейжиектеріне бөлінеді. Барлық деңгейжиектерде су
солтүстік батыс бағытында 1-10м жыл сүзу жылдамдығымен қозғалады.
Кампан- маастрихт тегеурінді су қабатының сулы деңгейжиектері
Солтүстік Қарамұрын кен орнының негізгі кенді деңгейжиегі болып табылады.
Жоғарғы сутірек қызметін палеоген және неоген қабаттарының саздары
атқарады. Төменгі сутірек ролін сантонның жоғары бөлігінің саздыалеврит
қабаттары атқарады. Сулы дегейжиек тереңдігі оңтүстікке қарай 95 метрден
700 метрге дейін тереңдей түседі. Бұл қатпарларда су сүзілу коэффициенті 2-
7 мтәу. Химиялық құрамы бойынша бұл сулар натрий-калийлі сульфат-хлорид-
гидрокарбонатты. Жалпы минералдану мөлшері әдетте 0,5-0,8 гт. Қабатты
тотығу және уран кендену аймақтарының суларында уран мөлшері батысқа қарай
бұл шама 1,4 х 10-6 дейін азаяды Кен аймағының суларында 7,5х10-6 дейінгі
мөлшерде селен кездеседі.
Кен орналасқан маастрихт деңгейжиегінің қалыңдығы 30-40 метр де,
соның 30-70 % ғана өнімді байламдарды құрайтын өткізгіш жыныстардың үлесіне
тиеді. Солтүстік Қарамұрын кен орнының есепке алынған қорының 856 %
маастрихт қабаттарында түзілген.
Кен орналасқан кампан деңгейжиегінің литологиялық құрамы маастрихт
деңгейжиегінікіне ұқсас, жалпы қалыңдығы 25-30 метр, бір ерекшелігі
литологиялық құрамының жоғары өзгергіштігі және қиындысында сутірек
қабаттың қалыңдығына байланысты олардың өнімділігінің аздығы болып
табылады.
Кен орнының есепке алынған қорының 14,4 % капман қатарында түзілген.
Жер асты суларының мынадай күшті кері әсерлері бар: сульфатты және
магнезияльды. Көмірқышқылдық әсері анықталмаған.
Өнімді кенді деңгейжиек (маастрихт кампан) сулары бұрыннан да
құрамында Радий 226 түзілімінің 31 ПДК, селеннің 79 ПДК мөлшеріне дейінгі
қатысуына байланысты ешқандай кәдеге аспайтын.
Ауыз су және техникалық сулармен жабдықтау мақсатында Жиделі және
Ақмая жер асты суларының қоры зерттеліп, бекітілген.
Жалпы алғанда кен орнының гидрогеологиялық жағдайы кенді жер астында
ерітінділеу әдісімен игеруге қолайлы деп бағаланған.

3.2 Кен түзілу сипаты
Қарамұрын кен алаңы селенуран кен түзілімі жағынан екі ірі
субмеридиональды кен түзілімдерін бақылайтын қабатты тотығу облысында
шоғырланған. Олар кампан-маастрихт деңгейжиегінде Қарамұрын және коньяк
деңгейжиегіндегі Иіркөл. Олардың біріншісі Қарамұрын кен орнындағы кен
сілемдерінің негізгі бөлігін құрайды. Бұл кен орнының кен сілемдерінде
әрқайсысы салыстырмалы сынғыш материалдан басталып, алевролит және сазды
құмдақтармен аяқталатын, шөгінді жиынтықтарының аяқталған қалыпын беретін
екі деңгейжиекшілре ерекшеленеді. Бұл тотығу аумағының дамуына әсерін
тигізеді.
Уран кен түзілімі қалпына келу қаситі жоғары тотықпаған жыныстарда
шоғырланады.
Кен орнының кен сілемдерінің ұзындығы 750-5500 м, ені 25-50 метрден
300-450 метрге дейін болады. Жоспарда олар ирелеңдеген лента түрінде (ені
өзгермелі) болып келеді. Көлденең кесіндісінде қыртысты тотығу аймағының
сынамалау облысының сатылы құрылымына сәйкес бір-біріне үйлесімі қиын
роллдардан, роллға ұқсас, линзатүрлес және қабат денелердің жиынтығы
тәріздес дене түзеді.
Кен денелерінде уранның мөлшері кең ауқымда өзгеріп тұрады да, әдетте
кен денесінің қалыңдыңы 6-24 м болғанда 0,09-0,07 % болып келеді. Кен
денесінің табаны 300 метрден 700 метрге дейін өлшенеді де, кен алабының
солтүстігінен оңтүстігіне қарай тереңдей береді.
Руда құмының минералдық құрамы рудасыз жыныстардан айырмасы болмайды.
Кварц – 65-80 %, кремнийлі және алюмосиликатты жыныс сынықтары – 10-25 %
дала шпаты – 7-15% сазды минералдар (монтмориллонит және каолинит) – 8,3-
9,2 %, слюдалы минералдар (мусковит, биотит, флогопит, хлорит) – 1-2% ,
көмірлі детрит-0,1-1,6 %. Сазды-алевритті толтырғыштардың мөлшері 1пайыз-15-
20 % жетіп жатады. Аутигенді минералдардан пирит, кальцит, доломит,
сидерит орын алады.
Уранды минералдар жұқадисперсиялы коффинит -70 % және настуран 30 %
түрінде сазды-алеврит түйіршікаралық толықтырғыштарында шашыранды түрінде,
сынық түйіршіктердің сыртқы жұқа қабығы түрінде, көмірлі детриттің өсімдік
арқауларында түрінде қалыптасады.
Уран кендерінде ППК құрамы: рений -0,18 гт, скандий – 3,25 гт,
ванадий бестотығы – 79,44 гт, иттрий -18 гт, сирек кездесетін металдар
қосындысы – 70,07 гт. Барланған сілемдердің кен құмдарында зиянды қоспалар
өте аз мөлшерде кездеседі. СО 2-0,63% , Сорг- 0,11 %, фосфор бестотығы-
0,03%, сульфидті күкірт – 0,17%, темір – 0,64%.

3.3Геотехнологиялық ерекшеліктері
Кен орнының технологиялық сипаты жер асты ерітінділеу әдісіне сәйкес
зерттелген. Кен орны кендерінен салмағы 30- дан 130 кг дейін технологиялық
сынама алынып өңделген. Өңдеу жұмыстары Краснохолмкс ЦАЛ және ВНИИХТ
лабораториясында тотықтырғыштар қолданылып күкірт режимінде жүргізілген.
Уранды алу күкірт қышқылының таукен массасына меншікті шығыны 90 кгт және
Ж:Т қатынасы 1,1,-14,1 жағдайында 70-99% құрайды.
Солтүстік Қарамұрын кен орнының уранын ерітінділеу бағытында
жүргізілген лабораториялық және өнеркәсіптік-тәжірибелік жұмыстар уранды
жер астында күкірт қышқылымен ерітіндіге айналдырып алу әдісінің жоғары
технологиялық екендігін және уранмен қатар ерітінділерден рений, скандий,
иттрит және ванадий сияқты жер бетінде сирек кездесетін металлдарды да
алуға болатындығын дәлелдеді.
Өнімді деңгейжиектердің кенді қатпарлы орта және майда түйіршікті құм
түрінде кездеседі. Құмдардың су-физикалық қасиеттері мына шектерде өзгеріп
отырады: сазды және алеврит топтары 10-14% , кеуектігі 34,0-46,2% , табиғи
ылғалдығы 20,9-25% тығыздығы 2,6-2,62 гсм 3.
Тау жыныстарының түйіршіктік және заттық құрамының біркелкілігіне
байланысты кеннің көлемдік салмағы Солтүстік Қарамұрын кен орны бойынша 1,6
тм 3 болып қабылданған.
Кен орнының геотехнологиялық ерекшеліктерін екжей-текжейлі зерттеулер
төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
Кеннің негізгі қоры өткізгіштігі өте жоғары. (1-12мтәулік) құмды және
қиыршық тас-құмды қыртыстарда шоғырланған және де кенді құмдардың кенсіз
құмдарға қарағанда өткізгіштігі жоғарылау;
Жыныс түзегіш минералдар құрамның инертті, қиын еритіндігіне және кен
минералдануының тез ерігіштігіне қарамастан кенге тән қасиет – оның
карбонаттығының (СО 2, 2 пайыз-дан аз ) төмендігінде:
Кен орналасқан сулы деңгейжиектер әдетте ауданы мен қалыңдығы жағынан
қалпына келген сутіректермен шектелген және жер асты суларының деңгейінен
төмен жатыр;
Лабораториялық, тәжірибелік, өнеркәсіптік және пайдалану жұмыстары
көрсеткендей, күкірт қышқылымен ерітінділеу процессі негізгі
геотехнологиялық көрсеткіштердің (уранның жерден алыну дәрежесі, Ж:Т
қатынасы, реагенттердің меншікті шығыны) жоғары мәндерінде өтеді.
Ерітінділеу процессі деңгейжиектегі су ортасының температурасының
жоғарылығымен (35 о С және жоғары) ынталандырылады;

3.4. Уранның қорын есептеу
1. Жобаланушы блоктің пайдалы компонентінің қорын мына формула
бойынша анықтаймыз:

Р S*m*y* (с100), т;
(1)

мұнда, S-жобаланушы блоктің ауданы, м2,110000;
m- ерітінділенетін кен денесінің орташа қалыңдығы, м, 3,78;
с- ерітінділенетін кен денесіндегі пайдалы компоненттің орташа мөлшері, %
0,090;
y – кеннің көлемдік салмағы, тм3,1,6;
2. шамаларды формулаға қою арқылы, жобаланушы блоктің пайдалы компонентінің
қорын анықтаймыз:
Р-110000*3,78*1,6* (0,090100)-598,7т.

2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Солтүстік Қарамұрын кен орны Қызылорда облысының Жаңақорған және
Шиелі аудандарының аумағында орналасқан және Сырдария уранкенді аймағына
кіреді. Сырдария өзенінің оң жағалауында Шиелі темір жол стансасынан 4-20
км қашықтықта орналасқан.
Кен орнының кенді аймағы 450-550 м тереңдікке шоғырланған да,
субмеридионалды бағытта ұзындығы 11-13 км, ені 1-5 км-ге созылған.
Кен орны Харасан кен алыбының солтүстік бөлігін алып жатыр да,
солтүстігінде Алматы-Қызылорда-Ақтөбе темір жол желісімен, оңтүстігінде
Сырдария өзенімен шекараланады.
Аудан климаты шұғыл континентальды, шөл далалы, қысы қатал, жазы
ыстық, көктемі қысқа, бұлттылығы аз, ылғалы аз, үнемі соғып тұратын желімен
сипатталады. Жаз айларында ауа температурасы +43- +46 оС, қыс айларында -37-
40оС дейін жетеді. Орташа температура жазда +20- +25оС, қыста + 2,5- - 4 оС
болып келеді.
Жауын-шашынның көп бөлігі (130-150мм) көктемгі-күзгі кезеңдерге
келеді, қыс кездерінде қар ұзақ жатпайды.
Желдің басым бөлігі солтүстік және солтүстік шығыс бағытынан соғады
және жылдамдығы жыл бойына 3-15мсек аралығында өзгеріп тұрады да орташа
шамасы 3,8-4,6мсек құрайды.
Кен орнының аумағы сейсмикалық жағынан Рихтер шкаласы бойынша алты
балды аймаққа жатады.
Аң және өсімдік әлемі жұтаң, тек қана шөл және шөлейтті түрлері
кездеседі.
Ең жақын орналасқан ірі елді мекендерден –Ташкент – Самара тас
жолының бойында орналасқан облыс орталықтары Қызылорда қаласы (130 км),
Шымкент қаласы (350км); аудан орталықтары –Жаңақорған (50 км), Түркістан
(150км); кен поселкелері –Шалқия (65 км), Кентау (100 км), Шиелі (0,5 км).
Ең жақын темір жол стансасы Шиелі 4 км қашықтықта орналасқан.
Ауданның электр қуатымен жабдықталуы Южказэнерго жүйесінің ЛЭП-220
кВ желісімен қамтамасыз етіледі.

4. ӨНІМДІ ҚАТПАРЛАРДЫ АШУ

4.1. Жалпы ереже
Қазіргі уақытта Солтүстік Қарамұрын кенорнында жерасты ұңғымалы
ерітінділеу әдісі арқылы шахтасыз игері жүйесі қолданылады. Бұл әдіс
пайдалы қазбалардың компоненттерін ұңғымалар жүйесі арқылы химиялық
реагенттердің көмегімен жылжымалы күйге келтіруге негізделген. Кенорындарын
жоғарыдан бұрғыланған ұңғымалар арқылы жерасты ерітінділеу (ЖАЕ) әдісімен
өңдеу – кен орнын ашу, жерасты ерітінділеу және пайдалану жұмыстарын жер
бетінде жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе болып табылады.
Ұңғымалы жүйенің геометриясын және өлшемдік параметрін таңдау
көптеген табиғи факторларға байланысты: кен денесінің формасы мен
өлшемдері, өнімді су деңгейжиегінің литологиясы, кен мен жыныстың заттық
құрамы, олардың сүзілгіштік коэффициенті, су деңгейжиегінің тегеуріні және
т.б. Солтүстік Қарамұрын кенорнында кенішті қазымдаудың негізгі
параметрлері жағынан ең тиімдісі болып табылатын технологиялық блоктардың
ұяшықтарының орташа радиустері 40 метрден орналасатын гексагоналдық
сұлбадағы үлгісі пайдаланылады.
Өнімді қатпарларды ашу технологиялық ұңғымаларды (сорғыш, құйғаш,
бақылағыш және т.б.) қазып орнату арқылы жүргізіледі. Ұңғымаларға
белгіленген интервалда орнатылған сүзгіштерімен жабдықталған поихлорвинил
(ПВХ) құбырлары отырғызылады. Ұңғымаларды, бүтіндігін тексеріп жобадағы
пайдалану параметрлеріне қол жеткізгеннен кейін өнімді қабаттарға жұмысшы
ерітіндіні айдау және осы қабаттан өнімді ерітіндіні сорып алу үшін
құбырлармен байламдайды. Құбырлармен байламдап және электр энергиясымен
қамтамасыз етіп болғасын технологиялық блоктардағы тау-кен массасын ашыту
кезеңі жүргізіледі. Ашыту кезеңі аяқталып және ерітінді көтергіш жабдықтары
орналастырылып болғасын блок пайдалануға дайын болып есептелінеді.

4.2. Полигон көлемі
Өндірістік бағдарламаны орындау үшін үш профилді барлау ұңғымалары
арқылы зерттелген 1-2С геологиялық блогы шегінде 9-112 пайдалану блогын
қазып орнату жоспарланған. Кенорнының шолу сұлбасы №1 сызбада көрсетілген.
Кенді сілем, аймақтың солтүстік қанатында алевролиттермен және
құмдақтармен шектелген 8-12 метрді қамтитын құм байламдарында шоғырланып
сынала кездесетін қатпарлы тотығу аймақты құрайды. Блоктың оңтүстік
бөлігінде –сутректің төменгі жағында, маастрихтық және кампандық
деңгейжиекшелерді бөліп тұратын төменгі қанат пішінінде орналасқан.
Учаскенің орталық бөлігінде өнімді байламды шектейтін қос сутректе
линзаланған және кенді денелердің кентүзілуі маастрихтық пен кампандық
аймақтың шекарасында бытыраңқылана орнласқан. Мұнда, кен түзілуінің ткі
тербелу өрісі, кеннің қанығуының салыстырмалы бірлігі 0,2-0,7 болғанда
біріккен геологиялық блок санағы бойынша 15-18 метрге жетеді. Аймақтағы
кенді қилыстардың қуаты 0,5-0,8 метр көлемінде түрленіп отырады, уран
құрамы 0,030-0,535% орташа меншікті өнімділігі 5,45 кгм құрайды, қор 716,2
тоннаны құрайды, кенді қабаттың төменгі сутректің жабындысына дейінгі
орналасу тереңдігі 470-тен 495 метрге дейін өседі. Блоктағы кеннің орташа
карбонаттағы 0,87 % СО2 болып бағаланған және уранның құрамы 0,5-тен 2 %
дейінгі класында карбонаттағы 0,33-тен 1,73 % көтеріледі. Кенді жыныстардың
сүзілгіштік коэффициенті сорғыш ұңғымадағы көрсеткіш бойынша 6,5мтәулікке,
тоқты-картождың мәліметі бойынша құнарлы қуатына-6,8м тәулік.

4.3 Ұңғымалар санын анықтау
Жоспарланған блоктағы кен орнын ашу жұмыстары технологиялық
блоктардың ұяшықтарының орташа радиустері 40 метрден (есеп бойынша 35,8 м)
орналасатын гексагоналдық сұлбадағы үлгісімен жүзеге асырылады.
№9-112 блок технологиялық торабында 77 құйғыш ұңғымалармен балансқа
келтірілген 35 сорғыш ұңғыма, блоктың жоспарлы сұлбасын анықтау мақсатында
5 пайдалану-барлау орнату жоспарланған. Ұңғымалардың тереңдігі
гидрогеологиялық қабаттардың құрылымына байланысты 490 метрді құрайды.
Бұрғылау жұмыстарының жалпы жобаланған көлемі:
-технологиялық ұңғымалар 112
-пайдалану-барлау ұңғымасы 5
барлығы 177

4.4 Технологиялық ұңғымаларды орналастыру тәсілін таңдау
Кенді денелерді ашу сұлбасы кенді аймаққа технологиялық ұңғымаларды
орнластыру сұлбасы мен өнімді деңгейжиек қимасы бойына сүзгіштерді
орналастыру сұлбасын қамтиды. №912-ші пайдалану блогы ұзындығы 750
көлденеңі 150-250 метрді құрайтын керілген ұзынша жолақ түрінде орналасқан.
Солтүстік Қарамұрын кенорнының геотехнологиялық жағдайы жалпы алғанда
ЖАЕ әдісін қолдануға ыңғайлы болып есептеледі, мысалы:
-сутрекпен шектелген өнімділік байламының қуатының көп еместігі (10м
дейін);
-кеннің карбонаттығының төмендігі (0,5% СО 2);
-кеннің қанағаттанарлық өтімділігі (5-8мтәулік).
-Кен орындарында уран өндіру барысындағы шығындар бүгінгі күнгі
бағаға шаққанда бәсекеге қабілетті болуы тиіс, сондықтан жобада блоктағы
кен қорын ашу үшін ұғымаларды орналастырудың ұялы үлгісін пайдалану
бекітілген. Бұндай үлгі Солтүстік Қарамұрын кенорнындағы ең ірі болып
саналатын №2-ші кен қабатын ашу кезінде сыннан өткен. Бұл үлгінің басқа
үлгілерімен салыстырғандағы артықшылығы мынадай жағдайлармен анықталады:
жоғары қысымды сулы деңгейжиек сыйымдылығы. Кен түзілу қабаты тереңдігі 470-
490 метр болғанда жерасты суларының тереңдігінің статистикалық деңгейі 5-7
метрде тіркелуі қыртыстарға ерітінді беруді қиындатады. Ерітінділерді беру
мүмкіндігі артық қысым мөлшері 5 және одан да көп атмосферада туындайды.
Бұл жағдайдың өзінде де ұңғымалардың қабылдау мүмкіндігі 2,5-3 м3 сағаттан
артық қамтамасыз етілмейді. Бұл уақыттағы қабаттың сорылу мүмкіндігі 8-
10м3сағат екендігін ескерсек ерітінділерді теңестіру үшін құйғыш
ұңғымалардың сорғыш ұңғымаларға қатынасы 3,2-4 шамасында болуы қажеттілігі
туындайды және бұл жағдайды тек қана ұңғымаларды орналапстырудың ұялы
үлгісі ғана қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар бұл үлгіні пайдалану: жер
асты байлығындағы өлі аймақтағы металл шығынын ең аз мөлшерге дейін және
ерітінділердің пайдалану аймағынан шығып кетуін мүмкін болғанша
төмендететіндігін тәжірибеде дәлелденген. Жоғарыдағы жағдайларды ескере
отырып біз үшін ең тиімдісі орталық сорғыш ұңғымалы гексоганальды жеті
ұңғымалы ұяшық үлгісі екендігі анықталды.
Өнімді деңгейдегі жер асты суларының радиоактивті ластану мүмкіндігін
қадағалау жер асты суының табиғи ағыны бағытының блокпен қиылысу профилінде
қазылған бақылау ұңғымасы арқылы жүзеге асырылады.

4.5. Полигонның технологиялық торап кестесі
№9-112 блогының технологиялық торапты байламдау жобасы технологиялық
сұлбаны қышқыл беруді, ерітінділеуді ерітіндісін өлшеуді, бақылау және
ерітінділеу ерітіндісінің шығынын әрбір айдау ұңғымасы бойынша реттеуді,
басқа да параметрлерді бақылауды бір орыннан, технологиялық ашыту торабында
(ТУЗ) жүргізетін болып қарастырылған.
Әрбір сорғылы ұңғыма өлшеу шегі 0 ден 20 м3сағ. Дейінгі
расходомермен жабдықталады. Әрбір ұңғымадағы өндірілетін ерітіндінің
көлемін есептеумен қатар пайдалану блоктарының әрқайсысының өнімді
ерітінділерін бөлек-бөлек есептеу қарастырылған. Бұл үшін әр блокқа
жекедара өнімді ерітінді колекторы тартылып, шегі 0 ден 250м3сағ. Дейінгі
расходомермен жабдықталады.
Ашыту кезеңінде өнімсіз ерітінді ТУЗ-дың ыдысына беріліп
ерітінділерді күкірт қышқылы 12-15гл болғанға дейін байытылады да
қайтадан, әр блокқа бөлек-бөлек, ұзындығы 1100 метр ПНД-210 полиэтилен
құбырынан жасалынған айдау коллекторлары арқылы жіберіледі. Күкірт қышқылы
ұзындығы 1000 метр болатын 89х4,5 темір құбырынан жасалынған қышқыл айдау
желісі арқылы беріледі. Өнімсіз ерітінділер құрамында уран пайда болған
кезеңінде өнімді ерітінділер қатарына өтіп жер бетінен 0,5 метр тереңдікте
көмілген ПНД-50 шлангалары арқылы ПНД-350 полиэтилен құбырынан жасалынған
жинақтау коллекторына беріліп ұзындығы 3200 метр болатын ПНД-350 полиэтилен
құбырынан жасалынған жинақтап тасымалдау коллекторы арқылы сорбциялық
өңдеуге жіберіледі.
Ашыту ерітіндісімен ерітінділеу ерітінділерін құю ұңғымаларына бөліп
тарату үшін әрбір бір-екі қатар құю ұңғымаларына арналып ерітінділеу
ерітіндісін бөліп тарату торабы соғылады. Осы тораптардан барлық
ұңғымаларға жер бетінен 0,5 метр тереңдікте көмілген ПНД-50 шлангалары
жүргізіледі.
Сонымен қатар, 9-112 блогына ұзындығы 1000 метр шамасында электр
желілері жүйесін тарту, 400 ква 60,4 кВ трансформаторлары КТПН және
қиыршық тас төселген жол тарту жоспарланған.

4.6. Қышқыл айдау желісі
Күкірт қышқылы көлемі 100 м шығын ыдысынан ТУЗ-да орнатылған СRN
сорғыштары арқылы сорып айдалынады. Қышқыл айдау желісі 89х4,5 мм темір
құбырынан ұзындығы 1000 метр болып жасалынады және жоба бойынша жер үстімен
тіреуіш қадарлар арқылы жүргізіледі.

5.ЭНЕРГОҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

Энергоқамтамасыздандыру Қызылорда РЭК балансындағы ВЛ-35, Л 98, Л-99
жүйесі арқылы жүргізіледі.
Үздіксіз электр күшін пайдаланушы геотехникалық алаң 2-ші санатқа
жатады. Жобалы блоктың кернеуі 6кВ электр қуатын қажетті жерге таратып беру
үшін таратқыш КТПН 25060,4-82У1 трансформаторлық подстанция қолданылады.
Бұл подстанцияға кернеуінің электр қуаты 6кВ тоқ ВЛ-6 кВ мен АС-70 сым
арқылы жеткізіліп тұрады. ВЛ-6кВ сымы СК22. 1-1.2. типті темір бетонды
тіректермен жүргізіледі.
Электр қуатын КТПН-25060,4-82У1 дейін жеткізу үшін, АСБ-3*70 типті
ажыратқыш арқылы ұзындығы 225 м РЛНД-6-400 6кВ кабельды қолданылады.
Трансформаторлық подстанцияның жанында ұзындығы 3000 мм бір ұшы жерге
қосылған электродатан жасалған 4*50мм сым орнатылды. Желі өткізгіш сымы
АВВГ-3*70+1*35 және АВВГ – 3*70+1*25 типті сымнан жасалады. Батырмалы
сорғыштарға электрқуаты басқармалы шкафтан ВПП-2,5 сыммен жеткізіледі.
Бір ұшы жерге қосылған жерлеме сымының кедергі өткізгіші 4Ом аспау
керек.

6. КЕН ОРНЫН ПАЙДАЛАНУ

6.1. Жер асты ерітінділеу әдісінің беткі кешенінің құрылысы және
оны пайдалану.
Жерасты ерітінділеу әдісі (ЖЕӘ) кәсіпорнының құрылысына орын дайындау
жұмыстары құрылыс жобасына сәйкес, ал кен көзін игеру келесі құжаттарға:
қорғау аймағының шекарасын анықтау мақсатында кен орнының кен қабаты
орналасу жоспарына; ұңғымалар жүйесінің жобасына, магистральдық құбырлар
трассаларына және технологиялық ғимараттар алаңына, блоктарды қазымдауға
енгізу кезеңдерінің және толық игеру кестесіне; кен орнының геологиялық
және гидрогеологиялық жағдайына, топырақ құрамының сипаттамасына; т.б.
сәйкес жүргізіледі.
Жер көлемін үнемдеу мақсатында ЖЕӘ кәсіпорнының құрылысы барасында
өндірістік цехтардың және ерітінділерді өңдеу ғимараттарының, және де
соларға қатысты қосалқы, әкімшілік, шаруашылық-тұрмыстық ғимараттарының
жинақы да ұтымды орналасуы ескерілуі тиіс. ЖЕӘ бөлімшелерін орналастыру
кезінде ұңғымалар қатары, құбырлар, сорғылар стансасының орналасатын
орындардың және де басқа ластануы мүмкін орындардың топырағының құнарлы
қабаты ойылып алыныуы тиіс. Ойылып алынған топырақ белгілі бір жерге
жиналып, кен орны қазымдалып біткеннен соң, жерді қалпына келтіру кезінде
орнына қайта жайылуы тиіс.
Жердің құнарлы қабатын ою жұмыстары күннің жылы кезеңінде
жүргізіледі. Жұмыс бастамас бұрын алдын ала дайындалатын жер қоқыстан,
өсімдік-бұталардан тазартылады. Топырақ ою жұмыстарына скреплер,
бульдозерлер, грейдерлер, экскаваторлар, топырақ тиегіш және тасып-түсіргіш
т.б. техникалар пайдаланылады.
Құнарлы топырақ биіктігі 4м аспайтын төбешік болып кен өндірілетін
алаңнан тыс жерге жиналып, желдің және судың әсерінен мүжілуден сақталатын
шаралар қарастырылуы қажет.
Дайындық жұмыстары аяқталған соң жұммыстардың орындалу кестесіне
сәйкес ұңғымаларды қазу, құбырлар тарту (пайдалану алаңдарында) және
өндіріс орындарының кешендерін салу жұмыстары басталады.
ЖЕӘ кен өндіру комплексінің беткі бөлігі келесі негізгі ғимараттардан
тұрады: өнімді ерітінділерді қайта өңдеу қондырғысы, сілтілі ерітінділерді
дайындау торабы, технологиялық ерітінділерді тасымалдау құбырлары, сорғылар
стансалары, ерітінділері механикалық және басқа қоспалардан тазартатын
тұндырғылар.
Негізгі ғимараттардан басқа ЖСӘ кәсіпорындарында: жөндеу-механикалық
шеберханалар, қоймалар, гараждар, басқарма, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету
орындары сияқты қосалқы бөлімдер болады.
Ғимараттардың бір бөлігі өзінше жұмыс істейтін технологиялық
тораптарға біріктіріледі. Олар өндіріс алаңында, әлде одан тыс орналасады.
Өздігінше жұмыс істейтін торапқа өзінің сорбциялық және десорбциялық
қондырғыларымен бірге технологиялық ерітінділерді қайта өңдеу қондырғысы
және сілтісіздендіру ерітінділерін дайындайтын торап та біріктіреді. Бұл
қондырғылар кен өндіру алаңының ерекшелігіне байланысты екі сұлбада
орналасады.
Бірінші сұлба бойынша өндіріс алаңында бір ғана қондырғы
орналастырылады. Оның өнімділігі өндіргіш блоктардан келетін ерітінділердің
барлық көлемін қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Геологиялық барлау жұмыстарының көлемі
Қабат майының қасиеттері
Бұрғылау және жару жұмыстары
Көктасжал кен орнын тиімді игеру
Шахта алаңының шекарасы
Мұнай мен газ қорлары
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Кен орындағы мұнай және газ қабаттарын игеру режимдері
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу міндеттері
Пәндер