Электрмен қамтамасыз етудің сапасы


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . 3

1. Электрмен қамтаманың сипаттамалары . . . 4 2. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы . . . 6 3. ҮҚК-нің конструкциялық орындалуы . . . 8

4. Энергетикалық массивтер . . . 12

Қорытынды . . . 15

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 16

КІРІСПЕ

Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі (ЭҮҚЖ) - А тобының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыздандырудың ең сенімді, әрі ең сапалы түрі. Бұл А тобында, дегенмен, қосымша қоректендіруді қажетсінетін қабылдағыштар да бар. Бұларға, мәселен, файл- серверлер, көптеген байланыс және телекоммуникация құралдары және қорғаныс жүйелері жатады. Бұл жүйелер аз және орташа қуатты локальды үздіксіз қоректендіру көздер (ҮҚК), аккумуляторлы қоректену блоктар, буферлі аккумуляторлы батареялар арқылы электрмен үздіксіз қамтамасыздандырылады. Қазіргі кезде екі жағынан қоректендіретін

Қондырғылар жасалынып көрілуде. Олардың құрылысы әртүрлі қоректендіру көздеріне қосылған екі қоректену блоктарынан тұрады. Электрмен қамтамасыздандыру жүйесіне қатысты мұндай қосымша қоректендіру технологиялыққа жатады және ЭҮҚЖ-ның принципиалды сұлбасына әсер етпейді.

ЭҮҚЖ- негізгі көздерден электрмен жағдайда қабылдағыштырды автономды түрде электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр қондырғысы. ЭҮҚЖ-ның автономды жұмыс уақыты инфокоммуникациондық жүйе жұмысының аяқталуы есебінен алынады. Ол кезде ақпарат шығынсыз болады, әрі қондырғының істен шығу қаупі төмен болады. Автономды жұмыстың минималды уақыты қашан да қосымша электрмен қамтамасыздандыру көздерін іске қосуға жеткілікті болады, мәселен ДГУ.

ЭҮҚЖ- ның негізін құрайтын үздіксіз қорек көздері төменде қарастырылған. ҮҚК түрлі схемотехникалық база, қуат, конструкцияға ие бола тұрып, қосымша қоректендірудің функционалдық мүмкіндіктерін бойына жинаған. ҮҚК типтерінің бір тобы қалыпты режимде электр қабылдағыштың кірісін КЭ-мен қамтамасыз ете алады. Сыртқы электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қалыпты режимдегі жұмысында ҮҚК-нің қайта жауап беру реакциясын тудырытын электроэнергия сапасының көрсеткіштері ауытқуы мүмкін. Бұған автономды режимнің батареяға ауысуы да жатады. Негізінен бұл кернеу ауытқуы U болып келеді. ҮҚК кірісіндегі кернеудің ауытқу мәні стандартқа сай жіберілетін U өзгерісі кезінде автономды режимге өтіп кетуін тудырмауы қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, % диапазонында жатқан кіріс кернеуінің мәні (“кіріс қақпа”) автономды режимге кірмей-ақ жұмыс істеу шарттарын қанағаттандырады. Қалған жағынан ҰҚК электр энергия сапасы көрсеткіштерінің ауытқуына айтарлықтай төзімді.

1. Электрмен қамтаманың сипаттамалары

Электрмен қамтамасыз ету - тұтынушыларды электр энергиясымен қаматамасыз ету.

Электр қондырғысы дегеніміз - электр энергиясын өндіру, түрлендіру, трансформациялау, тарату үшін арналған және оны энергияның басқа түріне түрлендіретін, машиналар, аппараттар, сымдар және көмекші қондырғылардың жиынтығын айтамыз.

Электр энергиясын тұтынушы дегеніміз - белгілі бір аймақта орналасқан және технологиялық процесспен біріктірілген, электрқабылдағыш немесе электрқабылдағыштар тобы. Электр энергиясын қабылдағыш - электр энергиясын, энергияның басқа түріне түрлендіретуге арналған аппарат.

1-кестеде қоректі тұтынушылар тізімі көрсетілген. А, В, С топтары сенімділікке сұраныстың төмендеуіне қарай орналасқан.

1-кесте

Тұтынушылар тізімі
Электр энергиясын тұтынушылар
Электрмен қамтаманың үзуге рұқсат етілуі
Тұтынушылар тізімі: А
Электр энергиясын тұтынушылар:

Ақпаратты есептеу жүйелері

Телекоммуникационды жүйелер

АТС

Өрттен қорғау жүйесінің сигнализациясы

Видеобақылау жүйесі

Диспетчерлік басқару жүйесі

Электрмен қамтаманың үзуге рұқсат етілуі: Рұқсат етілмейді
Тұтынушылар тізімі: В
Электр энергиясын тұтынушылар:

Өртке қарсы желдегіштер

Өртке қарсы қажет лифтілер

Асхананы суыту камерасы

Сигналды сәулелер

Электрмен қамтаманың үзуге рұқсат етілуі: Қосымша қорек көзіне өткенде рұқсат
Тұтынушылар тізімі: С
Электр энергиясын тұтынушылар: А және В топтарына кірмеген басқа да технологиялық және инженерлік жүйелер
Электрмен қамтаманың үзуге рұқсат етілуі: Ақаулықты жөндеген кезде рұқсат

А, В, С топтарының электрмен қамтамасыз ету сұлбалары айтылған топтардың электрмен қамтамасыз етуге деген сенімділік дәрежесімен анықталады. А тобының электрмен қамтамасыз етілуіне сенімділіктің 1-ші категориясын қажет етеді және оны электрмен қамтамасыз ету, өзара қорек көздерін байланыстыратын, үш тәуелсіз қорек көзімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша қорек көзіне ауысатын кезде электрмен қамтамасыз етудің қысқа уақыттық үзулеріне кедергі келтуіне қарсы қосымша шаралар қабылдануы тиіс. В тобын электрмен қамтамасыз ету екі қорек көзінен орындалады, бірақ қосымша қорек көзіне ауысу кезіндегі үзуді болдырмау шараларын қолданудың қажеті жоқ. С тобын электрмен қамтамасыз ету 2 тәуелсіз қорек көзімен қамтамасыз еткен жөн, бірақ та бір көзге қосса да болады. Үшінші тәуелсіз қорек көзі ретінде жергілікті электрстанциялар, энергожүйелердің электрстанциялары ( генераторлы кернеудің шиналары), арнайы агрегаттар-үздіксіз қорек көздері, аккумуляторлық батареяларды қолдануға болады. Төменде қарастырылатын топтарда дизель-генераторлық құрылғы (ДГҚ) және үздіксіз қорек көздері (ҮҚК) үшінші қорек көзі болып табылады. Барлық тұтынушылар бір ғимаратта орналасқан, А тобы тәуелсіз қорек көздері санына сенімділік деңгейімен анықталады. Бұл А тобының электрмен қамтамасыз етілуі 2 сыртқы тәуелсіз қорек көздеріне (ДГҚ және ҮҚК-нен басқа) қосылғанда, С тобының электрмен қамтамасыз етілуі де сол 2 қорек көзіне байланысты, ал В тобының электрмен қамтамасыз етілуі 3 тәуелсіз қорек көзінен болады.

Энергожүйенің объектісі ретінде қосымша қорек көздерін таңдау кезңнде және автоматика энергожүйесінің электрлік бөлігіндегі уақытша кернеу көзі азайып немесе тіпті жоғалып кету мүмкіншілігіне қарау керек. ДГҚ-ны қолдану осы сәттерді қадағалауға мүмкіндік береді.

1-сурет

1-суретте жоғарыда айтылғандарға мысал келтірілген. 2 кіріс көздерін негізгі электрмен қамтамасыз ету қосымша автоматты қосу құрылғысы арқылы іске асырылады. ДГҚ электрмен қамтамасыз етудің қалалық құрылымын жағдайында өрт қауіпсіздік, табиғатты қорғау және санитарлы норма шарттарына байланысты орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда электрмен қамтамасыз ету негізгі 2 электрмен қамтамасыз ету көздері арқылы, мысалы қаланың электр желілері және ҮҚК -ны қолдану, іске асырылады. Қалалық электр желісі 2 көзінен ДГҚ-ны орнату қажеттілігі, ғимаратты жобалауға байланысты қолданғанда қарастырылады.

Техникалық шарттарды және энергожүйенің электр желісіне қосылу, орнатылған және тұтынушының бір уақыттағы қуаты және электрмен қамтамасыз етудің сенімділік мәндерін анықтайды. Электрмен қамтамасыз ету автономды көздердің орнату жобалары бойынша орындалады.

2. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы

Электрмен қамтамасыз ету сапамен және сенімділікпен сипатталады. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы электр қабылдағыштардың қасиеттерімен тығыз байланысты және ол электрмен қамтамасыз ету жұмысының сенімділігін арттырады. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы ең алдымен электр энергиясының сапасына қатысты (ЭС) . Ол қоректенетін кернеу формасының бұрмалануы және бұзылуымен сипатталады. Бұл қателіктер энергожүйелерден келеді - мысалы, электр желісі аудандарының коммутациясымен шақырылатын, найзағайлық импульс, коммутациялық кернеудің жоғары болуы, қосымша автоматты ауыстыру құрылғысының жұмысы кезіндегі және тұтынушылардың басқа қорек көздеріне ауысу кезінде. Электр қабылдағыштардың өздері электр желісіне бұрмалануды алып келуі мүмкін. Мұндай қасиеттерге тез айнымалы және сызықты емес жүктеме сипаттамалы электрқабылдағыштар ие: әртүрлі түрлендіргіштер, өнеркәсіп тұтынушылар, электрлік транспорт және т. б. мұндай қасиеттері электромагнитті сәйкестілікке қатысты - берілген электромагнитті жағдайда берілген сапамен техникалық құралдардың қызмет ету мүмкіндіктері және басқа техникалық амалдардың рұқсат етілмеген электромагнитті бөгеуліктерді тудырмауы мүмкін.

Электр энергиясының сапасы электрқабылдағыштың тиімділігін және жұмыс істеу қабілетіне әсері мол. Инфокоммуникационды жүйелерде қолданылатын ЭС-ті кондуктивті бөгеулердің қондырғыға әсері ретінде қатастырылады. Бұл жағдайда бөгеуліктерге дәрежесі стандарт бойынша орнатылған нормалардан аспайды, ал қондырғы дұрыс жұмыс істейді және инфокоммуникационды жүйелерде бұзылулар (тоқтау, тиімділіктің төмендеуі) болмайды.

Жалпы міндетті электрмен қамтамасыз ету жүйесі - әртүрлі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған, электр қондырғылары мен электр қондырғылар жиынтығы. Нүктелердегі 50 Гц жиілікті бірфазалы және үшфазалы айнымалы ток жалпы міндетті электрмен қамтама жүйесі, электр желісіндегі электр энергиясының сапа нормалары мен көрсеткіштері стандартты болады.

ЭС нормалары - берілген стандарт бойынша орнатылатын электр энергия сапасының көрсеткіштері, жалпы міндетті жалпы міндетті электрмен қамтама жүйелеріндегі кондуктивті электромагнитті бөгеуліктеріне электромагнитті сәйкестік дәрежесі мен шектелінеді. Осы нормаларды сақтау жалпы міндетті электрмен қамтама жүйесімен электр энергиясының тұтынушының электрлік желілерін, сәйкестігі қаматамасыз етіледі және қондырғы жұмысында бұзулармен тоқтап қалулар болмайды.

Бұл нормалар ЭС-мен қамтамасыз етудің техникалық шараларын таңдау үшін керек электрмен қамтама жүйелерін жобалау кезінде қолданылады.

Электр энергиясын тұтынушылардың өз меншігіндегі электр желілеріндегі электр энергиясының сапасы, сала стандартты және басқа нормативті құжаттармен бекітілген. Сала стандарттары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтынушыларға жалпыға бірдей стандарт қолданылады.

Электр энергиясы сапасының негізгі көрсеткіштеріне келесі параметрлер жатады.

  1. Кернеудің ауытқуы

Кернеудің ауытқуы орнатылған кернеудің ауытқу көрсеткішімен сипатталады. Оның норма бойынша рұқсат етілген және шекті рұқсат етілген кернеуі анықталған. Олар 5 немесе 10% электр желісінен номиналды кернеуіне байланысты болады.

2. Кернеудің таралуы

Кернеудің таралуы келесі өлшемдермен сипатталады:

  • кернеудің өзгеру мүмкіншілігімен ;
  • фликкер мөлшерімен - адамның берілген уақыт аралығындағы фликкерді қабылдау өлшемі. Фликкер - кернеудің таралуына байланысты туындаған, жасанды жарық берудің жарық ағынының таралуын адамның қабылдауы.

Кернеу өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәні жиіліктің қайталануына күрделі функционалды түрде тәуелді. Инфокоммуникационды жүйелер үшін кернеудің таралуы маңызды, себебі дәл солар қондырғыға әсер етеді. Фликкер мөлшері кернеудің таралуына тәуелсіз айнымалы шама. Орнықталған кернеудің ауытқуы және кернеудің өзгеруінің мүмкін болатын шекті мәні, электр желісіне қосылған нүктедегі кернеулер 0. 38 кВ номиналдан кернеуден 10%-ке тең.

  1. Бейсинусоидалы кернеу

Бейсинусоидалы кернеу келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • кернеудің бейсинусоидалық қисық, бұрмалану коэффициенті;
  • кернеуді құратын гармоникалық коэффициент.

Норма бойынша және шекті рұқсат етілген кернеудің бейсинусоидалық қисығының тозу коэффициентінің мәні 0. 38 кВ номиналды кернеулі электр желілеріне ортақ қосылу нүктелеріндегі кернеу 8%-тен аспауы тиіс, ал 6. . 20кВ желілер үшін -5%-тен артық емес.

  1. Кернеулердің бейсимметриялығы

Кернеулердің бейсимметриялығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • кері тізбек бойынша кернеудің бейсимметриялық коэффициенті;
  • нольдік тізбек бойынша кернеудің бейсимметриялық коэффициенті.

Бұл көрсеткіштер симметрияның құрамының әдісі бойынша есептелінеді. Электр желілерімен ортақ байланысу нүктелеріндегі шекті рұқсат етілген кері және нольдік кернеулердің бейсимметриялық коэффиценттері сәйкесінше 2 және 4%-ті құрайды.

  1. Жиіліктің ауытқуы

Электр желілеріндегі айнымалы токтың кернеу жиілігінің ауытқуы, шекті рұқсат етілген мәні 0. 2 және 0. 4 Гц көрсеткішімен сипатталады.

  1. Кернеудің құлауы

Кернеудің құлауы - кернеудің құлауының ұзақтығымен сипатталады. Оның шекті рұқсат етілген мәні 20 кВ электр желідегі 30 секундтқа тең.

  1. Кернеу импульсі

Кернеу импульсі - кернеу импульсінің көрсеткіштерімен сипатталады.

Электрмен қамтамасыз ететін ұйымның 0. 38 кВ кабельдегі желілерде пайда болатын, найзағай импульстері үшін кернеу импульсінің мәні 10 және 6 кВ-тан аспайды. Кернеу өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәні жиіліктің қайталануына күрделі функционалды түрде тәуелді. Инфокоммуникационды жүйелер үшін кернеудің таралуы маңызды, себебі дәл солар қондырғыға әсер етеді. Фликкер мөлшері кернеудің таралуына тәуелсіз айнымалы шама. Орнықталған кернеудің ауытқуы және кернеудің өзгеруінің мүмкін болатын шекті мәні, электр желісіне қосылған нүктедегі кернеулер 0. 38 кВ номиналдан кернеуден 10%-ке тең.

Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын элктрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері

А тобының тұтынушыларының мынадай ерекшеліктері бар - басқа салыстырғанда олардың электрмен қамтамасыз етілуі, қосымша қорек көзін қосқан уақыттығы қоректің аз уақытқа үзілуінсіз орындалауы қажет. Мұндай электрмен қамтамасыздандыру - үздіксіз деп аталады, сонымен қатар “синусойданың үзілуінсіз” деген терминді де кейде кездестіруге болады.

А тобының өзінде электр тұтынуы бірдей емес. Екілік қорек көздерінің схемотехникасы (қорек блоктары) жағынан қарағанда А тобының бірнеше ерекшеліктері бар. Жиілікті түрлендіргіші жоқ “трансформатор - түзеткіш - сүзгі - стабилизатор” сұлбасы бойынша орындалған, кейбір бөліктері қорек блогымен жабдықталған (2-сурет, а ) . Бұл сұлба трансформатордың бірінші шетіндегі энергияны түрлендіргіштің болмаған жағдайына сәйкес келеді. Трансформатордың екінші бөлігі импульсті қорек блогына ие. Онда массогабаритті көрсеткішті төмендету үшін трансформатордың біріншілік кернеуі жағындағы жиілікті түрлендіру қолданылады (2- сурет, б ) . Бұл жүктеменің пайдаланатын тогының сипаттамасын анықтайды. Қазіргі уақытта бұл қорек блоктары кеңінен қолданылады.

2- сурет . Қоректендіру блоктарының сұлбасы:

а) жиіліктің түрлендірілуінсіз; б) импульсті

А тобының негізгі бөлігін импульсті қорек блоктармен жабдықталған ақпараттандыру және телекоммуникациялық құралдар құрайды. 3- суретте импульсті қорек блогының тогы мен қуатының диаграммасы көрсетілген.

3- сурет . Импульсті қорек блогының электр тұтыну диаграммасы

Диаграммаға қарасақ, энергия импульсті түрде әр 10 мс сайын немесе секундына 100 рет қолданылады. Электр энергиясы желіден алынбайтын, ал электронды құрылғы (компьютер, маршрутизатор және т. б. ) энергияны қорек

блогының құрамындағы конденсатордан алатын кездерде импульстердің уақыт аралықтары болады. Осы қосымша энергияның көмегімен қорек блогы қондырғының немесе аппаратураның жұмысын қамтамасыздандырудың 50 мс уақытқа үзілуі кезінде де қолдай алады. Бұдан мыныдай қорытынды жасауға болады: “синусойданың үзілуінсіз” электрмен қамтамасыздандыруға сұраныс шартты сипатқа ие және оның қосымша қорек көзіне ауысу уақыты 50 мс -тен аспауы қажет. Жиіліктің түрлендірілуінсіз қорек блоктарымен жабдықталған компьютерлік және телекоммуникационды желілердің техникалық құрылғылары бар, мысалы желілік адаптерлер, протоколдар конверторы және т. б. , олар энергияны импульстар түрінде тұтынбайды (4- сурет) .

4- сурет . Жиіліктің түрлендірілуінсіз қорек блоктарымен қуатты тұтынудың диаграммасы

Мұндай құрылғылардың “бейсинусойдалық үзусіз ” қорекке сұранысы жоғары, өйткені қорек блогы құрамындағы конденсатор тегістегіш сүзгінің міндетін атқарады. Ақпараттандыру және телекоммуникационды желілердің жұмыс істеу мүмкіншілігі бардық құрылғылар жиынтығының жұмыс істеу мүмкіншіліктерімен анықталады. “Бейсинусойдалық үзусіз” қоркке сұраныс ақпаратты және телекоммуникационды жүйелерді электрмен қамтамасыздандыруда маңызды. Импульсті қорек көздері бар құрылғылардың 50 мс үзіліс кезінде қосымша қорек көзіне ауысуды арзан және қарапайым off - line типті ҮҚК -де сәйкес электрқабылдағыштарды қосымша қорек көзінде қолдануға болады.

Электрмен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрамы және негізгі функциялары

Электрмен қамтамасыздандыру жүйесі - тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр құрылғыларының жиынтығын айтады. А, В және С топтарын электрмен қамтамасыздандыру олардың әрқайсысына әдейі арнап жасалынған электрқондырғыларыдың көмегімен жүзеге асырылады.

А тобының электр қабылдағыштары қоректі үздіксіз электрмен қамтамасыздандыру (қоректендіру) жүйесінен - ҮЭҚЖ (ҮЭҚЖ) - ден алады.

Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі деп - сыртқы электрмен қоректендіру көздері ауытқыған кезде қабылдағышты электрмен үздіксіз қоректендіру көздерінің аккумуляторында жиналған энергиямен қамтамасыздандыратын электр құрылғысын айтады. Бұл үрдіс сыртқы электрмен қамтамасыздандыру қалпына келтірілгенше немесе кепілдендірілген электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қосымша көздері қосылғанша жүреді. Ол қалыпты режимде электр қабылдағыштарды КЭ - мен қамтамасыздандырады және келесідей функцифналдық мүмкіндіктерге ие:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергиясын тұтынушылар
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Экономиканы дамытудағы электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорынның рөлі
Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар жайлы мәлімет
Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы
Өрт сөндіру құралдары
Жатақхананы электрмен жабдықтау
Энергиямен жабдықтау шарты, нысаны
Электр энергиясын өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz