Интернет желісі. Интернеттің негізгі принциптері



Жоспары

1 Интернет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
1.1 Интернет туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1.2 Интернет тарихы және даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1.3 Интернет жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.4 Интернеттің негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.5 Интернет протоколдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.6 Интернет қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.7 Интернеттiң негiзгi қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.8 Интернет беттерін көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.8.1 Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 Интернет желісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Интернет желісіне қосылу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.2 Компьютерді Internet.пен қатынас құруға даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
4 Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
5 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Жоспары

1 Интернет 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.1 Интернет туралы 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Интернет тарихы және даму кезеңдері 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Интернет жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.4 Интернеттің негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.5 Интернет протоколдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.6 Интернет қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.7 Интернеттiң негiзгi қосымшалары 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
1.8 Интернет беттерін көру жабдықтары 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.8.1Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2 Интернет желісі 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Интернет желісіне қосылу тәсілдері 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Компьютерді Internet-пен қатынас құруға даярлау 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
4 Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
5 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

1. Интернет
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) —
компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері,
мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты
миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін
емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.
Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек,
онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин
мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын
білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды.
Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
1. Интернет туралы
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу
мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара
біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс
істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты
кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет
қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл
ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша
тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс
істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ
хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-
ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге
қабілетті болады.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды
почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады.
Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай
нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында
электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез
алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне
мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды,
фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға,
жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар,
ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда
құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша
электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай
қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange -
мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз
етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай
техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен
диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы
жене аса қымбат емес.
2. Интернет тарихы және даму кезеңдері
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ
Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп
шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы
мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі
Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының
университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының
университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы
аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс
министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып,
оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі
Калифорния университетінде орнатылды. Honeywell 516 компьютерінде 12 КБ
оперативті жад бар болатын.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін
пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде
жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен
тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың
1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCPIP протоколына
көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін
қолданылуда. 1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік
беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен
Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1983 жылы Интернет термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын
болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми
қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (National Science Foundation
Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ
танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің
ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді.
Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты
уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN)
қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын
ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін
және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай,
өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті
түсті (Dialup access).
1990 жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді
(Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің
техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ
болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін
тигізді. 1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы
әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды,
енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың
суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы
Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен
басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды,
Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті
өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп
айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін
толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам
домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына
айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30
қыркүйек деп бекітті.

1.3 Интернет жетістіктері
Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу
оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен
қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы,
информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа
телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация
алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны
қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін
сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ
(Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары
бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз
сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген
затынызды да табуға болады.
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600
төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын
заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке
сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің
соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер
болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап
отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы
хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер
компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде
энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға
болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те
туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар
шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт
кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі
көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және
грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті
мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау
облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен
алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде
ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал
табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау,
өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды.
Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және
транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып,
басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.
1.4 Интернеттің негізгі принциптері
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен
құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP
(Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі
физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық
мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса
алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар
(бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-
адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен
айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін
құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-
адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің
бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы
жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем
көлемінде дәл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан
болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің
протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар
қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл
құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл
түсініктемелері беріледі.
1.5 Интернет протоколдары
Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі
компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу тілін білдіреді. Әртүрлі
компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы
керек. Интернет протоколдар жүйесін TCPIP протоколдар жиыны деп атайды.
Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:
Қолданбалы деңгейде:
DNS
FTP
HTTP
HTTPS
IMAP
LDAP
POP3
SMTP
SSH
Telnet
XMPP (Jabber)
SNMP
1.6 Интернет қызметтері
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
Бүкіләлемдік тор
Веб-форумдар
Блогтар
Вики-проекттер (Уикипедия)
Интернет-дүкен
Интернет-аукцион
Электронды почта
Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
Файл-алмасу желілері
Интернет-радио
Интернет-теледидар
Электронды кітап
IP-телефония
Мессенджерлер
FTP-серверлер
IRC (веб-чаттар)
Іздеу жүйелері
Интернет-жарнама
Өшірілген терминал
Төлеу жұйелері
1.7 Интернеттiң негiзгi қосымшалары
E-mail (Electronic Mail) -элeктрондық почта. Желі тұтынушылары аpасында
мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта
программалары көмегімен жүзеге асыpылады, мысaл ретінде, Outlook Express
программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаyлы минуттар ішінде
хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін тeріп,
бeлгілі электрондық адрескe жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы
достарыңызбен, әріптестeріңізбен араласуға болады.
E-mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме.домен

Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық,
бейформалдық, дәлірек айтқандa анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір
серверде кездеседі.
Usenet - тегі жаңалықтар тобы - дүние жүзіндегі адамдардың
пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас
топтары.Мұндай жаңалық топтарындa белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген
мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады.
Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беpуге және өз
ойларыңызды мақала рeтінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі)
FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы- бұл көбінде
үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы.
FTP көмегімeн кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болaды.
Чат (IRC -Internet Real Chat) -Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде
нақтылы уақытта интерaктивті сұхбаттасу. Әңгімeлесушілер бір-бірімен өз
компьютерлeріндегі клавиатурадa сөздерді теріп жібереді және ол сөздер
бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай
тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немеcе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көpуге болатын графикалық интерфейс
мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парaқтармен байланыcын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютeрде орналасқан мәліметтер Web
кітабы сeкілді, ал оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернеттің негізгі принциптері
Интернеттің дамуы
Интернеттен ақпарат iздеу
Вирустар туралы жалпы ұғым
Интернет туралы мәліметтер
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Интернет протоколдары
Компьютерлік желілер
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
Пәндер