Абай қарасөздеріндегі ұлттық мүдде



Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа.
2.2. Абай қарасөздеріндегі ұлттық мүдде
2.3. Асанқайғы мен Абай жырларындағы үндестік
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа.
2.2. Абай қарасөздеріндегі ұлттық мүдде
2.3. Асанқайғы мен Абай жырларындағы үндестік
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа.
Ұлы Абай еліненмін десең,мақтаныш сезіміңді су сепкендей болып, Е, Семей полигонының кіндігінен екенсің ғой деп аяушылық білдіріп, ақыл есіңе күдік туғызады. Абай жерінің қасіретінен қасиеті басым екенін әлемге паш еткім келеді. Абай елі Ұлы Абайымен, Мұхтарымен, Шәкәрімімен... бұл тізім жалғаса бермек. Мерғали,Төлеген, Тиыштықбектермен қасиеті осы топыраққа туған құдіретті қара өлеңдерімен қасиетті.
Осыдан жарты ғасырдан артық уақыт бұрын М.Әуезов былай деген: Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың елаға қарай қажырлы ұмтылуына ақын онымен бірге болды- ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармашылығына уақыт шек қоя алмайды.
Ал бүгінгі таңда ақынның қайтыс болғанына жүз жыл толып отыр.Ақын ата күн өткен сайын, тарих қойнауына кірген сайын бізге жақындап, жан дүниемізге еніп, осынау бір қым-қиғаш заманда жөн сілтеп, шамшырақ болып отыр, қәзіргі заман тынысына айналып отыр. Абай- бүкіл қазақ халқының данышпаны.
Ақын ата өзінің бірінші қара сөзінде Кімде- кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дейді. Абай өлеңдерін жаттап, қара сөздерін оқыған сайын әр сөзінің салмағын сезінемін.
Әттең- әттең, қазіргі жастардың көпшілігі оқымайды. Оқыса, өз бойындағы міндерін көріп, түзеген болар еді.Өз замандастарымның мойнын Абайға бұру мақсатында Замандастарға үн атты мақала жаздым .
Тәй-тәй басқан балдай болған егеменді еліміздің буыны бекіп, етек - жеңін жиып, жыл өткен сайын жасына жас қосып келеді. Ата қонысы, қатпар-қатпар тарихы бар еліміздің Елтаңбасы, Әнұраны, Туының тұғыры да біздер- жастармыз. Ұлтымыздың мәдениетін, тілін, дәстүрін, ұлттық қадір - қасиетін де нығайтатын біздерміз.Кнешегі сексен алтының ызғарлы желтоқсанында қар жастанып, мұз төсенген, шексіз билігі бар бет қаратпайтын қызыл империяға қарсы шыққан біздерміз - жастармыз.Бүгінгі еліміздің кең байтақ жеріне көз алартып, жырымдап бөліп әкеткісі келетін жат пиғылдар өз ағайындарымыздан да шығып жатыр. Ата - бабамыздан мирас болып қалған қонысты жат пиғылдан қорғайтын да біздерміз. Ия, замандас , біздің мойнымызда нар түйенің жүгі бар. Оны алып жүру де оңайға түспес. Жаны сау, тәні сау жастар ғана ол жүкті көтере алады. Біліммен қаруланған азамат қана ол міндетті атқара алады.
Жан дүнием тазарып, ақылыма ақыл қосам десең, киелі жерге кіндік қаны тамған замандасым, Абайды оқы! Түсініп оқы! Тұщынынып оқы!
Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай ?- деген жолдарды бізге жолдады емес пе!
Саудасы ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы- кей замандастарымыз ар мен иманын саудалап жүрген жоқ па?!
Ойланайықшы, замандас. Жауап іздесең, тағы да Абайды оқы! Болмасаң да ұқсап бақ демекші, сөзімді Абай атаммен аяқтаймын.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап- ойлап құлаққа іл.
Ақын біздің қандай болғанымызды қалады? Сол талаптан шыға алдық па, талдап көрейін. Адамның білімі-адамгершілігінің өлшемі екендігі талмай насихаттады. Қажымай білім алуға шақырды:
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Білім адамзаттың адал досы екендігін айта келіп, намысымызды қайрай түседі.
Ғылым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.Бүкіл ғұмырында орыстың, батыстың, ғылымы мен мәдениетіне ден қойып, жастарға білімнің арқасында ғана жаман мен жақсыны ажыратасың деп кеңес берген. Біздің болағымызды ойлап, үндеу тастаудан жалықпаған:
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста мейлің күл,
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап құлаққа іл.
Ұлы ақын өткеніне өкініш білдіріп, жастарды дер кезінле біліммен, ғылыммен қарулануға шақырады.Қырық жасында былай деп толғаса:
Жасымда ғылым бар беп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім
Одан төрт жыл өткен соң Біздің есімізге қайта түсірді
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай.
Білімсіз өмір тұл екенін өзінің оныншы қара сөзінде (10 қара сөз) көрсетеді. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына апармайды.
Дүниенің жалған екенін, жастық шақтың тозатынын, қалай өте шыққанын байқамай қалатынымызды жиі-жиі еске салып отырады:
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен- өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? ( 15-қара сөз)
Жастардың бойынан бабамыз қандай қасиеттерді көрсем деп армандады? Әриен, Өз Отанына деген сүйіспеншілік, халқына, адамға деген махаббат, достыққа адалдық, ізгілік, қайырымдылық, әділеттілік, еңбексүйгіштік:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріешек бекер малшашпақ,
Бес дұшпанды білсеңіз.
Талап еңбек терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой
Бүгінгі жастар баба ақылына құлақ салса, қор болмаған болар еді. Жастардың сүйікті газеті Жас Алаштың мұңлы мына айдарындағы бір сауалнама қорытындысына көз салайықшы:
1. Бір классик жазушының немересіне сол әйгілі атасының аты қойылыпты, қазір сол немере нашақор.
2. Көптеген марапатқа ие болған әнші апамыздың бір ұрпағы нашақор болып шықты.
3. Кино салалындағы бірнеше атақты адамның балалары қазір осы дерттің құрбаны болып отыр. (№ 22, 12 қазан 2002 жыл)
Ұлтымыздың қаймағы болып саналатын тұлғалардың ұрпағы неге азды? Тағы Абайға құлақ ассақ:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
( Көйлегі көктік)
Аздырыр адам баласын.
Өзінің екінші қара сөзінде өзбектердің, ноғайлардың, орыстардың еңбексүйгіштігін үлгі ете отырып, біздің намысымызды қамшылайды.
Еңбек етпеген адамның озатындығын, сүйкімсіз көрінетінін жиі-жиі есімізге салады:
Орынды іске жүріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып мал таппаған
Қасиетті болмайды ондай жігіт
Әешейіе құр бекерге салпақтаған,
Еріншектік қылмыстың басы екенін мына жолдадан айқын аңғарамыз.
Ұлық, қылар, тентіреп тамақ асырар,
Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық
Жалқау адамның психологиялық бейнесін келесі жолдарда көрінеді.
Кеселді жалқау, қылжақпас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың пысық, ішің нас,
Артын ойлап ұялмас
Біліммен қаруланбасаң, еңбек етпесең, түпкі нәтижесі жақсылыққа әкелмейтінін ақын былай болжаған:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, кулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Бүгінгі таңда он екі жыл оқып, кәсіптік бағдар алу туралы мәселелер көтеріліп жатса, ақын сонау XIX ғасырда аманат еткен:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
үйреніп, ойлап, мал ізде.
Мал табудың жолдары бар. Абай былай дейді:
Жалға жүр, жат жерге кет мал тауып кел,
Малың болса сыйламай тұра алмас ел
Есек к... жусаң да мал тауып кел
Қолға жұқпас еш адам кеміте алмас
Абай қарасөздеріндегі ұлттық мүдде.
Абай сөзіне құлақ аспайтын кейбір жастарымыз мал табудың жөні осы екен деп, жезөкшелікке салынып жүр. Тек еңбексүйгіштік, намыс, жігерлілік қана бақытқа апаратын естен шығарған жастарымыз Абаймен емделсе, нұр үстіне нұр болар еді, Абай сөзіне құлақ асса, ғасыр індеті - СПИД еліміздегі қаншама адамның өмірін жалмамаған болар еді, ауру жұқтырған адамның тағдыры қыл үстінде тұрмас еді. Осындай жастарымыздың тағдырына ақын қатты алаңдаған:
Осыны оқып, ойлай бер болсаң зерек,
Еңбекті сат ар сатып, неге керек?
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай артына асыл мұраларын ғана емес, ұрпаққа аманат қалдырған. Сол аманатқа қиянат жасамай, орындайтын біздер,жастар емеспіз бе? Меніңше, ақын өзі өмір сүрген кезеңдегі халқының жаман қасиеттерін өз шығармаларында жазды. Ұрпағым азбаса, ақылға құлақ салса деп армандады. Сондықтан да, бабамыздың қайтыс болғанына 104 жыл толса да, Абайға қарап ой түзеп, бой түзеуіміз керек. Жаман мен жақсының ара жігін ажыратуды Абайдан үйренуіміз керек.
Шәкәрім шежіресінде былай дейді: Әкеміздің бір шешесіне туған Ибрахим мырзаны қазақ ішінде Абай деп атайды. Ол кісі мұсылманша әрі орысша ғылымға жүйрік, әрі алланың берген ақылы да- бұл қазақтың бөлек, дана кісісі еді. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда, Данышпан, Ғұлама, Философ кісі еді. Қор елде туды да, қор болып өтті.
Міне, сол қор еліміз өз егемендігін алып,көк байрағын желбіретіп, Ұлы Абайымызды жер жүзі біліп жатқанда, біз өз ішімізде білмесек үлгі, алмасақ сүйегімізге таңба. Абайды насихатсыз білу парызымыз. Өкінішке орай ақынның бір өлеңін білмейтін достарымыз толып жатыр, сондықтанда мен оларға көмектескім келеді.
Неге біз Абайды ғұлама, философ дейміз? Біріншеден, Абай халқымыздың құраннан кейін құдіреті, Пайғамбардан кейінгі табынушысы деген пікір дәлелдейді. Өнегенің, өнердің, адамгершіліктің, адам ұлы болудың, халық үшін күресудін үлгісі. Халқымыздың ойын-саулығы, қуаныш-қызығының бәрінде оның әсерлі әні айтылған. Абай шығармалары адамның жан дүниесіне жақын келеді оның 45-ші қара сөзінде салғыртыққа, берекесіздікке салынып, қоғамда өз орнын таппай жүрген адамдарды қатты сынайды:
Сонда есті адам, орынды іске қызығып құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Егер кісі орнын таппай не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шығын итқорлықпен өткізіп алады екен.
15-ші қара сөзінде әрбір нәрсеге қызықпақты, құмарлыққа әкелетінін бізге айтады. Қазіргі жастар арасында құмар ойындардың, арақтың, шылымның, нашақорлықтың дертіне ұшырап жүргендер қаншама... Абай өз сөзіне құлақ аспаса, дертке ұшырайтынын көре білген. Бүгінгі күні жастар көп тіл білсе, бизнесте тасы өрге домалайтынын біледі. Осы мәселеге де Абайдан үлгі алуымыз керек . ХІХ ғасырда қазақтың кең сахара даласында орыс тілін жетік білген. Пушкин, Лермонтов, Гетте, Крыловтарды халқымызға танытқан. Пушкиннің Татьянасын қазақ қызы өз сіңіліндей көріп, домбыраға салып ән айтып шырқаған.
Батыс және Шығыс мәдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай шығармалары да - қазақтың жазба публицистикасын көренкті үлгілері болғандығы айқындалған. Абай өзінің туындыларында оқу ағарту, философия, педагогика, әдебиет пен өнер, мораль жөнінде және қоғамдық өмірдің проблемалық мәселелері жөнінде сөз қозғады. Абай өлеңдерінде сол заманның - ащы шындығы, қоғам көрінісі, дала қазақтарының бүкіл тұрмыс-тіршілігі көрініс табады.
Қазақтың қайсысының бар санасы ?
Қылт етерде дап-дайын бар жаласы.
Пысықтықтың белгісі - арыз беру
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы немесе
Жамантайдың баласы Көжек деген,
Әркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды
Шіркінде ес болсайшы сезед деген- сияқты өлең жолдарында пысықайлық, арыз қойлық, жалақорлық, өсекшілік, екіжүзділік, секілді қазақ бойындағы жат қылықтар ащы сынға алынады. Күлембайға, Назарға, Көжекбайға, Интернатта оқып жүр, Ғылым таппай мақтанба, Заман ақыр жастары, Қайғы шығар ілімнен, Қатыны мен Масақбай, Күйісбайға, Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, т.б көптеген өлеңдерінде өз заманындағы адамдар бейнесін жасай отырып, сол кездегі қазақ қоғамның жамандығынан жиірендіреді, жақсылыққа үйрендіреді. Қоғамдық маңызы зор ой, идеяларды әсіресе жастар санасына сіңіруге тырысты.
Стиль идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қарасөздері - нағыз публицистикалық шығарма- деп айқын көрсетіпті профессор Қ.Бекқожин.
Абайдың жиырма төртінші сөзінде: Осы күнде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллион қазақ бар. Қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, Өрістетерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма? - деп қынжылады, қазақ бойындағы келеңсіз қасиеттерді сынға салады, оны қоғамның дерті ретінде сылып алып тастауды көздейді, санасында сәулесі бар жастардың намыс отын жағып, жарқын жолға, жарқын болашаққа сүйрейді. Міне - Абай публицистикасының негізі осылайша өрбіді. Абайдың қарасөздері қоғамдық, азаматтық ойларға толы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай қарасөздеріндегі афоризмдер
Абай қарасөздеріндегі Фараби ойлары
Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар
Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктері, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасау, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері
АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Пәндер