Кәсіпорында қаржылық есеп берудің есебі
Жоспар:
Кіріспе
1. Қаржылық есептің құрамы, негізгі элементтері және қаржылық есепті жасау негізі.
1.1. Қаржылық есептің құрамы, негізгі элементтері және қаржылық есепті жасау негізі.
1.2. Қаржылық есеп берудегі аудит негізі.
2. «Гани» ЖШС.дағы қаржылық есеп берудің қалыптасуы.
2.1. «Гани» ЖШС.інің даму тарихы.
2.2. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансының құрылу техникасы.
2.3. Табыстар және шығындар туралы есептегі ақпараттарды ашу.
2.4. Қаржылық есепті талдау.
3. Қазақстанда және шетелде есепті құрудың теориялық негізі.
3.1. Қаржылық есепті ұсыну және ұйымдастыру ерекшелігі.
Қорытынды.
пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпорында қаржылық есеп берудің есебі.
Орындаған: ЭБ – 21 тобының
студенті Ерланов Б. Е.
Тексерген: Қасымова Г. А.
Баға____________
Күні ____ ____________2008ж
Қолы__________________
Семей 2008ж
Жоспар:
Кіріспе
1. Қаржылық есептің құрамы, негізгі элементтері және қаржылық есепті
жасау негізі.

2. Қаржылық есеп берудегі аудит негізі.
2. Гани ЖШС-дағы қаржылық есеп берудің қалыптасуы.
1. Гани ЖШС-інің даму тарихы.
2. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансының құрылу техникасы.
3. Табыстар және шығындар туралы есептегі ақпараттарды ашу.
4. Қаржылық есепті талдау.
3. Қазақстанда және шетелде есепті құрудың теориялық негізі.
1. Қаржылық есепті ұсыну және ұйымдастыру ерекшелігі.
Қорытынды.
Қосымшалар.
Кіріспе
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты
негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге міндетті. Қаржылық есеп әр уақытта кез-
келген кәсіпорынның негізі болып табылады.
Курстық жұмыс мақсаты қаржылық есеп жүргізуді ашып корсету. Есеп беру
деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде
сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау
есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп беру деп – кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық
шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін
айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып
табылады.
Қаржылық есеп беру мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар:
- Кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету
- Барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру
- Бухгалтерлік нер жедел статистикалық есеп берудің сабақтастығын
сақтау
- әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады
Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып,
жинақталған деректерден жасалады. Есеп беруге қойылатын ең басты талап
оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп
берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің
мерзімінде жасалғаны жөн.
Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып
бөлінеді. Жедел статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік қаржылық
қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел статистикалық есепке
алудың деректері бойынша жасалады.
Қаржылық есептеуді құрған кезде басшылық ұйым өзінің қызметін
жалғастыра алуын бақылауы керек. Қаржылық есептеу ұйымның қаржылық жағдайы
қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы мәліметтер
түрінде болады.
Курстық жұмыс кіріспеден, бірінші бөлім есепті құрудың теориялық
негізі көрсетіледі, екінші бөлімде мысалда келтірілген кәсіпорынның
қаржылық есебін құру қарастырылады, төртінші бөлімде қаржылық есепті
құрудың жетілдіру шаралары және қорытындыдан тұрады.
1.1. Қаржылық есептің құрамы, негізгі элементтері және қаржылық
есепті жасау негізі
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны
жасауға дейінгі есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша
қалдықпен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың
басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл
басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы
бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір
баптармен сәйкестендірілуі тиіс. Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді
жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы
тиіс. Баланс бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде
жасалады. Баланс құрамы 2 бөлімнен тұрады.
1. Бұл актив болып табылады. Онда шаруашылықтағы негізгі құралдың
пайда болуына байланысты олардың орналасуына байланысты материалдық
құндылықтардың есепке алынуы ақша қаражатының есебі жүргізіледі.
2. Пассив мұнда кәсіпорынның меншікті капиталы берешектері және
кәсіпорынның негізгі қызметкерлерімен берешектері есепке алынады.
Актив бөлімі 2-ге жіктеледі.
- Ұзақ мерзімді активтер
- Ағымдық активтер.
Ұзақ мерзімді активтер жыл оданда көп уақыт ішінде пайдаланылатын
активтерді жатқызады. Ағымдық активтерге қысқа мерзімді өндірістік процеске
қатысатын активтерді жатқызамыз.
Пассив бөлімінде келесі баптарды қарастырамыз: Меншікті капитал-Бұл
кәсіпорынның активтерінің сомасы және оның қалыптасуының қайнар көзі
сонымен қатар кәсіпорынның шегіндегі үлгісіне байланысты салынған
салымдарға таратылмаған табысты қосқанға тең.
Міндеттемелердің есебі оның ұзақтығына байланысты 2 түрге топталып
жіктеледі:
- Ұзақ мерзімді міндеттеме
- Ағымдық міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер – көрсетілген қызметке байланысты немесе
сатылған активке байланысты сол қызметті көрсетіп отырған субъектіге
активтерді келетінге алған кәсіпорын міндеттемесі есепке алынып құндық
өлшем бірлігіне жазылады. Ағымдық міндеттеме – алынған мідеттемелерді
ағымдық активтер есебінен өтелетін міндеттемелерді жатқызады.
Сонымен, ағымдық баланстағы активтермен міндеттемелерді анықтау және
олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ
пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсетуіштері бойынша
талдау жасалынады. Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы,
ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс жыл
соңында белгіленген тіртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық
баптары расталуы тиіс.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары
бойынша жасалады. Есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі
қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы
барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай
қаражат, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттнрінің таза көбеюі,
жылдың басындағы және ағымдағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері
көрсетіледі. 4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъектілер жасаған
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп заңды тұлғаны қаржылық
жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең
ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметін алғанда
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қаматамасыз етеді. Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъектінің есепті жылдың ішіндегі
қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражатының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық
қызметі тұрғысынан қаржы жағдайы және қызмет түрлерінің ықпалы бағалауға
мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып
көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай
түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не
жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға
ағымдағы ағымдағы активтермен міндеттемелерге, ақша операцияларының
өзгеріске, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметінің нәтижесі
болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат.
Онда бірінші қызметке бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі
себептермен қоса, орындау жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде
кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.
Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі
негізгі мәселелерді ашуы керек.
1. Есеп бөлігіне қатысты сбуъектінің есеп саясатында қаралған
негізгі
ережелерді.
2. Түсінікті жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді,
меншікті капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып
көрсетеді.
3. Қаржылық – шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру
бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар қамтылуы
керек.
4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру бойынша
жазылған түсініктеме жазбада сұрақтар баяндалуы керек.
5. Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық
жағдайында жалпы баға берілуі керек.
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа
топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн
қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық
шаруашылық қызметінің нәтижесі. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: Табыс
пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің
азаюы; шығыс – бұл активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде
иеленушілер жарлық капиталына салған салымы субъектінің табысы болып
табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын тартып беру- шығыс болып
танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап
табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндіріс,
делдалды қызмет, ауылшаруашылық қызметі бойынша және тағы басқа, сондай-ақ
табыс пен шығысты әдеттегі қызметімен төтенше жағдайдан алатын табыстары
неменсе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар – бұл субъектінің негізгі жәнеде негізгі емес қызметінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық
құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстар
жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі
құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және
бағамдық айырмадан түскен табыстар жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шекке зияндар және
төтнеше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын
қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық
олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай
ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және
мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
- Кез-келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- Баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен олшенуі мүмкін;
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен
олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және
қаржылық есеп беруге тіркеледі.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен
міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса
басқада бағалау әдістерін пайдаланады.
Нағыз стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы период ішіндегі қаржылық
есептелуіне жетуді көрсету үшін қаржылық есептеудің негізін қамтамасыз ету
болып табылады. Стандартта қаржылық есептеуді жүргізудің жалпы жағдайы,
оның құрылымы және оның мазмұнына қойылатын талаптар көрсетіледі. Баға
спецификалық операциялармен құбылыстардың ашылуы басқа бухгалтерлік есептеу
стандарттарында (БЕС) қарастырылады. Нағыз стандарт Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы № 2732 Бухгалтерлік
есептеу мен қаржылық есептеулер туралы заңына сәйкес құрылған қаржылық
есептеулердің барлық есептеулеріне қолданылуы керек.
Қаржылық есептеулер нақты ақпараттық сұраныстарға жауап беретін
есептеулерді талап етуге мүмкіндігі жоқ қолданушылардың сұраныстарын
қанағаттандыру үшін арналған. Қаржылық есептеулер ұйымның жыл соңында
ұсынатын есептеулерден жеке немесе олардың бір бөлімі ретінде қарастырылуы
мүмкін. Нағыз стандарт қысқартылған аралық қаржылық есептеулерге
қолданылмайды.. Бұл сандарт жекелеген ұйымның немесе ұйымдар тобының
конселденген қаржылық есептеулерін ұсынған кезде қолданылады. Нағыз
стандарт БЕС – қа сәйкес құрастырылған қаржылық есептеулерге және
бухгалтерлік есептеулерді жүргізудің басқа да талаптарына сәйкес
құрастырылған негізгі ұйымның қаржылық есептеулерге бөгет жасамайды. Бірақ
олар есептік саясат туралы мәліметті нақты ашуы керек.
Нағыз стандартта комерциялық ұйымдар үшін қабылданған терминологиялар
қолданылады. Мемлекеттік ұжымдардан басқа коммерциялық емес ұйымдар да
нағыз стандартқа бағынуы керек. Бұл үшін қаржылық есептеудегі бірнеше
жолдардың атын өзгерту қажеттігі тууы мүмкін. Мұндай ұйымдар қаржылық
есептеудің қосымша формасын ұсынуына болады.
Қаржылық есептеу ұйымның қаржылық жағдайы, қызметтің нәтижесі және
қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы мәліметтер түрінде болуы мүмкін.
Сонымен қоса қаржылық есептеу ұйымның басшылығына сеніп тапсырған
ресурстарды басқару нәтижесін көрсетеді. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық
есептеу ұйымның келесі көрсеткіштері туралы мәліметті беру керек.
1) активтер
2) міндеттемелер
3) өзіндік капитал
4) негізгі емес қызметімен оқыс жағдайлар кезіндегі кірістер мен
шығыстарды қосқандағы кірістер мен шығыстар
5) ақша қозғалысы
6) өзіндік капиталдағы өзгерістер
Түсіндірмелік хаттамадағы бұл және тағы да басқа мәліметтер
қолданушыға ұйымның болашақтағы ақша қозғалысын болжауға көмектеседі.
Қаржылық есептеуді дайындауға және ұсынуға жауапкершілік ұйым
басшылығына жүктелген.
Қаржылық есептеулер құрамына келесілер кіреді.
1) бухгалтерлік баланс
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп
3) ақша қозғалысы туралы есеп
4) өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есеп
5) ұйымның есептік саясаты туралы мәлімет және түсіндірмелік хаттама
Қаржылық есептеулер ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерінің негізгі
сипаттамаларының түсіндірмесін және сипаттамасымен басшылықтың қаржылық
көрінісі түріндегі қосымша мәліметті ұсынса толығрақ болады. Мұндай көрініс
келесі талдаулардан тұрады:
1) қаржылық нәтижелерді анықтайтын негізгі факторлар мен әсер
етулер. Соның ішінде ұйым қызмет ететін ортаның өзгерісі,
ұйымның осы өзгерістерге реакциясы және олардың әсері, ұйымның
инвестициялық саясаты;
2) ұйымның қаржылық көзін және осы көздердің үлесін соған қоса
құралдарға қатысты және байланысты тәуекелді басқаратын ұйымның
саясаты;
3) нағыз стандартқа сәйкес жасалған бухгалтерлік баланста
көрсетілмеген құндылықтар, ұйымның артықшылықтары мен
ресурстары;
4) ұйым қаржылық есептеуден басқа қоршаған ортаны қорғау және
қосымша құндылықтарды көрсететін сұрақтары бойынша жұмысшыларға
төлем ақы туралы есептеулерде келтіруі мүмкін.
Ұйым мұндай есептеулерді олардың басшылықтары экономикалық шешімдерді
қабылдауға көмек береді деп шешкен жағдайда береді.
Қаржылық есептеулер ұйымның қаржылық жағдайын, оның қызметінің
қаржылық нәтижесін, ақша қозғалысын және ұйымның өзіндік капиталындағы
өзгерістер туралы жағдайды толығрақ көрсетуі керек. Керек жағдайларда
қосымшалар енгізілген. БЕС қолдану қаржылық есепиегі мәліметті толығымен
ашуға қаматамасыз етеді. Ұйымның БЕС-қа сәйкес келетін қаржылық есептеулері
осы фактты ашуы керек. Егер қаржылық есептеулер қолданылған БЕС – ның
талаптарына сәйкес келмесе, онда ол БЕС – ның құраушысы деп қарастырылмау
керек. БЕС – на сәйкес келмейтін есептеулер реті қолданылатын есептік
саясатпен де, түсіндірмелік хаттамамен де, қосымша мәліметпен де түзетілуге
келмейді. Сирек кездесетін оқыс жағдайларда ұйым БЕС – лар талаптарына
сәйкес жасалған қорытындылар қателіктерге әкеледі деп шешкенде, қандайда
бір талаптардан бас тарту дұрыс көзқарастарға жету үшін керек. Ұйым
мыналарды ашуы керек:
1) басшылық қаржылық есептеуге ұйымның қаржылық жағдайын толығымен
көрсетілген, оның қызметінің қаржылық нәтижесі, ақша қозғалысы және
ұйымның өзіндік капиталындағы өзгерістер дұрыс деген шешімге келген
фактіні
2) барлық нақты аспектілердегі қаржылық есептеулер қолданылған БЕС –
на сәйкес келеді деген фактіні
3) ұйым бас тартқан БЕС – ты бас тарту сипаты, қандай есептеу реті
қателіктерге әкелуінің себептерге және қабылданған есептеулер реті
4) бас тартудың таза пайдаға немесе шығынға, активтерге,
міндеттемелерге, өзіндік капиталға, ақша қозғалысына және ұйымның
өзіндік капиталындағы өзгерістерге әр бір көрсетілген периодта
қаржылық әсері.
Қаржылық есептеулер БЕС – ның талаптарына сәйкес келеді немесе БЕС –
лар негізінде жасалған деген анықтама қателіктерге әкеліп соғады.
Себебі олар қаржылық есептеулердің сенімділігін және
түсініктілігін төмендетеді. Дұрыс көзқарас барлық нақты аспектілерде БЕС –
на сәйкес қолданылғанда қол жеткізіледі. Дұрыс көзқарас келесілерді талап
етеді:
1) 19 пункке сәйкес саясатты таңдау және қолдану
2) Мәліметтің, соның ішінде есептік саясаттың, көрінісін сенімді,
сәйкес келеті және толық мәлімет қамтамсыз етілетіндей етіп
көрсету.
3) Ұйым жұмысының қаржылық нәтижесін және қаржылық жағдайына нақты
операциялар немесе құбылыстардың әсерін қолданушылар түсіну үшін
БЕС-ң талаптары жетіспеген кезде қолданылатын қосымша көріністер.
Сирек кездесетін оқыс жағдайларда БЕС-да қандайда бір талаптарды
қолдану қаржылық есептеулерде қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Бұл нағыз
стандарт талап ететін есептеу реті сәйкес келмеген жағдайда орын алуы
мүмкін. БЕС талаптарынан бас тарту тек дұрыс көзқарасты қамтамсыз еткен
жағдайда ғана мүмкін емес.
БЕС – ғы нақты талаптардан бас тарту қажеттігін бағалау кезінде
келесілерді ескерген жөн.
1) нақты жағдайларда бұл мақсат жүзеге асырылмауы немесе орынды
болып табылмайтындығының себебі және мақсатының талаптары
2) қай кезде ұйымның жағдайы талаптарға сәйкес жүретін
ұйымдардан ерекшеленеді.
Бас тартуды талап ететін жағдайлар болатындығына байланысты, ал бас
тарту қажеттілігі дау-тартыстардың себебі болатындықтан, қолданушылар
ұйымның есебі барлық нақты аспекттер жағынан БЕС-ға сәйкес келмейтіні
туралы ескертілуі керек. Соған қоса, қолданушылар өз қорытындыларын жасай
алатындай мәліметпен қамтамасыз етілуі керек. Ұйым есептік саясаты барлық
қаржылық есептеулер БЕС-дың барлық талаптарына сәйкес келетіндей етіп
таңдалуы және қолданылуы керек. Нақты бір талаптар жоқ болған жағдайда ұйым
саясаты келесі сапалық сипаттамаларға сәйкес келетіндей етіп таңдауы керек.
1) қабылданған шешім кезінде қолданушылар үшін қолайлылығы
2) нәтиженің толығрақ көрінісі мен ұйымның қаржылық күшінің,
- операциялар мен әрекеттердің тек заңдық формасын ғана емес, олардың
экономикалық мазмұнының көрінісін
- нейтралды
- қаралау
- барлық нақты жағдайлардың толықтылығының сенімділігін қамтамсыз ету
Есептік саясат, Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарына
сәйкес қаржылық есептеулерді құру және бухгалтерлік есептеуді жүргізу үшін
ұйыммен қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер түрінде болады.
Нақты БЕС-лар жоқ болған кезде ұйым басшылары есептік саясатты құрастыру
кезінде өздерінің талдауларын қолданады. Олар ұйымның қолданушылары үшін
қаржылық есептеулері туралы пайдалы мәліметпен қамтамасыз етеді.
1.2. Қаржылық есеп берудегі аудит негізі
Есепке алу ақпаратты нақты және толық, өзекті және уақытылы,
жеткілікті және пайдалы болуы керек. Бастапқы ақпарат құжатпен ресімдеу
және заң мативіне сәйкес толтырылған болуы қажет. Есепке алу ақпараттың
негізгі құрамдас бөлігі – бұл қаржылық есептеме.
Бухгалтерлік есептің 30 Қаржылық есеп беруді дайындап тапсыру 29-
тармағында Қаржылық есеп беру сипаты мен қызметіне сай топтарға құрылымдық
біріктірілетін операцияларының көптеген санын теңдеу болып табылады деп
көрсетілген. Біріктіру мен жіктеудің финалды кезеңіне баптарды не қаржылық
есептенің өзінде, не түсіндірме жазбаларда қарастырылатын қысқа және
білікті мәліметтерді ұсынудан тұрады.
Қаржылық есеп беру ақпаратына ерекше талаптар қойылады. Себебі, аса
маңызды шешімдер қабылдау кезінде сыртқы және ішкі пайдаланушылар
қолданылады.
Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайын, оның қызметінің
нәтижелері және ол жерлердегі өзгерістер туралы ақпаратты көрсетеді.
Олар:
1) Бухгалтерлік баланс;
2) Табыс пен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп;
3) Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп;
4) Меншік капиталдағы өзгерістер жөніндегі қорытынды есеп;
5) Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба;
Қазақсатан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді
нормативтік реттеу жүйесінің нормативтік актілері орнатқан ережелері
бойынша құрылған қаржылық есеп беруі нақты деп саналады.
Аудитор қаржылық есеп берудің негізгі нысандарында көрсетілген
мәліметтер ғана емес, бухгалтерлік баланс қосымшасы мен түсіндірмесіне және
табыстар мен шығындар туралы есеп беруге қосылатын мәліметтердің нақтылығын
да дәлелдеуі керек. Сонымен бірге аудитор қаржылық есеп берудің барлық
нысандарындағы көрсеткіштері арасында өзара байланысы бар және олар қарсы
емес.
Қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде
пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы
ақпаратты ұсыну болып табылады.
3 Аудиторлық дәлелдеулер тарауында (3.1.1.-т)аудитор тексеріліп отырған
қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер
жеткілікті екеніне сенімді болу керек деп көрсетілген.аудиттағы
дәлелдеулер жинау – мақсатты түрде жүргізілетін процесс.
Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:
• Маңыздылық;
• Аудиторлық тәуелділік;
• Қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.
Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде
қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады;
• Сәйкестігін тексеру;
• Ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кездерінде);
• Мән бойынша бақылау;талдамалық реттемелер;
Сәйкестігін тексеру үшін ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест
жүргізуге бағытталған.
Сәйкестігін тексеру мақсаты – елдегі нормативтік – құқықтық
актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәледеу кезінде дәлелдердің
оңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол
жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері;
• Клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;
• Құжаттар мен жазбаларды тексеру;
• Лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.
• Осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.
Ішкі бақылауға тест жүргізу ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін
аудитор қателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатынын не
болдырмайтындығын бағалайды.
Мұндағы бақылауда қателіктер мен нормадан ауытқуы туындауы мүмкін,
бірақ анықталмайтын деген ықтималдылықты төмендететін нақты бақылау
көздерін анықтауды қамтиды. Бұл процедураны бақылау тәуекелділігін бағалау
деп атайды.
Мән бойынша тексеру. Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру
мақсаты шаруашылық операцияларының қажетті түрде мақұлданғанын,
тіркелімдерін дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа номерленгенін
анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс
тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда ол Бас кітаптағы қорытындылар
дұрыстығына сенімді болады.
Мән бойынша тест жүргізу кезінде баланс үшін де, табыстар мен
шығындар туралы есеп беру үшін де Бас кітаптың соңғы сальдосына басты назар
аударылады. Ол тексерулер көлемі бақылау кездеріне тест жүргізу, мән
бойынша операцияларды жүргізу кезінде алынған нәтижелерге байланысты
болады.
Мән бойынша операцияларды тексеру талдамалық реттемелерге
қарағанда қиын және қымбат.
Мәні бойынша тестілер әдетте бүкіл жоспарлау процесінің ең күрделі
бөлігі болады. Бұл елеулі дәрежедегі кәсіби пікірді қажет ететін
субъективті процесс.
Тиімді бақылау кездерінің болуы бақылау тәуекелділігін
төмендетеді, сондықтан мән бойынша тексеру кезінде қажет болатын
дәлелдеулер көлемі де азаяды, ал керісінше тиімді бақылау кездерінің
болмауы аудиторлық дәлелдеулердің қажетті көлемін арттырады.
Шаруашылық операциялардың мәні бойынша бақылау кезінде
тексерулерге, сонымен қатар талдамалық тексерулерге тест жүргізу барысында
шоттар сальдосында тест жүргізу әдістерін өзгертуге тура келеді.
Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ
ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін
түсінуге, бақылау тәуелділігін бақылауға, бақылау кездері тестілеріне
негізделсе баланстың жекелеген баптары мен қаржылық есептеменің басқа
нысандарын тексеруді едәуір қарастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп
берумен жұмысты жеңілдету және аудиторлық команда мүшелері арасында
аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе
элементтерге бөледі.
2. Гани ЖШС – дағы қаржылық есеп берудің қалыптасуы.
2.1. Гани ЖШС – ның даму тарихы
Гани ЖШС қызметін 2000 жылдан бастады. Ол мерзімі 7 жылға лизингтік
негізінде ауылшаруашылық техниканы қабылдау мақсаты қызмет етеді. ЖШС
Гани ЖШС ШҚО Ұржар ауданы Жанай ауылында бұрынғы доңыз кешенінің
территориясындағы жердн орналасқан. Оның жалпы көлемі 12106,2 га құрайды.
Құрылтайшысы Тлемесов Ержан Абдураимович болып табылады және қазіргі
уақытта ЖШС директоры, жалпы басқаруды және ЖШС-ң қаржылық қызметін
жүргізеді.
Гани ЖШС-ң дәнді – дақылдарды сақтауға меншікті дақылдарды сақтауда
шығыны жоқ. Қазіргі уақытта ЖШС-да шығарылатын өнімдер тұрақты сұранысқа
ие. Мысалы ЖШС Макай, ЧП Ауельбеков, ЖШС Востоксельхозпродукт, АО
Май. Гани ЖШС-да шығарылатын өнімдер тұрақты сұранысқа жоғары сапасы,
төмен баға және орналасқан орнының ыңғайлылығымен ие.
Гани ЖШС 02.11.2000 жылы Әділет басқармасында тіркелген,
мемлекеттік тіркеу куәлігінің № 11659 – 1917 ЖШС. Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақсатн обылысының статистика жөніндегі агенттігінің басшысы
Тортаев Б.К. бұйрығымен ҚҰЖК мемлекеттік классификаторы бойынша коды
39315116. Таб № 107085.
Гани ЖШС – нің негізгі басты мақсаты пайда табу. Серіктестік өз
мақсаттарының орындалуы жолында, заңға қайшы келмейтін төменде көрсетілген
қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Күнбағыс майын өндіру;
- Алкогольсіз сусындарды өндіру;
- Минералды суды құю;
- Мал шаруашылығы;
- Ауыл шаруашылық қызметі;
- Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және өткізу;
- Мұнай өнімдерін сатып алу және өткізу;
- Макарон өнімдерін шығару;
- Құс фабрикасы;
- Жүктерді тасымалдау;
- Халық тұтыну тауарларын өндіру;
- Диірмен;
- ЖЖМ сатып алу, сақтау, сату;
- Сыртқы экономикалық қызмет;
- ҚР заңдарына қарсы келмейтін басқа қызмет түрлері.
Гани ЖШС-інде келесідей басқару ұйымдары қызмет етеді:
- Жоғары басқару ұйымы жалпы акционерлер жиыны;
- Басқару ұйымы;
- Орныдаушы ұйымы;
- Басқару құрылымы – ревизиялық комиссия.
Гани ЖШС-інің басты мақсатына кәсіпорынның техникалық –экономикалық
көрсеткішін жақсарту болып табылады.
Гани ЖШС-інің енгізгі техникалық – экономикалық көрсеткішіне таңдау
жүргізген кезде 2007 жылды 2005-2006 жылдармен салыстырып отырып
жүргіземіз.
Кесте 1. Гани ЖШС-інің негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіші
Көрсеткіштер 2005 2006 2007 Ауытқу +-2007 Өсу қарқыны 2007
2005 2006 2005 2006
1.Сатылған 55309 64703 73993 11681 9684 133 114
өнімнің көлемі,
тг.
2.Сатылған 31319 37568 66990 35671 29442 113 178
өнімнің өзіндік
құны, тг
3. Жалпы табыс 23990 27135 7003 16987 20132 29 25
4.Кезең шығында 7120 5793 4495 2625 1298 63 77
– ры, тг
5.Таза табыс, тг5061 6402,6 752,4 -4308,6 -5650,2 14 11,7
6.Орта тізімдік 44 45 49 5 4 111 108
жұм ысшылардың
саны
7.Орта айлық 10 14 17 4 3 170 121
еңбек ақы қоры,
тг
8.Орта жылдық 5280 7560 9996 4716 2436 189 132
еңбек ақы қоры,
тг
9.Еңбек 1257 1437 1510 253 73 120 105
өнімділігі, мың
тг
10.Негізгі 22534 27821,5 34780 12246 6958,5 154 125
өндіріс
-тікқорлардың құ
- ны, мың тг
11.Қор қайтарымы2,45 2,32 2,12 0,33 -0,2 45 48
12.Қор 0,40 0,42 0,47 0,07 0,05 117 111
сиымдылығы, тг
13.Кредиторлық 2694 9793 3340 643 -6453 123 34
қарыз, тг
14.Дебиторлық 2018 3068 3068 1050 - 152 100
қарыз, тг
15.Рентабельділі0,22 0,23 0,02 -0,2 -0,21 9 8
к%
Берілген 1-кестеде Гани ЖШС-інің 2005-2007 жылдардың техникалық
көрсеткіштері берілген. Бұдан өзгерістерді көреміз, өндірілген өнім көлемі
2005 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 11681 мың тг немесе 133%, 2006 жылмен
салыстырғанда 9684 мың тг емес 114%-ке, сонымен қатар өнімнің өзіндік құны
да өскен.
Өндірілген өнім көлемі ұлғайғанымен жалпы және таза табыс азайған.
Сонымен қатар қор қайтарымы мен рентабельділік төмендеген, ол еңбек
өнімділігі мен негізгі өндірістік қорлардың құны жоғарлады.
Кредиторлық қарыз дебиторлық қарызға қарағанда төмен. Кредиторлық
қарыз 2005 жылмен салыстырғанда 643 мың теңге жоғарлаған, ал 2006 жылмен
салыстырғанда -6453-ке азайғанын көреміз.
Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның тұрақсызз ауыспалы жағдайын көрсетеді.
2.2. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансының құрылу техникасы.
Гани ЖШС балансын құру техникасы Қаржылық есепті ұсыну және дярлау
үшін негізгі концепциясы БЕС 30 Қаржылық есепті ұсыну және қаржылық
есепті құру бойынша әдістемелік нұсқаулармен рнгламенттеледі. Бухгалтерлік
балансты толтыру үшін негізгі есептік кезең басы мен аяғындағы сальдо болып
табылады, сонымен қатар Бас кітап машинограммасымен алынған, синтетикалық
шоттар дебеті және кредиті бойынша айналымдары жатады.
Актив және пассив балансының құру белгісі бір қағидаларға сүйенеді.
Актив деңгейінің леквидтілік деңгейіне байланысты леквидтіліктен леквидті
емеске орналасады. Қағидаға сәйкес баланс активінің баптары екі бөлімді
жинақталады:
І. Ұзақ мерзімді актив бөлімде ұзақ кезеңде пайдаланылатын және
ұзақ уақыт бойы болатын, ұйым құқығы мен жеке мүлікті жағдай және мүліктер
көрсетіледі;
- Материалды емес активтер;
- Негізгі құралдар ;
- Аяқталмаған капитал құрылысы;
- Инвестициялар;
- Дебиторлық қарыз;
- Болашақ кезең шығындары.
Сәйкес баптарда материалды емес активтер (МЕА) және негізгі құралдар
(НҚ) үш позицияда көрсетіледі: бастапқы және бастапқы құн бойынша, сонымен
қатар жинақталған амортизация. Баланстық құн БЕС 28 Материалды емес
активтер есебі және 6 Негізгі құралдардың есебі сәйкес бастапқы құн және
жинақталған амортизация сомалары аралығындағы айырмашылық анықталады.
Инвестиция бабы бойынша ұзақ мерзімді салымдар бойынша бағалы
қағаздар және басқа кәсіпорын акциялары 14 Инвестиция шот бөлімшелерінде
көрсетіледі:
141 Еншілес ұйымдарға инвестиция
142 Тәуелді ұйымдарға инвестициялар
143 Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға инвестициясы
144 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар және 40 Қаржылық
инвестициялар бөлімшесінде;
401 Акциялар
402 Облигациялар
403 т.б. қаржылық инвестициялар
Алашақ қарыз бабы бойынша бір жылдан аса қалыптасқан ұзақ
мерзімді алашақ қарыз көрсетіледі.
Болашақ кезең шығын бабы бойынша болашақ есептік кезеңге қатысты
жалпы шығын саласына 34 Болашақ кезең шығындары бөлімшесінде көрсетіледі:
341 Сақтандыру полюсі
342 Жал төлемі
345 т.б. алдағы кезең шығындары
І. Ұзақ мерзімді актив бөлімінің нәтижелік сомасы материалды емес актив
баланс құны бойынша және негізгі құралдардың сомасына қосумен анықталады.
Бірақ кәсіпорын филиал болғандықтан ұзақ мерзімді активтер есебі
орталықтандырылып жүргізілетін, яғни орталық кәсіпорында филиал балансында
ұзақ мерзімді активтер қарастырылмаған.
ІІ. Ағымдық активтер бөлімі леквидтілігі төлем (тауарлы – материалды
құндылықтар, материалдар, дайын өнім) жоғарғы леквидтті қаражаттар (болашақ
кезең шығындары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық инвестиция және
ақша – қаражаты) жатады.
Тауарлар бабы бойынша сатуға арналған тауарлардың нақты өзіндік
құны 222 Алынған тауарлар шотында қалдық ретінде есепке алынады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz