Карауыл электрмен жабдықтау желісі



1. Ұйымдастыру.техникалық бөлім
1.1. Кәсіпорынның қосалқы станциясының құрылымы.
1.2. Жұмысшы ұжыммен жетекшілік, кезектес қызметтердің өзара байланыс тәсілдері, жұмыс орнындағы нұсқама түрлері, қызметкерлерімен жұмыс.
1.3. Бекітілген жабдықтардың (трансформаторлар, ажыратқыш) оқшаулама бақылауын, релелік қорғаныс, жүк қорғанысының берілгендерін жинау
1.4. Жабдықтардың жөндеуі бойынша құжаттама жинау.
1.5. Жұмыс күнін жоспарлау бойынша
1.6. Релелік қорғаныс және автоматика қосалқы станция, резервтерді, автоматты түрде қосу, автоматты қайта қосу, электрмен жабдықтаудағы басты сызбасының мінездемесі, цехтар және аумақтардың сызбасы, қосалқы станцияның қорғаныс релелік сызбасын және трансформаторлардың сызбасы бойынша материалдар жинау.
1.7. Темір жолдың электрленген аумағының трасстау сызбасын сипаттау.
1.8. Түйіспе торабын пайдалану монтажы бойынша материал жинау.
2. Экономикалық бөлім
2.1. Жоспарлы алдын алу жөндеуді ұйымдастыру
2.2. Жөндеу жұмыстарының сметалық бағасының ерекшелігі.
3. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі. Өндірістік санитария.
4. Қоршаған ортаны қорғау.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Семей электротехникалық колледжі

Мамандығы: 2105002 "Теміржолды электрмен жабдықтау"

Диплом алдындағы тәжірибе бойынша
ЕСЕП БЕРУ

Кәсіпорын: Карауыл электрмен жабдықтау желісі

Орындаған: Ахметов Р.Ж.
ЭЖД – 243 топ
Тексерген:
Попова Т. В.

Семей 2008 ж

Семей электротехникалық колледжі.
ЖЕКЕ ТАПСЫРМА

2105002 Темір жолды электрмен жабдықтау мамандығы бойынша диплом
алдындағы тәжірибе мерзіміне.

Тәжірибенің ұзақтығы 180 сағат ( 5 апта )
17.11.08 – 20.12. 08. дейін

Оқушы : Ахметов Р.Ж.

Топ : ЭЖД - 243

Колледждің практика жетекшісі Попова Т. В.

Кәсіпорынның практика жетекшісі Жукенов А. Б.
1. Ұйымдастыру-техникалық бөлім
1. Кәсіпорынның қосалқы станциясының құрылымы.
2. Жұмысшы ұжыммен жетекшілік, кезектес қызметтердің өзара байланыс
тәсілдері, жұмыс орнындағы нұсқама түрлері, қызметкерлерімен жұмыс.
3. Бекітілген жабдықтардың (трансформаторлар, ажыратқыш) оқшаулама
бақылауын, релелік қорғаныс, жүк қорғанысының берілгендерін жинау
4. Жабдықтардың жөндеуі бойынша құжаттама жинау.
5. Жұмыс күнін жоспарлау бойынша
6. Релелік қорғаныс және автоматика қосалқы станция, резервтерді,
автоматты түрде қосу, автоматты қайта қосу, электрмен жабдықтаудағы
басты сызбасының мінездемесі, цехтар және аумақтардың сызбасы,
қосалқы станцияның қорғаныс релелік сызбасын және трансформаторлардың
сызбасы бойынша материалдар жинау.
7. Темір жолдың электрленген аумағының трасстау сызбасын сипаттау.
8. Түйіспе торабын пайдалану монтажы бойынша материал жинау.
2. Экономикалық бөлім
1. Жоспарлы алдын алу жөндеуді ұйымдастыру
2. Жөндеу жұмыстарының сметалық бағасының ерекшелігі.
3. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі. Өндірістік
санитария.
4. Қоршаған ортаны қорғау.

1. Ұйымдастыру – техникалық бөлім
1.1. Кәсіпорынның қосалқы станциясының құрылымы.

Карауыл электрмен жабдықтау желісінде әр айдың, әр сәрсенбісінде
өнеркәсіпте Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік күндерге арнайы
бағдарлама құрылады. Аса қауіпті жерлерді табу мақсатында өнеркәсіпте
электр құрылғыларда тексеру жүргізіледі. Осы жерлер барлық бөлімшелерде
бар. Ол жерлер арнайы қоршаған табличкалар ілінеді. Мұндай жерлер жұмыс
істегенде мұқияттылықты талап етеді. Осы жерлерді әкімшілік ликвидировать
ету мөлшерін қабылдайды.
Карауыл электрмен жабдықтау желісі технологиялық тәжірибеден өту
барысында мен қысқа тұйықталу бойынша кіріспе инструктаж, бастапқы жұмыс
орнындағы қосалқы станция 1103510 кВ сұлбаларымен таныстыру инструктажы
өткізілді. Қосалқы станция тобының наряд беруші мастердің кесте бойынша
жұмыстары орындалып отырды.
Жұмысшылар өздерінің жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік және
тұтынышыларды жабдықтаудағы техника ережелерін және сигнал беру туралы жан-
жақты жұмыс және байланыс т.б. қорғауға басқа жолдамаларды білу керек.
Әр жұмысшы жұмысқа келген кезде жұмыс істеуге наряд алады. Нарядқа үш
немесе төрт кісі қол қояды. Онда бір кісі басқарады, яғни өндіруші нарядта
жұмыстың көлемі көрсетіледі.
Жұмысшылардың білімдерін арнайы комиссия тексереді. Олардың мамандығы
мен қызметтерін мүдір үкімімен жүзеге асады.
Тексерумен инструктаждан өткесін жұмысшылар өнеркәсіптің техникалық оқу
жүйесіне кіреді. Өнеркәсіп қызметкерлерімен жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз
болуы үшін барлық жағдай жасайды және кепілдік береді.
Көрсетілген нормадан асқан қатерлі жағдайда ұшырауы мүмкін. Егерде жұмыс
барысында қандай да бір қатерлі жағдай бола қалған жағдайда, оны сол күні
жетекшіге хабарлауы керек.
Өнеркәсіпте арнайы комиссия құрылып үш күн ішінде тексеру жүргізіліп,
қатерлі жағдайдың себебін анықтайды және осы жағдайға ұшырап, соған
байланысты акт жазып және барлық қызметкерлермен жұмысшыларға абайлап
жүруін түсіндіреді және техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстырады.
Барлық осы жағдайға кеткен шығындарды өнеркәсіп өз мойнына алады.
Жарақаттанған адамға жеңілдіктер қарастырып оған демалыс береді. Арнайы
киімдерді өткізбей қалған немесе жоғалып кетсе оның құнын өтеуге тиісті, ол
әкімшілік киімдерді арнайы киім сақтайтын шкафтармен қамтамасыз етуге
міндетті.
Жұмысшы дәрігерлік қараудан өтуі міндетті, қарсылық көрсетуге құқығы
жоқ. Осы дәрігерлік қарауда жүрген кездегі жалақысы сақталып, сол қалыпта
жүре береді.

1.2. Жұмысшы ұжымымен жетекшілік, кезектес қызметтердің өзара
байланыс тәсілдері, жұмыс орнындағы нұсқама түрлері,
қызметкерлермен жұмыс.

Қызметкерлердің қауіпсіздік үшін электр құрылғыларын жоспарлау кезінде
қауіпсіздік ережелері бойынша мынадай жағдайлар ескеріледі: тоқ тасымалдау
құралдарымен бөліктерін нормада көрсетілген биіктіктен төмен тұрған кіруге
болмайды деген табличкалар ілу және т.б.
Техникалық қауіпсіздігіндегі орналасу орындарының ерекшелігіне
байланысты қосымша шаралар қарастырылған. Бірақ бұл шаралар негізгі
ережелерге қайшы келмеуге тиіс және жергілікті еңбекті қорғау орындарымен
келісімде болу керек.
Қауіпсіздік ережелерін орындауға барлық электр құрылғы қызметкерлері
қызмет бабына байланыссыз болып табылады. Егер электр құрылғы қызметкерлері
техника қауіпсіздігіне қарсы келетін тапсырмаларды алса, онда оны орындауға
тиым салынады.
Қауіпсіздік техникасы мен электр құрылғыларының қолдану нормалары электр
қауіпсіздігі көзқарасынан жақсы қарастырылған электр әсерімен денсаулыққа
зиян келтіру мүмкіндігі жоққа шығарады.
Дұрыс емес жарлық беріп жеке тұлға, неге оның дұрыс еместігіне неге тиым
салғанын түсіндіруге тиіс. Электро құрылғыларда жұмыс істеу үшін 18 жасқа
толған, денсаулығы осы бөлімдегі адамдардың денсаулығына қойылатын
талаптарға сай келетін және қызметі бойынша комиссияға емтиханды жақсы
тапсырған адамдар қабылданады.
Техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайғылы жағдайларды болдырмау
үшін кернеуі 1 кВ жоғары электр құрылғыларды жөндеу жұмыстарын жұмыс
алдындағы берілетін наряд бойынша істейді.
Наряд – жұмысқа жазбаша рұқсат, мұнда жұмыстың орындалу уақыты оған
қойылатын талаптар қажетті техника қауіпсіздік шараларға және осы шараларды
орындауға жауапты жеке тұлға.
Наряд бригаданың құрамы және жұмысқа жауапты жеткілікті көрсетіледі.
Жетекші жұмыстың дұрыс жүруін ғана емес техника қауіпсіздігінің сақталуына
жауап береді. Бригада құрамы екі адамнан кем болмауы керек.
Техника қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жұмыс орындарын белгілеу.
Наряд бойынша электр құрылғы кезекші жүзеге асады. Ол бүкіл жұмыс уақыты
бойында бригада жұмысшыларының техника қауіпсіздігін сақтауын бақылайды.
Барлық электр құрылғы жұмысшылары электр тоғынан қауіп төнген адамға
бірінші дәрігерлік көмек көрсете білу керек.
Қауіпсіздік үшін электр құрылғылардың қорғаныс құралдарымен қамтамасыз
етеді, оларға резеңке қолғаптар, галоштар, изоляторлық штангалар және
қойғыштар, кернеу көрсеткіштері (УНВ), сақтандырғыштарды ауыстыратын
тістеуіктер.
Қорғау құралдары техника қауіпсіздігі талаптары бойынша жиі-жиі сынақтан
өтеді. Сынақтан өткеннен кейін оларға сынақ кернеуін және келесі сынақ күні
көрсетілген штамп қойылады. Бірақ қорғанысты қолданбас бұрын оны мұқият
қарау керек, құрылыс жөндеу, монтаж электроқұрылғыларын қалпына келтіретін
жұмыстармен айналысатын инженер техникалық қызметкермен жұмысшылар өз
қызметтеріне сай көлемде ережелерді жақсы білуге міндетті.
Нарядта бригаданың құрамы және жұмысқа жауапты жетекші көрсетіледі.
Жетекші жұмыстың дұрыс жүруі ғана емес, техника қауіпсіздігінің сақталуына
жауап береді. Бригада құрама екі адамнан кем болмауы керек.

3. Бекітілген жабдықтардың (трансформатор, ажыратқыш)
оқшаулама бақылауын, релелік қорғаныс, жүк
қорғанысының берілгендерін жинау.

Трансформаторлар пайдаланыста өте берік қондырғылар болып табылады.
Олар қосалқы станцияның негізгі қондырғысы болып табылады, оның қалыпты
жұмысына тұтынушыларды электрмен жабдықтау тәуелді болып табылады.
Трансформаторларда бүлінулер немесе қалыпсыз режимдер туындағанда, апаттық
жағдайды өршітпейтін және мүлдем болдырмайтын қорғаныс болу қажет.
Трансформаторлардың негізгі бүлінулеріне орамдардағы екі және
үшфазалық қысқа тұйықталулар бір фазаның орамдарындағы тұйықталу,
орамдардағыбір фазаның жермен тұйықталуыжатады.Трансформатордың қалыпсыз
режимдеріне орамдар мен майдың температурасының артуына әкелетін, асқын
кернеу кезінде номиналдыдан бірнеше есе көп токтың орамдар бойынша өтуі,
минималды деңгейден төмендеп кетуі т.б. жатады.
Трансформаторларды қорғау әдістері. Көп фазалық қысқа тұйықталу,
орамдық тұйықталу, бір фазаның жермен тұйықталуы, майдан газдың бөлінуі
кезінде қорғаныс трансформаторды ажыратып, оны барлық қорек көзінен
ажыратуы қажет. Ал асқын кернеуде біраз газ бөлінгенде, темпиратураның
артуында және май деңгейінің төмендеуінде қорғаныс дабыл беру қажет.
Трансформаторларды қорғау әдістері олардың қуатына, орамдар санына,
трансформатордың қорек көзіне қосылу әдісіне байланысты таңдалады.
Екі және үш орамды трансформаторлар үшін ішкі бүлінулерден қорғаныс
ретінде екі сатылы газдық қорғаныс қолданылады. Ол алғашқы сатыда дабыл
береді, ал екіншісінде ажыратады. Ол қуаты 6300 кВт және одан жоғары күш
трансформаторларындаорналасады. Жабық ғимараттарда орнатылатын
трансформаторлар 630 кВт қуаттан бастап газдық қорғаныспен жабдықталады.
Қуаты 1600 кВт – тан төмен екі орамды трансформаторлар үшін бүлінулер
мен қысқа тұйықталулдан негізгі қорғаныс ретінде максималды токтық қорғаныс
( МТЗ ) қолданылады. Егер бұл қорғаныстың уақыт төзімділігі 1 секундтан
артық болса, онда қосымша токтың ажыратылуымен толықтырылады.
Трансформаторларды асқын кернеуден қорғау үшін бір фазалық орындауда
қорғаныс дабыл береді. 6300 кВт және одан жоғары қуатты трансформаторлар
газдық қорғаныспен қоса дифференциалды қорғаныспен жабдықталады.
Трансформаторлар. Трансформаторлардың қорғаныстары олардың қуатына,
орамдар санына және олардың қорек көзіне, қосылу әдісіне байланысты болады.
110 35 27,5 кВ төмендетуші трансформаторлар келесі қорғаныспен
жабдықталады; екі сатылы газдық ГР, ДЗТ типті РД реле көмегімен
дифференциалды, 110 кВ жағынан РТа1, РТв1, РТс1; 27,5 жағынан РТа2, РТс2:
35кВ жағынан РТа3, РТс3- максималды тоқтық:
Трансформатор майының қызып кетуінен- ТС1,ТС2 термосигнализатормен,
кенейткіштегі май деңгейін қадағалау үшін –РУ қорғаныстары қолданылады.
Сонымен қоса РТ1 тоқ релесі бар. Ол жүктеме белгіленген шамаға жеткен кезде
трансформатордан вентиляторын іске қосады.

Релелік қорғаныстың тағайындалуы және оларға
қойылатын негізгі талаптар.

Электр қондырғылардың жұмысында қалыпсыз режимдер және оқшаудың бүлінуі
туындауы мүмкін. Қалыпсыз режимдерде тоқтың шектеулі мәнінен асып кетуі,
нейтралды оқшауы жүйеде бір фазаның жермен тұйықталуы,
трансформатордың температурасының аса көп артуы, т.б. Оқщаудың бүлінуінің
нәтижесі болып қысқа тұйықталу болып табылады.
Релелік қорғаныс дегеніміз - қысқа тұйықталу кезінде апаттың өршуін
болдырмау үшін және тұтынушыларды электрмен жабдықтауда ұзаққа созылған
үзілістерді азайтуға арналған қондырғы. Ол электр қондырғының бүлінген
элементін тез арада автоматты түрде ажырауын қамтамасыз етеді.
Жұмысты қалыпсыз режим туындаған кезде релелік қорғаныс қызмет
көрсетуші персоналдын назарын аударатын дабыл беру қажет немесе тез арада
немесе уақыт өткенен кейін ажырату қажет. Релелік қорғаныс бұл апатқа қарсы
автоматика болып табылады.
Релелік қорғанысқа тағайындалуы бойынша бірнеше талаптар қойылады;
таңдаушылық тез әрекет ету, сезімталдық, беріктілік, резервтілік. Сонымен
қоса, РҚ арзан және қауіпсіз болу қажет.
Таңдаушылық бұл электр қоңдырғының бүлінген элементі немесе электр
желісінің бір бөлігі ғана ажырайтын, ал қалған бөліктері жұмысын жалғастыра
беретін РҚ-тың әрекеті. Егер қорек көзі бір жақты болса, онда бүлінген
элементке жақын орналасқан ажыратқыш, ал егер екі жақты болса, бүлінген
элементтің екі жағындағы ажыратқыштар ажырауы қажет. К нүктесінде ҚТ
кезінде 9 ажыратқыш ажырауы қажет, ал 1-8 ажыратқыштар өз жұмыстарын
жалғастыра береді.
Тез әрекет ету қозғалатын элементтің бүлінуінің аумағын шектеу үшін,
тұтынушыларда кернеудің төмендеуінің жалғасымдылығын төмендету үшін, электр
желісінің ЭС-ның генераторлардың паралельді жұмысының беріктігін сақтау
үшін қажет. Тез әрекет ету ҚТ туындағаннан кейін 0,1 с кейін іске қосылу
қажет.
Қорғаныстың сезімталдығы – бұл оның қозғалатын элементте туындауы
мүмкін бүлінулер мен қалыпты жұмыстан біраз ғана ауытқулар болған жағдайда
әсер ету қабілеті.
Қорғаныстың сезімталдығы - сезімталдық коэффицентімен бағаланады. Ол ҚТ
тоғының минималды шамасының релелік қорғаныстың іскеқосылуының тоғының
шамасына анықталады. Ол қорғаныстың түріне
байланысты 1,5-2,5 шамасында болуы мүмкін. Қорғаныс жұмысының беріктігі –
бұл оған қойылған функцияларды аса техникалық дәлдікпен
орындауы жатады. Қорғаныс қозғалатын зонада ҚТ туындаған кезде іске
қосылып, бұл зонадан тыс жерде ҚТ туындап немесе ҚТ болмаған жағдайда
қорғаныс іске қосылмау қажет.
Қорғаныстың резервтілігі – бұл егер бүліну бөліктің ажыратқышы іске
қосылмаған кезде, қорек көзіне қарай келесі ажыратқыш ажырауы қажет.
Мысалы, К нүктесінде ҚТ кезінде 9 ажыратқыш іске қослмай қалған кезде, оны
келесі 3, 4 ажыратқыштар өшіру қажет.

1.4. Жабдықтардың жөндеуі бойынша құжаттама жинау.

Жөндеу қызметі электр жабдықтарының қатардан шыққан кездегі жөндеу
жұмыстарымен айналысады. Бөлшектеу, жөндеу және техникалық жабдықтарды
пайдалануға беру жұмысын іске асырады.
Жеңіл жөндеу – жоспарлы байқаулар кезінде табылған зақымдарды жөндеу.
Әдетте жеңіл жөндеу электр құрылғылардың сұрыптауымен, тазалаумен, тозған
бөлшектермен ауыстырып жұмыс жүргізеді.
Ағымдағы жөндеу - электрмен жабдықтау құрылғыларының жекелеген
элементтерін ауыстыру мен қалпына келтіруді және оларды реттеуді қамтиды.
Оны түйіспе торабы ауданының немесе электр топтары ауданы мен жөндеу -
тексеру қызметкерлері мерзімділікпен жүзеге асырады.
Күрделі жөндеу – жоспарлы байқаулар уақытты құру кезінде өндірілді,
сынауларда және электр құрылғының толық емес жарым жартылай негізгі
бөлшектерінің тозуы кезінде, сонымен қатар апаттан кейін қолданылады.
Күрделі жөндеу СОБ электрмен жабдықтау құрылғыларын ауыстыру мен жөндеу
жөніндегі барлық жұмыстарды қамтиды. Ол жұмыс сенімділігін арттыру үшін
құрылғыларды қажетті жаңғыртуды ескере отырып, олардың алғашқы техникалық
сипаттамасын толық қалпына келтіруді көздейді.
Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін электрмен жабдықтау дистанциясының
өкілдері орындаған жұмыстардың техникалық талаптарға сәйкестігін тексере
отырып, оларды қабылдайды және қабылдау актісін жасайды.
Ж – 28 РЭС – те лабораториялық қызмет жасайды, яғни ауырлық
трансформаторларын жөндеу және сол ЭПУ-да жүзеге асады. Онда
трансформаторларды жөндеу үшін сынау плакаттары, трансформатордың мойнын
кептіретін цейтрадуга бар. Онда трансформатордың басты жерлерін орамдардың
тығыздығын тексереді, изоляцияланған сымдардың үзілген жерін
трансформаторда жасайды.
Трансформатор орындарын жөндеу: жөндеуге түскен орамды мұқият
қарайды, зақымдалған масштабын анықтау үшін және жөндеу тәсілін анықтап
салу үшін ажыратқышын қалпына келтіреді және қайтадан орау сымдарын
қолдану үшін тарқатқаннан кейін, оларды қайта қолдануға болады.
Дегенмен электроқұрылғыларды қорғау автоматикалар жаңа заман талабына
сай болғандықтан орамдардың толық істен шығуы анда-санда ғана кездеседі.
Жөндеуге трансформаторлар немесе түрлі ақаулармен түседі.
Кейбіреулерінде орамдарының ажыратқышы, ал тағы біреуінде сымдары
балқыған болады және орам сымдары зақымдалынады.
Аз ғана аудандағы орам сымдары күйіп кетуі мен ажыратқыштарды сол жерде
жөндеуге болады. Жөндеуде зақымдалған жердегі сымдары ажыратып алу өте
қиынға соғуы мүмкін. Өйткені қалған орамдарды алу әбден мүмкін.
Сонымен қатар орамның зақымдалған бөлшегіне арнайы ажыратқышы және
өткізгіш материалдар қолдану екрек, бірақ мұндай материалдар әркашан бола
бермейді, ол тек трансформатор жасайтын орындарда бұрында қолданылған.
Мұндай жағдайда ең бірінші вольтметр көмегімен тоқ бар жағын содан кейін
желілерін пышақпен аршу арқылы жөндеу жүзеге асады.
Орамдардың зақымдалған бөлшегін тарқатып барып жөндегенде уақыт көп
кетеді. Сондықтан бір бөлігін алып жөндегенде өте тиімді. Орамдарды келтіру
мен тығыздау жаңағы орамды кептіреді, демек тағы және тағы арнайы
плиталарды тығыздау, әйтпесе алып жүрген кезде шашылып қалуы мүмкін.
Кептіру-басты операция болып табылады. Ол орамның сапасын көтереді және
жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады. Кептіру дымқылдан құтылу үшін керек,
әйтпесе қағаз ажыратқыш тез арада электрлі мықтылықты жойып және оның жұмыс
істеуі уақытының созылуына әкеп соғады.
35 кВ-қа дейінгі орамдары 1000 С температурадан асырмай арнайы кептіргіш
камераларда арнайы желдеткіш электрлі және буды қыздыру арқылы кептіреді.
Ал 35 кВ-тан артық қуаттылықтарды арнайы вакум кептіргіш камераларда
кептіреді. Қатты қыздыру олардың суларының тез буланып кебуіне жақсы әсері
бар.

1.5. Жұмыс күнін және жұмыс істеуді жоспарлау

Трансформаторды бөлшектеу алаңына келіп оны тазартады, одан кейін
сыртынан мұқият қарайды. Бұл сыртынан қарау сыртқы жақтарының істен
шыққан анықтау кіріп тұрған фарфордың бүтіндігін қарау, дәнекерлеу
автоматтарының бұзылуы және біріккен жерлерден майдың аққан ақпағанын
тексеруі, циркуляция жасайтын трубалардың механикалық бүлінген-бүлінбегенін
анықтау т.б. заттардың дұрыстығын тексеру үшін.
Егер істен шыққан анық болса онда трансформаторды бөлшектейді.
Бөлшектемес бұрын трансформатордың майын арнайы насоспен яғни сорғышпен
сорып , майдан арылтады .
Бөлшектеуді ең алдымен газды реттеуден бастайды , одан кейін
термометрді размерительді сақтандырғыш құрылғыларды және басқа
құрылғыларының бөлшектерін шешеді. Қақпағы ашқанда өте мұқият болу керек
ЖҚ (ВН) және ТҚ (НН) орамдарының кірісіндегі фарфорлы құрылғыларға зиян
келтірмеу.
Трансформатордың қақпағын көтерген кезде трансформатор қабырғасында
орналасқан қосылыстарды шешіп содан кейін ғана қақпағын ашады.
Көтерген уақытта көтеру механизмінің дұрыстығына көз жеткізу керек, яғни
50-200 мм бак түбінен санағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейрамханалардағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар
Зауыт ішіндегі электрмен жабдықтауды жобалау
Сахнадағы өртті сөндіру
Электр энергияны қабылдағыш өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары
Энергиямен жабдықтау шарты, нысаны
Емдеу мекемелеріндегі өрт сөндіру
Компанияда қолданылатын техникалық жабдықтар
Электрмен жабдықтау жүйелері туралы негізгі мәліметтер
Қонақ бөлме
Электр машиналарына техникалық қызмет көрсету
Пәндер