Паразитология. Аусыл індеті


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
Тақырып: Аусыл індеті.
Орындаған: Қалиева Г.
Тексерген: Байғазанов Абдрахман
Нұрмағанбетұлы.
Семей - 2007 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе. 2-3
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу . 4
- Эпизоотологиясы 4-13
- Таралуы 14-17
- Клиникалық белгілері . 18-21
- Профилактика . . 22-26
- Диагностика . 27
- Емі . 27-32
ІІІ. Өзіндік зерттеулер. 33
- Шаруашылыққа қысқаша сипаттама . 33-34
- Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы 35-37
- Азаматтық қорғаныс және жануарларды жаппай зақымдалу қаруларынан қорғау 38-39
- Қоршаған ортаны қорғау 40-42
- Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі . 43-44
- Материал және зерттеу әдістері . 45-53
ІҮ. Қорытынды. 54
Ү. Ұсыныстар. . 55-57
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер. . 58-61
-1-
І. Кіріспе.
Жоғарғы дәрежеде дамыған ауыл шаруашылығы - халықтың әлеуметтік деңгейінің ары қарай дамуына, яғни жоғарылауына қажетті бірден - бір жағдай болып табылады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында ауыл шаруашылығының экономикасы көтерілуі үшін несиелер бөлінсін делінген және агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдау қажеттігі айтылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатін өндіру мен өңдеу саласында кластрлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажеттігі атап көрсетілген.
Ауылшаруашылық өндірісінің ең басты тапсырмасы - ол өнеркәсіпті шикізатпен және халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында тұрақты түрде мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін өнеркәсіптерді құрып, оның ары қарай өсіп - өркендеуін қамтамасыз ету.
Қазақстанда, әсіресе, оның шығысында мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің жетекші саласы болып табылады. Соған орай қой шаруашылығы қазіргі кезде жетекші орынды алып отыр.
Дегенмен, қойлардың асыл тұқымдық генофондын сақтауда, мал басының санын арттыруда, қойлардың жергілікті тұқымдарының жүн және ет сапасын жақсартуда, яғни жалпы өнімділігін арттыруда мемлекеттік деңгейде жақсы нәтижелерге жеткен. Бұл мәселелерді шешу тек, селекциялық - тұқымдық жұмыстарын жақсартумен қоса, көптеген аурулардың алдын алуына, жоғарғы, қазіргі технологиялық жабдықтармен қамтылуына және дені сау мал тобын құруына да байланысты.
-2-
Қазақстанның шығысында ең көп тараған цестодоздарға - мониезиоз жатады.
Мониезиоз - бұл көптеген жабайы күйіс қайыратын малдардың, бұғы, түйе, ірі қара мал, ешкі, қойлардың аш ішегінде тоғышарлық ететін Anoplocephalidae тұқымдасына, Moniezia туысының әр түрі тудыратын цестодозды аурулар.
Мониезиоздар мал шаруашылығына аса зор шығын әкеледі. Ауру малдардың өсіп - өнуі нашарлайды, еттің сапасы төмендейді, жүннің мөлшері азаяды, мал организмінің резистенттілігі төмендейді, профилактикалық іс - шараларды дер кезінде, дұрыс жүргізбеген жағдайда ауруға шалдыққан қозыларда 80% өлім - жітім байқалады. Әр малдың өзіне тән қоздырғыш түрі бар.
Мониезийлер - биогельминттер олардың дамуы ақырғы (ұсақ және ірі қара мал бұғы және т. б. ) және аралық иелерінің қатысуымен жүреді. Аралық иелері - сауытты орибатид кенелері. Орибатидтер - ұзындығы 0, 2 - 1 мм болып келетін өте ұсақ, көбіне қоңыр түсті, әр түрлі өсімдік тектес қалдықтар мен мүктерде, орман шалғынында тіршілік ететін, еркін қозғалатын кенелер.
Көптеген ғылыми әдебиеттерді қарап, танысқанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік - шығыс өңірлерінде (Үржар, Аягөз) қойлардың мониезиозы бойынша нақтылы бір бағытта зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан осы өңірде мониезиоздың эпизоотологиясын зерттеу, тиімді емдеу, алдын алу шараларын анықтап, өндіріске ұсыну және енгізу ветеринарияның ең өзекті мәселесі болып келеді.
Осы мәселені шешу барысында төмендегідей міндеттерді қойдық:
1. Мониезиоздың қоздырушысын анықтау.
2. Мониезиоздың мал жасына, жыл мерзімдеріне байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау.
3. Мониезиозға қарсы антгельминтиктерді қолдану.
4. Алдын алу және емдеу жолдарын өндіріске ұсыну.
-3-
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу.
Ветеринарлық паразитологияның басты тапсырмасы - жануарларды әр түрлі паразиттер мен инвазиялық аурулардан сақтандыру болып табылады. Қазіргі ғылыми білім мен тәжірибе деңгейінің жетілу дәрежесіне орай гельминтоз салдарынан болатын малдардың өлім-жітімін болдырмауға толық мүмкіндік бар деп айтуға болады.
Жануарлар өлімінің тіркелу деңгейі, көбіне малдардың паразитарлық ауруларында профилактикалық және диагностикалық жұмыстардың қанағаттанарлық дәрежеде жүргізілмеуі салдарынан болады.
Эпизоотологиясы.
Паразитология кафедрасының оқытушылары (В. В. Минеев, Л. Н. Савинкова, Л. В. Золотарева, М. М. Искаков, Н. С. Матвиенко), доцент П. П. Осипов, аспирант Үсенов. А., доцент Жұмабеков. Х. С., зоология кафедрасының меңгерушісі Дүйсенбаев. К. және т. б. 1973-1975 жылдары Семей өңірі қойларының анапляцефалятоздары мен стронгилятоздарындағы экономикалық шығын және күресу шараларын, аймақтық эпизоотологияны, патогенезін зерттеген. осы зерттеулерге орай Семей аймағының далалық бөліктеріндегі 1-2 жастағы төлдердің мониезиозға шалдығуының маусымдық динамикасы кестегідей көрініс береді. Бұл кестеде қаңтардан қыркүйекке дейін инвазия интесивтілігі мен экстенсивтілігі өте төмен болатындығын (6, 6-10% ИЭ, ИИ 6, 5-8, 8 экз) ауруға шалдығудың жоғарғы шегі қазан-қарашада 23%-ке жетеді. 1 жастан асқан төл 8 айға дейін инвазия тасымалдаушысы болады, тек күтіп-бағу, азықтандыру жағдайлары қолайсыз болған жағдайда, әсіресе малды қораға ауыстырған кезде, аздап өрбуі мүмкін. 2 жастан асқан қойларда мониезий жұмыртқалары наурыздан тамыз айларына дейінгі кезеңде анықталған. Көп мөлшерде зақымдалу деңгейі маусымда - 33, 3% және тамызда 23, 3%-ке жеткен.
-4-
Қозылар және жас төлдермен салыстырғанда, ересек қойларда ауруға шалдығу
деңгейі төмен болатындығы байқалған (инвазияның максимальды интенсивтілігі 1 г нәжісте 18, 1 жұмыртқа болған) .
Бұл зертеулердің нәтижелері қойлардың аса қауіпті гельминтоздарымен күресу шараларының жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Мониезиоздар Н. Т. Қадыров, Х. И. Егізбаев, А. Р. Сансызбай, Р. М. Ибрагимов, М. К. Мұстафин, М. М. Искаков, Ж. М. Исимбеков және т. б. авторлардың пікірінше, мал шаруашылығына мониезиоз өте үлкен зиян келтіреді және алдын алу шараларын дер кезінде жүргізбеген уақытта 80% төлдер өлім - жітімге ұшырайды. Жануарлар зақымдалған орибатид кенелерін шөппен бірге жеп зақымдалады. Кенелердің өсіп- өну мөлшері жыл маусымдарына тікелей байланысты. Қазақстанның құрғақ далалы аймақтарында жаз кезінде олардың мөлшері төмендейді де, көктем мен күзде жоғарлайды. Кенелер ыстық күндері топырақты мекендейді, ал таңертең мен түнде шөпке ауысады. Қыста кенелер белсенсіз, қар еріп температура жоғарылаған сайын олар белсенді бола бастайды. Орибатид кенелерінің 60 түріне жуығы мониезиоздың аралық иелері болып табылады, ал Қазақстан территориясында кездесетін негізгі түрлері Шелорибатес, Зигорибатула туыстарына жатады. Мониезий онкосфералары ылғалды орталарда, нәжісте ұзақ сақталады. Мысалы; 12 - 14 ?С ылғалды ортада ұрық 4 айға дейін белсенді болады, ал 50 ?С температурада өліп қалады. Жазда жайылымда мониезия жұмыртқалары 1 сағаттан кейін қырылып қалады. Қозылар қолайсыз жайылымыға шыққаннан кейінгі алғашқы күндерінің өзінде-ақ зақымдала бастайды, әсіресе, көктемде туылған қозылар қыста туылған қозыларға қарағанда ауруға шыдамсыз келеді және ауру ауыр түрде өтеді. M. еxpansa тудыратын мониезиоз түрінің зақымдалу мерзімі мен кеңінен таралу уақыты, негізінен малдың жайылымға шығу мерзіміне тікелей байланысты. Мониезийлердің алғашқы бунақтары зақымдалғаннан кейін 30 - 40 күннен
-5-
кейін бөліне бастайды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында, Батыс Сібірде, Алтай жерлерінде жайылым мерзімі сәуірдің аяғына сәйкес келетіндіктен, мониезиоздың алғашқы белгілері қозыларда мамыр айының аяғында байқалады.
Искаков. М. М. Шығыс Қазақстанда Семей өңірінде мал жайылатын жерлерден орибатид кенелерін тапқан, олардың әр түрлі жайылымдарда жыл мерзімдеріне байланысты, цистицеркоидтармен зақымдалғанын көрсетеді. Орибатид кенелері мониезиоз құртының аралық иесі болып табылады. Жануарлар орибатид кенелерімен жайылымдық жерлерде шөптерден, су қалдықтарынан, топырақтардан, бұталардан залалданады.
Galumnidae тұқымдасына жататын орибатид кенелрінің қатысуымен M. еxpansa түрі дамитынын Stuncard анықтаған.
Алғаш рет Moniezia benedeni тоғышарларын орибатид кенелерін жұмыртқаларымен экспериментальды жолмен зақымдап даму барысын анықтаған. Мониезийлердің аралық иелері топырақта тіршілік ететін орибатид кенелері Oribathidae тұқымдасына жатады.
Moniezia benedeni аралық иесі Pergalumnu novosus тұқымдасына жататын орибатид кенесімен дамиды.
Бұрынғы СССР - де орибатид кенелерінің 30 түрі табылған.
Platinothrus peltifer Е. С. Шалдыбин Гренландияда, Канадада, бұрынғы СССР-де Москва аймақтарында, Hermaniella granulata - бұрынғы СССР -де, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Eremaeus hepaticus - Батыс Европада, Горьковск облыстарында, Cepheus cepheoformis - Батыс Европада, Солтүстік Америкада, Furcoribua furcellata - Кавказда, Қырымда, Шығыс Сібірде тараған, Горьковский облыстарында Protoribatie badensis - бұрынғы СССР-де, Москва, Горьковский облыстарында Ceratozetes gracilis, Европада Ceratozetella selnicki - бұрынғы СССР-де орталықтарында, Parachipteria pungtata - Европада, Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Pergalumna nervosa - Европада, Прибалтикада, Белоруссияда,
-6-
Дагестанда, Қазақстанда тапқан.
Spatiodamus subverticillipes орибатид кнелерін бұрынғы СССР-де, Сібірде М. В. Альков тапқан.
Е. Я. Башкирова Adoristes ovatus Батыс Европада және Москва аймағында орман алқаптарында, Днепропетровск және Ростовск облыстарында жазық далада, ал Волгоградск облыстарында шалшық жерлерден тапқан.
Liacarus coracinus, Ceratoppia bipilis, Zygoribatula cognata түрлерін Солтүстік Америкада, Кавказда, Қырымда, Шығыс Сібірде, Горьковск облысында, Арменияда, Тәжікстанда П. К. Сваджян тапқан.
Е. С. Шалдыбин, М. И. Кузнецов Scutavertex minutus орибатидтің бұл түрі Прибалтикада, Белоруссияда, Украинада, Солтүстік Кавказда, Молдаваияда, Солтүстік Қазақстанда кездестірген.
М. И. Кузнецов, П. К. Сваджян Арменияда орибатид кенелерінің Zygoribatula frisiae түрі табылды. Кавказда және Қазақстанда Е. С. Згардан, Zygoribatula frisiae түрін өзен жағалауларынан, мал жайылатын қоршаулардың ішінен М. И. Кузнецов тапты.
С. А. Назаров Zygoribatula skrjabini Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстан республикаларында анықтады.
Н. Т. Қадыровтың зерттеулері бойынша, қозыларда мониезиоздың алғашқы бунақтары Ақмола облысының (1959) жағдайларында 10-15 маусым кезінде бөліне бастайды. Инвазияның максимальды таралуы маусым мен шілде айының аяғында, кейде тамыз аына дейін байқалады, ал аурудың бәсеңдеу кезеңі қыркүйек айынан басталады. Әр түрлі жастағы малдардың мониезиозының алуан түрлері мен зақымдалу динамикасы алуан түрлі. Жайылымға алғаш шыққан қозылар ең алдымен М. еxpansa түрімен залалданады, инвазияның интенсивтілігі мен экстенсивтілігі (ИИ, ИЭ) 2-3 ай бойы жоғарғы деңгейде
болады.
-7-
Жекелеген шаруашылықтардағы қозылардың ИЭ - 90% жетеді. Ақмола облысының жағдайында инвазия экстенсивтілігі маусымның аяғына дейін күрт жоғарылайды да, шілде айында ең жоғарғы шегіне жетеді, ал қыркүйек айына қарай біртіндеп төмендей бастайды. Қозылардың Moniezia benedeni зақымдалуы кейінірек болады, инвазия экстенсивтілігі күз бен желтоқсан айында жоғарғы шегіне жетеді, сөйтіп қозылардың инвазия экстенсивтілігі жылына екі рет көтеріледі: жазда - M. еxpansa есебінен, күз, қыста - Moniezia benedeni есебінен.
Оңтүстік Қазақстан жағдайларында (С. Д. Ульянов, 1961) M. еxpansa қозыларда мамыр айында анықталады, маусым мен шілде айларында зақымдалған мал саны жоғарлайды да, тамыз бен қыркүйек айларында ең жоғарғы шегіне жетеді. Әдебиетке талдау жасау арқылы жақын шетелдердің барлық аймақтарында қозылардың M. еxpansa түрімен алғашқы зақымдалу мерзімі және аурудың басталуы жалпы қозылау мерзімі мен қозылардың жайылымға шығу уақытына байланысты. 1-2 жастағы төлдер мен қойлар мониезиозбен инвазия экстенсивтілігі төмен деңгейде жыл бойы залалданады, сондықтан маусымдық даму қарқыны анық білінбейді. Көктем мен күзде 31% дейін зақымдалады, көктемде төл мониезиоздың екі түрі мен бірдей деңгейде зақымдалады (20-24%), ал қалған мерзімдері Moniezia benedeni зақымдалу M. еxpansa қарағанда жоғары болады.
Н. Т. Қадыровтың 1958-1959 жж Ақмола облысы жағдайындағы 1-2 жастағы төлдердің зақымдалу деңгейін зерттеу мәліметтеріне қарағанда мониезиоздың маусымдық динамикасы екі көтерілу кезеңінен тұрады: біріншісі-жазда, екіншісі-желтоқсанда, қаңтарда. Ересек малдарда көбіне Moniezia benedeni тіршілік етеді.
М. Ш. Ақбаев және т. б. ғалымдардың зерттеулері бойынша, мониезиоздың пайда болу уақытын екі кезеңге бөлген: Біріншісі - M. еxpansa тудыратын қозылардың көктемгі кезеңі мен екіншісі - Moniezia benedeni, М. autumnalia
-8-
тудыратын 7-8 айлық және одан да жоғары жастағы қойлардың күзгі мониезиозы. Табиғи -климаттық жағдайлардың ерекшеліктері мен мал шаруашылығын басқару технологиясына орай мониезиоз кезіндегі малдардың зақымдалу мерзімі мен эпизоотиялық процестің қарқындылығы еліміздің әр аймақтарында әрқилы көрініс береді. Дүниежүзінің солтүстік аймақтарында қозылар мамыр айының басына қарай зақымдалады. Ал Орталық Азия мен Кавказ маңында зақымдалу наурыз айының басында басталады. Сонымен қатар, алғашқы кезде инвазия таралуының негізіг көзі болып - жоспарлы преимагинальды дегельминтизациядан өтпеген көктемгі ақырғы айларында зақымдалған қозылар есептеледі. Олар жыл сайын аралық ие - кенелерді қайталап зақымдап отырады. Ал, Оңтүстік өңірлерде малды қорада ұстау уақыты қысқа болғандықтан, мониезийлер ересек малдың организмінде көктемге дейін тіршілігін сақтауы мүмкін. Мұндай малдар инвазияның таралуының қосымша көздері болып табылады кез келген жерде малдың зақымдалу көзі - табиғи орта жағдайларында 16-24 айға дейін тіршілігін сақтай алатын залалданған цистицеркоидты орибатид кенелері болып табылады.
Қара теңіз жағалауына жатпайтын өңірлердегі малдар көктемгі мониезиоз қоздырғышы мен "жай оғындай" мамыр айында кенеттен зақымдалады, себебі осы кезде зақымдалған кенелермен тікелей байланыста болады. Бұл жағдайдың себебі мынада: кенелер көктемнің ақырғы айларында топырақтың беткейлі қабаттарында белсенді түрде тіршілік етеді, соған сәйкес, малдар қарқынды түрде шөппен қоректеніп, зақымдалады. Бұл аймақта зақымдалу барысы мамыр айынан басталып, қазан айының басында аяқталады. Қолайлы кезең мамыр айына сәйкес келеді. Көктемгі мониезиоздың инвазия экстенсивтілігі жоғарғы шегі маусым, шілде айларына сәйкес келеді. Қозыларда инвазия интенсивтілігі орташа 3, 01±0, 4 экземпляр 1-57 аралығында болады. Күзгі мониезиоз шегі ИЭ 42-62% тамыз - қазан айларына сәйкес келеді ИИ - 2, 31±1, 6 экземпляр . Басқа
-9-
аймақтарда зақымдалу мерзімі, ИИ, ИЭ әр түрлі болуы мүмкін. Мониезиоздар Солтүстіктегі бұғы шаруашылығы мен Калмыкия, Қазақстандағы сайғақ шаруашылығында орасан зор шығын әкелген. Инвазияны жабайы жануарлар арасында таратуда үй жануарларының алатын орнын ескеру қажет.
Совет үкіметі территориясындағы М. expansa, M. вenedeni аралық иелері Scheloribates, Galumna, Zygoribatula, Ceraterotes, Punctoribates сияқты туыстарға жататын орибатид кенелері болып саналады. Қозылардың жасы ұлғайған сайын цистицеркоидтардың даму уақыты ұзара түседі. M. еxpansa қозылардың организмінде 250 күн тіршілігін сақтайды, сол себепті олар инвазияны барлық жайылым уақытында бөледі. Екі айға дейінгі қозылар M. вenedeni түрімен зақымдалмайды. Бұл түріне 5 айдан асқан ересек малдар сезімтал. М. еxpansa тудыратын мониезиоз күзге қарай әлсірейді, M. вenedeni түрімен керісінше, күшейеді. Мониезий жұмыртқалары күн сәулесінің әсерінен құрғақ жерлерде тіршілігін жоятыны, ал ылғалды орталарда ұзақ сақталатыны анықталған. Кенелердің өмір сүру ұзақтығы 19 ай және мұндай цистицеркоидтар кенелерде жылдың барлық мезгілдерінде сақталады. (Е. М. Матевосян, С. О. Мовсесян 1977)
В. А. Потемкина (Москва 1965)
Әдеби мәліметтерді ескере отырып, моиезиозды еэзоотияның пайда болу кезеңдерін климаттық - географиялық жағдай мен бағу жүйесіне орай біріктірген. Бұл негізінен орибатид кенелерінің таралуымен, олардың әр жердегі биоэкологиялық ерекшеліктерімен және саулықтардың төлдеу мерзімі мен жасына, жайылымыға шығу уақытына байланысты. М. еxpansa негізінен 1, 5-3 айға дейінгі жастағы қозыларда пайда болады. M. вenedeni 6 айдан жоғары жастағы малдарда кездеседі.
Ақмола облысы жағдайында тұрғыдан (Н. Т. Қадыров, 1958) маусым айының екінші жартысынан басталып тіркеледі. Осыған орай малды жайылымға шығарғаннан кейін мамырдың алғашқы күндері
-10-
зақымдала бастайды. Маусым айының аяғына қарай инвазиямен зақымдалу деңгейі өсе бастайды да, шілде айында жоғарғы шегіне жетеді. Ары қарай инвазиямен зақымдалу түсе бастайды да, қазан айынан желтоқсан айына дейін аздап көтеріледі. 1-2 жастағы төлдерде инвакзия экстенсивтілігі аздап байқалады, ең жоғарғы шегі шілде, тамыз, желтоқсан айларында болады. 2 жастан жоғары малдарда мониезиоз өте сирек кездеседі Ақмола облысында негізінен М. еxpansa, M. вenedeni кезедеседі, алғашқы түрі тек қозыларда маусым айынан қыркүйек айына дейін, ал екінші түрі жылдың екінші жартысында екі жасқа дейінгі төлдерде, көбіне қыс - көктем кезеңінде кездеседі.
Солтүстік Қазақстанда мониезиоз қойларда тамыз айында басталады (В. И. Гутовский, 1957) Ақмола облысындағы қозылар мен 1-2 жасқа дейінгі төлдерде инвазияның екі кезеңі байқалады: озыларда ең жоғарғы көрсеткіш шілде айында, ең төменгі көрсеткіш қазан айында, ал төлдерде желтоқсан, тамыз айларында. Қозылардың М. еxpansa түрімен зақымдалуы қыста жоқ деуге болады,
M. вenedeni түрімен зақымдалуы қозыларда жазда, ірі қара мал мен қой төлдерінде; ересек малдарда қыста байқалады.
Орталық Қазақстанда (Бетпақдала) мониезиозбен зақымдалудың ең жоғарғы көрсеткіші жазда байқалады. (Д. К. Қарабаев, 1953 - 1957) Қазақстанның Оңтүстік-шығысында M. еxpansa көбіне жаз бен күзде, ал қыс, көктемде сирек кездеседі (Бондарева, 1945) . M. вenedeni түрімен қой мен ірі қара жылдың барлық мезгілдерінде, көбіне, қыста көктем мен жазда сирек кездеседі.
Шымкент облысында M. еxpansa еліміздің басқа солтүстік аймақтарына қарағанда қой мен ешкілерде жыл бойында кездеседі. Дегенмен, инвазия жаз кезінде жоғарғы шегіне жетеді. (қозыларда инвазия интенсивтілігі мен инвазия
-11-
экстенсивтілігі бойынша, ешкілерде инвазия экстенсивтілігі бойынша)
Ульянов, Решетов, Кущенко (1959) қозылардың максимальды зақымдалуы Шымкент облысында жазда (тамыз, қыркүйек айларында негізінен M. еxpansa есебінен), төлдер мен ересек қойларда көктемде (наурыз - сәуір) және күздің аяғында - қыстың басында (қазан - желтоқсан) .
Орал облысында M. еxpansa қойларда күз бен жазда, қойларда қыста сирек кездеседі көктемде болмайды. M. вenedeni жылдың барлық мезгілдерінде, көбіне қойларда қыс мезгілінде көрінеді. (Шумилина, 1950) .
Мониезиозды инвазияның эпизоотолгоиялық жағдайлары жыл сайын климаттық жағдайлармен, күтіп-бағу, азықтандыру жағдайларына орай өзгеріп отырады. Сонымен қатар орибатид кенелері мал тұратын жерлерде кездеседі.
С. Д. Ульянов (1962) байқауынша, Оңтүстік Қазақстан жағдайларында күз бен көктем мезгілдерінде нәжістегі мониезий жұмыртқаларының тіршілік ету ұзақтығы 30-60 күн, ал жазда 30-35ºС температураны көрсететін құрғақ жайылымдарда 2-4 күн бойы тірішілігін сақтаған.
Krull (1939) зерттеуінше, 12-14ºС температурадағы аздаған су мөлшерінде мониезий жұмыртқаларын сақтау кезінде онкосферадағы эмбриональды ілмекшелер 375 күн бойы қозғалмалы болатындығын байқаған.
Көптеген ғалымдардың зерттеуінше (Л. А. Лосев, 1940; В. А. Потемкина, 1949 және т. б. ) бұрынғы СССР-дің Европалық бөлігіндегі жайылымдарда мониезий жұмыртқалары қыстап шығып, көктемде қырылып қалады. Аралық иелері жайылым мерзімінің барлық кезеңдерінде зақымдалады. Кенелерде инвазия 2 жылға дейін сақталады. Кенелердегі цистицеркоидтардың даму барысының ұзақтығына орай, малдар жаздың бірінші жартысы мен көктемде өткен жылы заладанған орибатидтерді жұтып зақымдалады. Зақымдалу малдардың көктемгі жайылымға шығуының алғашқы күндерінен басталады.
Мониезиоздың дамуы төлдердің өлім-жітімге ұшырауымен сипатталады және
-12-
клиникасы айқын білінеді. (В. А. Потемкина, 1958-1959) деректеріне қарағанда, бұрынғы СССР-дің Европалық бөлігінің жағдайларында жыныстық жағынан жетілген M. еxpansa түрінің пайда болуы 15 мамырдан басталады және аурудың кенеттен туындауы маусым айына сәйкес келеді және 2-3 айға созылады. Жаздың аяғына қарай M. еxpansa есебінен туындайтын инвазияның интенсивтілігі мен экстенсивтілігі төмендесе, ал M. вenedeni түрімен зақымдалу керісінше, жоғарылайды.
Орибатид кенелеріндегі цистицеркоидтардың даму ұзақтығы қоршаған орта температурасына байланысты және 52-125 күнге созылады. Күзде зақымдалған кенелерде цистицеркоидтардың дамуы мамыр айында жаңарады да, шілде айының екінші жартысында, яғни қар ерігеннен кейін аяқталады. Ақырғы иесінің ішегінде паразиттің жыныстық жетілу мерзімі 27-50 күнге созылады. (М. И. Кузнецов, 1970)
-13-
Таралуы.
Мониезиоздар ішектің таспа гельминтоздарына жататындықтан көбіне қой, ешкі, ірі қара малында кездеседі. Бұл олардың аралық иелерінің - орибатид кенелерініңкең таралуына, сонымен қатар бұл гельминттермен әр түрлі жабайы жануарлардың зақымдалу сипатына да байланысты. Орибатид кенелері кездеспейтін шөлді - құмды аймақтарда мониезиоздар тіркелмейді. (В. А. Потемкина, М - 1965)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz