Ірі қара малдарының эймериозды- мониезиозды инвазиясы, емі, алдын-алуы.


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті

Агро-ветеринарлық факультеті

Ветеринарлық медицина кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Ірі қара малдарының эймериозды-

мониезиозды инвазиясы, емі, алдын-алуы.

Автор: Культеренова З. Е. В-511

Тексерген: Ветеринария ғылымдарының

докторы, профессор Искаков М. М.

Семей 2007ж

Ж о с п а р:

1. Кіріспе

2. Ғылыми әдебиеттік шолу

3. Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

3. 1. Шаруашылықтың эпизоотологиялық сипаттамасы

3. 2. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

3. 3. Қоршаған ортаны қорғау

3. 4. Азаматтық қорғаныс және жануарларды жаппай зақымдау

қаруларынан қорғау

4. Өзіндік зерттеулер

4. 1. Зерттеу мақсаты және барысы

4. 2. Материал және зерттеу әдістері

4. 3. Зерттеу нәтижелері

4. 3. 1. Қоздырғыштардың сипаттамасы

4. 3. 2. Емі, алдын алуы

5. Қортынды және ұсыныстар

6. Қолданылған әдебиеттер

К і р і с п е

Қазақстан Республикасы жайылымдық табиғи байлық қорларына ие, ол аз шығын мен күш жұмсай отырып жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

Бірақ мал шаруашылығының ұтымды дамуы үшін малдардың тұқымдылығын, азықтандыруын, күтіп-бағуын жақсартуға қажетті жағдайларды туғызумен қоса, мал басын әртүрлі аурулардан сақтау шараларын ұйымдастырудың үлкен маңызы бар.

Ірі қара малдарының денесінде іш құрттары, сонымен қоса қарапайымдылар тоғышарлық етеді. Сол себептен ірі қара мал шаруашылықтарын өркендету, олардан сапалы өнімдер алу үшін, ірі қара малдарында, әсіресе бұзаулар арасында жиі кездесетін эймериозды-мониезиозды ассоциативті инвазиясы көптеген экономикалық шығындар әкеледі.

Негізінен эпизоотологиялық жағдайлар, алдын-алу шаралары және паразитарлық аурулармен күрес жолдары қарастырылып қойылса да, бөлек жағдайларда малдардың протозооз, гельминтоз, энтомоз, акариоз аурулары кездесіп тұрады. Көрсетілген ауруларға қарсы шаралар уақытында жүргізілмесе шаруашылыққа көлемді экономикалық зардап тиеді.

Паразитарлық аурулармен нәтижелі күрес көп жағдайларда ғылымның жаңа жетістіктеріне және оларды жетік меңгерген мал дәрігерлеріне байланысты.

Ірі қара малдарының әртүрлі гельминттер мен эймерийлер түрлері тудыратын аурулары, және де олар ассоциациясы мал шаруашылығына ауқымды экономикалық зиян келтіреді, алынатын өнім төмендейді, әсіресе төлдер арасында өлім-жітім артады.

Қазіргі уақытта малдәрігерлік паразитологияның ең негізгі мақсаттарының бірі - ауылшаруашылық малдарының ассоциативтік (аралас) инвазиялық ауруларын анықтау, зерттеу, алдын алу шараларын жоспарла түрде жүргізу болып келеді.

Қазақстан бойынша ірі қара малдарының эймериозды-мониезиозды аралас инвазиясы ғылыми тұрғыда толық зерттелмеуіне байланысты, біздің алдымызға қойған мақсатымыз - бұл инвазияны зерттеу және ең тиімді емдеу, алдын-алу жолдарын анықтап, оларды шаруашылықтарға ұсыну.

Ветеринарияның негізгі мақсаты - мал шаруашылығының ветеринарлық гигиеналық сапасын жоғарлату, өнімдер мен шикізаттарды өндіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ халықты зооантропоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларын үнемі жүргізу. Еліміздегі ветеринария жағдайын нығайтуда үкімет және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар соңғы кезде көптеген құқықтық-нормативтік құжаттар қабылдап отыр. Соның ішінде «Ветеринария туралы» заң және оны дамыта түсуші бірсыпыра тіркес құжаттар бар.

Үкімет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринариялық қызметтің құрылымын жетілдіру, мамандар дайындаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жақсарту, мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыстар жүргізілуде.

Олардың ішінде ең көлемді жұмыс мәселесі, олар - шаруашылықтағы әртүрлі инфекциялық инвазиялық ауруларына қарсы алдын-алу, болдырмау шараларын жүргізумен қаьар емдеу жұмыстарын жасау. Осыған орай инвазиялық ауруларға қарсы жасалатын мемлекеттік шаралармен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында мал түліктер басын үздіксіз өсіру, олардан алынатын өнімдерді молайтып, сапасын жақсартуда ветеринарияның маңыздылығы өте зор.

2. Әдебиетке шолу

Ірі қара малдардың организмінде паразитарлық аурулар тудыратын қоздырғыштарға қарапайымдылар, трематодтар, цестодтар, нематодтар, кенелер жатады. Кокцидиидоздардың қоздырғыштары табиғатта кеңінен тараған және бүкіл жануарлар организмінде кездеседі. Олар үй жануарларында ғана кездесе қоймай, сонымен қатар адамдарда, жыртқыш аңдарда, балықтарда, жәндіктерде кездеседі. Кокцидиидоздардың қоздырғыштары Protozoa төменгі патшалығына Apicomplexa типіне Coccidiida отрядына Eimeriidae тұқымдасына Eimeria туысына жатады. Эймерийлердің түрлері барлық жануарларда, құстарда, кейде адамдарда тоғышарлық етеді (Колабский Н. А., Пашкин П. И. Кокцидиозы сельскохозяйственных животных 1974)

Паразитоценоздар бойынша тұңғыш рет К. И. Скрябин (1925) және Е. Н. Павловский (1937), одан кейін А. П. Маркевич (1985) зерттеу жүргізген.

К. И. Скрябин (1925) берген анықтама бойынша жануарлардың ұлпаларында және мүшелерінде бір уақытта әртүрлі гельминттер тіршілік етіп - гельминтоценозды құрайды. Гельминтоценоз компоненттері жануар организмінде патогенді әсерлерін тигізіп, патологиялық қабыну процесін тудырады. Жануарлар организмінде гельминттермен бірге бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, буынаяқтылар бір уақытта тоғышарлық етуі мүмкін.

Өз зерттеулерінде Д. И. Панасюк (1986) «ветеринарлық паразитоценология - комплекті ғылым, паразитоценоз компоненттері тоғышар иесімен, сыртқы ортамен және бір-бірімен байланыста болып жануарлардың ағзаларында ассоциативті аурулар туғызып, ассоциативті аурулардың алдын алу және олармен күресу жолдары» деген сипаттама жасады. Тоғышарларды бунақтарына қарай ажырата білу қажет: екі бунақты екі түрлі паразиттен тұрады, көп бунақты төрт немесе одан да көп паразиттерден тұрады.

Қазақстанның Шығыс аймығында М. М. Искаков (1997) қойлардың және ангор ешкілерінің ассоциативтік эймериозды-гельминтозды инвазиясын зерттеген. Сонымен қатар автор ангор ешкілерінің эйменриозды-мониезиозды, эймериозды-стронгилятозды, эймериозды-стронгилоидозды инвазияларына көңіл аударған.

А. П. Маркевичтің (1985) паразитоценоз білімін дамытуға, өз түсінігі бойынша қосқан үлесі - «Паразитоценоз немесе симбиоценоз, микропопуляциялардың ассоциативті динамикасы, симбионет әртүрлі систематикалық топтар (вирус, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдалар, құрттар, кенелер, жәндіктер) организм иесімен иммунобиологиялық байланысы. Паразитоценоз паразитарлық жүйенің негізгі бөлімі және биогеоценоз компоненттері».

Молдавияда Згардан Е. С. және Караре В. М. (1966) ірі қара және қой шаруашылықтарында бірнеше қоздырғыштардың таралуын зерттеген. Қырғызстанда Бутулин Р. Я. (1973) қойлар мен ангор ншкілерінің паразитоценозына мониезиялар және бірігіп паразитоценоз тудыратындығын анықтаған.

П. П. Осипов (1962) жалпы ірі қара малдарының гельминтоздарын зерттегенде Қазақстан бойынша, Ақтөбе облысында гельминттердің 26 түрін анықтады. Қазақстанның оңтүстік шығысында Э. И. Прядько (1962) ірі қара малдарының гельминтоздарының ценуроз, эхинококкоз, цистоцеркоз, мониезиоз, фасциелез, диктиокаулез және теллязиоздың тәжірибелік маңызы зор екендігін анықтады. Ал, Қазақстанның оңтүстік және солтүстігінде Л. И. Лавров (1966) ірі қара малдарының гельминтофаунасын зерттеумен айналысқан.

Горбов Ю. К., Мачинский А. Б. (1956) Мордовия шаруашылықтарында 1-6 айлық бұзаулар арасында эймериялар мен сальмонеллалар тудырған ассоциативтік ауруларды зерттеген.

Rohman S. A., Sauza P. E., Jogannath M. S. (1988) Үндістанда сиырлар мен буйволдар арасында ішек гельминтоздарының жайылуына малдардың жасы мен маусымдығының әсер етуін зерттеген. Ірі қара малдарының орташа залалдануы 64, 87%, ірі қара мал мониезиясы (0, 14-0, 44%), кокцидия (0, 19-2, 63%) және қоздырғыштар ассоциациясы (14, 18-26, 84%) байқалды. Зерттеу жүргізгенде маусымдылығына байланысты жас малдарға қарағанда 8 жастан жоғары малдар қарқынды залалданғанын айтып өткен.

Танраев А. Д., Искаков М. М. және Усенбаев А. Е., Сулейменов М. Ж., Жумаханов Б. (2000) өз еңбектерінде малдардың ішкі ағзаларында бірігіп тоғышарлық етіп, ауру тудыра отырып, олардың өнімділігі мен тұқым беруіне кері әсерін тигізетін ең негізгі паразитоценоз бірлестіктеріне гельминттер мен эймериялар жататынын атап өтті.

АҚШ-та сүт бағытындағы ешкілердің организмінде мониезилер, фасциолалар, трихоцефалдар, стронгиляттар және эймерийлер бірігіп ассоциативтік инвазиясын тудыратынын Wullkins R. B. (1983) баяндап өтті.

Қошағанов Х. Е. (1967) Қазақстанның Шығыс аймағында алғаш рет ірі қара малдарының эймериозына зерттеу жүргізді. Соңғы жылдары Хусаинов Л. Т. (2002) ірі қара эймериозына өте күрделі, жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп, ғылым саласына өз үлесін қосты.

F. A. Zurn (1978) тұңғыш рет бұзаулардың ащы ішектерінің эпителий клеткаларында тоғышарлық ететін қарапайымдыларды тапты. Алғашында тоғышарлар грегариндер деп аталды. Осы жылы S. Rivolta бұл қарапайымдыларды Cytospermium деп атады.

Ауыл шаруашылық малдарының эймериозы бүкіл жер шарында Жапония, Англия, Польша, Испания, Иордания, Норвегия, Болгария, Югославия, Франция, Америкада және т. б. мемлекеттерде кездеседі.

Martin A. (1909) АҚШ-та кокцидий тұқымдасын Eimeria деп атады.

Eimeria zuernii, Eimeria smithi атты кокцидиилердің екі түрін В. Л. Якимов және И. Г. Галузе (1925) анықтады. Eimeria zuernii ооцисталары домалақ, Eimeria smithi жұмыртқа тәрізді, осы ооцисталармен архар, бөкен, елік, ешкілер экспиременталды жолмен зақымдалынды, бірақ қойлар эймерийлері тек өз иесіне тән болғандықтан, бұл жануарлар зақымдалған жоқ.

E. A. Bruce (1921) Британ Колумбиясында ірі қара малдарының нәжістерінен ооцисталардың эллипс және цилиндр тәрәзді түрлерін анықтап, Eimeria сanadensis деп атады, мөлшерлері 11, 6-43, 1х11, 6-27, 8мкм.

Ірі қара малының тағы бір жаңа Eimeria cylindrical түрін АҚШ-та М. А. Tubangui (1931) анықтады.

J. D. Wilson (1988) Филиппин аралынан әкелінген нәжістен жаңа Eimeria bukidnonensis түрін анықтады.

Ірі қара малдарының жаңа эймерий түрін E. R. Becker мен W. W. Frye (1929) анықтап, оларды Eimeria ellipsoidalis деп атады. Ооцисталары эллипс тәрізді, мөлшері 20, 0-26, 0х13, 0-17, 0мкм.

И. Д. Гвелсиани (1936) Грузияда ірі қара малдарының жаңа Eimeria thianetrhi түрін анықтады.

М. М. Искаков, Н. А. Колабский, В. В. Крайнева, В. А. Душкина (1982) мәліметтері бойынша Ресейде қойлардың эймериозды инвазиясы жылдың әр мезгілінде кездеседі, бірақ қыс уақытында залалдану деңгейі төмендейді.

L. S. Hieregauder (1956) Үндістанда ірі қара малының Eimeria mundaragi түрін тапқан.

Қашағанов Х. Е. (1967) Шығыс Қазақстан облысында ірі қара малдарының Eimeria zuernii, Eimeria smithi, Eimeria bucidnonsis түрлерін зерттеп анықтаған.

Аманжолов С. А. (1954) Оңтүстік және Батыс Қазақстанда эймерийлердің 5 түрін анықтаған. П. А. Ли, Власенко И. П. (1954) Оңтүстік Қазақстанда ірі қара малдарының Eimeria zuernii, Eimeria bucidnonsis, Eimeria bovis, Eimeria auburnensis түрлерін анықтады.

Горбунов З. И., Сванбаев С. К., Рахматулин Н. К. (1971) зерттеу жұмыстарында Eimeria alabamensis, Eimeria zuernii, Eimeria bovis, Eimeria Bucidnonsis түрлерін ажыратып, зерттеді.

S. Torres, J. I. Romes (1939) Бразилияда ірі қара малдарының нәжістерінен микропилесі бар сопақша ооциста анықтап Eimeria brasiliensis деп атады. Осы жылы тағы бір жаңа Eimeria ildefonsoi түрін анықтады. Австралияда R. Superer (1952) және Қазақстанда Р. У. Базанов (1953) бұл зерттеулер туралы білмей, Eimeria bohmi, Eimeria orlovi деп атады. Ал J. Donciu (1962) Румынияда қайта осы түрді анықтап, оған Eimeria helenae деген ат берді.

Ірі қара малдарының Eimeria Subsperica түрін J. F. Christensen (1941) анықтаған. Ооцисталар домалақ, өте ұсақ, мөлшері 9, 0-13, 0х8, 0-12, 0мкм, Eimeria alabamensis ооцисталары алмұрт немесе цилиндр тәрізді, мөлшері 13, 0-14, 0х11, 0-16, 0мкм.

Н. П. Орлов (1947) Қазақстанда ірі қара малдарының Eimeria zuernii, Eimeria smithi, E. culindrica, E. bucidnonsis, E. zurnabadensis, E. wyomingensis түрлерін анықтады.

Сванбаев С. К. (1967) Қазақстанда ірі қара малдары эймерийлерінің E. zuernii, E. bucidnonsis, E. bovis, E. auburnensis, E. brasiliensis, E. alabamensis түрлерін анықтап зерттеген.

Н. Т. Құсайынованың (2002) Қазақстанның Солтүстік шығысында, Павлодар облысында жүргізген зерттеу барысында ірі қара малдары нәжісінен эймерийлердің 8 түрі анықталып, Eimeria zuernii, E. bovis, E. cylindrica, E. bukidnonensis, E. alabamensis, E. auburnensis, E. brasiliensis, E. ellipsoidalis деп аталынды. Ал Шығыс Қазақстанда облысында эймерийлердің E. zuernii, E. bovis, E. cylindrica, E. bukidonensis, E. alabamensis, E. brasiliensis, E. ellipsoidalis атты 7 түрін анықтады.

В. А. Лочкарев (1995) Краснодар өлкесінде шаруашылықтарда ірі қара малдарының эймериозбен заладануының жоғарғы көрсеткіштері жаз айларында жиі кездесетіндігін байқаған. Ірі қара малдарының эймериозбен залалдануы маусым айында 32%, ал шілде айында 15% құрайды.

G. Grafner (1985) Герменияда бұзаулардың E. zuernii, E. bucidnonsis, E. bovis, E. auburnensis, E. ellipsoidalis, E. culindrica, E. auburnensis, E. subspherica, E. wyomingensis, E. canadensis түрлерімен зақымдалғанын зерттеген. А. П. Мачинский (1976) Ресейде ірі қара малының Eimeria zuernii, E. bovis, E. ellipsoidalis, E. culindrica түрлерін анықтады.

В. А. Дзержинский (1987) ірі қара нәжістерінен Eimeria zuernii, E. bovis, E. ellipsoidalis, E. culindrica, E. smithi, E. auburnensis, E. subspherica түрлерін анықтады.

А. Ф. Манжос, В. С. Сумцова, А. П. Коломацкий (1989) Украинада бұзау нәжістерінен Eimeria zuernii, E. bovis, E. ellipsoidalis, E. culindrica, E. smithi, E. auburnensis, E. subspherica, E. zurnabadensis түрлерін анықтады.

А. А. Рудецкий (1982) Брянск облыстарында маусымдылығына байланысты ірі қара малдарының эймериозбен зақымдалуын зерттеген.

Ресейде ірі қара малдарының эймерийлермен зақымдалуын Н. Н. Евпилов (1982) 92 шаруашылықта анықтады, оның ішінде 42 шаруашылықта 3, 5 айдан 1 жасқа дейінгі бұзауларда ИЭ 18-98 % ИИ микроскоптың 1 көру аймағында 65 ооцист тапты.

В. А. Лочкарев (2000) ірі қара малдардың эймерийлермен заладануы мал жасына қарай анықтады, 1-2 айлық бұзауларда ИЭ-22-32%, 3-4 айлық бұзауларда ИЭ 19%, тойыншаларда 1, 5-2 есе аз.

Г. А. Соколов, А. Т. Шиянов, В. К. Гусаков, З. И. Горбунов, У. Р. Мовлянов, Л. Ф. Доминов (1953) эймериозбен зақымдалған малдар қанының морфологиялық, биохимиялық көрсеткіштерін тексерген. Олардың мәліметтері бойынша зақымдалған мал қанында эритроцит, гемоглобин мөлшері азаяды, белок көбейеді, альфа, бетта-глобулин, көбіне гамма глобулин мөлшері жоғарлайды.

Эймериозбен зақымдалған мал қанында эритроцит, гемоглобио мөлшері төмендейтіндігі туралы О. Беркимбаев (1988) өз деректерінде мәлімдеді.

Бұзаулар арасында жыл маусымдағаны байланысты ИЭ-40-76% құрайтынын Т. В. Арнастаукене (1964) өз зерттеулерінде атап өтті.

Н. П. Добычин (1940) Оренбург облысында мониезиозбен зақымдалған ірі қара малдарында жаз, күз айларында зақымдалу көрсеткіштері төмендейтіндігін айтып өтті.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында ірі қара малдарында Monieria benedeni жылдың барлық айларында, ал Monieria expansa түрі көбіне жаз, күз айларында кездесетіндігін өз еңбегінде В. И. Бондарева (1960) атап көрсетті.

Қазақстанның солтүстік аймағында мониезиоз инвазиясының интенсивтілігі мен экстенсивтілігі Қазақстанның оңтүстігімен салыстырғанда төмен екенін Л. И. Лавров (1962) зерттеген.

И. Н. Осипов (1962) Целинград аймақтарында ірі қара малдарының монтзеоз инвазиясымен зақымдалуы 27, 2% екенін көрсетті.

М. И. Кузнецов өз зерттеулерінде мониезиозбен көбіне бұзаулар залалдануының жоғары көрсеткіші 2-3 жас аралығында сирек кездесетіндігін дәлелдеген.

М. Ш. Акбаев (1983) мәліметтерінде қозылар мониезиозбен зақымдалғанда аллергиялық әсерден улану пайда болғанын көрсеткен. Қан сарысуында үздікті артады, гемоглобин төмендеп, жалпы белок, альбумин, глобулин шамадан тыс жоғарлайтындығы атап айтылған.

М. А. Палимпсестов, А. Ф. Павленко, П. С. Родионов (1948) Оренбург облыстарында жүргізген зерттеулерінде мониезиозбен маусым айының екінші жартысында 3-8 айлық бұзаулардың зақымдалуы жоғарлайтынын көрсеткен.

Беларусия аймақтарында бұзаулардың мониезиозбен зақымдалуы жылдық инвазия экстенсивтілігі 3, 1-22, 5% құрайтынын А. Ф. Бобков (1959) дәлелдеген.

Өз зерттеу жұмыстарында М. И. Кузнецовмониезии жұмыртқаларының сыртқы ортада, құрғақшылықта төзімсіздігін зерттеген.

Р. Х. Хайтов (1958) мәліметтері бойынша Самарқант ет комбинатында әрбір сойылған ірі қара малдарының ішектерінен 9, 1% мониезии тапқан.

Г. Ф. Вайварини (1950) Латвия ССР-де ірі қара малдарында Moniezia expansa, Moniezia benedeni анықтаған, жыл маусымдылығына байланысты зақымдалуы 20%.

Ф. С. Буториннің (1950) зерттеу нәтижелері бойынша бұзаулардың мониезиозбен залалдануы маусым айында 16, 9%, ал шілде айында 34, 4%, тамыз айында 28, 8%, бұзаулар ішінде өлім-жетім көбіне жаз айларында болғаны анықталды.

Х. В. Аюпов (1954) зерттеулері бойынша Башқұрт АССР-де бұзаулар арасында мониезиозбен зақымдалу көрсеткіші басқа айлармен салыстырғанда мамыр айында жоғарылаған.

М. Сафронов (1955) Якут АССР-де ірі қара малдарының Moniezia benedeni түрімен зақымдалуы 22, 2%.

Амурск облысының мал шаруашылықтарында В. М. Ивашкин (1949) мәліметтері бойынша бұзаулардың мониезиозбен зақымдалуы кеңінен өткен, инвазия экстенсивтілігі жаз, күз айларында, ауруға бір жасқа дейінгі бұзаулар шалдыққыш келген.

Қиыр шығыста П. П. Ошмарин (1965) зерттеулерінде ірі қара малдарының мониезиозы кең тараған, әсіресе 1-жасқа дейінгі бұзаулар арасында зақымдалу жиі кездеседі.

Л. А. Лосев (1940) қыс айларында жайылым жерлерде мониезии жұмыртқаларын таппаған, оның себебі оларды тасымалдаушы аралық иелерінің күзде тіршілікке қабілеттілігінің төмендейтіні дәлелденген.

Зерттеу барысында П. К. Сваджян (1962) кенелердің Liacarus coranicus түрін Европада, бұрынғы СССР-де Днепр, Ростов аймақтарында, Прибалтикада, Молдавияда, Кавказда, Қиыр Шығыста және Сахалинже анықтаған.

С. Д. Ульянов (1962) Оңтүстік Қазақстанда жүргізген зерттеулерінде көктем, күз айларында ірі қара нәжістерінде мониезия жұмыртқаларының тіршілігі 35-60 күнге созылады, ал жаз айларында +30+35 о С температурада жайылым жерлерде 2-4 күн сақталғаны анықталған.

А. А. Спасский (1951) өз зерттеулерінде мониезиоз қоздырғыштарын Moniezia expansa және Moniezia benedeni деп атаған, ал Monieza alba түрін Moniezia benedeni түріне жатқызған. Moniezia alba (Peronsito, 1879) түрінің мүше аралық бездері болмайды, бұл мониезидің түрін Алматы, Европа, Азия, Африка, Шығыс Қазақстан аймақтарында кездестірген.

А. А. Спасский (1951) мониезиоз қоздырғышының 7 түрін тауып, Moniezia Blanhard (1891), Moniezia expansa (Rudolphi, 1810), Moniezia alba (Peronsito, 1879), Moniezia benedeni (Moniez, 1879), Moniezia denticulata (Rudolphi, 1810), Moniezia mullicollis (Moniez, 1891), Moniezia ovilla (Rivolta, 1878), оларды Moniezia expansa туысына жатқызады.

А. М. Петров, Т. С. Скорбилович, Л. А. Лосев, К. А:Крюкова (1944) жасаған еңбектерінде ірі қара малдары нәжістерінен Moniezia benedeni жұмыртқаларын тапты, олардың пішіндері алты бұрышты, қою түсті, алмұр тәрізді аппараттары сыртқы қабығынан әлсіз көрініп тұрады.

Е. М. Матевосян (1938) мәліметтерінде Moniezia expansa құртының ұзындығы 1-5мм, ені 1-16мм. Сколексі домалақ, ені 0, 7-1, 0мм, мүше аралық бездері басынан аяғына дейін орналасқан 3, 5-3, 6мм, сорғыштары 0, 03-0, 05мм, бунақтары қысқа, қос-қостан орналасқан жыныс мүшелері бар.

В. А. Потемкина (1941) зерттеулерінде Moniezia benedeni (Moniez, 1879), Moniezia blanhard, 1891 мүше аралық бездері сызық тәрізді, бунақтары жалпақ, ашық-сары түсті, ұзындығы 3, 65мм, сопақша келген төрт сорғыштары бар 0, 39-0, 52мм. Бунақтары басынан аяғына дейін орналасқан, 1, 5-2, 85мм, қос жынысы бар.

А. А. Лосев (1940) деректерінде жетілген мониезий жұмыртқаларының диаметрі 0, 050-0, 060мм, үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты кедір-бұдыр, ортаңғы қабаты жұқа, нәзік, фибриллярлы қабаттан тұрады, жұмыртқалары алты бұрышты. Moniezia expansa сыртқы қабығы қалың, жұмыртқа қуыстары ұсақ дәндермен толған, жұмыртқа қуысында алмұрт тәрізді аппараты бар.

К. И. Скрябин, Р. С. Шульц (1937) деректерінде Moniezia benedeni жетілген жұмыртқалары төрт бұрышты, алмұрт тәрізді аппараттары 0, 055-0, 070мм, жіңішке мүйізшелерінің ұзындығы 0, 021-0, 025мм. Құрғақ ауада мониезии жұмыртқалары 17 күн, ал дымқыл ауада 16-18 о С температурада 4 айға дейін тіршілік етеді, бунақтарының ұзындығы 60 см-ден 2, 50м дейін жетеді, мойынының ұзындығы 1, 5-5, 3мм, ені 0, 6-1, 40мм, ілмешектері домалақ, төртбұрышты, жалпақтығы 1, 15-1, 40мм, жұмыртқалары 0, 00650-0, 088мм мөлшерде.

Өз зерттеулерінде Е. М. Матевосян (1938) Moniezia expansa жетілген жұмыртқалары мөлдір, домалақ, диаметрі 0, 063-0, 073мм, алмұрт тәрәзді аппараты 0, 048мм, онкосферасы 0, 028мм, қалпақшасы 0, 012мм, ілмешектері 0, 007мм, Moniezia expansa жұмыртқаларының кейбіреулері алты бұрышты, сұрғылт, мөлшері 0, 050-0, 060мм, алмұрт тәрізді аппаратының ұзындығы 0, 044мм, денесі 0, 021мм, екі мүйізшелерінің ұзындықтары 0, 023мм. Онкосферасы 0, 020-0, 021мм, онда үш эмбриональды ілмешектер орналасқан, ұзындығы 0, 007мм, жұмыртқасы 0, 050-0, 060мм мөлшерде.

Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірінде М. М. Искаков (1991) жайылымды жерлерден орибатид кенелерін анықтап, жыл мезгіліне байланысты олардың әртүрлі жайылымдарда цистицеркоидтармен зақымдалғанын көрсетеді. Орибатид кенелері мониезиоз құртының аралық иесі болып келеді. Жануарлар жайылым жерлерде су, шөп, топырақ, бұтақтар арқылы орибатид кенелерімен зақымдалады.

М. В. Альков (1971) бұрынғы СССР-де, Сібірде Spatiodamus subverticillipes орибатид кенелерін анықтаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паразитология. Аусыл індеті
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Құрамында оттегі бар эфир майлары
Жаңа туған төл аурулары және дауалау
Қой эмериозы және ірі қараның фасциолезы
Мал азығы туралы
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Организмде темірдің алмасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz