Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Кіріспе 3
І тарау Оқу процесінде компьютер мүмкіндіктерін пайдаланудың ерекшеліктері
1.1 Мектептегi жеке пәндерді оқытуды компьютерлендiру мүмкiндiктерi 7
1.2 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп курсында алатын орны 14
1.3 Оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі 19
ІІ тарау Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
2.1 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп курсында алатын орны 26
2.2 Математиканы оқыту үрдісінде компьютерді қолдану 32
2.3 Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар 39
Қорытынды 50
Қолданылған әдебиеттер 52

І тарау Оқу процесінде компьютер мүмкіндіктерін пайдаланудың
ерекшеліктері
1.1 Мектептегi жеке пәндерді оқытуды компьютерлендiру
мүмкiндiктерi 7
1.2 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп
курсында алатын орны 14
1.3 Оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі
19

2.1 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп
курсында алатын орны 26

Қосымшалар 53
Кiрiспе
Қазiргi таңда компьютерлiк технология қоғамдық өмiрдiң барлық саласына
енуде. ғасырда Қазақстан мемлекетi экономикалық, саяси, әлеуметтiк
т.б. әртүрлi проблемаларды шешудi алдына қойып отыр. Бiлiм саласы Қазақстан
мемлекетiнiң iшкi саясатының басты облысы болып табылады. Стратегиялық
“Қазақстан-2030“ дамуында оқуды компьютерлендiру маңызды орын алады.
ғасырдың соңы компьютерлiк техниканың дамуымен ерекшеленетiнi
сөзсiз. Компьютердiң есептеу,ақпараттарды қабылдау,оны өңдеу және сақтау
секiлдi мүмкiндiктерi олардың қоғамымыздағы араласпаған саласы жоқ
екендiгiн көрсетедi. ЭЕМ-дi оқу процесiне қолдану практикасы мен арнайы
зерттеулер оқытудың ұйымдық түрiне әрi мазмұны мен әдiсiне ықпал ететiнiн
дәлелдеуде. Компьютерлер оқу мiндеттерiнiң ауқымын айтарлықтай кеңейтiп,
оқыту мазмұнына дәстүрлi оқыту жүйесiнде ескерiлмеген негiзгi аспектiлердi
енгiзуге мүмкiндiк бередi. Сабақтың мiндеттерi оқыту, дамыту және тәрбие
беру мақсаттарымен анықталатыны белгiлi. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын
талаптардың бiрi оқыту барысында сөз бен көрнекiлiктi үйлестiру, қазiргi
кездегi техникалық құралдарды,әсiресе компьютерлердi қолдану. Оқу процесiне
компьютердi пайдалану психология ғылымының iргелi принциптерiне: психиканы
қызмет ретiнде түсiну, оның сыртқы практикалық қызметпен бiрлiгiн сезiну,
адамның психикалық қызметiнiң әлеуметтiк табиғатын бiлуге негiзделедi.
Демек, ақыл-ой қызметiн бiртiндеп қалыптастыру теориясынан туындайтын
қағидалар оқу программасын жасау методикасының негiзiне айналуы тиiс.
Қазiргi уақытта мектеп курсында компьютерлiк техниканы тиiмдi
пайдалану кең қолдау тауып отыр. Ғылымның негiзгi салаларын оқытуда
компьютерлiк техниканы қолдану әдiстемесi А.П.Ершовтың, В.М.Монаховтың,
В.Г.Болтянскийдiң, А.Г.Кушниренконың, Ж.А.Қараевтың, Т.Ж.Байдилдиновтың
және т.б. еңбектерiнде қарастырылады.
Қазiргi кезде жетiлген дербес компьютерлер көмегiмен сабақты тиiмдi
өткiзу жолдарын жоспарлауға толық мүмкiндiк бар. Елiмiздiң 2030-шы жылға
дейiнгi стратегиялық жоспарында мектептердi компьютерлендiру бағдарламасы
қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазiргi кезде мектептердiң көпшiлiгi
жаңа типтi компьютерлермен жабдықталды. Қазiргi күнi компьютердi сабақ
барысында қолдануға кедергi болып отырған бiрнеше жағдайлар бар:
-бiрiншiден, мектептердегi компьютерлiк кабинеттердiң аздығы, яғни әр
мектепте бiр-бiрден ғана кабинет бар, тiптi кей мектептерде жоқ та;
-екiншiден, арнаулы программалық пакеттердiң тапшылығы, оның iшiнде ұлттық
тiлде жазылған программалар жоқ деп айтуға болады;
-үшiншiден, пән мұғалiмдерiнiң компьютердi пайдаланып сабақ өткiзуден бас
тартатындығы, оған себеп,компьютерлiк дайындықтың жоқтығы.
Бiр назар аударатын жайт, компьютердi қолдану-мұғалiмнiң де арнайы
дайындығын қажет етедi. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орындарында
студенттерге компьютерлiк дәрiс беру мен әдiстемелердi оқыту, орнымен жұмыс
iстеудiң шеберлiгiн қалыптастырумен ұштастырылуы тиiс.
Мұғалiм компьютерлiк сауаттылықтың төмендегiдей ғылыми негiздерiн бiлу
шарт:
-Бiрiншiден, компьютердi қолданудың кибернетикалық негiздерi, яғни
компьютерлiк құралдарды пайдаланудың механизмдерi мен заңдылықтарын
меңгеруi керек.
-Екiншiден, компьютердi өз сабағына байланысты тиiмдi пайдалана бiлуi
қажет, яғни сабақ мазмұнымен (тақырыбымен) жасанды интелектуальдық
ақпараттың (компьютердiң) ара байланысын тануы қажет.
-шiншiден,психологиялық негiздерiн айқын тануы керек, яғни оқушының
компьютермен жұмыс iстеудегi iшкi психологиялық процестердiң өзiндiк
ерекшелiктерiн тануы қажет.
-Төртiншiден, танымдық-гносеологиялық негiздерiмен жақсы таныс болуы керек,
яғни компьютердi қолдану барысында оқушының танымдық мүмкiндiктерi ашыла
түседi, сол жолдың ерекшелiгi сақталу керек.
-Бесiншiден, логикамен байланысы айқын танылуы қажет, яғни оқушының ойлау
жүйесiндегi ұғым, топтастыру, пайымдау, ой-қорытудағы компьютерлiк қызметiн
анықтау керек.
-Алтыншыдан, компьютерде қолданудың дидактикалық-әдiстемелiк негiздерiнiң
танылу маңызды роль атқарады.
Танымдық негiздер қай салада да маңызды болады, өйткенi адамзаттың
әрбiр даму жолындағы жаңалық-танымдық жолындағы жаңалық ретiнде бағаланады.
Әр замандағы танымдық қатынас, ойдың ақиқатқа жетуiнiң жолдары мен
әдiстерi, онiң әдiсi адамның дүниеге қатынасының белгiлi бiр типiн
бейнелейдi, соны идеалдық формада дамытады. Адам iс жүзiнде дүниеге қандай
қатынаста тұрса, ойлау да сондай қатынаста тұрады.
Қоғамдық өзгерiстердiң барлығы адамдардың өзгеруiнен басталатыны
белгiлi. Өйткенi өмiрдiң негiзгi күшi адамдар болып отыр. Адам баласы өзiне
берiлген күштердiң арқасында табиғатты игеруге, тани түсуге бар күшiн
салады, сол арқылы адамның өзi жаңа сапаға ие болады, олардың дүниенi тануы
тереңдеп, оған әсер етуi өзгередi, сөйтiп адамның өз қабылеттерi артады.
Осындай танымдық күштiң нәтижесiнде пайда болған компьютерлiк құрал-адамның
жасанды нәтижесi бола отырып адамды көптеген қиындықтардан құтқаратынң
көмекшiсiде болады, танымның терең сырларына жетелейтiн жетекшiсi де бола
алады. Сондықтан да компьютерлiк сауаттылықты Қазақстан Республикасы
бiрiншi орынға қойып отыр.
Адам баласы компьютердi өзiне сай етiп жасады деген пiкiр бар. Әрине
адам баласының өң бойында жүрiп жататын биохимиялық, психологиялық
процестердi машинаға аудару мүмкiн емес. Себебi, оның құпиясы адам санасына
танылмай келедi. Дегенмен де, электрондық көмекшiлерi адамның барлығы
болмағанымен, көптеген iс-әрекеттерiн үйренiп, соңында адамның өзiн
үйретуге жарап келедi. Сондықтан да компьютердi жасаушы ғалымдардың
қызығатын мәселесi-адам мен компьютердiң ұқсастығы емес, керiсiнше, олардың
бiр-бiрiнен айырмашылығы .
Кибернетика атасы ғалым Н.Виннер машинаның логикасы адамның
логикасына ұқсайдың десе, Д.Нейман адамның миы мен машина миыныңң
есептеуi түрлi дей келiп, сол түрлiлiктiң өзi адам миының аса терең құпиясы
мол екенiн көрсетедi.
Компьютер қалай болғанда да адам баласының ойлап шығарған құралы.
Сондықтан, оның тым асыра бағалануы терiс әсер тигiзуi мүмкiн екендiгiн әр
уақытта есте тұтқан абзал. Адам баласының санасы, миы, қызметi-барлығы
компьютермен салыстыруға теңдесi жоқ, бағалы нәрселер екенiн де оқушыларға
осындай салыстырулар жүргiзiп үйрету керек. Мұның өзi оқушының өзiң-өзi
тануға ұмтылысын да қалыптастыра алады. Бiрақ, компьютердiң бұл жердегi
артықшылығы-оның тез операциялар мен еске сақтау қабылетiнiң күштi
екендiгi.
Қазiргi ғылым мен техниканың, өндiрiс технологиясының қарқынды дамуы,
экономиканы көтерудiң күрделi мәселелерiн шешу кезеңiнде мектептегi оқыту
оқушыларды белгiлi бiр бiлiм қорымен қаруландырумен шектелмеуi тиiс. Олар
алған бiлiмдерiн өз беттерiмен әрi қарай кеңейтiп, тереңдетiп әртүрлi және
жаңа жағдайларға қолдана алатындай жоғарғы деңгейдегi ойлау қызметiн
дамытуға қол жеткiзу керек.

1.1 Мектептегi жеке пәндерді оқытуды компьютерлендiру мүмкiндiктерi
Қалыптасқан оқыту технологиясына компьютерлер сөзсіз өзгеріс енгізуі
тиіс. Педагогикалық тұрғыдан алғанда компьютерлік ақпараттық технология
компьютерлік негізде оқытудың түрлерінінің әдістері мен тәсілдерінің
жиынтығы дегенді білдіреді. Әдістемені компьютерлік қолдау туралы да айтуға
болады, бұл орайда ЭЕМ-ге қажетті әдістеме жасалуы тиіс.
Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық
ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға,
барлық пәндерге кірігіп кетеді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз
болғанда мынадай күрделі мәселеге зер салу керек: Компьютер мұғалімң.
Компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана
қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап. Бұл жерде мұғалімнің
рөлі ерекше әрі шешуші. Компьютер әрдайым мәлімет ошағы бола береді, одан
мұғалім қажеттісін ала білуі қажет. Мұғалімнің рөлі негізінеí оқушыларға
тиісті деңгейде білім беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы өз шама-
шарқынша компьютерді пайдаланып білгенін дамыта түседі. Осылайша білім
берудің ұжымдық түрін сақтай отырып, даралап оқытуды да күшейте түсуге,
сөйтіп оқушылардың білім сапасын жақсатуға болады.
Мектепке компьютерлік техниканың тереңдеп енуіне қарай мұғалімнің де
рөлі барынша арта түседі: ол оқушылардың даярлық деңгейі мен қабілетін
ескеріп, олармен жеке, шығармашылықпен жұмыс істеуге көбірек уақыт табады.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуінің сипаты да өзгереді-педагогикалық
құралдарды іріктеп алу, компьютерлік оқытудың математика сабағында орнын
анықтауға ерекше мән беріледі.
Дербес компьютерлерді математика сабағында пайдаланудың мынадай
міндеттерін бөліп айтуға болады:
-оқыту үрдiсiнде керi байланысты қамтамасыз ету;
-даралап оқыту үрдiсiн жүзеге асыру;
-компьютердiң графикалық мүмкiндiктерiн пайдаланып,
жаңа сабақты түрлендiрудiң көрнекiлiгiн арттыру;
-қажеттi ақпаратты iздеуге байланысты тапсырмалар;
-математикалық есептердiң мәнiнде немесе математикалық модельдермен
сипатталатын әдiстер мен құбылыстарды
модельдеу.
Дербес компьютерлерді математика сабаына пайдаланудың негізгі
түрлеріне әр түрлі бағдарламалар жатады. Компьютер арқылы оқыту үрдісін
толыққанды түрде ұйымдастырудың негізгі үш аспектісін бөліп айтуға болады:
-оқушылардың танымдық белсендiлiгiн басқару;
-оқу әрекетiн мұғалiм-компьютер-оқушы жүйесi түрiнде басқару;
-мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекетi мен ынтымақтастығын оқушылардың
өздерi басқарады.
Математика сабағында компьютерлік оқытудың әр түрлі жолдары бар.
Мысалы, бір түрінде оқушы компьютермен тікелей қарым-қатынас жасайды.
Компьютер оқушыға берілген тапсырманы анықтап, тиісті көмек көрсетеді. Бұл
жерде оқу мұғалімнің қатысуынсыз өтеді. Екінші бір түрінде компьютер
оқушылармен емес, мұғалімдермен әрекетке түседі. Ол мұғалімге сабақ
жүргізуге көмек болады, мысалы, оқушылардың орындаған бақылау жұмыстарының
нәтижелерін шығарып, жұмсалған уақыт пен жіберілген қателерді көрсетеді.
Компьютер оқушыларға қатысты қандай да бір оқыту әрекетін қолданудың
мақсатқа сәйкестігі жөнінде кеңес береді. Бірінші түрдегі жүйе оқушының
жауабынан кейін шешім қабылдаса, екіншісі тек кең ауқымды шешімдерді
қабылдап, оқыту сценариін жасап шығарады. Сонымен бірге, ол математиканы
оқыту құралдарының бай арсеналын кеңінен пайдалана отырып, дәстүрлі оқыту
шеңберіне кіреді. Дербес компьютер оқушынының оқу үрдісіне белсене
араласуына жағдай жасап, оқу материалын түсініп әрі есте сақтауына
жәрдемдесуі тиіс. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік даярлығы
мектепті компьютерлендіру ісімен байланысты.
Есептегіш техника құралдарымен мектепте шешуге болатын есептер өрісі
шексіз кеңейе түсуде. Есептегіш техника құралдарын енгізуге байланысты
математиканы оқыту әдістемесі мен мазмұны да өзгеруде. Есептеу жұмыстарының
мазмұны, көлемі, сипаты өзгеруде. Мектептегі дәстүрлі дара есептеулер,
сондай-ақ, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға, графиктер құруға, кестелер
толтыруға қатысты бір формула бойынша көптеген мәрте есептеу т.с.с.
компьютердің көмегімен орындалып, математика сабағында көп уақыт
үнемделеді. ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін алгебралық және трансценденттік
теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуде пайдалану қолайлы. ЭЕМ-де
қозғалыстарды бейнелеуге болады, сол арқылы түрлендіру тобына байланысты
геометриялық фигуралардың ерекшеліктекрін білуге, компьютердің графикалық
мүмкіндіктерін сызбалар, модельдер, кеңістікте фигуралар құрастырғанға
пайдалануға мүмкіндік мол.
Компьютерді қолдану үшін алгоритм ұғымын оқушылар жете түсінуі қажет.
Құрылған алгоритм негізінде программа құрып, бір типті көп есептерді
шығартуға болады. Еліміздің даму стратегиялық бағдарламасында мектептерді
ауылдық жерден бастап, компьютерлендіру мақсаты қойылып отыр. Осы мақсатқа
байланысты білім беру жүйесінде мектептегі әрбір пәнді оқытуда компьютерді
пайдалану проблемалары туындайды. Әсіресе, математиканың орны ерекше және
шешуші маңызға ие болмақшы. Компьютерлендіру программа құру арқылы оқыту
негізінде уақыт үнемдеу арқылы білім беруді жеделдеттіреді. Ең бастысы, ой
энергиясын аз жұмсап, есепті шығарудың дұрыстығының сенімділігін арттыру.
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім
беру саласын жетілдіруді талап етеді. Оқу-тәрбие жұмысының барлық процесі
мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының алған
білімінің тереңде, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық
әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ғылым
ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің
барлық саласына енуде. Сонымен қатар мектептерді жаппай компьютерлендіру
тек информатика пәнінде ғана емес, жалпы барлық пәндерде компьютерді
қолдануда да ерекше маңызды.
Мысалы: компьютердiң жұмыс iстеуi үшiн программа деп аталатын
(бұйрық) команда, ең алдымен есептi шығарудың ережелерi, яғни алгоритмi
берiледi. Сонан соң машина тiлiне аударылады. Осы машина тiлiне аударылған
алгоритмдi программалау деп атайды. Компьютер арқылы кез-келген
математикалық есептеулердiң нәтижелерiн, сонымен бiрге қабылдау
емтихандарын тестiлеуде, бақылау жұмысын алуда үлкен роль атқарады. Мысалы:
5-сынып оқулығындағы №111 есептi қарастырайық:
a+b+c өрнегiнiң мәнiн есептеп шығару.
Мұндағы: а=219, b=523, c=131.
1. 219+523+131=873
2. Алг “өрнектiң мәнiн табу(нақ а,в,с,у)”
Арг а,в,с
Нәт у
Y=a+b+c
Соңы.
3. program ornek;
var y,a,b,c:integer;
begin
writeln(‘a,b,c мәндерін енгіз:’);
readln(a,b,c)
y:=a+b+c;
writeln(‘y=’,y);
end.
2.Өрнектiң мәнiн тап(8-сынып)
1.a=-2; =-==-
2.алг “Өрнектi есептеу (а,у)”
арг а
нәт у
басы
y=(a-8)(2a+5)
соңы.
3. program ornek;
var a:integer;
y:real;
begin
writeln(‘a мәнін енгіз:’);
readln(a)
y:=(a-8)(2*a+5)
writeln(‘y=’,y);
end.
Машинаны пайдалану сабақтардың оқыту әдiсiн күрт өзгерттi және жақсы
нәтиже бердi. Осы программамен шығарылатын мектеп оқулығындағы бiр типтi
есептердi шығаруда тиiмдi. Бiр жағынан оқушылар активтi болады, екiншi
жағынан уақыт ұтамыз. Өөйткенi 2-3 есе көп есептер шығарамыз. Бұл сатыда
оқушының жұмыс көлемi көбейедi. Компьютердi қолдану үшiн оқушы алдын ала
дайындық жұмыстарын жазады, оқушының ойлау қабылетiн, ынтасын дамытуға
ықпал етедi.
Мектеп курсындағы информатиканың кейбiр бөлiмдерi мұғалiмдердi
белгiлi бiр математикалық аппаратты қолдануға “мәжбүр етуiне” орай, мектеп
курсындағы информатиканың мазмұнында компьютерлік математика мәселелеріне
арналған бөлім болуы қажет деп ойлаймын Компьютерлік математикаң
ұғымын Д.Кук пен Г.Бейз енгізді. Бұл термин есептеуге қатынасы бар
оқырманды компьютерлік ғылымның көптеген проблемаларын сығылған және дәл
бейнелеуге мүмкіндік беретінң қазіргі математика бөлімдерінің жиынтығын
анықтайды. Компьютерлік математика-бұл элементтері келесі пәндер болатын
жүйе:
1.Құрылымды математика негіздері -семиотика элементтері (логикалық емес
формальдық тіл: сөздер, сөз жүзінде есептеу) формальдық грамматикалар,
автомат теориясы;
-математикалық логика және алгоритм теориясы (формальды, реттік, логикалық
тілдер) есептеу және нақтылы тілге арналған модель теориясы; математикалық
теория, есептеу модельдері; арифметика- S теорясы, есептеу модельдері;
Тьюринг машинасы және Пост машинасы, МНР, Марков алгорифмі, реккурентті
функциялар, алгорифм күрделілігі жайында сұрақтар.
2.Құрылымды дискретті математика (буль функциялары, графтар теориясы,
кодтау теориясы, комбинаторикалық анализ, машиналық арифметика).
3.Есептеу әдістері (компьютерлік алгебраны ескереді).
4.Компьютерлік геометрия (компьютерлік графиканың конструктивті
математикалық негіздері және есептеу геометриясы).
Айтылған Компьютерлік математика пән мазмұнының негізі бола алады.
Конструктивті математика негіздеріне арналған бөлімнің мазмұнын былайша
келтіруге болады:
1.Алдын ала алынған математикалық мәліметтер.
Аңығырақ жиындар теориясы. Қатынастар. Кескіндеу. Алгебралық операциялар.
2.Семиотика элементтері. Сөздер. Сөз арқылы есептеу, логикалық емес
формальды тілдер және оларды операциялау.
3.Математикалық логика элементтері. Бірінші қатардағы логикалық тілдің
синтаксисі. Бірінші қатардағы классикалық гильберттік есептеу. Формальді
математикалық теория. Формальді арифметика (S теория).
4.Формальді грамматикалар. Тіл мен формальді грамматикалардың жіктелуі.
Формальді тіл программалауының синтаксисі. Нормальді және кеңейтілген Бэкус-
Наура формасы.
5.Дедуктивтік және операциялық семантика. Дедуктивтік семантика.
6.Автоматтар теориясы. Онда соңғы Рабин-Скотт автоматты анықтап білуші
болып табылады. Тьюринг машинасы өзгертуші болып табылады.
7.Есептеу және тудыру модельдері (Пост машинасы, Тьюринг машинасы,
Марковтың нормаль алгорифмі, Посттың нормаль жүйелері, Посттың канондық
жүйелері).
Мектептің информатика курсының теория бөлімін Компьютерлік математика
негізің деп атап, конструктивтік математиканың кейбір сұрақтарын енгізе
отырып, төмендегі тақырыптарды көрсетейік:
1.Алғашқы математикалық мәліметтер. Бұл тақырып өте маңызды болатынын атап
өткен жөн.
2.Семиотика элементтері (негізгі түсініктер: сөздер, сөз арқылы есептеу,
сөз арқылы есептердегі формулаларды дәлелдеу)
3.Логиканың математикалық элементтері (негізгі түсініктер: нөлдік реттегі
тіл үшін теориялық модель)
4.Формальді грамматика элементтері.
5.Автоматтар теориясының элементтері.
6.Алгоритмдер теориясының элементтері(негізгі есептеу модельдері: Пост
машинасы, Тьюринг машинасы, Марков алгорифмі).
Жоғарыда талқыланған сұрақтардың методикалық шешімдерінің кейбір
мүмкіндіктерін қарастырайық.
Математикалық логика элементтері.
Көптеген мысалдардың ішінен берілген тарау мазмұнын оқушыларға оқытуға
арналған әрекеттердің ретін келтірейік:
1. Пікір айту ұғымының анықтамасын енгізу:
2. Негізгі операцияларды анықтау: логикалық қосынды, логикалық
көбейтінді, логикалық терістеу;
3. Жеке логикалық операциялардың қасиеттерін, сондай-ақ жалпылама
қасиеттерін зерттеу (үлестірімділік қасиеттерін);
4. Оқушыларды қарапайым тепе-теңдік түрленуінің әдістерімен (жұтылу және
жабысу операцияларымен) таныстыру;
5. Тепе-теңдік ақиқатты, жалған эквивалентті пікір ұғымдарын енгізу;
6. Оқушыларды ақиқат кестелерімен таныстыру;
7. Қолданбалы есептердің мысалдарын келтіру, оларды шешу үшін пікір
алгебрасының аппараттарын қолдануға болады
Есептегіш модельдер (алгоритм теориясының элементтері).
Алгоритмизация шекараларын оқыту өте маңызды методикалық сұрақ болып
табылса да әлі толық зерттелінбеген. Бұл бөлімді оқыту оқушыларда кейбір
компьютерсіз-ақ шешілетін есептерде жеке бөлік көрсету дағдыларын
қалыптастырады.
1.2 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп курсында алатын
орны
Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен
анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салалрында қолданылатын әртүрлі
информациялық технологиялардың жалпы сипаттамалырымен қатар әрқайсының
өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен
процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикплық жабдықтардың әртүріне
және әртүрлі информациялық тасымалдаушыларға геніздельген “пәндік
информатикалар” пацда болды.
Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық
ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатика проблемаларын қарастыратың сала
мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы информатика ғылымның
бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді
программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан
қамтамасыз етуді зеріттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын
программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және
оқыту жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп
информатикасын оқу әдстемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша
оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы
төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту
тереңдігі мен материялдық баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірінен
едәуір айырмашылығы бар, әр түрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары
пайдаланылады. Тағы бір айтылатын міселе информатиканы оқытатын
мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі. Сондықтан әр
мектептегі информатиканы оқыту нақты мазмұны мен бұл пән бойынша
оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың
деңгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың
маңызды мәселелері қалып қояды.
Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары кластарда
ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр. Қазіргі кезде
Информатика жетінші кластан оқытылады. Ал, бұл информатиканың мазмұнының
осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуына талап етеді.
Үшіншіден, информатика курс алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық
қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі. Бұдан бұл курстың
жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта
компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зеріттеу
мәселелерінде біртіндкп межелеп бөліну байқалып келе жатыр. Есептегін
техниканың мектепте жаппай енгізілүі жағдайында барлық пәнді оқытудағы
компьютердің қолданылуы томенгі кластарда компьютерлік сауаттылықты
қалыптастырудан бастап, мектептегі брлық оқу пәндерінде қалыптастырылатын
жалпы оқу іскерлігімен сипатталады. Информатика негіздері курсының алдында
компьютерлік сауатылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім
беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.
Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл крстын жалпы
білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты
жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көніл
аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру
мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай
озгерістердің бағытына сәкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұның
қайта қарауды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін білімнің
негізі компоненттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың
дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың
мазмұнындағ жалпы білімік мәні бар негізгі мәселелерді айқындауыға
мүмкіндік береді.
Информатика және есептегіш техника негіздері курсын оқыту
тәжірибелерін талдау, мектепке информатиканы оқыту мақсатының
жаңа түсінігі мектептегі оқу процесінде информациялық мәдениетті
қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезенгі бөлу
қажеттілігін көрсетеді (А.Кузнецовтың тұжырымдамасы).
Бірінші кезең (1-6-кластар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезінде
оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика,
Орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу
ойын програмаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы
элементері қалыптасады.
Екінші кезең (7-9-кластар) – оқушыларға информатикадан берілетін
міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға
информациялық техналогия қуралдары мен
әдістерін пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онаң
кейін кәсіптік мамандығына компьютерді саналы да, тиімді
пайдалану дағдысынқалыптастыруға бағытылған. Иформатиканы
жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру, яғни мектептегі білім
беруді информатикаландыру жағдайында информатикадан берілетін білім мен
іскерліктің басқа пәнтерді оқытуда орта буыннан бастап кеңінен пайдаланылу
қажеттілігі екі негізі фактормен сипаталды:
1) информатиканы төменгі класстардан бастап оқытудың оң нәтиже
беретіндігі;
2) дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өспірімдердің дүниеге
ғалыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды
ролі бар.
3) Компьютерлік сауттылықты қалыптастыруға байланысты информациялық
технологияны практикалық іс-әрікетке кеңінен қолдануға дайындықты
қамтамассыз ететін пайдаланушылық аспект.
Үшінші кезең (10-11-кластар) – кәсіптік оқыту ретінде информатика
саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика
мамандығына бағытталған кластар мен мекткптер үшін программалау мен есептеу
математикасы әдістерін терендетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына
бағытталған мектептер үшін – экспремент мәліметтерін өңдеу, компьютерді
модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектетері
үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған
есептерді шығаруға информациялық технологияны қолдану іскерлігін
қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының
құрылымы төмендегідей:
1. Информациялық процестер, информацияның берілуі:
▪ адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада информацияны пайдалану, алу,
тарату, түрлендіру және сақтау;
▪ информацияны сандық бағалау, информация мөлшерінің бірліктері;
▪ тіл информацияны беру тәсілін реттегенде, информацияның екілік түрде
берілуі және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
▪ компьютерде командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
2. Алгоритмдеу және программалау.
▪ алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам
қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері;
▪ шама: атау және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрлымы;
▪ алгоритмдердің негізгі құрлымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану,
алгоритмдер кітапханасы;
▪ мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі).
3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.
▪ ЭЕМ жұмысын басқаруды ұиымдастыру, компьютердің негізгі құрлымының
жалпы жұмыс істеу принципі;
▪ ЭЕМ-де программаның автоматты түрде атқару принципі;
▪ ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық программалық
қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері, инструментарийлер,
қолданбалы программалық қамтамасыз ету).
4. Формальдау және модельдеу негіздері.
▪ формальдаудың негізгі принципі;
▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5. Информациялық технологиялар.
▪ компьютерде есеп шығару негіздері: есептің қойылысы, модель құру,
алгоритм жазу және атқару, Нәтижелерді талдау;
▪ текстік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры,
электрондық кестелер;
▪ телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер
(жергілікті, аймақтық, аумақтық), оның тағайындалуы мен мүмкіндіктері,
электрондық телеконференциялар;
▪ мультимедия технологиясы.
Бұл жалпы білім беретін орта мектеп информатика курса бойынша
берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту терендігі мен деңгейі,
оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау
осы пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал,
материялдың жүйелік баяндалуы, логикасы – мектепте информатиканы оқытудың
әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім әдіскер, ғалымдардың жұмысы
болып табылады.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық
ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында,
мектептерде қолданылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып
табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа
ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық
кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік
береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз
ету;
-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап
жүзеге асыру;
-оқу - тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді
қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік
жұмыстарын жүргізу;
-мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім
стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық
технологияны пайдадану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді
басқаруда ақпараттық жүйені құру;
-білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық –техникалық
құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды,
электрондық оқулықтарды жасақтау;
-педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін
пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің
түсініктілігі;
-жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
-білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-жалпы компьютерлік сауаттылық;
-оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелер:
-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын
көтеру;
-жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу
арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынща оқушыларды
мамандыққа баулу механизімін құру;
-біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық
ресурстарға жедел ену;
-мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық
лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік
кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
-республиканың білім беру мекемелерін бас0арудың біртұтас ақпараттық
желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық
желісін құру.
Білім беруді ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:
І.Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;
1.Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы
(ҚР Президентінің №3645 өкімімен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекітілген)
2.Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік оқу мекемелерін
ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкіметінің №616 қаулысымен 2001 жылдың 10
мамырында бекітілген)
З.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы №1037
қаулысымен қабылданған "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы".
ІІ.Оқу жоспары және бағдарламасы;
ІІІ.Ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;
ІV. Программалық жағынан қамтамасыз ету; Қолданбалы
программалық құралдар, электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар.
V. Мамандармен қамтамасыз ету;
Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру:
1-кезең "Ақпараттық технология негіздері"
2-кезең "Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы"
3-кезең "Интернет-технология. Web -сайтты құру технологиясы"
4-кезең "Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкіндігін
шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы"
VІ.Глобальды коммуникациялық құралдар.
Интернетке қосылу арқылы әлемдік білімдік кеңістікке шығу. Қашықтан
оқыту формасына көшу.
Мемлекеттік ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында түрлі
қызмет салаларын ақпараттандыру және біртұтас әлемдік ақпараттық кеңістікке
енуді қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттік органдарда
бекітіліп, жүзеге асырылу механизмдерін реттеу.
Білім беруді ақпараттандыру - білім беру саласының теориясы мен
практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту
мен тәрбиелеудің психологиялық -педагогикалық мақсаттарын жүзеге
асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану процесі.
Ақпараттық кеңістік - белгілі бір ереже мен қағидаларға негізделіп
ақпараттық субъектілерін өзара әрекетін және ақпараттық тұтынушылардың
қызметін толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз
ететін ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер
мен желілердің жиынтығы.
Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелердегі жекелеген құжаттардың
немесе қүжаттар жиынтығы (кітапханалардағы, архивтегі, деректер қорындағы
және басқа да ақпараттық жүйелердегі).
Ақпараттық жүйе – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын ақпараттық
технологиядағы реттелген құжаттармен бірнеше құжаттар жиынтығы.
Ақпараттық процестер - ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, іздеу және
тарату процестері.
Ақпараттық орта - ақпараттық процестер мен қарым - қатынас ретінде
пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердің жиынтығы.
Ақпараттық процестер субъектісі – ақпараттық ресурстар иегері және
меншігі ретінде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар
ақпаратты қолдаушылар басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
Ақпараттық процестер объектісі - ақпараттық ресурстар мен жүйелер,
технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
WWW (World Wide Web) - гипермәтін құрылғысы көмегімен мультимедиялық
құрылғыларға өту мүмкіндігі мен іздеу навигациялар жүйесі.
Гипермәтін - басқа мәтіндермен байланысты жүзеге асыру мәтіні.
Қашықтан оқыту. Қазақстандағы білім беру жүйесін ақпараттандыру
үрдісінің тұжырымдамалық ережесі экономиканың ғаламдану дәуірінде
мемлекетті өркендете алатын ақпараттық сауатты
мамандар буының қалыптастыру арқылы елді әлеуметтік-экономикалық жағынан
дамытуға бағытталған ақпараттық инфрақұрылымды жасауды, жетілдіруді талап
етеді және мынадай негізгі міндеттерін атап көрсетуге болады:
-қазіргі ақпараттық қарым-қатынастық технология кезінде білім берудің
ғылыми-әдіснамалық және құқықтық – нормативтік негіздерін зерттеу;
-бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
-ақпараттық білім беру желісін және орталық телекоммуникация
торабын қалыптастыру;
-білім беру ресурсынан және оның бөліктерінен бірыңғай ақпараттық
база жасау;
-білім беру жүйесін программамен қамтамасыз ету индустриясын және оқу
мақсатындағы электрондық – мультимедиалық тасушыларды қалыптастыру.
Бүгінгі уақытта аймағымыздағы елдердің бәрі дерлік ұлттық ақпараттық
инфрақұрылым жасауға кірісіп кетті.
Елімізде ақпараттық, қарым - қатынастық технологияларды
енгізу және ақпараттық ортаны қалыптастыру білім беру жүйесінің түбірлі
өзгерістеріне негіз болды яғни, білімдік желі құру жұмысы басталды. Оған
еліміздің негізгі фирмалары- Қазақтелеком мен АЛСИ қатысады. Бұл
желінің негізгі міндеті - білім беру үрдісі. Әрбір деңгейге және тұтас
алғанда бүкіл білім беру жүйесінде кеңінен қол жететін ақпараттық-білімдік
орта қалыптасады, онда әрбір оқушы өзінің оқу үстінде қазіргі жаңа
ақпараттық қарым - қатынастық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін
пайдаланатын болады деп ойлаймыз.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасынын
негізгІ мақсаты - әлемдік ақпараттық кеңістікке ену және оны жүзеге асыру
үшін "интернет" желісіне қосылу және "электрондық поштаны" пайдалану қажет.
Егер осы байланыс жүйелерін қолдана білсек әлемдік деңгейде бұл бағытта
еркін жұмыс жасайтындай мүмкіндікке ие боламыз.
Интернет жүйесімен жұмыс істей білу - әлемдік ақпараттан мәлімет алуға
үлкен мүмкіндік береді. Ал, қазіргі жағдайда ақпаратты мәліметке ие болу
дегеніміз - экономиканың барлық саласында үлкен жетістікке жетудің бірден -
бір жолы екендігі белгілі. Сондықтан интернет жүйесін игеру кезек күттірмес
қажеттілік.
Электрондық поштамен жұмыс қашықтықта орналасқан абоненттермен
компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ақпаратты
өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде
жеткізетін қазіргі пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез
келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі
құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген
пікірін тез жинап алуға болады.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияны кең көлемде енгізу
педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің
арсеналының кеңейуіне, оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік
жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Ал, қазіргі кезде дыбыстық,
графикалык, бейне, мультимедия, гипермәтіндік
элементтермен "қашықтан оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту
құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай
оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен
біліктіліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал. Қазіргі заман
талабына сай электронды оқулықтар жасақтап, оқушыларды қашықтықтан оқыту
мәселелерінің шешілуі үшін арнайы Web -сайт даярлап осы мақсатта даярланған
сайтты Internet желісіне қосу өзекті мәселелердІң бірі.
Оқу ақпаратын әсіресе қашықтықтағы және халқы аз елді мекендерге
жеткізудегі теледидардың зор мүмкіндіктерінің ерекше маңызы бар. Олар озық
педагогтік әдістердің, үздік ғалымдар мен практиктердің
жұмыстарының, мұражай кітапхана және мұрағат қорларының, қажет етушілерге
шектеусіз жетуіне жағдай жасайды, Жобаны бастаушылардың бірі "КАТЕЛКО" ЖАҚ.
Спутниктік антенналармен және қабылдағыштармен, арнайы Интернет -
карталармен білім беруді ұйымдастыру үшін күн сайын хабар таратылады.
Білім беруді ақпараттандырудың республикалық орталығы атқарады.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстарында қажетті жабдықтар сатылып
алынуда.
Бүгінде қашықтан білім берудің және оны ұйымдастырудың көптеген
тұжырымдамаларын қарастырсақ, әлемдік және аймақтық желілік
жаңа технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады.
Қазақстан үшін қашықтан оқытуды дамыту көкейтесті мәселе болып
отыр. Осыған орай тәжірибелер де жүргізілуде.
Қазақстанның Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту формасын енгізу
жағдайларын зерттеуді Томск мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік
Қыздар педагогтік институтының бірлескен ғылыми - педагогикалық
тәжірибесінің үлгісімен жүзеге асуда. Алғашқы тәжірибе мұндай оқыту түрін
Қазақстанда ұйымдастырудың болашағы бар екенін көрсетті.
Қазіргі кезде Республикада қашықтан оқыту жүйесі Шығыс және Батыс
Қазақстан облыстарында, Павлодар облыстарында бастауын тапты.
1997 жылы 22-ші қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев кабылдаған ҚР орта
білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасының бір
элементі қашықтан оқытудың спутниктік арнасын жасау қажеттілігін айқындай
түсті. Ондағы мақсат - білІм беруді тиімді ұйымдастыру, біртұтас ақпараттық
жүйеге шалғайдағы оқу орындарын біріктіру, ақпарат алмасу.
Қашықтан оқыту жобасын жүзеге асырудың негізгі құралдарына
"электрондық оқулық" және "қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы" жатады.
Қашықтан оқытудың тиімділігі.
XXI ғасырдағы білім беру нарығының негізгі талабы-ол үздіксіз жаңа
біліммен және икемділікпен қарулану больш табылады. Бұл жағдайда
қашықтықтан оқыту мамандардың білімін өте қысқа мерзімде өздерінің таңдауы
бойынша күндіз немесе сырттай көтеруіне мүмкіндік береді. Мұнда жеделдетіп
оқыту процесі де жүзеге асырылады. Осы аталған процестер оқытудың "жеке
проекциясы" жобасын жасақтауға келтіріп отыр.

2.1 Информатиканың пәнаралық байланысы және оның мектеп курсында
алатын орны

анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылатын әртүрлі

процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикалық жабдықтардың әртүріне
және әртүрлі информациялық тасымалдаушыларға негізделген пәндік
информатикалар пайда болды.

ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатика проблемаларын қарастыратын сала

пайдаланылады. Тағы бір айтылатын мәселе информатиканы оқытатын

Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары сыныптарда

Информатика жетінші сыныптан оқытылады. Ал, бұл информатиканың мазмұнының

компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зерттеу

қалыптастырудан бастап, мектептегі барлық оқу пәндерінде қалыптастырылатын

Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы

озгерістердің бағытына сәйкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұнын

мазмұнындағы жалпы білімдік мәні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz