Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе 3

І. Зерттеу жүргізілген орын, мәліметтер мен зерттеу әдістері. 5

1. 1 Зерттеу жүргізілген орын 5

1. 2 Мәліметтер 8

1. 3 Зерттеу әдістері 9

ІІ. Әдебиетке шолу. 11

ІІІ. Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және

өнімдік көрсеткіштері 33

3. 1. Симментал тұқымына жататын асыл тұқымды сиырлар мен тайыншарлардың жастық, кластық құрылымы және өнімділік

көрсеткіші. 33

3. 2 Симментал тұқымына жататын асыл тұқымды бұқалардың

мінездемесі және табынның гинекологиялық құрылымы 42

3. 3 «Багратион-2 шаруа қожалығындағы симментал тұқымына

жататын ірі қара малдың саны мен өнімділігінің жоспары 61

3. 4 Симментал тұқымына жататын асыл тұқымды ірі қараларды азықтандыру 64

ІV. Экономикалық тиімділігі. 67

Қорытындылар мен ұсыныстар. 68

Пайдаланылған әдебиеттер. 70

Қосымшалар мен фото суреттер.

Кіріспе

Отанымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ірі қара шаруашылығың маңызы өте зор. Себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара мал оның еті 40-45 дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара малдың терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, органикалық тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылуда.

Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара мал шаруашылығында ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде.

Ал, кейінгі жылдарда ірі қарамалдың тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарда жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізі мен электорнды-есептеу техникасының әсері өте зор болды.

Жалпы мал шаруашылығы қазіргі уақытта іштей мамандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшіуіне байланысты ерекше дамуда.

1995-2005 жылдар аралығына дейін әрбір шаруашылықта сауын сиырлардың сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр басқа есептегенде 30-40% көбейту межеленуде.

Кейінгі уақытта АҚШ-тан әкелінген голштинфриз ірі қарасын жергілікті ірі қарамен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары шығуда. Голштинбен будандастырылған малдардың санын 2005 жылға дейін 35% көбейту белгіленіп тұр. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал заводтарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу межеленуде, ал бордақыланатын малдардың тәулік салмағы 1000-1500 г. жетуге тиіс.

Қазақстан Республикасның шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8 - етті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қара малының жаңа асыл тұқымдары шығарылуда.

Республкамыздың 2391 шаруашылығы ірі қарамалын өсірсе, соның 250 ірі мамандандырылған сүт өндіру шаруашылығымен шұғылдануда. Жалпы республика шаруашылықтарында ірі қарамалының саны 9, 2 млн-нан асты.

Ірі қарамал шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

І. Зерттеу жүргізілген орын, мәліметтер мен зерттеу әдістері.

1. 1 Зерттеу жүргізілген орын

Зерттеу орынына, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Привольное ауылында орналасқан «Багратион-2» шаруа қожалығында дипломдық жұмыстың тақырыбына сәикес тәжірибе жұмысын жүргізіп, қажетті мәліметтер жинадым.

«Багратион-2» шаруа қожалығы 2002 жылдың 22 маусымында «Багратионовски» племсовхозының негізінде құрылған. Ал Багратионовскии совхозы 1955 жылы ұсақ колхоздарды біріктірудің нәтижесінде құрылған. 1971 жылы Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығы бойынша қазақтың ақбас тұқымын жақсарту бойынша асыл тұқымды совхоздар қатарына кіргізілді.

2003 жылы «Багратион-2» шаруа қожалығына қазақтың ақбас тұқымы бойынша асыл тұқымды завод статусы берілді. Жерінің негізге бөлігі Ұлан ауданының солтүстік батыс жағында орналасқан, ұзындығы батыстан шығысқа - 25 км, солтүстіктен оңтүстікке және батыс жағы Семей аймағымен шектеседі.

«Багратион-2» шаруа қожалығының орталығы Өскемен қаласынан 100 км, аудан орталығынан 45 км қашықтықта орналасқан «Привольное» ауылында орналасқан.

Климаты қатты-континентальді, ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқу амплитудасы жоғары. Қысы ұзақ және қатты, жазы қысқа, құрғақ және ыстық. Жылдың түгел маусымдарында желді күндер көп. Калинин метеостанциясының мәліметтері бойынша жыл ішінде 10-14 желсіз күндер болады. Жылдамдығы 8-16 м/сек жел болатын күндер саны 140-160 күн. Жылдың орташа ауа температурасы 1-3 градусты құрайды. Жылдың атмосфералық жауын шашын мөлшерішамамен 180-230 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ жауын-шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары жақсы жақсы жылдармен салыстырғанда 1, 5-2 есе аз түседі.

Қыс ерте түседі, күздік шық түсу көбінесе қыркүйектің екінші жартысында, кей жылдары тамызда да болады. Қар желтоқсанның бірінші жартысында түседі, қыс аяғында оның орташа қалыңдығы 30-40 см жетеді, кей қыстарда 5-тен 80 см дейін. Жиі қатты желдер егістік далалардағы қарды үрлеп алып кетеді, оған қарсы тоғайлар отырғызылған.

Топырақтың түсі қара-қоңыр, егістікке жарамды, бірақ сапасы төмендеу. Жердің көлемі және қолданылуы төменгі кестеде көрсетілген.

1-кесте. Жердің көлемі және қолданылуы

Алқап атауы
Ауданы, га
Жалпы жер көлеміне, %
Ауыл шаруашылық алқапқа, %
Алқап атауы: Жалпы жер ауданы
Ауданы, га: 29000
Жалпы жер көлеміне, %: 100
Ауыл шаруашылық алқапқа, %: Х
Алқап атауы: Барлық ауыл шаруашылық алқаптары
Ауданы, га: 28500
Жалпы жер көлеміне, %: 98, 3
Ауыл шаруашылық алқапқа, %: 100
Алқап атауы:

Оның ішінде: Егістік

Шабындық

Жайылым

Ауданы, га:

9000

1500

18000

Жалпы жер көлеміне, %:

31, 0

5, 2

62, 1

Ауыл шаруашылық алқапқа, %:

31, 6

5, 3

63, 2

Осы 1-кестені талдасақ, жалпы жер көлемінің 98, 3 % ауыл шаруашылық алқаптар құрайтынын көреміз, оның 31% -егістік, 5, 35%-шабындық және 63, 2% жайылым құрайды. Жайылымның көлемінің көптігі малды жайып-семіртуге жақсы мүмкіндік береді

Сонымен қоса, шабындық жердің жетіспеушілігінен, жайылымның біраз бөлігін қысқа шөп дайындауға қолданады. 9000 га егістік жер астық өндірудің жақсы жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. Егістік өнімін жоғарлату үшін тұқым шаруашылықтарынан өте сапалы элита тұқымдарын сатып алады. Олар жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға жақсы бейімделген және жақсы астық береді.

Орман-тоғайлар 440га-ды алып жатыр, 60 га құрылыстар, саябақтар орналасқан. «Багратион-2» шаруа қожалығынвң негізгі өнімдік бағыты - мал шаруашылығы болып табылады. Ол табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жалпы өнімнің 50-65% құрайды.

Мал шаруашылығының көп үлесін ет және сүт-ет шаруашылығы құрайды (99%) . Қосымша салалар ретінде жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы жүргізіледі.

«Багратион-2» шаруа қожалығында - селекцияланған етті қазақтың ақбас тұқымын және сүтті-етті симментал тұқымын асырайды. Негізгі асыл тұқымды өнім болып қазақтың ақбас тұқымды малы саналады. Симментал тұқымының малдары да асыл тұқымды болып келеді және одан Өскемен қаласының халқына қажетті сүт алынады.

Жылқы шаруашылғы-табындық, ет, қымыз өндіру үшін және мал шаруашылығын жұмыс аттарымен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Жабе типті дон және орловский тұқымдарын өсіреді. Түйелерді 2004 жылдан бастап өсіре бастайды, қазіргі уақытта 20 бастай түйе бар.

Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас, күнбағыс, тамыр-түйнекті және бақша өнімдерін отырғызады. Өсімдік шаруашылығының орасан зор үлесін астық және бұршақ тұқымдас өсімдіктер алады.

Мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін келесі цехтары бар:

  1. колбаса дайындау цехы
  2. сүт өңдеу цехы
  3. жемді өңдеу цехы (диірмен)
  4. күн бағыс тарту цехы
  5. мал сою цехы

Қазақтың ақбас тұқымды жас малдар, негізінен тайыншалар, басқа шаруашылықтарға тірідей сатылады. Сатылмай қалған малдар 350-400 кг салмаққа жеткенше бордақыланып, сойып, нарық бағасымен сатылады.

Симменталды малдар комплексте тұрады, бұнда малдар жасы және физиологиялық жағдайына байланысты орналастырылады. Шаруашылықтың диірменінде жоғары және І сортты ұн өндіріледі. Ұнды шаруашылық халқына және қалаға сатады.

Соңғы жылдарда шаруашылықта бие сауу жұмысы жүргізіле бастады. Қымыз өңдеп, сауыттарға құйылып, сауда жүйесі арқылы өткізіледі.

1. 2 Мәліметтер

Тәжірбие зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақсан облысы Ұлан ауданында «Багратион-2» шаруа қожалығында жүргізілді. Тәжірбие жұмысы Симментал тұқымына жататын асыл тұқымды малдар мен жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде осы шаруа қожалығында орналасқан Симментал тұқымнына жататын асыл тұқымды бұқалар, сауын сиырлар және тайынша-торпақтар алынды. Тәжірбие жұмысын бірінші маусымда өндірістік тәжірбие өткен кезде шаруашылықта орналасқан Симментал тұқымына жататын ірі қара малдың жасына және жынысына байланысты мал табындары мен, олардың орналасқан орынымен, мал қораларымен және сауын сиырлар орналасқан кешендерде зерттеп қажетті мәліметтер жинақтадым. Кешенде орналасқан әр түрлі физиологиялық жағдайдағы сиыр топтарын қандай әдіспен ұстайтынын анықтап, кешендегі орналасқан сүт құбырларымен, азықты тасымалдау және малды суаратын құрылғыларымен және сиырларды сауатын құрал-жабдықтарды көрдім. Сонымен қоса жасына және жынысына байланысты әр түрлі топта орналасқан Симментал тұқымына жататын ірі қара малды азықтандыру әдісі және жүйесімен таныстым. Сонымен қоса жасына, жынысына байланысты әр түрлі топқа жататын тайынша торпақтар мен бұзаулардың орналасқан қораларымен жеке жас бұзаулар орналасқан бөлмелермен танысып қажетті материалдар жинақтадым.

Тәжербие жұмысын екніші маусымда Симметал тұқымына жататын асыл тұқымды малдардың құжаттарымен танысып зоотехник-селекционердің дипломдық жұмысқа қажетті мәліметтер жинақтап алдым. Оның ішінде мыналар бар: ірі қара малдың жыныстық, жастық және кластық құрлымы; сиырлар мен құнажындардың өнеркәсіптік пайдалануы, сауын маусымына байланысты жіктелуі, желіннің формасы, суалу және сервис кезеңінің ұзақтығы, тірі салмағы, сүт өнімділігі, аналық малдың гинекологиялық құрлымы, тайынша торпақтың әр бір кезеңдегі тірі салмағы жөніндегі көрсеткіштер; асыл тұқымды бұқалардың гиникологиялық құрлымы; соңғы бес жылда пайдаланған бұқалар мәліметтері; соңғы 15 жылда шаруашылықта пайдаланған бұқалардың мәліметтері және асыл тұқымды бұқалардың шеше жағынан, сүт өнімділігі жөніндегі мәліметтер; Симментал тұқымына жататын ірі қара малдың соңғы 4 жылдағы өндірістік көрсеткіштері. Осы мәліметтерге сүйеніп әр бір көрсеткіш бойынша кестелер құрып, оларға тиісті анализ жасадым.

Тәжірбие жұмысының үшінші маусымында «Багратион-2» шаруа қожалығында орналасқан Симментал тұқымына жататан асыл тұқымды барлық ірі қара малдың және азықта тұрған сиырлардың сауын маусымына байланысты алдағы 5 жылдықта ірі қара малдың санының өсуі және сиырлардың тірі слмағымен сүт өнімділігі жөнінде өсу жоспарын жасадым. Сонымен қоса аналық табынды жөндеуге тағайындалған және басқа шаруашылыққа сатуға арналған тайынша торпақтардың 5 жылдық жоспарын жасадым.

1. 3 Зерттеу әдістері

«Багратион-2» шаруа қожалықтарындағы Симментал тұқымына жататын ірі қара малдың жасына, жынысына және сауын сиырлардың физиологиялық жағдайына, сауын маусымына байланысты қажетті мәліметтер алғаннан кейін ол мәліметтерді малдың жоғарыда аталған орналасқан табынына байланысты кестелерге жинақтап зоотехникалық тәжірбиелерге сүйеніп әрбір кестеге толық және нәтижелі қорытынды жасадым. Ірі қара малдың асыл тұқымды және өнімділік қасиетін зерттеу барысында экономикалық тиімділікті айқындау үшін алдымен зоотехникалық есепті жолға қою керек. сүт бағытындағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан әр сиырдан сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс. Сондықтан осы шаруашылықта әр бір он күндікте әр сиырдан сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс. Сондықтан осы шаруашылықта әр бір он күндікте әр сиырдан сүт өнімділігін танертеңгі және кешкі саулуына есепке алып отырады. Осы методиканы қолданып әрбір сауын сиырдың бір айлық және 305 күндік сауын маусымындағы сауылған сүтін есепке аламыз. Сауын маусымы қысқа болған жағдайда бірақ толық аяқталса осы қысқарған сауын маусымда сауылған сүт толық есепке алынады.

Шаруашылықта экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сиырлардың жыл бойы сауылған сүтін есепке алады. Оны сол жылы азықтандырылған сиырлардың орташа санына бөледі. Ондай сиырлар санын анықтау үшін сиырлардың жыл бойғы азық күн санын, әрбір ойдағы сиыр санын сол айдың күніне көбейтеді де, шыққан азық күн сайын 365 -ке бөлу керек.

Әр сиырдан сауын маусымдағы сауылған сүттің орташа майлылығын анықтау үшін айына бір рет әр сиырдың сүтінің майлығын анықтау қажет. Соның арқасында әр айдағы сауылған сүттің мөлшерін сүтін майлығына көбейтіп бір пайыз сүтін есептеп шығарамыз. Әр айдағы бір пайыз сүттің қосындысын жинақтап 305 күндік сауын мусымдағы бір пайыз сүтінің жинтығын анықтауға болады. Есепті аяқтай келе сауын маусымдағы бір пайыз сүтін жиынтығын жалпы сауылған сүттін мөлшеріне бөлеміз де, сауын маусымдағы сауылған сүттің орташа майлығын анықтаймыз.

Ірі қара малдың тірі салмағын жылдық бонитировка өткізген кезде әрбір малдың жеке салмағын өлшеп анықтаймыз, ол үшін шаруашылықта малды жеке-жеке өлшейтін арнайы таразылар бар. Өндірістік тәжірибе өткен кезді малдың салмағын өлшегенде өзім қатыстым. Жылына бір рет барлық малды жынысына жасына байланысты барлық малды бонитировкадан өткізіп қорытындысын жасап тиісті құжаттарын толтырады. Малдың бонитровкадан өткізген кезде әрбір малдың міндетті түрде таразыдан өткізіп өлшейді.

ІІ. Әдеби шолу

Мемлекеттік асыл тұқымды мал заводы өзінің сиыр табынын асылдандыру жұмысын одақ бойынша бір жоспар арқылы, төл өсіру, өз табынын өзінің төлімен толықтыру, әрі асыл тұқымды төлдері мен асыл тұқымды совхоздарды қамтамасыз етумен айналысады. Бұл шаруашылықтың негізгі жұмысы асыл тұқымды төл өсіру және оны басқа шаруашылықтарға сату. Бұл шаруашылықта малды таза өсіру және өндіре шағылыстыру тәсілі қолданылады. Ал, өз табынын мемлекеттік асыл тұқымды мал заводының малдарымен толықтырады, әрі осы мал заводымен бірігіп өз табынын асылдадырады.

Асыл тұқымды мал фермасы әрбір колхоз бен совхозда болады, оның негізгі міндетті жұмысы асыл тұқымды мал өсіру, өз табынын асыл тұқымды малмен толықтыру, ал асыл тұқымды артық төлін басқа колхоздар мен совхоздарға сату.

Әсіресе асыл тұқымды мал совхоздары мен асыл тұқымды колхоздың фермаларын, мемлекеттік асыл тұқымды мал станцияларын ашудың да ірі қара тұқымын асылдандыруда маңызы өте зор болды, сонымен қатар малды асылдандыру ғылыми ұйымдары және жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының да шаруашылықтарының, ірі қара тұқымын әр аймақта шоғырландыру жоспарларының, әр түрлі көрмелер ұйымдастыруының да маңызы өте зор болды.

Біздің мемлекетімізде қара-ала, костром, лебедин, алатау, сычев, курган, қазақтың ақбас, әулиеата, кавказдың қоңыр т. б. ірі қара асыл тұқымдарын шығарылды. Оған көл әсер еткен ірі қара сиырларын өте жоғары сапалы асыл тұқымды бұқаларының ұрықтарымен қолдан қашыру болды.

Ірі қараны асылдандыру жұмысы жалпы мемлекеттік жоспарлау жұмыстарымен ұштасып жатты.

Арзуманян Е. А., Бегучев А. П., Соловьев А. А., Фондеев Б. В айтуы бойынша ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жұмысын бұрынғы ССРО ауыл шаруашылық және азық-түлік миністірлігі өзінің республикалық, өлкелік және облыстық ауыл шаруашылық басқармалары арқылы атқарады. Негізгі ғылыми методикалық жұмысты және малды асылдандыру жұмысы орталық генетико-селекциялық ұйымға жүктелген, бұл ұйым бұқалардың ұрығының қорын жинайды, әрі есептеу техникасының жұмсын басқарады. Бұрынғы Одақ бойынша барлық ғылыми зерттеу ауыл шаруашылық зерттеу институттарына және жоғарғы оқу орнының ғалымдарына селекциялық жоспар, сүтті сиыр табындарын, жаңа тұқым шығару міндеттелінген.

Байтуманов Ә. пікірінше ірі қар малын асылдандыруда мемлекеттік мал асылдандыру станциясының маңызы өте зор. Өзіне қарасты аймақтарда асыл тұқымды бұқалардың ұрпақ сапасы бойынша бағалау, ірі қараны бонитировкалау, әр асыл тұқымды мал заводтарында, асыл тұқымды мал совхоздарында және асыл тұқымды мал фермаларында бұқаларды қолдану жоспарларын жасауда.

Сонымен қатар сауын сиырлардың сүтін анықтау, зоотехникалық және асылдандыру жұмысының есебін, асыл тұқымды ірі қараны мемлекеттік кітапқа кіргізу мәселелерімен айналысады.

Қорыта келе, ірі қара тұқымын асылдандыру - мал шаруашылығының ең маңызды мәселелерінің бірі. Мал тұқымын асылдандыру өте қажетті де күрделі іс. Ірі қара тұқымын асылдандырудағы, негізгі мақсат - сүтті және сүтті-етті ірі қара тұқымдарының сүттілігін, сүттің сапасын, тірі салмағын арттыру.

Ірі қара шаруашылығында мал өсіру үшін екі түрлі әдіс қолданылады. Біріншісі - таза өсіру, екіншісі - шағылыстырып өсіру әдісі. Бұл екі әдіс біріне-бірі өте байланысты. Тек біреуін ғана қолданып, сапалы нәтижеге жету қиын. Малды таза өсіру әдісі, көбінесе асыл тұқымды мал шаруашылығында қолданылады. Ал, кейбір шаруашылықта екі әдістің екеуі де қолданылуы мүмкін. Таза өсіру әдісі көбінесе бір тұқымның ірі қарасын асылдандыруға бағытталса, шағылыстырып өсіру әдісі жаңа асыл тұқымды мал шығарарда кеңірек пайдаланылады.

Таза өсіру әдісінде бір тұқымның ірі қараларын сол тұқымның өз бұқаларымен қашырады. Мысалы, симментал тұқымының ірі қараларын симментал тұқымының бұқаларымен шағылыстырып, ешбір басқа тұқыммен араластырмайды. Мұндағы негізгі мақсат - сол тұқымның өз ара тұқым қуалаушылық заңдылығын одан әрі дамыту, олардың жақсы қасиетін сақтау әрі олардың шаруашылыққа пайдалылығын дамыта түсу.

Бегучев А. П., Безенко Т. П. былай дейді, таза өсіру әдісі асыл тұқымды малдарды одан әрі асылдандыру, сол тұқымның сүттілігін, сүтінің майлылығын, дене құрылысының ерекшеліктерін онша өзгертпеу үшін керек. Ірі қаралар мен бұқалардың тұқым қуалаушылық қасиеті тұрақсыз болса, онда алға қойған мақсатқа жету қиын. Сондықтан таза өсіру әдісін қолданудан бұрын сол ірі қаралар мен бұқалардың тұқым қуалаушылық қасиеті дамып жетілгендігін, әлде жетілмегендігін білу керек.

Малдардың тұқым қуалаушылық қасиеті тұрақты болса, онда таза өсіру әдісі сапалы нәтиже береді. Оны кейінгі өсіп келе жатқан төлдерден байқауға болады. Бұл тұқымның кейінгі ұрпақтары, ата-аналарындай өнімділігімен көзге түссе, немесе олардан асып түссе, онда таза өсірудің өте нәтижелі болғаны.

Тұқымды таза өсірудің жолы линиялы одан әрі дамыту. Линия атақты бұқаларды пайдалану жолымен құрылды. Линия дегеніміз - өнімділгі мен ден құрылысы жөнінен ата-тегіне ұқсас ұрпақ шығару. Туыстық өсіру - аналары арқылы арқылы құрылады.

Шағылыстырып өсіру әдісін сіңіре, өндіре, қан жаңарту, кезек, өнеркәсіптік өсіру деп бөлінеді.

Будандарда түрлі тұқымдарды бір-бірмен шағылыстырады. Мысалы, қырдың қызыл ірі қарасын қазақтың ақбас ірі қарасы тұқымының бұқаларымен қашырады. Міне, солардан туғандар бұдан болып аталады да, бұл әдістің өзін шағылыстыру деп аталады. Бұны бір асыл тұқымының жақсы қасиеттерін екінші тұқымға беру үшін қолданады немесе екі тұқымның немесе бірнеше тұқымының жақсы қасиеттерінің басын біріктіріп, бір тұқымнан шығару үшін де қолданады.

Сұрыптау деп жақсы малдарды іріктеп, таңдап алуды айтады. Іріктеген оның сүттілігіне, сүтінің майлылығына, тірілей салмағына, сүйек бітісіне, дене құрылысының тұқымына, суалғыштығына, өсіп жетілгіштігіне, жақсы ұрпақ беруіне және денсаулығына қарайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қара малы
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Отандық ірі қара мал саласы
Ірі қара малдың өнімділігі
Ересек Сиырдың салм
Мүйізді ірі қара шаруашылығы
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz