Сиырдың туудан кейінгі жыныс жүйесінің қалпына келуін анықтау
Мазмұны.
1. Кіріспе.
2. Әдебиеттерге шолу.
2.1. Малдың туу процесінің өтуі жөніндегі мәліметтер.
2.2. Малдың туудан кейінгі мерзімінің өтуі жөніндегі мәліметтер.
2.3. Малдың туудан кейінгі мерзімінің аяқталуын анықтау жөніндегі мәліметтер.
3. Өзіндік зерттеулер.
3.1. Шаруашылық жөніндегі мәліметтер.
3.1.1. Табиғат пен климаты.
3.1.2. Шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері.
3.1.3. Шаруашылықтың эпизоотиялық індет аурулары жөніндегі жағдайы.
3.1.4. Еңбек қорғау және сақтандыру.
3.1.5. Табиғат пен сыртқы ортаны қорғау.
4. Ғылыми зерттеулер.
4.1. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты.
4.2. Зерттеуге керекті заттар , тексеру әдістері.
4.3. Алынған мәліметтер және оларға талдау жасау.
4.4. Қорытындылар мен ұсыныстар .
5. Пайдаланған әдебиеттер. қосымшалар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Шәкәрім
атындагы Семейдің мемлекеттік университеті
Ветеринарлық медецина кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Сиырдың туудан кейінгі жыныс жүйесінің қалпына келуін анықтау
Орындаған
Ғылыми жетекшісі,
Б.Ғ.К. , доцент
Қажиев.Х.Ж
Семей – 2007 ж
Мазмұны.
1. Кіріспе.
2. Әдебиеттерге шолу.
1. Малдың туу процесінің өтуі жөніндегі мәліметтер.
2. Малдың туудан кейінгі мерзімінің өтуі жөніндегі мәліметтер.
3. Малдың туудан кейінгі мерзімінің аяқталуын анықтау жөніндегі
мәліметтер.
3. Өзіндік зерттеулер.
1. Шаруашылық жөніндегі мәліметтер.
1. Табиғат пен климаты.
2. Шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері.
3. Шаруашылықтың эпизоотиялық індет аурулары жөніндегі жағдайы.
4. Еңбек қорғау және сақтандыру.
5. Табиғат пен сыртқы ортаны қорғау.
4. Ғылыми зерттеулер.
1. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты.
2. Зерттеуге керекті заттар , тексеру әдістері.
3. Алынған мәліметтер және оларға талдау жасау.
4. Қорытындылар мен ұсыныстар .
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы бүгінгі күнде енді ғана аяқтарына түрып дамып
келе жатқан мемлекет , қазіргі кезде көптеген шешілмеген мәселелер бар. Осы
бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев біздің алдымызға
екі негізгі мақсат қойды. Олар Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымынына ену және 50
экономикасы дамыған , бәсекелестікке төтеп бере алатын елдердің қатарына
ену. Алдымызда тұрған мақсаттарды орындау үшін мемлектіміздің
экономикасында қалыптасқан әдеттегі көзқарасты өзгертуге талап етеді.
өйткені біз қолданып жүрген әдістерді заман талабына сәйкес деу өте қиын
әсіресе ауыл шаруашылығында қолданатын әдістерге келетін болсақ. Егерде
біз Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымынына енген жағдайда біздің ауыл шаруашылығының
өнімдері сырттан келген өнімдермен бәсекеге түсе алмайды. Осыған байланысты
тиімді әдістерді қолдана отырып қана қоймай , оған инновациялық өзгертулер
енгізу керек . Сол үшін ғылымға жүгіну қажет. Біз орындаған ғылыми жұмыс
өте маңызды деп санауға болады. , себебі мал шаруашылығын дамыту қазіргі
кезде ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Бұл жұмыста сиыр малының
туудан кейінгі жыныс жүйесінің қалпына келуін анықтау жұмыстарымен
айналыстық. Зерттеу жұмысының барысында қызықты мәліметтер алынды.
Әдебиеттерге шолу
2.1 Малдың туу процесінің өтуі жөніндегі мәліметтер
Буаздық дегеніміз сиырдың организмінде төлдің физиологиялық дамуын
айтамыз. Ұрықтанудан кейін зигота өсе бастайды , 4-5 күні жатырға түсіп ,
одан кейін барып кілегей қабықтың тереңірек жерлеріне барып бекиді.
Буаздықтың басында , төл өте баяу дамиды. Содан кейін барып буаздықтың
соңғы үштігінде өсуінің шегіне жетіп , төлдің салмағы кұніне 500 грамға
дейін ұлғаяды.
Сиыр малының буаздығы 250 күннен 310 күнге созылу мүмкін (орташа
есеппен 270 күн) сиырдың тұқымына және азықтандыру жағдайына және күтіміне
байланысты.(1) Бірақ басқа мәліметтерде сиырларда буаздығы 283-285 күнге
тең. (2)
Тууға 50-60 күн қалғанда сиырды саумайды , яғни суалтады..(1)
Туу процесі бұл буаздықты аяқтайтын физиологиялық процесс . Туу процесінің
басталуына күрделі кешенді нейрогуморальды факторлардың әсерінен орталық
нерв жүйесінің – бас миының қыртыстары қадағалайтын процесс болып келеді.
Туу – көп жағдайда түнде , тыныш бөлмеде өтеді , себебі бұл уақытта бас
миының қыртыстарының қозуы төмендеп , ал қыртыс асты және жатырдың
рецепторлық аппараты , керісінше , жоғарлайды (3)
Бірақта туу процесіне түсінік беретін басқада теориялар бар. Олар:
- Токсикоз теориясы , яғни мұнда туу процесінің басталуына
анафилактикалық удың әсерінен болады , ал ол төлдің организмінде
азықтық және оттегілік аштықтан пайда болады.
- Кейбір авторлар көмір қышқыл газының шоғырлануы негізгі себеп ретінде
санайды.
- Жетілу теориясы , яғни жатыр бұлшық еттерінің туу процесінің басталу
кезінде гипертрофиясына жетеді . Ал оған дейін өз қызметін
атқармайды.(4)
Туудан бұрын алдын ала дайындық жұмыстарымен айналысуға тура келеді .
Сол себепті төл тууға арналған арнайы бөлмелер болуы керек. Мұндай
бөлмелер туу процесін жеңілдетуге , сиыр мен төлді аурулардан сақтауда
және керекті акушерлік көмек көрсетуге өз ықпалын тигізеді (5)
Төлдеуді туу бөлімшелерінің сиыр бұзаулайтын жеке орында ( бокста)
өткізген дұрыс болады. Бокста төлдеу 1.2-1.5 рет тезірек, ал желін
аурулары 1.6-2.0 рет азырақ болады байламдағы сиырлармен салыстырғанда .
Бокстың өлшемдері 3х3.5-4 метр болуы керек , осы арқылы біз керекті
санитарлық шаралар және енесі мен төлге ынғайлы жағдай жасап қана қоймай ,
керек болған жағдайда ветеринарлық көмек көрсете аламыз.(3)
Туу бөлмесінде бұзауларға арналған профилактории болу қажет , ол
міндетті түрде сиыр қордан оқшаулануы қажет. (5)
Есептеулердің нәтижесінде туу бөлімшелеріндегі бокстардың саны ферманың
немесе комплекстің жалпы мал басының 2% сәйкес келу керек.
Туу бөлімшелері үш бөліктен тұру керек : тууға дейінгі , туу бөлімшесі
бокстарымен ( денник) және туудан кейінгі бөлімше . Туу бөлімшелерінде жуу
(душ) орыны көзделеді , онда буаз малдарды санитарлық өндеуден өткізеді .
Осы бөлмені туу бөлімшесіне кіретін жерде орналастырады.(3)
Туу бөлмесіне сиырларды тууға 7-10 күн қалғанда ауыстырады . Алдын ала
малды тазалап . тұяқтарын жуады.
Туу бөлімшелерінде сиырларды туу процесі мен туудан кейінгі кезең
қиындықсыз өтсе , малды кем дегенде 10 күн ұстайды. Қыстың күні онда ауа
температурасы +10 С мөлшерінде ұсталынып тұруы қажет.
Туу бөлмесіне кірер жерде міндетті түрде дезинфекциялық ерітіндісі бар
жәшіктер орналастырылуы қажет. Жәшік ұзындығы мен ені жануар мен адам
аттап кете алмайтындай есептелуі қажет. (5)
Бокстарды малдың төлдеуіне дейін механикалық тазалаудан өткізіп ,
каустикалық содының 3-4% ыстық ерітіндісімен немесе 5%- ды креолин немесе
2,5%-ды сөндірілген әкпен дезинфекция жасайды . Дезинфекциялық заттардың
қалдықтарын сумен шаяды. Еденді , қабырғаны , азық науаларын , құралдарды
дезинфекциялады. Осы жұмыстар арқылы төлдің инфекциямен зақымдалуының
алдын аламыз . Өйткені төлдеу кезінде қағанақ бірнеше рет сыртқа шығып ,
қайтадан ішке кіруі мүмкін (10-30 рет дейін) . Сол едендегі микрофлорамен
қынаптың кілегей қабығы және жатырдың мойны зақымдалады. Содан кейін
қағанақ жарылғанда сұйықтық төлдің ауыз және танау қуысына енеді , яғни төл
туу жолынан шықпай тұра зақымдалады. (3)
Төлдеуге 5-7 күн қалғанда рационнан ылғалды азықтарды және құнарлы
азайтады немесе мүлдем алып тастайды.
Осы кезеңде жегенінше жақсы шөпті беріп , желіннің жағдайына көңіл
аударады.
Туудан кейінгі парездің алдын алу үшін сиырларға төлдеуден 10 күн
бұрын күнде 100-200 г қанты жылу суға ерітіп береді (5)
Егерде туу бөлімшелері болмаған жағдайда , төлдеуді арнайы
жабдықталған , оқшауланған бөлмеде өткізеді. Бұл бөлме құрғақ , жарық ,
барлық зоогигиеналық көрсеткіштер сақталуы қажет. Келесідей микроклиматтық
көрсеткіштер сақталу керек. : Ауа температурасы 16 С , салыстырмалы
ылғалдылық – 70% , ауа жылдамдығы жазда – 0.2 мсек , жазда 0.5 мсек
болуы қажет.
Арнайы туу бөлімшелерінде туған төл басқалармен салыстырғанда ертерек
тұрып және азықтық рефлекс тезірек пайда болады. Осы арқылы жаңа туіан
бұзау уызды тезірек еміп , төлдің иммундық төзімділігі жоғарлайды.(3)
Кейбір авторлардың мәліметтеріне қарағанда малдың су алғаннан кейін 14-15-
нші күні мен төлдеуге 10-14 күн бұрын желінді жан-жақты тексеруден өткізіп
, міндетті түрде емдеу қажет. (6)
Өйткені малдың буаздық уақыты көбейген сайын мал организмінің
қорғаныштық қасиеті , ал нақтырақ айтсақ қанның бактериоцидтік қасиеті
әсіресе төлдеудің уақыты жақындағанда төмендейді . Сондықтанда төлдейтін
малдың денсаулығына көңіл аудару керек .(8)
Қазақстандық зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда төлдеудің басым
бөлігі қыс уақытына келеді , ал нақтырақ айтсақ 60% нан астамы.(7)
Енді туу процесіне көңіл аударсақ , жоғарыда айтқандай бұл өте күрделі
процеес болып келеді. Бұл процестің маңызын А.П. Студенцов сипаттауы
бойынша : төлдеу – физиологиялық құбылыс , енесінің организмінен жетілген ,
өмір сүре алатын төл және қағанақ қабаттары мен шарана суын сыртқа
шығарады. Туу процесін тудыратын себептерді негізгі 3 топқа бөлуге болады
. Біріншісі топқа – дайындаушы ; екіншісі – оларды тудыратын ; үшінші -
қолдаушы болып бөлінеді.(9)Туу процесінің ұзақтығы көп жағдайда енесінің
физиологиялық жағдайына байланысты , ал ол өз кезезінде азықтандыруға ,
күтіміне , малдың түрлік ерекшеліктеріне байланысты болады.
Енесінің организмі төлдеу процесінің басталуына дайын болу керек , сол
арқылы қиындықтардан өтіп , өмір сүре алатын , дені сау төл дүниеге
әкелетіндей . Төлдеудің қалыпты өтуіне жақсы туу жолдарының анатомиялық
және биологиялық дайын болуы кепіл береді. Бірақта төлдеу барысына көптеген
ішкі және сыртқы себептер әсер етуінен физологиялықтан патологиялыққа
ауысқаның байқау өте қиын .
Төлдеу белгілі бір денгейде төлдің өмір сүру қабілетіне әсер етеді .
Ұзаққа созылған төлдеу сандық шығынға әкеледі , яғни төл өледі.
Туу процесінің қиындауында енесінің организмімен қатар төлде
қатысады.Басты себептің бірі төлдің денесінің салыстырмалы немесе
абсолюттік үлкен болуы немесе төлдің өлшемдері мен енесінің жамбас
қуысының сәйкес келмеуі . Тағы басқа себептердің ішінде жатырдың дұрыс
ашылмауы , атониясы және бұралуы , ал төлдің өзінің және жекелей
бөліктерінің дұрыс орналаспауы. Осы барлық көрсеткіштер төлдеу уақытын
ұзартып және оның тіршілігіне тікелей әсер етеді.
Туу процесінің патологиялық сипат алуы бұзау өміріне қауіп төндіреді.
Ондай басты қауіпке тұншығуды жатқызуға болады , оның себебі ретінде
төлдің сумен аспирациясы уақытына бұрын тыныстану кіндігінің қысылуы немесе
оның үзілуі салдарынан болады. Осындай құбылыс төлдің жатырда дұрыс
орналаспағанда жиі кездеседі.
Ұзаққа созылған төлдеу немесе көмектесу үшін кез-келкен құрылғыларды
қолданғанда бұзауларды зақымдауға болады . Осының салдарынан төл туу
кезінде немесе одан кейін өлуі мүмкін.
Қиындықтармен өткен төлдеу салдарынан бұзаулардың инфекциялық
ауруларға төзімділігі төмендейді. Ұзаққа созылған төлдеу және онымен қоса
жүргізілетін әртүрлі әрекеттер туу жолы мен төлдің тыныс алу мүшелерінің
инфекциямен зақымдалуына әкеп соғады. Осының салдарынан бұзаудың уызды
қабылдау уақыты созылып , колостральды иммунитеттің қалыптасуы қиынға
соғады.
Патологиялық өткен төлдеуден кейін бұзауларды жоғалту , үлкен
экономикалық зиян келтіреді. Уақытында және дұрыс көрсетілген малдәрігерлік
шаралар осы шығындарды азайтуға бағытталған әрекеттер болып келеді.
Сиыр төлдеуге тәулік қалғанда мазасызданады , мөңірейді , аяқтарымен
ішін тепкілейді , арқасын созынқы ұстайды , құйрықтың түбі көтеріңкі , олар
орнын ауыстыра береді , біресе жатып , тұрып жүреді , ішіне қарай береді.
Бұл белгілер төлдеудің бірінші белгісі болып келеді. Осы белгілер
байқалғанда малды тазалап жуады.
Ескеретін бір жағдай И.Ф. Заянчковскийдің мәліметтеріне қарағанда
төлдеудің 41% түнде , 18% таңертен , 23% күндіз , 18% кешке өтеді.
Төлдеу өте күрделі физиологиялық құбылыс болып тұрып және төлдің өмір
сүру қабілетіне ықпал ететіндігі мәлім. Бұзаулардың туу кезінде өлімі 2%-
дан 6%-ға дейін . Егерде тууға дейінгі толғақтары бірдей емес және ұзақ
емес болса , ал туу басында ұзағырақ (0.5-1 минуттан ) , жиірек ( 40
секундтан 3 минутқа дейін үзіліс ) болады. Төл туу жолынан орташа есеппен
70 минут ішінде ( 30 минуттан 3-4 сағат ішінде ) (3) сыртқа шығарылады.
Кейбір деректерде төлді 15 минут ішінде шығарылмаса , онда фетотомия
немесе Кесерево тілуін жасау керек . Бірақта мұндай операцияның нәтижесінде
төлдің өлімі 38-52% жету мүмкін. Мұндай жағдай көбінесе ірі төл кезінде
көп кездеседі.
Бірақта басқа авторларда қалыпты төлдеу 8-10 сағатқа , оның ішінде дайындық
кезеңіне 2-3 сағат , төлді шығаруға 1-2 сағат , шу түсуіне 4-5 сағат қажет
делінеді. (6)
Енді бір автор төлдеу орта есеппен 13.5 сағатқа оның ішінде дайындық
кезеңі 8.5 сағат , төлді шығару 10 мин , шу түсуіне 4.3 сағат қажет деп
айтылған. (10)
Төлдің сыртқа шығарылуы жатыр мойны ашылғаннан бастайды да , төлдің
тууылумен аяқталады. Жабық бөлмелерде орташа есеппен 70 минут ішінде .
Өте үлкен қысыммен төл туу жолымен жылжып , алдымен басы одан барып
толығымен төл шығады. Кейде қағанақ жарылмайды , ондай жағдайда оны жарып
жібереді , өйтпесе төл асфикциядан өліп қалады.
Қалыпты төлдеу кезінде нашар толғақ болса көмектесу керек . Егер төл 2-
3 сағат ішінде шықпаса , онда көмек көрсетілу керек.
Жаңа туған төлді енесінен айыруға асықпау керек . Сиыр бұзауды жалау
қажет. Енесінің ұзақ және жақсылап жалауы төлдің организмінің жағдайына
әсер ете бастайды. Жалау кезінде төлдің терісі енесінің сілекейінің
лизоцимі әсер етіп , бактериоцидтік қасиетке ие болады. Теріге , бұлшықетке
, диафрагмаға массаж әсер етіп , сол арқылы өкпенің вентиляциясы мен қан
айналым жақсарады. Осы кезде енесі шарана суын жалайды , ол оның
организміне әсер етіп , туу жолының қалдықтарын бөлінуін тездетіп , жатырды
жирылдырып , шудың түсуіне және туу жолдарының қалыпқа келуін тездетеді.
(3) Осыған қосымша Н. М. Носкиннің мәліметіне қарағанда өкпе ателектазынан
10% , ал жылы сумен жуғанда 28 % және сабанмен сүрткенде 41% өлген.
Егерде акушерлік көмек уақытында және дұрыс көрсетілмесе , асқынулар
болып , болашақта қысырлыққа әкелуі мүмкін және кейде төлдің өліміне алып
келеді. (9)
Сиырды төлдегеннен соң бір сағаттан кейін ғана сауады. Алынған уызды
бұзауға ішкізеді . Ал бокстарда бұзауды енесіне жібере салады.
Жаңа туған төлді алғаш рет азықтандырар алдында , міндетті түрде желінді
маститке тексеру керек. Себебі малдың желініңде туғанға дейін мастит
байқалса , онда түзілген уыз биологиялық тұрғыдан жеткіліксіздері бар және
ол микрофлора мен токсиндердің көзі болуы мүмкін.
А.П. Студенцовтың айтуы бойынша уызды бұзауға 1.5-2 л мөлшерінде беріп ,
қалғанын енесіне берілу ұсынылған . (4) басқа авторлар осы мен келіседі тек
қана енгізу жолында өзгешілік бар , яғни нақтырақ айтсақ тері астына енгізу
керек.(10)
Тағыда көңіл аударатын жәйт , бұл шарананы төлдеу барысында жинау және
оны сиырға беру болып табылады . Себебі ол өзінің әсері бойынша гормон
қолданған еммен пара-пар. Қолданудың әсері оның құрамындағы жатырды
жиырылтқыш заттардың болуында . Оны төлді сыртқа шығарған кезде жинап ,
тазалаудан өткізіп , 3-4 литрден сондай көлемдегі жылу сумен араластырып
малға берілу ұсынылады.(11)
Бірақта шарананы беру уақыты бойынша келіспеушіліктер кездеседі.
Шарананы төлдегенде жинап , 2-3 тәуліктен кейін беру ұсынылған. (10) және
осы автордың мәліметіне қарағанда туғаннан кейін 5-6 сағаттан соң беру
керек сонда шудың кідіруі азаяды..
Сиырға шарананы 1.5 немесе 6-8 сағаттан кейін емес , ал бірден
төлдегеннен соң берілу керек дегенде мәліметтер бар. (7)
Туғаннан кейін бірінші күні сиыр рационында сапалы шөп және кебектен
жасалған сұйық жем береді. 2-3 күндері кебек пен шөп мөлшерін көбейте
бастайды. Ал 4 күннен бастап 3-4 кг тамыртүйнекті рационға қосуға болады.
Келесі күндері нормасын көтере беріп , қалыпты рационға ауыстырады. Алғашқы
7-10 күнде сиырды кем дегенде 4-5 рет сауу керек.(12)
2.2 Малдың туудан кейінгі мерзімінің өтуі жөніндегі мәліметтер.
Туудан кейінгі мерзім немесе пуэрперальді деп төлдеген мал организмдегі
буаздық және туу кезінде пайда болған өзгерістердің жоғалуын айтамыз. (12)
Бірақта осы мәселені қарастырардың алдында жиі кездесетін негізгі
асқынулармен танысып кетейік. Олар шудың кідірілуі , тууыдан кейінгі парез
және т.б.
Төлдеуден кейінгі патологиялардың ішінде үлкен орынды шудың кідірілуі
алады. Оған келесідей себептер әсер жасайды:
- құнарсыз немесе жеткілікті емес азықтандыру , әсіресе рационда A , D , E
витаминдерінің және минеральды заттардың ( микро және макро )
жеткіліксіздігі;
- жағымсыз ұстау жағдайлары , мысалы: серуендетудің болмауы , уақытынан
көп қолдану;
- ауыр көп төлді туу;
- инфекциялық және инвазиялық ауру;
- улану;(16)
Әдетте төлдеуден кейін шу 6 сағат ішінде қалыпты жағдайда түседі . Ал
одан көп уақыт тұрып қалса онда шудың кідірілуі деп айтады. (12)
Бірақта 6 сағатпен кейбір авторлар кезліспейді . Олардың айтуынша 10-12
сағат болып келеді.
В.С. Шипиловтың мәліметтеріне қарағанда малдардың басым бөлігінде шу 4-
6 сағат арасында түседі және мұнда келтірілген мәліметерде негізінде бұл
құбылыс қыс пен көктем айларында жиі кездеседі.(9)
Шудың кідірілуі жуық мөлшермен алғанда 10-60 %-ға дейін (13) , ал
нақтырақ айтсақ 57.18% кездеседі. (14)
Клиникалық зерттеулердің нәтижесінде шудың кідірілуі малдың
өнімділігіне байланыссыз екендігін көрсетеді. Егерде сиырдың резистентілігі
жоғары болған сайын , шудың бөлінуіде тезірек болған. (9) Бірақ лактация
кезеңі ұзақ мерзімге созылған малда , міндетті түрде шудын кідірілуі
кездеседі және суалу кезеңі аз болғанда ( 50 күннен аз) кездеседі. (13)
Шудың кідірілуінде қолданатын әдістер өте көп . Олардың ішінде жатырды
жирылтқыш заттар , әртүрлі препараттарды айтуға болады. Соған қарамастан ен
тиімді әдіс ретінде қолмен бөлу болып табылады. Бірақта бұл әдістің
кемшілігі бар , яғни сыртқы ортадан жатырға микрофлораның енуінде , ал ол
өз кезегінде эндометритке әкеліп соғу мүмкін. Эндометрит кемдегенде
бедеулік күнін көбейтеді . Ары кеткенде сиырдың қысыр болып қалуы мүмкін.
(13)
Әрине бұл әдіс тиімді болады , егер малдәрігері барлық керекті
ережелерді сақтағанда. В.С. Шипиловтың жасаған тәжірибелерінде қолмен
бөлудің екі әдәсі туралы айтылады. Яғни құрғақ және сулы әдістер болып
табылады.
Соның ішінде құрғақ әдіс тиімді болып шыққан. Енді осыған түсінік беріп
кетсек. Құрғақ әдіс кезінде қолмен бөлгеннен кейін ешқандай ерітіндімен
жатырды шаймайды. Ал сулы әдісте ерітінді қолданады. Сулы әдістен кейін
малдарда жыныс мүшелерінің патологиясымен бірге малдың өнімділігі
төмендеген. Осыған себеп ретінде жатырдың сіңіру қасиетіне байланыстырады.
Нақтырақ айтсақ жатыр ісініп , инфекцияның тікелей қанға түсуіне ықпал
етеді. Құрғақ әдіс кезінде мұндай патологиялық өзгерістер байқалмаған.
Тек қана операциядан кейін антимикробты препараттарды енгізу қажет.
Осы әдіспен қатар дәрісіз әдіс ретінде төлдегеннен кейін кіндіктің
культясын (культя пупочного канатика) кесіп тастау ұсынылады . Бұл әдістің
негізінде кескеннен соң 1-1.5 л қан бөлінеді. Осы арқылы карункульдардың
босансуы байқалып , плацента мен жатырдың арасындағы байланыс әлсірейді ,
соның нәтижесінде бөліну уақыты екі есе азаяды.(13)
Шудың кідірілуін алдын алуда тағы бір альтернативтік әдіс ретінде
тіндік емдеу әдісін ұсынылған . Бұл тіндік препаратты қағанақ қабықтарынан
арнайы әдіспен өңдеу арқылы алады (патент на изобретение РФ № 2138273
"Способ получения биостимулятора из плаценты коров" по заявке № 9811253513
(014143) . Технологияның ерекшелігі мынада : қағанақ қабықтарынан
сұйықтан микротолқын арқылы бөледі. Препаратты төлдеуден 10 күн бұрын 15 мл
екі рет және төлдегеннен соң енгізілді.
Алынған нәтижелерге сәйкес тәжірибеге алынған сиырларда шуды шығару
уақыты 2.4 сағатқа , ал шудың кідірілуі 2 есе азайды. Сонымен қатар туудан
кейінгі патологиялар , жатырдың субьинволяциясы , эндометриттің пайыздық
көрсеткіштері төмендеді. Осы препаратты қолданған сиырларда бірінші
ұрықтану көрсеткіші 1.38 рет жоғары , жыныстық айналым уақыты 9.66 күнге ,
туудан ұрықтануға дейінгі уақыт 14.11 күнге азайған. (15)
Осымен қатар шудың толығымен кідірілуінде жатыр бұлшықеттерін
биологиялық активті нүкте арқылы электр тоғымен әсер ету . Мұнда Стимул-
2 аппараты қолданған , 20-30 минуттан соң шу толы,ымен түседі(17).
Шуға әсер ететін дәрі ретінде Супрафен гормональды препаратын айтып
кетуге болады. Бұл препаратты енгізгеннен соң 6.1-7 сағаттан шу толығымен
түскен. (18)
Туудан кейінгі патологияның ішінде туудан кейінгі парез жиі кездеседі.
Ресейдің деректеріне қарағанда Горьковский облысының бас малдәрігері
В.Ф.Лысенко мәліметтерінде осы ауруға шалдыққан 75 малдың 40-да ауру 6-8
жастағыда байқалған . 3-5 жастағыларда кездесу саны азырақ (14-де) 9-10
жастағыларда аздау (12), ал 11 жастағыларда (9) өте аз кездеседі. Аз өнім
беретін сиырларда бұл ауру кездеспейді.
Ауру төлдегеннен соң көбінесе 1-2 күні , 3-6 күндері сирек кездеседі.
Ескеретін бір жағдай туудан кейінгі парпарезбен ауырған сиырдың қанында
жалпы кальцийдің мөлшері азаяды. Сонымен қатар осы ауруға шалдыққан мал
өнімділігі 2-3 кг азаяды.
Туудан кейінгі парездің себептері анықталмаған . Көптеген зерттушілер
(Студенцов А.П., Шипилов В.С. и т.б. 1999 ж.) өз еңбектерінде көбінесе:
- қонымдылығы жоғары малдарда , әсіресе белокқа бай азықтар ;
- жоғары өнімді малдар ( тұқымы жоқ малдарда бұл ауру өте сирек кездеседі
) ;
- ең жоғарғы сүт өнімділік уақыты – 5-8 жастағы сиырларда , құнажындар
ауруға шалдығу өте сирек ;
- байлаулы ұстау кезінде;
- туудан кейін алғашқы 3 күнде ; онай және тез төлдеуден кейін; сирек
жағдайда төлдеуден соң бірнеше жұма немесе ай өткеннен кейін және кейде
тууға дейін немесе туу кезінде дамуы мүмкін , кейбір сиырларда әр туған
сайын кездесіп отырады. (19)
Әрине бұл ауруды емдеудің концервативтік емі өте жақсы нәтиже береді .
Сонымен қатар көптеген жаңа препараттар бар.
Туудан кейінгі патологиялар жиі кездесіп тұрғанымен де , әдетте малдың
жыныс жүйесі қалпына келе бастайды. Бұл процестің белгі ретінде туу
жолдарының қалдықтарының бөлінуін айтуға болады. Енді әртүрлі
зерттеушілердің алынған мәліметтерімен танысып кетсек.
Х. Хеэтсельдің мәліметтерінде туу қалдықтарының бөлінуі алғашқы кезде
шырынды , жабысқақ , мөлдір және әдетте екінші күні бөліне бастайды. Бұл
кезде жатыр мойнының секреті құрайды. 3-5 күнге қарағанда қалдықтар
жатырдың ішінде заттармен араласып , қызыл түске ие болады. 6-8-ші күнге
қарай қалдықтардың көлемі 300-500 мл тәулігіне дейін азайып , шоколадтың
түсіне ұқсай бастайды. Туу жолының қалдықтары әрқашанда түссіз , ірінді
бөлшектермен . 9-12-ші күндері бөлінулер мардымсыз , одан кейін тек жатқан
кезде көруге болады.
Басқа зерттеулерде бірінші тәуліктерде көлемі аз делінген және оның
түсі сарғыш делінген . 2- 7-ші күн аралығында көлемі көбейіп және 15-ші
күнге қарай толығымен тоқталады. (9) А.П. Студенцов 15-17-ші күнге дейін
созылу туудан кейінгі асқынудын белгісі. Қалдықтың түсі және иісі , құрамы
бойынша қалыпты мен патологиялықты ажыратуға болады. Жоғарыда айтылған
мәліметтермен басқа авторлардың да ақпараттарыда сәйкес келеді.
2.3 Малдың туудан кейінгі мерзімінің аяқталуының анықтау
жөніндегі мәліметтер.
Туудан кейінгі мерзімінің аяқталуының уақытымен және оған әсер ететін
факторлармен танысып кетейік.
Туудан кейінгі жыныс жүйесінің қалпына келуі туралы әдебиеттерде көп
деректер кездеседі. Жатыр буаз емес қалыпқа орта есеппен 27 күн ішінде
келеді. Бірақта оның уақыты әртүрлі себептерге байланысты ұзарады. Мысалы:
7 жасқа дейінгілерде 25 күнде , ал 8-15 жастағыларда -28 күнге қарай.
Осында ескеретін жағдай қондылығы жоғары малда тезірек , қонымдылығы төмен
малмен салыстырғанда. Төлдеу уақыты және күтімге байланысты болады. Осылай
, жазда төлдеген 82.5% малдардың жатыры жамбас қуысына қайтып және көлемі
кішірейген ( буаз емес қалыпқа ) орта есеппен 24 күнде , ал қыстың күні
жатырдың инволюциясы тек 23.3% осы уақытта ғана тіркелді. Бірақта бұл
уақытты ұрықтандыру уақыты деп айтуға болмайды. Осымен қатар азықтағы А
витаминнің болуы әсер етеді. Малдарды толығымен витаминмен қамтамассыз
еткенде , 23.6 күнге сервис мерзімі кем.(7)
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес , егерде сау жас малды үнемі
серуендетіп ( төлдеудің алдында және төлдеуден кейін үш күннен соң ) және
сынақшы-бұқамен қарым қатынас жасау 19 күнге қарай жатыр қалпына келеді.Осы
зерттеулердің барысында жатырдың кілегей қабығы 18-25-ші күн аралығында
қалпына келмесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz