Орманды қорғау және көбейту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Малшаруашылығы және агрономия кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орындаған:Байжулдинов. А. Е-531 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Кожебаев Б. Ж.
Семей 2008
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
2. Әдебиетке шолу…… . . . . . . 7
3. Шаруашылыққа қысқа сипаттама……… . . . . . . 11
3. 1 Табиғи-климаттық жағдай . . . . . . 11
3. 2 Шаруашылық-экономикалық сипаттамасы . . . 15
3. 3 Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік . . . 19
3 . 4 Орманды қорғау . . . 27
4. Өзіндік зерттеу . . . 37
4. 1 Зерттеудің мақсаты мен міндеті . . . . . . 37
4. 2 Зерттеу материалы және әдістері . . . 37
4. 3 Зерттеу нәтижесі . . . 41
5. Тұжырымдама . . . 65
6. Қорытынды және ұсыныстар . . . 68
7. Қолданылғын әдебиеттер тізімі . . . 69
Қосымша
1 Кіріспе
Қазіргі кезде орманды пайдалану көлемдері өсті, оның сапалы өзгеруі өтіп жатыр, бұл негізгінен жаңа машиналарды және технологияларды қолдануға байланысты. Ормандардың біршама аудандары шабылып жатыр . Алдын ала есептеулер бойынша, біздің ғаламшарда жыл сайын ауданы 10 млн га асатын орман шабылады.
Ал жыл сайынғы әлемнің маңызды аудандарындағы ормандардағы өрттер саны одан да көп, бірақ жалпы алғанда жану көлемі техникалық алға басуға байланысты төмендеу байқалады.
Осыдан орманы шабылған және жанған аудандарда орманды бұрынғы қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Бұл қазіргі заманның ғаламдық проблемасы .
Орман қалпына келтіру ерекше орын алады - себебі бұл мемлекетіміздің үлкен шаруашылық мақсаты және сонымен қоса оны орындау жұмыстардың масштабтылығына байланысты, ғаламдық проблеманы шешуге өз үлесімізді қосамыз .
Орманды қалпына келтіру мәселелерін дұрыс шешу, ағашпен және орманның басқа өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етумен, сонымен қоса орманның қорғағыштық, рекрециялық және басқа функцияларымен тікелей байланысты, бұл орманның биосфераның маңызды құрамдас бөлігі ұғымынан туындайды.
Орманды қайта жаңарту, оның басты компоненті -ағаш өсімдіктерінің қалпына келуін білдіреді.
Ал ол болса, басқа компоненттердің -орманға тән топырақ жабындысы-ның, саңырауқұлақтар және бактериальды флораның және т. б пайда болуына әкеледі. Сондықтан «орманды қайта жаңарту» ұғымын кең мәнде биогеоценоздың немесе экожүйе тұрғысынан қарастыруға болады, яғни орман қоғамдастығының, орман биогеоценозының немесе орман экожүйесінің қайта жанаруы деп. Тәжірибе жүзінде орманның қайта жаңаруы ағаш өсімдіктерінің қалпына келуі және жас ағаш өсінділерінің болуы, оның сипаты (шығу, тап, өздігінен өскен, көшеттер, өсуі, олардың санын орналасуы, олардың тұқым бойынша таралуы, жағдайы) бойынша бағаланады.
Орманды қалпына келтіру-көп жақты проблема, оның ішінде әсіресе табиғи, техникалық, технологиялық, экономиялық және әлеуметтік жақтарды бөліп көрсетуге болады.
Орманды қалпына келтіру табиғи, жасанды және аралас деп бөлінеді. Орманды табиғи қалпына келтіруді екі мәнде түсінуге болады:
- өздігінен қалпына келтіру процессі ретінде, ол орманда сұрапыл (стихиялы) түрде, ағаш өсірушуінің әсерінсіз, бірақ ол белгілі заңдылықтарға бағынады, оларды білу арқылы қайта жаңарту мәселелерінің кез келген түрін шешуге болады;
- реттелетін процесс ретінде, ағаш өсіруші бағыттайтын, яғни былай айтқанда, табиғи жаңартудың бір әдісі ретінде қарастыруға болады, ағаш өсіруші табиғи жаңартудың бағытын анықтайды және оны әдіс ретінде қолданып, ағаш тұқымының өсуі үшін қолайлы күтімдік кесудің әдістерін және тұқым беретін ағаштарды таңдайды, топырақ үстін және топырақты дайындайды, орман кесу кезінде өсінділерді сақтау шараларын ойластырады.
Табиғи қайта жаңарту әдісінде ағаш тұқымдарының биологиясын және экологиясын, табиғи және экономикалық жағдайларды, кесу тәсілдерін ескеретін әдістерді қолдану қарастырылған. Сөйтіп, орманды табиғи қайта жаңарту басқарылатын процесс және әдіс ретінде қайта жаңартудың активті түріне жатады.
Ал жасанды қайта жаңарту кезінде қазіргі әлемдік ағаш өсіруде ортақ тенденция байқалады, бұл біртіндеп көшет отырғызуды көбейту. Бірақ егу және отырғызу қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, бұл тұқымға, табиғи жағдайларға, тұқыммен және отырғызылатын материалмен қамтамасыз етілуіне, техниканың мүмкіндіктеріне байланысты.
Аралас қайта жаңарту бір учаскіде табиғи және жасанды қайта жаңарту-ды бірдей қолдану болып табылады және әр түрлі нұсқада берілуі мүмкін. Бұл әдістің бірталай жақсы жақтары бар, бірақ ол сұрапыл жағдайлардың болуын ескеру керек, яғни қанағаттырылмайтын нәтижелерді алуды (мысалға, қарағайдың өсуін табиғи қайта жаңарту нәтижесінде шыққан қайың басып тастау мүмкін) сондықтан бұл процеске ағаш өсірушінің уақытында кіріскені керек.
Орманды қорғау және көбейту-жалпы халықтық іс. Орманды сақтау және көбейту тек қана халық шаруашылын ағаш және басқа бағалы өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қоса жануар әлемінің, табиғи су қоймаларында балықтың сақталуына және көбеюіне, климаттың жақсаруына әкеледі. Осы арқылы адамдардың өмір сүру жағдайлары жақсарады. осы орайда орманды қорғауға ертеден көп көңіл бөлінген. Петр І 1701 жылы өзендердің бассейндеріндегі орманды кесуге тиым салды. Сонымен қоса ол қорғауға алынған ағаш түрлерін, орман алаңдарын анықтады. Малды бақташысыз жаюға тиым салынды. Қазан және Нижнегородтағы орманды кескен үшін қатаң жаза тағайындады. 1722 жылы Петр І орман шаруашылығында маңызды реформаны жүргізді, бұл реформа орман шаруашылығын министр бастаған жеке бір сала ретінде арнайы басқарманың қалыптасуына негіз болды.
Орман шаруашылығының жұмысшылары орманды қалпына келтіру, орман қорын тиімді пайдалану, ағаш дайындау кезінде оның шығымын азайту, тасымалдауға және өңдеуге, орман өнеркәсіптерін орман қорына жақын етіп орналастыруға байланысты көптеген қиын мәселелердің сәтті шешімін тауып жатыр.
Орман өсірудің негізгі проблемасы-біздің орман байлығымызды көбейту және оның өнімділігін арттыру-ғылыми негізде дайындалған арнайы шаралар арқылы шешіліп жатыр. Бұл проблеманы шешудегі жетістіктер орман шаруашылығын жүргізу ережелерін терең және мықты түсінуге тікелей байланысты.
Ормандағы шаруашылық әдістер мен тәсілдер орман биологиясы бойынша арнайы білімдерді-орман екпелерінің өмірі туралы білуді талап етеді.
Ағаш өсірушілердің оңды ісін бағалауға келмейді. Ағаш өсірушінің ұлылығы мынада жатыр, ол өзінің күнделікті жұмысында өзі көрмейтін және қолданыла алмайтын затты өсіп шығарады, бірақ оны ұрпақтары алғыс айта отыра бағалайды.
Ағаш өсірушінің қызметін чеховтың кейіпкері Астровтың сөздерімен сомдауға болады: « менің қолымен өсірілген жас орманның шуын естігенде, мен климаттың кішкене болса да менің қолымда екенін сезем және мың жыл өткен соң адамдар бақытты болса, оған мен кішкене кінәлі болуға бақытты болам. Мен қайыңды салып, одан куейін оның өсіп келе жатқанын көргенде, менің кеудем мақтанышқа толады ».
Иә, орман тек қана ағаш және басқа өнімдердің көзі емес, тек адам өмір сүретін ортаның компоненті ғана емес. Орман-бұл талай жазушыларды, ақындарды, суретшілерді және композитерлерді толғандырған сұлулықтың көзі. Алғашқы музыкалық әуендер құстардың әндеріне, жапырақтардың қозғалуына, шегірткелердің зуылдауына, бұлақтардың гүрілдеуіне еліктеуден пайда болған шығар. Әр қашан және әр жерде музыканың негізгі көзі табиғат, оның ішінде орман болып келеді. Орманға өздерінің тамаша суреттерін Васнецов, Саврасов, Попов және Левитан, т. б суретшілер арнаған. Шишкин да орыс орманының әншісі болған .
2 Әдебиетке шолу
Ғалымдар мен философтардың айтуы бойынша б. д. д Ү ғ жер өндеушілер орманды өздерінің ағаш материалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсірген. Өркениеттің дамуына байланысты орманды пайдалану бағытталған түрде болды. Біздің дәуірімізге дейінгі ІҮғ. кітаптарында орманды пайдалану және орман босаған жерді қалпына келтіру туралы шаралар сипатталған.
Орманды өсіру туралы ережелер әр түрлі энциклопедияларда (ІХ-Х ғ. ғ) келтірілген. Мемлекет тарапынан орман ісіне деген қызығушылық ПетрІ кезінде басталады. Ресми бұйрықтарында ПетрІ орманның мемлекет үшін маңыздылығын көрсетіп кеткен.
Ормандар кеме флотын дамыту үшін керек болған. Бірақ ғылымдағы адамдардың ойлары тек орманды адамдар қажеттілігі үшін қолданумен шектеледі деген оймен тұрып қалған жоқ. Орманның суқорғауда, суреттеуде, топырақты қорғауда, климатты жақсартуда маңызы зор екені туралы ойлар пайда болды және олар дәлелденді .
Ағаш өсіру ғылымының негізін өздерінің еңбектерінде ұлы орыс ғалымдары М. В. Ломоносов, А. Л. Нартов, А. Т. Болотов және т. б салды.
Орманды өсіру ғылымы тез қарқынмен дамыды. 1804 жылы бірінші, орман өсірудің негіздері жазылған кітап шықты, авторы Е. Ф. Забловский.
Орман өсірушілер баспадан шыққан А. В. Теплухов, А. Варгал, П. Перелыгин, Д. И. Менделеев, В. В. Докучаевтың еңбектерімен танысты.
ХІХ ғ. ортасында және екінші жартысында орман ғылымында В. Шелгунов, М. К. Турский, Ф. К. Арнольд, Д. М. Кравчинский, А. Ф. Рудзкий және т. б. еңбектері белгілі болды. ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. басында оларға Н. С. Нестеров, Г. Н. Высоцкий, Л. И. Яшнов, М. Е. Ткаченко, В. Н. Сукачевтың және т. б еңбектері қосылды .
Орыстың орман туралы ғылымының пайда болуына және дамуына үлкен үлес қосқан профессор Г. Ф. Морозов, оның жүзжылдық мерейтойын 1967 ж тойланылып кетті. Оның «Орман туралы ілімі» 1912 ж және 1949ж аралығында жеті рет басылып шығарылды. Г. Морозовтың «Орман туралы ілімі» атты кітабының бағалығы мынада жатыр, әлемде бірінші рет орман өмірінің теориясы берілді. Өзі бақылаған нақты материалдар және орыс, шетел зерттеушілерінің материалдары негізінде Г. Ф. Морозов орманның даму және оның пайдалану барысында қалпына келтіру заңдылықтарын анықтап, зерттеді . Ол орманды географиялық құбылыс ретінде қарастырды.
Орман өсіруде жиналған тәжірибе негізінде мынаны көруге болады, қарағайды қайта жаңарту кезінде негізгі орынды орман дақылдары алу керек. Бірақ оны өсіруге байланысты кейбір сұрақтар, мысалы құмды топырақтарды дайындау, басқа тұқымдармен араластыру, орманның қалыңдығы және егу орындарын орналастыру секілді, әлі күнге дейін орман өсірушілер арасында қызу талқылануда.
Өміршенді және жоғары өнімді егінділерді салу кезінде маңызды рөлді әр түрлі жағдайларда өсетін орман тұқымдарының дәнінің шығу тегі алады.
(Вересин, 1946. Носков, 1959, Поджаров, 1971) . Дәндерді таңдау кезіндегі қателік дәл сол кезде емес, тек біраздан соң анықталады, сондықтан ағаш өсірушілер кез келген дәнді қолдануынан болатын эффекті білу және болжау керек. Орманды зонаның Орталық бөлігінде, Усман борында «оңтүстік бөлігі), жай қарағай дақылдарын сау технологиясы бойынша туындайтын сұрақтарға жауап беруге арналған бірегей объектілер орналасқан. Олар жоғарыда айтылған бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Орман өсіру тарихында бірінші рет организмдер мен ортаның бір тұтастығы туралы қағида айтылды.
Орман сыртқы ортамен үздіксіз байланыстағы тірі организмдердің күрделі тұрғылықты жері ретінде қарастырылды. Орман туралы түсінікке бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін және үздіксіз өзгерісте болатын жануарлар мен өсімдіктер қоғамдыстығы ретінде берілді. Г. Ф. Морозов бойынша орман географиялық құбылыс.
Ч. Дарвинның көзқарастарына негізделе отырып Г. Ф. Морозов орман өмірін тіршілік үшін күреспен байланыстырды, бұл табиғи сұрыпталуға әкеледі деп ойлады. Ағаш өсімдіктерінде индивидуальды өзгергіштік түрі қатты дамыған. Табиғи сұрыптау процессі ағаш тұқымдарына тән. Ортаның жағдайына бейімделе алған организмдер тірі қалады, бейімделе алмағандар өледі. Ағаш тұқымдарында аналық және аталық белгілер тұқым қуалайды, ал ағаштардың қасиеттерінің өзгергіштігіне шек жоқ.
Қазіргі орман өсіру үшін Г. Ф. Морозов тұжырымдаған ереженің маңызы зор, ағаш тұқымдарының орта жағдайларына сәйкестігі туралы ереже. Тек ағаш тұқымдарының өсетін орын жағдайларына сәйкес болғанда ғана оң нәтиже алуға болады, яғни жоғары өнімді орман.
Орманды қозғалмалы тепе-тең жүйе деп көрсете отырып, Г. Ф. Морозов орман өміріне белсенді қатысып, табиғи сұрыпталуды жасанды жолмен реттеу керек деп санаған. Ол орман өсіруде жаңа бір бөлім әдейі сұрыптаудың пайда болуына сетігін тигізді, бұл сұрыптау табиғи сұрыпталуды шарттарға сай және шаруашылыққа керек етіп реттеу туралы пән. Осыған орай орман табиғатын терең зерттеу және оған орман дақылдарының селекциясы, күту мақсатында кесу және басқа шаралар арқылы белсенді әсер ету, оның орман туралы ілімнің негізі болды.
Профессор Г. Ф. Морозов ағаш тұқымдарының ауысуы туралы ілімнің негізін қалаушы. Оның айтуы бойынша, табиғатта бәрі өзгереді, ауысады. Орманда, кейбір формаларда тұрақты болуына қарамастан, осы заңға бағынады. Орманның өмірге деген қабілеті ағаш бітімінің орта жағдайларына сәйкес болу дәрежесіне байланысты.
Г. Ф. Морозовтың дарындылығы әсіресе ол жасап шығарған орман типтері туралы ілімде анық көрінді. Бұл ілімді жалпы біздің елде де және шетелде де мойындады. Ол В. Н. Сукачев, П. С. Погребняк, В. Г. Нестеров, И. С. Мелеховтар айналасқан типологиялық бағыттардың дамуына негіз болды.
Орыс орман өсірушілері ІҮ әлемдік орман конгрессінде орыстардың типологиялық мектебін жоғары бағалануы Г. Ф. Морозовқа міндетті.
Отандық орман өсіруде ең таңымал, А. Ф. Правдинің (1964) жай қарағайдың түр ішілік классификациясы, ол қарағайдың 5 түртармағын(географиялық түр) бөліп көрсетті:жай ормандық, ілгекше түрдегі, солтүстік лапландық, сібірлік және құлынды(немесе оңтүстік далалық) . Әр түр тармақтар өз ішінде климаттық экотиптерге және топырақтық немесе эдафиялық экотиптерге бөлінеді. Мысалға, бордық қарағай (меловая) және батпақты қарағай (болотный) .
Климаттық тип (немесе географиялық бір түр) бұл ең үлкен популяция, оның ішінде географиялық ендік пен теңіз деңгейінің биіктігі арасында айырмашылықты анықтау мүмкін емес деп қарастыралады. (Дж. Райт, 1978) .
Қазіргі түрлер концепциясы оны популяциялар жүйесі ретінде көрсетеді
(Н. В. Тимофеев-Ресовский және т. б., 1973; Э. Майр, 1974) . Негізгі орман-түзушілерді зерттеу кезіндегі популяциялық көзқарас орман ғылымында жаңа кезең. Орман өсіруде популяция пайдаланудың, қорғаудың және түрлі жаңғыртудың негізгі бірлігі ретінде қарастырылады. Ағаш өсімдіктерінің популяциялық құрылымының ерекшеліктері, олардың биоэкологиялық өзгешіліктері-мен, өміршеңділігімен, ареал кеңдігімен анықталады. Ағаш өсімдіктерінің популяциясы, әсіресе жай қарағайдың, дарақтардың саны бойынша көп, ашық шекара жоқ, аралас зоналар бар. Ареал деңгейінде тұқымқуалаушылық қасиеттер мен белгілері физ-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Жай қарағайдың географиялық өзгергіштігін ескере отырып, бұрынғы Кеңес Одақ территориясында 85 орман аудандары құрылған еді .
3 Шаруашылықтың қысқа сипатамасы
3. 1 Табиғи-климаттық жағдайы
Шығыс Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық аймақтардың бірі, жалпы ауданы 28051, 2 мың га. Территориясы 40 0 -тан 51 0 -ке дейінгі ендікте және 76 0 -тан -86 0 -ке дейінгі шығыс бойлықта орналасқан.
Рельефі жоғарғы, орта және төменгі таулармен, тау бөктеріндегі және тау араларындағы кең алаңдармен сипатталады. Абсолюттік биіктік батыста 250 м-ден, оңтүстік-шығыста 2962 м дейін және шығыста 4506 м дейін өзгереді. Облыстың климаты шұғыл континенталды, суық қыспен және ыстық құрғақ жазбен сипатталады.
Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда континенталдық климат біршама әлсірейді. Ең суық ай қаңтар, орташа айлық температура -15-20 0 С солтүстігінде, -14 0 С оңтүстікте.
Қар жабындысы облыстың солтүстік және орталық аудандарында қазан айының аяғында, қараша айының басында, ал қараша айының аяғында оңтүстік бөлігінде түседі. Облыс бойынша қар жабындысының биіктігі біркелкі емес, 15 см-ден аспайды, бірақ 80 см-ге дейін жетуге мүмкін.
Тұрақты қар жабындысының болу аралығы (қарашадан наурыз аралығы) 105-180 күн арасында ауытқиды. Кейбір қыстарда төмен ауа температурасы және әлсіз қар жабындысымен қатар келгенде, топырақ қабаттарының терең қатып қалуы байқалады. Облыс территориясында суық уақыт аралығы (ауа температурасы 0 0 С төмен) 160-170 күн, ал оңтүстік бөлікте 135-155 күн.
Ең жылы айдың-шілденің орташа ауа айлық ауа температурасы-облыстың таулы бөктерлерінде және таулы аудандарында 18-19 0 С, ал жазықтарда- 20-22 0 С және ең оңтүстік бөлігінде-23 0 С. Кейбір жеке жаз күндерінде ауа температурасы 40-43 0 С дейін көтеріле алады. Орташа жылдық ауа температурасы 3 0 С тан 2, 8 0 С аралығында. Жылу уақыт аралығы- аймақтың көп бөлігінде 195 -205 күнге дейін және 210-230 күн оңтүстікте.
Облыстың оңтүстігінде теріс температурадан оң температураға ауысу наурыздың соңы-сәуірдің басына, ал басқа территориясында-сәуірдің басына келеді. Ауа температурасының тұрақты ауысуы әр 10 0 С-қа сәуірдің соңы-мамырдың басында облыстың жазықтық бөлігінде және мамырдың бірінші бөлігінде-тау бөктерінде және тау бөліктерінде орын алады. Аязсыз уақыт аралығы облыс бойынша 90-105 күн ауада және 80-135 күн топырақта.
Жазықтықта, әсіресе оңтүстікте бұл периодқа, температурасы 10 0 С-тан жоғары күндер, ал ұсақ шоқыда температурасы 15 0 С жоғары күндер сәйкес келеді. Тәулік арасында температураның шұғыл ауытқулуларына байланысты жылдың жылу уақытында аязсыз период орта тәуліктік температура 10 0 С көтерілген уақыттан, біршама кеш басталады және орташа жылдық температура 10 0 С төмендеген уақыттан ерте бітеді.
Орташа жауын -шашын мөлшері территорияның көп бөлігінде шамамен
250 мм, бұл жаздың жоғары температурасын ескеретін болсақ, климаттың құрғақтылығы туралы айтуға болады.
Бұл аймақ үшін жыл бойы қатты желдер тән. Орташа жылдық жел жылдамдығы территорияның көп бөлігінде 4-тен 5м/с-ке дейін және шығыста 2-3 м/с дейін төмендейді.
Шығыс Қазақстан облысының территориясының көп бөлігі далалармен және Алтай, Саур-Тарбағатай секілді таулы жүйелерімен сипатталады. Ертістің толығымен оң жақ бөлігі және сол жақтың бір бөлігін Алтай таулы жүйесі алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысында Семейдің Ертіс маңы (172, 7 мың км 2 ) созылып жатыр, ол ұсақ тау-ұсақ тау-шоқылар-төбешікті жазықтармен сипатталады.
Жазықтардың көбінде жусан-көде, жусан-бетеге-көкпек өседі. Ертіс алаңы әр түрлі шөптік-астық шалдықтар және орманды тоғайлармен, Ертіс жайылымдары бетеге және көде-бетеге шөптерімен сипатталады.
Қазақстанның орман өсіруді аудандастыру сызбасына сай (Чупахин, 1970) және ҚР Ғылым Академиясының географиялық бөлімінің мәліметтері бойынша филиал территориясы далалық зонада орналасқан, бұл зона қара-қоңыр топырақтағы жусан-бетегелі даламен сипатталады.
Филиал территориясы Ертіс-Обь қарағай-қайың далалық ормандар жеріне кіреді және Ертіс маңының ленталық орманына жатады.
Геоморфологиялық жақтан қарастыратын болса филиал территориясы Ертіс маңы ойпатына жатады, ол әлсіз толқынды құмды-құмдақпен сипатталады. Топырақ және өсімдік жабындыларының ерекшелігі жергілікті жердің рельефімен байланысты. Территорияның көп бөлігін шымды-бор топырақтар және құмда өсетін ленталық орман алады. Рельефтің төменгі жақтарында қайың, көктерек кездеседі, олар аралас ағаш қауымдастығын құрайды.
Жазықтық бөлігінде қарақоңыр гумусты топырақта құмды-селеулі-бетеге секілді өсімдіктер тобы кездеседі. Ал әлсіз айқындалған рельефта әр түрлі шалғындық өсімдіктер көп таралған. Негізінен селеу, бетеге, подмореник арпабас, бидайық, бұталы-тобылғы және қарағай басым болады. Жерасты сулары жақын жерлерінде әр түрлі шөптік-асық тұқымдастар кездеседі.
Теректі және бұтақты ормандар ауданы Ертіс өзенінің алабында орналасқан. Өзен сағасының бір бөлігі қатты қабатты аллювимен қаланған және кедір-бұдырлы толқынды рельефпен ерекшеленеді (өзен сағасындағы талдар және жыралармен, құмды қайрандармен және т. б сипатталады) .
Орталық бөлік топырақтың ауыр құрамымен және көл, бұлақтардың көптігі-нен пайда болған ойыс-қиыс рельефпен сипатталады. Мезорельефтің төменгі бөлігінде батпақты шалғындықтар кездеседі. Ағаш (терек, үйеңкі) және талдар (итмұрын, шоқ тал, ырғай секілді және т. б) өсімдіктермен және басқа жағалауында астық тұқымдастар және әр түрлі шөптер (арпабас, шын), ал батпақты шалғындықтарда-қамыс, елекшөп және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz