Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Орта мектептегі жаратылыстық ғылымдар цикліндегі пәндер бойынша сабақ өткізу барысында

мультимедия кабинеттерді пайдалану

Мамандық шифры 050111 - Информатика

шифры

Студент: _ Уалиева Н. Д

қолы (аты - жөні)

Топ ТУ - 441

Жетекші: Умирбаева С. Т. _

қолы (аты - жөні)

Семей 2008 жыл

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе
3
Кіріспе:

І тарау. Орта мектептегі оқу үрдісін жаңа

технологиялар негізінде ұйымдастыру

3:
Кіріспе:
  1. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды енгізудің

қажеттілігі

3: 8
Кіріспе: 1. 2 Білім берудегі компыотерлік технология
3: 15
Кіріспе: ІІ тарау. Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
3:
Кіріспе: 2. 1 Информатика пәнінің басқа пәндермен өз ара байланысы
3: 22
Кіріспе:

2. 2 Орта мектепте жаратылыстық пәндерді оқытуды

ақпараттандыру

3: 28
Кіріспе:

2. 3 Жекелеме пәндерді оқытуда мультимедиялық

кабинет мүмкіндіктерін пайдалану әдістемесі

3: 39
Кіріспе: Қорытынды
3: 47
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
3: 52

Кіріспе

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру кажет болады. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен карайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамдарды қажет ететін жұмыс. Шындығында, әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін-өзі калыптастырады.

Жаңа технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауды оқу процесі жөніндегі әр түрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін сын көзқараспен ұғынып, мәнін түсінуден бастаған жөн:

  1. Оқу процесін басқарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау.
  2. Оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда, оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтуде дамудың басым, ұғымды бағытына сүйену.
  3. Оқу процесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлаудың, бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістемесінің түпкілікті және сапалы болмауын, соның нәтижесінде оқыту уақытының текке, мақсатсыз жұмсалуын бейтараптандыру және түпкілікті болдырмау.
  4. Оқытудың ең жоғары нәтижелеріне жету мен қажетті оқыту уақытының бір-бірімен өзара тығыз байланысты болуы.
  5. Оқушыларды оқытуды күшейтіп, білімді базалық деңгейге дейін тереңдетуді түсіну, олардың ой-өрісін кеңейту, оқыту уақытын арттырмай, бағдарламалық мәліметтерді толык меңгерудің әдістемесін іске асыру.

Оқыту уақыты қорының тапшылығы оқушылардың психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің шектеулілігін, ескеру, оқу еңбегінің жоғарғы деңгейдегі мөлшеріне сәйкес жұмыс көлемі жүйелі түрде қолайлы қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Оқыту қарқынын күшейтудің негізгі бағыттары мыналар:

  1. Жоспарланған уақыт аралығында оқытылатын пәндерді ұғымды және жүйелі орналыстыру (оқу процесін ұйымдастырудың модульдік, тақырыптық, тараулық, бөлімдік) технологиясы.
  2. Оқу процесін жобалағанда әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілетін басынан бастап ескеру (оқытудың жаңа технологясы) .
  1. Дидактикалық модульдің әртүрлі кезеңдерінде әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеріп отыру (бастапқы, ортаңғы, соңғы кезеңдердегі) .
  2. Оқушының білім деңгейін болжау және бағалауда қарқынды бақылау тәсілін қолдану.
  3. Оқыту әрекетінің карқынын күшейту, жалпы білімдік іс-әрекет пен сабақ окуға мақсатты дағдылануды калыптастыру не нәрсеге оқыту?, қалай оқыту?, немен оқыту? сияқты "шартты" бағыт сілтейтін мақсаттарды айқындау.

Оқу процесін ұйымдастырудың модульдік технологиясы мен оқыту технологиясы оқу процесін құрып, анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу процесінің үлгісін жасағанда сол оқу процесіне нақты түрде бірте-бірте жуықтау тәсілін қолдану міндетті іс (жаңа технология жобасының идеологиясы) . Жаңа технология оқу процесінде іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модульдердің жобасын жасауды көрсетеді. Сонымен бірге, дидактикалық модульдерді жасау арқылы оқу процесін жобалау мен үлгісін жүйелі түрде іске асырудың ең бір маңызды дидактикалық мәселесін іске асырып, жоғарғы оқу орнының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау жұмысын іске асыру толық орындалады.

Оқытудың жаңа технологиясы осы уақытқа дейін өз мәнінде шешілмеген пәнаралық байланыстарды оқу процесі барысында дидактикалық модульдердің бір-бірімен ара байланыстары арқылы мүдделі түрде жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Жаңа технология әртүрлі пәннің оқытушыларына өз мамандығының сапа деңгейіне, жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға, ең бастысы, білімнің жаңадан калыптасқан мазмұны арқылы жоғары айтылғандарды барлық жоғары оқу орындарының күнделікті оқыту жұмысында таратуға мүмкіндік береді.

Мұндай жұмыстардың нәтижесі - оқыту мақсатын меңгеру, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды оқыту мазмұны тұжырымдалған оқытудың әдістемелік жүйесін құру болып табылады. оқушыларға базалық білім жүйесін беру, олардың жеткілікті іскерлік деңгейін қалыптастыру, оқуға, ойлауға үйрету, оқушылардың білімді өздігінен іздестірулерін дамыту, яғни оларды танымдылық әдістерімен қаруландыру, оларды сын көзбен қарап ойлауға үйрету, сонымен қатар, өздерінің ойлары мен тұжырымдарының дұрыстығын негіздеп, дәлелдеуге үйретуге мүмкіндік туады.

Жаңа технологияны іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерді міндетті түрде орындауға баса көңіл аудару аса маңызды:

1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі.

2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен оқушылардың кепілді дайындығы болу принципі.

3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі.

4. Жоғары оқу орындарындығы кері тартпалық пен шек қойып тежеушілікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара катынаста үйлесімді пайдалану принципі.

  1. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы педагогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі.
  2. Мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі.
  1. Оқушылардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принципі.
  2. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі.
  3. Әр оқушының жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.

Оқытудың жаңа технологиясының дидактикалық модуль түрінде жүзеге асыру жобасы, әуелі ойша тұрғызылған материалдық дүниеден басталады. Содан кейін, ол салыстырмалы түрде ұсынылады, әрине ең әуелі болашақта дидактикалық модуль жүзеге асырылатын оқу процесінің құрылымын айқындау кажет. Мұнда технологиялық процестің негізгі кезеңдері жөніндегі алғашқы мағлұматтарды, әдісіемелік, технологиялық, тұрмыстық жобалаларды, орындаушылырдың кажетті мамандық деңгейін, оқытудың технология тіліне аударылған болжау мен бағалаудың көрнекі жұмыс жабдықтарының жоспарланған қорытындысын меңгерудегі өз ұсыныстарымызды катаң бір жүйеге келтіру аса маңызды.

Бірінші кезең - нақтылы технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері және нақтылы дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын "оқытудың жаңа технологаясын теориялық тұрғыдан негіздеу" деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау.

Әрине, оқыту технологиясын жасап дайындағанда оның бірнеше түрлері қолымызда болып, оны-оқу процесіне енгізу үшін кажетті жоғары ғылыми деңгейде дайындалған болуы керек.

Жаңа технологияның бірнеше түрі жөнінде айтқанда, біріншіден, таңдаулы авторлар жасаған дидактикалық модульдің әдістемелік сараптауға жататын түрімен, екіншіден, әр пәнді оқытатын тәжірибелі оқытушылар жасаған дидактикалық модульдің әдістемелік тәжірибе нәтижесінде жасалған түріне тоқталған болатынбыз. Оқытудың технологиялық процесінің соңғы нұсқасын (вариантын), яғни жалпылама меңгеру мен санын көбейтуге дайын дидактикалық модульді - барлық талдап шыққан мағлұмат түрлерін кұрастырып (синтез жасап) және оларды жинақтаудың (интеграция) нәтижесінде алынған қорытынды деп танитын боламыз.

Екінші кезең - "берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі" деп аталатын құжаттар жинағын дайындау. Оқыту технологиясы оны іске қосу тәртібіне байланысты болғаңдықтан уақыт мөлшері белгіленген бөлімдері болады және олардың атқару бірізділігі оқу процесі технологиясының логикасын айқындап кұрастырады. Белгіленген мұндай бөлімдердің мысалы ретінде технологиялық жағдайды карастыруға болады. Технологаялық жағдай оқушының болжамдалған және жоспарланған дамуы мен оқуының белгілі бір нәтижеге жетуінің карапайым түрі болады, Аралық нәтижеге жету келесі технологиялық жағдайға көшудің кажетті шарты болып табылады.

Дидактикалық модульді жобалағанда біз технологиялық жағдайды 45 минуттік уақыт модулімен сәйкестендіреміз де істік алдағы қорытындысын осы қарапайым модульдің қорытындысымен өлшейміз.

Әрине, екі 45 минуттік модулінің арасында әр оқушының жоспарланған аралық қорытындыға жету деңгейін тексеруді жоспарлау қажет, ол тексеру қорытындысы аралық технологиялық жағдайдың қандай жетістікке жетіп, оқушының келесі 45 минуттық уақыт модуліне өтуге дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.


І тарау. Орта мектептегі оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыру

1. 1. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды енгізудің қажеттілігі

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында, мектептерде қолданылады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

-ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап жүзеге асыру;

-оқу - тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

-мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдадану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;

-білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық -техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

-педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:

-қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

-жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-жалпы компьютерлік сауаттылық;

-оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Нәтижелер:

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

-жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынща оқушыларды мамандыққа баулу механизімін құру;

-біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

-мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;

-республиканың білім беру мекемелерін бас0арудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:

І. Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;

1. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің №3645 өкімімен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекітілген)

2. Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік оқу мекемелерін ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкіметінің №616 қаулысымен 2001 жылдың 10 мамырында бекітілген)

З. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы №1037 қаулысымен қабылданған "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы".

ІІ. Оқу жоспары және бағдарламасы;

ІІІ. Ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;

ІV. Программалық жағынан қамтамасыз ету; Қолданбалы программалық құралдар, электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар.

V. Мамандармен қамтамасыз ету;

Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру:

1-кезең "Ақпараттық технология негіздері"

2-кезең "Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы"

3-кезең "Интернет-технология. Web -сайтты құру технологиясы"

4-кезең "Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкіндігін шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы"

VІ. Глобальды коммуникациялық құралдар.

Интернетке қосылу арқылы әлемдік білімдік кеңістікке шығу. Қашықтан оқыту формасына көшу.

Мемлекеттік ақпараттық саясат - ақпараттық қоғам жағдайында түрлі қызмет салаларын ақпараттандыру және біртұтас әлемдік ақпараттық кеңістікке енуді қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттік органдарда бекітіліп, жүзеге асырылу механизмдерін реттеу.

Білім беруді ақпараттандыру - білім беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық -педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану процесі.

Ақпараттық кеңістік - белгілі бір ереже мен қағидаларға негізделіп ақпараттық субъектілерін өзара әрекетін және ақпараттық тұтынушылардың қызметін толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз
ететін ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы.

Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелердегі жекелеген құжаттардың немесе қүжаттар жиынтығы (кітапханалардағы, архивтегі, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегі) .

Ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттармен бірнеше құжаттар жиынтығы.

Ақпараттық процестер - ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, іздеу және тарату процестері.

Ақпараттық орта - ақпараттық процестер мен қарым - қатынас ретінде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердің жиынтығы.

Ақпараттық процестер субъектісі - ақпараттық ресурстар иегері және меншігі ретінде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар ақпаратты қолдаушылар басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.

Ақпараттық процестер объектісі - ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.

WWW (World Wide Web) - гипермәтін құрылғысы көмегімен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкіндігі мен іздеу навигациялар жүйесі.

Гипермәтін - басқа мәтіндермен байланысты жүзеге асыру мәтіні.

Қашықтан оқыту. Қазақстандағы білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісінің тұжырымдамалық ережесі экономиканың ғаламдану дәуірінде мемлекетті өркендете алатын ақпараттық сауатты
мамандар буының қалыптастыру арқылы елді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға бағытталған ақпараттық инфрақұрылымды жасауды, жетілдіруді талап етеді және мынадай негізгі міндеттерін атап көрсетуге болады:

-қазіргі ақпараттық қарым-қатынастық технология кезінде білім берудің ғылыми-әдіснамалық және құқықтық - нормативтік негіздерін зерттеу;

-бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру;

-ақпараттық білім беру желісін және орталық телекоммуникация торабын қалыптастыру;

-білім беру ресурсынан және оның бөліктерінен бірыңғай ақпараттық база жасау;

-білім беру жүйесін программамен қамтамасыз ету индустриясын және оқу мақсатындағы электрондық - мультимедиалық тасушыларды қалыптастыру.

Бүгінгі уақытта аймағымыздағы елдердің бәрі дерлік ұлттық ақпараттық инфрақұрылым жасауға кірісіп кетті.

Елімізде ақпараттық, қарым - қатынастық технологияларды енгізу және ақпараттық ортаны қалыптастыру білім беру жүйесінің түбірлі өзгерістеріне негіз болды яғни, білімдік желі құру жұмысы басталды. Оған еліміздің негізгі фирмалары- Қазақтелеком мен АЛСИ қатысады. Бұл
желінің негізгі міндеті - білім беру үрдісі. Әрбір деңгейге және тұтас алғанда бүкіл білім беру жүйесінде кеңінен қол жететін ақпараттық-білімдік орта қалыптасады, онда әрбір оқушы өзінің оқу үстінде қазіргі жаңа ақпараттық қарым - қатынастық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін пайдаланатын болады деп ойлаймыз.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасынын негізгІ мақсаты - әлемдік ақпараттық кеңістікке ену және оны жүзеге асыру үшін "интернет" желісіне қосылу және "электрондық поштаны" пайдалану қажет. Егер осы байланыс жүйелерін қолдана білсек әлемдік деңгейде бұл бағытта еркін жұмыс жасайтындай мүмкіндікке ие боламыз.

Интернет жүйесімен жұмыс істей білу - әлемдік ақпараттан мәлімет алуға үлкен мүмкіндік береді. Ал, қазіргі жағдайда ақпаратты мәліметке ие болу дегеніміз - экономиканың барлық саласында үлкен жетістікке жетудің бірден - бір жолы екендігі белгілі. Сондықтан интернет жүйесін игеру кезек күттірмес қажеттілік.

Электрондық поштамен жұмыс қашықтықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ақпаратты өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетін қазіргі пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне, оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Ал, қазіргі кезде дыбыстық, графикалык, бейне, мультимедия, гипермәтіндік
элементтермен "қашықтан оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай
оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктіліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал. Қазіргі заман талабына сай электронды оқулықтар жасақтап, оқушыларды қашықтықтан оқыту мәселелерінің шешілуі үшін арнайы Web -сайт даярлап осы мақсатта даярланған сайтты Internet желісіне қосу өзекті мәселелердІң бірі.

Оқу ақпаратын әсіресе қашықтықтағы және халқы аз елді мекендерге жеткізудегі теледидардың зор мүмкіндіктерінің ерекше маңызы бар. Олар озық педагогтік әдістердің, үздік ғалымдар мен практиктердің жұмыстарының, мұражай кітапхана және мұрағат қорларының, қажет етушілерге шектеусіз жетуіне жағдай жасайды, Жобаны бастаушылардың бірі "КАТЕЛКО" ЖАҚ. Спутниктік антенналармен және қабылдағыштармен, арнайы Интернет - карталармен білім беруді ұйымдастыру үшін күн сайын хабар таратылады.

Білім беруді ақпараттандырудың республикалық орталығы атқарады. Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстарында қажетті жабдықтар сатылып алынуда.

Бүгінде қашықтан білім берудің және оны ұйымдастырудың көптеген тұжырымдамаларын қарастырсақ, әлемдік және аймақтық желілік
жаңа технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады.

Қазақстан үшін қашықтан оқытуды дамыту көкейтесті мәселе болып отыр. Осыған орай тәжірибелер де жүргізілуде.

Қазақстанның Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту формасын енгізу жағдайларын зерттеуді Томск мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогтік институтының бірлескен ғылыми - педагогикалық тәжірибесінің үлгісімен жүзеге асуда. Алғашқы тәжірибе мұндай оқыту түрін Қазақстанда ұйымдастырудың болашағы бар екенін көрсетті.

Қазіргі кезде Республикада қашықтан оқыту жүйесі Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облыстарында бастауын тапты.

1997 жылы 22-ші қыркүйекте Президент Н. Ә. Назарбаев кабылдаған ҚР орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасының бір элементі қашықтан оқытудың спутниктік арнасын жасау қажеттілігін айқындай түсті. Ондағы мақсат - білІм беруді тиімді ұйымдастыру, біртұтас ақпараттық жүйеге шалғайдағы оқу орындарын біріктіру, ақпарат алмасу.

Қашықтан оқыту жобасын жүзеге асырудың негізгі құралдарына "электрондық оқулық" және "қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы" жатады.

Қашықтан оқытудың тиімділігі.

XXI ғасырдағы білім беру нарығының негізгі талабы-ол үздіксіз жаңа біліммен және икемділікпен қарулану больш табылады. Бұл жағдайда қашықтықтан оқыту мамандардың білімін өте қысқа мерзімде өздерінің таңдауы бойынша күндіз немесе сырттай көтеруіне мүмкіндік береді. Мұнда жеделдетіп оқыту процесі де жүзеге асырылады. Осы аталған процестер оқытудың "жеке проекциясы" жобасын жасақтауға келтіріп отыр.

1. 2 Білім берудегі компыотерлік технология

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Оқушылардың білімін бағалау
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz