Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Қытайдағы қазақ диаспорасы: тарихтық, құқықтық аспектісі.

Жоспар

Кіріспе 2-7 б. б.

I тарау.

ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайға көшу мен елге оралу тарихы.

1. 1. 1914-1939 ж. ж. аралығындағы қазақтардың Қытайға

көшу себептері. 8-23 б. б.

1. 2. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қытай қазақтарының

елге қайтуы. 24-27 б. б.

II тарау.

Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы.

2. 1. Қытайдағы қазақ диаспорасының әлеуметтік,

демографиялық жағдайы. 28-39 б. б.

2. 2. Қытай қазақтарының құқықтық қорғалу мәселелері. 40-44 б. б.

2. 3. Тәуелсіз Қазақстанның көші-қон саясатында, Қытай

қазақтарының алатын орны. 45-65 б. б.

III тарау.

« Қытайдағы қазақ диаспорасы: тарихтық, құқықтық аспектісі» тақырыбын мектепте оқыту мәселелері.

3. 1. «Қытайдағы қазақтардың тарихи-құқықтық жағдайы» тақырыбын

мектеп бағдарламасына енгізу мәселелері. 66-72 б. б.

3. 2. Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты, құқықтық қатынастарды

мектепте оқыту. 73-84 б. б.

Қорытынды 85-87 б . б.

Қосымшалар 88-91 б. б.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 92-93 б. б.

Кіріспе

Қазақ халқы бүгінде 10 миллионнан асатын ұлттардың қатарында. Бұл санның үштен бірін Қазақстаннан сырт алыс, жақын шетелдерде тұратын қазақтар құрайды. Олардың тұрмыс құрып, мекен еткен елі үшін олар қашанда диаспора болса, біздер үшін олар қандастарымыз, отандастарымыз болып қалмақ.

Демографиялық үрдістерге объективтілік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Сана-сезімнің ширығуы заманында өз қандастарымыздан өзіміз жеріп, оларды «қашқындар», «оралмандар» деп атой салып жатқанымыз да бар. Тағдыр тәлкегіне түсіп, шекара ауғандары болса оларды түсінуден, өздерінің тарихи ата-қонысының бір шегінде тұрақты тұрып келе жатқан қазақ халқының қомақты бір бөлігі ретінде қарастырудан аулақпыз. Ащы болса да қоғамда қалыптасқан шындық осы. Елімізде қазақ тарихын зерделейтіндер арасында бұл мәселеге оң қабақ танытқан зерттеу жұмыстарының жоқтығы жүрек қынжылтады. Бұл құбылыс бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде, менің таңдап алған тақырыбымның да өзектілігін құрайды.

Қазір Қытай шегінде 1 миллион 500 мыңнан аса қазақ жасайды. (12. ) Олар бүгінгі күні ешқандай да «қашқын» емес, ол жайында төмендегідей негіз келтіре аламыз:

  • Тарихи тұрғыдан алғанда Қытай қазақтары өз ата-қонысында отыр. Олар қоныстанып отырған жерлер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болған байырғы үйсін, ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ ұлыстарының тарихи Отаны. Қарлұқтар заманынан ХV дейін де бұл өлкеде найман, керей, меркіт, үйсін, қаңлы тектес ру-тайпалары жасады. Кейінгі кезде шығыстағы ойрат моңғолдарының күшеюіне байланысты бұл өңір бір мезгіл қолдан кетсе де, ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қайтадан қазақтар қолына өтті. Бүгінгі қытай қазақтары бір кездері ойрат қалмақтары жойылғасын, Абылай ханның кемеңгерлікпен орналастыруының арқасында, Қабанбай, Жәнібек тектес батырлардың бастауымен өз ата-мекендеріне оралған сол қазақтардан өсіп-өнген ұрпақ.
  • Қытайдағы қазақтар бұрын-соңды өздерінің әкімшілік өкілеттігін белгілі деңгейде сақтап келеді. Бүгінде Қытай шегінде отырған қазақтардың автономиялы облысы, үш автономиялы ауданы бар. Іле Қазақ автономиялы облысы Қытайдағы ең үлкен облыс. Бұған себеп оның қарамғында бұрындары кілең қазақтар қоныстанған үш аймақтан тұратын 25 аудан мен қаланың болуы. (13. ) Сондықтан әкімшілік-дәрежесіне қарай ол Қытайдағы бірден-бір орынбасар өлке дәрежелі облыс. Ал басқа автономиялы облыстар әкімшілік мәртебесі жағынан қатардағы аймақ дәрежесінде ғана. Қытай қазақтары 47 ауданға қоныс тепкен. Осыншама халық жер бетіндегі қазақтардың жалпы санымен салыстырғанда өздерін азшылық санап отырған жоқ. Ал оларды 1 миллиардтан астам қытай ұлтымен салыстырғанда теңіздің тамшысындай-ақ болатынын айтпасақ та түсінікті.
  • Қытай қазақтарының өздеріне тән тіл-жазуы, ақпарат, баспасөзі, бастауыш, орта және жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, әкімшілік басқару жүйесі, кадрлар запасы болып келді. Соның нәтижесінде қазақ тілі ұмыт қалмады. Аталған салалардың бәрінде жұмыс көбінесе қазақ тілінде жүргізілді. Екінші сөзбен айтқанда, қазақ тілі қазақ халқының қомақты бөлігі қоныстанған аталмыш өңірде үздіксіз даму, кемелдену мүмкіндігіне ие болды.
  • Қытай қазақтарының арасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ән биі, көркемөнері, әдебиеті жалғасты дамуда. Атап айтқанда, торқалы той, топырақты өлім, ас-мереке, ақындар айтысы т. б. бұқаралық қимылдар қазақтың байырғы салт-дәстүріне сай өткізіліп келеді. Сондай-ақ көптеген өнер қайраткерлері, әдебиетшілер өсіп жетілуде.
  • Қытай қазақтарында халқымыздың қымбатты әдеби-тарихи мұралары, ән-күйлері сақталған. Олардың кейбіреуі түрлі себептерге байланысты қара шаңырақ - Қазақстанда ұмыт болған немесе із-тозсыз жоғалып кеткен бағалы дүниелер. Қазірге дейін Қытай қазақтары тарапынан қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорына арналған 80 том, қазақ қиссаларына арналған 18 том, қазақ тарихына арналған 6 том баспадан шықты. (13. )

Әрине бұл айтылғандардан Қытай қазақтарының төрт құбыласы тең, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүріп отыр деген ұғым тумауы керек. Олардың да күрмеуі қиын мәселелері толып жатыр. Қытайландыру саясатының қарқындылығы бейбітшіл халықты зар жылатып жатқан кездер де аз емес. Жалпы Қытайдағы қандастарымыздың жай-күйін, көші-қон себептерін зерделеу менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.

Аталған мақсатқа жету жолында, дипломдық жобаның міндеттерін де негізге алғанымыз жөн. Оның негізгі міндеттері төменгідей:

  • ХХ ғасырдың басында қазақтардың Қытайға қоныс аударуына мәжбүрлеуші себептерді анықтау;
  • Қытайдағы қазақтардың құқықтық қорғалу мәселесін қарастыру;
  • Қандастарымыздың көшіп-келуіне қатысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ашықтау;
  • Қытай қазақтарының демографиялық жай-күйін зерттеу;
  • Қытайдың көші-қон саясатының негізгі бағыттарын анықтау.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шектері ретінде ХХ ғасырдың 16-17 жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейінгі уақыт алынды. Бірінші бөлімде жалпы қандастарымыздың қазіргі Қытай территориясына қай уақыттан бастап қоныс тепкенін білу үшін азғана тарихқа шегініс жасалынады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Әрине, Кеңес дәуірінде бұл мәселені зерттеуге тыйым салынған болатын. Сол кезде көптеген жұмыстар жарыққа шыққанымен, ондағы зерттеулер идеологиялық қысым негізінде біржақты қарастырылады. Сондықтан 1950-1980 жж шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың кейбір тарихи немесе қазіргі кездегі мәселесіне байланысты жарияланған жұмыстар идеологиялық қысымға ұшырады. Осы пайымдаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін біріншіден, сол жұмыстарды оқығанда және екіншіден, қазақ диаспорасына байланысты монография мен мақалалардың жетіспеушілігі, сол кездегі кеңес тарихнамасындағы мақалалардың аз болуы және олардың көбі Қытайдағы қазақ ирредентінің жеке мәселелерін зерттеген. (12. )

Осының негізінде Г. В. Астафьевтің «Казахи Синьцзна» монографиясын айтуға болады. Бұл кітапта Шыңжан провинциясындағы қазақ тұрғындарының этно-тарихи проблемалары зерттелген. Қытайдағы қазақ ирреденті тұралы кеңес тарихнамасында бұл жалғыз монография болды.

Тарихи және этнографиялық мәселелерге арналған мақалаларды айта отырып, Қытайдағы қазақтар тұралы Н. Н. Мингуловтын «Национально-освободительное движение народов Синьцзяна как составная часть общекитайской революции (1944-1949) » деп аталатын мақаласын айтуға болады. Н. Н. Мингулов сол кездегі оқиғаға қатысты Шынжаңның периодикалық прессасын пайдалана отырып, Шығыс Түркістандағы Іле қозғалысы туралы мәлімет берген. (8. )

Шет жерлерде тұратын қазақтар туралы Кеңес тарихнамасында С. И. Бурк ғылыми зерттеулер жүргізген. Ол 1950 жылы Шыңжанда тұрып жатқан халықтың эникалық құрамын Г. П. Сердюченконың Қытай халықтарының тілдік классификациясына арналған мақаласын пайдаланып және статистикалық мәліметтер келтіре отырып, автор 1954 жылғы бірінші Қытай санағынан алынған мәліметтер арқылы 1953-1954 жж қазақтар туралы жазған.

Қазақтардың жоңғар хандығымен екі ғасырлар бойы жүргізген қарым-қатынасының тарихы Орталық Азияның халықаралық аренсында ең қызықтыратын сұрақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты ғылыми ізденістер жүргізіледі.

Олардың ішінен В. А. Мойсеевтің «Джунгарское ханство и казахи /17-18 вв/» монографиясын айтуға болады. Қытай қазақтарыныңтарихи пайда болу мен қазіргі кездегі дамуының тарихын, қазақтардың эмиграция салдарынан Шыңжаннан 1930-1950 жылдары Үндістан мен Пәкістанға, кейін басқа елдерге таралуының бірнеше кезеңдері бар: бірінші кезеңге батыс ғалымдарының зерттеулерін жатқызамыз. Олар өздерінің ғылыми зеттеулерін 1950 жылғы Шыңжанда, Тибетте, Үндістанда және Пәкістанда болған оқиғаларға байланысты жүргізген. Осыған орай, Годфри Лиастың «Казахский исход» деп аталатын монографиясын және Милтон Дж. Кларктың «Как казахи бежали к свободе» мақаласын айтуға болады. Осы кезеңге неміс ғалымдарының социологиялық зерттеулері жатады. Олар Шынжаңнан Түркияға келген алғашқы саяси қазақ босқындардың лагерлерінде зерттеулер жүргізді.

Екінші кезеңге сол оқиғаларға қатысқан немесе олардың туысқандары жазған көптеген зерттеулер мен мемуарлар жатады.

Ең біріншісі 1976 жылы Стамбулда түрік тілінде шыққан Хасен Оралтайдың «Казахские тюрки» кітабы. Бұл кітаптың бірінші бөлімінде автор оқырмандарды Шыңжаң қазақтарының этнографиясымен таныстырады, қалған сегіз бөлімдері 1940 жылғы Шынжаңдағы оқиғаларға байланысты жазған. Сонымен қатар Әлібек Хакім және Хамза Ұшар басшылары бастаған қазақтардың Шынжаңнан Тибет арқылы Кашмирге келуі және көптеген қанды көтерілістердің болғанын бяндайды.

Үшінші кезеңге батыс тарихшылары мен этонлогтарының 1980 жылғы Қытайдағы, Түркиядағы, Швециядағы қазақ қоғамының тарихы мен қазіргі дамуын зерттеген монографиялары жатады. Бұл жерде 1988 жылы Упсалада (Швеция) Оклад университетінің профессоры (Рочестер, АҚШ) Линда Бенсон мен швед ғалымы Ингвар Сванбергтің «Казахи Китая» деп аталатын монографиясы жарыққа шықты.

Төртінші кезеңді кейінгі жылдары осы проблеманы зерттей бастаған қазақстандық ғалымдарының еңбектері құрайды.

1995 жылы 16-17 қараша Түркістан қаласында «Казахская диаспора: проблемы и перспективы» деп аталатын халықаралық симпозиум. Бұл ғылыми творчестволық форум Қазақстанда бірінші рет өткізіледі және ғылыми зерттеу жұмыс Қытай қазақтарының қазіргі проблемасын оқып білуге арналады. Симпозиумда Түркия, ФРГ-дағы қазақ диаспорасының, Ресей, Монғолия және Өзбекстандағы қазақ ирредентінің өкілдері сөз сөйледі.

Қазақ тарихнамасында бұдан басқа 1994 жылы шыққан К. Л. Сыроежкиннің «Казахи в КНР: очерки социально-экономического и культурного развития» монографиясын, Жақсылық Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар» еңбегін, Нәбижан Мұқаметқанұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920) » монографиясын атап кету керек. Авторлар ҚХР-да тұрып жатқан қазақтардың өткен тарихы мен қазіргі дамуын зерттеген. (12. )

Қазақстанның байырғы халқы - қазақтардың демографиялық өсуі, кейбір зерттеушілердің пайымдауындай әлеуметтік-экономикалық артта қалғандығының салдарынан емес, бірқатар тарихи-саяси жағдайлардың қолайсыздығынан тікелей жапа шекті. Екі ғасырға созылған отарлық қысымшылықтан кейін, қазақтар алғашқылардың бірі болып сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің алғашқы құрбаны болды. Әсіресе өте ауыр тиген зұлматты, тым рақымсыз голощекиндік геноцидтен көшпенді қазақтар қатты күйзелді. ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша, шамамен екі жарым ғасыр бойы қазақ халқының өз жеріндегі жағдайы өте жайсыз болды. Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктің салдарынан болған қатты ашаршылық, саяси репрессиялар және тағы басқасы жергілікті халықтың шекаралас басқа республикалар мен шетелдерге көшіп кетуі, қазақ халқының демографиялық жағдайының өзгеріске ұшырауына әкеледі. Қазіргі күні Қытай территориясын мекендеп жатқан қандастарымыздың жай-күйі: Кіріспе, ІІІ тараудан құралған негізгі бөлімде және Қорытынды бөлімнен тұратын осы дипломдық жұмыста кеңінен ашылып баяндалады.

I тарау.

ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайға көшу мен елге оралу тарихы.

  1. 1914-1939 ж. ж. аралығындағы қазақтардың
  2. Қытайға көшу себептері.

ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайға көшуі мен елге оралуын қарастырмас бұрын, тарихқа азғана шегініс жасап, қазіргі Қытай территориясына қазақтардың алғаш қоныстана бастауына назар салайық. . Бұл жөнінде біздің жүгінетін көптеген тарихи мәліметтеріміздің ішінде, Қытай тарихы мен жылнамаларынан құжаттар келтірген Нәбижан Мұхаметқанұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы» еңбегінде төмендегідей деректер келтіріледі.

Қазақтар мен қытайлардың өзара қарым-қатынастары біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдағы Қытайдың Хан патшалығы мен ұлтымыздың этногенездерінің қайнар көзі болған Ғұн және Үйсін дәуірінен басталғандығы баршаға аян. Ол кезде Қытайдың Хан патшалығы өзімен үзеңгі қағыстырып терезесі тең тұрған Ғұн империясын жойып, батысқа қарай жол тартып ірге жаю үшін «Батыс өңірден» одақтас іздеп, орталық Азияны шарлады. Ақыры олар Іле-жетісу өңірінен Үйсін мемлекетімен байланыс орнатып, оларды ғұндарға қарсы қою арқылы өздерінің алға қойған мақсаттарын іске асырды. Орталық азиядағы елдермен де қарым-қатынас орнатты. Бірақ бұл тұста басталған қарым-қатынастар, Қытайдың Шығыс хан патшалығы кезінде, яғни біздің заманымыздың І ғасырында үзілген еді. Содан соңғы ғасырларда саяси аренаға шыққан Қытай патшалықтарының кейбір әулеттері ғана Орталық азиядағы елдермен өзара байланыс жасай алды. Бірақ ол байланыстар сол патшалықтың тақтан таюымен бірге үзіліп қалып отырғандықтан, Қытай елі Орталық Азия елдеріне айтарлықтай әсер ете алмаған-ды. Бірақ, Қытайдың ең соңғы феодалдық патшалығы болған Цин империясының (1644-1911 ж. ж. ) ХVIII ғасырдың орта шенінде Орталық азияға дейін ірге жайып келуі, қазақ тарихына аса үлкен ықпал жасады.

Қытайдың Цин империясы - қытайдың шығыс солтүстігінде өмір сүрген Шүршіт ақсүйектері 1644 жылы құрған феодалдық патшалық. Ол содан 1911 жылдың соңына дейін бүкіл Қытайға өз үстемдігін жүргізді.

Цин патшалығы Жонғария мен Қашқарияға әскери жорық жасау барысында, ілгерінді-кейінді Орталық Азиядағы елдермен, яғни қазақтармен, тәжіктермен және де басқа да елдермен де тікелей қарым-қатынас орнатты. Бірақ Цин патшалығының Орталық Азиядағы елдермен болған байланысының сипаты, оның Тянь-Шань тауы өңіріндегі монғол (жонғар), ұйғыр сияқты тұрғындармен болған қарым-қытынасының сипатынан мүлде басқаша еді. Сондықтан Цин патшалығы оларға әуел бастан-ақ парықты мәміле жасады. (8. )

Цин патшалығы Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі жоңғарларды және оңтүстігіндегі ұйғырларды өзімнің «пақырым» (шын мин) деп атады, әрі оларға тікелей билеп-төстеу саясатын жүргізді. Ал Орталық Азиядағы өзімен байланыс орнатқан қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік тіпті ауғандықтарды өзіне «сырттай ел болғандар» (фан шу го) деп атағанымен, іс жүзінде оларды дербес елдер қатарында көріп, сол негізде олармен дипломатиялық қарым-қатынас жасады. Алайда ол кезде өздерін «аспан асты қожасымын», деп есептейтін Қытайдың Цин патшалығы өздерімен байланыс орнатқан елдердің бәрін «өздеріне сырттай ел болғандар» деп атайтын-ды. Бұл олардың сырт көзге жасаған айбары болса керек. Ал іс жүзінде Цин патшалығы Орталық азия елдерінің ішкі-сыртқы істеріне араласпай бейтарап тұру саясатын ұстанды. Сөйте тұра бұрын жоңғарлардың қарамағында болған жерлердің барлығын өздерінікі санап, Ертістің солтүстігінен Іленің оңтүстігіне дейінгі жерге бүйірлетіп қатар-қатар қада қағып, тас үйіп, оба тұрғызып, қарауыл жасап, оны айналдыра әскери күзет қойды. (12. )

Цин патшалығының алғашқы кезде Тянь-Шанның батыс-солтүстік жағынан қорғанып, сақтанғаны әуелі қазақтар болды. Сондықтан цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжарларына «Қазақтарды ішкі жаққа кимелеп кіріп кетпейді деуге болмайды», -деп ескертті. Сондай-ақ оларға қазақтарды сол өздері қойып алған оба қарауылдарынан өрге өткізбеуді тапсырды. Әрине, бұл жәйдан-жай жасалған қорғаныс саясаты емес еді. Өйткені Цин патшалығы ордасы жоңғарлардың хандық құрып дәурендеген кездегі иеленген аумағы - кезінде қазақтардың өсіп-өнген көне жұрты екендігін, сондай-ақ қазақтардың соңғы кезде жоңғардан атамекендерін қайтарып алу күресін күшейте түскендігінен толық хабардар болатын. Сондықтан Цин патшалығы қазақтардың жоңғар жеріне «кимелеп кіріп кетуінен» екі түрлі әдіспен сақтанбақ болды: Біріншіден, олар шекара қарауылдарын күзетуге тұрақты әскер ұстап, өздері қойған қарауылдардан ары асып барған қазақ малшыларын кері қайтарып отыру; екіншіден, қазақтармен қалыпты қарым-қытынас жасап, олармен жақын араласу арқылы қазақ билеушілерін өздеріне баурап, оларға қол астындағы елдерін шекара қарауылдардың сыртқы жағында ұстауға, әрі шекара өңірінің тыныштығын сақтау еді. Сондықтан Цин патшалығы ордасының қазақ ханы Абылайға жолдаған алғашқы хатында-ақ олар: «Қазақтардың (бізге) бағыну-бағынбау еркіндігі өздерінде. Бірақ әр тараптар өз шекараларын сақтаулары керек. Қазақтар өз беттерімен шекарадан асып келіп жоңғарларды талан-таражылауына болмайды», -деп ескертеді. (8. ) Цин патшалығы қазақтарға жолдаған тағы бір хатында: «Сендер жат елсіңдер, әдет-ғұрыптарың қытайға ұқсамайды. Сендердің бізге ел болу-болмау еріктерің өздеріңде, біз сендерді зорлықпен бағындырмаймыз. Бірақ сендер өз елдеріңе ие болып, шекараны мәңгі қорғауларың керек», -деп жазылған. Міне, бұдан Цин патшалығының қазақтарға бағыттаған алғашқы дипломатиялық саясаттары мен көздеген мақсаттарын байқауға болады. (17. )

XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы қайта көркею үстінде болды. Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандыруды қазақ хандығының ұлттық териториясын қалыптастыруды өзінің басты мақстаы етіп қойды. Сонымен ол, Цин патшалығы жоңғар хандығын жойып, қазақтарға таяп келген кезде олармен қалыпты байланыс жасауға мәжбүр болды. Сөйтіп ол Цин патшалығының ресми адамдарымен бір қатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, ындынын байқап бақты. Ақыры Абылай хан 1757 жылы цин патшалығымен ресми қарым-қатынас орнатты. Сол жылдан бастап қазақ-қытай ортасында дипломатиялық барыс-келістер басталып, экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай цин патшалығы 1758 жылы Үрімшіден, 1759 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастау саудасын кең көлемде өрістетті. Екі жақты экономикалық сауданың бірден айтарлықтай дамуы қазақ-қытай ортасындағы саяси дипломатиялық байланыстардың да өріс алуына ұйытқы болды. Қазақ хандарының елшілік делегациялары шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, Императорға тарту-таралғы ұсынып, өз хандарының сәлемін жеткізіп тұрды. Цин патшалығы өзіне сәлем бере барған қазақ елшілерін қабылдағанда оларға дән ризашылығын білдірген кейіп танытатын. Оларға тіпті асты-үстіне түсіп, әбігер болып қалатын. Тіпті, оларға еселеген сый-сияпат көрсетіп, мол силық беріп, үкілі бөрік кигізіп, қайтарып отырды. Сондай-ақ Цин патшалығы өзінен ізет күткен қазақ хандарын жарлық хаты арқылы ұлықтап тағайындап, өзінің «тәңір билеушісі немесе Аспан асты қожайыны» екендігін де аңғартып тұрды. Бірақ олар қазақ елінің күнделікті ішкі-сыртқы істеріне қол сұғып, билік жүргізуге бара қоймады. Керісінше, қазақтың хандық жүйесін қолдап-қуаттап, қазақтарды өз шекарасы сыртындағы қамал-қорғаны етуді көздеді. (8. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Қазақтар (шетжұрты)
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Қазақтар
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz