Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері


Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

I БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ . . . 5

1. 1. Құқықтық мемлекет тұжырымының даму тарихы . . . 5

1. 2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылуының алғы шарттары . . . 23

II БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕГІ БИЛІК БӨЛІНІСІ ЖҮЙЕСІ . . . 25

2. 1. Билік бөлінісі принципі . . . 25

2. 2. Тежеу және теңестіру жүйесі. Заң үстемдігі . . . 36

III БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ . . . 44

3. 1. Азаматтық қоғамның құрылымы . . . 44

3. 2. Қазақстанда азаматтық қоғам қатынастарын конституциялық реттеу . . . 48

IV БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ . . . 52

4. 1. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құқықтар мен бостандықтар кешені . . . 52

4. 2. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекетпен қорғалуы . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74

КІРІСПЕ

Құқықтық мемлекет негізінде азаматтардың қоғам мен құқықтың, биліктің заң алдындағы құқықтық теңдігі жатыр. Құқықтық мемлекеттегі жоғарғы билік - бұл мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларынан бастап, мемлекеттік билік органдары, қарапайым азаматтарға дейін бірдей бағынатын заң билігі. Адам құқық субъектісі ретінде өзінің мүлкін, күшін, мүмкіндіктерін еркін пайдалана алады.

Жұмыстың зерттелуі: Құқықтық мемлекет мәселелері тарихи тамырын әріден алады. Осы орайда 18 ғасырдың аяғы 14 ғасырдың орта тұсындағы өкілдер М. М. Сперанский, А. Н. Радлицев, П. И. Песталь Н. М. Муравьев, А. И. Герценнің еңбектерінде осы мәселелер бой көтерді. Негізгі мақсат - Ресейлік қоғамды қайта құру.

Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар ІІ Александрдың басқарған тұсында жасалды.

1861 жылы крепостнойлық құқықтың жойылуы;

1864 жылы едәуір тәуелсіз сот өндірісіне қол жеткізген сот реформасы.

1905 жылы революциялық жағдайлар мемлекеттік Думалардың құрылыуына, реформалардың жүргізілуіне себепші болды. Бұл кезеңде ресейлік құқықтанушылар М. М. Кобалевский, Н. М. Коркумов, Г. Ф. Шершеневич, С. А. Котлеровский, В. М. Рессен батыс европалық ойшылдардың тарихи тәжірибелерін қорыта келіп, құқықтық мемлекеттің анағұрлым жетілдірілген жаңа тұжырымын жасақтады. Құқықтық мемлекет. Оның принциптері мен механизмдері қандай? Ең бастысы оның негізі қандай?

“Құқықтық мемлекет” түсінігінің кеңдігі соншалықты оны бір пәнде толық зерттеп ашып көрсету мүмкін емес.

Беріліп отырған жұмыс ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігі мен оның тұжырымдамасының қазіргі уақыттағы дамуын көрсетуге арналады.

Жұмыстың негізгі мақсаты - құқықтық мемлекет түсінігі және оның негізін қалаушы принциптерін ашып көрсету. Сәйкесінше отандық жаңа әдебиетердегі көзқарастар мен пікірлерді жаңғыртуға және жаңа заңдар мен заңи нормалар кешенін жүйелерге талпыныс жасалуда.

Жұмысты дайындау барысында құқықтық мемлекет теориясының классиктері И. Кант, Ш. Монтескье, отандық құқықтанушылар С. Зиманов, С. Сартаев, ресейлік құқықтанушылар Н. М. Креунов, Г. Ф. Шершеневич, сондай-ақ қазіргі кезең мамандары А. Б. Венгерев, В. В. Лазарев, Н. Г. Александров, В. К. Бабаева, Матузовалардың еңбектеріне талдау жасалды.

І. БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

  1. . Құқықтық мемлекет тұжырымдамасының даму тарихы.

Тарихи ескерткіштерде - мемлекет пен құқықтың бірлігі туралы

пікірлерді аз кездестірмейміз. Құқықтық мемлекет - жаңа кезеңнің жемісі. Не ежелгі кезең, не орте ғасырларда құқықтық мемлекеттің не екендігін білген жоқ. Әйтсе де әрбір заңгерлер құқықтық мемлекет туралы идеялар өз тамырын антикалық қоғамнан алады деген пікірге сүйенеміз. Құқықтық мелекеттің қазіргі тұжырымының негізінде неміс философы Канттың (1724-1804 жж), француз құқықтанушысы Монтескьенің (1689-1755 жж) және басқа да 18-19 ғасырлардағы европалық ойшылдардың идеялары жатыр. Соның ішінде Гуго Гроций Стинеза, Дж Локк, Дени Дидро, Ж. Ж. Руссои сияқты ойшылдардың еңбектеріне көбірек сүйенеді. Бұл ойшылдардың ұсынуы бойынша абсолютизм дәуірінде полицейлік, бюрократиялық мемлекетті жеке тұлғаның өзіндік құқықтарына ие негіздегі құқықтық мемлекет алмастыру керек.

Құқықтық мемлекет жағдайындағы мемлекеттік билік пен жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы абсолюттік мемлекетке қарағанда өзгешелеу, немесе құқықтық мемлекетке мемлекеттік биліктің шектелуі және оның құқық пен заңмен байланыстылығы тән.

Канттың тұжырымында құқықтық мелекет келесідей негізде: құқықтық және өнегелік заңдардың бастауы ретінде ақыл және адамдардың бостандығы еркін көрінеді; адам өзінің адамзат алдындағы жауапкершілігін сезінсе ол моральдық тұлғаға айналады: тұлға өзінің іс-әрекетінде “поступай так, чтобы ты всегда относился к человечеству и в своем лице; и в лице всякого другой так же, как к цели, и никогда не относился бы к нему только как к средсту и поступай так, чтобы максима твоего поступка могло стать в сеобщим законом ” негізіндегі талаптарды басшылыққа алуы керек, өнегелік заңдарына негізделген құқықпен бір тұлғаның бостандығы өзге тұлғалардың бостандықтарына нұқсан келтірмеу мақсатымен адамдар қатынасының шегін айқындайды; құқық адамдар арасындағы өркениетті қатынастарды қамтамасыз етуге арналған мемлекет - бұл құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірігуі; мемлекет тәртіпті қамтамасыз етуші және тәуелсіздікке құрылады.

Мантескьенің мемлекеттік - құқықтық көзқарасы басқару нысаны мемлекеттік құрылым нысаны заңдылық мазмұнын анықтайды дегенге саяды; демократия принципі - ортақ игілікке деген көзқарас; жоғары билік халықта болатын, халықтың еркін білдеретін, заңға деген құрмет, әрекерт етуші тәртіпті сақтау, теңдікке негізделеді.

18-20 ғасырлардағы саяси-құқықтық доктринада қалыптасқан құқықтық мемлекеттің теориялық конструкциясы билік бөлінісін заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп жіктейді. Сондай-ақ құқықтық заңның үстемдігі, тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, тұлғаның бостандықтары мен құқылығының нақты кепілін бекіту көрінеді.

Көптеген негізгі түсініктер тарихи дамудың жаңа кезеңінде қайталанады. Бірнеше жылдар бұрын “құқықтық мемелекет” ұғымы “социалистік құқықтық мемлекет” ұғымымен ұқсастықта қаралған.

Құқықтық мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның сыртқы көрінісін сипаттаумен шектелмеу керек, арнайы принциптердің, институттардың, нормалардың жүйесімен шектелмеген жөн. Құқықтық мемлекеттің мәні заңды тыңдау ғана емес онда құқықтық мемлекеттің емес полейцейлік мемлекеттің де кейбір белгілері кездеседі. Құқықтық мемлекеттің мәні - заңның сипатында, оның заттардың құқықтық табиғатына сәйкестігінде, тұлғаның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуында.

Осы орайда С. С. Алексеевтің келесідей: “Многие ключевые понятия прошлого повторяются на новом витке исторического развития. Еще несколько лет назад словосечетание “правовое государство” привычно ассоциировалось с теми разделам университетского курса, где критиковались различные медификации заподных доктрин с аналогичным названием и про возглашалось “социалистическое правовое государства”. Прилагательное “социалистическое” указывает на господствующую форму собственности и на определенную идеологию. Между тем, идея правового государства не отделима от мировозрения, исключающего эту идеологию. Более того, идея правового государства уже подразумевает антисоциалистиченость, т. е. частную собственность в качества первичной и исходной. В нашем государстве делается попытка не только возрадить идею правового государства, но и претворить и в жизнь безусловно, этот путь будет долгим, сложным и противорчивым” пікіріне сүйенген жөн. [1]

Құқықтық мемлекеттің мәні заңның сипатына тәуелді болып келеді. Гегель жақсы заңдар мемлекеттің гүлденуіне септігін тигізеді, ал еркін меншік оның көркеюіне негізгі шарты деп ерекше көрсетеді. [2]

“Азаматтық қоғам” деген атауды, түсінікті Аристотель айтқан. Аристотель мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырмады, бірақ бір-біріне оларды қарсы қоймайды, себебі олардың әр түрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық өмірде тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, жоғарыдағы көрсетілгендей ол кісінің ойынша, азаматтық қоғам жетілген демократиялық организм ретінде, тек саясатпен байланысты, яғни принципиалды жағынан, бұрынғы көне полистер сияқты: мемлекеттік органдардың қызмет мерзімі, биліктің бөлінуі, сөз бостандығы, баспасөз, елінде еркін жүріп-тұру және сырт жақта да еркіндікте болу, мемлекеттің жекеленген қатынастарға қол сұқпауы, азаматтардың заң алдындағы құқықтарының теңдігі.

Азаматтық қоғамның көне модельге қайтып оралуы, жаңа уақытта

жүргізіліп, өте үлкен оқымыстылылардың зерттейтін пәніне айналды: Гроцидың, Гобс, Дж Локк, Пейн, Руссо, Гельбах, Кант, Гегель және басқалардың. ХҮІІ ғасырда азаматтық қоғам түсінігі әлі саяси қоғам түсінігінен айрылмаған кез болатын, бірақ ол сондағы мемлекеттік нысандармен салыстырмаған. Оған куә болатын Дж. Локктың сөзі: “ . . . Кейбіреулер айтып жүргендей абсолюттік монархия жалғыз ғана дүние жүзіндегі басқару нысаны емес, шын мәнісінде азаматтық қоғам мен қосылмайды, сондықтан жалпы алғанда азаматтық қоғамның басқару нысаны болуы мүмкін емес”. Локк және басқармаларда мемлекеттің пайда болуындағы келісім шарт теориясын қолданған, себебі ол қоғамдық келісім негізінде пайда болады, азаматтардың мүдделерін көрсетеді.

“Азаматтық қоғамның түсінігі тек индивидтердің жиындығы және олардың арасындағы қатынастар емес, кеңестік соның ішінде қызмет істейтін қоғамдық институттар”- деп, Гегель дәлелдеген болатын.

“Құқық философиясы” еңбегінде ол, азаматтық қоғамның тарихы келісімділігін айта отырып былай деген: “атомдар құсап әртүрлі жекелеген адамдарға бөлініп кетпей және жекелеген уақытша жағдай үшін бір сәтке жиылып әрі қарай байланыспай, ертеден құрылған серіктестік, қауым, корпорациялар негізінде саяси қатынастықты алғандығын” талдап береді.

Гегель азаматтық қоғамның еркіндігін мемлекетке қарсы қойып “саяси дене” - деп дәлелдеді. Сонымен бірге, бұл екі жүйенің қарым-қатынасына және бір медальдің екі жағы екендігін де мойындады.

Гегель оның басқа да қызмет принциптерін: жеке меншікті, еркін қалыптасатын қоғамдық пікірді, адал заңдарды және сол жолмен жүргізуді атап айтады.

Азаматтақ қоғам проблемаларының өзінің зерттеулерінде Маркс те айналып өткен жоқ, белгілі болғандай Гегельден де аз алмағаны мәлім. Егер ол бұрынғы ғылыми жұмыстарында, шын мәніндегі оның маңыздылығы мен сол түсінікте пайдаланған болса, кейін ол ойынан бас тартқан болар еді. Болжамы бойынша “азаматтық қоғамның анатомиясын саяси экономиядан іздеу керек” - деді Маркс, іс жүзінде азаматтық қоғамды базиспен бірдей ілестірді. Себебі, Маркстің моделі бойынша қоғам, мемлекет, құқық, мораль, өнер және дін қондырмаға жатады. Азаматтық қоғам түсінігі бөлшектеніп өзінің еркіндік маңызын жоғалтты (ол туралы Гегель сақтандырған болатын) . Кейінен ортодоксалды марксизм-лениенизмге азаматтақ қоғам туралы белгісіз болуы кездейсоқ емес. Кеңестік гуманитарлық билік, толығымен тоталитарлық режимнің міндетіне және мақсатын сай келді.

Азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасындағы еркіндігін мойындамау, оның әлеуметтік бағалылығын да мойындамағандығы, ол жағдайдың қиындыққа тірелері сөзсіз. Кеңестік тоталиторизмнің агрессивтік анықтаушысы (қоғам мүдделерінің алдындағы тапқан мүдделердің артықшылығы, таптық күрес, меншікті мемлекеттендіру, жеке адамдардың өзіндік бағалылығын есепке алмау т. с. с. ) арқылы азаматтық қоғамды мемлекетке сіңіру болды. Соның нәтижесінде адам, жеке адам ретінде қабылданбады, табиғи бөлінбейтін құқық және еркіндіктің маңызы жойылды, себебі барлығы мемлекет арқылы жойылады. Адам тоталитарлық жағдайда өз еркімен өмір сүріп, ойын айтуға, саяси көзқарастарын білдіруге құқығы болмады, соның салдарынан саясатсыз “бағынушыға” айналдырылды.

Адам баласы қоғамында, әр түрлі мүдделермен өмір сүретін орталар араласып кетеді. Олар өздерінің ерікті жүйесін құрады, әрқайсысың өзіне тән сипаттары бар: өндірістік (экономикалық - шаруашылық), материалдық қажеттілікті қамтамасыз ету, саяси тағы сол сияқты өмір сүруге қажетті жағдайларды іске асыратын (оған қосымша) ; әлеуметтік және рухани құралдар ретінде азаматтық қоғамның жиынтығын құрайды.

Көптеген институттар бір мезгілде, азаматтық қоғамның және мемлекеттің құрамды бөлімдері болып табылады. Оларға - саяси партиялар және олардың арасын байланыстаратын қызмет ортасын белгілейтін ұйымдар жатады.

Саяси партиялар жекеленген азаматтардың, әлеуметтік топтардың көп салалы мүдделерін қолдап жүреді және олардың саяси өмірге араласуын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамның құрылымы (дәстүрлік жағдайда құралған) адамға жақын болса, сол құрылым оның мүддесін іске асыруға мүмкіндік болады, қоғам түгелімен бір қалыпты болады, рухани бағалылық арта түседі. Осы жөнінен Францияны айтуға болады. Яғни, онда 36 коммунаның 200-ден 3600-ге дейін тұрғындары болған. 80 жылдардағы жергілікті басқаруды ірілендіру үшін реформа жүргізілген кезде коммуналарға тиіспеген. Соның нәтижесінде қоғамдастық-әлеуметтік және француз ұлтының рухани негізі сақталып қалды.

Болжап айтсақ, мынадай қорытынды дұрыс болады, яғни азаматтық қоғамның сипаты даму деңгейі және нысаны, мемлекеттің нысанымен даму деңгейін белгілейді. Осы туралы белгілі француз заңгері М. Ориудың мына сөзін келтіруге болады: “Айтқаным артық болсам, себебі сол үшін (азаматтық өмірге, азаматтық қоғам - Т. А. ) барлық мемлекеттік машина құрылады. Өсімдік әлемі бізге қызығарлық ұрықтар: бидай, басқа да әдемі ағаштарға өте қиын табиғи қорғалу жүйесінде, өсіп жетілуіне жағдайлар туғызылады және соның негізінде дамуға мүмкіншілік алады. Сол сияқты азаматтық қоғам да мемлекеттің саяси институтының қорғану кеңістігіне кіреді және сол өзі тұрған ортаның мақсаты өркениетті жеке адамның пайда болуы мен дамуы”.

Жалпы айтқанда, азаматтық қоғам институттарын бөліп алып жеке зерттейтін объект. Ондай зерттеулерді Шығыстағы ғалым-гуманитарлары бастады, себебі оның қоғам дамуындағы объективті роліне байланысты болды. Азаматтық қоғамның көптеген түсініктемелері бар. Біз мұнда К. С. Гаджиевтің тұжырымдамасын келтіреміз: “Бұл еркін және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттар және ұжымдардың өздерін-өздері дамытуға жағдай жасайды және солар арқылы жекелеген мүдделер, қажеттіліктер - жекеленген және ұжымдықтар іске асырылады”.

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей - адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы - мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрле, құқықтық мемлекет деп атайды.

Мемлекет пен құқықтық келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайдың Легистерінде (Шан Ян - ІҮ ғ. б. ә. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықтық мемлекеттің мәжбірлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.

Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстылармен құралған. Оларға: Салон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөнінде дұрыс және дұрыс емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті “халықтың жұмысы” құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи құқық доктринасының теориялық дамуына ықпал жасамады, екі мың жылдарғы созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.

Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғы шарттардың жоқ кезінде өтті.

Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н. Макиавелли, тирандармен күресушілер Э. Боэсси т. с. с) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиға құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік тирандарға қарсы тұруға арналған халықтық қықығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.

Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді - құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Горций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек - деген ой И. Кантқа жатады. Халық егенмендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, арқарушы биліктің, заң шығарушыдан айрылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті белгілегенінде, яғни халық өзі туралы шешім қабылдай алады. И. Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқықа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбірлеугше мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р. Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.

Осы күнге анық түсініктемелердің біріне жататындар:

Құқықтық мемлекет - көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивиттермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивиттердің еркіндігі. Биліктің бөлінуі принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.

Бірінші белгінің мәні, құқықпен заңды айыра көрсеткенде. Қандай жағдайларда да мұндай бөлінушілік болған мен олардың негізгі мақсаттары - заңның, әртүрлі нормативті актілерден және басқа да жалпы билік қызметтерінің бір-біріне сай келуін қаматамасыз ету. Тек құқығы, заң шығарудан тәуелсіз әлеуметтік феномент, жалпылама өлшем және еркіндіктің тек деңгейі ретінде жалпы биліктің әртүрлі қызметіне теңдік және адалдық принциптеріне қызмет етеді. Құқықпен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем жоғалады және жалпы билік өзі шығарған заңдарды негіздегенде заңдылықты сақтау түрлеріне сай емес зорлық - зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы билік ондай “заңдармен” байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана маңызы бар. Еліміздің тарихи ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет. Мысалы ХХ ғасырдың 30 жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты Кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік - экономикалық, саяси және жеке адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекеленген қоғамдық ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариятына қосылды. 1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдарымен еңбек ақының мөлшерін белгілеу туралы, ұжымдық - шарт жасалуына тиым салынды. 1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айрылатын болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне обьективті мойнына жүктеу принципі қолданылған: сотталған (сатқын ретінде) адамдардың отбасылары сайлауға қатынасу құқығынан айрылған және 5 жылға жер аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террарлық қылмыс тергеліп сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қорытындысы берілген, сот процесінде ондай істер айыпталушымен куәларсіз-ақ шешілген, кешірім сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тиым салынып, орындалуы тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін жауаркершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген. Қуғын-сүргінді жүргізетін мемлекет апаратты тәсілмен және пайдаланатын құралдармен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми түрде жауап беру үшін қинауға рұқсат берілген. Оның барлығы заңды орындау үшін жасалған. Құрылып жатқан қоғамдағы құқықсыздық, өмір сүруге арналған құықты жою, өркениетті қоғамның болуына, дамуына өте қауіпті. Құқықтық мемлекеттің екінші белгісі құқықтық сипатта болып (құқықтық нысанды) индивидтердің қарым-қатынасы және жалпы билікті қолдайды. Теңдікті мойындау, сонымен бірге индивидтердің еркіндіктері мен құқықтарын және олардың құқықтық кепілдігін бекіту - жалпы биліктің және оның агенттерінің міндеті. Құқық және еркіндік және оларды шын қорғауға мемлекеттің көнуі, қайырымдылығы емес, бекітілген және құқықтық қабілеттілігі ретінде адамға және азаматқа тән нәрсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz