Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы


ЖОСПАР
Кіріспе2
1 Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы және оның болашағы3
1. 1 Қазақстан электр энергетикасының қалыптасу кезеңдері3
1. 2 Қазақстан энергетикасындағы экспорт-импорттық саясат5
2 Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы7
2. 1 Жаңа су электр стансалар салу жоспары7
2. 2 Ұлттық энергожүйе және мемлекетаралық энергетикалық бірлестіктер10
2. 3 Қазақстанның энергожүйесі және оның мемлекетаралық байланыстары12
2. 4 Энергобірлестіктерді басқаруды интеграциялау үшін қажетті кейбір шарттар12
Қорытынды14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі15
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық, мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан Республикасының мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда болған республикалардың әлемдік аренадағы қызметін реттейтін халықаралық құқық механизмдерінің болмауы.
Осы аталған мәселеге орай Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін құрудың зор маңызы бар. Сол себепті бұл жұмыста Қазақстан энергетикасының қалыптасуы мен даму тарихы кеңінен қарастырылады.
Қазақстанның бiрiккен энергия жүйесi 2000 жылдан бастап, Ресей мен Орталық Азия елдерiнiң энергия жүйесiмен қапталдас режимде жұмыс iстеуге кiрiстi. Мұның өзi республикамызға Қазақстанның оңтүстiгiндегi энергетика проблемаларын шешуге мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, оңтүстiк аймаққа Екiбастұз ГРЭС-терiнiң артық электр қуаты жеткiзiле бастады.
1 Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы және оның болашағы
1. 1 Қазақстан электр энергетикасының қалыптасу кезеңдері
ХХ-шы ғасырдың басында Қазақстандағы электр стансалардың қуаты 2500 кВт-тан аспады, олардың жылдың электр өндіруі 1. 3 млн. кВт. сағ болды (1-кесте) .
ХХ-шы ғасыр басындағы Қазақстан электр стансаларының қуаты
1-кесте
Кәсіпорын
Механикалық қуат, ат күші
Электрлік қуат, кВт
Успенск кеніші
576
32
Қарағанды қазбалары
70
30
Сарысу байыту фабрикасы
200
90
Спасск зауыты
850
455
Жезқазған кеніші
200
140
Қарсақпай зауыты
2300
1240
Белгілі ГОЭЛРО (Государственный план электрификации России, 1920 г. ) жоспары Қазақстан энергетикасын да дамытуға түрткі болды.
Қазақстан энергетикасының даму жолы алты негізгі кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезең 20-шы жылдарды қамтиды. Ірі кәсіпорындар (Орталық Қазақстанда Қарсақпай мыс балқыту зауыты, Шығыс Қазақстанда Глубокое мыс балқыту зауыты және басқалар) үшін электр стансалар салынды.
1928 жылы Лениногорское жақын орналасқан Жоғары Хариуз СЭС-ы (Су электр станса) іске қосылды, оның қуаты 3 МВт осы күні де істеп тұр. Бірінші кезең соңында республика электр стансалар қуаты 9 МВт-қа жетті, электр өндіру 7 млн. кВт. сағ. құрады, ал 1913 жылы бұл көрсеткіш 1, 3 млн. кВт. сағ болған.
Екінші кезеңде (30-шы жылдар) Қазақстан өнеркәсібі күшті дамыды. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірге сол уақыт бойынша қуатты электр стансалар да салынды. 1934 жылдың басында республикада барлық электр стансалардың жиынтық қуаты 60 МВт-қа жетті.
Электр станса қуатының негізгі үлесі (80%) ауыр өнеркәсіпте шоғырланғанын көреміз. Осы жылдары Қарағанды ОЭС (Орталық электр станса, 1932 ж. ), Шымкент қорғасын зауытының ОЭС (1934 ж. ), Семей ет комбинатының ЖЭО (Жылу электр орталығы 1934 ж. ), Ақтөбе химкомбинатының ЖЭО (1935 ж. ) Алға қаласында іске қосылды. Бұлардың бәрі зауыт электр стансалары. 1935 жылы жалпы қызмет ететін Алматы ОЭС-сы салынып бітті. 1937 ж. сол жылдар үшін ең қуатты қондырғылары бар (25 МВт-тан) Балқаш ЖЭО-ның істей бастауы белгілі уақиға бодды. Сол жылы екінші маңызды уақиға болды: Шығыс Қазақстаңда Үлбе СЭС-і пайдалануға берілді, оның қондырылған қуаты 27, 6 МВт және оны жібергенен кейін Қазақстанда бірінші энергожүйе (қазір Алтай жүйесі) пайда болды.
1940 ж. Қазақстанда барлық электр стансалар қуаты 224 МВт-қа, ал электр энергия өңдіру 0, 63 млрд. кВт. сағ-қа жетті.
Үшінші кезең соғыс жылдарын қамтиды. Өте қиын жағдайда 1942 ж. сол кездегі ірі жылу электр станса Қарағанды МАЭС-1 (Мемлекеттік аудандық электр станса) - Қазақстанда бірінші аудандық электр станса іске қосылды. Сол 1942 ж. екінші ірі жылу электр станса - Ақтөбе ЖЭО-ғы тапсырылды. 1943 ж. Петропавл ЖЭО-1, 1944 ж. Текелі ЖЭО-1 және Шымкент ЖЭО-1 істей бастады. 1944 ж. Алматыда каскадтың бірінші СЭС-ы іске қосылды.
Бұл жылдары электр стансалар қуаты 1, 8 есе өсіп 382, 5 МВт-қа жетті, электр өндіру 1, 83 есе өсіп 1 млрд. кВт. сағ-тан асты.
Төртінші кезең: 1946-1960 жылдарды қамтиды. Электр стансалар қуаты 6, 5 есе өсті де 1960 жылдың басында 2, 53 млн. кВт-қа жетті. 1952 ж. Өскемен СЭС-ы (Ертіс өзенінде) жіберілді, 1960 ж. Бұқтырма СЭС-ның бірінші кезегі іске қосылды. 1959 ж. Алматы СЭС-лар каскады салынып бітті. Сонымен қатар жылу электр стансалары қарқынды гұрде дамыды. Олардың ең ірілерін ғана атаймыз. 1947 ж. Өскемен ЖЭО, онда Қазақстанда бірінші рет жоғары қысымды жабдықтар қондырылды. 1952 ж. Жезкдзған ЖЭО және Жамбыл ЖЭО-3, 1956 ж. Лениногор ЖЭО және т. б. іске қосылды.
Ірі электр стансаларды салумен бірге электр жеткізу желілерін (ЭЖЖ) салу дами бастады. Кернеуі 35, 110, 220 кВ бірнеше мың километр ЭЖЖ-ін салу электр энергетикада айтарлықтай уақиға болды. Желілер тек Қазақстан ішін де ғана емес республикадан шығарып салынды: Өскемен-Рубцовск, Ақтөбе-Орск, Шымкент-Ташкент, Сарбай-Троицк және т. б.
Бесінші кезең - едәуір жоғары көрсеткішті энергетика кезеңі.
- жылдан бастап республиканың энергетика шаруашылығында сапалық және мөлшерлік өзгерістер басталды. 1958 жылдан 1968 жылға дейінгі онжылдықта электр стансалар қуаты 3, 3 еседен артық есті. Осы уақытта 18 жылу электр стансалар салынып бігті, оның ішінде Петропавл ЖЭО-2 (1961), Алматы МАЭС (1962), Жамбыл ЖЭО-4 (1963), Павлодар ЖЭО-1 (1964) ж. б. Осы кезде салынған электр стансалар жоғары және аса жоғары қысымды ірі қондырғылармен жабдықталды.
1960 ж. Бұқтырма СЭС-ның бірінші кезегі іске қосылды. Ол қазір Қазақстанның ең ірі СЭС-ы, оның қуаты 675 МВт. 1962 ж. Қарағанды МАЭС 2-ның 200 МВт-тық бірінші кезегі бітті (стансаның жобалық қуаты 700 МВт), онда Қазақстаңда бірінші рет 100 МВт-тық құрамалар (блоктар) қондырылды. 1967 ж. Жамбыл МАЭС-ның 200 МВт бірінші құрамасы жіберілді, бұл станса - Қазақстанда жобалық қуаты миллион кВт-тан асқан станса. 1968 ж. Ақсу МАЭС-ның 300 МВт бірінші қондырғысы істей бастады, стансаның жобалық қуаты 2400 МВт, ол Қазақстанның үлкен энергетикасының тұңғышы.
1962 жьшы Қазақстан энергетика және электрлендіру Министрлігі құрылғаннан кейін республика энергетикасы ғылыми негізде біртұтас кешен ретінде дами бастады.
Алтыншы кезең - бірегей электр стансалар және дүние жүзінде болмаған аса жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін салу кезеңі. Осы кезде Екібастұз МАЭС-ы салынды. Оның электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу үшін дүниеде тәріздесі (аналог) болмаған Барнаул-Екібастұз- Қостанай-Көкшетау-Қостанай-Челябинск кернеуі 1, 15 млн. кВ айнымалы.
1. 2 Қазақстан энергетикасындағы экспорт-импорттық саясат
Қарастырылған уақыт аралығында Қазақстанның отын-энергетикалық теңестігі көмірсутек шикізатының негізінде құрылады.
Айтарлықтай отын - энергетикалық қорға ие Қазақстанда энергетикалық көмір мен мұнай мол, ал газ бен электр энергия тапшы.
Қазақстанның көмір өндіру өнеркәсібінің мүмкіншілігі арқасында қазіргі кезде Кузнецк және Орта Азия көмірлерін сатып алмай Шығыс және Оңтүстік Қазақстан тұтынушыларын отандық көмірлерді пайдалануға көшірді.
Қазақстан көмірді едәуір қатты отын қорына ие Ресейге, су энергетикалық қорға ие Қырғызстанға және бірқатар басқа ТМД елдеріне экспорттайды, демек болашақта экспортталатын көмір үлесін төмендетіп оны елдің ішкі нарығында пайдаланудың үлесін өсіруге болады. Қазақстанның сұрыптық (сорттық) және аз күлді көмірлерін ТМД елдеріне және сыртқы нарыққа экспорттау 40-50 млн. т деңгейінде болады деп болжаланады.
Қазақстанда мұнай мен шықтың үлкен қоры бар, бірақ қазіргі уақыттағы мұнай құбырларының жүйесі өз мұнайын Ресейге экспортқа сатып өзінің мұнай өңдейтін зауыттары (МӨЗ) үшін ресей шикізатын алуға Қазақстанды мәжбүр етеді, бұл Қазақстанды Ресейге тәуелді етіп тұр.
Бүгінгі күні Қазақстанның экспорттың мүмкіндігін анықтайтын шикізат қоры мен өндіру қуаттары емес, Қазақстан шикізатын тасымалдауды қамтамасыз ететін мұнай құбырлары.
Дүниежүзінде мұнайды тұтынатын негізгі алқаптар мұнайдың үлкен қорлары бар алқаптар емес. Мұнайдың басты тұтынушылары өнеркәсіптік дамыған Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, оларға дүниежүзілік мұнай тұтынудың 40%, ал Таяу Шығыс елдерінің үлесіне 6%-тен аз келеді. Демек, дүние жүзіндегі және Қазақстандағы мұнай индустрия әрекетінің бір негізгі құраушысы мұнай өндіретін елдерден тұтынушы елдерге мұнайды тасымалдау.
Қазақстан қазір мұнай өндіруді күніне 6-7 млн. баррельге жеткізе алады (салыстыру үшін Сауд Арабиясында мұнай өңдіру 8. 7 млн. баррель, ал АҚШ-та 8. 6 млн. баррель күніне) . Бұның жүзеге асуы өңделмеген мұнайды Қара және Орта теңіз порттарына жеткізе алатын мұнай құбырларын жобалап тез арада салуға байланысты.
Салуға белгіленген Теңіз-Новороссийск, Ақтау-Тегеран, Батыс Қазақстан Құмкөл мұнай құбырлары мұнайдың дүниежүзілік нарығына шығуға және Павлодар мен Шымкент МӨЗ үшін Сібір мұнайын толығымен Жаңажол - Кеңкияқ мұнайына ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстанның Ұлттық электр энергетикалық жүйелері біріккен алқаптық ЭЭЖ түрінде жасалған және солай істеп тұр, онда электр стансалар жалпы жүктемеге істейді, ал елдер арасындағы коммерциялық есеп айырысу шарттық негізде келісілген қималардығы интегралдық есептеуіштер көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Электр энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін біздің Республика Батыс және Оңтүстік Қазақстанда қосымша энергия көздерін салу қажет және Солтүстік Қазақстан электр стансаларынан тапшы Оңтүстік Қазақстан алқабына электр энергияны көбірек жеткізізу үшін Солтүстік-Онтүстік электр беру желісін салу керек.
Қазақстан арқылы Ресейге Орта Азия елдерінің артық су энергетикалық қорларын жіберуге болар еді. Ресей мен Қазақстан арасында мемлекетаралық Итат-Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Қостанай-Челябі магистралін (кернеуі 1150 кВ) тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастың және сол желіні Тамбовқа дейін салу артық қуат пен энергияны Ресейдің Еуропалық бөлігіне және басқа елдерге беруді Қазақстан мен Ресейге жүзеге асыруға мүмкіндік туғызар еді.
Көрсетілген жүйеаралық байланыстар болса екібастұз, борлы және торғай көмірлерімен істейтін қуаттарды асырып Қазақстан өз қажеттігін өтеумен қатар Еуроазиялық энергетикалық нарықта электр энергия экспортшысы болар еді.
Соңғы уақытта жарияланған барлық болжаулар бойынша дүние жүзіндегі электр энергияны өндіру және тұтынудың өсу қарқыны алғашқы энергия қорлары - көмір, мұнай және газбен салыстырғанда алда болады.
Электр энергияны дүниежүзілік тұтыну 2010 жылы 20450 млрд. кВт. сағ деңгейінде болады деп болжалануда, 1990 жылы тұтыну 12000 млрд. кВт. сағ құрады. Алғашқы энергия қоры мен электр энергияны өндіру және тұтыну ең жылдам қарқынмен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия, Латын Америкасы және Қытайда дамиды.
Демек, болашақтағы кезеңде Қазақстанның мүмкіндігі және табиғи отын-энергетикалық қоры экспорт үшін де және ішкі қажеттікті өтеу үшін де жетерлік өнім шығаратын қуатты отын - энергетикалық кешен дамытуға жеткілікті.
Сыртқы нарыққа бейімделу Қазақстан экономикасының Батысқа колониалдық отын-шикізаттың тәуелділігі емес, ол тек Қазақстан экономикасының табиғат сыйлаған зор мүмкіндікті тиімді пайдаланып халықаралық еңбек бөлісуге қатынасу қажеттілігін көрсетеді.
1980 жылдардан бастап табиғат қорғау мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізіле басталды. Осы бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарына қаржы бөлу қарастырылды. Табиғат қорғау тәсілдемелерін жасаған да шет ел тәжірибелері ескерілді, оларда бұл мәселе ертерек туындады.
Қалыптықты жасағанда шетел жетістіктері ескерілді, бірақ алқаптардың географиялық ерекшеліктері, ондағы экологиялық фон және экономикалық мүмкіншіліктері есепке алынбады.
Зиянды заттардан ауаны тазалау үшін дамыған елдерде (Германия, Жапония, Швеция, АҚШ) көп қаражат жұмсалуда. Мысалы, Германияда 1983-1993 жылдары әр түрлі тәсілдерді қолданып ЖЭС-дан SО 2 шығуын 80%-ке, Кох шығуын 75%-ке төмендетілді. Жалпы қуаты 38 млн. КВт-тай көмір стансалары үшін SО 2 -ден тазалау үшін 14. 2 млрд. Неміс маркасы немесе 9. 1 млрд. АҚШ долл., яғни 240 долл/кВт жұмсалды.
Қазақстан экономикасының қазіргі күйін ескерсек ауаға зиянды заттар шығуын төмендету үшін жоғарыда келтірілгендей қаржы жұмсау қазір және жақын арада болмайтыны айқын. Бұл мәселе біздің елде біртіндеп шешілетін мәселе.
1994-1995 жылдары техникалық көмек көрсету ретінде ағылшын фирмасы СК. І "Алматы қаласының ауа сапасын зерттеу" деген жұмыс жүргізді. Алынған мәліметтерді талдай отырып біраз шаралар ұсынылды. Оның ішінде салыстырмалы арзаны және тез нәтиже беретіні ЖЭО-1-де №7 және 8 қазандарынан бастап қазандарды біртіндеп СҒВС қазандарымен алмастыру. ЖЭО-1 қала ортасында орналасқан, ал қалған екі станса қалада емес.
1970 жылдардан бастап жүргізілген зерттеулер бойынша күкірттік және азоттық қосылыстар ауада алыс қашықтыққа тасымалданады және көрші елдер жеріне шөгеді. Ұшпа күл алысқа тасымалданбайды станса орналасқан ауданға түседі.
Зиянды заттардың көрші мемлекеттер шекарасынан өтіп, олардың ауасын және жерін ластауы халықаралық мәселе болуы мүмкін, сондықтан Қазақстанның шекара арқылы тасымалдау бойынша Еуропалық келісімге қосылғаны жөн.
2 Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы
2. 1 Жаңа су электр стансалар салу жоспары
Қазақстандағы электрмен қамдаудың келесі 10 жылдағы дамуы екі маңызды фактормен анықталады. Олардың біріншісі - ұзақ кезеңде электр энергияға сұраныстың "басылыңқы" дамуы. 1990 жылы болған жүктеме максимумына 2001 жылдан бұрын жете алмайтынымызды есептеулер көрсетеді. Екінші фактор - қаражат жетіспеулігі. Екі жағдай жаңа стансаларды салуды емес, істеп тұрғандарды қайта техникалық жабдықтауға үзбей итермелейді. Техникалық қайта жабдықтағанда өндіргіш қуаттарды жақсартуға және ұзақ мерзімді болашақта дұрыс жұмыс істейтін күйінде ұстауға назар аударылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында жаңа әрі алдыңғы қатарлы тәсілдемелер іске қосылады, және мүмкін болғанша қоршаған ортаны қорғау шаралары бірінші кезекте қабылданады. Техникалық қайта жабдықтағанда ескі құрамаларды жаңа әрі көлемі үлкендермен ауыстырып, өндіргіш қуаттарды біраз үлкейтуге болады. Ескі электр стансаларды жаңғырту, әдетте оларды жаңа стансалармен ауыстырудан арзан болады. Бұған қатысты тиімді шешімдер қабылдау көп кезде мүмкін емес (мысалы, жер аумағының тарапынан), бұл жаңғыртудың мүмкіншілігін шектейді. Болашақта өндіргіш қуаттарды дамытқанда, күмәнсіз, басты бағыт техниканы түбегейлі қайта жабдықтау қажеттігі айқындалады. Салынуы жоспарланған жаңа электр стансалардың негізгі сипаттамалары 2. 9 кестеде көрсетілген. Күрделі шығындарды алдын ала бағалағанда көмір жағатын ЖЭО-ы үшін І кВт-қа 1000 АҚШ доллары, БГҚ (бу газ қондырғылары) үшін І кВт-қа 700 АҚШ доллары жұмсалады деп есептеледі. СЭС үшін күрделі каржы шығындары Қазақстанэнерго мәліметтері негізінде жүзеге асырылмақ. Төменде жылу электр стансалардың даму бағдарламасының ерекшеліктері келтірілген.
Солтүстік Қазақстан бойынша. Солтүстік Қазақстанның энерготехникалық аймағына кіретін ЖЭС-дың даму жоспарларында ең маңыздысы Екібастұз МАЭС-2-ні салу. Бұл электр стансаның шекті қуаты 4000 МВт-қа (8x500) жетеді деп жорамалданады. Инфрақұрылым жасау жұмыстары негізінде бітті, кезекті қондырғыларды құрастыру жүріп жатыр. Жоспар бойынша 1996-1998 жылдары тағы екі энергокұрама қондырылады.
Өскеменде ЖЭО-1-ді 80 МВт-қа кеңейту жоспарлануда, кейбір жұмыстар бітті (жоспарланған іске қосу мерзімі - 1997 жыл) . Қосымша жаңа ЖЭО-2-ні (2х185 МВт. ) салудың орташа мерзімді жоспары бар. Өскемен жылумен қамтамасыз етуге қатысты басты қалаларға жатады. Әсіресе қалаға жылу аса көп керек.
Қысқа және орта мерзімді болашақта Қарағандыда және Теміртауда (Қарағандыэнерго) істеп тұрған ЖЭО-ын кеңейту жоспарланған, оларға қоса Қарағанды ЖЭО-2-ні, (5-құрама, 185 МВт, Теміртауда орналасқан) және ЖЭО-З-ті (5 және 6 энергоқұрылмалар, 110 және 140 МВт. ) кеңейту мәселесі көзделіп отыр. Бұған қатысты белгілі жұмыстар ЖЭО-2-де жүргізіледі. Қарағанды мен Теміртау біртұтас қиыстырып келтірген жылу және электр өндіру жағынан аса маңызды қалалар болып саналады.
Ақмолада (Ақмолаэнерго) Ақмола ЖЭО-2 кеңейтіле басталды (185 МВт, 420 І/с қазан қондырылған) .
Оңтүстік Қазақстан бойынша. Шымкентте жақын арадағы жоспар ЖЭО-З-ті қуаты 80 МВт үшінші энергоқұраманы (газ және мұнаймен істейді) қондыруға байланысты, бірақ жобаны жасау әлі басталған жоқ. Шымкентте басты қалаларға жатады.
Алматыда ЖЭО-2 жалпы қуаттары З60 МВт екі қосымша энерго-құраманы құрастыру арқылы қуаттарды өсіру жоспары туралы хабарланған, бірақта ол аудандағы белсенді жер сілкіну жағдайына байланысты қазіргі кезде бұл жоспарды жүзеге асыру тежеліп тұр.
Оңтүстік Қазақстан энергетикасын дамытудың ең ірі нысанасы Оңтүстік Қазақстан МАЭС-ны салу жоспары. Оның шекті қуаты 3200 МВт (6х540 МВт) . Станса Балқаш көлінің жанында астанадан 300 км қашықта орналасқан, ол Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын кернеуі 500 кВ электр қуатын беру жүйесінің құрамалық бөлігі болады. Көмір темір жолмен Екібастұздан әкелінеді. Бұл станса мамандардың пікірі бойынша, болашақта Оңтүстіктегі маңызды электр энергия беруші, Солтүстік және Оңтүстік энергетиқалық аймақтарды байланыстыратын ірі буын болады. Бұл бағытта белгілі істер басталады (500 кВ-тық станса (подстанция) салынады, тұрғын үйлер салынуда) және жоспарда бірінші энергоқұраманы 2000 жылға дейін бітіру міндеттемесі тұр.
Батыс Қазақстан бойынша. Батыс Қазақстанда газбен істейтін бірқатар жылу электр станциялары салынып жатыр немесе біраз уақыттан кейін салынуы жоспарлануда. Негізгі жоспарлар Ақтөбеге қатысты, онда ЖЭО-1-да бугаз қондырғысын (БГҚ) қондыру арқылы қуатын арттыру жобасы жүзеге асырылуда. Бірқатар құрылыс жұмыстары біткен.
Атырау ЖЭО-да БГҚ-ын іске қосу көзделіп отыр.
Жақын арадағы болашақта жоспар бойынша Солтүстік Қазақстанда Семей СЭС-ы, Оңтүстік Қазақстанда Кербұлақ және Мойнақ СЭС-ы салынуы керек.
Семей СЭС-ы
Жоба бойынша бөгет және кішкентай электр станса болу керек, Ертіс өзеніндегі құрылыстың төртінші сатысы - ағыс бойынша Шульба СЭС-нан темен орналасқан. Су электр стансасын салудың негізгі мақсаты ағыс бойынша төменгі су ағынын реттеу, бұл қарсы реттегіш рөлінде Шульба СЭС-ның шындық қуатын арттыру үшін мүмкіншілік туғызады. Жаңа стансаның қуаты 78 МВт (4 жатық шығыр) болады жэне 40 ГВтс электроэнергия қосымша өндіреді. Ол Шульба СЭС-ның үстемелік қуатын 230 МВт-қа арттыра алады.
Кербұлақ СЭС-ы
Бұл жобаның негізінде қарсы реттегіш тетік жасау қағидасы жатыр, оның негізгі мақсаты Қапшағай СЭС-ның шындық қуатын (шамамен 120 МВт-қа) үлкейту. Жоба бойынша қуаты 50 МВт кішкене электр станса салынуы керек, ол жылына 270 ГВтс электр энергия өндіреді.
Мойнақ СЭС-ы
Шарын өзеніндегі жаңа құрылыс. Шарын өзені Қапшағай қаласының маңында Іле өзеніне құяды. 1985-1990 жылдары бөгет салынды. Бастапқыда оны жер суару үшін пайдалану жоспарланған еді. Су қоймасын жасау толығымен бітті деуге болады. Бірақ жобаны орындау қаржының жоқтығынан тоқтатылды. Техника-экономикалық зерттеу бойынша жылына 900 ГВтс электр энергия өндіретін қуаты 300 МВт шығыр қондырғылары (2x150 МВт Пельтон шығырлары) орнатылуы қажет еді.
2. 2 Ұлттық энергожүйе және мемлекетаралық энергетикалық бірлестіктер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz