Халықаралық экономикалық қатынастар



Жоспар

І Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық қатынастар

ІІ негізгі бөлім
1 Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері
2 Мегарыноктар

ІІІ Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгіндері еліміздің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа таныла бастауы Қазақстан Республикасы тарих ғылымында күрделі де жауапты бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Оның бір көрінісі ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегізінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпыныс. Қазіргі таңда ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында, Еліміздің зор мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, дамыған елу елдің қатарына қосылуға барша Қазақстан азаматтары атсалысып келе жатқаны баршамызға белгілі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республикада тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға, матадан киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең өңдеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі көтерілген. Мамандардың пікірінше, Қазақстан Республикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі еліміздің тек 10 пайыздық ғана мұқтажын өтейді. Ал, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол ішкі рыноктың ең болмағанда, 30 пайыз мұқтажын өтеуі керек. Олай болса мақта, тоқым кластерінің дамуы тікелей Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жетісай, Мақтарал, Шардара және Түркістан, Төрткүл аудандарының мақталық алқаптарына және Шымкент текстил зауыттарының жұмыс істеуіне тікелей байланысты.Сонда ғана дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз.
ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері «әлеует кіндіктеріне» айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп отыр.
Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге (99 млрд) деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.
Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әлемдік экономиканың жаңа үрдістерін ескере отырып Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының әлемдік экономикалық бәсекелестікте алатын орындарын айқындау және оның әлеуметтік-саяси сипаты мен мәнін ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау-зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері;
- Мегарыноктар;
- Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластері;
- Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы;
Тақырыптың зерттелу хронологиялық шегі. 2008 жыл мен 2007 жылдар аралығы.
Әдебиеттер тізімі

1. Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасыр асуында. Тарау 2. А.,1996 ж.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан -2030» А.,1996 ж.
3. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. «Атамұра» баспасы.2003 ж.
4. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. «Атамұра» баспасы. 2008ж.
5. Қ.К. Тоқаев. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. А.,2006 ж.
6. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Егемен Қазақстан. №151.
7. Ж.Әкіміш. Мұнай, Биожанармай және туберкулез // Жас Алаш. №69. 23 тамыз. 2007 ж.
8. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағлануы. // Егемен Қазақстан. № 232-234. 7 тамыз 2007 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық қатынастар
ІІ негізгі бөлім
1 Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері
2 Мегарыноктар
ІІІ Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгіндері еліміздің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет
ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа таныла бастауы Қазақстан Республикасы
тарих ғылымында күрделі де жауапты бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Оның
бір көрінісі ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты
айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегізінен өткізіп, шынайы бағасын
беруге деген талпыныс. Қазіргі таңда ұлттық сананың қайта жаңғырған
тұсында, Еліміздің зор мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, дамыған елу
елдің қатарына қосылуға барша Қазақстан азаматтары атсалысып келе жатқаны
баршамызға белгілі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауында республикада тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға,
матадан киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең өңдеуге
бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі көтерілген. Мамандардың
пікірінше, Қазақстан Республикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі
еліміздің тек 10 пайыздық ғана мұқтажын өтейді. Ал, мемлекетіміздің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол ішкі рыноктың ең
болмағанда, 30 пайыз мұқтажын өтеуі керек. Олай болса мақта, тоқым
кластерінің дамуы тікелей Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жетісай,
Мақтарал, Шардара және Түркістан, Төрткүл аудандарының мақталық
алқаптарына және Шымкент текстил зауыттарының жұмыс істеуіне тікелей
байланысты.Сонда ғана дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз.
ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар
жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері
әлеует кіндіктеріне айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі
шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа
ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті
дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп
отыр.
Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050
жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен
қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік
банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық
өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында
болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге
(99 млрд) деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе
ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші
орынды қамтамасыз етеді.
Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық
экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әлемдік экономиканың жаңа
үрдістерін ескере отырып Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысының әлемдік экономикалық бәсекелестікте алатын орындарын айқындау
және оның әлеуметтік-саяси сипаты мен мәнін ғылыми айналымға түспеген
құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас
тұрғысынан бағалау-зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған
орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері;
- Мегарыноктар;
- Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластері;
- Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы;
Тақырыптың зерттелу хронологиялық шегі. 2008 жыл мен 2007 жылдар аралығы.

І тарау.
1.1 Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері

Сарапшылардың болжамы бойынша 2008 жылдан 2030 жылға дейін
әлемдік экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 трлн долларға дейін
өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін ол 100 трлн. долларға
өседі. АҚШ-тағы жоғары қарқын,Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің
соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты.Бұл елдер осынау
аса маңызды көрсеткіштің 40 пайыз өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға
дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ,қытай
және үнді экономикалары қамтамасыз етеді.
Әлемнің аса ірі экономикалары
(халықтың сатып алу қабілеті бойынша)
сызба №1
Елдер ІҰӨ(млрд.доллар) Әлемдегі ІҰӨ(млрд Әлемдегі
2008 жыл орны.2008 доллар) 2020орны.2020
жыл жыл жыл
АҚШ 12457 1 28830 2
Қытай 8200 2 29590 1
Жапония 4008 3 6795 4
Үндістан 3718 4 13363 3
Германия 2426 5 4857 5
Ұлыбритания 1962 6 4189 6
Франция 1905 7 3831 7
Бразилия 1636 8 3823 8
Италия 1630 9 2884 10
Ресей 1542 10 3793 9

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар
жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері
әлеует кіндіктеріне айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі
шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа
ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті
дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп
отыр.
Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050
жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен
қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік
банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық
өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында
болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге
(99 млрд) деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе
ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші
орынды қамтамасыз етеді.
Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық
экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.2008
жылы 10,1 трлн долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және
2,4 трлн доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай
27 трлн долларға дейін өседі деп көзделуде.2006 жылы Әлемдік ІЖӨ- дегі оның
үлесі алғаш рет 30 процненттік блестен асып түсті, яғни әледегі әрбір
үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7 процент жаһандық тауар экспорты дамушы
елдердің үлесіне тиеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы,
Үндістандағы, Ресей мен Бразилядағы тұтыну сұранысының жедел өсу
жәрдемдсуде. 2020 жылға қарай Қытайлық тұтыну рыногі үш есе өсіп, көлемі
жағынан Америкалық рынокпен теңеседі. Азия континетінде ол әлемдегі ең
үлкен рынокқа айналады.
Қытайдың әлемдік саудадағы 2008 жылғы үлесі 11 пайызды құрап, 1,42
трл. Долорға жетті. Ал АҚШ-та 2,9 трл.. Европа мен Азия арасындағы жыл
сайынғы сауда 600 млн.-ға дейін өсті.
Дамыған елдерге дамушы экономикалардың өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін
экспорттау соңғы 20 жылда 3 есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын
құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін ұлғаяды деп
күтілуде.
Дамушы елдер шикізат шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал
дамыған елдер иннвациялық, пост индустриялық елдерге айналуда.
Әлемдік экономикада транс ұлттық корпарациялардың рөлі артуда. Олар
62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трл. Доолар экспорттық өнім көлемі,
яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77 мың туындаушы компанияны,
770 мың шетелдік филялдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі экономикалардың
тізімінде 51 орынды транс ұлттық корпарациялар болса, 49 орын ғана
мемлкеттердің үлесіне тиген.Жаһанданудың қазіргі кезеңінде трансұлттық
корпорциялар үшін өндірістік интелектуалдық күш-қуат ізгі бизнеске
бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр.
Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен,трансұлттық корпорацияларды
қоса алғанда,7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.Бұлар-
Шеврон,Аджип,Миттал Стил, Лукойл, Лджи, Филипп Моррис, Гленкор
және басқалары.Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты.Өндірген
өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд доллар болған.
Әлемдік эономикада құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда
қызмет көрсету саласы алда келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету
аутсорсингінің әлемдік рыногінің жиынтық көлемі 110 млрд. долларды
құрайды.Үндістан осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етеді.
Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі.
Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығының үлесіІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын
(АҚШ-та - 1,8 %) өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл
шаруашылығының үлесі – 8,3 %. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы
елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының
үлесі 24,9 % болса, Қытайда ол -15,9 %.
Отын шикізатының және өндіруші өнеркәсіптегі басқа өнімдердің әдемдік
саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығынынікі 9
пайызға дейін төмендеген.
1.2 Мегарыноктар
Әлемдік рыноктың аса ірі сегменттерінде серпінді һөзгерістер жүріп
жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа секторлардың ұйымдасуын туындатуда.
Басым сегменттер қатарында қаурыт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік
рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30
трлн. доллардың 70 трлн. долларға дейін ұлғайған.2007 жылы инвестициялық
рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды.
1990 жылдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)
саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік
экономика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық
қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық болды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында
Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компютерлік және
ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд, долларды, АҚШ-тың
үлесі млрд. долларды құрады.
Болжамдар бойынша 1,8 трлн. долларды құрайтын химия өнімдері әлемдік
рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа
мен Солтүстік Америка химия өнімдері аса ірі тұтынушылары және
өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ мәлметтер
бойынша әлемде жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың
жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып
түсті.
Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін
жоғарылатты. Божанып отырған бағаның 100 доллар баррельге дейін өсуі және
оның әлемдік тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін
жеткізбек. Мұнайгаз рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей,
Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді.
Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар
өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар
тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. жолаушы тасымалданған. Олар
халықаралық туризмнің негізін құрап отыр.
2004 жылы Эйр Астана әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар
рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006
авиакомпанияың жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы км құрады.
Есептеулер бойынша, жеңіл автомобилтдердің әлемдік өндірісі 2008
жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі,
соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48 млн., ГФР-
да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп
күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-
да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2
млн. данадан асқан. Мотоцтклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін
өсті.
580 компаниясы және 51 зауыты бар жпондық Тойота 2008 жылы өз
мәшинелерін 170 елде сатуды 190,3 млрд. долларға дейін жеткізген,
американдық Ford Motor Company айналымы 177,1 млрд. доллар болса,
еуропалық трансұлттық DaimLerChrysler компаниясы 149,8 млрд. долларға
жеткізген.
Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар
автомәшинелреін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңгеден 2004 жылғы 68 млрд.
теңгеге дейін өсті. Сол секілді пайдаланылған автомәшинелер мен олардың
қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сату да
ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сатудың көлемі бойынша ТМД-да екінші
орынға шықты. БипекАвто ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың Нива және 1,5 мың
Skoda автомобильдерді құрастырды. Біздңі еліміз автомобильдер шығаруды
және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке айналды. Бұл көрсеткіш
бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп
күтілуде.
Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды
құрайды, соның ішінде 331 млрд. – сыра, 270 млрд. - әлдеқайда күшті
ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері
сыра өндірісі мен тұтынуды үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай,
шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы
404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13
пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн.
литр алкоголь өнімдері өндірілген.
Кейбір бағалаулар бойынша фармацевтік рыноктың көлемі 2006 жылы 640-
650 млрд. долларға жеткен. Фармацевтикалық препараттар сатудың 43 пайызы
АҚШ-тың үлесіне келеді. Мұндай өнімдерді Қазақстанда сату көлемі 2000
жылғы 109 млн. доллардан 2004 жылғы 188,6 млн. долларға жетті. Дәрі-
дәрмектерді өндіру 2006 жылы екі еседн астамға ұлғайып, 53,5 млн. доллар
болды.
Шетелдік туристер саны 2004 жылы 808 млн. адамнан асып түсті.
Бағалаулар бойынша бұл қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар 592 млрд.
долларды құрады. Туризмнің әлемдік индустриясына 100 млн. адам тартылған.
100 аса ірі құрылыс компаниясының жиынтық айналымы 2004 жылы 579
млрд. долларға жетті. Жетекші инженер – құрылыс фирмалары қабылдаған
шетелдік тапсырыстардың құны 2003 жылы 127,8 млрд. долларды құраса,
құрылыс құрал – жабдықтарының рыногы 65,8 млрд. долларға дейін өскен.
Құрылыс – Қазақстан экономикасының жедел даму үстіндегі саласы. 2006 жылы
құрылыс жұмыстарының көлемі 8,2 млрд. доллардан асып түсті.
Болат шығару рыногы 400 млрд. долларға жетеді. Бұл өнімнің
халықаралық саудасы қытай экспортының өсуіне байланысты қиыншылық кешеді.
Қазақстан әлемде болат балқыту жөнінен 28-ші орын алады.Көлік – логистика
қызметінің әлемдік экспорты 350 млрд. долларға дейін өсті. Авиация
техникасын сату рыногында ұшақ жасаушы Боинг және Аэрбус
компанияларының арасындағы бәсеке шиеленісе түсті. АҚШ-тың жетекші
авиакомпанияларының өз өнімдерін сату көлемі 253,1 млрд. долларға жетті.
Жиһаз шығару 2004 жылы 218,5 млрд. еуроға дейін ұлғайды. Мұндай ұлғаю
барлық құрлықтарда да жүріп жатыр. Соның ішінде Қытайда 19,4 млрд.,
Жапонияда 16,2 млрд. долларға дейін жетті.
Спорт тауарларының дүние жүзіндегі рыногы 2006 жылы 175 млрд.
долларға бағаланды, бұл 2000 жылғыдан екі есе дерлік көп, ал 2015 жылға
қарай ол 240 млрд. доллар болады деп күтілуде. Қазақстанда 2000 – 2004
жылдары спорт тауарларын сату екі еседен астамға өсіп, 8,66 млрд. иеңгеге
дейін жетті.
Әлемдік саудада жаңа, жоғары технологиялардың, ғылымды көп қажет
ететін тауарлардың үлесі өсіп келеді. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар жаңа экономиканың негізгі мазмұнына айналды. Бұл индустрия
жаһандық сипатқа көшті. 2006 жылы цифрлы технологияларды сату 2,6 трлн.
еуро, соның ішінде байланыс қызметі 1 трлн. еуроға жетті, мұның өзі ауыл
шаруашылық өнімдерінің, тоқыма бұйымдар мен киімдердің сауда көлемінен асып
түседі. АКТ-ның халықаралық саудасы 2003 жылы 933 млрд. долларға жетті. АКТ
тауарларының экспорты мен қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2002 жылы 614 млрд. доллардан асып түсті.
2008 жылы сатылған ұялы телефондар саны 836 млн. дана болса, бұл
байланыс абонеттерінің жалпы саны 2 млрд. адамнан артық болды. Бұл жер
шарының әрбір үшінші тұрғыны деген сөз. 2006 жылы бұл өнімді сату көлемі
113,5 млрд, доллар, ұялы байланыс қызметі 573 млрд. доллар болған. 2009
жылы ұялы телефондардың әлемдік рыногі 1086 млн. бірлікке, соның ішінде
үшінші кезең шығарылымы 615 млн. бірлігіне жетеді деп күтіліп отыр. Ал
телефондарды сату 121 млрд. долларды құрамақ. Осы өнімдер бойынша әлемдік
сауданың 50,2 пайызы Nokia мен Motorola үлесіне келмек.
Қазақстанда ұялы байланыс абонеттерінінің саны8,4 млн. адамға жетті.
Яғни елдің әрбір екінші тұрғыны қалтафаға ие. Бұл ТМД-да Ресей мен
Украйнадан кейінгі үшінші көрсеткіш.Дербес компютерлерді сату 2006 жылы
234,5 млн. данаға дейін өсті. Олардың әлемдегі жалпы саны 1 млрд. данаға
жетті.2007 жылы дербес комютерлерді стау 254 млн. данаға дейін өсіп, сомасы
232 млрд. долларды құрамақ. Әсіресе, поративтік компютерлерді сату жедел
өсуде, олардың көлемі әлемдік рыноктың 31,4 пайызына жетті.
Қазақстанда 2000-2004 жыдары компьютерлер мен бағдарламалық
қамтамасыз етуді сату 2,4 млрд. теңгеден 37,7 млрд. теңгеге дейін, 15,7 есе
өскен. 2006 жылы елімізде 1,05 млн. дербес компьютер болған. Мұның өзі
жалпы әлемдік деңгейден 2,3 есе аз. Осы қарқын сақталған жағдайда
компьтерлендірудің бұл айырмашылығы 2-3 жылда еңсерілмек.
Жартылай өткізгіш аспаптарды (ЖА) әлемдік сатудың жиынтығы 2006 жылы
254,7 млрд. долларға бағаланған. Дербес компьютерлер үшін бұл өнімді
жеткізіп беру 2008 жылғы 58 млрд. доллардан 2010 жылғы 84 млрд. долларға
дейін өседі деп болжанады. Электрондық құрамалар рыногының жедел өсу
үстіндегі сегменттері қатарында 2006 жылы 40,2 млрд. долларды құраған есте
сақтау қондырғыларын, 38,2 млрд. доллар боған жалғастыру желілерін айтуға
болады.
Интернетті пайдаланушылар саны 1 млрд. адмамнан асып түсті.
АҚШ,Қытай, Жапония алда келеді. Америкалық Интернет- экономикада жетекші
төрттіктің ұстанымы нығая түсті.Олардың табыстары былайша өскен:
Microsoft -3768 млрд. долларға дейін
Қазақстанда, статистикалық мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан
астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 ес аз. International
Telecommunication Union мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға
шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147 –ші орында. Бұл Моңғолияның
деңгейінен 2,7 есе, Қырғызстандағыдан 2 есе аз. Ал Интернеттгі
пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қзақстан 87-ші орында.
Орнатылған смартфондар саны 2003 жылғы 7,4 млн. данадан 2006 жылғы
69,5 млн. данаға дейін өскен, олардың саны 2011 жылы 190 млн. данаға
жетпек. Оптоэлектрондық құрамдастарды (жарық диодтарды, лазерлер, оптрондар
және басқалар ) сату 2006 жылғы 16,5 млрд.доллардан 2010 жылғы 31,8 млрд.
долларға өседі деп болжанады.RFID –жүйелер (радиолокиация жолымен
нысандарды біріздендіру және мәлметтерді өңдеу технологиясы) әлемдік
рыногының көлемі 2004 жылы 1,5 млрд. еуродан 2010 жылы 22 млрд. еуроға
жетеді деп күтілуде. Шыны талшықтарын жеткізіп беру 2008 жылы 68 млн.
шақырымға жеткен. Лазерлер мен лазерлік жүйелерді сату 2004 жылы 60 млрд.
еуродан асып түскен болатын.
Электрондықсауда (несиелік карталар, телефондық банкинг, интернет дүкендер)
жоғары қарқынмен дамып отыр. Әлемде электорнды коммерция көлемі 1999жылғы
98,4 млрд. доллардан 2004 жылғы 6800 млрд. долларға дейін өсті.150 млн.
астам америкалық, 100 млн. астам еуропалық оның қызметін пайдаланады. АҚШ-
та ғана бұл бизнеске 820 мың компания тартылған.
Қазіргі кезде 1,3 миллиардтан астам пластикалық төлем карточкалары
шығарылған. Олар бойынша жыл сайынғы әлемдік айналым 3 трлн. доллардан
асып түседі.Төлем карточкалары 20 млн.астам сауда-сервистік кәсіпорындарда
қабылданады. Жарты миллионға жуық банк бөлімшелері сол карточкалар бойынша
операциялар жүргізеді,43 елде 700 мыңнан астам банкоматтар жұмыс істейді.
2008жылы пластикалық карточкалардың әлемдік рыногында Виза үлесі 49,6
пайыз, Мастер кард үлесі 23,9, Американ экспресс үлесі 14,3 пайыз
болды.
Қазақстанда төлем карттарын 4 миллионнан астам адам пайдаланады. 20
банкі карттар шығарады. 2006 жылы 2,3 мың банкомат, 10,7 мың ПОС
терминалдар болды.Республикада 30-ға жуық интернет-дүкендер ашылған. Төлем
карттарды пайдалану арқылы жасалған операциялардың жалпы көлемі 2003 жылғы
396,1 млрд теңгеден 2006 жылғы 1428 млрд теңгеге дейін артты. Өсу қарқыны
орташа әлемдік деңгейден жоғары.
Ғарыштық экономика дамып келеді. Галилео жүйесінің навигацилылық
қызмет көрсету рыногы болжам бойынша 2020 жылға қарай 250 млрд еуроға
жетпек,оның табыстары бұл жүйені құруға кеткен шығындардан 5 есе артық
болады.Спутниктік операторлардың айналымы 86,8 млрд долларға жетіп отыр.
Қазақстанда ғарыштық бағдарлама жасалып қабылданған және іске
асырылуда. Мамнданған ұйымдар құрылып, алғашқы отандық спутник ұшырылды,
Ақкөлде басқару орталығы ашылды.Таяудағы болашақта қашықтықтан оқытуды,
спутниктік навигациялық жүйені және байланысты жаңаша пайдалану жолға
қойылады. Сондай-ақ ғарыштан жерді және оның атмосферасын зондтау қызметін
пайдалану мүмкін болады. Бұл міндеттерді шешуге Бәйтерек зымырандық-
ғарыштық кешені көмектесетіні анық.
Жаңа экономиканың негізгі факторына білім мен ғылымның айналып
отырғандығы ешқандай дау туғызбайды. Көшбасшылыққа бағдар елдерде осы
мақсатқа арналған шығындар жоғары жоғары қарқынмен өсуде. ХХІ ғасырдың
жоғары білімі туралы бүкіләлемдік декларацияда білікті де білімді
адамдардың басым көпшілігін тәрбиелейтін лайықты жоғары білім мен осы
заманғы ғылыми-зерттеу мекемелерінсіз бір де бір елдің шынайы тұрлаулы
дамуды қамтамасыз ете алмайды.
Жоғары білім бұқаралық сипат алып келеді. Дамыған елдерде мектеп
түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі орта есеппен 68, ал Солтүстік
Америкада 84 пайызды құрайды.Студенттер саны қауырт өсуде. Юнесконың
мәліметі бойынша 1960 жылы олардың әлемдегі саны 13 млн адам болса, 1997
жылы бұл сан 7 есеге дерлік өсіп, 88,2 млн адамды құраған.Қазіргі кезде 14
мыңнан астам жоо-ларда 100 млн студент оқиды. Ең үздік деген
100университеттің 33-і америкалық, 15-і британдық, Австралия мен Жаңа
Зеландияда 7-ден, Швейцария мен Францияда 5-ден, және Гонконг, Жапония,
Канада мен Германияда 3-ден. Әлемдегі жоғары оқу орындарының көшбасшылары
–Гарвард, Кембридж және Оксфорд университтері.
Қазақстанда жоғары білім алуға ұмтылуда. 170 жоғарғы оқу орнында
(88,3 мың тұрғынға 1 университеттен тура келеді) 760 мың студент немесе
халықтың 5,08 пайызы оқиды (АҚШ-та 5,4 пайыз , бұл елде 75 мың тұрғынға 1
университеттен келеді). Соңғы жылдары республикадаинженерлік білім беру
жоғары қарқынмен жүруде. Осы мамандыққа көптеп ұмтылатын болды. Техникалық
мамандықтарға бөлінетін гранттар жедел өсіп келеді.
Дүниежүзі бойынша шетелде білім алатын студенттер саны артуда. 1980-
2008 жылдар аралығында олар 920 мыңнан 2 миллионға жеткен.Соның 565 мыңы
АҚШ-та, 270 мыңы Ұлыбританияда, 237 мыңы Австралияда, 227 мыңы Германияда,
140 мыңы Қытайда, 125 мыңы Францияда, 100 мыңы Ресейде оқиды. Өз елдерінен
тыс жерлерде оқитын студенттер Үндістаннан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан көп
болып отыр. Тек АҚШ-та Үндістаннан 80,4 мың, Қытайдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
Халықаралық қатынас туралы түсінік
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері
Пәндер