Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі және әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты
2. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп.қатер
3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау
5. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери. экономикалық қамтамасыз етудің негіздері
6. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери.техникалық ынтымақтастығы
ІІІ.Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі және әскери-
экономикалық қамтамасыздандыру негіздері

Орындаған:Түрмекбаев Ж.Е.
Тексерген: Баби А.А.

Семей 2009
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы саясаты
2. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер
3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау
5. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери- экономикалық
қамтамасыз етудің негіздері
6. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери-техникалық
ынтымақтастығы
ІІІ.Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ел Президентінің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында былай
делінген: Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты
мемлекет пен Қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және
әлеуметтік міндеттерді орындай алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл ауқатын арттыра алмаймыз.
Белгіленген перпективаларға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы-ның
қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесі мынандай ұстанымдарға негізделуі тиіс: ең алдымен
саяси шаралардың және экономикалық өзара әрекеттестікті тереңдету арқылы
республиканың қауіпсіздігін, оның мемлекеттік және аумақтық тұтастығын
кепілді қамтамасыз ету, жариялық және мүмкін болғанынша ашықтық жағдайы.
Республиканың ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің орталық бөлігі-әскери қатерді
болдырмау және оған қарсы іс-қимыл механизмі бар әскеи доктрина.
Өткен жылдары әлемде, өңірде және елімізде елеулі өзгерістер болды.
Қазақстанның геосаяси төңірегіндегі әскери-саяси жағдай күрделі және
болжамдануы қиын болып қана отырған жоқ, сонымен бірге бірқатар жағдайда
шиеленісу үрдісі де байқалады. Екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің
халықаралық беделі мен экономикалық мүмкіндігі әлдеқайда өсті, мұның өзі
Қазақстанның әскери ұйымын дамытудағы сапалық секіріс туралы мәселе қоюға
мүмкіндік береді. Бүгінде бұрынғы доктринаны іске асырудың, көп ұлтты және
өзіміздің әскери жаттығулар тәжірибесін, өскелең кадр әлеуетін ескере
отырып, біз алдымызға бұрынғыдан өршіл мақсаттар мен міндеттер қоя аламыз.
Қазақстанның жаңа доктринасында әлемнің жетекші мемлекеттері армияларының
даму үрдісі және ұлттық деңгейдегі әскери құрылыстың жинақталған тәжірибесі
қорытындыланады. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайтуға жәрдемдесетін
немесе кедергі келтіретін ішкі факторларға талдау жасалады. Әзірлену
үстіндегі құжаттың өз сипатын ескере отырып, Қазақстанға ықтимал әскери
қатерді бағалауға көп назар аударылған.
Осылайша, жаңа доктрина ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен
әскери жанжалдарды болдырмауға, мемлекеттің әскери ұйымын дамытуға арналған
өзекті көзқарастар жүйесінің жинақталған баяндалуы болмақ. Доктрина
Қазақстанның алдағы кезеңге арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының
қағидаларына, ел Президентінің – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының
нұсқауларына негізделмек.
Әскери доктринаның құқықтық негізін Қазақстан Конституциясы, ел заңдары,
Мемлекет басшысының актілері, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар
құрайды.
Қазақстанның бейбітсүйгіш бағытына сәйкес доктринаның таза қорғаныстық
сипаты бар, ол әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайға, мемлекеттің
экономикалық және басқа ресурстық мүмкіндіктеріне берілген кешенді бағаға
арқа сүйейді. Әскери доктрина Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери
құрылымдарды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі,
Қазақстан Республикасы үшін өзіндік болып табылатын сынақтар мен қатерлерге
және жаңа халықаралық қалыптарға сай келетін міндеттерді орындауға
бағыттайды.
Тұтастай алғанда, доктрина Қазақстан Республикасының ұлттық, өңірлік
және жаһандық қауіпсіздік саласындағы ішкі мемлекеттік және халықаралық
қатынастарының түрлі әскери қырларын реттейтін болады.

Қазақстан мемлекеті ең алдымен өз саясатында бейбітшіл бағыттылығын
жариялайды және дүние жүзінің бірде-бір мемлекетіне аумақтық талабы жоқ
екенін мәлімдейді.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға
қатысуыды өзіне мақсат етіп қояды және қандай да болсын бейбітшіл күш
–жігерге белсене жәрдемдесуге міндеттеме алады.
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
саясаты
Қазіргі заманғы геосаяси жағдай блоктар тайталасы аяқталып,
халықаралық қарым-қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуына орай әлемдік
қоғамдастықта болған принципті өзгерістермен сипатталады.
Дүниежүзілік соғыс ашу және жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық та,
басқа да түрлерін қолдану қатері төмендеді. Көп жақты әлемнің қалыптасу
үрдісі дәйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, әлемдегі тұрақтылық пен
қауіпсіздікті нығайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол
жеткізілді.
Сонымен бірге әлемде өтіп жатқан орасан зор өзгерістерге кейбір
күрделі және қарама-қайшы үрдістер тән: бір жағынан, - әлемдік қоғамдастық
ынтымақтастықты кеңейту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу,
жанталаса қарулану мен ядролық қарудың таралуын шектеу жөнінде нақты
шаралар қолдануда; екінші жағынан, - қауіпсіздіктің жаңа тәуекелдері мен
қатерлері пайда болуда, олардың ішінде әр түрлі әскери қақтығыстардың
туындау мүмкіндігінің артуы, экстремизмнің, халықаралық терроризмнің,
ұйымдасқан қылмыстың таралуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы мейлінше
қауіпті болып табылады.
Осы жағдайда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы саясаты мынадай көзқарастарға негізделеді:
·        мемлекетаралық және ішкі қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі
қандай да болмасын қақтығысқа жол беруге болмайды;
·        Қазақстан Республикасының өзіне және өзінің одақтастарына қарсы
агрессия жасалған жағдайда қарулы қорғануға, жеке және ұжымдық қорғанысқа
құқығы бар.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мынадай
негізгі принциптерге негізделеді:
·        басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекарасының
мызғымастығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі істеріне қол
сұқпау;
·        өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара түсіністік негізінде барлық
елдермен достық қарым-қатынаста болу;
·        басқа елдердің қауіпсіздігі мен жалпыға ортақ қауіпсіздікке залал
тигізбей Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
·        аймақта сенім шаралары мен әскери саладағы ашықтықты нығайту;
·        халықаралық дау-дамайларды бейбіт реттеу;
·        Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды
халықаралық құқыққа және ұлттық заңдарға сәйкес қолдану;
·        халықаралық міндеттемелерді сақтау және Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын шарттардың мақсатқа қол жеткізуіне жәрдемдесу;
·        әскери қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілікті қолдау мен
қалпына келтіруге бағытталған пәрменді ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік
жүйесін құруға қатысу;
·        Республика Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарының құрылысын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы
саяси бағытына сәйкестендіру;
·        жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимдерін
бекітуге жан-жақты жәрдемдесу;
·        қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери және қос қолданысты
технологиялармен сауда жасаудың халықаралық нормаларын сақтау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттің пәрменді әскери ұйымдастырылуына
сүйене отырып, өз қарамағындағы күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі
жиынтығымен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасы елдің әскери қауіпсіздігіне қатерлердің алдын алудың,
тұмшалаудың және жоюдың саяси дипломатиялық және басқа да әскери емес
құралдарына ден қояды.
Елді қарулы қорғауды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.
Агрессия жасалған жағдайдағы ел қорғанысы Қазақстан Республикасын қарулы
қорғауды, мемлекеттің күллі әскери және экономикалық әлеуетін жұмылдыруды,
азаматтық және аумақтық қорғанысты жүзеге асыруды, одақтас мемлекеттердің
күштерімен бірлескен іс-қимылдарды көздейді.
Қазақстан Республикасы әскери қақтығыстардың алдын алу, халықаралық
қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде :
·        Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында – Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шарт шеңберінде, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде;
·        аймақтық деңгейде - Орта Азия мемлекеттерімен, Азиядағы өзара іс-
қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдермен, сондай-ақ
Шанхай бестігі шеңберінде;
·        ғаламдық ауқымда – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық
мемлекеттермен халықаралық құқық нормалары негізінде ынтымақтастық
жасасады.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер
Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңдегі әскери қауіпсіздігі
үшін негізгі қауіп-қатер мыналар болып табылады:
сыртқылары:
·        республика шекарасына тікелей таяу жерде болып жатқан және ықтимал
әскери қақтығыс ошақтары;
·        республика аумағында бандалық құралымдардың, экстремистердің,
халықаралық терроршылардың ену мүмкіндігі;
·        жекелеген елдердің әскери қуатын сандық та сапалық жағынан шектен
тыс арттыруы нәтижесінде аймақтық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі;
·        жаппай қырып-жоятын қарудың, оны жеткізу құралдарының және қазіргі
заманғы әскери технологиялардың Азия аймағында таралу қаупі және олардың
терроршыл топтардың қолына түсу мүмкіндігі;
ішкілері:
·        Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
жауынгерлік даярлық деңгейі мен туындаған соғыс қатерлеріне шапшаң, сайма-
сай қарсылық көрсету қабілетінің төмендеуі;
·        елдің әкери-өндірістік әлеуетінің жеткілікті дамымауы, Қарулы
Күштерді техникалық жарақтандыру, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді
ұйымдастыру мәселелерінде басқа мемлекеттерге тәуелділік;
·        заңсыз қарулы құралымдардың, терроршыл топтар мен бандалық
құралымдардың мемлекеттік немесе әскери обьектілерге шабуылдары;
·        қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және басқа да
құралдардың заңсыз таралуы;
·        Қазақстан Республикасының аумағында террорлық актілер мен
диверсияларды жүзеге асыру үшін қарулы құралымдар құру;
·        мемлекет ішінде экстремизм мен сепаратизмнің таралуы.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет
қызметінің аса маңызды бағыты болып табылады.
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты- елдің аумағын,
егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс
қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын
алу, Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
негізгі міндеттері:
бейбіт кезеңде:
·        әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты қалыптастыру мен іске асыру тетігін жетілдіру;
·        қорғаныс әлеуетін неғұрлым ықтимал соғыс қатеріне сайма-сай және
елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін деңгейде ұстау;
·        Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды олардың
сыртқы және ішкі қатерлердің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі үйлесімді
іс-қимылдарға әзірлігін арттыру мақсатында жан-жақты қамтамасыз ету және
сапалық тұрғыда жетілдіру;
·        Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және
басқа да өмірлік маңызды мүдделеріне қол сұғушылық және арандату
әрекеттерін анықтап, жолын кесу;
·        елдің мемлекеттік органдарын, ұйымдары мен халқын әскери
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге, азаматтық және
аумақтық қорғанысқа қатысуға жан-жақты дайындау;
·        экономиканың жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;
·        әскери инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;
·        әскери қызметтің беделін арттыру, әскери қызметшілердің және
олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған адамдарды
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенін
жүзеге асыру;
·        қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және ел азаматтарының
Қазақстан Республикасын қорғау мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шараларды орындауға моральдық-психологиялық әзірлігін
қалыптастыру;
·        Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға
әзірлігіне, сондай-ақ іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру;
Қатерлі кезеңде және әскери қақтығыс басталғанда:
·        әзірленіп жатқан қарулы шабуылды немесе жағдайдың қатерлі дамуын
уақытында ашу және оларды тұмшалау жөнінде шаралар қолдану;
·        соғыс жағдайын уақытында жариялау, елде немесе оның жекелеген
аудандарында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, Қарулы Күштерді
стратегиялық орналастыруды жүргізу;
·        мемлекеттік органдардың агрессияға ( қарулы қақтығысқа) тойтарыс
беру мен оның жолын кесуді ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру;
·        соғыс уақытының нормативтік құқықтық актілерін қолданысқа дереу
енгізу, соғыс қимылдарын даярлау мен жүргізу жөнінде шешім қабылдау және
іске асыру;
·        ел экономикасын көлік пен коммуникацияларды соғыс уақыты
жағдайында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралардың барынша қысқа
мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;
·        азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен
жүзеге асыру;
·        мемлекет қарамағында бар күштердің, құралдар мен ресурстардың
күллі жиынтығымен сыртқы агрессияға тікелей тойтарыс беру немесе қарулы
қақтығысты тұмшалау.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау
Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылықты Қазақстан
Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және басқа да
мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының
негізінде жүзеге асырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Қазақстан қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасу принциптері
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Қазақстанның әскери - саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету
Төтенше жағдайда алдын алу және жою бойынша Мемлекеттік жүйенің ұйымдастырушылық принциптерімен құрылымы
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Дүниежүзілік қоғамдастық
Қорғаныс ғимараттарының құрылымы, жабдықталуы
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Пәндер