Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Педагогика кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: «Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні »

Орындаған: Муратбаев Д. М.

І курс магистранты

Тексерген: Сатиева Ш. С.

Психология ғылымының

кандидаты, доцент

Семей 2008

Жоспар

Кіріспе

Мақал-мәтелдердің даму тарихы

Негізгі бөлім

Ас, тамақ тақырыбына қатысты ММ-дер

«Қоғам» саласына жататын аңшылық кәсіпке қатысты ММ-дер

Туыстыққа, шығу тегіне қатысты ММ-дер

Қорытынды

Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әсiресе, егемендiк алған көптеген халықтардың әдеби тiлдерiнiң бүгiнгi кемелденген кезiнде тiлдiң атқаратын қызметi орасан зор, себебi тiл неғұрлым кемелденген болса, тiл мәдениетi, сол тiлдi дүниеге келтiрген халық менталитетi де соғұрлым жоғары болмақшы. Ал бұл әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория -мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын ММ-дер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.

Мақал-мәтелдер сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі. Мақал-мәтелдердің басқа мәдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұны жағынан тереңдігінде ғана емес, оның кез келген ойды ұтымды әрі қонымды жеткізуінде және барлық халыққа ортақтығында.

Мақал-мәтелдер барлық өмір саласын қамтып, қай халықтың болмасын жан дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс тіршілігінің айнасы болып табылады.

Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең жыр-дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал ертегілерде халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік бағытта пайдаланылған. Сондықтанда мақал-мәтел мен нақыл сөздерге тоқталуда атап өтетін факторлар көп. Өйткені халық «Жүздің көркі - сақал, сөздің көркі - мақал» деп бағалаған.

Мақал - өмір құбылыстарын жинақтап көрсететін және оларға баға беріп, қорытынды пікір айтатын халық даналығы. «Мақал» араб сөзі, мағынасы «Тиісті орында айтылатын сөз» деген ұғымды білдірсе, бейнелі сөздер қатарына жататын мақал-мәтелдік мәні бар, аз сөзбен көп ойды білдіретін көркем сөз құралдарының бірі - нақыл сөздер. «Нақыл» деген қазақтың өз сөзі емес, арабтың «Нақала» мысал, өсиет айту деген сөзінен келіп, тілімізге сіңіп кеткен термин. Шығу тегі ортақ болып келетін бұл екі термин бірдей мағына берері анық. «Күлме досқа, келер басқа», «Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле» деген мақалдар ғибратты мағыналы нақыл сөз түрінде келген. Нақыл сөз түріндегі «Өнер алды - қызыл тіл», «Өз елің алтын бесігің», «Ақыл - тозбас тон, білім - таусылмас кен» [8; 110] деген сияқты мақалды алсақ, ойды ұтымды, ұтқыр, тілге орамды, жарасымды етіп жеткізумен құнды.

Еңбекте «Адам» бөліміне әке-шеше, бала тақырыбына қатысты, Адам болмысына қатысты, туған-туысқа қатысты, Ас, тамақ тақырыбына қатысты, туған жер тақырыбына қатысты, т. б. тақырыптарға қатысты ММ-дер топтастырылды. Ал «Қоғам» тобы өзіне мал шаруашылығы, аңшылық кәсіп, егін шаруашылығы тақырыптарын қамтыды. «Табиғат» деп аталатын салаға табиғи түр-түске, жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына қатысты ММ-дер жатқызылды. Бұлардың әрқайсысын талдап көрсету мүмкін болмайтындықтан, кейбіреуін ғана беруге тура келді.

Ас, тамақ тақырыбына қатысты ММ-дер. Әр ұлт қауымында сан қилы тағамдардың барлығы, яғни өздері үнемі дайындап қолданатын астардың ұлттық тағамдар деп аталатыны белгілі. Осы ұлттық тағамдардың жасалу технологиясы мен сан алуан табиғатын білдіретін, оларға қатысты неше түрлі ұғымдарды сипаттайтын мыңдаған атаулар мен жүздеген тұрақты тіркестердің қатарында ММ-дердің баршасы тілдің ежелгі де байырғы және құнарлы қорына еніп, ұлттық менталитеттің тілдегі бейнелі бір көрінісі болып есептеледі.

Ас иесімен тәтті, табағымен сәнді

Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын

Қазақ халықы - қонақ күтіп, тамақ әзірлеуге алдына жан салмайтын халық. Сондықтан болар кімге болсын тамақ бергенде жанында үй иесі қоса отыруы шарт. Онсыз астың дәмі де кірмейді. Яғни асты алдына қойып, үй иесі кетіп қалса, келген қонағы «мені жақтырмай отыр ма» деп ойлары әбден мүмкін. Сондықтан ас берген үй иелері дәммен қоса отырып, қонақты сыйлау, күту дәстүрі - қазақ халықынын ежелден келе жатқан дәстүр.

Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын

мақалы тамақты, оған қаншалықты еңбек сіңірілетіндігін бағалау мақсатында қалыптасса керек. Шынымен де, ас даярлау оңай жұмыс емес. Егер тағам тәтті болса, босқа төгіліп, ысырап болмау үшін айтылған нақыл сөз. Бұның астарында қос халықтың жастарды асты қадірлеуге, босқа төгіп-шашпауға, ананың не болмаса ас дайындаушы адамның еңбегін бағалауға деген тәрбиесі жатыр.

«Қоғам» саласына жататын аңшылық кәсіпке қатысты ММ-дер.

Әрбір сала бойынша қатысқан жүздеген, тіпті маңыздаған тілдік факторлардың қалыптасуына ұйытқы болған дерек сөздерді теріп алып, жүйелеп, мағынасына зерделеп қарайтын болсақ, олардың кейбіреулері тіліміздегі гомоцентристік принцип бойынша жасалған ММ-дерге негіз болып келеді. Тіл факторларының когнативтік дамуының екінші жағы, міне, осы жерден басталады. Аңшылық кәсіпке байланысты қалыптасқан ММ-дер де осындай.

Ерді намыс өлтіреді

Қоянды қамыс өлтіреді.

Қазақ халықы қоянды таршылық кезеңдерде тамақ үшін, жай уақытта еті мен сорпасы, өті емшілікке (сары ауруға), терісі жаға, тымаққа қажеттігіне байланысты аулап келген. Жабайы қоянды қазақтар, әдетте, жүйрік ит қосып, не жайылып жүрген жерінен садақпен, не мылтықпен атып алатын болған.

Қазақ халықы арасында кең тараған қоянды аулаудың тағы бір түрі - қиылған қамыс ұшына қоянды арандатып аулау. Аңшылар бұл әдісті, әдетте, қыстың жерді қар басқан күндері қолданған. ол үшін өзен-көл бойында қалың болып өсетін қамыс, қоғаларды мұзбен бірге қатып қалған түбірлерін бір қарыстай қалдырып, өткір орақ, не шалғымен қиғаштап орып алып, түбірлердің ұш жағын өткір де үшкір істік етіп тастайды. Сыртқа жайылуға шыққан жабайы қояндар аңшылардың иттері қуып бергенде бар пәрменімен аттап-бұттап қамыс ішіне қайта қойып-қойып кеткенде қамыстың істік түбірлеріне еріксіз арандап, үсті-басып қан-қан болып, соған малтып, шалажансар болып, қолға түседі. Міне, осы тәсілге қатысты халық аузында

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді -деген мақал қалыптасқан.

Көріп отырғанымыздай, жоғарыда келтірілген этнографиялық, этнолингвистикалық факторлардың ішінде жалпы қоян хайуанатына, оның қажеттілігіне, аулау тәсілдеріне, т. б. ерекшеліктеріне байланысты факторлардың кездескені мәлім. Міне, осы мәліметті біз көп ММ-дердің арасынан « Қоянды қамыс өлтірер » деген түрінен кездестіріп отырмыз. Онда: Қоянның ажалы қамыстан, ер-азамат өлімінің намыс үшін болатынын аңғартып отыр.

Туыстыққа, шығу тегіне қатысты ММ-дер. Қазақ халқында көп елдерде бола қоймайтын өзіндік ерекшелік те бар. Жеті атасын білу деген ежелден қалыптасып, қазақ елінде сақталған дәстүр бойынша әрбір жасөспірім, ержеткен азамат өзінің жеті атасын, шыққан тегін білуге тиісті. Өйткені қазақ салты бойынша ұл бала ата-бабаларының ең кем дегенде жеті буынға дейінгі таралуын, өткен-кеткенін, жасаған ерлігін, жайлаған қонысын білуі борышы болып есептелген. Әрбір ата-ана өз баласына соны көзі тірісінде үйретуге тырысқан. Әке-шешесінен ерте қалған бала бұл тағлымды білмей кетуі де мүмкін. Ал жеті атасын білмеу « жетесіздіктің, тексіздіктің » белгісі деп саналған. Соған сәйкес тілде ММ-дер қалыптасқан.

Жеті атасын білмеген жетесіз,

Арғы тегін білмеген тексіз (қазақша)

Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі (қазақша)

Жеті атаның жөнін біл,

Жеті рудың тілін біл (қазақша)

Қазақ елі жеті атаны білуді қатаң қадағалаған. Бұл жерде ел ақсақалдары, қадірлі адамдары қыз алысып, қыз берісуді сегізінші атада жүзеге асырған. Олар қан тазалығын, тек-тұқымның адалдығын қорыған. Осыған байланысты ХІХ ғасырда, тіпті одан да ертеректе сегізінші атаға дейінгі қыз бен жігіт бір-бірін ұнатып, қосыла алмайтын болған. Ел ішінде кездескен ондай бірен-саран оқиғалар болса, қатаң жазаланып отырылған. Өйткені олардың ұрпақтары мүгедек, жарым-жан болып дүниеге келген. Қазіргі күнде де осы дәстүр қатаң сақталып, ел ішінде берік орын алған.

Кез келген ұлт өкілдерінің көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы т. б. тілде бейнеленіп, тілде сақталатынына жұмыста жүйелі талдау жасалды. Ана тілі ежелден келе жатқан тарихи мәдени-ұлттық танымды жеткізу қызметімен ерекшеленеді. Әдетте халықтың дүниетанымы тіл арқылы жеткізіліп, қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланыста қарастырылады. Мысалы: сөз өнерін айрықша бағалаған қазақ халқы үшін «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», сөздің қасиеті де салыстырусыз биік. Тіл - замана ағымы негізінде түзілген таным, халықтың өмір сүру тәсілінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің, мінезінің, жалпы болмысының көрінісі. Зерттеу еңбектерінде анықталғандай, ол - өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, ықшамдап жеткізетін, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтың бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі. Оның мазмұны терең, тақырып аясы өте кең. Мақал-мәтелдер көбіне өлең үлгісінде, кейде қара сөзбен де айтылады. Мысалы: «Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без», «Етігін шешпей ер шыңаймас», «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты жерге бақ тұрар» ассонансқа, аллитерацияға құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылып, стильдік тұрғыдан экспресивті қызмет атқарады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіріп, бейнелеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: «Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар», «Ырысқа қарай ұл өсер, қонысқа қарай мал өсер», «Ел - ырыстың орманы, ер - ырыстың қорғаны» т. б. мақалдарда әртүрлі әлеуметтік мәдени-ұлттық көріністер факторларды баяндаудағы тілдік қордың байлығы, өрнекті сөздер табиғаты, негізінде экспрессивтік байланыс анықталып, ұғымның образды қабылдануы көрінеді.

Мәтел - негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, қорытындысы тұспалды, мақалға өте жақын. Мысалы: «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады», «Қаңбақтан қашсаң - дөңбекке жолығасың». Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылып, бейнелеуді білдіреді.

Мақал-мәтелдер ойды жандандырып, өткірлік, ұлттық сипаттағы экспрессивтік стильдік мәні ерекше құрал болып табылады. Мақал - мәтелдерді орынды, дұрыс қолдану сөз өрнегіндегі шеберліке баулитын әсем өрнек. Халық даналығы мақалдар мен мәтелдерді мол қолданды, бұл тілімізде экспрессивтік стилдік ерекшелікті қалыптастырудың негізі болды.

Мақал-мәтелдер сөйлесу тілін де, жазу тілін де жандандырады.

Қазіргі таңда дәстүр мен халық даналығының қайнар көзін танымның дүниетанымдық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы қазақ тілінің болашағын айғақтауға, өркениетті елдің мәдени-рухани мүмкіндігін арттыруға әсер етері сөзсіз.

Мақал-мәтелдердің құрылымын жаңа ғасыр баспалдағында мәдени-ұлттық үрдісте зерттеудің қажеттілігі тіл мен ойлау арақатынасын жаңа қырынан тануға, халықтың танымдық ой-өрістік деңгейінің құпиясына терең үңілуді қажет етеді. Бұл қазақ тіл біліміндегі мақал-мәтелдердің экспрессивтік қызметін психолингвистикалық аспектіде зерттеу арқылы адам психологиялық қабылдауына нақты талдау жасауға, оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді.

Жиынтығы тілде мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің тілдік экспрессивтік табиғаты айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Мақалдар жарысы
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz