Қазақстан қола дәуірінде



Жоспар.
1 Дәуірдің кезеңделуі
2 Орталық Қазақстанның қола дәуірі
3 Андронов мәдениетінен Беғазы.Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең ескерткіштері. Беғазы.Дәндібай мәдениеті
4 Шығыс Қазақстанның қола дәуірі
5 Қоныстары
6 Қола дәуіріндегі Солтүстік және Батыс Қазақстан
7 Қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан қола дәуірінде

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар.
1 Дәуірдің кезеңделуі
2 Орталық Қазақстанның қола дәуірі
3 Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең
ескерткіштері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
4 Шығыс Қазақстанның қола дәуірі
5 Қоныстары
6 Қола дәуіріндегі Солтүстік және Батыс Қазақстан
7 Қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірі

Дәуірдің кезеңделуі
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі
б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше
орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан
жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа
түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды
қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік.
Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын
өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп,
қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық
дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз
керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар,
соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-
кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы
ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.
Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде
игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда
б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған.
Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және
қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында өндірілген металл
бұйымдар.
Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның
санатында қазіргі Жезқазған маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы бар.
Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс. Адамдар алдымен
табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит
дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе
ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан
мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды.Қола табиғатта таза күйде
кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады.
Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын
өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс
Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда
(Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл
сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия
өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын
қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII
—XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас.
Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын Андронов мәдениеті деп аталатын
мәдениетке тоқталайық.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған
мәдениеті тарих ғылымында Андронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің
алғашқы ескерткіштері Андронов деген селоның жанында ашылған. Бұл село
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда
Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы
белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей
өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан
бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар
Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған
екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі
мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII
ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.
Орталық Қазақстанның қола дәуірі
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы
зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның
өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу,
Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл
таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып
жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге
дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін
білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың
қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде
Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде
өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу
1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен
байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған
Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және
Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге
бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу
өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай
мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі —
б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар,
Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары —
көне қорымдар құрайды.
Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай
батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр
түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы
(квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір
болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық
сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады.
Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан
жасалады.
Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған.
Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін
қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған
қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ.
Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да
кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген Қанаттас деген жерлеу
кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып
жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің
басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар
адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуықажет деп
есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш
құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп
зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері —
Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да
Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан
алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде
адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл
кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар.
Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде
де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай
бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір
қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу
салты.
Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір
атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды
қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін
болған.
Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат
ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында.
Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін
жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса
керек), әр түрлі құралдар кездеседі.
Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге
жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден
сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік
теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен
байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді
біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге
кейде 6—8 қыш ыдыс қойылады.
Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық
отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6
адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез
сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі
қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін
қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының,
туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра
кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының
мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі
ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу
ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең
ескерткіштері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа
сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен
гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады.
Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш
ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу
сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қола дәуірінің кезеңдері
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Қола дәуірі туралы ақпарат
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Орталық Қазақстанның тайпалары
Атасу кезеңі
Қола дәуіріндегі Қазақстаны мекендеген Андронов мәденеті
Пәндер