Жабайы өсімдіктердің сыры


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:

“ Жабайы өсімдіктердің сыры ”

Жоспары

I Кіріспе бөлім.

1) Табиғат байлығы - халық игілігі.

II Негізгі бөлім.

1) “Өсімдік - жанға шипа, дертке дауа. ”

2) Жолбасшы шөп.

3) Жерден щыққан сабын.

4) Көне өмірдің куәсі.

III Қорытынды

Кіріспе бөлім

Табиғат байлығы - халық игілігі

Қазіргі жаһандану ғасырында ғаламшарымыздың барлық түкпірі дерлік адам назарынан тыс қалған емес. Оның рельефі, жануарлары, пайдалы қазбалары, өзен көлдері мен теңіздері, тауларымен ормандары, далалары мен шөлдері… бәрі-бәрі зерттеліп бүкіл халық игілігіне айналдырылды және зерттелуде. Табиғаттың осы құрамды бөлігінің ішінде ғаламшардың мәңгілік жасыл күзетшісі, оның жасыл айдыны - өсімдіктер әлемі атты дүние бар. Жер ғаламшарындағы тіршіліктің негізін қалаушы бұл әлем түрге бай, ғажаптары мол дүние. Оның қызметін бірде-бір жетілген механизм алмастыра алмайды. Ол - тіршілік, ол - өмір, ол - ғаламшардың басты құрам бөлігі. Ол - Жердегі тірі ағза атаулығы өмір беріп тұрған өсімдіктер дүниесі.

Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрлері тіршілік ететіндігі белгілі. Мұндай орасан көп түрдің 18 мыңға жуығын біздің еліміздің территориясынан кездестіре аламыз. Бұл - орасан зор байлық. Ғылымға белгісіз өсімдіктер түрлері қаншама десеңізші!

Өсімдіктер ғаламшарымыздың кез келген жерлеріне таралған, ол тіршілік үшін аса маңызды рөл атқарады. Өсімдіктер дүниесінің басты ерекшеліктерінің бірі - олар өзінің даму барысында органи-

калық заттартүзе алады және бұл процесс бөліп шығарумен қатар жүреді. Демек, жасыл өсімдіктер ғаламшарымызды оттегімен қамтамасыз етуде басты рөл атқарады, сондықтан оларды тіршілікке қажетті оттегін өндіруші жасыл лаборатория деуге қақы- мыз бар.

Адам баласы өз өмірінің алғашқы күндерінен-ақ жасыл әлем өнімдерін тұтына бастады. Ең алдымен тағамдарымыздың барлығы дерлік өсімдіктер әлемінің өнімдері, оны азық-түлік ретінде тұтынамыз. Күнделікті дастарханымыздың берекесі - нан, ет, сүт,

май, дәмді тоқаш және т. б. тағы басқа тағамдардың бәрі де өсімдіктердің қатысуынсыз игілікке аспаған болар еді. Тұрмысы- мыздың көркі - үйлеріміз, оның алуан түрлі бөлшектері, әсем жиһаздарымыз, қала берсе, неше түрлі киімдеріміз - өсімдіктер әлемінен алынатын өнімдер жемісі ғой. Тұрмыста пайдаланып жүрген заттардың ішінен жасыл әлем өнімдері қатыспаған саланы кездестіру мүлде мүмкін емес. Олай болса, біз кез келген жағдайда айналамыздан жасыл өсімдіктерді немесе олардың өнімдерін кез- дестіре аламыз.

Барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі - табиғат. Оның байлықтары ерте заманнан-ақ адамзаттың бар мұқтаждығын өтеуге пайдаланылған. Дархан табиғаттың бар сыйы біздің қоғамның ілгері дамуына тіршіліктің негізгі көзі ретінде қызмет етіп келеді. Тіршілік бесігі - табиғат пен адам өмірі тығыз байланысты. Алғашқы адам- дар табиғаттың тек дайын түрдегі өнімдерін пайдаланған болса, қазіргі техника мен прогресс ғасырында біз оның алуан түрлі құпия жатқан байлықтарын тауып, кәдеге жаратудамыз.

Ғалымдар қазіргі кезде табиғи байлықтарды қалпына келтіретін (өсімдіктер, топырақ құнарлылығы, тұщы су байлықтары, атмосферадағы қалыпты газ құрамы, т. б. ) және қалпына келтіріл- мейтін (жер қойнауының байлықтары) деп бөлу қажеттігін дәлел- деп берді. Осы байлықтарды тиімді, ысырапсыз пайдаланбайынша олардың да шекті екендігі белгілі болды. Ертеде адам баласы таби- ғи байлықтарды шексіз деп есептеген болса, ғылым мен техника- ның қазіргі жетістіктері кез келген байлық қорының шамамен алынған қорын анықтауға қол жеткізіп отыр. Оларды кейде адам айтқысыз ысырапсыз пайдалану нәтижесінде адам баласы табиғат- тағы биологиялық тепе-теңдік механизмін бұзып, флора мен фауна- ның кейбір түрлерін жер бетінен жоқ етіп жібергенін бүгінде біздер ертеде өмір сүрген, қазір тек қазбадан табылған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан көріп жүрміз. Мәселен, үстіміздегі ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін бүкіл жер шарында жайқа- лып өскен ормандардың үштен екісі, сүтқоректілердің 105 түрі, оның ішінде соңғы елу жылда 40 түрі жойылғандығы бұл күндері кімдерді болса да ойлантуға тиіс. Мұндай тағдырға ”қанатты дос- тарымыз“ - құстар да ұшырағандығы табиғатқа деген адамның кейбір есепсіз әрекетінің салдары емес пе? Өйткені соңғы екі жыл- да ғана бір кезде орманбау, көлдердің көркі болған құстардың 44 түрі жойылып кетті.

Профессор П. И. Мариковский мына бір ой тұжырымына зер салайықшы:”Өте ерте заманда адам жабайы табиғаттың қоршауында өмір сүрді. Мүлгіген орман, қалың өскен дала шөптері басқан, адам өткісіз батпақты жер бетінде сан жеткісіз аңдар мен құстар тіршілік етті. Оларды аулау адамды азық және киіммен қамтамасыз етті. Ол табиғаттың жомарт сыйын пайдаланып, бірте-бірте оны меңгере отырып, оның тағдырының қожасы және басқа- рушысы болды. Адам мекені елеусіз кеңейе берді, алып ормандар мен шексіз далалар мал жайылымдары мен егістік жерлерге орын

берді. Міне сөйтіп адамның жер бейнесін өзгерткен мезгілі келді: жер жыртып, оған ауыл шаруашылық дақылдарын екті, ал пайдалы өсімдіктер өсе алмайтын жерлерге үй жануарларының үйірлерін қоныстандырып, көптеген көліктері гүрілдеген ірі қалалар мен селолар, зауыттар мен фабрикалар орнатып, өзендерге плотиналар жасап, оларға электр станциялары салды, жер бетін электр сымда-рының торымен шырмады. Табиғат айтарлықтай жұпынылына (кедейлене) бастады:жануарлардың, ағаштардың, гүлдердің, шөп-тердің көптеген түрлері жойылды. Бұл процесс шегіне жеткенде адам:табиғаттың көптеген учаскілерін адамның өзі үшін ол милли- ондаған жыл бойы қалай болып келген болса, сондай түрде сақтау керектігі жөнінде ойланатын уақыт жетпеді ме деп ойлана баста-

ды…Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды… Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбие-лейді. Ол-денсаулық, шабыт және творчествоның қайнар көзі “. Белгілі энтомологтың бұл пікірлері адамзаттың алғашқы күнінен бастап қазіргі кезге дейінгі табиғатпен қарым-қатынасын жан-жақты көрсете сипаттап отыр. Табиғатты өз мақсатына қарай пайдалана отырып, адам табиғатты өзгерту ісінде ілгері қарай алып адымдар жасады.

Біздің ғасыр - техниканың, ғылымның барынша өркендеген дәуірі, ол сондай-ақ алуан түрлі механизмдер мен машиналар дәуірі деуге болады. Мұншама техниканы қолына ұстаған қазіргі адамның табиғатты өзгерту жөніндегі әрекеті оның маңызды екінші бөлігін -

табиғатты қорғау қажеттігі мәселесін алға қойып отыр. Табиғат дегенде жер, су, орман, көл, ауа, қазба байлықтар, өсімдіктер мен жануарларды түсіне отырып, біздер қазіргі кезде табиғатты өзгерту мен оны қорғауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын екі процесс деп білеміз.

Табиғат ортасында қызметете отырып, адам баласы оның байлы- ғын пайдаланудың көптеген құпия сырларын меңгерді. Ол табиғи байлық қорларын меңгеруді жетілдіріп, табиғаттағы биологиялық тепе-теңдік механизмін дұрыс түсінген сайын табиғатқа және оның байлықтарына жан ашырлықпен қарау қажеттілігі идеясын ұсынып отырды. Табиғат - өз үйіміз, оның бар байлығы адамдарға қызмет етуге тиістігін, табиғатқа деген кез келген жағымсыз әрекеттің қоғамға жат құбылыс екендігін әрбір азаматтыңесте ұстағаны жөн.

Адам табиғат алдында дәрменсіз кезінде оған барынша тәуелді болды. Біртіндеп өзін қоршаған ландшафты адам өз тілегіне сай

өзгерте бастадаы. Пайдалы өсімдіктерді пайдаланумен қатар, олар- ды көбейтіп өсіру әдістерін меңгерді. Өсімдіктердің көптеген түрлері адамның қолдан сұрыптау нәтижесінде мәдени түрлерге айналды. Ал осы заманғы ғылым мен техниканың өрістеген дәуірін- де адам баласы табиғатты тек өзгертіп қоймастан, оған өз өктемді- гін де жүргізді. Осының нәтижесінде табиғаттың кейбір ландшафта- ры жойылып, жаңа ландшафтар да түзіледі.

Дүние жүзілік флораның 2500, ал СССР-де өсетін 18 мыңға жуық

түрлердің 250-дей түрі ғана шаруашылық қажетіне пайдаланылады.

Бұдан адамның орасан мол өсімдіктерінің байлығының болмашы ғана мөлшерін пайдаланып келе жатқандығын білеміз. Демек, өсім- діктер әлемінде адамзат әлі толық игере алмаған құпиялар толып жатыр.

Өсімдіктердің мәдени түрлерге айналған өкілдерінің ішінде көптеген түрлері, мәселен, астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдас- тар, көкөністер мен алма ағаштары, мақта, сора, зығыр секілді тех- никалық дақылдар сонау неолит дәуірінде қолда өсіріле бастаған екен. Міне осы мысалдан-ақ жасыл әлем өкілдерін мәдени түрге айналдырудың ерте кезден-ақ қолдана бастағандығын білеміз. Адам баласы тарихи даму барысында көптеген жаңа түрлерді шығарып, олардың өнімділік сапасын жақсартты.

Қазіргі кезде адам табиғаттан өсімдіктердің алуан түрлерін кездестіре алады. Ғаламшарымыздың миллиардтаған жылғы тірші- лік процесі барысында олардың көптеген түрлері мәдени дақылдарға айналып, өздерінің табиғатын едәуір дәрежеде өзгертті, көптеген жаңа сорттар шығарылды. Мұндай түрлер адамның аялы қамқорлығының нәтижесінде өзінің ата-тегінен әлдеқайда артық сапаларға жаңа белгілерге ие болып, көптеген ескі қасиеттерінен арылды, яғни мұның бәрі адамның қажетіне сай өзгертілді. Әрине, бұл жерде табиғаттағы өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықтың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Белгілі бір түрлердің сақталуында тек адамның ғана емес сондай-ақ табиғи сұрыпталудың зор рөл атқарғандығы белгілі. Қоршаған ортаға бейімделе алмаған әлсіз түрлердің жойылып, оның ішіндегі тек бейімделгендері ғана табиғи сұрыпталынып сақталды. Өйткені, табиғатта жер бетіндегі түрлер қоршаған ортаға бейімделеді немесе тіршілігін жояды.

Жер бетіндегі тіршілік атаулының өзегі және қайнар көзі болып саналатын өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем дүние.

Нәзіктік, әсемдік ұғымының көптеген өсімдіктерге, гүлдерге теңе-

летіндігі жасыл өсімдіктердің ғажайып әдемілігіне, көркемділігіне сүйсінуден туған болар. Міне, осы секілді әсемдік, эстетикалық әсерімен қоса, өсімдіктер әлемі тағы да көптеген аса маңызды процестерді жүзеге асырады. Жасыл әлем өз бойында Күн сәулесі- нің энергиясын жинақтап, ең соңында оны химиялық заттар энергиясына айналдыра алатындығы - ондағы өтетін аса маңызды процестердің ең бастысы. Сөйтіп, жоғарыда айтқанымыздай оттегін өндіруші лаборатория болумен қатар, оны энергия мен алуан түрлі органыкалық қосылыстардың да нағыз жанды лабораториясы деуге болады. Көптеген жылдар өсімдіктердің жинақтаған энергиясын біз ағашты, көмірді, мұнайды жағу арқылы қайтадан аламыз. Нағыз энергия қоймасы емес пе?

Жер бетіне Күннен келіп түсетін сәуле энергиясы орасан мол. Аса мол осындай ”тегін энергияны“ текке жібермей, ”қорға жинақтай“ алатын өсімдіктер әлемі жылына шамамен 450 миллиард тонна органикалық заттар түзе алады деп есептелуде. Керемет көлемдегі мұндай қызметті атқаратын ”жасыл еңбеккерлер“ күн сәулесі энергиясының көмегімен бүкіл ғаламшарымыздағы тірі ағзаларға қажетті өнімдерді түзе алады.

Жасыл пигмент - хлорофилдің болуы арқасында өсімдіктер әлемі күн сәулесін пайдаланып қана қоймастан, фотосинтез процесінің барысында қоршаған ортаның ауа құрамына реттеуші әсерін де тигізеді. Олар қоршаған ортадан көмірқышқыл газын сіңі- ріп, оған оттегін бөліп шығарады. Тынымсыз бұл “еңбеккерлердің”

Тіршілік процесі нәтижесінде жер шарында жылына 150 миллиард тонна көмірқышқыл газы сіңіріліп, 120 миллиард тонна оттегі бөлі- ніп шығатындығы дәлелденген. Ғаламшарымызбен ондағы тіршілік иелері үшін мұндай процестің маңызы айтпай-ақ түсінікті. Сөйтіп, ғаламшардың оттегі құрамын түзу міндеті жасыл өсімдіктер дүние- сінің үлесіне тиген. Олар бұл міндетті тамаша атқарып келе жатқандығы аян. Жасыл желекті алқаптарда ауаның таза, тіпті хош иісті болатындығы, ал өсімдіктер аз өсетін жерлерде, әсіресе өнер- кәсіп пен транспорты қауырт өсіп келе жатқан ірі қалаларда оттегі мөлшерінің едәуір кем болатындығы да, міне осы жағдайлармен түсіндіріледі. Ірі, өнеркәсіпті қалаларды көгалдандыру ісініңзор маңызға ие болып отырғандығы жасыл желектердің ауаны тазарту, ондағы оттегінің құрамын арттыру жолындағы маңызды рөлімен байланысты. Ауаны тазарту деген ұғымды пайдаланғанда біз оның құрамындағы көмірқышқыл газын өсімдіктердің сіңіруі, шаң-тозаң-

ды азайтуы сияқты процестерді еске алып отырмыз. Мәселен, бір гектар қарағай орманы 11 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, ыдыратады деп есептеледі, басқаша айтқанда, бұл 15 мың адамның бір тәулік ішінде бөліп шығаратын көмірқышқыл газын сіңіре алады деген сөз, ол сондай-ақ өсімдіктің өсіп жетілуіне пайдаланы- лады. Ал әрбір адам бір сағат ішінде шамамен атмосферадан 23 литрге дейін оттегін қабылдап, ауа бассейніне 20 литр көмірқыш- қыл газын бөліп шығаратындығын ескерсек, бұл процесті реттеп отырудағы өсімдіктердің орасан зор рөлі айқындала түседі. Жапы-рақтары қоршаған ортаның көмірқышқыл газын сіңіріп, тамыры топырақтан су мен минералдық заттарды барлық органдарына жеткізе отырып, жапырақтардың жасыл хлорофилл дәндерінде көмірқышқыл газы сумен қосылып, қант немесе крахмал түзілетін аса ғажап процесс өтетін өсімдіктер тіршілігі жер бетіндегі өте күрделі механизмді жасыл лаборатория деп атап өттік.

Белгілі бір түрлер үздіксіз пайдаланудың салдарынан өте аза- йып, оларға тіпті жер бетінен жойылып кету қаупі төнген. Осынау әсем дүние - өсімдіктер әлемін сақтау, оның байлығын арттыра түсу адамзаттың басты міндеттерінің бірі болып келеді және болып қала бермек.

Табиғи байлық қоры - бар игіліктің бастауы. Ендеше осыншама қадірлі, нәзік, осыншама бағалы байлық қорын қорғау, оны ұқыптылықпен пайдалану әрбір адамның азаматтық боры-шы. Табиғатты қорғауға әрбір адам едәуір үлес қоса алады. Оған арнайы дайындығы мен білімі болмаса да әр адам табиғатта істелетін өзінің кез келген әрекетінің саналы, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей болыуын есте ұстауы қажет. Ол біздің күнделікті серуендеуімізде, орманда, тауда, көл өзен жағасында демалуы-мызда, егіс алқаптары мен плантацияларда, бақтарда еңбек етуіміздегі әрбір қимылымыздан-ақ байқалады. Еңбектің, демалудың қандай түрінде жүрсек те мақсатсыз от жақпау, ауаны, суды ластамау, ағаштарды орынсыз сындырмау, өсімдіктерді бей-берекет таптамау, өртемеу, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлмау, орынсыз қазып алмау сияқты әрекеттерді үнемі есте сақтау қасиетті парызымызға айналыуы тиіс. Өкінішке орай дәл осындай теріс әрекеттер әлі де жиі ұшырасып жүргендігі байқалып қалады.

Табиғатты қорғау проблемасы қазіргі кезде бұрынғы қай кездегі- ден болса да кең ауқымға ие болуда. Бұл іске әсіресе мектеп оқушылары да қомақты үлес қоса алады және олар жылма-жыл ай-

тарлықтай нәтижеге жетіп те жүр.

Жас дос!Өсімдіктер табиғаттағы барлық процестерге дерлік түгел қатысатын алып күш екендігін есте сақтаңдар. Алайда, өсім-діктер тіршіліктің қайнар көзі болса да, олар әрі әлсіз, нәзік, олар сендердің қамқорлықтарыңа зәру. Тіпті ағаштарды, гүлді өсімдік- терді алмағанның өзінде, көк орай шалғын шөптерге де қамқорлық қажет. Оларды күтіп, суарып өсірмесек, біз алуан түрлі өнімдерден ұтылатындығымызды есте ұстайық.

Табиғи байлықтар - бүкіл халық игілігі. Сондықтан бұл байлық-тарды тиімді, шаруашылық ыждағаттыққпен пайдалана білу, табиғатқа қамқорлық жасау біздің әрқайсымыздың төл ісіміз.

Негізгі бөлім

1 . “Өсімдік - жанға шипа, дертке дауа. ”

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екен- дігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шу-мерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз т. б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсі- румен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұң-ғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармаколо- гиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген.

Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гиппок-рат дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ау-руларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылуы жолдарын жазған.

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жа-йындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен ал-ған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осы-ның арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігер- лік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға бо-латыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігер- леріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб-ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік

өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп кө- ңіл бөлінген. Петр I кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша

ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уа-қытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенедән, ады- распан т. б. ) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гетерозис және оны селекцияда қолдану
Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция
Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары
Селекция туралы жалпы түсінік
Қорық Ақсу-Жабағылы
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Қазақстандағы ең байырғы қорық - Ақсу Жабағылы
Селекцияның генетикалық негіздері
Ботаникалық бақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz