«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе1Банктің өтімділігінің теориялық аспектілері1. 1 Коммерциялық банктердің өтімділігіне түсінік және оның бағалаудағы рөлі1. 2Банктердің өтімділігіне әсер ететін факторлар1. 3 Коммерциялық банктің активтер мен пассивтер өтімділігін басқарудың сипаты2 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау2. 1 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржы нарығындағы қаржылық тұрақтылығын талдау2. 2 «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның өтімділігі және басқару әдістері2. 3 «Қазкоммерцбанк»АҚ-ның қызметтерін бағалаудың әдістемелері3 Коммерциялық банктерде қаржылық жағдайын басқаруды жетілдіру негізгі бағыттары3. 1 Коммерциялық банктің өтімділігі мен тәуекелдерін басқару жолдарын дамыту3. 2 Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін және өтімділігін талдаудың тиімді жолдарын жетілдіру жолдары3, 3ҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

1Банктің өтімділігінің теориялық аспектілері

1. 1 Коммерциялық банктердің өтімділігіне түсінік және оның бағалаудағы рөлі

1. 2Банктердің өтімділігіне әсер ететін факторлар

1. 3 Коммерциялық банктің активтер мен пассивтер өтімділігін басқарудың сипаты

2 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау

2. 1 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржы нарығындағы қаржылық тұрақтылығын талдау

2. 2 «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның өтімділігі және басқару әдістері

2. 3 «Қазкоммерцбанк»АҚ-ның қызметтерін бағалаудың әдістемелері

3 Коммерциялық банктерде қаржылық жағдайын басқаруды жетілдіру негізгі бағыттары

3. 1 Коммерциялық банктің өтімділігі мен тәуекелдерін басқару жолдарын дамыту

3. 2 Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін және өтімділігін талдаудың тиімді жолдарын жетілдіру жолдары

3, 3

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

:

Кіріспе

Дипломдық жүмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикаданың дамуына қосар үлесін анықтаудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы соңғы 19 жыл шамасында көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге қол жеткізді, дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуі қажет. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсақ олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың нашарлауына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қыйын жағдайда болуына әкелді.

Соңғы жылдары аталған процестер күш жинап жатқандығына куә болады және кейде басқарылмайтын сипат танытады.

Қазіргі даму кезеңінде экономикалық қатынастардың несие-банктік жүйесін ел нарық шартының өзгерісіне амалсыз көніп келеді. Қазақстанның коммерциялық банктері күрделі жүйелерді қалыптастырады, өз клиенттерінің, акционерлерінің шарттасқан капиталға салынған салымының максималды қайтарымы, банктің сапалы, алуан түрлі және қымбат емес қызметтер сұраныс ұсынысын, сонымен қатар барлық қоғамның несие жүйесіндегі ақшалай және тұтас экономикалық тұрақтылығының мүддесін қамтамасыз етуге міндетті.

Сондықтан банк басшылығы бір жағынан нарық жағдайының талаптарымен, жоғарғы табысты тәуекелдік операциялар жүргізу сәйкестігі, екінші жағынан заңмен және Қ. Р Ұлттық банкімен белгіленген банктік жүйенің тұрақты дамуына бағытталған жетістігін және банктік тәукелдерін шектеуге міндетті болады.

Төменгі инфлияцияда банктік, қызмет табысының төмендеуі, банк клиенттерінің айналым қаражатына үнемі жетіспеушілігі, әлеуметтік мәселенің шиелінісуі, ұсақ және ірі дағдарыстар әлемдік экономикада банктердің қаржылық қызметіне үнемі талдау жасауда міндеттейді.

Банктік қызметтер бағдары шаруашылық нарығында операциялардан максималды табысқа, мәліметтер бойынша минимум шығындар болуы керек. Банкпен алынған табыстар шығындар, бұл көрсеткіштер банктің активтік және пассивтік операцияларының шоғырланған нәтижесі және барлық факторлардың көрінісі оның қызметіне ықпал етеді.

Сонымен қатар қаржылық тұрақты банктің онымен қаржылық қатынастарға түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады Сондықтан қаржылық жағдайды талдаумен тек банктің басшылары мен қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық органдары және тағы басқалары айналысады.

Қаржылық дағдарыс жағдайында банктің табыстылығы мен тұрақтылық жағдайының негізі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер банктің қаржылық тұрақты және төлемқабілетті болса, онда ол инвестицияларды тарту, жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас банктің алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым банктер тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Банктің қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе банктің кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.

Коммерциялық банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.

Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап банктің қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты банктің қаржылық тұрақытылық жағдайына талдау жасау және алынған нәтижелерге сәйкес банктің қаржылық жағдайын нығайту жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мінедеті:

- банктің қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның банктің қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайларын зерттеу, банктің қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген банктің қаржылық жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау;

- коммерциялық банктің қаржылық жағдайын жалпылама талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау;

- банктің қаржылық тұрақтылығын нығайту жолдарын іздестіру және қаржылық жағдайын ынталандыру бағыттарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы :

- банктердің қаржылық жағдайы, қаржылық тұрақтылығы және оны басқарудың қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделген;

- «Казкоммерцбанк» АҚ» мысалында екінші деңгейдегі банктің қаржылық қөрсеткіштері, орнықтылығы мен өтімділгі жан-жақты талданған;

- аталған банкті негізге ала отырып, банктің депозиттік саясатының, қаржылық тұрақтылығына әсері қарастырылған;

- комерциялық банктің қаржылық жағдайын талдаудың әдістемелік негізін қарастыру;

- банктің активтері мен пассивтеріне талдау жасаудың негіздері көрсетілген;

- баланс өтімділігін басқаруды жетілдірудің мәселелері және алғышарттары

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Екінші деңгейдегі банктердің оның ішінде, жекелеген «Казкоммерцбанк» АҚ» банкінің қаржылық жағдайы.

Зерттеу пәні. бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша банктің қаржылық тұрақтылық жағдайы .

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты дайындау кезінде банктік қаржылық өтімділігі мен төлем қабілеттігін реттеуге бағытталған ғалымдардың теориялық қорытындылары мен ұсыныстары қолданылған. Сонымен қатар, жұмыста жалпы әдістермен бірге, арнайы әдістер қолданылған, яғни салыстырмалы-құқықтық, жүйелі, тарихи және т. б. ғылыми әдістер.

Дипломдық жұмыстың құрылымы.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабылеттігіне түсінігі және оның бағалаудағы рөлі, банктердің өтімділігі мен төлем қабылеттігіне әсер ететін факторлар. Осыған байланысты банктегі қаржылық көрсеткіштердің тиімділігі банк жұмысының нәтижесіне қаншалықты ықпал ететіні айқындалған. Банктің тұрақтылығына әсер ететін факторлар кеңінен ашылып зерттелген.

Екінші тарауда қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде банк балансын талдау қарастырылған. «Казкоммерцбанк» АҚ қызметі және қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалынды. Сонымен қоса «Казкоммерцбанк» АҚ несиелік портфелінің динамикасын талдау жасай отырып несие беру тәртібіне және ерекшеліктері жақсы ашылып жазылған.

Үшінші тарауда Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылды.

1. Банктің өтімділігі мен төлемқабілеттігінің теориялық аспектілері

1. 1 Коммерциялық банктердің өтімділігіне түсінік және оның бағалаудағы рөлі

Қаржылық тұрақтылық қазіргі өзгергіс және көпқырлы нарықтық экономика жағдайында маңызды мәселе болып табылады. Әрбір банк қызметінің қаржылық тұрақтылығы жалпы мемлекет экономикасының қаржылық тұрақтылығына қандай да бір әсерін тигізеді. Бұл тәуелділікті көру үшін бірнеше авторлардың әдебиеттерінен іріктелген қаржылық тұрақтылық анықтамаларын қарастыру дұрыс болады.

Жалпы жағдайда экономикалық жүйенің тұрақтылығы деп оның өзінің қызметін ұзақ мерзім бойы жүзеге асыра алу қабілетін айтады. И. Богданов экономикалық тұрақтылықты келесідей анықтайды: «Экономиканың тұрақтылығы оның элементтерінің сенімділігі мен қатаңдығын, ішкі жүйедегі тік, көлденең және тағы басқа байланыстарды, сыртқы және ішкі қысымды төзу қабілетін сипаттайды. Бірақ егер экономика дамымаса, онда оның сыртқы және ішкі қауіптерге төзімділігі мен бейімделу мүмкіндігі кенеттен төмендейді. Сондықтан, тұрақтылық пен даму-біртұтас жүйе ретінде экономиканың маңызды сипаттамасы». Бұл тұрақтылық анықтамасының идеясы сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерін төзу үшін ресурстармен қамтамасыз ететін кеңірек ұдайыөндіріске деген, сыртқы ортада қалыптасып, дамитын ерекшеліктерге сәйкес бейімделу мен жаңартылуға деген қажеттілікте жатыр. А. Илларионовтың айтуы бойынша, «экономикалық қауіпсіздік- ұзақ мерзімді перспективада өндірісіті жан басына шаққандағы экономикалық ресурстардың көп бөлігімен ең тиімді әдіспен қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, құқықытық жағдайлардың үйлесімі». С. Афонцев ұлттық экономиканың қауіпсіздігін «жағымсыз әсерлердің потенциалды пайда болу көздерін бейтараптандыру және нақты болған әсерлермен байланысты зиянды төмендету қабілетінде бейнеленетін экономикалық және саяси ерекшелігі бар эндогенді және экзогенді әсерлерге ұлттық экономикалық жүйенің тұрақтылығы» ретінде сипаттайды[1] .

И. Петренко банктің дамуы мен тұрақтылығының микроэкономикалық мәселесін қарастыру барысында И. Богданов көзқарасына жақын пікір білдіреді. Тұрақтылық, И. Петренконың көзқарасы бойынша, сыртқы және ішкі ортаның өзгергіштігі жағдайында өндірісітік жүйе элементтерінің, оның тік және көлденең байланыстарының сенімділігі мен тұрақтылығын, өзінің негізгі функционалдық көрсеткіштерін сақтау қабілетін бейнеледі. Өндірістік жүйенің тұрақтылығы үшін ол үздіксіз қызмет етіп, дамуы қажет. Егер жүйе дамымаса, өзінің экономикалық потенциалын ұлғайтпаса, онда оның өзгергіш нарықтық экономика жағдайына тиімді бейімделу қабілеті төмендейді. Н. Матвеев пікірі бойынша, банктің экономикалық қауіпсізідігі тұрақты қаржылық жағдай, коммерциялық табыстылық, мамандандырылған кадрлардың, өндірісітің құқықытық нормаларының болуы және банктің қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін өндірісітік қатынастардың ұйымдастырылуы, ғылыми-техникалық прогрессивтілік пен әлеуметтік даму шарттарының жиынтығымен анықталады. Бұл автор банктің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі элементі оның қызмет ету табыстылығы деп қарастырады. Бұл анықтама банктің қаржылық тұрақтылығының кешенділігін, банктің ішкі және сыртқы ортасына жатқызылатын көптеген факторларға тәуелділігін нақты көрсетеді[2] .

«Қаржылық тұрақтылық» термині мамандандырылған қаржы лексиконында нақты анықталмаған. Әлем тәжірибесінде «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің әртүрлі баян етілуі баланс талдауының екі жақтылығымен түсіндіріледі: баланс өтімділігін дәстүрлі және қазіргі заман функционалды талдауы. Осы екі көзқарас негізінде аналитиктер қаржылық тұрақтылық түсінігін әртүрлі етіп қарастырады.

Баланс өтімділігін дәстүрлі талдау негізінде банктің қаржылық тұрақтылығы оның қаржылық құрлымының тепе-теңдігін қамтамасыз етілуіне және инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына бағытталған ережелермен анықталады, яғни қаржылық стандарттың дәстүрлі ережелері қарастырылады, олар төмендегілерді өзіне қосады:

- минималды қаржылық тепе-теңдік ережесі, ол міндетті оң өтімділіктің болуына негізделген, яғни баланс пассивтері мен активтерінің қысқамерзімді элементтер айналым жылдамдығы, уақытында сәйкессіздіктер болу тәуекелімен байланысты міндеттемелерден ағымдық активтер мөлшерінің асу сомасында орын алатын қаржылық тұрақтылық қорын алдын ала қарастыру қажет;

- максималды қарыз ережесі-қысқамерзімді қарыздар қысқамерзімді қажеттіліктерге пайдаланылады; дәстүрлі қаржылық стандарт банктің қарыздарын меншікті қаражат көздерінен өтеу шегін белгілейді: ұзақ және ортамерзімді қарыздар меншікті қаражаттар көздері мен оларға теңескен ұзақмерзімді қарыз қаражат көздерін өзіне қосатын тұрақты капитал жартысынан аспауы қажет;

- максималды қаржыландыру ережесі алдағы ереженің жүзеге асырылуын ескереді: қарыз капиталын қолдану көзделген барлық салымдар соммасының белгілі бір пайызынан жоғарламауы қажет, ал пайыз әртүрлі несиелеу шартына байланысты болады.

Баланс өтімділігін функционалды талдау негізінде қаржылық тұрақтылық келесі талаптарды орындау кезінде анықталады:

Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылық түсінігін қарастырған кезде онымен тікелей байланысты басқа да қажетті экономикалық-қаржылық құраушыларды анықтау дұрыс болады. Соның ішінде банктің төлемқабілеттілігі негізгі орынды алады[3] .

Төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық нарықтық экономика жағдайында банк қызметінің маңызды қаржылық-экономикалық ерекшелігі болып табылады. Банктің «қаржылық тұрақтылық» түсінігі көп қырлы, ол ұйым қызметінің әртүрлі жақтарын бағалайтындықтан, «төлемқабілеттілік» пен «несиеқабілеттілік» түсініктеріне қарағанда кең мағынаны иеленеді. «Қаржылық тұрақтылық» түсінігін отандық және шетел экономистері әртүрлі баяндайды. 90-шы жылдардың басында банктің қаржылық тұрақтылығын меншікті қаражаттардың қарыз капиталынан ұлғаюы шарты бойынша меншікті қаражаттар көзі капиталымен түсіндірді. Сонымен қатар ол банк активтерінде меншікті және қарыз капиталының қатынасымен, меншікті қаражаттардың жинақталу қарқынымен, ұзақмерзімді және қысқамерзімді қаражаттар қатынасымен, материалдық айналым капиталының меншікті көздерден жеткілікті қамтамасыз етілуімен бағаланды.

Қаржылық тұрақтылық -бір қалыпты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін банк шоттарының белгілі бір жағдайы. Қандай да бір шаруашылық әрекетті жасау нәтижесінде қаржылық жағдай не төмендеп, не жоғарлап, өзгеріссіз қалмайды. Күн сайын жасалатын шаруашылық операциялар ағымы қаржылық тұрақтылық жағдайының бір күйден екінші күйге өтуіне негізгі себепкер болады. Негізгі қорларға және өндіріс шығыстарына капитал салымдарын өтеу үшін қаражаттар көздерінің өзгеріс шегін білу банктің қаржылық жағдайын жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты жоғарлатуға әкелетін шаруашылық операциялар ағымының қозғалысына мүмкіндік береді. Қаржылық тұрақтылықты зерттеу барысында алдағысынан ерекшеленетін «төлемқабілеттіліктің» жекеленген түсінігі бөлініп шығарылады. Көріп отырғандай, төлемқабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы банктің депозиттік, коммерциялық, қаржылық-инвестициялық қызметтерінің нәтижелеріне тәуелді болады, ал қаржылық жағдайдың тұрақтылығы оның қызметіне әсерін тигізеді. Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қорлар мен олардың құнының меншікті және қарыздық қалыптастыру көздерінің көрсеткіштері анықтайды. Қорлар мен шығындардың қалыптасу көздермен қамтамасыз етілуі, соныменен қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуы қаржылық тұрақтылықтың мағызды сипаттамасы, ал төлемқабілеттілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Сонымен қатар қорлар мен шығыстардың қамтамасыз етілу деңгейі нақты күнтізбелік күнге есептелетін төлемқабілеттілік деңгейінің қандай да бір себебі болады. Яғни төлемқабілеттілік қаржылық тұрақтылық көрінісінің бір түрі бола алады[4] .

Қаржылық тұрақтылық банктің қаржылық жағдайын нақты бағалайтын мақсатты ерекшелігі болып табылады, ал ішкі шаруашылық мүмкіндіктерді, қаражаттарды және оларды тұрақтандыру жолдарын іздестіру экономикалық талдаудың жүргізілуі мен мазмұнының ерекшелігін анықтайды. Соныменен, қаржылық тұрақтылық-қаржылық ресурстардың тиімді қалыптастырылуы, бөлінуі мен пайдаланылуы бойынша қызметінің нәтижесінде банктің кепілді төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігі. Сонымен қатар ол-қорлардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуі, және банк активтерін өтеу көздері болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.

Жалпы жағдайда, банк қаржылық тұрақтылығы дегеніміз банктің кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.

Банктің қаржылық жағдай түсінігі банктің өз қызметін қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол банктің қалыпты қызметіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілеуін, оларды орналастырудың мақсаттылығы мен пайдаланылуының тиімділігін, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қаржалақ қарым-қатынасын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын ерекшелейді.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (ең алдымен келісім қатынастары бойынша серіктестерге) капитал құрылымына, кредиторлар және инвесторлармен қатынас деңгейіне, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту мен қызмет көрсетуге байланысты, алдағы кезеңге банктің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің экономикалық секторының өкілдерін қоса, банктердің басшылары белгілі бір қызметке меншікті капиталының едәуір аз бөлігін салуға және қарызға алынған қаражаттар негізінде қаржыландыруды қалайды. Бірақ, егер «меншікті капитал-қарыз капитал» құрлымы қарыз жағына қарай ұлғайса, қолайсыз бір уақытта бірнеше кредитор өз қаражаттарын өтеуді талап етсе, банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Сондықтан баланстың өтімділік деңгейін, айналыс қаражаттарын, ұйым төлемқабілеттілігін анықтаумен байланысты қысқамерзімді жоспарда қаржылық тұрақтылықты бағалау маңызды болып табылады.

Шаруашылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін банктің икемді капитал құрлымы болуы қажет, ұдайы өндірістің үздіксіздігіне қолайлы жағдай туғызу және өзінің төлемқабілеттілігін сақтау мақсатымен табыстардың шығыстардан жоғары болуын әрдайым қамтамасыз ете алатындай етіп өз қызметін ұйымдастыра ала білу қажет.

Нарықтық жағдайда банктің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарма персоналына, шаруашылық субъектісінің дамуы мен қаржылық тұрақтылығына мүмкіндік туғыза отырып, қаржылық қамтамасыз ету тұрғысынан оның дамуының маңызды әрі мақсатқа сәйкес қарқынын бағалау қажет. Коммерциялық қатынастар дамуының тұрақтылығын анықтау тек коммерциялық ұйымға ғана емес, соныменен өзінің тапсырысшылары мен клиентіне деген қаржылық сенімділігі мен тұрақтылығын анықтау үшін сәйкесінше ақпаратты алу қажеттілігі бар серіктестер де қызығушылығын білдіреді. Сондықтан нақты ұйымның тұрақтылығын зерттеу мен бағалау саласында күнен күнге контрагенттердің саны өсе бастады.

Банк қаржылық ресурстардың икемді құрылымына ие және керекті жағдайда қарыз қаражаттарын мүмкіндігінше тартуы қажет. Сондықтан банктің потенциалды тұрақтылығының көрінісі оның несие қабілеттілігі, яғни несиенің қайтарылуына байланысты өзінің міндеттемелерін уақытылы және толығымен өтеу мүмкіндігі болып табылады. Несиеқабілетті банк деп несиені алу үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктерге, және тиісті пайыздарын төлеумен бірге уақытылы қайтару мүмкіндігіне ие ұйымды атайды. Ол банктің қаржылық тұрақтылығымен тығыз байланысты және несиені өтеу үшін қажетті жағдайда әртүрлі көздерден қаражаттарды жинақтау қабілетін көрсетеді. Несиеқабілеттілікті бағалау алдағы кезеңдегі төлемқабілеттілікті болжауға мүмкіндік береді, және оны талдау төлемқабілеттілікті, қаржылық тұрақтылықты, капитал табыстылығын талдаумен байланысты. Несиені қайтарудың белгілі бір кепілі болып банктің тұрақты қызметі, рентабельділігі мен айналым капиталы айналымының жоғарғы деңгейі табылады[5] .

Қаржылық тұрақтылық бір мезгілде банктің қаржылық тепе-теңдігін сақтауына да, инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына бағытталады. Оны баланс активінде көрсетілген мүлікті қалыптастыруға пайдаланылатын меншікті капитал мен қарыз капиталының қатынасымен анықталатын көрсеткіштермен өлшеу маңызды. Соныменен, қаржылық тұрақтылық, қаржылық тұрақтылықтың жалпы ерекшелігін көрсететін және негізін толықтыруды талап ететін, меншікті капитал мен қарыз капиталы және банк активтерінің қатынасымен сипатталады. Қаржылық тұрақтылық түсінігін толық ашу үшін қосымша көрсеткіштер мен сипаттамаларды пайдалану қажет. Қалыптасқан пікір бойынша, қаржылық тұрақтылық- төлемқабілеттілікті сақтаумен байланысты пайда мен капиталдың ұлғаюы мақсатында ұйымның үдемелі дамуын қамтамасыз ететін ресурстардың бөлінуі мен пайдаланылуы барысында банктің экономикалық және қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы банктің барлық қызметі үрдісінде қалыптастырылады. Бірақ партнерлер мен акционерлер осы үрдіске емес, одан алынған нәтижеге, яғни қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріне қызығушылық білдіреді. Әрбір пайдаланушы адам қаржылық қызметті және онымен байланысты тұрақтылықты өзіне қажетті бағыт бойынша талдайды: сыртқы контрагенттерге (нәтиже ретінде) қаржылық тұрақтылыққа, ал ішкі пайдаланушылар (нәтиже мен үрдісіті үйлестіретін мәселені қосатын) қаржылық жағдайыдың тұрақтылығына көңіл қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ
Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу
Несиелік тәуекелдер
Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
Қаржы тәуекелдірі: оларды бағалау және төмендету жолдары
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Ұйымның несие қабілетін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz