Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы


Жоспар.
I. Кіріспе :
Механикалық зақымданудың жалпы сипаттамасы.
II. Негізгі бөлім :
1) Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы.
2) Өткір заттардан болатын жарақаттар.
3) Адам денесінің бөліктерімен салынатын жарақаттар.
4) Доғал заттармен жөне қарулармен салынатын.
жарақаттардың ерекшеліктері.
5) Құлаған кезде зақымдану.
6) Спорт жарақаты.
III. Қорытынды:
1) Зақымданудың адамның тірі кезінде немесе өлгеннен кейін болғанын анықтау.
2) Механикалық зақымданудан өлу себептері.
1. Зақымданудың жалпы сипаттамасы
Тұтас дененің (ұлпаның, мүшенің) болмашы сызат түсуінен бастап толық езіліп-жаншылуы мен бөлшектеліп қалуына дейінгі қандай да болсын бұзылуы зақымдану деп аталады. Зақымдану дененің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ, жұмыс істеуін нашарлатуы мүмкін. Бұған жүйкенің ұзақ уақыт қысылып, кейіннен оның сал, қояншық ауруларына ұласуы мысал бола алады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
- Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
- Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану) ;
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар) ;
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда - жаралану, көшеде - сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі - зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Эксперименттер жұмысқа қатысушылар құрастырған арнаулы стенд-құрылғылардың көмегімен биоманекендерде (өліктерде) жүргізіледі. Зерттеудің морфологиялық әдістерімен қоса, эксперименттерде антропометриялық және рентгенологиялық әдістер, киноға шапшаң түсіру, тензометрия, пайда болатын салмақты анықтау қолданылды.
Зерттеушілер әсер ететін күштердің нақты ауқымы мен пайда болатын зақымдардың (сызаттардың, жаралардың, сынықтардың, атап айтқанда, бас сүйек шытынауының шоғырлануы мен бағыттарының және т. б. ) ерекшеліктері арасындағы белгілі бір заңдылықтарды анықтайды. Ашылған заңдылықтар аңғарылған зақымданулар бойынша, соның ішінде бас сүйек сынықтарының ерекшеліктері бойынша жарақат механизмі мен әсер ететін күштердің ауқымын іс жүзінде анықтауға мүмкіндік береді.
Эксперименттер барысында бас сүйегінің, омыртқаның динамикалық және статикалық күшіне төзімділік шектерін анықтайды. Мысалы, бастың маңдай-еңбек маңының жалпақ та қатты сыртына соғылған соққылар 370 килограмнан астам соққы күші жағдайында бас сүйегін сындырып жібереді, ал желке жақтан нақ сондай соққы жасалған кезде мүндай сынықтар 540 килограмнан асатын күш әсерінен пайда болады екен.
Бас алға қарай барынша - 90-115° еңкейіп, салмағы 90- 140 кг болған жағдайда Св - Т4 деңгейінде дене омыртқаларының сығылып зақымданғаны және қылқанаралық сіңірдің үзіліп кеткені байқалды. Омыртқаның бұл арадағы зақымдануының күшеюі бастың салмағы мен еңкею бұрышы артқан жағдайда өсе түскен.
Біздің зерттеулеріміз жаңа ғылым - жекелеген ұлпалар мен мүшелердің әр түрлі динамикалық және статикалық күш түсуіне төзімділік данасын зерттейтін материалдардың биологиялық қарсылығы ғылыммен тығыз байланысты. Сонымен бірге бұл зерттеулер жарақаттардан қорғану құралдарын (бекітілетін қайыстар, қорғаныш шлемдерін, жұмсақ астарлар және т. б. ) жасауға да көп көмектеседі. Сот-медицина травматологиясындағы модель жасаудың сот медицинасы үшін де, бірқатар клиникалық пәндер: травматология, нейрохирургия, авиация мен спорт медицинасы үшін де зор маңызы бар екенін атап көрсеткен жөн.
Механикалық жарақаттар салдарынан жырылу, қанталау, жаралану, шығып кету, сыну, мүшелердің үзілуі, жаншылу және дененің бөлшектелуі пайда болуы мүмкін.
Шырышты қабықтар эпидермисі немесе эпителийі түтастығының бұзылуы, кейде терінің бүртікті қабатының зақымдануы жырылу деп аталады. Жырылу бүкіл теріге тереңдеп енбей, бетін ғана зақымдайды. Жырылған жағдайда эпидермистің толық сыдырылып түспей, терінің тиісті қабатымен байланысты жалбырап, көптеген жерінің жарылуы жиі кездеседі. Ұзынша жіңішке жырылған жері тырналу деп аталады. Жырылудан сақтану кезінде қалың киім киюдің зор мөні бар, өйткені жарақат аз түседі.
Көптеген реттерде жырылған жерден қан шықпайды, тек бүртікті қабат зақымданған жағдайда ғана жырылған жердің бетінде кішкене қан тамшылары пайда болады. Бірнеше сағаттан қейін жырылған жердің беткі жағы кеуіп, қоңыр қабық жабады да, ол тері бетінен біршама шығып түрады. Осы қабықтың астынан зақымдалмаған тері жағынан эпителий өсе бастайды да, соның өсуіне қарай қабық біртіндеп түсе береді, бұл орайда оның бөлініп түсуі шет жағынан басталады. Жырылған жерді эпителий толық жапқан кезде қабық түтел түсіп, оның орнында қызғылтым-көкшіл түсті сызат қалады. Бірсыпыра уақыт өткен соң бүл сызат та жойылып кетеді.
Жырылудың жазылу мерзімі зақым келтірілген уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Жырылған жердің жазылу кезін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Жырылған жердің тереңдігі зақымдалмаған тері деңгейінен төмен жатқан жағдайда жырылған кезден қабық пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезең зақымданғаннан кейін шамамен 12 сағатқа созылады. 2. Кеуіп үлгірген жырық бейнебір тез біте бастағандай болып, жан-жағындағы тері деңгейімен теңеседі де, сонан соң одан көтеріліп тұрады. Бүл кезең жарақат алынған кезден бастап 12 сағаттан 24 сағатқа дейін, кейде 48 сағатқа дейін созылады. 3. Эпителийдің өсу сатысы 4-5 күнде басталып, 7-12 күнге қарай қабықтың түсуімен аяқталады. 4. Соңғы саты түскен қабық орнында қалатын тыртықтың біртіндеп жойылуымен сипатталады; ол жарақат алынғаннан кейінгі 7-15 күнде аяқталады.
Келтірілген цифрлар жырықтардың жазылу мерзімінің едәуір ауытқып отыратындығын, мұның өзі жас шамасына, организмнің жай-күйіне, жырылудың жойылуына, ауқымына және т. т. байланысты екенін көрсетеді.
Жырылудың сот-медициналық маңызы өте зор. Біріншіден, ол әрқашанда қай жерге күш салу керек екенін көрсетеді және кейде зорлық жасаудың бірден-бір сыртқы белгісі болып табылады. Сондықтан жапсарлас жатқан үлпаларды мүқият зерттеу керек, олардан гематома, тіпті сүйектің сынуы мен ішкі мүшелердің үзілуі де табылуы мүмкін. Екіншіден, жырық жазылуының жоғарыда сипатталған ерекшеліктері оның мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жырылу пішініне қарап, зақымдайтын заттың қасиеттері мен соққының бағытын айтуға болады. Мысалы, адам тырнақтарының жыруы әдетте жарты ай сияқты ойық болады, ұзын жолақты жырылу сүйреткен кезде пайда болады, ал пойыз басып кеткенде кең тілік түрінде ауқымды жырық қалады. Алайда зақымдайтын бір заттың өзі пішіні мен ауқымы әр түрлі жырық салуы мүмкін. Демек, жырықтың белгілі бір затпен салынғаны туралы қорытындыны жырылу мөлшері мен пішіні зақымдайтын заттың ерекшеліктерін бейнелейтін реттерде ғана жасауға болады. Сондай-ақ сызат түсірген заттың бөлшектерін (ағаш жаңқаларын, темір жолда жарақат алғанда тас көмірдің немесе тастың үгіндісін, т. б. ) табудың зор маңызы бар. Төртіншіден, жырылудың шоғырлануы оқиға сипатын анықтаған кезде маңызды. Мысалы, мойындағы жарты ай сияқты жырықтар мойынды қолмен буындырғанын дәлелдейді, ал жыныс мүшелері маңайына және санның ішкі жағына түскен сызаттар зорлауға әрекет жасалғанын көрсете алады және т. т.
Қанталау соққы тиген немесе қатты қысқан жерде тамырлардың жарылуы салдарынан кейіннен шел клетчаткасына немесе тереңірек жатқан ұлпаларға қан құйылуынан пайда болады. Құйылған қан тері шгінен көрініп, оны көгілдір қызыл немесе көк түске бояйды ("көгерген жер") . Қанталау кейде терінің дақтануына ұласады.
Қанталаған жерде көп кешікпей оның айналасындағы ұлпалар оксигемоглобиннен оттегін алып, қалпына келтірілген гемоглобин түзейді, сөйтіп ол қанталаған жерге қоңыр рең береді. Содан соң үйыған қанның элементтері ыдырайды. Бұл орайда гемоглобин ыдырай бастайды да, ол белокқа (глобин) және құрамында темір бар бояулы затқа (гемотин) бөлінеді. Молекуладан темір гемотині бөлініп шыққан кезде билирубин яғни түсі сарғыш өт пигменттерінің бірі түзіледі. Билирубин тотыққан кезде биливердин, яғни өттің жасыл түсті екінші бір пигменті түзіледі.
Гемоглобин молекуласы басқа жолмен де ыдырауы мүмкін. Мысалы, торлы-эндотелийлі жүйеде гемоглобин вердогемоглобинге (жасыл түсті) айналады, ол оңай тотықтанып, темірін жоғалтады, сөйтіп, биливердин түзеді. Соңғысы қалпына келе отырып, билирубин береді.
Демек, қанталаған жердің түсі жасыл болуы биливердиннің, ал сарысы - билирубиннің түзілуіне байланысты. Билирубиннің тотықтануы мен оның биливердинге көшуі, сол сияқты билирубин түзілуіне сәйкес биливердиннің қалпына келуі біртіндеп болатындығына байланысты қанталаған жер өңірінің екі, тіпті үш түсті болуы да мүмкін. Мәселен, қанталаған жердің ортасы кейде көкшіл-жасыл, ал айналасы сарғыш болады.
Қанталаудың сот-медициналық маңызы мынада: ол неге баса назар аударуды, зорлықтың сипатын және жарақат алынған мерзімді көрсетеді.
Қанталаған жер соққы жасалған жерді үнемі көрсете бермейді, кейде қанның зақымданған жерден алысырақ ағып барып үйыған жері қанталап кетуі мүмкін. Мысалы, бас жарылған кезде қан көз шарасының клетчаткасына жиналып, төменгі және жоғарғы қабақты көгертеді ("көзілдірік") . Кеңсірік пен қас маңайына соққы тиген жағдайда көз қабағы қанталайды, бұл қанның клетчатка арқылы төмен қарай ағуына байланысты.
Қанталаған жердің пішіні зақымдайтын нәрсенің пішініне, мөселен, таяқпен, арқанмен зақымдаған кезде түзу және тұзақ тәрізді қанталағандық сияқты үнемі сәйкес келе бермейді. Әдетте, қанталаған жердің ауқымы мен пішіні де жарақат салынған нәрсенің ерекшеліктерін көрсетпейді.
Кейде қанталаудың пішіні мен шоғырлануы зорлық сипатын көрсетуі мүмкін. Мысалы, иықтағы бір деңгейде орналасқан, бірбірінен белгілі бір қашықтықта көрінетін бірнеше дөңгелек қанталаған жер иықты саусақтармен сығымдағандықтан пайда болады.
Қанталау мерзімі олардың түсі бойынша анықталады. Жақында қанталаған жердің бастапқыда көбінесе көкшіл қызғылт болатын түсі 4-10 күннен кейін жойылып кетеді; ал жасыл немесе сары түс қосылған қою қызыл түс 3-8 күнде айқын көрінеді де, 8-12 күнде таралады. Аралас түстер (қою қызыл және жасыл-сары) 5-9 күнде көрініп, 12-16 күнде жойылады. Бүл мерзімдер көбінесе тұрмыстық жарақат жағдайында болатын шағын қанталауға қатысты. Қатты қанталаған жер мен гематомалардың қайтуына кейде апталар, тіпті айлар керек болады.
Қанталау адамның тірі кезінде зақымданғанының басты көрсеткіші болып табылады. Алайда оның адам өлгеннен кейін бірсыпыра уақыт бойы да түзілуі мүмкін екенін ескеру керек. Мүндай қанталауды адамның тірі кезіндегіден айыру оңай емес. Көпшілік жағдайда адамның тірі кезінде болған қанталау ұлпаны қатпарлатып жібереді және онда ұйыған қан болады, ал өлгеннен кейін қанталаған жағдайда жарақаттанған ұлпаға ұйымаған сұйық қанның сіңуі ерекше көзге түседі. Адамның тірі кезінде қанталағанын маңайындағы ұлпаға жарақат ісігінің, лимфа жолдарында және шеткі лимфа түйіндерінде эритроциттердің болуы да дәлелдейді.
Тері мен шырышты қабықтың түгел бұзылып зақымдануы жарақат деп. аталады. Бұл орайда көбінесе жапсарлас ұлпалар да жараланады. Егер жарақат. дененің қайсыбір қуысына өтіп кетсе, ол өтпе жарақат деп аталады.
Егер жарақат тесігі дененің бүкіл зақымданған бөлігін көктей өтіп кетіп, шыққан саңылауы болса, тесіп өткен жарақат пайда болады. Көбінесе оқ жарақаты, кейде шанышқан және шаншып-кескен жарақаттар да көктейтесіп өткен жарақат болып табылады. Жарақаттаған жолы едәуір үлкен болғанымен, шыққан саңылауы жоқ жарақаттар тұйықжарақат деп аталады.
Жарақаттарды негізгі сот-медициналық топтау оларды зақымдаушы фактордың сипаты бойынша бөлу болып табылады. Жарақаттардың үш тобы бар, олардың өздері де зақымдаушы нәрсенің ерекшеліктеріне және жарақат салу әдісіне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Бірінші топ - қатты доғал заттармен салынған жарақаттар; түрлері - а) соғылған; ә) жырымдалған; б) соғылып-жырымдалған жарақаттар.
Екінші топ - өткір заттармен салынған жарақаттар; түрлері - а) кесілген; ә) шаншылған; б) кесіпшаншылған; в) шабылған; г) аралап кесілген жарақаттар.
Үшінші топ - атылатын қарумен салынған жарақаттар (оқ жарақаты) ; түрлері - а) оқ; ә) бытыра; б) жарықшақ жарақаттары.
Бұлайша топтау жарақатқа сот-медицина диагнозын қойған кезде айқындаушы рөл атқарады. Тәжірибе жүмыстарында кейде мылжаланған, паршаланған жарақат деген және басқа да диагноздар қойылады. Мәселен, мылжаланған жарақат доғал заттармен де, атылатын қарумен де салынуы мүмкін. Паршаланған жаракат доғал, өткір затпен немесе атылатын қарумен салынуы ықтимал. Сондықтан бүл терминдерді диагнозды тұжырымдаған кезде негізгі термин етіп қолдануға болмайды, оларды қосымша терминдер түрінде: мысалы, жырымдалып паршаланған жарақат, соғылып мылжаланған жарақат, т. т. деп пайдалану керек.
Жарақаттардың сот медицинасындағы маңызы зор. Олар зақымданудың басқа түрлерінің бәріне қарағанда зақымдайтын қарудың сипаты және зақым келтіру механизмі жөнінде жоғары дәрежеде ақпарат бере алады.
Зерттеудің алуан түрлі қосымша әдістерін қолдана отырып, жарақатты дүрыс зерттеу зақым келтіруші заттың гашінін, мөлшері мен басқа да ерекшеліктерін, әсіресе, оның дененің зақымдалған бөлігіне тікелей тиген жерін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Жарақаттың пшгіні мен көлеміне оның шеттерінің алшақтауы нәтижесінде үңірейіп түруы едәуір дәрежеде әсер етеді, ал оның үңіреюі жараның үзындығы мен созылмалы талшықтарының негізгі шоғыры өтуінің теріге бағытталуы, бүлшық ет жиырылуы мен тіпті дененің зақымданған бөлігінің зерттеу кезіндегі жағдайы арасындағы арақатынасқа байланысты.
Тергеу тәжірибесі үшін жарақатты зерттеу өте маңызды мәселені - зақымдау механизмі туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді, өйткені бір заттың өзімен сипаты жөнінен әр түрлі зақым келтіруте болады. Мысалы, үшкір ауыр пы-шақпен оның қай бөлігімен және қандай әдіспен зақым келтірілетініне байланысты жарақаттардың кесілгенін де, шаншып-кесілгенін де, шабылғанын да, соғылғанын да анықтауға болады.
Жарақаттардың ерекшеліктерін зерттеу сарапшының зақымдайтын зат қозғалысының бағытын, жарақат салған кезде осы затпен жасалған соққылардың немесе қимылдардың ең аз санын анықтауына мүмкіндік береді. Жарақаттардың шоғырлануы, олардың саны, тереңдігі, жарақаттандыратын зат қозғалысының бағыты зақымдарды марқұмның өз қолымен салу мүмкін екендігі туралы мәселені шешуге көмектеседі.
Жарақаттың тұрақты белгісі - қан ағу. Қанның жарақат төңірегіндегі тері бетіне және жарақаттанған адамның киім-кешегіне ағу бағыты оның жарақаттанған кезде қандай жағдайда болғанын: отырғанын, тұрғанын, жатқанын, т. б. анықтау туралы мәселені шешуте мүмкіндік береді.
Сот-медицина тәжірибесінде жарақаттың салыну уақытын немесе мерзімін анықтауға тура келеді. Бұл олардың жазылу дәрежесін зерттеу негізінде жасалады. Жаралардың жазылу процесін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде жарақатта некроз (шіру) және қабыну бағытындағы өзгерістер байқалады. Алайда некроздың морфологиялық белгілерін жарақаттанғаннан кейін бірсыпыра уақыт өткеннен кейін аңғаруға болады. Оны бұлшық ет ұлпасынан шамамен 6 сағаттан соң, ал тері мен шел клетчаткасынан 12-15 сағаттан кейін микроскоп арқылы көруге болады. Жарақаттағы некрозға ұшыраған ұлпалар көлемі жарақат жиектеріндегі қан айналысының бүзылуы есебінен әдетте алғашқы үш тәулікте көбейеді.
Қабынудың алғашқы көріністері жарақаттың ісінуі мен жарақат жиегіндегі ұлпалардың лейкоциттік іркілуі немесе сіңуі болып табылады. 1-2 сағаттан кейін-ақ қан тамырларында полиморфиялық-ядролық лейкоциттердің жарақат жиегінде қата бастағаны байқалады. Содан соң лейкоциттік іркілуді арши түсіп, тәулік соңына қарай ол айқын көріне бастайды. Некроздың іркілген бөлігі айналасында лейкоциттік жиек пайда болады.
Жарақат бітуінің екінші кезеңі жарақат алынғаннан кейінгі 2-3 тәулікте жаңадан дәнекер ұлпалар құрылуы және бет жағындағы эпителийдің ұлғаюы түрінде біту процесінің дамуымен сипатталады. Жетілу ұлпаларының қалыптасуы, негізінен алғанда, май клетчаткасында өтеді. Екінші кезең жарақат бетін эпителийдің жабуымен аяқталады. Жарақаттың жабылу мерзімі әр түрлі. Ол жарақаттың сипатымен, оның көлемімен, жарақат инфекциясының болу-болмауымен, организмнің жалпы жағдайымен анықталады.
Жарақат бітуінің үшінші кезеңінде тыртық пайда болады. Сипап қарағанда біршама жұмсақ тиетін жаңа тыртықтардың түсі қызғылт көкшіл көрінеді. Уақыт өте келе, ол бозарып, қатая түседі. Микроскоппен зерттегенде тыртық ұлпасында ұсақ тамырлар жүйесінің бірте-бірте жойылып, талшықты дәнекер ұлпасының көбейе түскенін байқауға болады. 4-5 аптада, ал көбінесе 3-6 айдан кейін тыртық ұлпасында жұмсақ тадшықтар пайда болып, олардың саны уақыт өткен сайын көбейе береді. Бастапқыда тыртықта жан болмайды, бірақ кейіннен тыртық ұлпасында жүйке (нерв) талшықтарының өсуіне байланысты, оған жан бітеді. 6 ай мерзімге дейінгі тыртықтарда дәнекер ұлпа ван Гизан бойынша айналасындағы тері түсіне қарағанда ақшылтым түске боялады. Тыртықтар құрылымында шамамен бір жыл ішінде елеулі өзгерістер байқалуы мүмкін. 8-12 айдан кейін тыртық құрылымы онша өзгере қоймайды, сондықтан оның қашан болғанын айту қиынға түседі. Сонымен жарақат алынғаннан кейін сараптама неғұрлым ертерек жүргізілсе, зақымдану мерзімі соғұрлым дәлірек айқындалуы мүмкін.
Сүйектің сынуы тері жарылған жағдайда ашық, ал сынған сүйек бетіндегі тері бүтін қалғанда жабық болады. Сондай-ақ сынықтар тік және жанама сынықтар болып бөлінеді. Егер соққы жасалған немесе жарақат салған зат қысымы түскен жердегі сүйек сынса, ол тік сынық, ал күш түскен маңайдан қиыстау жерден сынса, ол жанама сынық деп аталады.
Сүйектер онша иілгіш болмағандықтан, бірінші кезекте олар сүйек ұлпасы созылған жерде зақымданады. Қысымды күш шоғырланған жерде сынық кейініректе пайда болады, ал бұл жерде сүйек үлгіасының жаншылу белгілері айқын аңғарылады.
Сүйектердің сыну белгісі бойынша жарақаттың түрі мен механизмін, зақым келтірген заттың сипатын, оның әсер еткен күші мен бағытын анықтауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz