Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Журналистік зерттеудің шығу тарихы.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 тарау
1.1. Инвестергейтер . зерттеуші журналист.
2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу

ІІ.тарау
2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы
2.2. Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-9 б

Журналистік зерттеудің шығу тарихы.
II. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10-33 б
1 тарау
1.1. Инвестергейтер - зерттеуші
журналист ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..10-17 б
1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-33 б
ІІ-тарау
2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 34-41 б
2.2. Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1-48 б

III.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 49-58 б

КІРІСПЕ
Отандық журналистиканың мазмұнын қарастырғанда негізінен жанрлық
тұрғыдан үш топқа бөліп қарастырамыз: ақпараттық, сараптамалық және көркем-
публицистикалық. Ал батыс елдерінің баспасөзі туралы айтар болсақ, айталық
АҚШ-та нақты журналистика және зерттеу журналистикасы.
Журналистика әлемі – алып мұхит. Ақиқат жолындағы арпалыс пен
айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн
сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол
әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат
пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже – мол, білім, тынымсыз
еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында келеді. Ізденіс пен азапты
арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам
тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс - әрекеттерді өз жан
дүниесімен сезіне өз биігінен баға беріп, ой тұжырым жасайды. Парасат
әлеміндегі кейіпкерлердің көңіл – күйіне ене отырып солармен бірге
тыныстап, шынайы сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де шеберлік дейтін
мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің
өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Десек те, бізде күні бүгінге дейін
тележурналистикадағы жекелеген даралықтардың методологиясы тиянақты
зерттеліп, қорытылған емес. Қазақ тележурналистері бұл саланың
жетістіктерін толық меңгеріп, игеріп кете алған жоқ.
Шығарма материалы – қоғамдағы әлеуметтік шындық. Автор оны өз
биігінде жан – жақты терең зерттей отырып, көрермендерге қызғылықты
жеткізілу жолдарын іздестіреді. Ол өзгелер байқамаған және сезінбеген
жайларды тауып, көре біледі. Автор мақаланы жазу кезінде тақырыпты
кездейсоқ таңдамауы тиіс. Белгілі бір саладағы терең әрі жан – жақты білім
иелерінің табысқа жету жолында көмекке келіп, көрермен көңіл күйін
өздеріне аудару керек. Теледидардағы Р. Жәнібеков, С. Татенко, Г.
Ергалиева, Ө. Жұманов, Е. Бекхожин, Д. Нысанбаев, Ж. Кененбаев және
өзгелері көрермендер ықыласына бөленіп, өз кезеңінің проблемалық жайларын
терең әрі жан – жақты ашып, уақыт кезеңінің ауыр жүгін арқалай білді.
Себебі қиялға қанат байлаған тегеурінді толқын ой әлемдерінде сезімді ойлар
ағысы үздіксіз жүріп жатады.
Тақырып – шығармадағы қаралатын мәселе. Автордың құбылысқа
қатысындағы сансыз ойлары, өзінің болашақ хабарларындағы кейіпкерлері
немесе ізденісіндегі қажетті жайлары. Автордың өзі көрген, куә болған
жайларға кірігуі. Демек, тақырып – идеяға шығатын ойтұғыр. Қазақ
теледидарындағы әлденеше ондаған, жүздеген хабарлардың бастау бұлағында да
тамаша идеялар жатыр. Шағын ғана мысал. Сексенінші жылдары баспасөз
құралдарында Арал теңізінің мәселесі өткір қойылып, әлемдік деңгейге дейін
көтерілді. Осы мезетте, 1990 жылдың соңына таяу, теледидардың бір топ
қызметкерлері \А. Ғалиева, С. Азимов, А. Алипов \ Аралға араша
телемарафонын өткізу жайлы идеяның пісіп жетілгендігін айтып, сол кездегі
Орталық Комитет пен Орталық теледидардың және Өзбекстан, Түркіменстан,
Қырғызстан теледидарлары басшыларының келісімін ала отырып, көлемі 12
сағаттық телемарафон өткізуге кірісті. Сапар барысында Қазақстан,
Өзбекстан, Түрікменстан территорияларындағы Арал апатының зардаптары жан –
жақты қамтылып, мәселелер Одақтық деңгейге дейін кең көлемде көтерілді.
Нәтижесінде, 1991 жылдың сәуір айында идея жүзеге асып, Арал қорына 40
миллион сом ақша жиналды. Содан бастау алған осы идеяның жалғасы жыл сайын
түрлі шараларға арналған қайырымдылық акцияларына ұласты.
Автордың ақыл – ойында қорытылып, толымды ойлармен қамтылмаған,
белгілі бір мақсат-мүдде негізінде ойластырылмаған болса, шулы факті де
ақыл – ойға қозғау салып, әсер ете алмайды. Көпшілігінде хабарлардағы
сенсацияның өзі де бұлыңғырлыққа әкеліп соқтырды. Солай етіп, ол көрерменді
толық түсінушілікке жеткізбейді, оның оқиғаға, фактіге деген ара –
қатынасын туындатпайды. Қорытындысында қоғамдық пікір басқаша қалыптасады.
Солай бола тұрса да көпшілігінде ондай жайлар журналистикадағы сенсация
болып шығады. Мәселе сол көрермендер пікірінің қоғамға әсер – ықпалында
болатынын естен шығармау керек.
Тақырып – ойластырылып, іріктелген, автор ойларына және
құбылысты зерттеуге қатысты болса, онда ойлардың шешімділігі келешек
шығарманың құрылымына әсер етеді. Ал, шығарманың концепсиясы тақырыптан сәл
ғана кештеу өмірге келеді. Тақырыпты айғақсыз да көтеруге болады. Ал
концепсия автордың ойында дәлелденген, ойластырылған жайлардан келіп
шығады. Ойдан тақырыпқа дейін жарты қадам, ал концепцияға дейін толық
қадам. Ең бастысы, концепция материал жинақталғанша құрылуы қажет.
Журналист өмірді көре, үйрене, біле жүріп, солардан ой тоқиды,
идеяға шығатын материал жинайды. Идея да ғайыптан пайда болатын зат емес.
Оған да ақыл – ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілет керек. Идея –
шығарманың негізгі ойы. Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген
өзіндік көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға
келуі мүмкін. Шындығында, идея түгелімен авторға, оның ойларына,
алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты.
Тақырып идеядан ауқымды. Бір тақырыпқа бірнеше хабарлар арналса да, олардың
әрбірінің идеясы бір – бірінен бөлек болуы әбден мүмкін.
Аристотель коммуникация процесі үш құрамнан: қайнар көз \источник\,
хабарлау \сообщение\ және адресаттан тұратындығын айтқан. Егер сценарийдің
өн бойында осылардың біреуі болмаса, коммуникация да болмайды. Демек,
журналист – қайнар көз, сценарий – хабарлама, көрермен – адресат.
Шындығында, осы үшеуінің тоғыса келіп, журналистика әлеміндегі ой дүниенің
ойлау арқылы өрнек салып, сөзбен сомдалып, жан әлеміңді бұзып өтіп, ақыл –
ойға кірігуі.
″Журналистік зерттеу″ ұғымы тәжірибелі сөз қоры ретінде соңғы кездері
енді. Десек те бұл түсінік бұрыннан қолданылып келген. Бүкіл әлемге
танымал жазушылар – Эмиль Золя, Марк Твен және басқалары – осы жанрдың
классиктері саналады. Мысал ретінде 70 жылдары болған үлкен оқиға
″Уотергейт″ ісі, Ричард Никсонның президенттік қызметінен өз еркімен
кетуіне әкеп соққан істің зерттеушілер қос американдықтың жұмыстарына
сілтеме жасалды. Журналистік зерттеуді көпшілік оны жасаушы үшін жоғары
пилотаж көрінісі деп атайтыны кездейсоқтық емес. Бүгінде бұл жанрдың
репортаж, очерк, шолу сияқты өз орны бар. Бірақ, журналистік зерттеудің
кейбір түсінбеушілік тудыратын ерекшеліктері де бар. Бұқаралық ақпарат
құралдарында қазір зерттеу деп тыңдалып зерттелмеген әңгімелерден, құпия
құжаттарды қолға түсіру, ашық пікірталас арқылы жазылған мақаланы айта
береді.
Жалпы журналистік зерттеу дегеніміз не?
1. Жалпы журналистік әрекеттерді кең мағынадағы зерттеу деп
атауға болады.
2. Журналистік зерттеу күнделікті жұмыс аяқталатын тұстан
басталады.
3. Ол шенеуніктің құпиясын тікелей ашуға бағытталады.
4. Ол ұзақ уақыт бір тақырыпты зерттейді, көп ізденіс пен күш-
жігерді қажет етеді.
5. Тақырып анықталған фактілер негізінде ашылады.
6. Әңгіме бір мәселе төңірегінде өрбиді.
7. Жинақталған және келісілген мақала төлқұжат нұсқасымен
жарияланады.
Жобалас ереже:
″Журналистік зерттеу″- бұл өз таңдауы мен ұсынысы бойынша құрылған
журналистің материалы. Әрине ол жекелеген тұлға мен ұйымдар құпия
сақтағысы келген маңызды тақырыпқа құрылады. Негізгі үш элементтері:
журналист, басқа біреу әлі зерттей қоймаған мәселеге зерттеу жүргізеді;
біреулер қоғамнан жасырғысы келген деректерді тауып алып оқырман мен
көрерменге тың мәлімет ретінде ұсынады. Бұл ″Newsday″ журналының
үйлестіруші редакторы Роберт Гриннің тұжырымдамасы.
Зерттеу не үшін керек? Қоғамға қызмет ету, шындық пен әділеттілік
үшін күресу үшін керек. Журналист үшін зерттеудің пайдалы жағы: беделін
көтеру, қызмет орнында жоғарылау, сондай – ақ қаржылық пайда түсіру.
Мысалы, зерттеу нәтижесі бойынша кітап шығару. БАҚ үшін – бұл оқырман
сенімін арттыруға мүмкіндік, бұл қоғамды танып бағалаудағы әділ
қорғаушының беделі. Қандай журналист зерттеумен айналыса алады? Кез
келген. Тек нақты оқиғаға қатысы бар адаммен тілдесе білу, қажетті
құжаттарды іздеуде бүкіл уақытын сарп етуге дайын болуы керек. Басқаның
барлығы тәжірибемен келеді.
Жұмыс жоспарын қалай құру керек? Материалды жинау басталысымен
зерттеу мен жоспар істері қатар жүруі керек.
Зерттеуді жоспарлаудың бағыттары:
*Атауын, тақырыбын, басты ойын, негізгі проблеманы таңдау.
*Таңдап алынған проблема оқырманды не үшін қызықтыратынын ойлану.
* Белгілі материалға қоғам мүшелерінің көзқарасы қанадй екенін
жобалап қойғаныңыз да дұрыс.
* Өзіңіздің іс - әрекетіңіздің әдістерін анықтыңыз.
*Мақала қашан жарияланатынын, жалғыз әлде көп сериялы бола ма, осы
жайды шешіңіз. Мүмкін суреттер де қажет болатын шығар.
*Мүмкіндіктер мен тапсырмаларды белгілеңіз. Зерттеңіз. Репортаж
жасаңыз.
*Материалды жариялауға дайындаңыз.
*Жариялаудың алдында деректерді тағы бір тексеріңіз. Сосын барып
материалды жариялаңыз.
*Сіздің мақалаңыз күшті пікірталас туындатса, басшылықпен жағдайды
талқылаңыз.
Міне мұның барлығы журналистік зерттеуді жүргізу жұмыстарының
бастамасы ғана, сондықтан да бүгінгі бітіру жұмысымда елімізде, өз
тәжірибемізде бұрыннан бар, алайда қазіргі заман ағымына орай жаңа жанр
болып еніп жатқан Журналистік зерттеу тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.
Шетелдік, ресейлік оқулықтармен, отандық журналист зерттеушілердің
мақалаларымен танысып шықтым. Журналистік зерттеу атты зерттеу жұмысының
құрылымы: кіріспеден басқа екі бөлімнен және төрт тараудан тұрады.
Негізгі бөлімде 1.1. Инвестергейтер – журналист зерттеуші. Мұнда осы
терминнің қайдан шыққанын, сондай-ақ осы мамандық иелерінің қызмет
ерекшеліктері жайлы айтылады.
1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу. Бұл тарауда осы
жанрдың қалыптасуына бастаушы болған Америка, Франция елдеріндегі
журналистік зерттеу тәжірибесіндегі жаңалықтар мен қалыптасқан әдіс-
тәсілдерді қарастырып, солардың сыр-сипатына үңілуді мақсат еттім.
ІІ-бөлім. 2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және
қалыптасуы.
2.2. Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің
ерекшеліктері.
Қорытындыда өз жұмысымның нәтижелерін көрсетемін. Мысалы журналистік
зерттеудің қиындықтары мен ерекше талаптарын ашып-танығандағы жұмыс
нәтижелері...
Тақырыптың өзектілігі: Журналистік зертеу жанры демократиялық елдерде
жақсы дамыған. Бұл бағытта ойын ашық айта алатын, жоғары орында отырған
шенеуніктерден қорықпайтын, қоғамдағы болып жатқан оқиғаға батылы барып, өз
ойын білдіре алатын журналистер ғана шын мәніндегі ерлік істерімен көріне
алады. Алайда Қазақстан елінде бұл журналистік зерттеу мәселесі аздап
кенжелеп қалып жатқаны жасырын емес. Сондықтан қоғамдық телеарна құру
мәселесі, БАҚ туралы заңның қайта-қайта қаралып жатқан уақытында бұл саланы
зерттеп өзім үшін және журналистиканы еншілеген басқа да әріптес
замандастарыма қажетті ой түйіндер жасауды мақсат етемін.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Инвестергейтер – журналист зерттеуші
Журналистік зерттеу –әлі бұл салаға дайындығы жоқ журналист үшін ең
қиын жұмыс, ең қауіпті сала. Тіпті криминалистикада қалам тербеп жүрген ең
тәжірибелі маманның өзі жалғыз зерттеу жүргізсе, оған талай тосқауыл
кездеседі. Ал егер бұл іске арнайы бір топ құрып араласса, нәтиже беріп
қалуы ықтимал. Сонда ғана ақпартты жинау, оны кең көлемде реттеп, сауатты
түрде тексеруге болады.
Ресейде алғаш рет мұндай мекеме – Журналистік зерттеу агенттігі деген
атпен – 1986 жылы ашылды. Оны атақты публицист, Қарақшылар Петербургі
(Бандитский Петербург) және Жемқорлық жайлаған толы Петербург
(Коррумпированный Петербург) атты бестселлерлердің авторы Андрей
Константинов ұйымдастырған болатын. Бұл мекемеге біреудің көңілі толып
жатса, енді біреулері оның ұсынған қызметтерін бағаламай жатады.
Кейбіреулер бұл агенттіктің қызметіндегі журналистік зерттеу әдістеріне
сенімсіздікпен қарады. Енді біреулер мұндай агенттікті бұқаралық ақпарат
құралдары қатарына қоспай қойды. Жалпы алғанда журналистік зерттеу
тәжірибесі туралы Батыс инвестергейттеріне қарағанда ресейлік
инвестергейттердің айырмашылығы неде?-деген сауалға, оның жетекшісі Андрей
Константинов былай дейді: Ең бастысы мұнда инвестигейттердің
технологиясының әрқилылығында. Бізде бұл негізінен, қылмыс, криминал,
коррупция немесе осыған жақын тақырыптар. Ал батыста зерттеу бұл біздің
көзқараспен қарағанда, кәдімгі күнделікті өмірдегі жәй заттармен
байланысты. Десекте біртіндеп бізде болашақта сол үлгіге жақындайтын
шығармыз. Әзірге бізде үлкен проблемалар мазалайды. Өйткені батыс
инвестигейттері айтатындай жақсы жағдай жоқ. Біздің елде журналист
салмақты, үлкен материал дайындау барысында өзіне де пайда табу жолында
жүреді. Бізде аты белгілі тұлғаға ақы төлеу әлі дағдыға айналмаған. Осыдан
да орыс журналистикасының жалпы батыстан айырмасы өте көп.1
Журналистік зерттеу әдісінің тууы барлық елдерде бір сәтте қатар
жүрді. Ақпарат көздері де болды. Мәселен Бурцев есімін алайық. Ол Азеф ісін
ашқаны үшін танымал болған. Бір мезгілде журналистікпен қатар ол тыңшы
болып та қызмет еткен. Ғасыр басындағы оның төңкерісшілер мен дау-
дамайшылар ортасын әшкерелуі және Былое журналындағы оның мақалалары
журналистік зерттеудің бастауы. Тіптен Пушкиннің шығармашылығынан да осы
жанрдың белгілерін табуға болады. Оның Пугачев көтерілісінің
тарихышығармасын алар болсақ - бұл нағыз журналистік, тарихи, публицистік
зерттеу. Кез-келген сауалды жан - жақты зерттеу, бірақ бұл бір қарағанда
қиын болып көрінеді. Ресейлік нұсқада бұл өте қажетті құпияның ашылуы.
Инвестигейтерлер батыста тергеушіден гөрі зерттеушілер қызметіне жуықтайды.
Бізде керісінше және журналистік зерттеу жасайтын мамандар өте аз. Дау-
дамай қақтығыстары саяси баспасөзбен байланысты. Бұл тақырыпты
түсінбеушілерде кездеседі. Егер бір адам бір жазылып алынған дауысты әкеліп
беріп, сіз оны ашып, өзіңіздің түсіндіруіңізбен мақала етіп жазғаныңыз бұл
әлі журналистік зерттеу емес. Бұл жұмыста ынталылық басты сауал болып
табылады. Зерттеу журналистің өзінің, болмаса оның БАҚ-ның бір тақырыпқа
қызығуы бойынша ықыластары бірдей болуы мүмкін. Тапсырысты зерттеу де болуы
мүмкін. Бұл қалыпты тәжірибе, өйткені бұл арада бұқаралық ақпарат құралдары
арасында бәсекелестік туындайды. Басқа қимыл керек, бұл жерде арнайы
анықталған ережемен іс әрекет жасау керек. Зерттеу жасауға келісім беруі
мүмкін, бірақ оның нәтижесі міндетті емес. Міне бір адам келіп: мен
сіздердің жақсы зерттеу жасай алатындарыңызды білемін, бір тақырыпты ашып
беруге көмектессеңіздер –дейдіп. Мұнда тұрған ешқандай сөкеттік, қорқыныш
жоқ, егер жұмыс жүргізілетін болса, ол былай да былай жүреді. Дәл сондай
адам жекеменшік детективті жалдайды да, оның қалай жұмыс істейтінінен
бейхабар жүре береді. Ең бастысы тапсырманы жалғандық жолымен атқаруға
апармау керек. Сонда ғана этикалық талаптар өз орнында болады. Бірақ
жекеменшік детектив журналистке қарағанда ортамен жұмыс жасамайды, ол дайын
тұрған материалды тауып алып, тапсырыс берген тұлғаға береді.
Журналистік зерттеуде тағы бір жұмыс ерекшелігі сол – бұл
консультация, кеңес беру тәсілі. Ақыл кеңес сұрап келген тұлғаға
мүмкіндігінше қолғабыс жасап, білгеніңді айтып беруің керек. Әрине мұның
барлығы батыста, Ресейде ақылы қызмет ретінде жұртшылыққа ұсынылады.
Қазіргі зерттеудің жетекші әдісі – экстенсивті интервью жасау
(″топталған ортаны тінту″әдісі ).
Топталған орта. Журналистік зерттеу жүргізушінің бақылау аясының
кеңейуін, шынайы құжаттар іздену мүмкіндігін, интервью жасаудың қиындық
туғызатын нұсқасын ұсынады.
Зерттеудің баспалдақтары:″Үлкен ортамен интервью ″, көптеген
тұлғалардан пікір тартады (журналист тақырыпқа жақындайды), ″орташа
ортамен интервью″, ″белсенді қызығушылықты топ″, яки проблемаға жақын
адамдарға шығу; ″ Атаулы тұлға″ баспалдағы. Бұл енді кінәліге шығу, өте
жауапты сәт - ″негізгі кейіпкермен″ тілдесу). Осылай басты
баспалдақтардың ізімен жүріп тексерулер арқылы анықтау және қосымша
материалдар жинау ісі орындалады. ″Дерек көздері ″ маңызды және мәні аз,
қызықтыратын, қызықтырмайтын болып екіге бөлінеді.
Журналистік зерттеудің ерекшелігі:
*Журналистің алдына қойған мақсаты бойынша: тапсырысты журналистика,
коммерциялық зерттеушілік журналистика, проблемалық журналистика болып үш
топқа бөліп қарастыруға болады.
*Мақсатты аудитория бойынша: сегменттердің қандай топтардағы
аудиторияға бағытталған материал екендігін анықтау басты назарда болуы
керек.
*Автордың ақпаратты құралдың көмегімен мақсатына жетуі интервью
жасау, мұрағатпен жұмыс т.б. дер болсақ, өзіндік әрекеттің технологиясы
мен әдісі журналистік зерттеудің технологиясын қарастырады.
Журналистік зерттеуде тақырыпты іздеу ең басты мәселе. Материалдардың
тақырыбы жағынан өте ұнамды, ал мазмұны жағынан мейлінше түсінікті болуы
керек. Бұл талап – үлкенді-кішілі жанрлардың бәріне бірдей түгел қойылатын
ортақ талап және негізгі талап. Бұл талаптардың іс жүзінде бұлжымай
орындалуы, ең алдымен журналистің тақырыпты таңдай білуіне тығыз
байланысты. Тақырып таңдаудың өзі өмір мектебінен туады, тақырып өмірдің
өзі ұсынатын идея десек қателеспейміз. Саяси және әлеуметтік мәні зор,
қазіргі таңдағы өте бір маңызды мәселені қозғайтын тақырыпты таңдай білу,
ол, әрине, шеберлік. Саяси мәні бар, кезең қойып отырған міндеттерге жауап
беретін, жұрттың назарын аударатын тақырыпты таңдай білу аса қажетті шарт.
Тақырып таңдалынып алынғаннан соң, журналистің зердесінде ойлағандай
боп қалыптасуы, автордың өмір тәжірибесінің молдығына байланысты. Тақырыпты
дұрыс таңдай білу деген сөз – дәл нақ кезеңінде қалың бұқараның назарын
аударып, барынша қызықтыра түсетін өмір фактісі туралы әңгімелеу, белгілі
бір мәселені я проблеманы көтере білу деген сөз. Тақырып өмірідң өз
мұқтажынан, өз талабынан туғанда ғана әрі ұғымды, әрі жарасымды болып
тұрады. Көтерілген тақырып өте актуалды болып, өмір сұрағына дер кезінде
жауап беруге тиісті де, тақырып таңдаған журналист уақыт талабымен қатты
есептесіп, заман талабына жауап беріп отыруы аса қажет. Ол үшін автор-
журналист өмір құбылысы мен фактілерін ылғи зер сала, ынта-жігермен
зерттеп, сол өмірдің әп-сәтте көзге түсе қоймайтын елестері мен
құбылыстарын, оқиғаларын шебер байқампаз, сезімтал босла, оның қаламынан
шыққан творчестволық еңбектің сәтті болуында күмән жоқ. Қызықты, актуальды
тақырыпты қалай табу керек? Қандай зерттеумен айналысқан дұрыс? Мәселен, ең
бір әйгілі тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Мұнда бір ұйымның,
мәселен, мемлекеттік үкімет, корпорациялар, халықаралық ұйымдар,
қайырымдылық қорлар аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалдар
қарастырылады. Зерттеудің пішіні пара алу, бопсалау, төлемдер, пара беру -
әр түрлі пішіндегі коррупция бола алады.
Мұның барлығы ұйымдасқан қылмыспен байланысты болуы мүмкін. Алайда
сыбайлас жемқорлық тақырыбы журналистік зерттеудің негізгі көзі болып
саналмайды. Басқа әр қилы тақырыпта зерттеу жұмысы табылады. Тек іздене
білу, нақты таңдай білу қажет.
Тақырып таңдау. Мақалаға тақырыпты таңдауда барынша саралап, оң –теріс
көзқарастарды қарастырып, салмақтап алу керек.
*Сіз таңдап алынған тақырыпқа қатысты маман, не экспертсіз бе?
*Сізде қандай ақпарат көздері, қорлар, байланыстар бар?
*Сізге зерттеу барысында көмектесе алатын ұйымдар бар ма?
*Дерек көздерін беру барысында кейіпкеріңіз айтылған сөздерін жазып
алуыңызды қалай ма?
Журналистік зерттеу барысында сіздің әркетіңіз қоршаған ортаға қалай
әсер етеді?, таңдап алынған тақырыпқа мақала жазу керек пе?, сіздің
мақалаңыз едәуір өзгеріс әкеле ме?- осы сауалдарға жауап іздеуді ұмытпау
қажет.
Қауіп-қатерде басты назарда болғаны дұрыс.
*Осы тақырып бойынша зерттеу барысында сіз өзіңізге және сіздің
баспаңызға қаншалықты қауіп қатерден күмәнданасыз?
*Сіз үшін және шығармаңызға қаржылық қатер қандай?
*Сіздің өміріңізге немесе отбасыңызға қауіп қатер бар ма?
*Бұл қауіптерді төмендету үшін қандай да бір қадамдар жасау керек?
*Сіздің мақалаңыздың тақырыбын басқа журналистердің зерттеп қоймауына
қаншалықты күмәнданасыз?
Мақалаңыздың төменгі көлемін анықтаңыз.
*сіз тек тақырып көздерін ашасыз.
*егер сол сәттер туар болса, егер сіз тереңірек тақырыпқа үңіле
алмасаңыз, мүмкіндігінше аздап болса да шетін көрсетіңіз.
*мүмкін сіз бір ғана оқиғаны ашып, көрсете алатын шығарсыз.
*сізге мүмкін ұлттық деңгейде емес, жергілікті тақырыпты ашу керек
шығар.
Мақалаңыздың ең жоғарғы көлемін анықтаңыз.
-бұл қоғамдық дүрбелең туғызатын үлкен мақала болады.
-сіз жемқорлықтың пайда болуын терең зерттеп, оның жоғары өршіп бара
жатқанын көрсетесіз
Сіз мақсатыңызды зерттеуді төменнен бастап жоғары деңгейге жетуге
ұмытылуыңыз қажет. Есіңізде болсын, сіз өз білгеніңізді жазбаңыз, сіз
неғұрлым дәлелдеу үшін тырысыңыз.
Өз көзқарасыңыздан сақтаныңыз:!
Журналист ешқашан өз көзқарасындағы мақалаларды ашпауға тырысу керек.
Біреудің пара алғандығын тағы басқа жайлар туралы жариялау алдында
журналист нақты, салиқалы, құрылымдағы деректерді құрастыруы керек. Барлық
заң бұзушылықтар мен мәселелердің көздерін көрсете отырып жазуы тиіс.
Мінез құлықты ескеріңіз. Жүздесетін адамыңызыдң мінез-құлқын
ескеріңіз. Әйгілі ресейлік заңгер А.Ф. Кони өзінің Есте сақтау және назар
аудару атты жұмысында әңгімеесеушінің мінезіне қарай оқиғаның бағыт-
бағдарын анықтауға болатындығын айтады. Мысалы мына бір қылмыстық хрониканы
қараңыз:
Трамвай рельс жолын кесіп өтіп бара жатқан әйелді басып кетіп,
жарақаттады, болмаса ол бірден өліп кетті делік. Тергеу нәтижесі былай
дейді: ол ескертпе қоңырауға назар аудармағаннан немесе қоңырау өте кеш
соғылды. Бұл оқиғаға әр түрлі мінез құлық иелері куәгерлердің әңгімесі:
Сангвиник айтады: Бұл бір қорқынышты оқиға болды, жан түршігерлік
айқай, сау ете қалып аққан қан, маған тіпті сынып жатқан сүйектің сықыры да
естілді. Бұл масқара оқиға көз алдымнан әлі кетер емес.
Меланхолик айтады: Менің көз алдымда болған оқиға трамвай бақытсыз
әйелді басып кетті. Міне адамның тағдыры: мүмкін ол сүйікті күйеуіне,
сүйкімді балаларына асығып бара жатқан болар, отбасылық бақыт қанның
астарында бәрі күл-талқан болды, әп-сәтте жойылды, жетім отбасының көз
жасы, енді ешқашан оралмайтын бейне, қайғы, бұл оқиға менің жанымда
жатталып қалатын сурет болды. Қандай ауыр!
Холерик айтады: Бір әйелді басып кетті. Қалалық басқарманың өз
жұмысына салғырт қарайтынын мен баяғыда айтқан болатынмын. Өтіп бара жатқан
жолаушыға өз уақытында қоңырау арқылы ескерту жасай алмайтын трамвай
жүргізушісіне бұдан кейін қалай сенуге болады? Міне, салақтықтың кесірі.
Мұндай жауапсыздықты жазалау керек. Қатаң тәртіппен соттау керек!
Флегматик айтады: Арбакеште кетіп бара жатқанмын, қараймын трамвай
тоқтап тұр, маңайында үйірілген адам, бірнәрсеге үңіліп жатыр. Орнымнан
тұрып қарасам, бір әйел рельсте жатыр. Басып кеткен болуы керек. Мен өз
орныма қайта отырдым да, арбакешке жүруін өтіндім.
Мінез-құлыққа байланысты әр түрлі өкілдердің әңгімесінен әр түрлі іс-
әрекет жасайсыз. Холерик, меланхолик және флегматиктер оқиға барысын
оншалықты жоғалта қоймайды. Оларға аздап жұмсақ қарап, шыдамдылықпен тыңдай
білу керек. Ал сангвиниктерге қатал қарап, талап қойған дұрыс.
1995 жылы Бостон университетінің журналистка пәнінің оқытушысы Майкл
Берлин Фулбрайт бағдарламасы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінде
арнайы дәріс оқыды. Бұл дәріс әсіресе жаңадан бастап келе жатқан ресей
инвестигейтерлеріне қатты қызықтырды. Өйткені Майкл Берлин өмір бойы Нью-
Йорк Пост газетінде дәл осы журналистік зерттеумен айналысқан еді. Бұл
тәжірмбелі журналистің пікірінше: журналистік зерттеу дегеніміз – бұл
журналсит тарапынан туындайтын жай ғана ой емес, бұл материал жаңалық
тұрғысынан өте жоғары, қоғамды қызықтыратын құнды дүние болу керек. 2

1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу
Журналистің кез-келген зерттеумен айналыса ала ма? Әрине айналысуына
болады. Ең бастысы ықылас болса,-дейді батыс мамандары. Керек адамымен
тілдесе алатын, айналасының сеніміне кіре отырып, қажетті ақпарат көздерін
иеленген тәжірибелі репортер – бұл зерттеу барысында өте қабілетті маман.
Басқа зерттеушілік әрекеттер тәжірибе барысында оң шешімін таппақ. Өкінішке
қарай, бізде жаңа бастап жүрген журналист-зерттеушілер білімдерін
толықтырып, тәжірибесін молайтуда қажетті әдеби кітаптар жеткіліксіз. Әйтсе
де батыстық әріптестердің тәжірибесіне қанықпыз.
Енді батыстық инвестигейтерлердің тәжірибесімен бөліссек. Жұмыс
жоспарын қалай құру керек. Алдымен, жоспардың атын құрастыру керек. Ол
үшін, негізгі айтылатын ой мен мазмұнды анықтап алу керек. Мысалы, үй
тұрғындарының салық төлемдері. Бұндай тақырыпты таңдамас бұрын, алдымен
мәселені жан-жақты зерттеп алу керек. Жарияланудың алдында, өзіңізге және
қоршаған ортаға қандай пайда септігін алып келетінін ойлану керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары техникалық көзқарас тұрғысынан
біржақты қатынас каналы \мәселен монолог\ болып есептелінеді. Бұл айрықша
радиотелевизиялық терминологияға жақындау. Ондағы құрал – жабдықтар
қабылдаушы және хабар таратушы болып бөлінеді. Бір жағы көпшілік ақпаратты
өндірсе, екіншісі оны қабылдап жатады. Әйтсе де теледидар радио мен
баспасөзге қарағанда, өз бағдарламаларын пікір алысу түрінде жақындатуға
ұмтылуда. Көрермендердің хабарға қатысуға кең таралуы, олардың хаттарына
көңіл аудару, сұрақтарына жауап беру т.б. теледидар бағдарламаларындағы
пікір алысу көріністерінің характерлік көріністері. Теледидар
шығармаларының құрылымында, оның ішінде көркем хабарларда әңгімелесудің
нышандары бар.
Өнер дүниелерінде адресат немесе жасаушы деп бөлу – жаңалық
емес. Әйтсе де бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы және оның құрамындағы
теледидар оған жаңалық пен актуальдық береді. Сонымен бірлікте теледидардың
эстетикалық айырмашылығы мен қатынас құралы ретіндегі өзіндік ерекшелігі де
әсер етеді.
Теледидар – дыбыс пен көріністі астастыра отырып, коммуникацияның
мол мүмкіндігіне ие. Оқиға өтіп жатқан ортадан тікелей хабарлама бере
отырып, теледидар газет пен радиоға қарағанда көрермендердің қатысушылар
әсерін де қалыптастырады. Жекелік қатынас әсері телевизиялық
коммуникацияны даралық қатынас түріне жақындастырады. Көрермен теледидары
бір мезгілде миллиондаған адамның көретіндігін және телеэкрандағы
хабарламаның соларға қаратыла айтылатындығы сезінеді.
Жалпы коммуникация барлығына да жанама түрде болады. Ол хабарды
беруші мен оны қабылдаушы арасында белгілі бір кеңістік немесе уақытша
аралық бар деген сөз. Кино мен баспасөзде аралық – уақытша кеңістік. Ал,
теледидар мен радиода тікелей эфир кезінде ғана аралық кеңістік сақталады.
Теледидар өз көрермендерінің көз алдында олармен тікелей байланысқа шыға
отырып, екі жақты байланыс та орнатады. Қабылдаудың осындай түрі
телекоммуникацияда диалогтық байланыс, ол өз кезегінде көрерменнің сенім
және оған қатысу мүмкіндігі туындайды.
Парасат – пайымымызға орай хабарлар жасап, материалдар
әзірлейміз. Көрермен оны біздің ойымыз бен сезімімізден анық байқап,
аңғарады. Олар біздің ойларымыз арқылы өмірге қаншалықты жақындығымызға
дейін сезініп біледі. Олар бақылауға журналист өзімізбен бірге ертеді, не
ертпейді! Сапарға бірге еріп шығады, не шықпайды! Мұндай жағдайда
редакциядағы көңіл – күйдің көмегі шексіз. Жайлы атмосфера, түсінікшілік,
демократия , сезімталдық, тәрбиелілік, жолдастық қарым – қатынас аса қажет.
Журналистің жеке басындағы ұсақтық пен принципсіздіктің зарбады үлкен.
Осының нәтижесінде автор мен көрермендер арасында салқындық орнайды. Егер
біз өзімізге жүктелген парасатты миссияны орындауға ұмтылмасақ, қоғам,
халық алдындағы азаматтық борышымызды өтеуге деген қабілетсіздігімізді
байқаймыз.
Журналистік зерттеу кезінде материал жинақтауда журналистке
талғампаздық пен байқампаздық керек. Материал алуда біз Станиславский
жүйесіндегі актерларға ұқсаймыз. Актерлік шеберлік ең алдымен өз бойындағы
талантты жинақтау. Ақылды кейіпкерді ойнау үшін актердың интелектуальды
болуы шарт емес. Ал, журналистикада бұл шарттылық қабыспайды. Бізге ешкім
де мәтін жазып, сахна дайындамайды. Өзімізге бір мезгілде әрі режиссерлік,
әрі драматургтік, әрі орындаушылық рөлдерді қоса атқаруға тура келеді.
Концепцияға негізделген жағдайда стратегиялық міндеттерімізді өзіміз
шешеміз. Ол көптеген кейіпкерлерді қатардан шығару, кездескен мәліметтерді
жинау кезінде де аса қажетті. Кез келген кездесулерде қарсы беттен айғақтар
алу тәсілі – тактикалық мәселе. Оны сол кезеңге сәйкес дәл жағдайлардың
өздері тудырады.
Журналист қаламынан материалдың сыни және жағымды түрі туындайды.
Себебі, жағымды очерктің өзіне де сынның элементтері байқалады. Жағымсыз
материал жұртшылықтың бәріне бірдей ұнамауы да мүмкін. Өйткені, жағымды
кейіпкерге олардың әрбірі өз көзқарасы тұрғысынан келеді. Сондықтан да
қандай жағдайда да өзіңе бақылауды жоғалтпауың керек.
Журналистика - өте жауапты өндіріс алаңы. Онда кез келген
жағдайда да сабырлылық керек. Егер журналист шешімі солқылдақ әрі іс -
әрекеттінен кемшіліктің белгісі аңғарылып тұрса оған деген көзқарас
қалыптасады. Іске селқостық қатынасы, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге
әкеліп соқтырды. Материал жинау кезінде оған бетпе – бет келген адамдар екі
ұшты ойда болды. Оған шындықты айту қажет пе, әлде жалған сөйлеу яки
қажетті, мағлұмат беру әлде бермеу керек пе, әңгімеге араласу керек пе, жоқ
па? – деген сияқты. Қашанда шешімділік пен жинақтылық, тиянақтылық пен
парасат өз бойыңнан табылып, іскерлік үстем болуы тиіс.
Адамдағы өмірлік тәжірибе мен қиял қандай жағдайда, проблемада
болсын көмекке келеді. Дәлдік пен айшылықты қамтамасыз ете отырып, бізге
жинақталған материалды іс - әрекет барысында жүйелеп алу керек. Жүйелілік
қандай жағдайда қажет. Бұл кезде не істеуіміз қажет екенін білген жағдайда
ғана жүзеге асатын әрекет. Мысалы, кейіпкермен әңгімелесу барысында,
әңгімедегі әрбір ойды түсіну мен қорытуға тырысасың. Ондай жағдайда әңгіме
еркін өрбиді. Кейіпкер оның болашағы туралы ойламайды да. Ол өткені мен
бүгіні туралы айта отырып, бір жайлардан екіншісіне өтеді, өзіне қайшылықта
болған кейіпкерлерді, іс - әрекеттерді еске түсіреді. Сондай жағдайда
айтылған ойларды қойып дәптеріңе мынадай жүйемен: кейіпкердің жақтастары,
қарсы жақтың позициясы, конфликтінің өрбуі, кейіпкер даралығы ,
бағдарламаның жағымды жақтары , т.б. түсіріп алу еш артықтық етпейді.
Демек, бұлардың бәрі де жүйе бойынша концепциядан туындаған әрі аса керекті
жайлар.
Қорыта келгенде, материалды жинақтаудың мынандай көздері бар.
Олар: жеке тәжірбие, байқау және ойлау, интервью және әңгіме, оқу.
Сценарийді жазу барысында осылардың әрбірі сенің ой дүниеңе берік орнығып,
қажетіңе жарайды.
Жас журналистер үшін сценарийге қажетті материалдарды табу
жолдарын білу де аса маңызды. Олар:
Картотека – түрлі хабарлар, мәліметтер, материалдар тіркелген
карточкалар жинағы. Кітаптар мен бюллетеньдер де осы картотека жинағы.
Кітаптар мен бюллетеньдер де осы картотекаға жинақталады. Кітапты аты және
авторы арқылы іздейді. Тапқан кітабыңыздан оның мазмұны мен тарауларына
көңіл аудару керек.
Мерзімді баспасөз туралы көрсеткіш. Журналдағы материалдарды
іздеудің тиімді жолы, мерзімді анықтама не көрсеткішке сүйену қажеттілігі.
Тиімдісі – Мерзімді баспасөз анықтамалығы.
Жалпы сипаттағы журнал. Күнделіктің ағымдағы ақпараттар үшін жай
журналдарға материалдармен танысу да маңызды. Көптеген журналдар белгілі
бір салаға бағытталған.
Газеттерден аса қажетті, соңғы жаңалықтарды табуға болады.
Энциклопедия – ғылымның әр саласын мәлімет беретін ғылыми
анықтамалық кітап. Пікірталас кезінде энциклопедиядағы мәліметтердің көмегі
мол.
1. Өмірбаян анықтамалығы. Жекелеген тұлғалар жайында мәлімет алу және
олардың сөйлеген сөздеріне сілтеме жасау, үзінділер келтіру.
2. Статистикалық анықтамалық. Арнайы бөлімдерден: мемлекеттік басқару,
экономика, социология, дін, спорт, өнер және т.б. кеңірек мәлімет алуға
болады. Есте болатын нәрсе әрбір мақала немесе статистикалық кестеде
мәліметтің алынған уақыты көрсетілген болуы тиіс.
3. Әдеби анықтамалық. Алфавит бойынша негізгі тақырыпқа үзінді, толғам,
мақал жайында ескі және қазіргі әдебиеттерден түсінік беріледі. Егер
міндет сөзін кім айтқанын білгіңіз келсе, онда кітаптағы міндет
деген тақырыптан іздеу керек.
4. Библиографиялық шолулар. Егер сіз 1910 жылы шыққан кітап туралы толық
мәлімет алғыңыз келсе, онда сол жылғы шыққан Кітапқа шолуға ой
жүгірткеніңіз дұрыс. Анықтамада, әрбір кітапқа шолу және толық мәтінге
сілтеме жасалады.
5. Брошюра және бюллетеньдер. Көптеген арнаулы жұмыстар брошюра және
бюллетень күйінде шығарылады. Мемлекеттік ұйымдар мен өндіріс, ағарту
т.б. мекемелер көпшілікке өз жұмыстары жайында жалпы мәлімет береді.
Осылардың бәрімен жұмыс жасауды толық меңгерген жағдайда, сіз
көптеген уақытыңызды үнемдеп, артық істерден арыласыз. Кітапхана жұмыстарын
пайдалануды игерсеңіз, сіз зерттеу жұмыстарына кіріге отырып, өзіңізді
қызықтырған мәселелерді тереңірек зерттеуге ден қоясыз. Осының бәрі де
сценарийді жазу кезінде авторға көмекке келеді. Қарымды журналистер
шындықпен бетпе – бет келіп, алдын – ала бәрін де ойластырып, межелеп,
қажетті деректермен қаруланып, кез келген мәселеге әзір тұрады.
Шетелдегі журналистиканың дамыған жанрының бірі – бұл журналистік
зерттеу деп айтуға болады. Бір ғана Ақ үйдің баспасөз корпусында 100-ден
аса журналист қызмет жасайды екен. Олар Жасырын қызмет өкілдерінің
тексерісінен өту арқылы (бармақ белгілері мен мекен-жайларына байланысты)
АҚШ президенті жанындағы баспасөз офисіне ресми тіркелген. Тізімдегі тілші
қауымының арасында америкалық негізгі телеарналар, басты-басты деген газет-
журнал трестері мен жекелеген ірі басылымдардың өкілдері бар. Олардың
әрқайсысына күнделікті жұмыс күні Ақ үйдің батыс жақ қанатындағы баспасөз
орталығына барып қатысуға болатын арнайы рұқсат қағазы берілген.
Журналистердің ішінде ерлермен қатар, әр түрлі жастағы әйелдер де бар.
Мысалы, UPІ агенттігінің (Юнайтед пресс интернэшнл) өкілі Хелен Томастың Ақ
үйге тіркелгеніне тура 57 жыл болған. Көптеген журналистер үшін Ақ үйдің
қожайыны мен оның жанындағы серіктерімен жүздесу таңсық емес. Президент
Бушты күнделікті маңызы бар брифингтерде көзбе-көз кездестіре беруге
болады. Алайда кей жағдайларда ғана шектеулі баспасөз мәслихаттарына БАҚ
өкілдері қатыстырылмайды. Ал маңызды деген телеарналар мен агенттіктердің
тілшілері үнемі Ақ үйдің баспасөз орталығында болуға тиісті және олар үшін
арнайы орын қарастырылған. Оның үстіне, биылғы қыркүйектен бастап АҚШ
мемлекеттік департаменті енді елдегі БАҚ-қа мемлекеттің имиджін насихаттау
үшін көбірек қызмет етуге тапсырма берген-ді. Бұл журналист қауымы үшін,
әсіресе, шетелдік ақпарат құралдарымен мықты әріптестік орнатып, жарнама,
ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше ден қоюды жүктейді. Егер АҚШ
президентінің шет елдерге сапары немесе Вашингтоннан тысқары жерлерге
демалысы белгіленсе, оның айналасында міндетті түрде Ақ үй баспасөз
корпусының айтарлықтай тобы жүреді. Бұл бір жағынан БАҚ өкілдерін қабылдау
еркін болған жағдайларға да байланысты. Ақ үй – журналистерінің ең көп
шоғырланатын жерінің бірі, әсіресе, Джордж Буштың Кроуфордтағы (Техас
штаты) ранчоға келуі. Мысалы, сол жердің Элементарлы мектебінде (Crawford
Elementary school) өткен бір ғана жиынға барлығы 60-қа жуық тілші
жиналыпты.
Соңғы уақыттары Ақ үй қожайынының қызметін жан-жақты әспеттеу
мақсатында журналистерге жасалатын жағдай да айтарлықтай оңалды. Мәселен,
баспасөз мәслихаты өтіп жүрген мектептің спорт залына бақандай екі
желдеткіш орнатылған екен. Сондай-ақ тіркеудегі журналистер үшін ранчода
шетелдік мемлекет басшылары мен Буштың кездесу шараларын толықтай
тамашалап, тіпті олардың ауладағы серуендерін де бақылауға мүмкіндік бар.
Қыл аяғы тілшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға да еркін жауап ала алады.
БАҚ өкілдеріне президентпен жоспарланған шаралардың бағдарламасын көріп,
мәтінімен танысуға рұқсат. Ал Германияда тіптен басқаша. Журналистер үшін
концлердің жанында жүре қою екіталай іс. Бұл тіпті мемлекет басшысының
демалысы кезінде де мүмкін емес. Концлердің қысқа мерзімді демалыстары
жариясыз, жасырын түрдегі жеке ісі ретінде саналуға тиісті. Кейде ілуде бір
ғана жазғы серуен, саяхат орындарынан мемлекет басшысының суреттері
түсіріліп немесе телеарналар арқылы сұхбаттары беріліп жатады. Ал
концлердің шетелдік сапарларын насихаттап, ақпарат тарату кезінде
журналистер уақытша ғана тіркеуге жазылып, қызмет етеді. Яғни Баспасөз
жөніндегі федералды ведмоство елдегі маңызды телеарналар мен газет-журнал
өкілдерін алдын ала таңдап алады. Бірақ бұл құрам әр уақыт сайын өзгеріп
тұрады. Кімді жіберу керек екендігін редакция басшылығы өздері шешеді. 3
“Майкл Блумберг – ақпарат ғасырында есімі әлемге әйгілі болған Билл
Гейтс секілді телевизия саласында жолы болған медиакәсіпкерлердің бірі.”
Бұл – белгілі магнат Руперту Мердокудің оған берген бағасы.
1981 жылы Bloomberg Fіnancіal Markets компаниясы өз жұмысын Интернет
арқылы облыстық, халықаралық қаржы және нарық істеріне талдау жасап, оны
АҚШ, Канада, Латын Америкасы, Еуропа, Азия, Австралия және Таяу Шығыс
елдеріне таратудан бастады.
1994 жылы “Bloomberg Televіzіon” деген атпен аталып, жұмыс орны Мерленд
штатында құрылды. Арада бір жыл өтіп (1995 жыл) Лондонда, Еуропаның барлық
(Франция, Италия, Испания, Германия, т.б) мемлекеттерінде трансляциялана
бастады. Асылы, телеарнаның қалыбы (форматы) интернеттік бетке көбірек
ұқсайды. Бұл – Bloomberg-тің ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилі болса керек.
Мұнда алтын уақытты жоғалтпау мақсатында әр жарты сағат сайын шетелдік
валюта, әлем жаңалықтары, футбол, хоккей, теннис, т.б спорт түрлерінен
хабарлар экранның жоғары оң бұрыш жолағында жүріп отырады. Оң жақ
орталығында барлық республиканың алдағы үш күндік ауа райы беріледі. Арнайы
бағанда гороскоп, анекдот және ақпараттар көрсетіледі.
Біз сөз етіп отырған шығармашылық топтың тағы бір жетістігі –
репортаж, комментарий, сұхбат, талдамалы бағдарламалардың тәулік бойы
үздіксіз жаңарып отыратындығында. Таңертеңгілік “Eye on the Markets”
(Американың тыныс-тіршілігі жөнінде), “Personal Fіnanse” (түнгі бағдарлама:
ақша табудың құпиясы мен оны сақтап, қолдану туралы), “Money Makers”
(Еуропаның дамуы жайында), т.б көрсетілімдердің аудиториясының кеңдігін
ерекше атаған жөн. Тағы бір тілге тиек етерлігі бұл телеарна өзге ақпарат
тарату компаниялары (BBC World, CNN Іnternatіonal, Euronews, т.б) секілді
ағылшын тілінде хабар таратады. Жалпы, Bloomberg жеті тілде “сөйлейді ”.
Сонымен қатар, оның бағдарламаларын Astra спутнигінен талдамалы
(аналоговом) және сандық (цифровом) форматта трансляция жасалынады. Бұрынғы
он бес одақтық республика көрермендері Bloomberg-тің жеке сандық пакетін
Hot Bіrd спутниктік тобынан таба алады. Ол – француз, итальян, испан, неміс
және ағылшын тілдерінде шығады.
ТҮЙІН: Бүгінде НТВ Плюс - Bloomberg TV-мен толығып, көрерменнің барлық
талғамы мен таңдауын қамтып, халықаралық стандартқа сай қызмет етуде. 1996
жылдан бастап шығармашылық топ еуропалықтардың сұранымын қанағаттандырып,
өзге арналардан озық технологиясымен, ақпарат тарату оперативтілігімен
суырылып алға шықты. Ұлыбританияда 6 млн, Еуропаның өзге елдерінде
23 млн бұқара осы компанияны тамашалайды. Ал кабельдік сетте АҚШ-та
тіркеуде тұрғандардың саны 100 млн адамнан асып түсіпті. Бұл –
Р.Маградзенің 2000 жылғы зерттеу жұмыстарының көрсеткіші. Арада бақандай
бес жыл өтті. Енді жоғарыдағы көрсеткішке көрермен санының қаншаға
толыққандығын есептей беріңіз...4
ХІ ҒАСЫР ТЕЛЕДИДАРЫ - Жапонияның мемлекеттік “Ниппон хосо кекай” (NHK)
телерадиокорпорациясы 1953 жылы құрылды. Алғаш, теледидар 1959 жылы қара-ақ
түспен мемлекеттің барлық аймақтарына тарала бастады. Артқа бес жыл тастап,
яғни 1964 жылы аталмыш теледидардан түрлі-түсті бейнемен Токиодағы
олимпиада ойындары көрсетілді. Алайда 70 жылдардың ортасында қайтадан
бұрынғы қалыптағы қара-ақ түске іс-жүзінде ауысқан болатын.
Алғашында телерадио басшыларын телекөрермендердің талғамын
қанағаттандыру ісі қатты ойландырды. Сөйтіп, телебағдарлама авторлары кіші,
орта және жоғары жастағы көрермендер арасында сауалнама жүргізіп, соған
орай әр түрлі телекөрсетілімдерді өмірге әкелудің жолдарын қарастырды.
Жастар сұранысына орай арнада тек ақпараттар тізбегі өтіп қана қоймай, ойын-
сауық бағдарламалар, кинофильмдер, дебат, т.б әр түрлі тақырыптағы
телетуындылар эфирден көрсетілді. Дәл қазіргі уақытта жапон жұртшылығы
жұмыс күндері 3 сағат 32 минут, ал демалыс күндері 4 сағаттан артық осы
арнаны тамашалайды екен.
Техникасы қарыштап дамып жатқан жапондықтардан не шықпайды дейсіз?
Мәселен, жапон үкіметінің қабылдаған шешіміне орай 2020 жылда Жапонияда
теледидардың жаңа түрі пайда болады. Ол қандай дейсіз ғой? Онда көрермен
экрандағы объектіні қолымен ұстап, желдің, гүлдердің иісін сезе алады екен.
“Ағымдағы жылдан бастап, министрлік пен әкімшіліктерде, телевизия саласында
жүрген беделді мамандар арасында әлгі теледидарды ойлап шығару мәселесі
төңірегінде форум, дөңгелек үстел, жиналыстар ұйымдастырылып жатыр” деп
хабарлайды – “Нихон кэйдзай” газеті. Оған 2006 жылы мемлекеттік бюджеттен
10 млн. доллар қарастырылыпты.
Тағы бір жаңалық. Жапондардан не шықпайды демекші, 2006 мен 2011 жылдар
аралығында жапон телеарналары түгелдей сандық жүйеге көшпекші. Жоғары
сапалы бейне мен дауысқа негізделген бұл “XXІ ғасыр телеарнасына” үйде
отырып-ақ интернет арқылы тапсырыс беріп, кез келген тақырыптағы
бағдарламаларды көруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ дәл қазір жапон
көрермендерінің (егер олардың сандық теледидарлары бар болса) 12 миллионына
қызмет жасауға дайын екен. Сондықтан да мұндай жоғары сапалы “XXІ ғасыр
телеарнасын” өмірге әкелу үшін мамандардың есептеуі бойынша 40 трлн. иенді
(АҚШ-тың долларымен есептегенде – 38 млрд.) талап етеді екен. Мұнда да
көрермендер экрандағы дүниелерді көзбен көріп қана қоймай, оны қолымен
ұстап, иісін сезе алады. Бұл – техникасы енді дамып келе жатқан
қазақстандықтар үшін ертегі болып көрінуі әбден мүмкін. 5
Салық шығынын есептемегеннің өзінде жылдық табысы 58 млрд. доллардан
асып жығылатын бұл медиа-аждаһа да ақпарат дәуірінің тамырын дөп басып,
өзін әлем алдында мойындатуға бар қажырын төгумен келе жатыр. Бірақ еңбегі
еш кеткен жоқ деп бағалайды, бүгінгі медиа-серкелер. Дүниеде алдына тек
Tіme Warner-ді ғана жіберуінің өзі үлкен нәтиже...
Басшылығы ауысқанымен де қазір әуелі Франция сосын Еуропа бойынша және АҚШ
пен Азияда жетекші медиа-империяға ие. Иә, басшылығы демекші, айтпақшы,
осыдан бір-екі жыл бұрын медиа-конгломераттың жетекшісі Жан-Мари Мессье
корпорацияның қаржысын жымқырып, ақыры Парижде қамауға алынған болатын.
Сөйтіп, біржолата қызметінен аластатылған. Бәрібір қарап қалған Vіvendі
болған жоқ. Медиа-компания қазір шамамен алғанда электронды ақпарат
құралдарының түгелге жуығын, байланыс, кітап, әуен және кино өндірісінің
басым бөлігін тізгініне теңдей беріп, күндегі тіршілігін тұралатып алмауға
талпыныс жасап-ақ жатыр. Оған мысал, Vіvendі 2002 жылы 34 117 миллион, 2003
жылы 30 949 миллион доллар таза табыс жасады. Ал 2004 жылдың тек бірінші
жартыжылдығында тапқан пайдасының өзі 13 848 млн. долларды құраған.
Мамандардың анықтауынша, Vіvendі-дің 2005 жылғы табысы өзге жылдардағысынан
әлдеқайда артып, компанияның медиа-бизнесте қарыштай түскенін дәлелдеп
отыр. Медиа-компания былтырғы 3 тоқсанның өзінде-ақ алдыңғы жылғы деңгеймен
салыстырғанда 6 есе нақты табысқа кенелді. Айталық, компанияның былтырғы
шілде-қыркүйек аралығындағы таза кірісі 776 млн. еуро болған. Алдыңғы жылғы
осы кезеңнің табысы небәрі 131 млн. еуро еді.
Vіvendі Unіversal-дың медиа-рыноктағы соңғы жаңалықтарының біріне оның
былтыр General Electrіc (АҚШ) пен өзінің жартылай қарамағындағы NBC
телекомпаниясымен бірігіп NBC Unіversal ғаламдық медиахолдингін құрғанын
жатқызамыз. Мұндағы үлес General Electrіc-ке 80 пайыз, Vіvendі Unіversal-ға
20 пайыз бақылау мүмкіндігі бойынша бөлінді. Ал сол кезде NBC Unіversal-
дың 2005 жылғы табыс мөлшері 15 млрд. доллар деп бағаланды.
Жаңа ғаламдық медиахолдинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Журналистиканың қоғамдағы орны
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер
Қазақ телевизиясындағы журналистік зерттеулер
Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Журналистика және қоғам
Көркем деректі жанр түрлері
Қазақ теледидары
Пәндер