Delphi программалау тілі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
1.1. Delphi ортасымен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2. Құрал . саймандар батырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Компоненттер жинағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4. Форма құрылымының терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5. Программалар код терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.6. Формаға компаненттер орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІ. DELPHI ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
2.1. Delphi ортасының компаненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1.1. Delphi.дің 7.ші версиясымен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1.2. Delphi 7 ортасында программалау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2. Процедуралар мен функциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2.1.Модульдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Кіріспе
50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы – бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).
Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соңғы кездері техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, массасы, энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.
Информация өзінің хабары мен мазмұны арқылы сипатталатындығы және хабар жіберушіден қабылдаушыға материалды – энергетикалық (электр, жарық, дыбыс және т.с.с сигналдар) түрінде берілетіндігі белгілі. Хабарды қабылдау қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай-да бір шаманың уақытқа байланысты өзгерісімен тікелей байланысты. Демек, информациялық хабарды информациялық процесс жүретін физикалық ортаның материалдық – энергетикалық параметрлерін уақытқа байланысты өзгертетін Х(t) функциясымен бейнелеуге болады. Осы функция үздіксіз де (мысалы, уақытқа байланысты өзгеретін дененің жылдамдығы, ауаның температурасы және электр тогының күші сияқтылар), үздікті де (мысалы, уақытқа байланысты белгілі бір қатынас тіліндегі таңбалар тізбектері немесе дыбыстар тіркестері арқылы құрылатын сөздер мен сөйлемдер) болуы мүмкін. Үздіксіз функциялар арқылы бейнеленетін хабар – аналогты сигнал, ал үздікті функциялар арқылы берілетін хабар – дискретті сигнал деп аталады. Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан үздіксіз информацияны дискретті түрде қабылдайды.
Ең алғаш ДЭЕМ тек сандық информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-техникалық, соның ішінде көбінесе математикалық есептерді шешу үшін ғана қолданылған. Сондықтан оның атындағы «дискреттік» деген сөздің орнына «цифрлық» деген анықтауышты пайдаланып, цифрлық есептегіш машина (ЦЕМ) деп аталып кетті.
Қазіргі кезде ЦЕМ арқылы информациялардың кез келген (сандық, символдық, локикалық) типін өңдеуге, яғни әр түрлі (ғылыми-техникалық, экономикалық мәтіндерді түрлендіру, бір тілден екінші тілге аудару, басқару, жасанды зерде және т.б.) есептерді шешуге болады. Оның себебі, бұларда информацияларды өңдеу және сақтау үшін екі тұрақты жағдайлары бар физикалық құрылғылар қолданылады. Бұл жағдайларды “ 0 ” және “ 1 ” цифралырымен белгілейді. Сондықтан өңдеуге қажет информациялар және оларға қатысты алгоритмдер “ 0 ” және “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы берілуі керек. Ал қандайда болмасын алгоритмдік тілде жазылған алгоритмді және кез келген таңбалардың тізбектері арқылы берілген өңдеуге қажет информацияларды мазмұндарын өзгертпей “ 0 ” мен “ 1 ” –ден тұратын тізбектер арқылы кескіндеуге болады(бір ғана мазмұн әртүрлі хабар арқылы беріледі). Яғни, ЦЕМ әмбебап есептегіш (өңдегіш) құрал болады. Біздің қарастыратынымыз тек ЦЕМ.
Ең алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың негізгі принциптерін жариялады. Осы принциптерді толық жүзеге асырып жасалынған ең бірінші ЦЕМ “EDSAC” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж университетінде жасалынды. Бір жылдан кейін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде «компьютер» деп атады. Сондықтан осы терминді «автомобиль» деген термин сияқты қазақ тіліне өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек. Бұрынғы Кеңес одағында ең бірінші «МЭСМ» деген компьютердің жасалуы 1947 жылы басталып 1951 жылы аяқталды, 1952-1953 жылдары келесі “БЭСМ - 1” компьютері жасалынды.
Алгоритмнің “ 0 ” мен “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы кескінделуін программа деп атайды. Ал ондағы нұсқаулар мен амалдарды бұйрықтар дейді. ЦЕМ орындай алатын барлық бұйрықтар жиынын машиналық тіл деп атайды. Қазіргі машиналық тілдің әліпбилері тек “ 0 ” мен “ 1 ” – ден “” ғана құрылады
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Архангельский.А., Тагин.М., Разработка по Delphi. 1999.
2. Астраханский Н.В. Программирование в Delphi 4. М-1998.
3. Байжұманов.М.Қ., Жапсарбаева.Л.Қ. Информатика.
4. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б. Информатика 30 сабақ 1999ж.
Ермеков.Н., Ермеков.М., Ногайбаланова.С., Информатика Алматы
«Жазушы» 2002
5. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2006
6. Культин Н. Delphi. Программирование на Object Paskal. Санкт- Петербург, 1998.
7. Информатика негіздері. Журнал.
8. Орлик С.В Секреты Delphi на примерах. М.:Бином, 1996
9. Справочное руководство по Delphi 4.
10. Фленов.М. Библия Delphi. Санкт-Петербург, 2004.
11.Халықова К.З., Тұрғанбаева А.Р. Программалау тілдерін оқыту: Оқу құралы.-Алматы,2005.
12. Халықова К.З., Паскаль тілінде программалау: Оқу құралы. – Алматы: АГУ им. Абая, 2002.
13. Электронный учебник. 32 урока по Delphi.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
1.1. Delphi ортасымен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2. Құрал – саймандар
батырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Компоненттер
жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11
1.4. Форма құрылымының
терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5. Программалар код
терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.6. Формаға компаненттер
орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІ. DELPHI ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
2.1. Delphi ортасының
компаненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .23
1. Delphi-дің 7-ші версиясымен
танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1.2. Delphi 7 ортасында программалау
негіздері ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Процедуралар мен
функциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...26

2.2.1.Модульдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .40

Кіріспе
50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы –
бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден
дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл
бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай
компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары
бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу,
көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп
аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның
үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық
командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал,
ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).
Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соңғы
кездері техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері
жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа
шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі
түрде арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы,
массасы, энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік
құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне,
бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б) программалау
тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі
туды.
Информация өзінің хабары мен мазмұны арқылы сипатталатындығы және
хабар жіберушіден қабылдаушыға материалды – энергетикалық (электр, жарық,
дыбыс және т.с.с сигналдар) түрінде берілетіндігі белгілі. Хабарды қабылдау
қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай-да бір шаманың уақытқа байланысты
өзгерісімен тікелей байланысты. Демек, информациялық хабарды информациялық
процесс жүретін физикалық ортаның материалдық – энергетикалық параметрлерін
уақытқа байланысты өзгертетін Х(t) функциясымен бейнелеуге болады. Осы
функция үздіксіз де (мысалы, уақытқа байланысты өзгеретін дененің
жылдамдығы, ауаның температурасы және электр тогының күші сияқтылар),
үздікті де (мысалы, уақытқа байланысты белгілі бір қатынас тіліндегі
таңбалар тізбектері немесе дыбыстар тіркестері арқылы құрылатын сөздер мен
сөйлемдер) болуы мүмкін. Үздіксіз функциялар арқылы бейнеленетін хабар –
аналогты сигнал, ал үздікті функциялар арқылы берілетін хабар – дискретті
сигнал деп аталады. Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі
болғандықтан үздіксіз информацияны дискретті түрде қабылдайды.
Ең алғаш ДЭЕМ тек сандық информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-
техникалық, соның ішінде көбінесе математикалық есептерді шешу үшін ғана
қолданылған. Сондықтан оның атындағы дискреттік деген сөздің орнына
цифрлық деген анықтауышты пайдаланып, цифрлық есептегіш машина (ЦЕМ) деп
аталып кетті.
Қазіргі кезде ЦЕМ арқылы информациялардың кез келген (сандық,
символдық, локикалық) типін өңдеуге, яғни әр түрлі (ғылыми-техникалық,
экономикалық мәтіндерді түрлендіру, бір тілден екінші тілге аудару,
басқару, жасанды зерде және т.б.) есептерді шешуге болады. Оның себебі,
бұларда информацияларды өңдеу және сақтау үшін екі тұрақты жағдайлары бар
физикалық құрылғылар қолданылады. Бұл жағдайларды “ 0 ” және “ 1 ”
цифралырымен белгілейді. Сондықтан өңдеуге қажет информациялар және оларға
қатысты алгоритмдер “ 0 ” және “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы
берілуі керек. Ал қандайда болмасын алгоритмдік тілде жазылған алгоритмді
және кез келген таңбалардың тізбектері арқылы берілген өңдеуге қажет
информацияларды мазмұндарын өзгертпей “ 0 ” мен “ 1 ” –ден тұратын
тізбектер арқылы кескіндеуге болады(бір ғана мазмұн әртүрлі хабар арқылы
беріледі). Яғни, ЦЕМ әмбебап есептегіш (өңдегіш) құрал болады. Біздің
қарастыратынымыз тек ЦЕМ.
Ең алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың
негізгі принциптерін жариялады. Осы принциптерді толық жүзеге асырып
жасалынған ең бірінші ЦЕМ “EDSAC” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж
университетінде жасалынды. Бір жылдан кейін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап
ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде компьютер деп атады.
Сондықтан осы терминді автомобиль деген термин сияқты қазақ тіліне
өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек. Бұрынғы Кеңес одағында ең бірінші
МЭСМ деген компьютердің жасалуы 1947 жылы басталып 1951 жылы аяқталды,
1952-1953 жылдары келесі “БЭСМ - 1” компьютері жасалынды.
Алгоритмнің “ 0 ” мен “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы
кескінделуін программа деп атайды. Ал ондағы нұсқаулар мен амалдарды
бұйрықтар дейді. ЦЕМ орындай алатын барлық бұйрықтар жиынын машиналық тіл
деп атайды. Қазіргі машиналық тілдің әліпбилері тек “ 0 ” мен “ 1 ” – ден
“” ғана құрылады.

І. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ

1.1. Delphi ортасымен танысу
DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE
(Integrated Development Environment) - дамып отыратын қүрылымдық ортада
орындалады. IDE ортасы программаушының компьютермен қарым-қатынасын
ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден
тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік
бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару құрылымымен
танысуға болады. DELPHI ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек .
Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жүмыстарды басқарады
және DELPHI ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғары
бөлігінде орналасады. (1- сурет).

1-сурет. Негізгі терезенің көрінісі

Бұл терезеде DELPHI-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық-командалық
батырмалар мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасқан.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ
тышқан батырмасымен шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және
олардың статусын өзгертуге болады (2-сурет). v белгісі объекгінің
екпінділігін көрсетеді.

2-сурет. Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер
Delphi-ді іске қосқан кезде осындай терезе алдыңызға шығады. Оның ішінде:
1) негізгі терезе;
2) обьектілер тармағының терезесі;
3) обьектілер инспекторының терезесі;
4) браузер терезесі;
5) формалар терезесі;
6) программа кодының терезесі

Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишасын басу
жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін Intprise-бен байланыс.
Delphi Direct терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің
көмегімен Intprise коорпарациясының Web-беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан
тұрады. Бас менюдің барлық операциялары екінші деңгейде ашылатын
операциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы
панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары
орналасқан. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған
курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан
ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген
және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Gustomise-ды
(настроика, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді
қажет емес батырмаларды алып тастауға болады, Commands терезесіндегі
тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.
Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды
орналастырған ыңғайлы: Project\Syntax Chek – программа командаларының
синтаксисін тексеру; ViewDebug WindowsWatches- откладкалық режимді
бақылау терезесіне кіру және т.б.
Пиктографикалық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына
жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа
бөлінген. Әрбір топ бір панельде орналасады:
1. Standard тобы;
2. View тобы;
3. Debug тобы;
4. Custom тобы;
5. Desktops тобы;
6. Internet тобы;

1.2. Құрал саймандар батырмалары
Standard тобы:
Жаңа форманы құру. Команда эквиваленті File-New-Other.
Сақталынған файлды ашу. Команда эквиваленті File-Open.
Дискіге файлды сақтайды. Команда эквиваленті File-Save .
Барлық файл проектілерді сақтайды.Команда эквиваленті File-Save
All.
Сақталынған проектілерді ашу. Команда эквиваленті File-Open
Project .
Жаңа проетіні қояды. Команда эквиваленті Project-Add to Project.
Проектіні жояды. Команда эквиваленті Project-Remove from Project.

View тобы:
Модуль тізіміндегі ашылған проектіге модуль қояды. Команда
эквиваленті View-Units.
Форма тізіміндегі ашылған проектіге форма қояды. Команда
эквиваленті View-Forms.
Форма терезесімен программа коды терезесімен ауысу. Команда
эквиваленті View-Toggle FormUnit.
Ашылған проетіге жаңа форма қою. Команда эквиваленті View-New-
Form.

Debug тобы:
Компилированиялайды және программаны орындайды. Команда
эквиваленті Run-Run.
Программа ортасында пауза жасайды. Команда эквиваленті Run-Program
Pause.
Біртіндеп программаны алға қарай іске қосады. Команда эквиваленті
Run-Trace Into.
Біртіндеп программаны артқа қарай іске қосады. Команда эквиваленті
Run-Step Over.

Custom тобы:
Анықтама қызметін ашады. Команда эквиваленті Help-Delphi Help.

Desktops тобы:
Қалған терезерді реттеу мүмкіндігінің тізімі.
Реттеу терезесін сақтау.
Реттеу терезесін таңдау.

Internet тобы:
Қосымша Web Snap жаңа технологиясымен құрылады.
Қосымша Web Snap бетті құрады.
Қосымша Web Snap модулін құрады.

3 Компоненттер жинағы

Компоненттер жинағы — Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі
терезенің оң жағында орналасып, қажетгі компонентті тез табуға арналған
белгішелерден тұрады (3- сурет).

3-сурет. Компоненттер жинағының суреті

Компонент деп белгілі-бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез
келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті
атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды
парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізгі қанқасы
құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).
Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады.
Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез келген пиктограммада тышқан
тетігінің оң батырмасын тандау арқылы, арнайы редакторды іске қосу керек.
Ашылған менюдегі Properties (қасиеттер) пунктін тандағанда, 4- суреттегідей
оның оң жақ терезесі шығады.

4-сурет. Компоненттер жинағын икемдеу терезелері.
Мысалы, 4 суреттегі көрінбейтін компоненттер арасындағы Dialogs
парағын алға жылжытайық. Бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер
орналасады. Ол үшін 5- суретте келтірілген терезеде Dialogs пунктін
тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктін Data Access
пунктінің орнына орналастыру қажет.

1.4. Форма құрастырушысының терезесі
Форма қүрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның
Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ
Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру,
терезені үлкейтукішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және
қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың
нүктелерімен реттеліп тұрады.
Программалау Lego констукторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс
сияқты компоненттер жинағынан қажетті компоненті таңдап, форманың
терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті
компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.
Бұл ерекшелік — визуалды (көзбен шолу) программалаудың негізі болып
табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін
бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігіне
ие болады.
Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан кұрылады: Properties
- касиеттері және Events - окиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің
касиеттері - параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті
әр түрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіруді анықгайды.

5-сурет. Формат Button батырмасын орналастыру
Суреттегі Forml терезесінде орналаскан Buttonl батырмасы — компонент,
оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру — осы батырма басылғанда,
қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етеді.
Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ
бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта — параметрдің
мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі бағдарламаның атауы орналасады.
Кестенің кез келген жольн тышқанды шерту арқылы таңдауға болады. Бұл
жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір
мәнімен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін
қабылдай алатьн және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption
(тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) - True
немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі) және Width (ені) нақты бір
сандық шамалармен анықталады.
Компоненттің күрделі қасиеттер кұрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді.
Олардың сол жағында "+" белгісі тұрады, мысалы

Осы тізімді ашу үшін "+" белгісін тышқанмен белгілесе жеткілікті.
Тізімді жабу амалы қасиеттің "-" белгісін басқанмен бірдей.
Жолдың оң бағанасын тандау арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады,
кейде шықкан көрініс келесі түрде де болуы мүмкін:

6-сурет. Компоненттердің құрама қасиеттері
Суреттегі бірінші көріністегі "..." белгісін басканда қасиеттің мәнін
анықтауға мүмкіндік туғызатын сұхбаттасу терезесі шығады. Екінші көріністің
белгісін басқанда қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі
ашылады.
Объектілер бақылаушы терезесінің жоғары жағында форманың атауы және
формадағы орналаскан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар
тізімі орналасып тұрады. Объектілер бақылаушысының терезесін тышқанның оң
батырмасымен шерткенде жергілікті меню шығады. Меню құрамындағы бірнеше
операциялары терезені икемдеуге мүмкіндік туғызады, мысалы Stay on Top
операциясы екпінді болса, онда объектілер бақылаушысының терезесі әрқашанда
басқа терезелердің үстінен орналасьш тұрады.

1.5. Программалар код терезесі

Код терезесі – программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған.
Бұл мәтін арнайы ережесі бойынша құрылады және программаның жұмыс
алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі
деп атайды. Delphi жүйесінде Объект Pasсal программалау тілі пайдаланылады.
Ол кеңінен таралған Pasсal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны
алғаш рет швейцариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland
коорпарациясының қызметкерлері жетілдірді.
Ең алғаш код терезесінде толыққанды Windows терезесі
ретінде бос форманы басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып
өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің
негізгі тәсілдері келтірілген. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмендегідей
жолдар көрінеді:
Unit Unit1;
Interfase интерфейстік бөлігі
Uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics,
Controls, Forms, Dialogs; стаңдартты модульдер
Type
Tform 1=class(Tform)
Private {Private Declarations}
Public {Public Declaration}
End;
Var
Form1: Tform1;
Implementation орындалатын бөлігі
{SR*.DFM}
End.
Delphi бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне автоматты
түрде қояды. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағын
қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Екі терезе бір-бірімен
тығыз байланысты, Delphi ортасы
Unit Unit1;
және
Implementation
Жолдарының арасына қажетті жолдарды қояды.
Әзір бұл мәтін бөлігіне өзгеріс енгізбейміз. Кейінірек
программаның мәтін терезесіне
{SR*.DFM}
және
End.
Жолдарының арасына қажетті мәтінді енгіземіз. Терезеге жаңа
жол енгізу үшін қажетті орынға курсорды келтіріп, клавиатурадан мәтін
енгіземіз.
Браузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу
сәйкес объектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе
оны алғашқы сақтау кезінде орындалады. Аса күрделі емес оқу программаларын
құруда браузер терезесін жауып қоюға болады. Браузер терезесін шығару үшін
View Explorer терезесін таңдаймыз.Программада қатені тексеру жөндеу BS және
Delete клавиштарының көмегімен жүзеге асады.
Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз
әрекеттестігіне негізделген: бағдарламаньң құруын визуалды (яғни оньң
Windows терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу
үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа
терезелері қолданылады.
Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз
байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа
элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп
болады, керісінше-бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған
кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің
жойылуына алып келеді.
Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама
кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни
минималды кажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады
жөне ол жұмысқа даяр болып тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап
бағдарламаны іске қосуга болады.
Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр
жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында
көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphi
ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU
файлдарын құрады. PAS-файлында бағдарлама кодының терезесіңдегі мәтін
көшірмесі, DFM - файлында форма терезесінін мазмұн анықтамасы, ал DCU —
файлында алдынғы екі файл мәтіннің машина тіліндегі аудармалары орналасады.
DCU —файлы компилятор жұмысьның нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші)
осы файлды өңдейді, нәтижесіңде орьндалатын немесе жүктелетін ЕХЕ — файлы
кұрылады.

1.6. Формаға компонентті орналастыру

Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін
компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы-Іаbеl-ді (белгі- шағьн
хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аумағының кез келген
жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны.
Формаға орналастырылған компоненттің аты келісімше Label 1- белгі
1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы компонентті белгілеп тұрьш,
Объектілер бақылаушы терезесіндегі Caption қасиетін тандап, оң жақтағы
Label l-дің орнына басқа жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға болады:
Форманың атын 1_FORM- ға өзгертейік.

8-сурет. Label компонентін формага орналастыру
Компоненттегі мәтіннің әртүрлі параметрлерін Объектілер бақылаушысының
терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы "..." белгісін басып шрифт
түрін, түсін, таңбалардың биікгігін таңдауға болады (9- сурет).

9-cypeт. Font-тің сұхбаттасу терезесі
Осы әрекеттерді Font-тің сол жағындағы "+" белгісін басу арқылы ішкі
Size параметрінде таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color параметрінің
ашылатын тізімінен қажетті түсін аныктауға болады. Font=Style= fsBold-
True, fsItalic-True деп таңдап әріптерді жуандатылған курсив түріне
өзгертуге болады.
Формаға орналастырылған әр компонент өз параметрлерінен басқа оның
сезінетін оқиғалар жиынымен анықталады.Мысалы, жоғарыда құрастырылған
формаға Standard парағындағы Button 1 компонентін орналастырайық. Бұл
компоненттің аты Button, ал оны формаға орналастырғанда Delphi ортасы оның
атын және жазуын Button 1 деп береді.

10- сурет. Labell-дің жаңа жазуы
Жұмыс істеп тұрган бағдарламада Buttonl-ді тышқанның сол батырмасын
шерткенде OnClick оқиғасы орындалады немесе туады деп саналады.
Бағдарламаны осы оқиғаға сезіндіру үшін Object Pascal тіліндегі Оқиғаны
өңдеуші үзіндіні жазу керек. Бұл үзінді ішкі бағдарлама -процедура түрінде
ұйымдастырылады.
Delphi өз бетімен дайындаманы жасайды. Ол үшін Button 1 компонентін
екі рет үзіліссіз тышканның сол батырмасын шертіңіз.Delphi өз бетімен
бағдарламаның интерфейстік бөлігіне
procedure ButtonlClick(Sender: TObject); деп қосып, бағдарламаның
орындалатьн бөлігінде процедураның қабықшасын келесі түрде шығарады
Терезедегі procedure TFornil.ButtonlClick (Sender: TObject)
–процедураның такырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзімен басталады,
сонан кейін тұрған құрамды атаудағы TForml- класстың аты, Buttonldick
—процедураның аты. Класстың және процедураның атаулары нүктемен (" . ")
ажыратылады.
Класс деп — Delphi ортасындағы үлгі ретінде қолдануға болатьн
функционалды толық бағдарламаның үзіндісін атайды.
Алдын-ала классты құрып алып, сол класстың көшірмелерін әртүрлі
бағдарламаларға немесе бір бағдарламаның әртүрлі үзінділеріне орналастыруға
болады.
Delphi кұрамына Inprise корпорациясының жүздеген стандартты класстары
кіреді. Delphi ортасындағы барлық компоненттер белгілі бір класстың
құрамына жатады.

11 - сурет. Button I Click процедурасының қабықшасы
Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның
атауы және саңдық индекстен тұрада. Delphi ортасьндағы барлық класстардың
аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm класстың туындыларының атаулары
TForml, TForm2 және т.с.с. больш келеді. Егер код терезесіңдегі мәтінді
басынан карап шықсақ, онда келесі катарларды көруге болады:
unit Unitl;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls,
Forms, Dialogs;
type
TForml = class(TForm)
Label 1: TLabel;
Buttonl: TButton;
procedure ButtonlClick(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Forml: TForml;
TFoiml = class(TForm) катары TForml деген жаңа классты TForm-ның
туындысы ретінде анықтайды. Стандартты TForm — Windows—тің бос терезесін
анықтайды, ал TForml —формаға орналастырылған екі компонентті сипаттайды,
олар:
Label!: TLabel; - белгі компоненті;
Button I: TButton; - батырма компоненті;
Бұл анықтамалар Label I -TLabel, ал Button 1-TButton кластарының
туындылары екенін көрсетеді.
TForml.ButtonlClick процедураның атынан кейін жақшада нақты параметрі
ретіңде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender- процедураны шақыру
параметрі TObject деген классқа жатады деп анықталған. Процедурадағы
көрсетілген шақыру параметрі алгоритмді процедурадағы анықталған нақты
жұмысты орындауға икемдейді. Осы параметр арқылы ButtonlCIick процедурасы
ОnClick оқиғасын қай компонент құрғанын анықтай алады. Процедураның
тақырыбы "; " таңбасымен аяқталады.
Процедура тақырыбынан кейін тұрған Begin ...end; қатарлары
процедураның денесі деп аталады.
Еңді Begin мен end аралығында Buttonl батырмасын басқандағы
орындалатьн операторлардың жиынын жазуға болады. Операторлар бір бірінен ";
* таңбасымен ажыратылады.
Мысалы, Buttonl батырмасын бір рет сырт еткізгеңде, дыбыс шығару
әрекетін іске асыру үшін TForml.Buttoniaick(Sender: TObject)- процедураның
денесінде келесі операторларды көрсету кажет:
procedure TForml.ButtonlClick(Sender TObject);
begin ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi бағдарламалау жүйесі
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Visual basic программалау ортасы
Mp3 player бағдарламасын құру
Delphi-дің қолданылуы мен тағайындалуы
DELPHI - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған ортасы
«Ассемблер-күрделі машиналық тіл»
Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері
Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру
Пәндер